Өтеген Сейітов туралы толғаныстар

17 Қараша 2013, 06:45

Тамас АЙМҰХАНБЕТОВ,Абай атындағы ҚазМПУ-дің кафедра мең­герушісі: Өтеген Сейітұлының менің өмірімдегі орны ерекше. Ол бізге бой түзер үлгі әрі үйретері мол ұстаз еді. Кісілік қалпымен, адамгершілігімен және де тазалығымен есімізде ұзақ сақталады. Бүгінде ол кісінің көзі тірі болса тоқсанға толып, мерейтойын бәріміз бірге тойлар едік. Ардақты аға туралы айта берсең сөз тау­сылмайды. Әсіресе, өзімнің қызмет бабыммен жер-жерге жиі шығатын мәселе – ол-сотталғандардың ісіне қатысты болатын. Бұрын сот жүйесінде жұмыс істеп келгендіктен, темір тордың арғы жағындағы адамдардың тағдырына қатысты жағдайлар маған жете таныс болатын. Осы мәселеге байланысты басшымыз да әр істі мұқият тексертіп, талай жазықсыз сотталған жандардың шырақтарын қайта жағуға себепші болды. Өтеген Сейітұлы айына екі рет қабылдау жүргізетін. Әсіресе, соғыс ардагерлері мен ауылдан келген қарапайым халықтың мәселесін шешуге үлкен мән беретін. Біз арнайы аймақтардағы түрмелерге барып, тексеру жұмыстарын жүргізіп, сотталғандармен, әсіресе, жасөспірімдер мен әйелдер колонияларында жазаларын өтеп жатқан жандармен жүздесуге міндетті болатынбыз. Есіме түсіп отырған бір мысалды келтіріп өтейін, бірде алдымызға совхоздың қаржысын қымқырған деген айып тағылған әйел адамның ісі келіп түсті. Шиеттей бала-шағасы бар екен. Іс туралы баяндағанымызда, Өтекең: «Әйел адам біреу итермелемесе, мұндай қылмысты өзі жасай алмайды, ұйымдастырушыны іздеңіздер», деді. Біз оның өзі кінәлі екенін дәлелдеп бердік, сонда да көзінен сенбеушілік байқадық. Онысы бала-шағасы бар әйел адамды қылмыс жасады деуге қимай отырғаны ғой. Мұндай әрекет тек жаны таза, әр адамның тағдырын өз жанынан өткізіп барып, әділ шешім шығаруға талпынатын жанның ғана қолынан келеді. Талай рет қол астындағы қызметкерлерінің баспана мәселесін шешіп, тұрғын үй алуына көмектесті, менің де баспана мәселемді шешіп берген болатын. Өтеген Сейітұлының ірілігіне, кісілігі мен кішілігіне әркез тәнтіміз. Оңалсын ЖҰМАБЕКОВ, Қазақ­стан Республикасы Парламенті Мә­жілісінің депутаты: Өтеген Сейітұлы – мен үшін әкемдей ыстық жан. Он сегіз жасында қан майданға аттанып, Отанын қорғап келген оның азаматтығы туралы айтпай кету мүмкін емес. Республиканың кадрларын мұқият зерделеп, ешкімді танысына, жеріне, еліне бөліп-жармай, бәріне әділетті қараған басшы еді. Өтеген Сейітұлы мен мектеп бітірген кезде республика прокуроры болатын. Тағдыр мені осындай асыл ағамен жолықтырғанына ризамын. Менің бүгінгі дәрежеге жетуіме де ағаның батасы мен өмірлік берген бағдары себеп болды деп санаймын. Үш жыл қол астында ерекше тапсырмалар жөніндегі көмекші қызметін атқардым. Сонда оның республикамызда және сол уақыттағы Одақ көлемінде де өте беделді екеніне көзім анық жеткен. Кеңес Одағының Бас прокуроры Руденко да өте бір үлкен ілтипатпен қарайтын Өтеген Сейітұлының халқымыздың тағдырына асқан жауапкершілікпен қарағанының куәсімін. Жергілікті халықтың өкілдері арасынан кадрларды іріктей жүріп, баулып шығарғаны өз алдына бөлек әңгіме. Үлкен жүректі, кеңпейіл, таза, ісіне адал, жақсылыққа жаны құмар, жамандыққа жаны қас адам ретінде ел тарихында өзіндік орны бар Өтеген Сейітұлының прокуратура органдарының қызметін қалыптастырудағы еңбегі ұшан-теңіз. Уақыт деп аталатын сәт зымырап тоқтамақ емес. Кеше ғана арамызда жүрген жандар бүгін жоқ. Жақсының өзі кетсе де, көзі кетпейді. Ақыл-па­ра­саты мол, халықтың қамын өз ба­сы­нан артық қойып, дүние-бай­лық жинауды мақсат тұтпаған, адам­гер­ші­лік пен қарапайымдылықты қос қанатындай қатар ұстай білген Өте­ген Сейітұлы өмірі бізге өнеге. Оның жарқын келбеті жылдар өтсе де жар­қырап ұмытылмайды. Нұрмаханбет ИСАЕВ

Тамас АЙМҰХАНБЕТОВ,Абай атындағы ҚазМПУ-дің кафедра мең­герушісі: Өтеген Сейітұлының менің өмірімдегі орны ерекше. Ол бізге бой түзер үлгі әрі үйретері мол ұстаз еді. Кісілік қалпымен, адамгершілігімен және де тазалығымен есімізде ұзақ сақталады. Бүгінде ол кісінің көзі тірі болса тоқсанға толып, мерейтойын бәріміз бірге тойлар едік. Ардақты аға туралы айта берсең сөз тау­сылмайды. Әсіресе, өзімнің қызмет бабыммен жер-жерге жиі шығатын мәселе – ол-сотталғандардың ісіне қатысты болатын. Бұрын сот жүйесінде жұмыс істеп келгендіктен, темір тордың арғы жағындағы адамдардың тағдырына қатысты жағдайлар маған жете таныс болатын. Осы мәселеге байланысты басшымыз да әр істі мұқият тексертіп, талай жазықсыз сотталған жандардың шырақтарын қайта жағуға себепші болды. Өтеген Сейітұлы айына екі рет қабылдау жүргізетін. Әсіресе, соғыс ардагерлері мен ауылдан келген қарапайым халықтың мәселесін шешуге үлкен мән беретін.

Біз арнайы аймақтардағы түрмелерге барып, тексеру жұмыстарын жүргізіп, сотталғандармен, әсіресе, жасөспірімдер мен әйелдер колонияларында жазаларын өтеп жатқан жандармен жүздесуге міндетті болатынбыз. Есіме түсіп отырған бір мысалды келтіріп өтейін, бірде алдымызға совхоздың қаржысын қымқырған деген айып тағылған әйел адамның ісі келіп түсті. Шиеттей бала-шағасы бар екен. Іс туралы баяндағанымызда, Өтекең: «Әйел адам біреу итермелемесе, мұндай қылмысты өзі жасай алмайды, ұйымдастырушыны іздеңіздер», деді. Біз оның өзі кінәлі екенін дәлелдеп бердік, сонда да көзінен сенбеушілік байқадық. Онысы бала-шағасы бар әйел адамды қылмыс жасады деуге қимай отырғаны ғой. Мұндай әрекет тек жаны таза, әр адамның тағдырын өз жанынан өткізіп барып, әділ шешім шығаруға талпынатын жанның ғана қолынан келеді. Талай рет қол астындағы қызметкерлерінің баспана мәселесін шешіп, тұрғын үй алуына көмектесті, менің де баспана мәселемді шешіп берген болатын. Өтеген Сейітұлының ірілігіне, кісілігі мен кішілігіне әркез тәнтіміз.

Оңалсын ЖҰМАБЕКОВ, Қазақ­стан Республикасы Парламенті Мә­жілісінің депутаты: Өтеген Сейітұлы – мен үшін әкемдей ыстық жан. Он сегіз жасында қан майданға аттанып, Отанын қорғап келген оның азаматтығы туралы айтпай кету мүмкін емес. Республиканың кадрларын мұқият зерделеп, ешкімді танысына, жеріне, еліне бөліп-жармай, бәріне әділетті қараған басшы еді. Өтеген Сейітұлы мен мектеп бітірген кезде республика прокуроры болатын. Тағдыр мені осындай асыл ағамен жолықтырғанына ризамын. Менің бүгінгі дәрежеге жетуіме де ағаның батасы мен өмірлік берген бағдары себеп болды деп санаймын. Үш жыл қол астында ерекше тапсырмалар жөніндегі көмекші қызметін атқардым. Сонда оның республикамызда және сол уақыттағы Одақ көлемінде де өте беделді екеніне көзім анық жеткен. Кеңес Одағының Бас прокуроры Руденко да өте бір үлкен ілтипатпен қарайтын Өтеген Сейітұлының халқымыздың тағдырына асқан жауапкершілікпен қарағанының куәсімін. Жергілікті халықтың өкілдері арасынан кадрларды іріктей жүріп, баулып шығарғаны өз алдына бөлек әңгіме. Үлкен жүректі, кеңпейіл, таза, ісіне адал, жақсылыққа жаны құмар, жамандыққа жаны қас адам ретінде ел тарихында өзіндік орны бар Өтеген Сейітұлының прокуратура органдарының қызметін қалыптастырудағы еңбегі ұшан-теңіз.

Уақыт деп аталатын сәт зымырап тоқтамақ емес. Кеше ғана арамызда жүрген жандар бүгін жоқ. Жақсының өзі кетсе де, көзі кетпейді. Ақыл-па­ра­саты мол, халықтың қамын өз ба­сы­нан артық қойып, дүние-бай­лық жинауды мақсат тұтпаған, адам­гер­ші­лік пен қарапайымдылықты қос қанатындай қатар ұстай білген Өте­ген Сейітұлы өмірі бізге өнеге. Оның жарқын келбеті жылдар өтсе де жар­қырап ұмытылмайды.

Нұрмаханбет ИСАЕВ

Бөлісу: