ЖАЛҒЫЗ АЯҚ ЖОЛ

18 Қараша 2013, 03:11

Баяғыда, айхай, дүние-айда, бөдене тоқтыдай, тоқты қойдай, қой сиырдай, сиыр пілдей, піл таудай, таулары адамдай бағы заманда, адамдар бай-кедей, жақсы-жаман болып бөлінбеген мамырстан көне дүниеде ме екен, - әйтеуір, қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні бөртеде, бір жалғызаяқ жол пайда болды; ол жалғыз аяқ көрбілте жолды бертін келе әр нәрсеге жорып, сан-саққа жүгіртетін-ай; біреулер айтты: от алып қашқан Прометейдің ізі деп; енді біреулер айтты: жерұйық іздеген Асанқайғыдан қалған қасқа жол осы деді; тағы біреулер, тәңірімнің қолынан түсіріп алған тасбиығы екен десе, шалдар ақ табан шұбырындыдан қалған көне соқпақ осы деп көкіді; Шаруа ойлайтын: меніңше, осының бөрі де сандырақ, Ескі жұрт пен Жаңа жұрттың арасын қосатын ең жасы-рын, ең төте, тек әкем ғана білетін жалғыз аяқ сүрлеу - бұл, басқа жұрт тау айналып бір күн жүрсе, әкем ет пісірім уақытта салып ұрып жетіп-ақ келер еді; өтірік-шынын қайдам, жалғыз аяқ жол не болғанда да Адамдар салған, тек солардың ғана тажал табаны ойған жол екені хақ; жол болған соң оның да тарихы, былайғы жұртқа беймағлұм өз сыры, өз жыры бар-ды; сонау шақтарға дейін бұл жолдың бар-жоғын Шаруадан өзге тірі пенде білмейтін; ию-қию өмірдің бәрінен қаға беріс, өз күні өзіне жекедара ғұмыр кешкен; жол, тек жолаушы жүрсе ғана қасиетті ғой, ал бұл болса шын иесінен айырылған соң, әлдекімнің боқты табаны кеудесін басқан-ды қаламайтұғын, қайта осылайша, ел көзіне күйік болмай, жайына жата бергісі келер; жалғыз аяқ жол, қисапсыз табандар таптамағанын, тумысындағы таза да тәкаппар қалпын сақтауды мақсүттаса, Шаруа да әкесі ғана жүріп өткен сүрлеуді жат жұттық әлдекімдер рәсуалауға қимаған; кей күндері күрең биесіне мініп келіп, осы ескі соқпақпен арлы-берлі шапқылап, ойқастап алатын; онысы - адам жүрмей, ернеуіне қалың шөп шығып, тынысы тарыла бастаған соң, сартаптап жаңғыртқансымағы; құла дұз, қиян далада қазақтардың ізі түспеген жер жоқ-ау; ойлап отырсақ, соның әрқайсысы заңғар заманалар салған тыртық іспетті де, мыңдаған жылдардың тамырланып кеткен тарихы; әр тау, әр төбені белдеулеп, небір ит тұмсығы өтпес ормандарды қақ тіліп, алысқа, тым шексіздікке жосылып, біріне-бірі қосылып, біріңді-бірің жетелеп, тар өмірден бар өмірге, бар өмірден тар өмірге бастар сенсің, құдіреті күшті қасқа Жол! Ей, жолдар, сендер өлшеусіз көпсіндер, бірақ жалпақ жұрттың білетіні бар, білмейтіні бар десек те, қай-қайдысың да адамдар иелігіндесіңдер, өйткені жол анасы - екі аяқ; Шаруа ойлайтын, егер мен жалғыз аяқ сүрлеумен күрең биеме мініп тарта берсем, қайда барар едім; мүмкін, үлкен бір шаһарға тап болармын, мүмкін, бөтен ел, бөтен жерге тап болармын, әлде қысы болмайтын, сондықтан шөп шаппайтын, от жағып, күл шығармайтын жер ұйыққа тап болармын ба? Әй, қайдам, ондай жер-жаннат жоқ та шығар-ау? Әншейін қаңғып, мұрындықсыз лаға беруге мені кім жібере қояды; қай екі тууп, бір қалғаным бар; кең сарайдай боз үйді қойып, от жағып, су әкелмейтін көп үйдің бірі бұйырмағанда, ма-ған туар жақсылықтың ауылы алыста, алыста... ендеше, мынау әкеден қалған жалғыз аяқ жолды көз құным қалғандай қызғыштай қорғауыма не себеп? Пайдасы не? Пайдасы - Ескі жұрттан Жаңа жұртқа елден үш-төрт сағат бұрын жеткенім бе? Елден бұрын жеткендегі шыққан ұшпағым қайсы; баяғы өгіз аяң тірлік, қайта осы жолмен жүрмеген жұрттың қағанағы қарқ, сағанағы сарқ, жол қадірі жүргенде ғана білінбек, игілігін былайғы ел көрсін, бердім; жалғыз аяқты соқпақты төрт доңғалақтың саусағына қидым; ...бүгінде Ескі жұрт пен Жаңа жұрттың арасын қосып жатқан ең төте жол -Шаруа көрсеткен жалғыз аяқ жол болды; бүгінде жалғыз аяқ жолдың сорабы да жоқ, үстіне қиыршық тас, мыңдаған машина құм төгілді де, дементпен тас қып желімдеді: сонау биікке шығып көз салсаңыз, әсіресе, жауыннан соң, айнадай жарқырайды-ай; ал үстінен өкіріп-бақырып жүздеген машина өткенде, осыншалық ауыр салмақ пен қапырық түтінге шыдай алмай еңбегі былқылдайды-ай; бүгінде жалғыз аяқ жол жоқ, әлдеқашан тас жолдың астында қор боп, құрып қалған, тек қайсыбір қыңыр тұстары ғана оқтай ағып өткен тас жолдан шетқақпай бұрыла қашып, турап тастаған құр жіптей үзіліп-үзіліп ағараңдамақ - тек қана тентектері аман қалған; кей күндері қатты жаңбыр жауғанда, шолақ-шолақ сілемге су толып, бертін келе жыраға айнала бастаған-ды; су орып, мүжіле келе, тас жолға зияны тиетін болған соң, сол бір жырашыққа айналған сүрлеуді және де құм таспен бітеп тастаған-ды; сонымен, Шаруа байғұс бәрібір жаңа жолмен жүре алған жоқ; биесіне мініп алып, майпаздай жөнелсе болды, не алдынан, не артынан машина шығып, қақпалап, еріксіз ығыстырып тастайды; әсіресе, бұрынғы соқпақтың жиек-жиегінде сыңсып тұрар хош иісті шөптер жағармай иісімен қуарып, сарғайған, қыс мезгілінде де жаңа жауған ақша қарды қара қожалақтап ыстайтын; Шаруаға жаңа ғана ес кірді, бірақ кеш кірді, өзі үшін тек қана, тек қана жалғыз аяқ жол керектігін үгынды; ол естіпті; әкесі аманатқа қалдырған жалғыз аяқ жол, баса көктеп жаншыған тас жол мен шынжыр табан жылан бауыр трактордың азуы бытыр-бытыр үккенде, шыдай алмай, таң алдында сың-сып жылайды-мыс; тегі, өз иесін қарғап-сілегені білем; жаңа ауылдың адамдары айтып жүр: өткінші жауып өткен күннің ертеңінде Шаруа күрең биесіне мініп, тас жолмен сыдырта аянман келе жатты: алдынан сылаң етіп шыға келген "Волгадай" бұрыла берем дегенде, артындағы ағаш тиеген УАЗ ауыр машинасына соғылып-ақ қалғаны; абиыр болғанда, өз басы аман, тек жалғыз биесін ғана тас жолдың садақасына беріп алды; сол УАЗ-ға өлген биені салып, ескі ауылға алып келгенде, әйелі үйден өлік шығарғандай дауыс қылып жоқ-тапты, деседі жұрт; тағы да сол жұрт айтады: Шаруаның өзі де бағамдамай қалса керек, күрең бие әлдеқашан үйірге түсіпті, сойғанда ішінен қара қасқа құлын шығыпты деседі; жалғыз аяқ жолдың кәріне ұшыраса керек деп және айтады сол жұрттар; өтірік-шынын қайдан ғана білейік, біздің білетініміз - жаңа жолдың бәрі-бәрі ескі жолдың арқасында дуниеге келді, ендеше, жасасын жалғыз аяқ жолдар... жол-дар... жолдар... Шаруа бейшараның жазығы не?!   Әдеби әлем

Баяғыда, айхай, дүние-айда, бөдене тоқтыдай, тоқты қойдай, қой сиырдай, сиыр пілдей, піл таудай, таулары адамдай бағы заманда, адамдар бай-кедей, жақсы-жаман болып бөлінбеген мамырстан көне дүниеде ме екен, - әйтеуір, қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні бөртеде, бір жалғызаяқ жол пайда болды; ол жалғыз аяқ көрбілте жолды бертін келе әр нәрсеге жорып, сан-саққа жүгіртетін-ай; біреулер айтты: от алып қашқан Прометейдің ізі деп; енді біреулер айтты: жерұйық іздеген Асанқайғыдан қалған қасқа жол осы деді; тағы біреулер, тәңірімнің қолынан түсіріп алған тасбиығы екен десе, шалдар ақ табан шұбырындыдан қалған көне соқпақ осы деп көкіді; Шаруа ойлайтын: меніңше, осының бөрі де сандырақ, Ескі жұрт пен Жаңа жұрттың арасын қосатын ең жасы-рын, ең төте, тек әкем ғана білетін жалғыз аяқ сүрлеу - бұл, басқа жұрт тау айналып бір күн жүрсе, әкем ет пісірім уақытта салып ұрып жетіп-ақ келер еді; өтірік-шынын қайдам, жалғыз аяқ жол не болғанда да Адамдар салған, тек солардың ғана тажал табаны ойған жол екені хақ; жол болған соң оның да тарихы, былайғы жұртқа беймағлұм өз сыры, өз жыры бар-ды; сонау шақтарға дейін бұл жолдың бар-жоғын Шаруадан өзге тірі пенде білмейтін; ию-қию өмірдің бәрінен қаға беріс, өз күні өзіне жекедара ғұмыр кешкен; жол, тек жолаушы жүрсе ғана қасиетті ғой, ал бұл болса шын иесінен айырылған соң, әлдекімнің боқты табаны кеудесін басқан-ды қаламайтұғын, қайта осылайша, ел көзіне күйік болмай, жайына жата бергісі келер; жалғыз аяқ жол, қисапсыз табандар таптамағанын, тумысындағы таза да тәкаппар қалпын сақтауды мақсүттаса, Шаруа да әкесі ғана жүріп өткен сүрлеуді жат жұттық әлдекімдер рәсуалауға қимаған; кей күндері күрең биесіне мініп келіп, осы ескі соқпақпен арлы-берлі шапқылап, ойқастап алатын; онысы - адам жүрмей, ернеуіне қалың шөп шығып, тынысы тарыла бастаған соң, сартаптап жаңғыртқансымағы; құла дұз, қиян далада қазақтардың ізі түспеген жер жоқ-ау; ойлап отырсақ, соның әрқайсысы заңғар заманалар салған тыртық іспетті де, мыңдаған жылдардың тамырланып кеткен тарихы; әр тау, әр төбені белдеулеп, небір ит тұмсығы өтпес ормандарды қақ тіліп, алысқа, тым шексіздікке жосылып, біріне-бірі қосылып, біріңді-бірің жетелеп, тар өмірден бар өмірге, бар өмірден тар өмірге бастар сенсің, құдіреті күшті қасқа Жол! Ей, жолдар, сендер өлшеусіз көпсіндер, бірақ жалпақ жұрттың білетіні бар, білмейтіні бар десек те, қай-қайдысың да адамдар иелігіндесіңдер, өйткені жол анасы - екі аяқ; Шаруа ойлайтын, егер мен жалғыз аяқ сүрлеумен күрең биеме мініп тарта берсем, қайда барар едім; мүмкін, үлкен бір шаһарға тап болармын, мүмкін, бөтен ел, бөтен жерге тап болармын, әлде қысы болмайтын, сондықтан шөп шаппайтын, от жағып, күл шығармайтын жер ұйыққа тап болармын ба? Әй, қайдам, ондай жер-жаннат жоқ та шығар-ау? Әншейін қаңғып, мұрындықсыз лаға беруге мені кім жібере қояды; қай екі тууп, бір қалғаным бар; кең сарайдай боз үйді қойып, от жағып, су әкелмейтін көп үйдің бірі бұйырмағанда, ма-ған туар жақсылықтың ауылы алыста, алыста... ендеше, мынау әкеден қалған жалғыз аяқ жолды көз құным қалғандай қызғыштай қорғауыма не себеп? Пайдасы не? Пайдасы - Ескі жұрттан Жаңа жұртқа елден үш-төрт сағат бұрын жеткенім бе? Елден бұрын жеткендегі шыққан ұшпағым қайсы; баяғы өгіз аяң тірлік, қайта осы жолмен жүрмеген жұрттың қағанағы қарқ, сағанағы сарқ, жол қадірі жүргенде ғана білінбек, игілігін былайғы ел көрсін, бердім; жалғыз аяқты соқпақты төрт доңғалақтың саусағына қидым; ...бүгінде Ескі жұрт пен Жаңа жұрттың арасын қосып жатқан ең төте жол -Шаруа көрсеткен жалғыз аяқ жол болды; бүгінде жалғыз аяқ жолдың сорабы да жоқ, үстіне қиыршық тас, мыңдаған машина құм төгілді де, дементпен тас қып желімдеді: сонау биікке шығып көз салсаңыз, әсіресе, жауыннан соң, айнадай жарқырайды-ай; ал үстінен өкіріп-бақырып жүздеген машина өткенде, осыншалық ауыр салмақ пен қапырық түтінге шыдай алмай еңбегі былқылдайды-ай; бүгінде жалғыз аяқ жол жоқ, әлдеқашан тас жолдың астында қор боп, құрып қалған, тек қайсыбір қыңыр тұстары ғана оқтай ағып өткен тас жолдан шетқақпай бұрыла қашып, турап тастаған құр жіптей үзіліп-үзіліп ағараңдамақ - тек қана тентектері аман қалған; кей күндері қатты жаңбыр жауғанда, шолақ-шолақ сілемге су толып, бертін келе жыраға айнала бастаған-ды; су орып, мүжіле келе, тас жолға зияны тиетін болған соң, сол бір жырашыққа айналған сүрлеуді және де құм таспен бітеп тастаған-ды; сонымен, Шаруа байғұс бәрібір жаңа жолмен жүре алған жоқ; биесіне мініп алып, майпаздай жөнелсе болды, не алдынан, не артынан машина шығып, қақпалап, еріксіз ығыстырып тастайды; әсіресе, бұрынғы соқпақтың жиек-жиегінде сыңсып тұрар хош иісті шөптер жағармай иісімен қуарып, сарғайған, қыс мезгілінде де жаңа жауған ақша қарды қара қожалақтап ыстайтын; Шаруаға жаңа ғана ес кірді, бірақ кеш кірді, өзі үшін тек қана, тек қана жалғыз аяқ жол керектігін үгынды; ол естіпті; әкесі аманатқа қалдырған жалғыз аяқ жол, баса көктеп жаншыған тас жол мен шынжыр табан жылан бауыр трактордың азуы бытыр-бытыр үккенде, шыдай алмай, таң алдында сың-сып жылайды-мыс; тегі, өз иесін қарғап-сілегені білем; жаңа ауылдың адамдары айтып жүр: өткінші жауып өткен күннің ертеңінде Шаруа күрең биесіне мініп, тас жолмен сыдырта аянман келе жатты: алдынан сылаң етіп шыға келген "Волгадай" бұрыла берем дегенде, артындағы ағаш тиеген УАЗ ауыр машинасына соғылып-ақ қалғаны; абиыр болғанда, өз басы аман, тек жалғыз биесін ғана тас жолдың садақасына беріп алды; сол УАЗ-ға өлген биені салып, ескі ауылға алып келгенде, әйелі үйден өлік шығарғандай дауыс қылып жоқ-тапты, деседі жұрт; тағы да сол жұрт айтады: Шаруаның өзі де бағамдамай қалса керек, күрең бие әлдеқашан үйірге түсіпті, сойғанда ішінен қара қасқа құлын шығыпты деседі; жалғыз аяқ жолдың кәріне ұшыраса керек деп және айтады сол жұрттар; өтірік-шынын қайдан ғана білейік, біздің білетініміз - жаңа жолдың бәрі-бәрі ескі жолдың арқасында дуниеге келді, ендеше, жасасын жалғыз аяқ жолдар... жол-дар... жолдар... Шаруа бейшараның жазығы не?!

 

Әдеби әлем

Бөлісу: