Қонысбек Төрешұлы туралы

17 Қараша 2013, 05:55

Дана халқымыз «Асыл туған адамның баға жетпес нарқы бар» деген нақылды бекер айтпаған. Өмір-өзенінің асау толқынымен алысып, қайсарлықпен өзінің бағытын айқындаған, адамгершілік соқпағынан табанын тайдырмаған, жиырма екі жыл үзбестен Тереңөзек (бүгінгі Сырдария ауданы) және Жалағаш аудандық партия комитеттерінің бірінші хатшысы болып қызмет атқарып, халқының нағыз қайраткер перзенті атанған Қонысбек Төрешұлы Қазантаевтың үстіміздегі жылы туғанына 90 жыл толып отыр. Ол жайлы айтарымызды қазақтың ақиық ақыны Сырбай Мәуленовтің: Сыр елінде болыс көп, Мықтысы оның Қонысбек, – деп жырлаған өлең жолдарынан бастау алғанды жөн көріп отырмыз. Себеп 1962 жылы ақын Шиелі ауданында ел адамдарымен кездескен кезде Қо­нысбек Төрешұлы аудандық кеңес атқару комитетінің төрағасы болатын. Енді азды-кем тарих беттерін парақтасақ. Өткен ғасырдың 60-жыл­дарының басында Қызылорда облысында күріш алқаптарын игеру ісі қолға алынды. Ирригациялық және мелиорациялық жұмыстарға қыруар қаржы бөлініп, жүздеген мың гектар жерлер инженерлік жүйеге келтірілді, шаруашылық орталықтары салынып, жаңа инфрақұрылымдар іске қосыла бастады. Облыс экономикасындағы осынау бетбұрысты кезеңде әлеу­меттік-мәдени сала да қарқынды да­мыды. 1963 жылдың қаңтарында облыстық партия комитетінің бі­рін­ші хатшылығына Мұстахим Бі­ләлұлы Ықсанов сайланды. Ол кісі республикадағы білікті де беделді су шаруашылығы мамандарының бірі болатын, оның облысқа келуі жан-жақты ойластырылған іс болуы керек. Өйткені, облыста жүзеге асырыла бастаған түбегейлі шараларға басшылық жасау үшін шаруаның жайын жетік білетін маман, жігерлі де іскер басшы қажет еді. Мұстахим Біләлұлы біршама уақыт өткен соң аудан басшыларын ауыстыра бастады. Сөйтіп, 1963 жылдың күзінде Сырдария өндірістік басқармасы партия комитетінің хатшысы болып Қонысбек Қазантаев сайланды. Ол кезде бұл аудан экономикасы нашар дамыған, халықтың әл-ауқат дәрежесі төмен өңірлердің бірі болатын. Жаңа хатшының аудан активімен алғашқы өткізген кеңесінде-ақ оның кадрларға қоятын талабының биіктігі, кез келген мәселені терең талдай білетіні, ой-өрісі мен ойлау қабілетінің ауқымдылығы, кемшіліктерге төзгісі келмейтіндігі, тапсырмаларының нақтылығы көзге ұрып тұрды. Көп ұзамай-ақ ауданда тәртіп орныға бас­тады. Келесі, 1964 жылдың өзінде-ақ төл алу науқаны ойдағыдай өтіп, аудан мал басын өсіру, мал өнімдерін өндіруде әжептәуір табыстарға қол жеткізді. Егін шаруашылығында да ілгері басушылық байқалды. Аудандағы 30-35 мың гектар егістіктің 13-14 мың гектарына кү­ріш егілетін. Ол шілде айында шаруа­шылықтарды түгел аралап, әрбір күріш звеносындағы егістің шығымын, күтімін өз көзімен көріп шығатын және көрген кемшіліктерді жою жөнінде тапсырмалар беріп, олардың орындалуын қатаң бақылауында ұстайтын. Ауданда 1965-1975 жылдары шаруашылықтың басқа салалары да дамыды, әсіресе, құрылыс жұмыстары барынша қарқынды жүрді. Шағын аудан болса да бес жылжымалы мехколонна мен басқа да құрылыс ұйымдарында 1000-ға тарта адам еңбек ететін. Аудандағы орта мектеп­тер мен мәдениет сарайлары, т.б. ірілі-ұсақты мәдени-тұрмыстық, өндірістік нысандар сол жылдары салынды. Қай жерге барсаң да қайнап жатқан тіршіліктің үстінен түсетінсің. Осыған орай, Қонекең жылына бір рет облыстағы ірі құрылыс трестерінің, басқармалардың жетекшілерін аудан­дық партия комитетінің бюро мәжілісіне шақырып, өзіміздегі сол сала басшыларының есептерін тыңдайтын. Ауданға бағынбайтын, облыстық деңгейдегі беделді деген басшылардың өздері бюрода қысылып-қымтырылып отыратын және Қонекеңнің әрбір ұсынысы мен ескертуін тиянақты түрде жазып алып, мүлтіксіз орындауға тырысатын. Бірде Константин Маймин (салынып жатқан кәсіпорындар дирекциясының директоры), Виктор Александрович Гончаров (Риссовхозстрой тресінің басқарушысы) өздеріне қаратып айтылған байсалды сын-ескертпелерді мойындағаны есте қалыпты. Қайрулла ӘБЕНОВ, Шыңғыс АЙБОСЫНОВ

Дана халқымыз «Асыл туған адамның баға жетпес нарқы бар» деген нақылды бекер айтпаған. Өмір-өзенінің асау толқынымен алысып, қайсарлықпен өзінің бағытын айқындаған, адамгершілік соқпағынан табанын тайдырмаған, жиырма екі жыл үзбестен Тереңөзек (бүгінгі Сырдария ауданы) және Жалағаш аудандық партия комитеттерінің бірінші хатшысы болып қызмет атқарып, халқының нағыз қайраткер перзенті атанған Қонысбек Төрешұлы Қазантаевтың үстіміздегі жылы туғанына 90 жыл толып отыр.

Ол жайлы айтарымызды қазақтың ақиық ақыны Сырбай Мәуленовтің:

Сыр елінде болыс көп,

Мықтысы оның Қонысбек, – деп жырлаған өлең жолдарынан бастау алғанды жөн көріп отырмыз. Себеп 1962 жылы ақын Шиелі ауданында ел адамдарымен кездескен кезде Қо­нысбек Төрешұлы аудандық кеңес атқару комитетінің төрағасы болатын.

Енді азды-кем тарих беттерін парақтасақ. Өткен ғасырдың 60-жыл­дарының басында Қызылорда облысында күріш алқаптарын игеру ісі қолға алынды. Ирригациялық және мелиорациялық жұмыстарға қыруар қаржы бөлініп, жүздеген мың гектар жерлер инженерлік жүйеге келтірілді, шаруашылық орталықтары салынып, жаңа инфрақұрылымдар іске қосыла бастады. Облыс экономикасындағы осынау бетбұрысты кезеңде әлеу­меттік-мәдени сала да қарқынды да­мыды. 1963 жылдың қаңтарында облыстық партия комитетінің бі­рін­ші хатшылығына Мұстахим Бі­ләлұлы Ықсанов сайланды. Ол кісі республикадағы білікті де беделді су шаруашылығы мамандарының бірі болатын, оның облысқа келуі жан-жақты ойластырылған іс болуы керек. Өйткені, облыста жүзеге асырыла бастаған түбегейлі шараларға басшылық жасау үшін шаруаның жайын жетік білетін маман, жігерлі де іскер басшы қажет еді. Мұстахим Біләлұлы біршама уақыт өткен соң аудан басшыларын ауыстыра бастады. Сөйтіп, 1963 жылдың күзінде Сырдария өндірістік басқармасы партия комитетінің хатшысы болып Қонысбек Қазантаев сайланды. Ол кезде бұл аудан экономикасы нашар дамыған, халықтың әл-ауқат дәрежесі төмен өңірлердің бірі болатын. Жаңа хатшының аудан активімен алғашқы өткізген кеңесінде-ақ оның кадрларға қоятын талабының биіктігі, кез келген мәселені терең талдай білетіні, ой-өрісі мен ойлау қабілетінің ауқымдылығы, кемшіліктерге төзгісі келмейтіндігі, тапсырмаларының нақтылығы көзге ұрып тұрды. Көп ұзамай-ақ ауданда тәртіп орныға бас­тады. Келесі, 1964 жылдың өзінде-ақ төл алу науқаны ойдағыдай өтіп, аудан мал басын өсіру, мал өнімдерін өндіруде әжептәуір табыстарға қол жеткізді. Егін шаруашылығында да ілгері басушылық байқалды.

Аудандағы 30-35 мың гектар егістіктің 13-14 мың гектарына кү­ріш егілетін. Ол шілде айында шаруа­шылықтарды түгел аралап, әрбір күріш звеносындағы егістің шығымын, күтімін өз көзімен көріп шығатын және көрген кемшіліктерді жою жөнінде тапсырмалар беріп, олардың орындалуын қатаң бақылауында ұстайтын.

Ауданда 1965-1975 жылдары шаруашылықтың басқа салалары да дамыды, әсіресе, құрылыс жұмыстары барынша қарқынды жүрді. Шағын аудан болса да бес жылжымалы мехколонна мен басқа да құрылыс ұйымдарында 1000-ға тарта адам еңбек ететін. Аудандағы орта мектеп­тер мен мәдениет сарайлары, т.б. ірілі-ұсақты мәдени-тұрмыстық, өндірістік нысандар сол жылдары салынды. Қай жерге барсаң да қайнап жатқан тіршіліктің үстінен түсетінсің. Осыған орай, Қонекең жылына бір рет облыстағы ірі құрылыс трестерінің, басқармалардың жетекшілерін аудан­дық партия комитетінің бюро мәжілісіне шақырып, өзіміздегі сол сала басшыларының есептерін тыңдайтын. Ауданға бағынбайтын, облыстық деңгейдегі беделді деген басшылардың өздері бюрода қысылып-қымтырылып отыратын және Қонекеңнің әрбір ұсынысы мен ескертуін тиянақты түрде жазып алып, мүлтіксіз орындауға тырысатын. Бірде Константин Маймин (салынып жатқан кәсіпорындар дирекциясының директоры), Виктор Александрович Гончаров (Риссовхозстрой тресінің басқарушысы) өздеріне қаратып айтылған байсалды сын-ескертпелерді мойындағаны есте қалыпты.

Қайрулла ӘБЕНОВ,

Шыңғыс АЙБОСЫНОВ

Бөлісу: