ІҢІР

18 Қараша 2013, 03:07

Күн алтын ұясына қона, осылып-осылып жатқан тау аңғарын аса қатты жаңғырық жарып өтетін; ол - күн мен түн екі арасындағы іңір сәттің хабаршы үні; мынау жұмыр жердегі тіршілік атаулының осы әлемге ие екеніне куәлік іспеттес көрсетер сесі, немесе кіндік қан тамған туған жер, өскен елінің, ардақұлы еркелегенде айтар өні; немесе мал қайырған бақташының жер басып жүргенін дүние-көкке паш еткен ең алғашқы, әрі ең ақырғы айғағы секілді; кешкі жаңғырық ызындап барып тарап кеткен соң, мағшар сәтіндей іңір сәті бірте-бірте ұйиды да, қызыл күрең өңір маужыр да мамыр күйдің мақпал құшағында тұншығады; екі кештің арасы - намаздыгер шақта тек асқар Алтайдың - алып Ал-тайдың құзар шыңында ғана әлгінде ғайып болған күннің адасып қалған жетім шапағы жасырынып жатады; ал сыпыра батыс көпке дейін қош-қошпен қимай қинала ұзатып жіберген Күн сұлуын жоқтап, жылай-жылай қанталап кеткен; сыңсыған қисапсыз үміт-мақсұтын тонатып алғандай, күйгелек күйдің шоқтығына жармасқан сәуле үрке қашып, секіріп-секіріп бағаналардың басына шығып кетіскелі қашан; қара барқынданып уайым уыстап жатқан жарықтық жердің кеудесіндегі болар-болмас жылтыраған өлімсі шам жарығын жалғыз сыратпайтын Қоршы жұлдыз ғана; іңір сәні - осы жұлдыз; осы жұлдыз туа, шаруа тағы да жалғыз аяқ көрбілте жолға түсіп, орманға беттейді; тор шолақ қос доңғалақты арбаны ауырсынғандай, ілби аяндайды; арбаның қос доңғалағы ерте шығарда "майла-майла" деп зар еңіреп шиқылдаса, еңіске құларда "майласаң майла, майламасаң қой" деп, зыр-зыр айналып, торы шолақтың өзін өңкілдете қуады; іңірде сапар шеккен шаруа, жетіскенінен сапар шекпеген шаруа, күндізгі жұмыстан қолы босап, өз еркі өзіне тиген соң, кеше кешке дайындаған отынын тиеп қайтуға барады; ол мынау дүниеге қайта келгендей, дел-сал, ұйқылы-ояу өзгеше масаң сезімде еді; ол арбаны емес, бар арманын, суішкілігінің бар ауқат-сауқатын, бала-шағасының ертеңгі көрер таңын сүйреп келеді білем; тауға қарады - марқұм болып кеткен секілді жым-жырт шөгіп жатыр; іңір жолы жетелеп өткелге әкелді, өзен беті алқара тартып шымырлап, өрескел бір үрейдің сабырмен қайнаған қара қазаны сықылданады; ал шаруа "бисміллә" деп өткелге түскенде, жаңа ғана салқын қаңдылықпен жуасып аққан су ат тізесі қақ жарған сайын, гүрп-гүрп етіп беймезгіл шақты қиқулы үнге бөледі; егер ғұмырында тым болмағаңда бір рет іңір жамылып жолға шығып, сол іңірді жамылып судан өткенің рас болса, дүниеде бұдан қорқынышты минуттың жоғын білерсің; сенің жүрегің тоқтап қалған, миың да істемейді, ердің қасынан тас қып ұстап, бас ерікті астыңдағы атыңа бересің, басың айналып, жер кеше бастайды; сосын көзінді жұмасың, ашқанында судан шығып, үңірейіп-саңырайған бұта-қарағанды тоғайдың ішінде тұрғанынды көресің, ал ер бұтаның түбінде бір-бір мыстан кемпір бұғып жатқандай-ау; арбанды шиқылдатып тағы да алға жылжы; құлағыңның түбінен ызың етіп монтаны қоңыз ұшып өтеді, анау бақылдаған бақалар; жүрегің сыздап барып қайтадан дүрсілдеп соғып кетеді; енді әлденені сағынғандайсың; ептеп желемік тұрып еді, мұрныңа сүрлеген еттің иісіндей жағымды иіс келеді, не аттың, не адамның терісінің иісі ме, әйтеуір, жер басып жүргеніңнің куәгері; күн мен түннің дәнекершісі - іңір жұқанақтана іріп, таудың арғы беті өктенеді, сонан соң қара көк аспанның етегі ағараң тартып, ұлы жіңгір әсеми сипатқа дайындалып жатқанын сезесің; әрі қаяулы, әрі қуанышты; әрі әсем, әрі жұтаң; әрі асқақ, әрі пәс, әрі бақытты, әрі сорлы; әрі ән, әрі күй үн шымырлап шығып, бағанағы бір кешкі жаңғырықша шапшаң да келте қайрылмай, өміршең екпінмен іңір сәтін әлдилеп тұрады; ол - шаруаның шалқығанынан айтпаған, шаршағаннан айтқан еріксіз жыры еді; бейуақытта ән айтқан адам бақи тірі болса ғой, шіркін; бірақ іңірде тек шаруалар ғана жолға шығып, тек шаруалар ғана ән айтатын секідді; тек солар ғана жүрек тербер ән тиеп барып, тіршілігіңнің жағар отынын алып қайтатын секілді... тек солар ғана мәңгі өзгеріссіз мың жасайтын секілді... желіндеп, сыздап, шелейіп ай туып келеді... Ер екеніңді білейін, іңірде жолға шықшы.   Әдеби әлем

Күн алтын ұясына қона, осылып-осылып жатқан тау аңғарын аса қатты жаңғырық жарып өтетін; ол - күн мен түн екі арасындағы іңір сәттің хабаршы үні; мынау жұмыр жердегі тіршілік атаулының осы әлемге ие екеніне куәлік іспеттес көрсетер сесі, немесе кіндік қан тамған туған жер, өскен елінің, ардақұлы еркелегенде айтар өні; немесе мал қайырған бақташының жер басып жүргенін дүние-көкке паш еткен ең алғашқы, әрі ең ақырғы айғағы секілді; кешкі жаңғырық ызындап барып тарап кеткен соң, мағшар сәтіндей іңір сәті бірте-бірте ұйиды да, қызыл күрең өңір маужыр да мамыр күйдің мақпал құшағында тұншығады; екі кештің арасы - намаздыгер шақта тек асқар Алтайдың - алып Ал-тайдың құзар шыңында ғана әлгінде ғайып болған күннің адасып қалған жетім шапағы жасырынып жатады; ал сыпыра батыс көпке дейін қош-қошпен қимай қинала ұзатып жіберген Күн сұлуын жоқтап, жылай-жылай қанталап кеткен; сыңсыған қисапсыз үміт-мақсұтын тонатып алғандай, күйгелек күйдің шоқтығына жармасқан сәуле үрке қашып, секіріп-секіріп бағаналардың басына шығып кетіскелі қашан; қара барқынданып уайым уыстап жатқан жарықтық жердің кеудесіндегі болар-болмас жылтыраған өлімсі шам жарығын жалғыз сыратпайтын Қоршы жұлдыз ғана; іңір сәні - осы жұлдыз; осы жұлдыз туа, шаруа тағы да жалғыз аяқ көрбілте жолға түсіп, орманға беттейді; тор шолақ қос доңғалақты арбаны ауырсынғандай, ілби аяндайды; арбаның қос доңғалағы ерте шығарда "майла-майла" деп зар еңіреп шиқылдаса, еңіске құларда "майласаң майла, майламасаң қой" деп, зыр-зыр айналып, торы шолақтың өзін өңкілдете қуады; іңірде сапар шеккен шаруа, жетіскенінен сапар шекпеген шаруа, күндізгі жұмыстан қолы босап, өз еркі өзіне тиген соң, кеше кешке дайындаған отынын тиеп қайтуға барады; ол мынау дүниеге қайта келгендей, дел-сал, ұйқылы-ояу өзгеше масаң сезімде еді; ол арбаны емес, бар арманын, суішкілігінің бар ауқат-сауқатын, бала-шағасының ертеңгі көрер таңын сүйреп келеді білем; тауға қарады - марқұм болып кеткен секілді жым-жырт шөгіп жатыр; іңір жолы жетелеп өткелге әкелді, өзен беті алқара тартып шымырлап, өрескел бір үрейдің сабырмен қайнаған қара қазаны сықылданады; ал шаруа "бисміллә" деп өткелге түскенде, жаңа ғана салқын қаңдылықпен жуасып аққан су ат тізесі қақ жарған сайын, гүрп-гүрп етіп беймезгіл шақты қиқулы үнге бөледі; егер ғұмырында тым болмағаңда бір рет іңір жамылып жолға шығып, сол іңірді жамылып судан өткенің рас болса, дүниеде бұдан қорқынышты минуттың жоғын білерсің; сенің жүрегің тоқтап қалған, миың да істемейді, ердің қасынан тас қып ұстап, бас ерікті астыңдағы атыңа бересің, басың айналып, жер кеше бастайды; сосын көзінді жұмасың, ашқанында судан шығып, үңірейіп-саңырайған бұта-қарағанды тоғайдың ішінде тұрғанынды көресің, ал ер бұтаның түбінде бір-бір мыстан кемпір бұғып жатқандай-ау; арбанды шиқылдатып тағы да алға жылжы; құлағыңның түбінен ызың етіп монтаны қоңыз ұшып өтеді, анау бақылдаған бақалар; жүрегің сыздап барып қайтадан дүрсілдеп соғып кетеді; енді әлденені сағынғандайсың; ептеп желемік тұрып еді, мұрныңа сүрлеген еттің иісіндей жағымды иіс келеді, не аттың, не адамның терісінің иісі ме, әйтеуір, жер басып жүргеніңнің куәгері; күн мен түннің дәнекершісі - іңір жұқанақтана іріп, таудың арғы беті өктенеді, сонан соң қара көк аспанның етегі ағараң тартып, ұлы жіңгір әсеми сипатқа дайындалып жатқанын сезесің; әрі қаяулы, әрі қуанышты; әрі әсем, әрі жұтаң; әрі асқақ, әрі пәс, әрі бақытты, әрі сорлы; әрі ән, әрі күй үн шымырлап шығып, бағанағы бір кешкі жаңғырықша шапшаң да келте қайрылмай, өміршең екпінмен іңір сәтін әлдилеп тұрады; ол - шаруаның шалқығанынан айтпаған, шаршағаннан айтқан еріксіз жыры еді; бейуақытта ән айтқан адам бақи тірі болса ғой, шіркін; бірақ іңірде тек шаруалар ғана жолға шығып, тек шаруалар ғана ән айтатын секідді; тек солар ғана жүрек тербер ән тиеп барып, тіршілігіңнің жағар отынын алып қайтатын секілді... тек солар ғана мәңгі өзгеріссіз мың жасайтын секілді... желіндеп, сыздап, шелейіп ай туып келеді...

Ер екеніңді білейін, іңірде жолға шықшы.

 

Әдеби әлем

Бөлісу: