ІІ БӨЛІМ

14 Қараша 2013, 08:31

Арада күндер өтіп жатты. Шәкен Суатты күтпеген жерде талай рет кездестірді. Көбіне киностудияда. Қат-қабат тірлік арасында Суатты тың­дап та жүрді. Тыңдаған сайын: “Кел… тағы да кел,” – дей берді. Суат та еркін­сіп: “Гонорарым, аға…” дейді күмілжи еркелеп. Шәкен қолына қандай ақша түссе де ойланбастан ұстата салады. Суат осыған дәндеп алды. Бірде түс мезгілі… қасында сейіл құрып, жүрген жолдастары бар, Суат киностудияға келді. Ол кіргенде Шәкен кабинетінде бір орыс жігітімен шахмат ойнап отыр екен. Басын көтермеген күйі: – Ә, Суат. Шұбат… Түйенің қымызы, айта бер, шаруаңды? – деп мырс етті. Әнші не дерін білмей, қипақтап біраз тұрды. – Сенің неге келгеніңді білемін, Суат. Шұбат… – деп тағы күлді Шәкен. Сөйтті де қалтасына қолын салып, шахмат тақ­тасынан көз айырмай: «Он сом жете ме? Мә», – деді. Жымың ете түскен Суат: «Аға, мұныңыз…» – деп азырқанды. Шәкен Суатқа жалт қарап: «Е, сіз бүгінде еңбек сіңірген артист екенсіз ғой. Категорияңыз көтерілген. Дұрыс… дұрыс… ставкаңыз жоғары. Мә, жиырма бес!» – деп тағы бір он бес сом ақшаны ұсына бергенде: «Жо-жоқ! Тұра тұр, мен саған алдыңғы күні телефон соғып “Екі жиреннің” қайырмасына көп шүйілдім. Бар ауырлық осы қайырмада екенін айттым. Ең соңғы нотасын тұңғиыққа батыра бер, деп едім. Солай еттің бе? Шыныңды айт!» – деді. Суат “Ахау” деп басталатын қайыр­маны дәр­менсіз аңсау секілді ыңылдап берді. Шәкен үндемеді. Қолындағы ақшасын беріп жатып: – Осылай… әлі де сыздата бер, – деді. Шәкеннен аларын алса да, Суат маңдайынан тері бұрқ ете түсіп, киностудиядан ойланып шықты. Сол түні “Екі жиреннің” қайырмасы Суаттың ұйқысын қашырды. Қыстың ұзақ талмалы түнінде тебірене дөңбек­шіп, кірпік ілмеді. Ақыры ол соңғы нотаны жетер жеріне жеткізіп тынғандай сезінді. Ән уһілеп барып бітті. Пианист Кацманның да діттегені осы еді. Осындай да беймаза түн болады екен… *   *   * Күн шыңылтыр аяз еді. Суат ымырт үйіріле бере Шәкеннің үйіне келді. Кірген бойда: «Ассалаумағалейкүм, аға», – деді. – Ә, Суат, кел, – деді Шәкен. Үй іші қаракөлеңке. Шәкен бөлменің қақ ортасындағы кең креслоға молынан түсіп, екі аяғын созып жіберіп, шалқайыңқырап, домбыра шертіп отыр. Өзінің жаны сүйер “Қосбасары”… Алдында әшекейлі аққұман, қаймақ құйған сырлы тостаған… сырлы кесе… үнді шайының иісі көкірек жарады. – Жеңгең театрға кетіп, шайды өзім демдеп, шахматтан ауырған басты жазып отырған жай бар. Қане, отыр, – деп үй иесі домбырасын жанына сүйеп қоя салды да, шай құйды. Шай ішіліп болған соң, Шәкен орнынан тұрып барып, терезе пердесін түсі­ріп, шамдарды жақты. Ыңылдады. Үні қобал­­­­жулы. Іштей дауысын бір қалыпқа келтіре алмай “Екі жиреннің” ырғағын быж-тыж ғып қожыратып жіберді. Сосын сәл аңырған күйі креслоға қайта кеп отырды. – Қане, Суат, айтып көрші… Әнші қысылды. – Домбыраға қосыласың ба? Суат басын шайқады да әнді жарты дауысымен бастай берді. Домбыра жайына қалды. Шәкен сағатына қарады да отырды. Бір кезде ән де бітті. Әннің соңғы нотасы ентіктіріп тастады. “Үш жарым минут… бір шумағы… ұзақ ән екен-ау”, – деді Шәкен ішінен. Үй иесі түрегелді. Қабағында кірбің. Терезе алдына барды. Сыртқа қарап біраз тұрды. Үнсіз кеп ыдыс-аяқты жинады. Сосын құдды бір музей аралап жүрген алаңсыз жандай жазу столында жатқан бір кітаптарға үңілді. Этажерка полка­сындағы оттықтарын, кездіктерін, қаламсаптарын, тағы бір ұсақ-түйек бір­де­мелерді ұстап көріп, әлденеге таңдай қағып, осы үйде өзінен басқа тірі пенде жоқтай өзімен-өзі боп кетті. Суатты ұмытты. Әншіде үн жоқ. Шәкен төргі бөлмеге кірді де ұзақ кідірді. Бір мез­гілде қолында бір ескілеу пластинка бар, қайта шықты. Оны бұ­рышта тұрған ра­диолаға апарып салды. Жүсіп­бектің даусы Ақан серінің “Мақпалын” үзілдірді. Ән біткенде Шәкен бір сәт ойланып қалды да Суаттың жанына кеп, иығына қолын салып: «Сезіммен… Тек қана сезіммен! Онсыз ән түкке тұрмайды…. Өмір де бос дүние. Осы күндері сен “Екі жиренмен” әлексің. Ән ә дегеннен күпті көңілдің сарылтқан сырын сыздықтата шығарады. Мұндағы “ахаудың” өзі бірінші түріндегіден әлдеқайда басыңқы, мұңды. Бірақ, сен оны тым салбыратып, жасытып жібердің. Ақан серінің уыты керек. Қайнап жатқан жігер ол. Соны сездір. Жақсы үйренгенсің. Бірақ, өзің­нен өзің қаусама. Ақан серідей шерменде жүректің дертіне шыдамасақ өмір сүріп, ғашық боп керегі не? Мен әнші емеспін. Мен саған көп нәрсеге ынтық боп, көп нәрседен түңілген жүрегімнің лүпілін ғана жеткізіп тұрмын, – деді. Шәкен “Екі жиренді” іштей ыңылдап, ойы құлазып, әлдеқайда ұзай берді. Суат қайтуға ыңғайланып, киіне бас­тады. Үй иесі мұндай сәтте жалғыздықты қалайды. Суат соны сезді де үн-түнсіз шығып кетті.   Илья ЖАҚАНОВ

Арада күндер өтіп жатты.
Шәкен Суатты күтпеген жерде талай рет кездестірді. Көбіне киностудияда. Қат-қабат тірлік арасында Суатты тың­дап та жүрді. Тыңдаған сайын: “Кел… тағы да кел,” – дей берді. Суат та еркін­сіп: “Гонорарым, аға…” дейді күмілжи еркелеп. Шәкен қолына қандай ақша түссе де ойланбастан ұстата салады. Суат осыған дәндеп алды.
Бірде түс мезгілі… қасында сейіл құрып, жүрген жолдастары бар, Суат киностудияға келді.
Ол кіргенде Шәкен кабинетінде бір орыс жігітімен шахмат ойнап отыр екен. Басын көтермеген күйі:
– Ә, Суат. Шұбат… Түйенің қымызы, айта бер, шаруаңды? – деп мырс етті.
Әнші не дерін білмей, қипақтап біраз тұрды.
– Сенің неге келгеніңді білемін, Суат. Шұбат… – деп тағы күлді Шәкен.
Сөйтті де қалтасына қолын салып, шахмат тақ­тасынан көз айырмай: «Он сом жете ме? Мә», – деді.
Жымың ете түскен Суат: «Аға, мұныңыз…» – деп азырқанды.
Шәкен Суатқа жалт қарап: «Е, сіз бүгінде еңбек сіңірген артист екенсіз ғой. Категорияңыз көтерілген. Дұрыс… дұрыс… ставкаңыз жоғары. Мә, жиырма бес!» – деп тағы бір он бес сом ақшаны ұсына бергенде: «Жо-жоқ! Тұра тұр, мен саған алдыңғы күні телефон соғып “Екі жиреннің” қайырмасына көп шүйілдім. Бар ауырлық осы қайырмада екенін айттым. Ең соңғы нотасын тұңғиыққа батыра бер, деп едім. Солай еттің бе? Шыныңды айт!» – деді.
Суат “Ахау” деп басталатын қайыр­маны дәр­менсіз аңсау секілді ыңылдап берді. Шәкен үндемеді. Қолындағы ақшасын беріп жатып: – Осылай… әлі де сыздата бер, – деді.
Шәкеннен аларын алса да, Суат маңдайынан тері бұрқ ете түсіп, киностудиядан ойланып шықты.
Сол түні “Екі жиреннің” қайырмасы Суаттың ұйқысын қашырды. Қыстың ұзақ талмалы түнінде тебірене дөңбек­шіп, кірпік ілмеді. Ақыры ол соңғы нотаны жетер жеріне жеткізіп тынғандай сезінді. Ән уһілеп барып бітті. Пианист Кацманның да діттегені осы еді.
Осындай да беймаза түн болады екен…
*   *   *
Күн шыңылтыр аяз еді. Суат ымырт үйіріле бере Шәкеннің үйіне келді.
Кірген бойда: «Ассалаумағалейкүм, аға», – деді.
– Ә, Суат, кел, – деді Шәкен.
Үй іші қаракөлеңке. Шәкен бөлменің қақ ортасындағы кең креслоға молынан түсіп, екі аяғын созып жіберіп, шалқайыңқырап, домбыра шертіп отыр. Өзінің жаны сүйер “Қосбасары”… Алдында әшекейлі аққұман, қаймақ құйған сырлы тостаған… сырлы кесе… үнді шайының иісі көкірек жарады.
– Жеңгең театрға кетіп, шайды өзім демдеп, шахматтан ауырған басты жазып отырған жай бар. Қане, отыр, – деп үй иесі домбырасын жанына сүйеп қоя салды да, шай құйды.
Шай ішіліп болған соң, Шәкен орнынан тұрып барып, терезе пердесін түсі­ріп, шамдарды жақты. Ыңылдады. Үні қобал­­­­жулы. Іштей дауысын бір қалыпқа келтіре алмай “Екі жиреннің” ырғағын быж-тыж ғып қожыратып жіберді. Сосын сәл аңырған күйі креслоға қайта кеп отырды.
– Қане, Суат, айтып көрші…
Әнші қысылды.
– Домбыраға қосыласың ба?
Суат басын шайқады да әнді жарты дауысымен бастай берді. Домбыра жайына қалды. Шәкен сағатына қарады да отырды. Бір кезде ән де бітті. Әннің соңғы нотасы ентіктіріп тастады. “Үш жарым минут… бір шумағы… ұзақ ән екен-ау”, – деді Шәкен ішінен.
Үй иесі түрегелді. Қабағында кірбің. Терезе алдына барды. Сыртқа қарап біраз тұрды. Үнсіз кеп ыдыс-аяқты жинады. Сосын құдды бір музей аралап жүрген алаңсыз жандай жазу столында жатқан бір кітаптарға үңілді. Этажерка полка­сындағы оттықтарын, кездіктерін, қаламсаптарын, тағы бір ұсақ-түйек бір­де­мелерді ұстап көріп, әлденеге таңдай қағып, осы үйде өзінен басқа тірі пенде жоқтай өзімен-өзі боп кетті. Суатты ұмытты. Әншіде үн жоқ. Шәкен төргі бөлмеге кірді де ұзақ кідірді. Бір мез­гілде қолында бір ескілеу пластинка бар, қайта шықты. Оны бұ­рышта тұрған ра­диолаға апарып салды. Жүсіп­бектің даусы Ақан серінің “Мақпалын” үзілдірді.
Ән біткенде Шәкен бір сәт ойланып қалды да Суаттың жанына кеп, иығына қолын салып: «Сезіммен… Тек қана сезіммен! Онсыз ән түкке тұрмайды…. Өмір де бос дүние. Осы күндері сен “Екі жиренмен” әлексің. Ән ә дегеннен күпті көңілдің сарылтқан сырын сыздықтата шығарады. Мұндағы “ахаудың” өзі бірінші түріндегіден әлдеқайда басыңқы, мұңды. Бірақ, сен оны тым салбыратып, жасытып жібердің. Ақан серінің уыты керек. Қайнап жатқан жігер ол. Соны сездір. Жақсы үйренгенсің. Бірақ, өзің­нен өзің қаусама. Ақан серідей шерменде жүректің дертіне шыдамасақ өмір сүріп, ғашық боп керегі не? Мен әнші емеспін. Мен саған көп нәрсеге ынтық боп, көп нәрседен түңілген жүрегімнің лүпілін ғана жеткізіп тұрмын, – деді.
Шәкен “Екі жиренді” іштей ыңылдап, ойы құлазып, әлдеқайда ұзай берді.
Суат қайтуға ыңғайланып, киіне бас­тады.
Үй иесі мұндай сәтте жалғыздықты қалайды. Суат соны сезді де үн-түнсіз шығып кетті.
 

Илья ЖАҚАНОВ

Бөлісу: