Өзбекстанда жүріп Еңбек Ері атанған азаматтың өмірі туралы сыр

17 Қараша 2013, 08:31

Қынабек Үкібайұлының өзі де өмірде талай жақсыны ұстаз тұтып, үлгісін алған, ал кейбірімен дәм-тұздары жарасып, жақын көңілмен достық қатынаста болған. Біраз қазақ өзбек жерінде Қы­­набек Үкібайұлын паналап, қуғын­нан да аман қалған. Солардың бірі – ақтөбелік Ғазым Сәрсенғалиев. Сауда саласында істеп жүрген ол өз елінде бір келеңсіз жағдайға ұшырап, Ташкент асуға мәжбүр болады. Содан… «Ташканның көп шайханаларының» бірінде өзбек акалармен әңгімелесіп отырып, осы жақта маған пана боларлық бір мықты қазақ бар ма деп сұрайды. Сонда ақсақалдардың бірі: Таш­кент-Красноводск пойызына оты­­­рып, жүз шақырым жердегі Мыр­зашөл стансасынан түс, сонда аудан ұстап отырған Қынабек деген бір қазақ бар. Саған бір көмектессе сол көмектеседі деп мәслихат айтады. «Жазған құлда шаршау бар ма», Ғазекең ақсақалдардың айтқанын істеп, тосып отырғандай Қынекеңнің үйіне жеті қараңғыда жетіп келеді. Келсе ағасы үйде жоқ, жеңгей ғана бар екен. Мен Қынабек ағайға Ақтөбеден арнайы келдім деген соң қарсы алып, қонақ қылады. Түннің бір уақытында ғана үйіне келген қожайын оны оятпай, таң атуын күтеді. Ертесіне барлық мән-жайды білгеннен соң қандай жұмысқа тұрғысы келетінін сұрайды. Сауда саласының есеп-қисап жағын қалаймын, дейді қонақ. Сол жерде Қынекең Өзбек КСР Сауда министрі Магруповқа тура телефон шалып, көп өзбектің ортасында бір қазаққа орын тауы­п беріңіз деп өтінеді. Сөйтіп, Қыне­кеңнің сөзін жерге тастамаған министр Ғ.Сәрсенғалиевті қалалық тамақтану саласы саудасының бас есепшілігіне тағайындайды. Сол Сәрсенғалиев осы қызметті 30 жылдай табан аудармай істеп, «қазақтың Рокфеллері» деген ат алады. Қ.Үкібаевтың жақсылығын ұмытпаған ол онымен өмір-бойы дос-жар болып өтеді. Қынекеңнің басында мұндай оқиғалар көп болған. Өзін сағалап келген талай қазаққа ол пана бола білген. Бірақ солардың көбі қойған қызметті дұрыс атқара алмай, шығып қала береді екен. Қ.Үкібаев өз өмірінде қазақ пен өзбектің талай жақсы-жам­поздарымен де жақсы көңіл­де болған. Солардың ішінде Хру­щевтің қуғынымен Шымкентке ауыстырылып, облыстық атқару комитеті төрағасының орынбасары болған Жұмабек Тәшеновті ол айрықша құрметтейді. Жұмекеңді Өзбекстанға жиі шақырып, қатты құрмет көрсетіп тұрады екен. Сондай-ақ, қазақтың өнер адамдарын да талай рет қарсы алып, алақанға салғандай құрметтеген азаматтық істері әйгілі. Бауыржан Момышұлы, Марфуға Айтхожина, Шымболат Ділдебаев және т.б. ақын-жазушылар Қынекең тарапынан сый-құрметке бөленген. Жақсыбай САМРАТ

Қынабек Үкібайұлының өзі де өмірде талай жақсыны ұстаз тұтып, үлгісін алған, ал кейбірімен дәм-тұздары жарасып, жақын көңілмен достық қатынаста болған.

Біраз қазақ өзбек жерінде Қы­­набек Үкібайұлын паналап, қуғын­нан да аман қалған. Солардың бірі – ақтөбелік Ғазым Сәрсенғалиев. Сауда саласында істеп жүрген ол өз елінде бір келеңсіз жағдайға ұшырап, Ташкент асуға мәжбүр болады. Содан… «Ташканның көп шайханаларының» бірінде өзбек акалармен әңгімелесіп отырып, осы жақта маған пана боларлық бір мықты қазақ бар ма деп сұрайды. Сонда ақсақалдардың бірі: Таш­кент-Красноводск пойызына оты­­­рып, жүз шақырым жердегі Мыр­зашөл стансасынан түс, сонда аудан ұстап отырған Қынабек деген бір қазақ бар. Саған бір көмектессе сол көмектеседі деп мәслихат айтады. «Жазған құлда шаршау бар ма», Ғазекең ақсақалдардың айтқанын істеп, тосып отырғандай Қынекеңнің үйіне жеті қараңғыда жетіп келеді. Келсе ағасы үйде жоқ, жеңгей ғана бар екен. Мен Қынабек ағайға Ақтөбеден арнайы келдім деген соң қарсы алып, қонақ қылады. Түннің бір уақытында ғана үйіне келген қожайын оны оятпай, таң атуын күтеді. Ертесіне барлық мән-жайды білгеннен соң қандай жұмысқа тұрғысы келетінін сұрайды. Сауда саласының есеп-қисап жағын қалаймын, дейді қонақ. Сол жерде Қынекең Өзбек КСР Сауда министрі Магруповқа тура телефон шалып, көп өзбектің ортасында бір қазаққа орын тауы­п беріңіз деп өтінеді. Сөйтіп, Қыне­кеңнің сөзін жерге тастамаған министр Ғ.Сәрсенғалиевті қалалық тамақтану саласы саудасының бас есепшілігіне тағайындайды. Сол Сәрсенғалиев осы қызметті 30 жылдай табан аудармай істеп, «қазақтың Рокфеллері» деген ат алады. Қ.Үкібаевтың жақсылығын ұмытпаған ол онымен өмір-бойы дос-жар болып өтеді.

Қынекеңнің басында мұндай оқиғалар көп болған. Өзін сағалап келген талай қазаққа ол пана бола білген. Бірақ солардың көбі қойған қызметті дұрыс атқара алмай, шығып қала береді екен.

Қ.Үкібаев өз өмірінде қазақ пен өзбектің талай жақсы-жам­поздарымен де жақсы көңіл­де болған. Солардың ішінде Хру­щевтің қуғынымен Шымкентке ауыстырылып, облыстық атқару комитеті төрағасының орынбасары болған Жұмабек Тәшеновті ол айрықша құрметтейді. Жұмекеңді Өзбекстанға жиі шақырып, қатты құрмет көрсетіп тұрады екен. Сондай-ақ, қазақтың өнер адамдарын да талай рет қарсы алып, алақанға салғандай құрметтеген азаматтық істері әйгілі. Бауыржан Момышұлы, Марфуға Айтхожина, Шымболат Ділдебаев және т.б. ақын-жазушылар Қынекең тарапынан сый-құрметке бөленген.

Жақсыбай САМРАТ

Бөлісу: