А.А.Бобровниковке жазған хаты

17 Қараша 2013, 10:30

Аса қайырымды Алексей Александрович пен Наталья Моисеевна! Мен Орынбор бекінісіне келгелі Сізге бір де хат жаза алмадым, менің бұл батылсыздығымды кешіріңіз. Мұның себебі, көбінесе, мен өзімді өте шамалы ғана адаммын деп білемін де, сіздермен хат жазысуға батылым бара қоймайды. Ал егер енді келіп, сіздерге өзім туралы хабар етуге және қатесі аралас бірнеше ауыз сөз жазуға бел байлап отырсам, менің бұл батылдығымды да кешірерсіз. Менің өткен қысты қалай өткізгенімді және қазіргі тұрмысымның қандай екенін сіздерге айтып жатудың да қажеті жоқ,- мұның жайы сіздерге мәлім десе де болғандай. Тек сіздерге айтарым: Орынбордан мұнда қызық көремін деп келіп мен бекіністің бір аласапыран кезінде тап келіппін,- тіпті өз басымның қалай аман қалғанына таңмын. Барып тұрған жалғыздық, жұрттың бәрінен де, оның қай-қайсысынан да сақтана жүру, жабырқану, түңілу,- міне, менің Орынбор бекінісіндегі жайым осы. Қызмет жөніндегі бір іспен айналысайын десем - ешқандай іс жоқ; оқиын десем кітап жоқ; қазақ балаларын оқытайын десем - мектеп салынбаған және оған ешбір қаражат та жоқ; ақырында, апрельдің 6-нан бастап демалысқа жібер деп өтініш етіп едім, мұны да шешпей жатыр. He істерімді білмеймін! Ал бекіністе, меніңше, тек айдаудағыларға ғана тұруға мүмкін ғой деймін. Қысты күні бір ғана қызық бар: әрдайым жөн-жосық білетін қазақтар кездеседі; осы қарапайым, ақкөңіл, адал, ал кейде тіпті қызық адамдармен әңгімелесіп, көңіліңді көтересің. Осындай жағдайларда менің мұнда жалғыз жүргенім өкінішті емес,- жалғыздық менің ежелгі серігім ғой - және ешбір ойын-сауықтың жоқтығы да өкінгішті емс, маған бәрінен де өкініштісі - мен ақылды адамдардың адал кеңестерінің арқасында тапқан білімімнің бәрінен айрылып барамын. Оның үстіне, ешбір пайдалы қызмет істемей, қайдағы жоқ бір нәрселерді үнемі көріп отырып, сезімім дөрекіленіп, ақылым топастанып барады. Менің білім іздегенімді өзіңіз білетін едіңіз ғой, ал енді міне қараңғылыққа тап болғанымды да көріңіз. Мұның бәрі де Сізге жай жабырқану сияқты болып көрінуі мүмкін. Рас, менде жабырқану да бар, бірақ мен үйімді, мен жоғында күйзеліп жатқан шаруашылығымды ойлап жабырқанам. Қазірдің өзінде де дағдылы армандарымнан арыла алмай отырғанымды өзім де мойындаймын. Жұрт дұрыс айтады, мені жақсы білетін адамдар: ешбір қайғы-қасірет көрмей жүріп-ақ басына бос қиял келеді де отырады, жері тар, ауасы ауыр сияқты, айналасы толы әділсіздік сияқты көрінеді - деп мақтаушы еді. Осындай әбден тыйтығына жеткен жанға не істерсін? Мұны қоя тұрайын. Кешегі күні, көптен күткен жаңа бастығымыз - Яковлев келді. Бекініс у-шу болып, бір серпіліп қалды да, қайтадан өзінің дағдылы ұйқысына бас қойды. ...Николай Иванович не істеп жатыр? Мен оларды Орынборда жоқ деп естідім. Бұл дұрыс па? Егер бір сенімді жолдасым болса мен Сіздің өзіңіз туралы және Николай Иванович туралы хабар беруін өтінген болар едім... ...Осымен хатымды тоқтатайын, Алексей Александрович, қош болыңыз! Менің шыжбайыма кешірім етіңіз. Мүмкін болса, маған бір хат-мат жазып жіберіңіз. Әрдайым өзіңізге шын берілген қызметшіңіз АЛТЫНСАРИН. Өткен жылы Орынбордан кетерімде мен жол қаражатын алған жоқ едім, оны осы күнге дейін ала алмай отырмын. Қыстыкүні екі рет рапорт жазғанмын, бірақ оған не дегендерін білмеймін, соны қалай білер екенмін? 1861 жыл, 6 июнь. Орынбор бекінісі.

Аса қайырымды Алексей Александрович пен Наталья Моисеевна!

Мен Орынбор бекінісіне келгелі Сізге бір де хат жаза алмадым, менің бұл батылсыздығымды кешіріңіз. Мұның себебі, көбінесе, мен өзімді өте шамалы ғана адаммын деп білемін де, сіздермен хат жазысуға батылым бара қоймайды. Ал егер енді келіп, сіздерге өзім туралы хабар етуге және қатесі аралас бірнеше ауыз сөз жазуға бел байлап отырсам, менің бұл батылдығымды да кешірерсіз.

Менің өткен қысты қалай өткізгенімді және қазіргі тұрмысымның қандай екенін сіздерге айтып жатудың да қажеті жоқ,- мұның жайы сіздерге мәлім десе де болғандай. Тек сіздерге айтарым: Орынбордан мұнда қызық көремін деп келіп мен бекіністің бір аласапыран кезінде тап келіппін,- тіпті өз басымның қалай аман қалғанына таңмын. Барып тұрған жалғыздық, жұрттың бәрінен де, оның қай-қайсысынан да сақтана жүру, жабырқану, түңілу,- міне, менің Орынбор бекінісіндегі жайым осы. Қызмет жөніндегі бір іспен айналысайын десем - ешқандай іс жоқ; оқиын десем кітап жоқ; қазақ балаларын оқытайын десем - мектеп салынбаған және оған ешбір қаражат та жоқ; ақырында, апрельдің 6-нан бастап демалысқа жібер деп өтініш етіп едім, мұны да шешпей

жатыр. He істерімді білмеймін! Ал бекіністе, меніңше, тек айдаудағыларға ғана тұруға мүмкін ғой деймін. Қысты күні бір ғана қызық бар: әрдайым жөн-жосық білетін қазақтар кездеседі; осы қарапайым, ақкөңіл, адал, ал кейде тіпті қызық адамдармен әңгімелесіп, көңіліңді көтересің. Осындай жағдайларда менің мұнда жалғыз жүргенім өкінішті емес,- жалғыздық менің ежелгі серігім ғой - және ешбір ойын-сауықтың жоқтығы да өкінгішті емс, маған бәрінен де өкініштісі - мен ақылды адамдардың адал кеңестерінің арқасында тапқан білімімнің бәрінен айрылып барамын. Оның үстіне, ешбір пайдалы қызмет істемей, қайдағы жоқ бір нәрселерді үнемі көріп отырып, сезімім дөрекіленіп, ақылым топастанып барады. Менің білім іздегенімді өзіңіз білетін едіңіз ғой, ал енді міне қараңғылыққа тап болғанымды да көріңіз.

Мұның бәрі де Сізге жай жабырқану сияқты болып көрінуі мүмкін. Рас, менде жабырқану да бар, бірақ мен үйімді, мен жоғында күйзеліп жатқан шаруашылығымды ойлап жабырқанам. Қазірдің өзінде де дағдылы армандарымнан арыла алмай отырғанымды өзім де мойындаймын. Жұрт дұрыс айтады, мені жақсы білетін адамдар: ешбір қайғы-қасірет көрмей жүріп-ақ басына бос қиял келеді де отырады, жері тар, ауасы ауыр сияқты, айналасы толы әділсіздік сияқты көрінеді - деп мақтаушы еді. Осындай әбден тыйтығына жеткен жанға не істерсін? Мұны қоя тұрайын. Кешегі күні, көптен күткен жаңа бастығымыз - Яковлев келді. Бекініс у-шу болып, бір серпіліп қалды да, қайтадан өзінің дағдылы ұйқысына бас қойды. ...Николай Иванович не істеп жатыр? Мен оларды Орынборда жоқ деп естідім. Бұл дұрыс па? Егер бір сенімді жолдасым болса мен Сіздің өзіңіз туралы және Николай Иванович туралы хабар беруін өтінген болар едім...

...Осымен хатымды тоқтатайын, Алексей Александрович, қош болыңыз! Менің шыжбайыма кешірім етіңіз. Мүмкін болса, маған бір хат-мат жазып жіберіңіз.

Әрдайым өзіңізге шын берілген қызметшіңіз АЛТЫНСАРИН.

Өткен жылы Орынбордан кетерімде мен жол қаражатын алған жоқ едім, оны осы күнге дейін ала алмай отырмын. Қыстыкүні екі рет рапорт жазғанмын, бірақ оған не дегендерін білмеймін, соны қалай білер екенмін?

1861 жыл, 6 июнь.

Орынбор бекінісі.

Бөлісу: