Қазақтың қайраткер қызы

14 Қараша 2013, 09:16

Қазақ өнері хақында сөз сөйлеп, әсіресе, «Біржан-Сара» айтысының тарихын қозғаған Нұрғали Құлжа­нов ойлары да көптің көкейінен шыққан. Құлжанов мырза айтыс төңірегіндегі түйінді толғамдарын кө­рер­менге лайықты түсіндіріп, Біржан сал-семинария шәкірті Жүсіпбек Аймауытов пен Сара қыз – Тұрар Қозыба­ғарова (Семейдегі банк қызмет­кері Ахметжан Қозыба­ғаровтың жұбайы) ханымды таныстырып өтті. Кешке жа­ңа орындаушылар, әсіресе, талапты жастар көптеп тар­тылған. Жүсіпбек Аймауытов пен Қаныш Сәтбаев Семей оқытушылар семинария­сының шәкірттері, Тайыр Жомартбаев пен Мұстақым Малдыбаев, медресе тәмам­даған, оқыған азаматтар, ұстаз, ақын, журналистер, Абай­­дың жанында жүре­тін, заманындағы белгілі скрипкашы Мұқа Әділ­ханұлы ойынның әсерлі шығуына, жұрт­­шылық жүрегіне ұялауына тер төккен өнерпаз жандар. Ойынның соңын ала басына қалқан ұстанған, үстіне оқ өтпейтін темір сауыт киінген, қару-жарақ­тарын асын­ған ерте замандардағы батыр көрінгенде таңданыста шек болмаған. «Онан соң Орал, Торғай, Жетісу, Семей облыс­тарының жас келіншектері өз киімдерімен көрсе­тілді. Ең ақырында қыз-келіншек, бозбала айнала отырып өлең айтысып, әдебиет кеші осымен сағат 12 жарымда тарқады» – деп жазды Міржақып Дулатов. 1917 жылғы ақпан және қазан айларындағы төң­керістердің қазақ қоғамын орап өткен жоқ. Қатар­дағы көптің бірі емес зиялы қауым санатындағы Құлжановтар отбасы бұл ұлы дүрбелең өзгерістерден тыс қалған жоқ. Нәзипа Сегізбайқызы оқытушылық қызметін атқарса, Нұрғали Құлжанов өз сенім-нанымымен күреске араласып, ақырында қайғылы қазаға ұшырады. 1920 жылы Семейден Ақмолаға ауысқан. Н.Құл­жанова уездік партия комитетінде жауапты қызмет атқарады. Ал 1922 жылы Қазақ АССР Халық комиссарлары кеңесінің төрағасы және «Еңбекші қазақ» газетінің редакторы Сәкен Сейфуллиннің арнайы шақыртуымен газетке қызметке орналасып, редакция алқасы мүшелігіне сайланады. Сәкен Сейфуллин 1923 жылы жазған «Самұрық» өлеңін «Қазақстан әуе кемесіне жәрдем жинаушы бірінші қазақ әйелдері комитетінің бастығы Нәзипаға тартам» деген ескертпемен жариялапты. Нәзипа Құлжанова 1923-1925 жылдары «Қызыл Қазақстан» (қазіргі «Ақиқат») журналында, 1925-1929 жылдары «Әйел теңдігі» («Қазақстан әйел­дері») журналында жауапты хатшы қызметтерін ат­қар­ған. Сөйтіп, қазақ баспасөзі қызметкерлерінің бірнеше буынын тәрбиелеуге үлес қосқан. Алайда, 1929 жылы денсау­лығының нашарлауына байланысты мәдени, ағарту­шылық жұмыстармен жүйелі шұ­ғылдана алмаған. Бала кезінде Семей қаласында Құлжановтардың үйінде тұрып оқыған, қазір арамызда жоқ, қазақтың үлкен жазушысы Сапарғали Бегалин «Замана белес­тері» деп аталатын естелік кітабында олар туралы ерекше ілтипатпен жазған: «Сонан кейін әкем де ол кісілердің аты-жөнін сұрады. – Менің атым – Нәзипа, фамилиям – Құлжанова. Ал жолдасымның аты – Нұрғали Құлжанов. Ол кісі школда сабақ береді. Бұл школды оқытушылар дайындайтын учительская семинария дейді. Мен өзім денсаулығым аз, қызмет істемеймін. Және кішкене баламыз бар деп арғы үйде Нәзипаның шешесі көтеріп жүрген кішкене баласын көрсетті. Сонымен әкемнің танысуы аяқталды». Осы еңбекте жазыл­ғанындай, бұл үйде тұрған жылдар – сауат ашу, орыс тіліне үйрену, қала мәдениетін меңгеру жағынан С.Бегалин үшін арнайы мектептен де маңызды болған. Ерлі-зайыпты Құлжановтардан ұрпақ қалды ма дегенге келсек, ертеректе келтірілген өмірбаяндық деректерде 1915 жылы туған ұл балалары бар екендігі көрсетілген. Оны жазушы С.Бегалиннің «Замана белестері» мемуарлық романындағы фактілер де растайды. Олар көптен күткен тұңғыш перзент­тері Әулеттің дүниеге келуін зор қуанышпен қарсы алған. Ертіс жағасына, аралға апарып серуендетіп, қылықтарын қызықтауға тоймаған. Өкінішке қарай, қуаныштары ұзаққа созылмаған. Н.Құлжанова артына мол мұра қалдырды. Газет-журналдардағы көптеген очерк, мақалалары бір төбе десек, «Мектептен бұрынғы тәрбие» (Орынбор, 1923), «Ана мен бала тәрбиесі» (Қызылорда, 1927) кітаптары жарық көрді. Сондай-ақ, ол көптеген авторлардың еңбектерін қазақшаға аударды. Олардың қатарында Б.Лавреневтің «Қырық бірінші» (1928), А.Куприннің «Лапылдап жанған крейсері» (1927), А.Скиталецтің «Дала соты» (1923), В.Короленконың «Күн тұтылғандағысы» (1923) бар. Сонымен, сөзімізді түйіндесек Нәзипа Сегізбай­қызы Құлжанова көп қырлы талант деуге әбден лайық. Ол – ұстаз, ағартушы, қайраткер, журналист, жазушы, аудармашы. Ол – қазақ мәдениеті тарихынан өз орнын ойып алуға тиіс ірі тұлға.   Гүлжан КӘРІБЖАНОВА

Қазақ өнері хақында сөз сөйлеп, әсіресе, «Біржан-Сара» айтысының тарихын қозғаған Нұрғали Құлжа­нов ойлары да көптің көкейінен шыққан. Құлжанов мырза айтыс төңірегіндегі түйінді толғамдарын кө­рер­менге лайықты түсіндіріп, Біржан сал-семинария шәкірті Жүсіпбек Аймауытов пен Сара қыз – Тұрар Қозыба­ғарова (Семейдегі банк қызмет­кері Ахметжан Қозыба­ғаровтың жұбайы) ханымды таныстырып өтті. Кешке жа­ңа орындаушылар, әсіресе, талапты жастар көптеп тар­тылған. Жүсіпбек Аймауытов пен Қаныш Сәтбаев Семей оқытушылар семинария­сының шәкірттері, Тайыр Жомартбаев пен Мұстақым Малдыбаев, медресе тәмам­даған, оқыған азаматтар, ұстаз, ақын, журналистер, Абай­­дың жанында жүре­тін, заманындағы белгілі скрипкашы Мұқа Әділ­ханұлы ойынның әсерлі шығуына, жұрт­­шылық жүрегіне ұялауына тер төккен өнерпаз жандар.
Ойынның соңын ала басына қалқан ұстанған, үстіне оқ өтпейтін темір сауыт киінген, қару-жарақ­тарын асын­ған ерте замандардағы батыр көрінгенде таңданыста шек болмаған. «Онан соң Орал, Торғай, Жетісу, Семей облыс­тарының жас келіншектері өз киімдерімен көрсе­тілді. Ең ақырында қыз-келіншек, бозбала айнала отырып өлең айтысып, әдебиет кеші осымен сағат 12 жарымда тарқады» – деп жазды Міржақып Дулатов.
1917 жылғы ақпан және қазан айларындағы төң­керістердің қазақ қоғамын орап өткен жоқ. Қатар­дағы көптің бірі емес зиялы қауым санатындағы Құлжановтар отбасы бұл ұлы дүрбелең өзгерістерден тыс қалған жоқ. Нәзипа Сегізбайқызы оқытушылық қызметін атқарса, Нұрғали Құлжанов өз сенім-нанымымен күреске араласып, ақырында қайғылы қазаға ұшырады.
1920 жылы Семейден Ақмолаға ауысқан. Н.Құл­жанова уездік партия комитетінде жауапты қызмет атқарады. Ал 1922 жылы Қазақ АССР Халық комиссарлары кеңесінің төрағасы және «Еңбекші қазақ» газетінің редакторы Сәкен Сейфуллиннің арнайы шақыртуымен газетке қызметке орналасып, редакция алқасы мүшелігіне сайланады. Сәкен Сейфуллин 1923 жылы жазған «Самұрық» өлеңін «Қазақстан әуе кемесіне жәрдем жинаушы бірінші қазақ әйелдері комитетінің бастығы Нәзипаға тартам» деген ескертпемен жариялапты.
Нәзипа Құлжанова 1923-1925 жылдары «Қызыл Қазақстан» (қазіргі «Ақиқат») журналында, 1925-1929 жылдары «Әйел теңдігі» («Қазақстан әйел­дері») журналында жауапты хатшы қызметтерін ат­қар­ған. Сөйтіп, қазақ баспасөзі қызметкерлерінің бірнеше буынын тәрбиелеуге үлес қосқан. Алайда, 1929 жылы денсау­лығының нашарлауына байланысты мәдени, ағарту­шылық жұмыстармен жүйелі шұ­ғылдана алмаған.
Бала кезінде Семей қаласында Құлжановтардың үйінде тұрып оқыған, қазір арамызда жоқ, қазақтың үлкен жазушысы Сапарғали Бегалин «Замана белес­тері» деп аталатын естелік кітабында олар туралы ерекше ілтипатпен жазған: «Сонан кейін әкем де ол кісілердің аты-жөнін сұрады.
– Менің атым – Нәзипа, фамилиям – Құлжанова. Ал жолдасымның аты – Нұрғали Құлжанов. Ол кісі школда сабақ береді. Бұл школды оқытушылар дайындайтын учительская семинария дейді. Мен өзім денсаулығым аз, қызмет істемеймін. Және кішкене баламыз бар деп арғы үйде Нәзипаның шешесі көтеріп жүрген кішкене баласын көрсетті. Сонымен әкемнің танысуы аяқталды». Осы еңбекте жазыл­ғанындай, бұл үйде тұрған жылдар – сауат ашу, орыс тіліне үйрену, қала мәдениетін меңгеру жағынан С.Бегалин үшін арнайы мектептен де маңызды болған.
Ерлі-зайыпты Құлжановтардан ұрпақ қалды ма дегенге келсек, ертеректе келтірілген өмірбаяндық деректерде 1915 жылы туған ұл балалары бар екендігі көрсетілген. Оны жазушы С.Бегалиннің «Замана белестері» мемуарлық романындағы фактілер де растайды. Олар көптен күткен тұңғыш перзент­тері Әулеттің дүниеге келуін зор қуанышпен қарсы алған. Ертіс жағасына, аралға апарып серуендетіп, қылықтарын қызықтауға тоймаған. Өкінішке қарай, қуаныштары ұзаққа созылмаған.
Н.Құлжанова артына мол мұра қалдырды. Газет-журналдардағы көптеген очерк, мақалалары бір төбе десек, «Мектептен бұрынғы тәрбие» (Орынбор, 1923), «Ана мен бала тәрбиесі» (Қызылорда, 1927) кітаптары жарық көрді. Сондай-ақ, ол көптеген авторлардың еңбектерін қазақшаға аударды. Олардың қатарында Б.Лавреневтің «Қырық бірінші» (1928), А.Куприннің «Лапылдап жанған крейсері» (1927), А.Скиталецтің «Дала соты» (1923), В.Короленконың «Күн тұтылғандағысы» (1923) бар.
Сонымен, сөзімізді түйіндесек Нәзипа Сегізбай­қызы Құлжанова көп қырлы талант деуге әбден лайық. Ол – ұстаз, ағартушы, қайраткер, журналист, жазушы, аудармашы. Ол – қазақ мәдениеті тарихынан өз орнын ойып алуға тиіс ірі тұлға.
 

Гүлжан КӘРІБЖАНОВА

Бөлісу: