Серікбай Бейсембаев

14 Қараша 2013, 09:03

Академик Серікбай Бейсембаев – Қазақстан тарих ғылымының дамуына зор үлес қосқан тұлға. Негізін әріде М.Х.Дулати, Қадырғали би Қосымұлы, беріде Шоқан, Абай, Шәкәрім, Әлихан Бөкейханов қалаған отандық тарих ғылымы өзінің нағыз кеме­ліне Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдары келді. Бұл үде­ріске со­ғыс­тың алғашқы айларында Қазақстанға көшірілген Мәскеу ғалымдары А.­­М.Панкратова, Н.М.Дружинин, М.П.Ким және тағы басқалардың сіңірген еңбегі зор екенін атап өткеніміз жөн. Олардың белсенді ізденісі нәти­жесінде 1943 жылы алғаш рет академиялық басылым – «Қа­зақ ССР тарихы» жарық көрді. Та­рих­шы-ғалымдардың жетіс­тік­тері 1945 жылы Ш.Уәлиханов атындағы Тарих, археология жә­не этнография институтының ашылуына септігін тигізді. Болашақ академик Серікбай Бейсембайұлы Бейсембаев майданнан аман-есен оралған соң тарих ғылымы саласына ат басын тіреді. Қазіргі өлшем бойынша қарасақ, С.Бейсембаевтың зерт­теуші ретінде қалыптасуы тым кеш басталып, ғылымға кез­дей­соқ келген сияқты көрінетіні рас. Біріншіден, тарих маман­ды­ғы бойынша оның жоғары білімі туралы дипломы да жоқ еді. Харьков сауда институ­тының түлегі (1936 ж.) болған­дықтан өмірінің 20 жылын Партия тарихы инс­титутының басшылы­ғында өткі­зетінін өзі де елестете алмаған шығар. Екіншіден, тарих ғы­лым­­дарының кандидаты атағын 40-қа толғанда ғана алды. Бү­гінде 40 жасында ғылым кандидаты болғандарды бола­шағынан үміт күттіретін ға­лымдар есе­біне жатқызбайты­нымыз құпия емес. Үшіншіден, іргелі ғылым­мен айналысуын 45 жасында, оның өзінде КОКП ОК жанын­дағы Марксизм-ленинизм инс­титутының қазақстандық филиалы – Партия тарихы институ­тының директоры қызметіне тағайындалған соң бастады. Бірақ, табиғи талантының, зерттеушілік дарынының ерте ме, кеш пе жарқ етіп шығатыны айдай анық еді. Соғысқа дейінгі жылдардың өзінде ол білікті дәріс­кер, үгітші және педагог ре­тінде көзге түсті: 1938 жылы Алматыдағы үгітшілердің ком­со­молдық мектебінің директоры қызметіне тағайындалса, 1940 жылы Минск қаласындағы ерекше әскери округтің әскери-саяси училищесіне партия тарихының оқытушысы жолдамасымен жіберілген еді. Бір жылдан кейін Ұлы Отан соғысы басталды. Ақ финдермен соғысқа қатысқан Серікбай Бейсембайұлы қолына қару алып, Сталинградтан Виль­нюсқа дейін жетті, 1944 жылы ауыр жарақаттанды. Әскери офи­цердің ерен ерлігі «Қызыл жұлдыз», «Отан соғысы» орден­дерімен және де көптеген медальдармен бағаланды. Ғылыми жұмысқа жегілуі 1946 жылы басталды. Алғаш­қыда Алматы партия мектебі директорының орынбасары қыз­метін атқарса, 1948-1951 жылдары КОКП ОК жанындағы Қо­ғамдық ғылымдар ака­де­мия­сының аспирантурасында оқы­­ды. 1952 жылдан 1957 жылға дейін ҚазМУ проректоры, Қазақстан Компартиясы ОК ғылым жә­не мә­де­ниет бө­лі­мі­нің меңгерушісі тә­різді жауапты қыз­мет­терді атқарды. Сөз­дің реті келгенде айтар болсақ, С.Бейсембаев – екі соғысқа қа­тысып, Қазақстан Компартиясы ОК  ғы­лым және мәдениет бөлімін екі рет (1952-1957 және 1960-1963 жж.) басқарып, сонша рет Партия тарихы институ­ты­ның директоры (1957-1960, 1964-1980 жж.) қыз­метін атқар­ған тұлға. Ғылымнан алыстау басшы­лық қызметтеріне қарамастан Серік­бай Бейсембайұлы шығар­ма­шылық өсу мақсатынан ешқа­шан қол үзбеген еді, ғылыми және публицистикалық мақала­лар жазды, С.Мұқановтың «Сырдария» романын орысшаға аударды, кі­тапханалар мен мұра­ғат­тардағы ізденістерін жалғас­тырды. С.Бейсембаевтың зерттеуші және ғылымды ұйымдастырушы ретіндегі таланты КОКП ОК жанындағы Марксизм-ленинизм институтының қазақстан­дық фи­­лиалын басқарған кезінде жар­қырай көрінді. Бұған елдегі қоғамдық-саяси жағдай да өз әсерін тигізді: жеке басқа табынушылықты сынау мен хрущевтік жылымық жа­зықсыз жазаланып, қуғындалған ақын-жазушылардың шығар­ма­шы­лық мұраларының қайта оралуына, Е.Бекмахановқа қатысты әділеттіліктің қалпына келтірі­луіне жағдай жасады; Ә.Мар­ғұланның жетекшілігімен Ш.Уәлиханов еңбектерін кешенді зерттеу мен баспаға дайындау басталды; Қазақстанның оңтүс­тігінен археолог Х.Алпысбаев алғаш рет тас дәуірінің ескерт­кіштерін тапты; ұлт мақтаныш­тары – М.Әуезов пен Қ.Сәтбаев Лениндік сыйлықтың лауреаты атанды. Жаңа директор өзінің білімі мен тәжірибесіне арқа сүйей оты­рып, ғалымдардың күш-қуа­тын біріктіре, ұжымды көлемді де кешенді ғылыми еңбектер жазуға бағыттай алды. Бұл мақ­саттарға жету үшін өз ісін біле­тін, талантты мамандардың басын қосу және зерттеудің дерек­тік базасын кеңейту керек болды. Қысқа мерзім ішінде екі міндет те тамаша орындалды. Дәл сол 50-жылдары ол әлі ешкімге таныс емес Қостанай пединститутының оқытушысы Манаш Қозыбаевты институтқа жұмысқа шақырған еді. Марксизм-ленинизм инсти­ту­тының қазақстандық филиалы қабырғасында ірі мамандар – П.М.Пахмурный, А.­Ғ.Сармурзин, А.А.Байшин, З.А.Голикова, А.А.Игенбаев және т.б. өсіп шық­ты. Жиырма жылдан соң республиканың ғылыми қауымы академиктің 70 жылдығын атап өтіп жатқанда «Казахстанская правда» газеті белгілі мәдениет зерттеушісі Р.Сүлейменовтің мақаласын жариялады. «Ғалым­ның сіңірген еңбегі» деп аталатын бұл мақалада: «С.Бейсембаев тынымсыз, еңбекқор зерттеу­шілерді дөп басып, анықтай алатын қасиетке ие. Бір айта кететінім, жанының жайсаңды­ғымен, педагогикалық ұстамды­лығымен, білімімен және тәжі­рибесімен қазіргі кезде докторлар мен ғылым кандидаты болып табылатындарды, оннан астам жас ғалымдарды қанаттан­ды­рып, тәрбиеледі», деген жолдар бар. Академикті жақсы білетін және оның әкелік қамқорлығын көрген Рамазан Бимашұлының жүректен шыққан сөзі директор мен оның шығармашылық ұжы­мының әлеуметтік-кәсіби өсу механизмінің құпияларын, мәні мен мазмұнын ашады. Әкім­шілік өктемдікпен, жекірумен емес, керісінше, мамандарға деген ұстамды және қамқор қатынастар оларды пікірлестер ретінде топтастырды. Дүниетанымының кеңдігі, ғылыми ізденістерінің жан-жақ­тылығы, ауқымды фактілер мен материалдарды қорыта білетін­дігі оның халықаралық конференциялар мен симпозиум­дар­дағы баяндамаларынан ерекше айқын байқалады. Ғылыми пайымы, өмірлік ұстанымы және әлеуметтік-кәсіби тәжірибесі бо­йынша С.Бейсембаев нағыз патриот және шынайы интернационалист еді. Оның бойындағы патриотизм мен интерна­цио­налистік қасиеттердің ажыра­мас­тығына бұлтартпас дәлел – институт қызметкерлері дайын­даған «Ұлы достықтың жемісі», «Ұлы достықпен қуаттымыз» кітаптары. Оларда біздің респуб­ликамыздың мемлекеттік, эконо­микалық және мәдени дамуына КСРО халықтары көрсеткен кө­мегінің тарихи тәжірибесі алғаш рет кешенді түрде баяндалған. С.Бейсембаевтың басшылық қызметіндегі белесті табыс – «Қазақстан Компартиясы тарихы очерктерін» сәтті шығарғаны. Әрине, осыдан жарты ғасыр бұ­рын жазылған бұл еңбек қазіргі кезде КОКП-ны жойдасыз ма­дақ­таудай көрінетіні рас. Бірақ біз мынаны ұмытпағанымыз жөн: «Очерктер…» алғаш рет ір­гелі түрде Қазақстанның саяси тарихын қорытты, әр текті фак­тілерді, мәліметтерді және деректерді топтастырды, Қазақ­стан тарихын зерттеуші ғалым­дардың абыройын арттырды. «Очерктердің…» жарық көруі ғы­лыми-тарихи ой­дың қазақ­стан­дық тағы бір орталығының қалыптасқанын көр­сетті. Ал бұл межеге оны С.Бей­сембаев жеткізді. С.Бейсембаевтың ғылыми-басқарушылық қызметінің басты бағыттарының бірі марксизм-ленинизм классиктерінің еңбегін қазақ тіліне сапалы түрде аударуды қамтамасыз ету болды. КОКП съездерінің шешімін, ОК бас хатшысының көптомдығын, со­циалистік идеяларды тарату мен насихаттауды қазақ тілінде сөй­лету, тілдік ортаның орыстануына кедергі жасап, байырғы этностың саяси және ғылыми тілдік қорының баюына әсер етті. Серікбай Бейсембаев Қазақ­станның тарихи-партиялық ғы­лымының басында 20 жылдай тұрғанымен тоталитарлық идео­ло­гияның тұтқыны бола қойған жоқ. Оның қаламынан немесе Партия тарихы институты атынан шыққан шығармаларда қазақ қоғамындағы олқылықтар назардан тыс қалмады, өлкедегі патша үкіметінің отаршылдық саясаты, кеңестік ауыл шаруашылығын ұжымдастыру кезіндегі асыра сілтеу, 1931-1933 ж.ж. жаппай ашаршылық пен 1937-1938 ж.ж. саяси қуғын-сүргін туралы сыни қорытындылау мен бағалаулар берілді. 60-жылдардың аяғында С.Бей­сембаевтың бастамасымен және тікелей қатысуымен «Ке­ңес үкіметі үшін күрескендер» топтамасы қолға алынып, соның аясында Т.Балақаевтың – Н.Нұр­мақов, Р.Сүлейменовтің – Т.Жүр­генов туралы кітаптары жарыққа шықты. 1974 жылы С.Бейсембаев және С.Көлбаев, көлемі кіші болса да, мазмұны терең «Тұрар Рысқұлов» деген брошюраны шы­ғарды. Ұлттық тарихна­ма­дағы осынау елеулі еңбек ХХ ғ. 20-30-ж.ж. қазақ көшбас­шы­сының қызметі мен өмірі туралы мәліметтерді жүйелеуге жол салды. Демек, С.Бейсембаев қазақ­стандық тұлғатану мен қазақ зиялыларының тарихын зерттеу­дің бастауында тұрды десек, артық айтқандық емес. С.Бейсембаевтың басты еңбегі 1968 жылы жарық көрген «Ленин және Қазақстан» монографиясы еді. Кітап Қазақ­стан­ның ғылыми қауымы мен сырт­тағы әріптестерінен биік баға алды. Зерттеу хроноло­гиялық жа­ғынан 1887-1924 жылдар аралы­ғын қамтиды. Әрине, қазіргі күннің биігінен бұл кітаптың тұжырымы мен қорытынды­ларын сынау жеңіл. Бірақ тарих алдында адал болу керек. Бірін­шіден, тоталитар­лық-комму­нис­тік режим Ленин мұраларын зерттеуге сенімді және білікті мамандарды ғана жіберетін. С.Бейсембаев дәл сондай маман еді. Екіншіден, Лениннің 1917-1924 ж.ж. Қазақстан тарихын­дағы рөлі зор. Оның мақұлда­уымен Кирревком, Түркістан АКСР-і, Қазақ АКСР-і құрылып, Қазақ республикасының мемле­кет­тік шекарасы анықталды, мемлекеттік және партиялық жоғарғы органдарға А.Байтұр­сынов, Т.Рысқұлов, Ә.Жангелдин, С.Меңдешев, С.Сейфуллин, С.Асфендияров және т.б. қазақ қайраткерлері көтерілді. Үшін­шіден, бүгінгі күні тұлғаның тарихтағы орны дәл кешегідей айрықша өзекті. Міне, сондық­тан да «Ленин және Қазақстан» монографиясы тарих ғылымы дөңгелегін кері айналдырған жоқ, ал оның авторы өз зама­нының методологиялық және теориялық мәдениетінің жоғары деңгейін көрсете алды. Егер де біз осындай кітаптардың ішіне үңіліп, эвфемистік ойын түсіне алатын болсақ, онда бәсекеге қабілеттілігімізді дәлелдей алға­нымыз. «Ленин және Қазақстан» монографиясы авторға атақ-даңқ пен танымалдық әкелді. КОКП ОК жанындағы Марксизм-ленинизм институтының ғылыми Кеңесінің шешімімен 1969 жылы оған тарих ғылымдарының докторы атағы берілді, 1970 жылы Қазақ КСР ҒА-ның Ш.Уәли­ханов атындағы сыйлығы­ның лауреаты атанды. С.Бей­сем­баев­тың отандық ғылымға қосқан үлесі бағаланып, оған Қазақстан ғылымына еңбек сіңірген қай­раткер атағы берілді, мүше-корреспонденттікке (1970 ж.) сайланып, кейіннен Қазақ­стан ҒА-ның академигі (1975 ж.) болды. Дәл осы 1975 жылы Партия тарихы институтының ғылыми-зерттеушілік, деректанушылық және аудармашылық қызметі мемлекеттік награда – Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды. Бұл гуманитарлық бағыт­тағы ғылыми-зерттеу институты жоғарғы мемлекеттік наградаға ие болған алғашқы және соңғы оқиға еді. С.Бейсембаев қоғамдық жұ­мыстардың да бел ортасында жүрді. Ол Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты, Қазақстан Компартиясы ОК мүшелігіне кандидат, Алматы обкомы мен қалалық комитетінің мүшесі ретінде де қыруар істер атқарды. 1989 жылы осындай тамаша адам­ның жүрегі соғуын тоқтат­ты. Шәкірттерінің, әріптесте­рінің, құрдастарының, білетін­дердің – бәрінің есінде қара­пайым, зиялы адам бейнесі, азамат және ғалым, ғылымды ұй­ымдастыра білген басшы келбеті қалды. Өмір жалғасуда. Бүгін Қазақ­станда Отан тарихы, саясаттану, тарихнама, деректану және тарихты зерттеудің методологиясы мамандықтары бойынша жаңа буын зерттеушілер қауымы өсіп шықты. Құжаттық жинақтар, жаңа үлгідегі тарих оқулықтары баспадан жарық көріп, ғылым мен халық санасындағы «ақ­таңдақтардың» орны толтырылуда. Осындай жаңашылдық, сонымен қатар, дәстүрлі үр­діс­терде аға ұрпақтың тағдыры мен еңбегінің, соның ішінде Серік­бай Бейсембайұлы Бейсембаев­тың да үлесі бар. Ханкелді ӘБЖАНОВ

Академик Серікбай Бейсембаев – Қазақстан тарих ғылымының дамуына зор үлес қосқан тұлға.

Негізін әріде М.Х.Дулати, Қадырғали би Қосымұлы, беріде Шоқан, Абай, Шәкәрім, Әлихан Бөкейханов қалаған отандық тарих ғылымы өзінің нағыз кеме­ліне Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдары келді. Бұл үде­ріске со­ғыс­тың алғашқы айларында Қазақстанға көшірілген Мәскеу ғалымдары А.­­М.Панкратова, Н.М.Дружинин, М.П.Ким және тағы басқалардың сіңірген еңбегі зор екенін атап өткеніміз жөн. Олардың белсенді ізденісі нәти­жесінде 1943 жылы алғаш рет академиялық басылым – «Қа­зақ ССР тарихы» жарық көрді.

Та­рих­шы-ғалымдардың жетіс­тік­тері 1945 жылы Ш.Уәлиханов атындағы Тарих, археология жә­не этнография институтының ашылуына септігін тигізді.

Болашақ академик Серікбай Бейсембайұлы Бейсембаев майданнан аман-есен оралған соң тарих ғылымы саласына ат басын тіреді. Қазіргі өлшем бойынша қарасақ, С.Бейсембаевтың зерт­теуші ретінде қалыптасуы тым кеш басталып, ғылымға кез­дей­соқ келген сияқты көрінетіні рас.
Біріншіден, тарих маман­ды­ғы бойынша оның жоғары білімі туралы дипломы да жоқ еді. Харьков сауда институ­тының түлегі (1936 ж.) болған­дықтан өмірінің 20 жылын Партия тарихы инс­титутының басшылы­ғында өткі­зетінін өзі де елестете алмаған шығар. Екіншіден, тарих ғы­лым­­дарының кандидаты атағын 40-қа толғанда ғана алды. Бү­гінде 40 жасында ғылым кандидаты болғандарды бола­шағынан үміт күттіретін ға­лымдар есе­біне жатқызбайты­нымыз құпия емес. Үшіншіден, іргелі ғылым­мен айналысуын 45 жасында, оның өзінде КОКП ОК жанын­дағы Марксизм-ленинизм инс­титутының қазақстандық филиалы – Партия тарихы институ­тының директоры қызметіне тағайындалған соң бастады.
Бірақ, табиғи талантының, зерттеушілік дарынының ерте ме, кеш пе жарқ етіп шығатыны айдай анық еді. Соғысқа дейінгі жылдардың өзінде ол білікті дәріс­кер, үгітші және педагог ре­тінде көзге түсті: 1938 жылы Алматыдағы үгітшілердің ком­со­молдық мектебінің директоры қызметіне тағайындалса, 1940 жылы Минск қаласындағы ерекше әскери округтің әскери-саяси училищесіне партия тарихының оқытушысы жолдамасымен жіберілген еді. Бір жылдан кейін Ұлы Отан соғысы басталды. Ақ финдермен соғысқа қатысқан Серікбай Бейсембайұлы қолына қару алып, Сталинградтан Виль­нюсқа дейін жетті, 1944 жылы ауыр жарақаттанды. Әскери офи­цердің ерен ерлігі «Қызыл жұлдыз», «Отан соғысы» орден­дерімен және де көптеген медальдармен бағаланды.
Ғылыми жұмысқа жегілуі 1946 жылы басталды. Алғаш­қыда Алматы партия мектебі директорының орынбасары қыз­метін атқарса, 1948-1951 жылдары КОКП ОК жанындағы Қо­ғамдық ғылымдар ака­де­мия­сының аспирантурасында оқы­­ды. 1952 жылдан 1957 жылға дейін ҚазМУ проректоры, Қазақстан Компартиясы ОК ғылым жә­не мә­де­ниет бө­лі­мі­нің меңгерушісі тә­різді жауапты қыз­мет­терді атқарды. Сөз­дің реті келгенде айтар болсақ, С.Бейсембаев – екі соғысқа қа­тысып, Қазақстан Компартиясы ОК  ғы­лым және мәдениет бөлімін екі рет (1952-1957 және 1960-1963 жж.) басқарып, сонша рет Партия тарихы институ­ты­ның директоры (1957-1960, 1964-1980 жж.) қыз­метін атқар­ған тұлға.
Ғылымнан алыстау басшы­лық қызметтеріне қарамастан Серік­бай Бейсембайұлы шығар­ма­шылық өсу мақсатынан ешқа­шан қол үзбеген еді, ғылыми және публицистикалық мақала­лар жазды, С.Мұқановтың «Сырдария» романын орысшаға аударды, кі­тапханалар мен мұра­ғат­тардағы ізденістерін жалғас­тырды.
С.Бейсембаевтың зерттеуші және ғылымды ұйымдастырушы ретіндегі таланты КОКП ОК жанындағы Марксизм-ленинизм институтының қазақстан­дық фи­­лиалын басқарған кезінде жар­қырай көрінді.
Бұған елдегі қоғамдық-саяси жағдай да өз әсерін тигізді: жеке басқа табынушылықты сынау мен хрущевтік жылымық жа­зықсыз жазаланып, қуғындалған ақын-жазушылардың шығар­ма­шы­лық мұраларының қайта оралуына, Е.Бекмахановқа қатысты әділеттіліктің қалпына келтірі­луіне жағдай жасады; Ә.Мар­ғұланның жетекшілігімен Ш.Уәлиханов еңбектерін кешенді зерттеу мен баспаға дайындау басталды; Қазақстанның оңтүс­тігінен археолог Х.Алпысбаев алғаш рет тас дәуірінің ескерт­кіштерін тапты; ұлт мақтаныш­тары – М.Әуезов пен Қ.Сәтбаев Лениндік сыйлықтың лауреаты атанды.
Жаңа директор өзінің білімі мен тәжірибесіне арқа сүйей оты­рып, ғалымдардың күш-қуа­тын біріктіре, ұжымды көлемді де кешенді ғылыми еңбектер жазуға бағыттай алды. Бұл мақ­саттарға жету үшін өз ісін біле­тін, талантты мамандардың басын қосу және зерттеудің дерек­тік базасын кеңейту керек болды. Қысқа мерзім ішінде екі міндет те тамаша орындалды. Дәл сол 50-жылдары ол әлі ешкімге таныс емес Қостанай пединститутының оқытушысы Манаш Қозыбаевты институтқа жұмысқа шақырған еді.
Марксизм-ленинизм инсти­ту­тының қазақстандық филиалы қабырғасында ірі мамандар – П.М.Пахмурный, А.­Ғ.Сармурзин, А.А.Байшин, З.А.Голикова, А.А.Игенбаев және т.б. өсіп шық­ты. Жиырма жылдан соң республиканың ғылыми қауымы академиктің 70 жылдығын атап өтіп жатқанда «Казахстанская правда» газеті белгілі мәдениет зерттеушісі Р.Сүлейменовтің мақаласын жариялады. «Ғалым­ның сіңірген еңбегі» деп аталатын бұл мақалада: «С.Бейсембаев тынымсыз, еңбекқор зерттеу­шілерді дөп басып, анықтай алатын қасиетке ие. Бір айта кететінім, жанының жайсаңды­ғымен, педагогикалық ұстамды­лығымен, білімімен және тәжі­рибесімен қазіргі кезде докторлар мен ғылым кандидаты болып табылатындарды, оннан астам жас ғалымдарды қанаттан­ды­рып, тәрбиеледі», деген жолдар бар. Академикті жақсы білетін және оның әкелік қамқорлығын көрген Рамазан Бимашұлының жүректен шыққан сөзі директор мен оның шығармашылық ұжы­мының әлеуметтік-кәсіби өсу механизмінің құпияларын, мәні мен мазмұнын ашады. Әкім­шілік өктемдікпен, жекірумен емес, керісінше, мамандарға деген ұстамды және қамқор қатынастар оларды пікірлестер ретінде топтастырды.
Дүниетанымының кеңдігі, ғылыми ізденістерінің жан-жақ­тылығы, ауқымды фактілер мен материалдарды қорыта білетін­дігі оның халықаралық конференциялар мен симпозиум­дар­дағы баяндамаларынан ерекше айқын байқалады. Ғылыми пайымы, өмірлік ұстанымы және әлеуметтік-кәсіби тәжірибесі бо­йынша С.Бейсембаев нағыз патриот және шынайы интернационалист еді. Оның бойындағы патриотизм мен интерна­цио­налистік қасиеттердің ажыра­мас­тығына бұлтартпас дәлел – институт қызметкерлері дайын­даған «Ұлы достықтың жемісі», «Ұлы достықпен қуаттымыз» кітаптары. Оларда біздің респуб­ликамыздың мемлекеттік, эконо­микалық және мәдени дамуына КСРО халықтары көрсеткен кө­мегінің тарихи тәжірибесі алғаш рет кешенді түрде баяндалған.
С.Бейсембаевтың басшылық қызметіндегі белесті табыс – «Қазақстан Компартиясы тарихы очерктерін» сәтті шығарғаны. Әрине, осыдан жарты ғасыр бұ­рын жазылған бұл еңбек қазіргі кезде КОКП-ны жойдасыз ма­дақ­таудай көрінетіні рас. Бірақ біз мынаны ұмытпағанымыз жөн: «Очерктер…» алғаш рет ір­гелі түрде Қазақстанның саяси тарихын қорытты, әр текті фак­тілерді, мәліметтерді және деректерді топтастырды, Қазақ­стан тарихын зерттеуші ғалым­дардың абыройын арттырды. «Очерктердің…» жарық көруі ғы­лыми-тарихи ой­дың қазақ­стан­дық тағы бір орталығының қалыптасқанын көр­сетті. Ал бұл межеге оны С.Бей­сембаев жеткізді.
С.Бейсембаевтың ғылыми-басқарушылық қызметінің басты бағыттарының бірі марксизм-ленинизм классиктерінің еңбегін қазақ тіліне сапалы түрде аударуды қамтамасыз ету болды. КОКП съездерінің шешімін, ОК бас хатшысының көптомдығын, со­циалистік идеяларды тарату мен насихаттауды қазақ тілінде сөй­лету, тілдік ортаның орыстануына кедергі жасап, байырғы этностың саяси және ғылыми тілдік қорының баюына әсер етті.
Серікбай Бейсембаев Қазақ­станның тарихи-партиялық ғы­лымының басында 20 жылдай тұрғанымен тоталитарлық идео­ло­гияның тұтқыны бола қойған жоқ. Оның қаламынан немесе Партия тарихы институты атынан шыққан шығармаларда қазақ қоғамындағы олқылықтар назардан тыс қалмады, өлкедегі патша үкіметінің отаршылдық саясаты, кеңестік ауыл шаруашылығын ұжымдастыру кезіндегі асыра сілтеу, 1931-1933 ж.ж. жаппай ашаршылық пен 1937-1938 ж.ж. саяси қуғын-сүргін туралы сыни қорытындылау мен бағалаулар берілді.
60-жылдардың аяғында С.Бей­сембаевтың бастамасымен және тікелей қатысуымен «Ке­ңес үкіметі үшін күрескендер» топтамасы қолға алынып, соның аясында Т.Балақаевтың – Н.Нұр­мақов, Р.Сүлейменовтің – Т.Жүр­генов туралы кітаптары жарыққа шықты. 1974 жылы С.Бейсембаев және С.Көлбаев, көлемі кіші болса да, мазмұны терең «Тұрар Рысқұлов» деген брошюраны шы­ғарды. Ұлттық тарихна­ма­дағы осынау елеулі еңбек ХХ ғ. 20-30-ж.ж. қазақ көшбас­шы­сының қызметі мен өмірі туралы мәліметтерді жүйелеуге жол салды. Демек, С.Бейсембаев қазақ­стандық тұлғатану мен қазақ зиялыларының тарихын зерттеу­дің бастауында тұрды десек, артық айтқандық емес.
С.Бейсембаевтың басты еңбегі 1968 жылы жарық көрген «Ленин және Қазақстан» монографиясы еді. Кітап Қазақ­стан­ның ғылыми қауымы мен сырт­тағы әріптестерінен биік баға алды. Зерттеу хроноло­гиялық жа­ғынан 1887-1924 жылдар аралы­ғын қамтиды. Әрине, қазіргі күннің биігінен бұл кітаптың тұжырымы мен қорытынды­ларын сынау жеңіл. Бірақ тарих алдында адал болу керек. Бірін­шіден, тоталитар­лық-комму­нис­тік режим Ленин мұраларын зерттеуге сенімді және білікті мамандарды ғана жіберетін. С.Бейсембаев дәл сондай маман еді. Екіншіден, Лениннің 1917-1924 ж.ж. Қазақстан тарихын­дағы рөлі зор. Оның мақұлда­уымен Кирревком, Түркістан АКСР-і, Қазақ АКСР-і құрылып, Қазақ республикасының мемле­кет­тік шекарасы анықталды, мемлекеттік және партиялық жоғарғы органдарға А.Байтұр­сынов, Т.Рысқұлов, Ә.Жангелдин, С.Меңдешев, С.Сейфуллин, С.Асфендияров және т.б. қазақ қайраткерлері көтерілді. Үшін­шіден, бүгінгі күні тұлғаның тарихтағы орны дәл кешегідей айрықша өзекті. Міне, сондық­тан да «Ленин және Қазақстан» монографиясы тарих ғылымы дөңгелегін кері айналдырған жоқ, ал оның авторы өз зама­нының методологиялық және теориялық мәдениетінің жоғары деңгейін көрсете алды. Егер де біз осындай кітаптардың ішіне үңіліп, эвфемистік ойын түсіне алатын болсақ, онда бәсекеге қабілеттілігімізді дәлелдей алға­нымыз.
«Ленин және Қазақстан» монографиясы авторға атақ-даңқ пен танымалдық әкелді. КОКП ОК жанындағы Марксизм-ленинизм институтының ғылыми Кеңесінің шешімімен 1969 жылы оған тарих ғылымдарының докторы атағы берілді, 1970 жылы Қазақ КСР ҒА-ның Ш.Уәли­ханов атындағы сыйлығы­ның лауреаты атанды. С.Бей­сем­баев­тың отандық ғылымға қосқан үлесі бағаланып, оған Қазақстан ғылымына еңбек сіңірген қай­раткер атағы берілді, мүше-корреспонденттікке (1970 ж.) сайланып, кейіннен Қазақ­стан ҒА-ның академигі (1975 ж.) болды. Дәл осы 1975 жылы Партия тарихы институтының ғылыми-зерттеушілік, деректанушылық және аудармашылық қызметі мемлекеттік награда – Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды. Бұл гуманитарлық бағыт­тағы ғылыми-зерттеу институты жоғарғы мемлекеттік наградаға ие болған алғашқы және соңғы оқиға еді.
С.Бейсембаев қоғамдық жұ­мыстардың да бел ортасында жүрді. Ол Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты, Қазақстан Компартиясы ОК мүшелігіне кандидат, Алматы обкомы мен қалалық комитетінің мүшесі ретінде де қыруар істер атқарды.
1989 жылы осындай тамаша адам­ның жүрегі соғуын тоқтат­ты. Шәкірттерінің, әріптесте­рінің, құрдастарының, білетін­дердің – бәрінің есінде қара­пайым, зиялы адам бейнесі, азамат және ғалым, ғылымды ұй­ымдастыра білген басшы келбеті қалды.
Өмір жалғасуда. Бүгін Қазақ­станда Отан тарихы, саясаттану, тарихнама, деректану және тарихты зерттеудің методологиясы мамандықтары бойынша жаңа буын зерттеушілер қауымы өсіп шықты. Құжаттық жинақтар, жаңа үлгідегі тарих оқулықтары баспадан жарық көріп, ғылым мен халық санасындағы «ақ­таңдақтардың» орны толтырылуда. Осындай жаңашылдық, сонымен қатар, дәстүрлі үр­діс­терде аға ұрпақтың тағдыры мен еңбегінің, соның ішінде Серік­бай Бейсембайұлы Бейсембаев­тың да үлесі бар.

Ханкелді ӘБЖАНОВ

Бөлісу: