ІІ БӨЛІМ

17 Қараша 2013, 11:12

Ымырт үйіріліп, қас қарая бастаса да, бұл ауылдың шамы жана қойған жоқ. Баяғы заман емес, жердің жарығы аспандағы жұлдыздан бетер самаладай жарқыраған уақытта, қараңғы үйде қамалып, кешкі ас-суын іше алмай отырған өзгеше қызыққаладан барған адам елу жылға шегініп, өмір сүргендей халді бастан кешері рас. Осы Шыңғыстайдың да дәл үстінен жоғары қуатты Бұқтырма ГЭС-інің арқандай шуатыпған сымы, бұдан аттай алты жыл бұрын тартылған, әлдеқайда алысқа кермедей керіліп, кете барған. Аппақ күмістей бағаналары қолтық көтере, қол соза зәулімденген электр сымдарына ауып адамдары тек қызыға қарағаны болмаса, осы бесжылдықтың аяғына дейін дәме қылып отырған жоқ. Дегенмен, көңіл шіркін көк дөнен емес пе, төбелерінде төніп тұрған темір бағандардан күдерін үзбейді. Ал ауылда дизель моторымен жанатын сықсима жарық бар. Оның өзі де бір күн бар, бір күн жоқ, көксау шалдар секілді күркілдеп-күркілдеп, жым-жырт, тас бүркеніп жатып қалатын. Міне, кергіп барып-барып... тағы да тырқылдай жөтелді. Біздің үйдегі шамның кішкене сымы болар-болмас қызарған еді, шешем керосин шамды жақты да, өз бауырын - электрик Қисаның бас терісін аузына қаптап, ұрса жөнелді. екен. Әсіресе, -          Әне тағы да соқыртеке ойнайтын болдық. Құдайым-ай, осы қу жалғыздан көргенім-ай. Тартпағыр кімге тартқан, жарықтық ағайым қандай кісі еді, кісінің сұлтаны емес пе еді... - Қисаның өзі жоқ, оны кімге айтып отырсың? - дедім мен. - Оның жазығы не? - Жазығы не?.. Білмейтінің бар - тыныш отыр. Жазығы сол - бізге тиесілі энергияны тағы да 200 грамм араққа сатып жіберді. Жиенісің ғой Алматыдан келіп жатқан, бар, бір шөлмек экстра беріп, аударып әкел жарықты. - Тәте, мен түк түсінбей отырмын. - Түсінбейтін несі бар. Қай үй арақ береді, сол үйдің энергиясын көбейтіп береді нағашың. "Апам, жалғыз апам", - деп күні кеше ғана келіп кетіп еді... Дүкенге жүгіртіп жіберетін қайсыбір қолды-аяқты бала бар бұл үйде... Құр ауыз шыққан... "Орашың жылында бір-ақ рет келеді, сонда да қуанбайсың", - деп, бопсалап кетіп еді... Енді, міне, 200 грамм берген Қабанның үйіне бұрған да жіберген. Сенбесең қарашы... Терезеден тысқа үңіліп едім, шынында да, көршінің үйіндегі лампалар жарқырап тұр екен. Осы кезде әкем кірді, сөйлеп кірді. - Бәйбіше-ау, бәйбіше, жалғыз бауырыңды тағы да құр ауыз жібергенсің-ау, жүз грамың табылмады ма, тым болмаса ұлың аттанғанша алдай тұрсаң етті, сонан соң май шаммен отырсақта бізге бәрібір. - Ол жүз грамға екі жүз грамның электрін жағып бермейді, -       деді шешем. Мен далаға шықтым. Бұл жақтың кеші салқын болады. Өліараның қою қараңғысы. Ауыл әлден ұйқыға кіріскендей. Түн қараңғылығының құшағында тұншығып жатқан ағаш үйлердің бәрі-бәрі өлеусіреген, қысық көз жарықты тіпті жаққанды қойып, әлдеқашан өшіріп тастағандай. "Екі жүз грамм энергияны" артық алған көрші Қабанның терезелері ғана осы ауылдың жалғыз көзіндей шақырая жарқырайды. Ал дәл ауыл үстінен өткен жоғары вольтты бағаналар телефон сымындай емес, уілдеген мұңды үн де шығармай, серейіп тұр... Әдеби әлем

Ымырт үйіріліп, қас қарая бастаса да, бұл ауылдың шамы жана қойған жоқ. Баяғы заман емес, жердің жарығы аспандағы жұлдыздан бетер самаладай жарқыраған уақытта, қараңғы үйде қамалып, кешкі ас-суын іше алмай отырған өзгеше қызыққаладан барған адам елу жылға шегініп, өмір сүргендей халді бастан кешері рас. Осы Шыңғыстайдың да дәл үстінен жоғары қуатты Бұқтырма ГЭС-інің арқандай шуатыпған сымы, бұдан аттай алты жыл бұрын тартылған, әлдеқайда алысқа кермедей керіліп, кете барған. Аппақ күмістей бағаналары қолтық көтере, қол соза зәулімденген электр сымдарына ауып адамдары тек қызыға қарағаны болмаса, осы бесжылдықтың аяғына дейін дәме қылып отырған жоқ. Дегенмен, көңіл шіркін көк дөнен емес пе, төбелерінде төніп тұрған темір бағандардан күдерін үзбейді. Ал ауылда дизель моторымен жанатын сықсима жарық бар. Оның өзі де бір күн бар, бір күн жоқ, көксау шалдар секілді күркілдеп-күркілдеп, жым-жырт, тас бүркеніп жатып қалатын. Міне, кергіп барып-барып... тағы да тырқылдай жөтелді. Біздің үйдегі шамның кішкене сымы болар-болмас қызарған еді, шешем керосин шамды жақты да, өз бауырын - электрик Қисаның бас терісін аузына қаптап, ұрса жөнелді. екен. Әсіресе,

-          Әне тағы да соқыртеке ойнайтын болдық. Құдайым-ай, осы қу жалғыздан көргенім-ай. Тартпағыр кімге тартқан, жарықтық ағайым қандай кісі еді, кісінің сұлтаны емес пе еді...

- Қисаның өзі жоқ, оны кімге айтып отырсың? - дедім мен. - Оның жазығы не?

- Жазығы не?.. Білмейтінің бар - тыныш отыр. Жазығы сол - бізге тиесілі энергияны тағы да 200 грамм араққа сатып жіберді. Жиенісің ғой Алматыдан келіп жатқан, бар, бір шөлмек экстра беріп, аударып әкел жарықты.

- Тәте, мен түк түсінбей отырмын.

- Түсінбейтін несі бар. Қай үй арақ береді, сол үйдің энергиясын көбейтіп береді нағашың. "Апам, жалғыз апам", - деп күні кеше ғана келіп кетіп еді... Дүкенге жүгіртіп жіберетін қайсыбір қолды-аяқты бала бар бұл үйде... Құр ауыз шыққан... "Орашың жылында бір-ақ рет келеді, сонда да қуанбайсың", - деп, бопсалап кетіп еді... Енді, міне, 200 грамм берген Қабанның үйіне бұрған да жіберген. Сенбесең қарашы...

Терезеден тысқа үңіліп едім, шынында да, көршінің үйіндегі лампалар жарқырап тұр екен. Осы кезде әкем кірді, сөйлеп кірді.

- Бәйбіше-ау, бәйбіше, жалғыз бауырыңды тағы да құр ауыз жібергенсің-ау, жүз грамың табылмады ма, тым болмаса ұлың аттанғанша алдай тұрсаң етті, сонан соң май шаммен отырсақта бізге бәрібір.

- Ол жүз грамға екі жүз грамның электрін жағып бермейді, -       деді шешем.

Мен далаға шықтым. Бұл жақтың кеші салқын болады. Өліараның қою қараңғысы. Ауыл әлден ұйқыға кіріскендей.

Түн қараңғылығының құшағында тұншығып жатқан ағаш үйлердің бәрі-бәрі өлеусіреген, қысық көз жарықты тіпті жаққанды қойып, әлдеқашан өшіріп тастағандай. "Екі жүз грамм энергияны" артық алған көрші Қабанның терезелері ғана осы ауылдың жалғыз көзіндей шақырая жарқырайды. Ал дәл ауыл үстінен өткен жоғары вольтты бағаналар телефон сымындай емес, уілдеген мұңды үн де шығармай, серейіп тұр...

Әдеби әлем

Бөлісу: