V БӨЛІМ

14 Қараша 2013, 08:38

Сол кештен кейін көп ұзаған жоқ, Суат Әбусейітов “Екі жиренді” радиоға жаздырды. Ән алғаш рет эфирден берілетін күні әнші Шәкеннің үйінде отырды. Тағы да екеуі ғана. Дастарқан жасаулы тұр. Екеуі ептеп коньяк ішті. Шәкен: «Әртістердің үйі осы. Мен де әртіс. Жеңгең де әртіс. Сен де әртіссің. Бірақ, бір айырмамыз – сенің келіншегің дәйім үйде ғой. Отбасын көңірсітеді де отырады. Сен концер­тіңді бересің. Гастроліңе шығасың. Бір күні үйіңе тау қопарғандай пұлданып-тұл­­­­­­­данып, шаршап-шалдығып келесің. Жү­­­зі жайнап, келін қарсы алады. Емін-еркін жуынып-шайынып, келіннің хош иісі бұрқыраған ақбұйра шайын ішіп, бала­ларыңды құшып-сүйіп,“өз үйім-өлең тө­сегім” деп рахаттанасың. Ал, біздің хал… Осы “Екі жиреннің” тұсында екі рет келдің. Екеуінде де жеңгең үйде болмай шықты. Өзімізше шүйіркелесеміз, ен­ді, – деді сағатына әлсін-әлсін қарап қойып. Күткен сәтте “Жаңадан жазылып алынған әндер” атты концерт те басталды. “Екі жирен” концерттің ең соңында берілді. Рувим Кацман ойнаған аккомпономент ә дегеннен тереңнен қозғалды. Шәкеннің көңілі ел көшкен жайлаудың сары жұртындай сарғайды. Осы күнге дейін жан баласы білмейтін тұңғыш махаббатынан қапияда қалай көз жазып қалғанын… Оны ұмыттым десе де ұмы­­­тылмағанын сезіп, салы суға кетті. Солай біраз мұңая салбырап, ішінен: “Осындай ән шығару үшін адамға қандай ғана жүрек бітеді?” деп ойлады. Сағатына әлсін-әлсін көз қиығын салған Шәкен: “Алты жарым минут… не жеті он бес? Не деген ұзақ ән!” – деп таңғал­ды. Фортепиано клавишын арманды жүректің талмаусыратқан солығы етіп сорғалатқан Кацманға, үні элегиялық сырға толы Суатқа дән риза. Ән орындалып біткенде Шәкен құла түздегі балбал тастай мүлгіді. Үй іші де үнсіз тынды. Осы бір мылқау сәтті шылдыр ете қалған телефон үні бұзды. Шәкен салғырт кө­ңілмен сүйретіле барып, трубканы көтер­ді де тыңдап тұрып: «Әуре болмаңдар, сендер түкке жарамайсыңдар, мейлі оның жабыл, Аймановты жеңе алмай­сыңдар. Шахматты қойыңдар. Москвадан келетін гроссмейстрді күтіп жүрген жайым бар. Мені мазаламаңдар, түге! Ха! Ха! Ха!» – деп үйді басына көтере күліп, әп-сәтте түзелді. Сол жадыраған күйі дастарқан шетіне кеп отырды. Бір-екі рет рюмка соғыстырды. Екеуі мәз. Шәкен Суатты аялады. Еркелетті. Орындап жүрген біраз әндерін тілі жеткенше мақтады. Соның ішінде Сыдық Мұхамеджановтың: Алматының бозғылт тұман түнінде, Көп тұрып ек жасыл терек түбінде, – деп басталатын жібектей есілген сырлы романсын ыңылдап көріп, оны Суатқа айтқызып, жаны рахат тапты. Суат та желпініп, көңілі өсті. Екеуінің әңгімесі бек жарасты. Шәкен шешіле сөйледі: – Екі жиренді” елуінші жылдардың орта кезінде Тоқбай жаздырған-ды. – Тоқбай дейсіз бе? – Иә. Ол ақсақал балалайкамен айтатын-ды. – Балалайкамен? – Иә. Сол Тоқбай Павлодар облысы­ның Бесқарағай деген жерінен… Руы Бәсентиін. Жас кезім ғой, оны ертеде Семейде бір думанның үстінде… Одан кейін елге барып жүр­­генде Ертіс бойынан көрдім. Соңғы рет Алматыда Жүсіпбек Елебековтің үйінде жүздестім. Бойы аласа, қамшыдай қат­қан секпіл бет сары шал. Біреуге кең, біреуге кем дүние… Тағдырдың қысас­тығын көп көрді, Тоқбай. Өзі байдың баласы екен, кешегі кәмпеске кезінде бар мал-жаны тәркіленіпті. Одан ашаршы­лық… Алты баласы, әйелі өлген. Жаратылысынан берік, мықты, көнбіс жан әндетіп жүріп, көкірегіндегі осы қайғы-шерге жасымапты, мойымапты. Өмірдің шырғалаң жолы оны әр қияға салыпты. Күнкөріс, кәсіп іздеу тауқыметімен көршілес орыс қалаларын кезіп кетіпті. Бірнеше жыл Барнауылда тірлік етіпті. Бір жолы ит күйбеңмен пәтерден пәтерге көшіп жүріп, абайсызда домбырасын сындырып алыпты. Өзі талантты жан, амал жоқ, орыс балалайкасын үйреніпті. Осы балалайка үнімен өзінің кейбір әндерін орыстың қалалық әндер тіпті, романс секілді ғып тартып, мүлде өзгер­тіп жіберіпті. Сөйтіп, ол бағзы бір әндер­дің вариантын жасапты. Тоқбай жөнінде білетін сырым осы, Суат. Тоқбай радиоға “Екі жиренді” балалайкамен жаздырды… Осы екінші түрін Тоқбайдан бұрын дәл осылай ешкім толғаған жоқ! О, “Екі жиреннің” бұл түрін Жүсе­кең­нен тыңдасаң… неткен сезім, шегі жоқ, оның. Тоқбайдың өз аузынан үйреніп, оған өзгеше бір құдірет берген. Жүсекең оны осы күнге дейін радиоға қалай жаздырмай жүр… Таңғаламын. – Бұл жайды бұрын неге айтпадыңыз, аға? – деді Суат ыңғайсыздана қозға­лақ­тап. – Жүсекеңнің білетінін о баста айтқа­нымда сен бүйтіп жеріне жеткізіп,бейопа махаббаттың өмір бойы уһілететін романсы ғып, орындай да алмас едің! Суат ақсары жүзі дуылдап, көзі жасау­­рап, қымсына күлімсіреді.   Илья ЖАҚАНОВ

Сол кештен кейін көп ұзаған жоқ, Суат Әбусейітов “Екі жиренді” радиоға жаздырды.
Ән алғаш рет эфирден берілетін күні әнші Шәкеннің үйінде отырды. Тағы да екеуі ғана. Дастарқан жасаулы тұр. Екеуі ептеп коньяк ішті. Шәкен: «Әртістердің үйі осы. Мен де әртіс. Жеңгең де әртіс. Сен де әртіссің. Бірақ, бір айырмамыз – сенің келіншегің дәйім үйде ғой. Отбасын көңірсітеді де отырады. Сен концер­тіңді бересің. Гастроліңе шығасың. Бір күні үйіңе тау қопарғандай пұлданып-тұл­­­­­­­данып, шаршап-шалдығып келесің. Жү­­­зі жайнап, келін қарсы алады. Емін-еркін жуынып-шайынып, келіннің хош иісі бұрқыраған ақбұйра шайын ішіп, бала­ларыңды құшып-сүйіп,“өз үйім-өлең тө­сегім” деп рахаттанасың. Ал, біздің хал… Осы “Екі жиреннің” тұсында екі рет келдің. Екеуінде де жеңгең үйде болмай шықты. Өзімізше шүйіркелесеміз, ен­ді, – деді сағатына әлсін-әлсін қарап қойып.
Күткен сәтте “Жаңадан жазылып алынған әндер” атты концерт те басталды. “Екі жирен” концерттің ең соңында берілді. Рувим Кацман ойнаған аккомпономент ә дегеннен тереңнен қозғалды. Шәкеннің көңілі ел көшкен жайлаудың сары жұртындай сарғайды. Осы күнге дейін жан баласы білмейтін тұңғыш махаббатынан қапияда қалай көз жазып қалғанын… Оны ұмыттым десе де ұмы­­­тылмағанын сезіп, салы суға кетті. Солай біраз мұңая салбырап, ішінен: “Осындай ән шығару үшін адамға қандай ғана жүрек бітеді?” деп ойлады. Сағатына әлсін-әлсін көз қиығын салған Шәкен: “Алты жарым минут… не жеті он бес? Не деген ұзақ ән!” – деп таңғал­ды. Фортепиано клавишын арманды жүректің талмаусыратқан солығы етіп сорғалатқан Кацманға, үні элегиялық сырға толы Суатқа дән риза. Ән орындалып біткенде Шәкен құла түздегі балбал тастай мүлгіді. Үй іші де үнсіз тынды. Осы бір мылқау сәтті шылдыр ете қалған телефон үні бұзды. Шәкен салғырт кө­ңілмен сүйретіле барып, трубканы көтер­ді де тыңдап тұрып: «Әуре болмаңдар, сендер түкке жарамайсыңдар, мейлі оның жабыл, Аймановты жеңе алмай­сыңдар. Шахматты қойыңдар. Москвадан келетін гроссмейстрді күтіп жүрген жайым бар. Мені мазаламаңдар, түге! Ха! Ха! Ха!» – деп үйді басына көтере күліп, әп-сәтте түзелді. Сол жадыраған күйі дастарқан шетіне кеп отырды. Бір-екі рет рюмка соғыстырды. Екеуі мәз. Шәкен Суатты аялады. Еркелетті. Орындап жүрген біраз әндерін тілі жеткенше мақтады. Соның ішінде Сыдық Мұхамеджановтың:
Алматының бозғылт тұман түнінде,
Көп тұрып ек жасыл терек түбінде, – деп басталатын жібектей есілген сырлы романсын ыңылдап көріп, оны Суатқа айтқызып, жаны рахат тапты. Суат та желпініп, көңілі өсті. Екеуінің әңгімесі бек жарасты. Шәкен шешіле сөйледі:
– Екі жиренді” елуінші жылдардың орта кезінде Тоқбай жаздырған-ды.
– Тоқбай дейсіз бе?
– Иә. Ол ақсақал балалайкамен айтатын-ды.
– Балалайкамен?
– Иә. Сол Тоқбай Павлодар облысы­ның Бесқарағай деген жерінен… Руы Бәсентиін. Жас кезім ғой, оны ертеде Семейде бір думанның үстінде… Одан кейін елге барып жүр­­генде Ертіс бойынан көрдім. Соңғы рет Алматыда Жүсіпбек Елебековтің үйінде жүздестім. Бойы аласа, қамшыдай қат­қан секпіл бет сары шал. Біреуге кең, біреуге кем дүние… Тағдырдың қысас­тығын көп көрді, Тоқбай. Өзі байдың баласы екен, кешегі кәмпеске кезінде бар мал-жаны тәркіленіпті. Одан ашаршы­лық… Алты баласы, әйелі өлген. Жаратылысынан берік, мықты, көнбіс жан әндетіп жүріп, көкірегіндегі осы қайғы-шерге жасымапты, мойымапты. Өмірдің шырғалаң жолы оны әр қияға салыпты. Күнкөріс, кәсіп іздеу тауқыметімен көршілес орыс қалаларын кезіп кетіпті. Бірнеше жыл Барнауылда тірлік етіпті. Бір жолы ит күйбеңмен пәтерден пәтерге көшіп жүріп, абайсызда домбырасын сындырып алыпты. Өзі талантты жан, амал жоқ, орыс балалайкасын үйреніпті. Осы балалайка үнімен өзінің кейбір әндерін орыстың қалалық әндер тіпті, романс секілді ғып тартып, мүлде өзгер­тіп жіберіпті. Сөйтіп, ол бағзы бір әндер­дің вариантын жасапты. Тоқбай жөнінде білетін сырым осы, Суат. Тоқбай радиоға “Екі жиренді” балалайкамен жаздырды… Осы екінші түрін Тоқбайдан бұрын дәл осылай ешкім толғаған жоқ!
О, “Екі жиреннің” бұл түрін Жүсе­кең­нен тыңдасаң… неткен сезім, шегі жоқ, оның. Тоқбайдың өз аузынан үйреніп, оған өзгеше бір құдірет берген. Жүсекең оны осы күнге дейін радиоға қалай жаздырмай жүр… Таңғаламын.
– Бұл жайды бұрын неге айтпадыңыз, аға? – деді Суат ыңғайсыздана қозға­лақ­тап.
– Жүсекеңнің білетінін о баста айтқа­нымда сен бүйтіп жеріне жеткізіп,бейопа махаббаттың өмір бойы уһілететін романсы ғып, орындай да алмас едің!
Суат ақсары жүзі дуылдап, көзі жасау­­рап, қымсына күлімсіреді.
 

Илья ЖАҚАНОВ

Бөлісу: