Мұхамбетқазы Тәжин жайындағы толғаныстар

17 Қараша 2013, 07:11

Ардақты азамат Мұхамбетқазы Тәжин бар саналы ғұмырын ел игілігіне арнаған, елдің экономикасы мен мәдениетін, ғылымы мен білімін дамыту үшін белсенді қызмет етіп, халықтың құрметіне ие болған қоғам қайраткері деп білемін. Ол парасаттылығы мен табиғи қабілетінің, шығармашылық мүмкіндігінің молдығымен жемісті еңбек ете білді. Мен онымен 1961 жылы өлкелік партия комитетінде жұмыс істеген кезімде танысқан едім. Ол бұдан бұрын Ақтөбеде облыстық комсомол комитетінде хатшы болып, жастарға тәрбие беру ісіне үлкен үлес қосқан, одан соң Батыс Қазақстан өлкелік партия комитетіне лекторлық қызметке жоғарылатылыпты. Көп ұзамай Гурьев облыстық партия комитетінің бөлім меңгерушілігіне тағайындалды, мен де обкомда ауыл шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі болдым. Осы кезден бастап жақсы араласып, сырлас-сыйлас, дәмдес жүрдік. Оның жолдасы Роза үлкенмен де, кішімен де тіл табыса білетін, қонақжай, қазақтың әдет-ғұрпын жақсы ұстанатын бәйбіше болатын, біздің жиі араласуымызды мақұлдап жүрді. Кейін мен Маңғыстауда, Гурьевте облыстық атқару комитетінің төрағасы қызметінде жүргенімде де сыйластықпен, түсіністікпен араласып-құраластық, қарым-қатынасымыз жақсара түсті. 1977 жылы Мұхамбетқазы республикалық дәрежедегі қызметке ауысты. Одан кейін жиі байланысудың реті келмеді. Амал нешік, ол өмірден ерте озды, бірақ осы күнге дейін есімізден бір сәт те кеткен емес, кетпейді де, халықтың таңдаулы ұлы болып қала береді. Оңайбай КӨШЕКОВ, зейнеткер, Гурьев облыстық атқару комитетінің 1970-1977 жылдардағы төрағасы, облыстық партия комитетінің 1977-1985 жылдардағы бірінші хатшысы. Турашыл да талапшыл Біздің өңірдің өркендеуіне, қайта түлеп дамуына зор үлес қосқан азаматтардың бірі – Мұхамбетқазы Тәжин. Облыстық партия комитетінің насихат және үгіт бөлімінің меңгерушілігіне тағайындалысымен ол ақпаратты насихатты дұрыс жолға қойып, екі облыстық газет пен радионың жұмысын жандандырды, телевидение ол кезде әлі жоқ еді. Газет бүгін түнде шықса, сол күні таңертең алыстағы малшы ауылдарға, өндіріс орындарына жеткізілуі тиіс деген талап қойды. Үлкен жұмыстар жасалды осы бағытта. М.Тәжин кадр дайындау ісіне аса мұқият қараған адам, әсіресе ұлттық кадрларды дайындауға көп көңіл бөлді. Мәселен, сол жылдары қазіргі мұнай өңдеу зауытында бірде-бір қазақ инженер болған жоқ, таба алмадық. Осы бағыттағы жұмыстарды да біз М.Тәжинмен бірлесе жүргіздік, қоян-қолтық жұмыс істедік. Мұхаң облыстағы алғашқы және жалғыз жоғары оқу орны – Гурьев пединститутына ғимарат салғызды. Мәдениет саласын дамытуға да жанын сала кіріскен болатын. Аудан-ауылдарға барған сайын қарап жүріп, мәдениет ошақтарын ашуға көп жұмыстанды. Музейлер де аштырды. Аудандардың мәдениет күндері үнемі өтіп тұрушы еді. Бірнеше жылдан кейін Мұхам­бет­қазы Қауысұлы Гурьев облыстық партия комитетінің идеология жөніндегі хатшылығына сайланды. Облыс мәдениетінің, өнерінің, үгіт-насихат жұмысының дамуына қомақты үлес қосты. Принципшіл, айтқанынан қайтпайтын еді, адал жұмыс істеді. Жан-жақты білімді, адамдармен қарым-қатынаста өте қарапайым, бірақ талапшыл болды. Нағыз зиялы адам еді.   Есен ТАСҚЫНБАЕВ, зейнеткер, Гурьев қалалық партия комитетінің 1964-1977 жылдардағы бірінші хатшысы, облыстық атқару комитетінің 1977-1987 жылдардағы төрағасы.

Ардақты азамат

Мұхамбетқазы Тәжин бар саналы ғұмырын ел игілігіне арнаған, елдің экономикасы мен мәдениетін, ғылымы мен білімін дамыту үшін белсенді қызмет етіп, халықтың құрметіне ие болған қоғам қайраткері деп білемін. Ол парасаттылығы мен табиғи қабілетінің, шығармашылық мүмкіндігінің молдығымен жемісті еңбек ете білді.

Мен онымен 1961 жылы өлкелік партия комитетінде жұмыс істеген кезімде танысқан едім. Ол бұдан бұрын Ақтөбеде облыстық комсомол комитетінде хатшы болып, жастарға тәрбие беру ісіне үлкен үлес қосқан, одан соң Батыс Қазақстан өлкелік партия комитетіне лекторлық қызметке жоғарылатылыпты. Көп ұзамай Гурьев облыстық партия комитетінің бөлім меңгерушілігіне тағайындалды, мен де обкомда ауыл шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі болдым. Осы кезден бастап жақсы араласып, сырлас-сыйлас, дәмдес жүрдік. Оның жолдасы Роза үлкенмен де, кішімен де тіл табыса білетін, қонақжай, қазақтың әдет-ғұрпын жақсы ұстанатын бәйбіше болатын, біздің жиі араласуымызды мақұлдап жүрді. Кейін мен Маңғыстауда, Гурьевте облыстық атқару комитетінің төрағасы қызметінде жүргенімде де сыйластықпен, түсіністікпен араласып-құраластық, қарым-қатынасымыз жақсара түсті. 1977 жылы Мұхамбетқазы республикалық дәрежедегі қызметке ауысты. Одан кейін жиі байланысудың реті келмеді. Амал нешік, ол өмірден ерте озды, бірақ осы күнге дейін есімізден бір сәт те кеткен емес, кетпейді де, халықтың таңдаулы ұлы болып қала береді.

Оңайбай КӨШЕКОВ,

зейнеткер, Гурьев облыстық атқару комитетінің

1970-1977 жылдардағы төрағасы, облыстық партия комитетінің 1977-1985 жылдардағы бірінші хатшысы.

Турашыл да талапшыл

Біздің өңірдің өркендеуіне, қайта түлеп дамуына зор үлес қосқан азаматтардың бірі – Мұхамбетқазы Тәжин. Облыстық партия комитетінің насихат және үгіт бөлімінің меңгерушілігіне тағайындалысымен ол ақпаратты насихатты дұрыс жолға қойып, екі облыстық газет пен радионың жұмысын жандандырды, телевидение ол кезде әлі жоқ еді. Газет бүгін түнде шықса, сол күні таңертең алыстағы малшы ауылдарға, өндіріс орындарына жеткізілуі тиіс деген талап қойды. Үлкен жұмыстар жасалды осы бағытта. М.Тәжин кадр дайындау ісіне аса мұқият қараған адам, әсіресе ұлттық кадрларды дайындауға көп көңіл бөлді. Мәселен, сол жылдары қазіргі мұнай өңдеу зауытында бірде-бір қазақ инженер болған жоқ, таба алмадық. Осы бағыттағы жұмыстарды да біз М.Тәжинмен бірлесе жүргіздік, қоян-қолтық жұмыс істедік. Мұхаң облыстағы алғашқы және жалғыз жоғары оқу орны – Гурьев пединститутына ғимарат салғызды. Мәдениет саласын дамытуға да жанын сала кіріскен болатын. Аудан-ауылдарға барған сайын қарап жүріп, мәдениет ошақтарын ашуға көп жұмыстанды. Музейлер де аштырды. Аудандардың мәдениет күндері үнемі өтіп тұрушы еді.

Бірнеше жылдан кейін Мұхам­бет­қазы Қауысұлы Гурьев облыстық партия комитетінің идеология жөніндегі хатшылығына сайланды. Облыс мәдениетінің, өнерінің, үгіт-насихат жұмысының дамуына қомақты үлес қосты. Принципшіл, айтқанынан қайтпайтын еді, адал жұмыс істеді. Жан-жақты білімді, адамдармен қарым-қатынаста өте қарапайым, бірақ талапшыл болды. Нағыз зиялы адам еді.

 

Есен ТАСҚЫНБАЕВ,

зейнеткер, Гурьев қалалық партия комитетінің 1964-1977 жылдардағы бірінші хатшысы, облыстық атқару комитетінің 1977-1987 жылдардағы төрағасы.

Бөлісу: