І БӨЛІМ

17 Қараша 2013, 11:17

      Баяғыда, тым-тым баяғыда да емес, анау бір жылдары біздің жаққа пішен өте қалың шықты. Тау-тас, орман-тоғай, жота-қырат, сай-қолаттың бәрі-бәрі құлпырып, желкілдеген шабындықтың астында қалып еді. Үйдің ар жағында тастақты төбе бар болатын, қақтамада жатқандықтан сап-сары болып, баланың жаялығындай сарғайыңқы кеспірінен арыла алмаушы еді. Биыл сап-сары ала бақпақтан тана тағынып жетіседі. Пішен оруға да ерте шықтық. Біздің жақта шөп шабатын машинаға төрт ат жегетін. Төрт ат жегетін себебі, жер қия, өрлі-қырлы, екі-үш жұмыс көлігінің шамасы жете бермейді. Төрт атжеккен соң, оның міндетті түрде ат айдаушы баласы болады. Алтыншы класты тамамдаған біздер сол, атшы ұлдармыз. Елең-алаңнан тұрамыз. Жылқышы қиқу сала айдап келген аттарды ұстап, жүгендеп, сақадай-сай етіп қоямыз. Содан соң қара шайды шикілеу піскен қара нанға қосып армансыз ішер едік, екі көзіміз төрт болып ауылдан келер "қожайындарымызды" күтер едік. Ал олар әсте асықпайтын. Астарындағы тоқ жарау аттарын сипай қамшылап, әлденені айтып, қарқ-қарқ күліп, қызара бөртіп келе жатар еді. Машинистердің осынау бақытты жүзі, еркін жүрісін көріп отырып, ер жетіп, ерттелген ат мініп, езуге темекі қыстыруды қанша рет армандадық десеңізші, қанша рет... Жылдар өтіп... есейе келе, сол бақытты балалық шақты қайта армандап, кері оралар жолдың жоқтығына налып, табиғат-анаға өкпелеп, сананың саздау тартарын білдік пе, тәйірі, білдік пе... Енді, міне, енді, міне, енді, әне... Менің машинист ағайымның аты Мұхтар-ды. Ала көз, төртбақ денелі, гүрілдеп сөйлейтін, мінезі шатақ жігіт. Маған дейін үш-төрт ат айдаушы ауыстырып, жанына жақпаған, яғни айтқанына көніп, айдағанына жүрмеген баланы ұрып-соғып қуып салады және ауылға тесек-орнын арқалатып жаяу қаңғыртып жібереді екен. Иемнің осы қылығын білетін мен қайтсем көңілінен шығам деген ниетпен мұрным қанағанша безектеймін. Әзірше бетіме қарап көрген жоқ. Дегенмен, машинистерден гөрі, біздердің, ат айдаушылардың жұмысы анағұрлым ауыр еді. "Баланың істегені білінбейді" деген мәтел сондықтан шықса керек. Әсіресе, біздерді қинайтыны - аттың үстінде келе жатып жерден көз алмай тесіліп, қалың шалғынның арасында жасырып жатқан ұры тас, томар, тышқан қорық көрінсе, айғай салып, машиниске ескерте-ескерте ес-ақылдан айрылып калар қырағылық еді. Айғайлай-айғайлай үннен айрылып, қырылдап сөйлей алмай жүретінбіз. Кейбір кезде, әсіресе, шөп қалың жерлерде, бұғып жатқан жер тасты көрмей қалып, шөп машинасының бір тетігін бүлдіріп алсақ, бізге күн жоқ; ондайда қожайыныңның бишікпен қыр жіліншіктен осып-осып жіберіп, әкеңнен түсіп боқтауға құқы бар. Дегенмен, осындай қиындығына қарамастан ат айдаушы бала болудың қайталанбас, қашып кетпес қаншама мол қызықтары бар еді. Әсіресе, күн батар сәтте, тертеден мойны босаған, үсті-басы салтақ-салтақ, тер қақтаған аттарды алдымызға салып тырқырата қуып, қиқулап қара қосқа қайту, тек бізді ғана емес, ересек жігіттердің де делебесін қоздырып, қай-қайдағысын есіне салар. Қай-қайдағысы есіне түскен машинистер ойқастап, баяғының батырындай кеудені шалқақ тастап, шат көңілмен бір шырқар. Қамыт пен қамшыдан құтылып үйге қайтқанын ат байғұстар да сезетін, сезетін де жаппай желіп, жайтаң қағып басын изеп тастап, ауыздықтарын сүзе пырылдап, пысқырысып кетер еді. Біз ең әуелі жұрт ауыстырарда, иесі жайлауға көшіп кеткен иен қыстақтардың маңайын тақырлап шауып алатынбыз. Есік-терезесі айқұш-ұйқыш тақтаймен қағылған иен үйді аппақ саңдай етіп жуып, бқктеріп келген бөстегімізді төсейтінбіз. Бұл біздің бір апталық мекен-жайымыз болады деген сөз. Ал үлкендер жағы қандай шалғай болса да тау басындағы иен қыстаққа түнемей, ат сабылтып ауылға қайтатын. Міне, осындай бір қыстақтың қысқы азығын (мал азығын, әрине) шауып, келесісіне ентелей жете бергенде, менің машинисім Мұхтар аға шатақ шығаратын. Шатақ дегенде, пәлендей бір бас жарып, көз шығармағанмен, өз өктемдігін түсініксіздеу жүргізер еді. Машинистердің көшін әрқашан-да өзі бастайтын Мұхтар аға: - Ал, бала, - деп дауыстайды маған, - айдай түс астыңдағы атты. - Содан соң өзі дертені салақтатып ортаға алып келе жатқан түптегі екі жиренді шықпыртып-шықпыртып жібереді де, әдетінше: - Халалалау! - деп ақырады. Мен осы кісінің қас-қабағына қарап, әр қимыл-әрекетінен-ақ не ойлап немесе айтқалы тұрғанын сезіп, білуші едім. Әйтпесе болмайтын, болмайтын себебі - көңілінен жалғыз рет шықпасаң: - Айда, кет! Ат айдау не теңің, бақшаңа түскен ешкіні айдап ал! - деп жаяу қуып жіберері хақ. Ол кісіден бәрін, тіпті барлық көзжұмба әрекетті күтуге болар еді. Сондықтан да өл десе - өліп, тіріл десе - тірілуге әзір тұруға дайынмын. Аттың сыры иесіне мәлім, қалың алабота, кендір араласа өскен шөп-шалам басып, төбесі мен мұржасы ғана қылтиған қыстақ сонадайдан көзге шалынса болды, қамшыны басамын. Өйткені иесі жоқ үйге Мұхтар ағаның бәрінен бұрын жеткісі келетінін, ал бұрын жетіп алған соң, бишігін сарт еткізіп рычагқа іліп, қобдидан не бізін, не машина болтын бұрайтын кілтін асыға алып, иен үйге қарай тұра жүгірер әдеті әлі қалмаған, тіпті ғұмыр бақида қалмайтын шығар. Бәрімізден бұрын жеткенде, ешқайсымызды маңайлатпай, тіпті аттан түсуімізге тыйым салғанда, Мұхтар ағаның, иен үйден не қарайтыны, не істеп, не қоятыны біздер үшін шешуі табылмас жұмбақ күйінде келеді. Міне, бүгін де Көбентауы қыстағына елдің алды болып жеттік. Бұл жер жаннат секілді әдемі тау-текше еді. Үлкен төбенің дәл бауыздауынан сұп-суық, ішсең тіліңді зыр еткізетін бастау ағып шығып, көгілдір тартқан көлге құятын. Көлдің шеті батпақты, қопалы емес, шымдауыт нығыз. Мұхтар аға сүйекке сіңді әдетіне басып: - Др-р-др, - деп көлікті тоқтатты да, бишігін сарт еткізіп, рычагқа іле салды. Осы жолы орындықты сақ еткізіп саспай түсті де, темір қобдиды ақтарып, үшкіл бір темірді тауып алды. Асықпай темекісін тұтатты. Осы кезде ентелеп, аттарын қатты айдап, қалған шөпшілер де бірдемеден құр қалғандай келіп-ақ қалған еді. Мұхтар аға жақтырмай бетін тыржита қарады да, оң қолын көтеріп: "Хала-лау!" - деп ақырды. Барлық машинистер командирдің бұйрығын естігендей селтиісіп-селтиісіп қалт тұра қалды. Аттар танаулары пырылдап ентігеді. Кейбір ашқарағы тізгінін жұлқа тартып, шөптің басын шалып тықыршиды. Атшы балалар бет-аузына үймелеген шыбын-шіркейді қуып, пысынап отыр. Мұхтар аға сол оң қолын көтерген қалпы: "Мен шыққанша, бірің аттап басушы болмаңдар", - деп, иен қыстақка сып етіп кіріп-ақ кетті. Бірақ осы жолы көп айналды. Дөшен деген түйдей құрдасы барды. Мұхтар ағаның жеті атасынан түсіп балағаттап отырды да: "Ей, Ораш, - деді маған. - Ақырып баспалап барып қарашы, ана ит не істеп жатыр екен". - Бармаймын, қорқамын, - деп едім, машинистер жан-жақтан ұлардай шулап қоя берді: - Қорықпа да саспа, біз бармыз, - деді Дөшен шіреніп. - Бәрімізге әлі жетпейді. - Ода тұрған не бар. - Сайтанның қызымен қызығы болып жүрмесін. - Шынында да, жалғыз өзі не істеп жатыр? - Өстіп атты да, өзімізді де шыбынға талатып тұра береміз бе? - Төрт көзіміз түгел кіріп барсақ қайтеді? Міне, осы секілді сөздер құлаққашты қылған соң, аттан керенау түстім, бірақ Мұхтар ағаның артынан аңдып баруға жүрегім дауаламады. - Басқа баланы неге жібермейсіздер; мені көре қалыпты ғой, - деп әрі-бері қиқаңдап едім, Дөшен зекіп қорқыта бастады. - Егер бармаса, біз ауылға кеткен соң, бәрің жабылып ормандағы қарағайдың біріне байлап тастаңдар, аюдың жемтігі болсын. Мен, шынында да, сескенейін дедім. Бұл Көбентауында аюдың бары рас. Күндіз шөп орып жүргенде, түнде ғана жапалап кеткен қиынан аттарымыз қорс-қорс үркіп, мазамызды алатын. Төрт ат жегілген машинаны басқа балаға тапсырдым да, бойлап өсіп кеткен қалың шөптің арасымен баспалай еңбектеп, қыстауға жақындадым. Басқаларда үн жоқ, демдерін ішіне тартып менің ізімді бағып тұр. Жүрегім дірілдеп, бейне бір жау жағына өтердей шошып-ақ келемін. Егер Мұхтар аға біліп қойса, осы қазір асқар таудың басынан төмен - анау көк мұнар астындағы ауылға домалатып жіберері рас-ты. Өлдім-талдым дегенде үйдің іргесіне іліндім-ау, әйтеуір. Қолым мен бетімді шөп тырнады. Оған мән беріп жатар мен емес, есіл-дертім қожамның көзіне түспеу. Иен үйдің айқастыра ағаш тақтай шегелей салған терезесінен ақырын сығаладым. Міне, қызық. Мұхтар аға иен үйдің бұрыш-бұрышын, жабық саңылауын, мәтке ағаштың, сыланбаған қарағай қабырғаның ырсиып, ашылып, жарылып, айрылып кеткен жерін, ескі пештің сау-тамтығын қалдырмай, бит қарағандай қарап жүр... Қолындағы үшкір темірмен шұқып тұрып бір нәрсе іздейді... Содан кейін жертөленің қақпағын ашып астына түсті. Мен таң-тамашамын. Мұхтар аға не іздеп жүр екен... қызық... белгісіз затқа құмарлық, әйтеуір, жоқ дүниені іздеу жеңсігі мені де жеңдей бастап, мойнымды тырнаша соза беріп едім, ол қарғып қайта шықты. Үсті-басы былғанып, өрмекшінің торы жабысып қалған екен, қақты да, шырт еткізіп түкіріп тысқа шықты. Үйге кірерде көлденең-көлденең кағылған тақтайлардың біреуін теуіп кірсе керек, шығарда екіншісін теуіп ұшырды. Менің аузым аңқиып отырып қашып үлгермедім. Аттарға Мұхтар аға бұрын жетті. (Р. 8. Мұхтар деген есімге ағаны қосып айтпасам, күні бүгінге дейін таяқ жейтіндей сескенемін). - Ораш қайда кеткен? - деді зілдене. - Мен мұндамын, - дедім шөп арасынан шошайып. - Неғып жүрсің?.. - Көзі бұрынғыдан да алайып кетті. - Дүзге отырып... өз тапқырлығыма өзім риза болдым. - Тапқан екенсің отыратын уақытты. Шөпшілердің бәрі жамырай күлді. Мен лып етіп атқа мініп үлгердім. - Өзің не бітірдің? - деді Дөшен. - Онда сенің шаруаң болмасын, - деп Мұхтар кесіп айтты. - Мен де дүзге отырдым. - Сен дүзге емес, үйге отырдың... Балалар қалай ұйқтайды. - Дөшен тайынар емес, мұндай ерлікке таң қалдық. - Айда, сөзді қойыңдар. Хала-лау! - деп дауыстады Мұхтар аға. Сол команда естілісімен, қыстаудың айналасын талқанын шығара жапырып шауып тастадық та, аттарды шештік. Осы мезетте күн де ұясына батып бара жатқан. Таудың кеші қысқа болады. Машинистер аттарының айылын тартып, құйысқанын салып ойға - ауылға аттанар алдында, Дөшен мені далдалау жерге шығарып алып, Мұхтар ағаның иен үйде не істеп жүргенін сұрады. Мен бәрін айтып бердім. Ертеңінде түсте, көлдің жиегіндегі пішенді шауып, тамақтанып отырғанбыз. Дөшен жөткірініп алды да, әңгіме бастады. - Әй, құрдас, - деді Мұхтар ағаға. - Осы сен иен үй мен қорадан шұқылап не іздеп жүресің? - Оны қайтесің? - деді ол. - Бірге іздесейік дегенім ғой. Жалғыз өзіңе бәрібір тап-тырмайды. - Оны кәрген кім?! Қайсы әкең... Менің ізімді андыған?! Зәрем зәр түбіне кетті. Дөшенге жаутандап қарап едім, ол мығым отыр екен. Мұндай қуанбаспын ба, жігіттер бір ауыздан: - Бәріміз! Көрген бәріміз! - деп шу ете қалды. Мұхтар аға амалы таусылғандай, жақ сүйегін бұлтыңдата ет шайнап үнсіз біраз отырды. Содан соң: - Халалау! - деді тісі ақсиып. - Халалау, сендер де қызықсыңдар! "Не іздедің..." так, сондай да сұрақ бола ма екен. Қойшыларда ес бар ма, жайлауға көшерде жау қуғандай асығады. Иә, асығып жүрген қойшылар бір нәрсесін ұмытып,алдырып кетуі мүмкін. Ал мен оны тауып аламын, білдіңдер ме?! қ - Астапыралла! - деп Дөшен жағасын ұстады. - Не деген тіміскілеген ит едің. - Әй, - деді Мұхтар аға, - Бас жаққа барыспайық. Өзім тауып алсам деп қызғанып тұрсың-ау. -Тфу! -Тфу! -Тфу! - Кім-кімнің түкіргенін білмеймін, есімде жоқ, әйтеуір, апай төс Мұхтар ағам көз алдымда өз-өзінен кішірейіп бара жатты. Кішірейіп... Әдеби әлем

      Баяғыда, тым-тым баяғыда да емес, анау бір жылдары біздің жаққа пішен өте қалың шықты. Тау-тас, орман-тоғай, жота-қырат, сай-қолаттың бәрі-бәрі құлпырып, желкілдеген шабындықтың астында қалып еді. Үйдің ар жағында тастақты төбе бар болатын, қақтамада жатқандықтан сап-сары болып, баланың жаялығындай сарғайыңқы кеспірінен арыла алмаушы еді. Биыл сап-сары ала бақпақтан тана тағынып жетіседі. Пішен оруға да ерте шықтық.

Біздің жақта шөп шабатын машинаға төрт ат жегетін. Төрт ат жегетін себебі, жер қия, өрлі-қырлы, екі-үш жұмыс көлігінің шамасы жете бермейді. Төрт атжеккен соң, оның міндетті түрде ат айдаушы баласы болады. Алтыншы класты тамамдаған біздер сол, атшы ұлдармыз.

Елең-алаңнан тұрамыз. Жылқышы қиқу сала айдап келген аттарды ұстап, жүгендеп, сақадай-сай етіп қоямыз. Содан соң қара шайды шикілеу піскен қара нанға қосып армансыз ішер едік, екі көзіміз төрт болып ауылдан келер "қожайындарымызды" күтер едік. Ал олар әсте асықпайтын. Астарындағы тоқ жарау аттарын сипай қамшылап, әлденені айтып, қарқ-қарқ күліп, қызара бөртіп келе жатар еді. Машинистердің осынау бақытты жүзі, еркін жүрісін көріп отырып, ер жетіп, ерттелген ат мініп, езуге темекі қыстыруды қанша рет армандадық десеңізші, қанша рет... Жылдар өтіп... есейе келе, сол бақытты балалық шақты қайта армандап, кері оралар жолдың жоқтығына налып, табиғат-анаға өкпелеп, сананың саздау тартарын білдік пе, тәйірі, білдік пе... Енді, міне, енді, міне, енді, әне...

Менің машинист ағайымның аты Мұхтар-ды. Ала көз, төртбақ денелі, гүрілдеп сөйлейтін, мінезі шатақ жігіт. Маған дейін үш-төрт ат айдаушы ауыстырып, жанына жақпаған, яғни айтқанына көніп, айдағанына жүрмеген баланы ұрып-соғып қуып салады және ауылға тесек-орнын арқалатып жаяу қаңғыртып жібереді екен. Иемнің осы қылығын білетін мен қайтсем көңілінен шығам деген ниетпен мұрным қанағанша безектеймін. Әзірше бетіме қарап көрген жоқ.

Дегенмен, машинистерден гөрі, біздердің, ат айдаушылардың жұмысы анағұрлым ауыр еді. "Баланың істегені білінбейді" деген мәтел сондықтан шықса керек. Әсіресе, біздерді қинайтыны - аттың үстінде келе жатып жерден көз алмай тесіліп, қалың шалғынның арасында жасырып жатқан ұры тас, томар, тышқан қорық көрінсе, айғай салып, машиниске ескерте-ескерте ес-ақылдан айрылып калар қырағылық еді. Айғайлай-айғайлай үннен айрылып, қырылдап сөйлей алмай жүретінбіз. Кейбір кезде, әсіресе, шөп қалың жерлерде, бұғып жатқан жер тасты көрмей қалып, шөп машинасының бір тетігін бүлдіріп алсақ, бізге күн жоқ; ондайда қожайыныңның бишікпен қыр жіліншіктен осып-осып жіберіп, әкеңнен түсіп боқтауға құқы бар. Дегенмен, осындай қиындығына қарамастан ат айдаушы бала болудың қайталанбас, қашып кетпес қаншама мол қызықтары бар еді. Әсіресе, күн батар сәтте, тертеден мойны босаған, үсті-басы салтақ-салтақ, тер қақтаған аттарды алдымызға салып тырқырата қуып, қиқулап қара қосқа қайту, тек бізді ғана емес, ересек жігіттердің де делебесін қоздырып, қай-қайдағысын есіне салар. Қай-қайдағысы есіне түскен машинистер ойқастап, баяғының батырындай кеудені шалқақ тастап, шат көңілмен бір шырқар. Қамыт пен қамшыдан құтылып үйге қайтқанын ат байғұстар да сезетін, сезетін де жаппай желіп, жайтаң қағып басын изеп тастап, ауыздықтарын сүзе пырылдап, пысқырысып кетер еді.

Біз ең әуелі жұрт ауыстырарда, иесі жайлауға көшіп кеткен иен қыстақтардың маңайын тақырлап шауып алатынбыз. Есік-терезесі айқұш-ұйқыш тақтаймен қағылған иен үйді аппақ саңдай етіп жуып, бқктеріп келген бөстегімізді төсейтінбіз. Бұл біздің бір апталық мекен-жайымыз болады деген сөз. Ал үлкендер жағы қандай шалғай болса да тау басындағы иен қыстаққа түнемей, ат сабылтып ауылға қайтатын.

Міне, осындай бір қыстақтың қысқы азығын (мал азығын, әрине) шауып, келесісіне ентелей жете бергенде, менің машинисім Мұхтар аға шатақ шығаратын. Шатақ дегенде, пәлендей бір бас жарып, көз шығармағанмен, өз өктемдігін түсініксіздеу жүргізер еді. Машинистердің көшін әрқашан-да өзі бастайтын Мұхтар аға:

- Ал, бала, - деп дауыстайды маған, - айдай түс астыңдағы атты. - Содан соң өзі дертені салақтатып ортаға алып келе жатқан түптегі екі жиренді шықпыртып-шықпыртып жібереді де, әдетінше: - Халалалау! - деп ақырады. Мен осы кісінің қас-қабағына қарап, әр қимыл-әрекетінен-ақ не ойлап немесе айтқалы тұрғанын сезіп, білуші едім. Әйтпесе болмайтын, болмайтын себебі - көңілінен жалғыз рет шықпасаң: - Айда, кет! Ат айдау не теңің, бақшаңа түскен ешкіні айдап ал! - деп жаяу қуып жіберері хақ. Ол кісіден бәрін, тіпті барлық көзжұмба әрекетті күтуге болар еді. Сондықтан да өл десе - өліп, тіріл десе - тірілуге әзір тұруға дайынмын.

Аттың сыры иесіне мәлім, қалың алабота, кендір араласа өскен шөп-шалам басып, төбесі мен мұржасы ғана қылтиған қыстақ сонадайдан көзге шалынса болды, қамшыны басамын. Өйткені иесі жоқ үйге Мұхтар ағаның бәрінен бұрын жеткісі келетінін, ал бұрын жетіп алған соң, бишігін сарт еткізіп рычагқа іліп, қобдидан не бізін, не машина болтын бұрайтын кілтін асыға алып, иен үйге қарай тұра жүгірер әдеті әлі қалмаған, тіпті ғұмыр бақида қалмайтын шығар. Бәрімізден бұрын жеткенде, ешқайсымызды маңайлатпай, тіпті аттан түсуімізге тыйым салғанда, Мұхтар ағаның, иен үйден не қарайтыны, не істеп, не қоятыны біздер үшін шешуі табылмас жұмбақ күйінде келеді.

Міне, бүгін де Көбентауы қыстағына елдің алды болып жеттік. Бұл жер жаннат секілді әдемі тау-текше еді. Үлкен төбенің дәл бауыздауынан сұп-суық, ішсең тіліңді зыр еткізетін бастау ағып шығып, көгілдір тартқан көлге құятын. Көлдің шеті батпақты, қопалы емес, шымдауыт нығыз. Мұхтар аға сүйекке сіңді әдетіне басып: - Др-р-др, - деп көлікті тоқтатты да, бишігін сарт еткізіп, рычагқа іле салды. Осы жолы орындықты сақ еткізіп саспай түсті де, темір қобдиды ақтарып, үшкіл бір темірді тауып алды. Асықпай темекісін тұтатты. Осы кезде ентелеп, аттарын қатты айдап, қалған шөпшілер де бірдемеден құр қалғандай келіп-ақ қалған еді. Мұхтар аға жақтырмай бетін тыржита қарады да, оң қолын көтеріп: "Хала-лау!" - деп ақырды. Барлық машинистер командирдің бұйрығын естігендей селтиісіп-селтиісіп қалт тұра қалды. Аттар танаулары пырылдап ентігеді. Кейбір ашқарағы тізгінін жұлқа тартып, шөптің басын шалып тықыршиды. Атшы балалар бет-аузына үймелеген шыбын-шіркейді қуып, пысынап отыр. Мұхтар аға сол оң қолын көтерген қалпы: "Мен шыққанша, бірің аттап басушы болмаңдар", - деп, иен қыстақка сып етіп кіріп-ақ кетті. Бірақ осы жолы көп айналды. Дөшен деген түйдей құрдасы барды. Мұхтар ағаның жеті атасынан түсіп балағаттап отырды да: "Ей, Ораш, - деді маған. - Ақырып баспалап барып қарашы, ана ит не істеп жатыр екен".

- Бармаймын, қорқамын, - деп едім, машинистер жан-жақтан ұлардай шулап қоя берді:

- Қорықпа да саспа, біз бармыз, - деді Дөшен шіреніп.

- Бәрімізге әлі жетпейді.

- Ода тұрған не бар.

- Сайтанның қызымен қызығы болып жүрмесін.

- Шынында да, жалғыз өзі не істеп жатыр?

- Өстіп атты да, өзімізді де шыбынға талатып тұра береміз бе?

- Төрт көзіміз түгел кіріп барсақ қайтеді?

Міне, осы секілді сөздер құлаққашты қылған соң, аттан керенау түстім, бірақ Мұхтар ағаның артынан аңдып баруға жүрегім дауаламады.

- Басқа баланы неге жібермейсіздер; мені көре қалыпты ғой, - деп әрі-бері қиқаңдап едім, Дөшен зекіп қорқыта бастады.

- Егер бармаса, біз ауылға кеткен соң, бәрің жабылып ормандағы қарағайдың біріне байлап тастаңдар, аюдың жемтігі болсын.

Мен, шынында да, сескенейін дедім. Бұл Көбентауында аюдың бары рас. Күндіз шөп орып жүргенде, түнде ғана жапалап кеткен қиынан аттарымыз қорс-қорс үркіп, мазамызды алатын. Төрт ат жегілген машинаны басқа балаға тапсырдым да, бойлап өсіп кеткен қалың шөптің арасымен баспалай еңбектеп, қыстауға жақындадым. Басқаларда үн жоқ, демдерін ішіне тартып менің ізімді бағып тұр. Жүрегім дірілдеп, бейне бір жау жағына өтердей шошып-ақ келемін.

Егер Мұхтар аға біліп қойса, осы қазір асқар таудың басынан төмен - анау көк мұнар астындағы ауылға домалатып жіберері рас-ты. Өлдім-талдым дегенде үйдің іргесіне іліндім-ау, әйтеуір. Қолым мен бетімді шөп тырнады. Оған мән беріп жатар мен емес, есіл-дертім қожамның көзіне түспеу. Иен үйдің айқастыра ағаш тақтай шегелей салған терезесінен ақырын сығаладым. Міне, қызық. Мұхтар аға иен үйдің бұрыш-бұрышын, жабық саңылауын, мәтке ағаштың, сыланбаған қарағай қабырғаның ырсиып, ашылып, жарылып, айрылып кеткен жерін, ескі пештің сау-тамтығын қалдырмай, бит қарағандай қарап жүр... Қолындағы үшкір темірмен шұқып тұрып бір нәрсе іздейді... Содан кейін жертөленің қақпағын ашып астына түсті. Мен таң-тамашамын. Мұхтар аға не іздеп жүр екен... қызық... белгісіз затқа құмарлық, әйтеуір, жоқ дүниені іздеу жеңсігі мені де жеңдей бастап, мойнымды тырнаша соза беріп едім, ол қарғып қайта шықты. Үсті-басы былғанып, өрмекшінің торы жабысып қалған екен, қақты да, шырт еткізіп түкіріп тысқа шықты. Үйге кірерде көлденең-көлденең кағылған тақтайлардың біреуін теуіп кірсе керек, шығарда екіншісін теуіп ұшырды. Менің аузым аңқиып отырып қашып үлгермедім. Аттарға Мұхтар аға бұрын жетті. (Р. 8. Мұхтар деген есімге ағаны қосып айтпасам, күні бүгінге дейін таяқ жейтіндей сескенемін).

- Ораш қайда кеткен? - деді зілдене.

- Мен мұндамын, - дедім шөп арасынан шошайып.

- Неғып жүрсің?.. - Көзі бұрынғыдан да алайып кетті.

- Дүзге отырып... өз тапқырлығыма өзім риза болдым.

- Тапқан екенсің отыратын уақытты.

Шөпшілердің бәрі жамырай күлді. Мен лып етіп атқа мініп үлгердім.

- Өзің не бітірдің? - деді Дөшен.

- Онда сенің шаруаң болмасын, - деп Мұхтар кесіп айтты. - Мен де дүзге отырдым.

- Сен дүзге емес, үйге отырдың... Балалар қалай ұйқтайды. - Дөшен тайынар емес, мұндай ерлікке таң қалдық.

- Айда, сөзді қойыңдар. Хала-лау! - деп дауыстады Мұхтар аға. Сол команда естілісімен, қыстаудың айналасын талқанын шығара жапырып шауып тастадық та, аттарды шештік. Осы мезетте күн де ұясына батып бара жатқан. Таудың кеші қысқа болады. Машинистер аттарының айылын тартып, құйысқанын салып ойға - ауылға аттанар алдында, Дөшен мені далдалау жерге шығарып алып, Мұхтар ағаның иен үйде не істеп жүргенін сұрады. Мен бәрін айтып бердім.

Ертеңінде түсте, көлдің жиегіндегі пішенді шауып, тамақтанып отырғанбыз. Дөшен жөткірініп алды да, әңгіме бастады.

- Әй, құрдас, - деді Мұхтар ағаға. - Осы сен иен үй мен қорадан шұқылап не іздеп жүресің?

- Оны қайтесің? - деді ол.

- Бірге іздесейік дегенім ғой. Жалғыз өзіңе бәрібір тап-тырмайды.

- Оны кәрген кім?! Қайсы әкең... Менің ізімді андыған?!

Зәрем зәр түбіне кетті. Дөшенге жаутандап қарап едім, ол мығым отыр екен. Мұндай қуанбаспын ба, жігіттер бір ауыздан:

- Бәріміз! Көрген бәріміз! - деп шу ете қалды.

Мұхтар аға амалы таусылғандай, жақ сүйегін бұлтыңдата ет шайнап үнсіз біраз отырды. Содан соң:

- Халалау! - деді тісі ақсиып. - Халалау, сендер де қызықсыңдар! "Не іздедің..." так, сондай да сұрақ бола ма екен. Қойшыларда ес бар ма, жайлауға көшерде жау қуғандай асығады. Иә, асығып жүрген қойшылар бір нәрсесін ұмытып,алдырып кетуі мүмкін. Ал мен оны тауып аламын, білдіңдер ме?! қ

- Астапыралла! - деп Дөшен жағасын ұстады. - Не деген тіміскілеген ит едің.

- Әй, - деді Мұхтар аға, - Бас жаққа барыспайық. Өзім тауып алсам деп қызғанып тұрсың-ау.

-Тфу!

-Тфу!

-Тфу!

- Кім-кімнің түкіргенін білмеймін, есімде жоқ, әйтеуір, апай төс Мұхтар ағам көз алдымда өз-өзінен кішірейіп бара жатты. Кішірейіп...

Әдеби әлем

Бөлісу: