ІІ БӨЛІМ

17 Қараша 2013, 05:18

Пойыз орнынан мимырт қозғалғанда жетпістегі Оқап балаша қуанды. «Ауылға шынымен бет алғаным ба? Көк шөптің иісін иіскегенім бе? Көк құрақты көргенім бе? Бір тіп-тік қызыл жыңғыл табылар қайдан болса да». Қаланың дүкенінен қармақ алғысы келді де, ол төрт бүктеп сөмкеге салғасын сабы бүктелген қармақ болмай ма деп, жарты жолдан кері қайтты. «Сабы бүктелген қармаққа балық түспейді. Бала күнімізде қызыл жың­ғылға жилка-жіп байлап-ақ қатыратынбыз». Ол тағы да күлімсіреді. Шортан түссе көңілдері қоңылтақсып, жылан-балық түссе жерге ызамен қайта-қайта ұрып, тастап кететін. Жылан-балық тіріліп кетіп, жылжып-жылжып кеп адамды шағады екен деген күдік бала көңілдің ұшында тұрса, мөлт-мөлт еткен таза көңіл тамшылап тек сазанды іздейтінін ойлап миығы тартты. «Сазанда қылтық болмайды, балықты жердің балдары бұны біледі», дегенмен, сол балықты жерге бармағанына қанша заман болды. Алған айлығы ішіп-жемнен артылып, әйелі екеуі Ыстықкөл мен Алакөлге барып суға жүзгеніне мәз. «Ағайын да мені ұмыт­қан шығар, – деп қара кеспе киген кем­пірді көз алдына әрең елестетті. – Аталас ағамның әйелі. Соның үйіне барып жатамын. Кәмпит-сәмпит те алмадым. Кілең бір шетелдің шоколады. Олар мәмпәси, сосын аты не еді, анау іші былжырақ домалақ кәмпитті ұнатушы еді. «Өзің алып же» деп ақша ұстатам. Жамбас пұлымды төлеймін», деп қала адамының мінез-құлқына сап қабағы түйілді. Кеше әлгі басқарма бастығы әйел арызын оқып, кекеткендей болды. – Үйренген ісің ғой, істей бермейсің бе? – Өзің шыңына шыққан кәсібің ғой деп неге айтпайсың, – деп бұл шаңқ ете қалды. – Оқап Әспетович, бұрын мұндай емес едіңіз? – деп көздері кіртиіп қиыла қарады. Күш көрсетсең кішірейе қалу – әдеті. – Мен жет­піс­темін ғой. Ең болмаса, жөндеп сөйлес­пейсің бе? – Оқап Әспетович, өзіңізді сән-салтанатпен шығарып саламыз. Сіз еңбек сіңірген адамсыз ғой…Біз Алматыда қатар өмір сүріп келе жатқан жоқпыз ба?… – Жоқ, қазір Алматы да, адам да өзгерген, – деп ауыр бұрылып шыға бергенде бойы көк тіреп, сәл еңкіш тартқан төртпақ тұлғалы шал­дың жон арқасына сескене қараған көкбет әйел сәл қылымсып: «Вот, матрос!» – деді… Төрт адамдық купе өзіне тарлық еткендей. Үстінде жатқан үріп ауызға салғандай жап-жас қызға: – Қарағым, астыңғы орынға түскің келе ме? – деді. – Неге, ағай, сіз үшін асты удобно емес пе? – деді ол қазақшаны тілі бұралып әрең сөйлеп. – Жоқ, мен жоғарыны ұнатып тұрмын. – Проблем нет, – деп қамдана бастады. Оқап жол бойы оңтүстіктің қызыл жың­ғылы мен ақ сексеуілін көргенде жан сарайы желкілдеп, етпеттеп жатқан күйі бір рахат әлемге сүңгіді. «Неге ат ізін салмай кеттім ауылға? Ыстық­көл мен Алакөлде лыпа киіп жүргеніме мәзбін. Ауылдың Сасықкөліне жетер ме екен соларың. Жел өтіндегі ауылдан қашып… «Ғарыш айлағы зиян, оның үстіне уран шығып жатыр», деп марқұм әйелім-ақ бастырмады. Зиянсыз жерде жүріп-ақ өмірден өтіп кеттің ғой, жарықтығым. Бәрі өзімнен. Мен сонда тудым. Аты Сасықкөл болғанмен, Алматының үйлерінен таза», деп өзін-өзі айыптады. Жетпіске келгенде ақыл кіріп… Мен сияқтылардың немере-шөбересі бар. Ал тұяғым Калифорнияның көсегесін кө­гертіп жүр. Сол жақтың көк шөбімен мауқын басып жүрген шығар». Қызыл жыңғыл мен ақ сексеуілді, аракідік сұңғақ бойлы сұлу қа­йыңды көріп қалған Оқап көкпеңбек боп тұнып тұрған миқы құрақты аңсады. «Шіркін, бырт-бырт еткізіп бала күнімдегідей орақты бір салсам ғой. Жеңгем Бибайшаның бір қыстық мал азығына көмектессем», деп етбеттеп жатып ап езу тартты. – Аға, шәй ішпейсіз бе? – деді орнын ауыс­тырған қыз жоғарыға мойнын созып. Тұла бойы шым ете қалды. Мұндай мәйім сөзді естімегелі қай заман. «Мен саған аға емес, әкемін», дегісі келді де, іркіліп қалды. Осыған да шүкір. Жүр ғой есіктің алдында: «Дядя, привет!» деп. Жүр ғой Калифорнияда ағылшынша амандасып». – Қазір, айналайын! – деп оқыс басын көте­ріп, жерге түсті. Қимылы ебедейсіз. – Қазір қолымды шайып келейін. Пойыздың әжетханасына кірді. Үңірейген унитаз тағы да алдынан шықты. «Сенен құты­латын күн де жақын. Сенің кем-кетігіңді түген­деп, бұзылған жеріңді жөндеуден біржола кеттім. Енді сені өмірі көрмеспін», деп жазық даланың кең қолтығына кіргендей боп теріс айналды. Жылы суға алақанын тосты. Үңірейген ұраға жон арқасын беріп, дәлізге шықты. Қазір қаракөз қыздың шәйін ішеді. Пойыздан түс­кесін кең даланың құшағына көміледі. Адамға не керектің бәрі осы далиған даланың құ­шағынан табылады, далиған дала адамның табанын иіскеп, қызмет қылуға дайын тұр. Тек өзіміз оны шұқыр ғып қазып, шүңірейтіп тас­тап кетіп жүрген». Адам шау тартқанда бәрін аңсайды екен. Табиғат құшағында қалған бала күнгі әрекет­терін еске алған жетпістегі Оқап сондай асы­ғулы. Түсінде кілең Ай көреді. Ай Аспанда, өзі жерде. Қасиетті Ай ымдап өзіне шақырып тұрғандай. Қазір дүрсілдеген пойыздың үстінде келе жатқан жолаушы. Жолдың да ақыры бар. Ақырына жеткен жолаушы түсіп қалады. Ол не де болса жол бітсе екен деп тіледі. Көк шөпті иіскеп, Қызылдың құмына табаны тигенше жаны төзбей дызақтап, жер-жаһанға сыймай отырған жайы бар.

Пойыз орнынан мимырт қозғалғанда жетпістегі Оқап балаша қуанды. «Ауылға шынымен бет алғаным ба? Көк шөптің иісін иіскегенім бе? Көк құрақты көргенім бе? Бір тіп-тік қызыл жыңғыл табылар қайдан болса да». Қаланың дүкенінен қармақ алғысы келді де, ол төрт бүктеп сөмкеге салғасын сабы бүктелген қармақ болмай ма деп, жарты жолдан кері қайтты. «Сабы бүктелген қармаққа балық түспейді. Бала күнімізде қызыл жың­ғылға жилка-жіп байлап-ақ қатыратынбыз». Ол тағы да күлімсіреді. Шортан түссе көңілдері қоңылтақсып, жылан-балық түссе жерге ызамен қайта-қайта ұрып, тастап кететін. Жылан-балық тіріліп кетіп, жылжып-жылжып кеп адамды шағады екен деген күдік бала көңілдің ұшында тұрса, мөлт-мөлт еткен таза көңіл тамшылап тек сазанды іздейтінін ойлап миығы тартты. «Сазанда қылтық болмайды, балықты жердің балдары бұны біледі», дегенмен, сол балықты жерге бармағанына қанша заман болды. Алған айлығы ішіп-жемнен артылып, әйелі екеуі Ыстықкөл мен Алакөлге барып суға жүзгеніне мәз. «Ағайын да мені ұмыт­қан шығар, – деп қара кеспе киген кем­пірді көз алдына әрең елестетті. – Аталас ағамның әйелі. Соның үйіне барып жатамын. Кәмпит-сәмпит те алмадым. Кілең бір шетелдің шоколады. Олар мәмпәси, сосын аты не еді, анау іші былжырақ домалақ кәмпитті ұнатушы еді. «Өзің алып же» деп ақша ұстатам. Жамбас пұлымды төлеймін», деп қала адамының мінез-құлқына сап қабағы түйілді.
Кеше әлгі басқарма бастығы әйел арызын оқып, кекеткендей болды.
– Үйренген ісің ғой, істей бермейсің бе?
– Өзің шыңына шыққан кәсібің ғой деп неге айтпайсың, – деп бұл шаңқ ете қалды.
– Оқап Әспетович, бұрын мұндай емес едіңіз? – деп көздері кіртиіп қиыла қарады. Күш көрсетсең кішірейе қалу – әдеті.
– Мен жет­піс­темін ғой. Ең болмаса, жөндеп сөйлес­пейсің бе?
– Оқап Әспетович, өзіңізді сән-салтанатпен шығарып саламыз. Сіз еңбек сіңірген адамсыз ғой…Біз Алматыда қатар өмір сүріп келе жатқан жоқпыз ба?…
– Жоқ, қазір Алматы да, адам да өзгерген, – деп ауыр бұрылып шыға бергенде бойы көк тіреп, сәл еңкіш тартқан төртпақ тұлғалы шал­дың жон арқасына сескене қараған көкбет әйел сәл қылымсып: «Вот, матрос!» – деді…
Төрт адамдық купе өзіне тарлық еткендей. Үстінде жатқан үріп ауызға салғандай жап-жас қызға:
– Қарағым, астыңғы орынға түскің келе ме? – деді.
– Неге, ағай, сіз үшін асты удобно емес пе? – деді ол қазақшаны тілі бұралып әрең сөйлеп.
– Жоқ, мен жоғарыны ұнатып тұрмын.
– Проблем нет, – деп қамдана бастады.
Оқап жол бойы оңтүстіктің қызыл жың­ғылы мен ақ сексеуілін көргенде жан сарайы желкілдеп, етпеттеп жатқан күйі бір рахат әлемге сүңгіді.
«Неге ат ізін салмай кеттім ауылға? Ыстық­көл мен Алакөлде лыпа киіп жүргеніме мәзбін. Ауылдың Сасықкөліне жетер ме екен соларың. Жел өтіндегі ауылдан қашып… «Ғарыш айлағы зиян, оның үстіне уран шығып жатыр», деп марқұм әйелім-ақ бастырмады. Зиянсыз жерде жүріп-ақ өмірден өтіп кеттің ғой, жарықтығым. Бәрі өзімнен. Мен сонда тудым. Аты Сасықкөл болғанмен, Алматының үйлерінен таза», деп өзін-өзі айыптады. Жетпіске келгенде ақыл кіріп… Мен сияқтылардың немере-шөбересі бар. Ал тұяғым Калифорнияның көсегесін кө­гертіп жүр. Сол жақтың көк шөбімен мауқын басып жүрген шығар». Қызыл жыңғыл мен ақ сексеуілді, аракідік сұңғақ бойлы сұлу қа­йыңды көріп қалған Оқап көкпеңбек боп тұнып тұрған миқы құрақты аңсады. «Шіркін, бырт-бырт еткізіп бала күнімдегідей орақты бір салсам ғой. Жеңгем Бибайшаның бір қыстық мал азығына көмектессем», деп етбеттеп жатып ап езу тартты.
– Аға, шәй ішпейсіз бе? – деді орнын ауыс­тырған қыз жоғарыға мойнын созып. Тұла бойы шым ете қалды. Мұндай мәйім сөзді естімегелі қай заман. «Мен саған аға емес, әкемін», дегісі келді де, іркіліп қалды. Осыған да шүкір. Жүр ғой есіктің алдында: «Дядя, привет!» деп. Жүр ғой Калифорнияда ағылшынша амандасып».
– Қазір, айналайын! – деп оқыс басын көте­ріп, жерге түсті. Қимылы ебедейсіз. – Қазір қолымды шайып келейін.
Пойыздың әжетханасына кірді. Үңірейген унитаз тағы да алдынан шықты. «Сенен құты­латын күн де жақын. Сенің кем-кетігіңді түген­деп, бұзылған жеріңді жөндеуден біржола кеттім. Енді сені өмірі көрмеспін», деп жазық даланың кең қолтығына кіргендей боп теріс айналды. Жылы суға алақанын тосты. Үңірейген ұраға жон арқасын беріп, дәлізге шықты. Қазір қаракөз қыздың шәйін ішеді. Пойыздан түс­кесін кең даланың құшағына көміледі. Адамға не керектің бәрі осы далиған даланың құ­шағынан табылады, далиған дала адамның табанын иіскеп, қызмет қылуға дайын тұр. Тек өзіміз оны шұқыр ғып қазып, шүңірейтіп тас­тап кетіп жүрген».
Адам шау тартқанда бәрін аңсайды екен. Табиғат құшағында қалған бала күнгі әрекет­терін еске алған жетпістегі Оқап сондай асы­ғулы. Түсінде кілең Ай көреді. Ай Аспанда, өзі жерде. Қасиетті Ай ымдап өзіне шақырып тұрғандай. Қазір дүрсілдеген пойыздың үстінде келе жатқан жолаушы. Жолдың да ақыры бар. Ақырына жеткен жолаушы түсіп қалады. Ол не де болса жол бітсе екен деп тіледі. Көк шөпті иіскеп, Қызылдың құмына табаны тигенше жаны төзбей дызақтап, жер-жаһанға сыймай отырған жайы бар.

Бөлісу: