ТҰМАН

18 Қараша 2013, 03:06

Іңірде жымсып ұрлана басталған нөсер бірте-бірте айықпас ақжауынға айналып, ұзаққа созылар созаландар сыңайын аңғартқан соң, қараша туа қанын ішіне тартып, қысастанған жер жарықтық қаспақ-қаспақ жонып және де кәперсіз тосып еді; жаздың бармақтай-бармақтай ірі тамшылары емес, күздің шіркей жаңбыры арқа қышуын қандыра алмайды, қайта жаңбырлатып қытығын келтіре берген соң, кіржіндеп мезі болғандай еді; жауынды күні, әсіресе, қарашада түн түндігі тым ерте жабылып, онсыз да келтелене бастаған күннің аз ғұмырын қызғанғандай еді; сабырмен келген ак жауын сыбыр-сыбыр ертек айтып, бүткіл әлемді, оның ең алып мүшесі - Адамды да мәңгі тұнжыр, мәңгі тұңғиық, мәңгі тыныштық тылсымның құшағына "жүр-жүрмен" ырықтан тыс жетелегендей еді; осындай қарашаның сарынсыз қара басқан егілме түнінде тірі пенде қырға шығудан сескеніп, әзірейілден әзер құтылғандай асып-сасып жарық сәулеге, баспанасына ұмтылар еді; ал жүрек жұтып тысқа шықсаң, көр қараңғылықтың әрі суық, әрі сұмдық қорқынышты түпсіз тұнбасына шым батып кетерсің, сосын өзінді жердің астында жатқандай сұрапыл қорқынышты сезініп, ит қабардай аса шапшандықпен табалдырықтан үйіңе секіресің; ол адамның өмірден өлімге қайта секіргеніндей еді; енді көже-көпсегінді ішіп алып, еш нәрсе ойламай, ешкімге тіл қатпай, уайым-қайғысыз ұйқыға бас қою ғана қолыңыздан келері; әй, бәрібір өйте алмайсыз-ау, өйткені таңның атпауы, күннің шықпауы мүмкін бе? Ендеше, сол таң, сол күнмен бірге барлық мазасыз тіршілігіңнің күйбің-күйбің ұшы-қиырсыз шаруасы басталар; шаршатып, зарықтырып барып таң атты делік, енді дала емес, өз үйшігіңдегі қамалып тұрған қараңғылықты болжайсың; енді үйден жеріп, есікті шалқалата ашып қалғанында, бәрібір күні кеше ғана сарыжағалданып, қаумалап тұрған өзгермес көріністің шыпшырғасын шығармай, жұтып қойғанын көресің; жұтып қойған түн емес, ендігі сәтте тұман болмақ; ақ сұр тұман арасында адасып жүріп, жалғыз атынды іздеуге шығасың; ақ сұр тұман орман екеш орманды жым-жылас қылғытып қойған; ақ сұр тұманның ара-арасынан тесіп жетім тамшылар ағып түседі; ал сұр тұманның өзі салқын да сызды дым бүркеді; тынысың тарылып, екі иінінен албасты басқандай мәңгірген күйде дірдек қағып, ғадетіңе қалыптасып қалған түйсіктің сілтеуімен жалғыз аяқ сүрлеуді іздеп табарсың; жалғыз аяқ сүрлеу пендесін әсте адастырған емес, сені де бұйдалап алып ойлы орманға апарар; ең ғажабы - осынау қоп-қою болып жер бауырлап шегіп жатар тұман түн баласында бас алдырмай сабалаған нөпір нөсердің соққысынан сау-тамтығы қалмай, бейкеспір болған қайғылы қайран даланың дал-дүл сықпытын керер көзден жасырғысы келгені шығар; таңғажайып тағы бір жай сол - сиырдың сілекейіндей шүбатылған қақ-қақ жалғыз аяқ көрбілте жолмен ілби басып келе жатсаң, тізгін бойы айналаң ашық болып тұрар, ал жүрген сайын алдың сөгіліп, артың қымталып отырар; өмірдің өзі іспетті еткенің ұрланып, келер күнің жұмбақ жатар, тек қазіргі қаракетің ғана ашық ажарып танытпақ мынау көрбілте соқпақ ат іздеген азаматтың ғұмырнамасы секілді еді; ат іздеген адам орманға кіргенде, самаладай сап түзер ағаштардың тек құр сүлдесін ғана көріп келеді; қарайғанның бәрі тор шолағы болып елестейді; ұзақ сандалып барып сұрғылт та сұсты тұманның арасынан туған, әйтеуір, бір тұлға сүлделенеді, ендігі мәурітте сол сүлдеге қарсы жүрген сүлденің бірі тағы өзіңсің; бірте-бірте жақындаған сайын, ол да бірте-бірте жылжып жақындайды; әне, қоп-қою тұманның арасында өзінің ала жаздайғы есіл еңбегінің үйіндісі нобайланып тұр; ол - сен маялаған пішен, астындағы аяқ артар жалғыз атың мен аузынды аққа жарытар тарғыл сиырыңның қыстайғы азығы; жақындайсың; ақ сүр тұман арасынан тағы бір зат көрініс береді; "торы шолағым екен ғой" деп қуана жүгіресің, бірақ ақ тұмаңды әлгі малдың шаңырақтай мүйізі тесіп тұрғанына көзің жеткенде ғана, тарғыл сиырыңды танисың, тарғыл сиыр кәперсіз, сыртын күн жеп сарғайтқан маяның қабырғасын ашып, тотияйындап кекпең-бек шөпті үңги тұмсығын тығып жіберген; "қарасан келгір-ай, қыстайғы талшығыңды желтоқсан түспей жеп қоярмысың" деп, аса кейіспен маяны айнала бергенінде, құлағыңа ішін тартқан торы шолақтың танау қорылы келер; енді маяның екінші жағында шөптің сарғайған бетін түріп тастап, көкке көміліп тұрған аяқ артарынды кересің; "қасқыр жегір-ай, ішінді тартып тағы да жаңбыр шақырдың-ау, қыстай атауыңды жеймісің" деп күбірлеп, жүгендей бастайсың; сосын ат көпір болып шашылып жатқан шөпті жинап, қымтағансымақ боласың да, атқа жайдақ мінесің; енді сен адас-пайсың, тарғып сиырдан көз жазып қалмасаң болды, қораны өзі табар; жаңбыр суы өтіп, әбден ылжырап, иі қанған жалғыз аяқ сүрлеуге тарғып сиыр мен шолақтың ойдым-ойдым ізі түседі; ойдым-ойдым ізге су іркіліп, тостағанда толып қалып жатыр; жалғыз аяқ жолда, қарашаның ақ сұр тұман басқан таңында әсте сенің емес, малдың ізі қалады; өйткені сен солардың арқасында тірлік қылып келесің... шаруа ертеңінде тұрғанда дүниені ақ жаңбыр да, ақ сұр тұманнан да өзге ақ сұр кебін - бозқырау басып жатқанын көрді; ағаш бұтақтарында сарқылып үлгермеген су тамшылары моншақ боп қатып, ал таудан жөңкіле құлаған бұла бұлақтың екі ернеуін таңғажайып ою-өрнек жырымдалты; ашық аспанның тым-тым биігінде қарғалар желдеп ұшады; шаруа құстың қоры қарғаның осыншалық еліре биіктеп, көк күмбезіне ойнақ салғанын көргені осы еді, өзінің де тым құрығанда қарғалардай қайраты болмағанына, арқандаған аттай шырғалап, өз ошағын ғана таз тақырлап ғұмыр кешкеніне, шырқау биікке теские шапшылып бір көтеріліп, сонсоң... сонсоң құлап-ақ кетпегеніне опынды ма, ауыр күрсініп, тор шолағын тағы да іздеуге шықты; боз қыраудың сиырлар жусаған тұсы қап-қара боп буы бұрқырап, ал өзеннен шудаланып жеңіл бу көтерілер; жалаң аяқтың емес, керзі етіктің жап-жалпақ табаны боз қырауға тіпті де ойдымды із боп түспейді екен... Әдеби әлем

Іңірде жымсып ұрлана басталған нөсер бірте-бірте айықпас ақжауынға айналып, ұзаққа созылар созаландар сыңайын аңғартқан соң, қараша туа қанын ішіне тартып, қысастанған жер жарықтық қаспақ-қаспақ жонып және де кәперсіз тосып еді; жаздың бармақтай-бармақтай ірі тамшылары емес, күздің шіркей жаңбыры арқа қышуын қандыра алмайды, қайта жаңбырлатып қытығын келтіре берген соң, кіржіндеп мезі болғандай еді; жауынды күні, әсіресе, қарашада түн түндігі тым ерте жабылып, онсыз да келтелене бастаған күннің аз ғұмырын қызғанғандай еді; сабырмен келген ак жауын сыбыр-сыбыр ертек айтып, бүткіл әлемді, оның ең алып мүшесі - Адамды да мәңгі тұнжыр, мәңгі тұңғиық, мәңгі тыныштық тылсымның құшағына "жүр-жүрмен" ырықтан тыс жетелегендей еді; осындай қарашаның сарынсыз қара басқан егілме түнінде тірі пенде қырға шығудан сескеніп, әзірейілден әзер құтылғандай асып-сасып жарық сәулеге, баспанасына ұмтылар еді; ал жүрек жұтып тысқа шықсаң, көр қараңғылықтың әрі суық, әрі сұмдық қорқынышты түпсіз тұнбасына шым батып кетерсің, сосын өзінді жердің астында жатқандай сұрапыл қорқынышты сезініп, ит қабардай аса шапшандықпен табалдырықтан үйіңе секіресің; ол адамның өмірден өлімге қайта секіргеніндей еді; енді көже-көпсегінді ішіп алып, еш нәрсе ойламай, ешкімге тіл қатпай, уайым-қайғысыз ұйқыға бас қою ғана қолыңыздан келері; әй, бәрібір өйте алмайсыз-ау, өйткені таңның атпауы, күннің шықпауы мүмкін бе? Ендеше, сол таң, сол күнмен бірге барлық мазасыз тіршілігіңнің күйбің-күйбің ұшы-қиырсыз шаруасы басталар; шаршатып, зарықтырып барып таң атты делік, енді дала емес, өз үйшігіңдегі қамалып тұрған қараңғылықты болжайсың; енді үйден жеріп, есікті шалқалата ашып қалғанында, бәрібір күні кеше ғана сарыжағалданып, қаумалап тұрған өзгермес көріністің шыпшырғасын шығармай, жұтып қойғанын көресің; жұтып қойған түн емес, ендігі сәтте тұман болмақ; ақ сұр тұман арасында адасып жүріп, жалғыз атынды іздеуге шығасың; ақ сұр тұман орман екеш орманды жым-жылас қылғытып қойған; ақ сұр тұманның ара-арасынан тесіп жетім тамшылар ағып түседі; ал сұр тұманның өзі салқын да сызды дым бүркеді; тынысың тарылып, екі иінінен албасты басқандай мәңгірген күйде дірдек қағып, ғадетіңе қалыптасып қалған түйсіктің сілтеуімен жалғыз аяқ сүрлеуді іздеп табарсың; жалғыз аяқ сүрлеу пендесін әсте адастырған емес, сені де бұйдалап алып ойлы орманға апарар; ең ғажабы - осынау қоп-қою болып жер бауырлап шегіп жатар тұман түн баласында бас алдырмай сабалаған нөпір нөсердің соққысынан сау-тамтығы қалмай, бейкеспір болған қайғылы қайран даланың дал-дүл сықпытын керер көзден жасырғысы келгені шығар; таңғажайып тағы бір жай сол - сиырдың сілекейіндей шүбатылған қақ-қақ жалғыз аяқ көрбілте жолмен ілби басып келе жатсаң, тізгін бойы айналаң ашық болып тұрар, ал жүрген сайын алдың сөгіліп, артың қымталып отырар; өмірдің өзі іспетті еткенің ұрланып, келер күнің жұмбақ жатар, тек қазіргі қаракетің ғана ашық ажарып танытпақ мынау көрбілте соқпақ ат іздеген азаматтың ғұмырнамасы секілді еді; ат іздеген адам орманға кіргенде, самаладай сап түзер ағаштардың тек құр сүлдесін ғана көріп келеді; қарайғанның бәрі тор шолағы болып елестейді; ұзақ сандалып барып сұрғылт та сұсты тұманның арасынан туған, әйтеуір, бір тұлға сүлделенеді, ендігі мәурітте сол сүлдеге қарсы жүрген сүлденің бірі тағы өзіңсің; бірте-бірте жақындаған сайын, ол да бірте-бірте жылжып жақындайды; әне, қоп-қою тұманның арасында өзінің ала жаздайғы есіл еңбегінің үйіндісі нобайланып тұр; ол - сен маялаған пішен, астындағы аяқ артар жалғыз атың мен аузынды аққа жарытар тарғыл сиырыңның қыстайғы азығы; жақындайсың; ақ сүр тұман арасынан тағы бір зат көрініс береді; "торы шолағым екен ғой" деп қуана жүгіресің, бірақ ақ тұмаңды әлгі малдың шаңырақтай мүйізі тесіп тұрғанына көзің жеткенде ғана, тарғыл сиырыңды танисың, тарғыл сиыр кәперсіз, сыртын күн жеп сарғайтқан маяның қабырғасын ашып, тотияйындап кекпең-бек шөпті үңги тұмсығын тығып жіберген; "қарасан келгір-ай, қыстайғы талшығыңды желтоқсан түспей жеп қоярмысың" деп, аса кейіспен маяны айнала бергенінде, құлағыңа ішін тартқан торы шолақтың танау қорылы келер; енді маяның екінші жағында шөптің сарғайған бетін түріп тастап, көкке көміліп тұрған аяқ артарынды кересің; "қасқыр жегір-ай, ішінді тартып тағы да жаңбыр шақырдың-ау, қыстай атауыңды жеймісің" деп күбірлеп, жүгендей бастайсың; сосын ат көпір болып шашылып жатқан шөпті жинап, қымтағансымақ боласың да, атқа жайдақ мінесің; енді сен адас-пайсың, тарғып сиырдан көз жазып қалмасаң болды, қораны өзі табар; жаңбыр суы өтіп, әбден ылжырап, иі қанған жалғыз аяқ сүрлеуге тарғып сиыр мен шолақтың ойдым-ойдым ізі түседі; ойдым-ойдым ізге су іркіліп, тостағанда толып қалып жатыр; жалғыз аяқ жолда, қарашаның ақ сұр тұман басқан таңында әсте сенің емес, малдың ізі қалады; өйткені сен солардың арқасында тірлік қылып келесің... шаруа ертеңінде тұрғанда дүниені ақ жаңбыр да, ақ сұр тұманнан да өзге ақ сұр кебін - бозқырау басып жатқанын көрді; ағаш бұтақтарында сарқылып үлгермеген су тамшылары моншақ боп қатып, ал таудан жөңкіле құлаған бұла бұлақтың екі ернеуін таңғажайып ою-өрнек жырымдалты; ашық аспанның тым-тым биігінде қарғалар желдеп ұшады; шаруа құстың қоры қарғаның осыншалық еліре биіктеп, көк күмбезіне ойнақ салғанын көргені осы еді, өзінің де тым құрығанда қарғалардай қайраты болмағанына, арқандаған аттай шырғалап, өз ошағын ғана таз тақырлап ғұмыр кешкеніне, шырқау биікке теские шапшылып бір көтеріліп, сонсоң... сонсоң құлап-ақ кетпегеніне опынды ма, ауыр күрсініп, тор шолағын тағы да іздеуге шықты; боз қыраудың сиырлар жусаған тұсы қап-қара боп буы бұрқырап, ал өзеннен шудаланып жеңіл бу көтерілер; жалаң аяқтың емес, керзі етіктің жап-жалпақ табаны боз қырауға тіпті де ойдымды із боп түспейді екен...

Әдеби әлем

Бөлісу: