Эдуард Айрих

14 Қараша 2013, 05:52

Көзінің тірісінде аты аңызға айналатын адамдар өте сирек. Сол сиректің бірі біз әңгімелегелі отыр­ған Эдуард Фердинандович Айрих болатын. Оны мұндай дәрежеге жеткізген айрықша дара дарыны еді. Білікті бапкердің Алматының «Динамо» доп­ты және көгалдағы хоккейшілерімен бірге қол жеткізген жетістіктері оның есімін Гиннестің рекордтар кітабына енгізді. Ширек ғасырдан астам уақытқа созылған жаттықтырушылық жұмыс алма­тылық допты хоккейшілерді 1 рет КСРО чемпионы және Еуропа Кубок иелерінің жеңімпазы атан­дырса, көгалдағы хоккейшілерді 19 дүркін Одақ чем­пионы етіп, 2 реттен Еуропа чемпиондары кубогы мен Континентаралық кубокты жеңіп алуға бастап барды. Допты хоккейшілеріміздің КСРО біріншілігінде ұдайы жо­ғары орындардан көрініп жүргендігінен шығар, өткен ғасырдың орта тұсында ҚазМу-де студент болып жүрген кезімізде «Динамоның» ойынын құр жібермей көретінбіз. Алматының ақшұнақ аязы қаншалықты сақырлап тұрғанына қарамастан, бір қауым жанкүйерлердің қата­рын­да команданың кезекті ойы­нын тамашалау үшін «Ди­намо» стадио­нына қарай асы­ғушы едік. Біздің сол пейі­лі­мізге орай, хоккейшілер де ылғи дерлік өз алаңында же­ңіс­ке жетіп жататын. Сол ойын­дар­дың бәрінде команданың аға жаттықтырушысы (ол кезде қазір­гідей «бас жаттықтырушы» деген ұғым жоқ) Эдуард Айрих пен жаттықтырушы Қазбек Бай­бо­ловқа алыстан жиі-жиі көз тастап тұрушы едік. Кейінірек республикалық жас­тар газетінің тапсырмасымен осы екі бапкер­дің екеуімен де бірнеше рет тіл­десіп, деректер сұрау мен сұх­бат алудың реті келген. Сонда сөй­леген сөзінен неміс акценті айқын байқалып тұратын Эдуард Фердинандовичтің әрбір сөйлемі тасқа басқандай анық та сенімді шығатын. Бір таңғаларлығы, Эдуард Айрих кәсіби спорт маманы емес еді. 1918 жылы Саратов облысының Маркс-штадт қаласында дүниеге келген оның балалық және жастық шақтары қатар-құрбыларынан еш айырмасыз өтті. Әкесі Фердинанд Фердинандович Айрих (1899-1965) 1941 жылы жойылғанға дейін­гі Поволжье неміс АССР-інің қаржы халық комиссариатын­да ревизор болған. Анасы Паулина Филипповна (1898-1968) тігіншілікті кәсіп етті. Бұл екеуі 1941 жылдың қыркүйек айында үш ұлымен бірге Краснояр өл­ке­сіне шұғыл жер аударылып, ба­лық­шылар колхозында еңбекке же­гілді. Олардан бұл кезде жеке отбасын құрып үлгерген үлкен ұлдары Эдуард қана бөлініп қалды. Әулет мүшелері тек 1945 жылдың күзінде Краснотурьинскіде қайта бас қоса алды. Бірақ, Кеңес Ода­ғындағы басқа да немістер сияқ­ты 1955 жылға дейін арнайы ко­мен­датураның бақылауында тұрды. Балалық шағын Еділ бойы немістері автономиясының Мариентель селосындағы кантонында (біздіңше – аудан) өткізген Эдуард осында жеті сыныптық білім алғаннан кейін Маркс-штадт ауыл шаруашылығын механикаландыру техникумына оқуға түсті. Ал 1935 жылы арнайы іріктеуден өткен ол комсомолдық жолдамамен Вольжск әскери авиациялық училищесіне жіберілді. Бұл кезде орысша нашар сөйлейтін оған оқу оңайға түспеді. Дегенмен, табанды да жігерлі Эдик алға қойған мақсатына тез жете бастады. Ол 1937 жылдан бастап училищенің маңдайалды оқушыларының біріне айналады. Бұл, бірақ, бәрібір оның ұшқыш болып шығуына мүмкіндік бермеді. 1938 жылы бітіру емтихандары қарсаңында жоғарыдан берілген тапсырмаға сәйкес өзге де немістермен бірге оқудан шығарылды. Тағдырдың бұл соққысы Эдуардқа аса ауыр тиді. Сонда да болса мойымаған ол Маркс-штадтқа оралып, кан­тондық «Роте штурмфане» газетіне орналасты. Ал бос уақытында спортпен шұғылданып, футбол мен хоккейден Поволжье неміс АССР-інің РСФСР автономиялы республикалары арасындағы спартакиадасына қатысқан құрамасы сапында өнер көрсетті. 1941 жылғы тамыз айының 28-інде КСРО Еділ бойы әскери округінің жарлығы бойынша Эдуард бір жасқа жаңа толған ұлымен және әйелімен бірге алғашында Краснояр өлкесіне жөнелтілді. Содан соң әйелі мен баласынан ажыратылып, Солтүстік Оралға еңбек армиясына аттандырылды. Осындағы қалайы комбинатында қатардағы қарапайым жұмысшыдан бастап, трамвай депосының бастығы дәрежесіне дейінгі жолдан өтті. Арасында 1944 жылы көп тиражды «Сталинская стройка» газетінде де қызмет атқарды. Ал еңбек армиясы қатарынан босағаннан кейін, біртіндеп өзіне-өзі келе бастаған Эдуард 1948 жылы 30 жасында комбинат жанынан бірінші балалар мен спорт мектебінің ашылуына қол жеткізді. Өзі допты хоккейден Бүкілодоқтық дәрежедегі төреші атанып үлгерді. Орал тауының теріскей бө­лі­гіндегі қаладағы Эдуард Ай­рихтың тамаша табыстары түс­тік­тегі Алматыға да естіліп жатты. Сондықтан мұндағы спорт мамандары оны 1964 жылғы чемпионаттың қарсаңында жер­гі­лікті «Динамоны» көтеруге ша­қырды. Бұған 46 жастағы Эдуард Фердинандович қуана келісті. Осылайша ол өз алдына жеке шеберлер командасын жаттықтыру жөніндегі көптен бергі арманына қол жеткізді. Жаттықтырушы Краснотурьинскіден қазақ жеріне өзімен бірге Яков Апельганец, Борис Чехлыстов, Геннадий Люб­­чен­ко, Александр Куземчик, Валерий Бочков, Александр Шу­ле­пов сынды талантты шәкірттерін ала келді. Команданың негізін құраған бұлардың барлығы дер­лік кейінірек Одақтағы мықты ойыншылардың қатарынан табылды. Айталық, Валерий Бочков әлем чемпионы атанса, Геннадий Любченко КСРО құрамасы сапында ойнады. Тәртіпке қатал, талабы жоғары, мақсаты жолында табанды, ойлы маман, стратег және психолог Эдуард Айрих Алматыға келген күнінен команданың алдына жоғары мақсат қойды. Сөйтіп ол бұған дейін Одақ чемпионатының жоғары лигасында 10-шы орыннан биікке көтеріліп көрмеген спорт ұжымын үздік үштіктің қатарына жеткізуге ұмтылды. Алғашқы жылы-ақ ұжымнан қорғанысты ұмытып, тек қана шабуылға шығу талап етілді. Ол хоккейді өте жақсы білетін еді, соған қарамастан, өзгелерден үйреніп отыруды намыс көрмеді. Ұдайы шығармашылық өсу үстінде жүрді. Осы қасиеттері үшін динамолық басшыларға да ұнады. Сондықтан Эдуард Фердинандовичтің спорттағы бақытты ғұмыры ұзаққа созылды. Оны тіпті өмірінің соңына дейін жалғасты деуге болады. Жаңа бапкер баптаған алматы­лықтар алғашқы ірі табысына 1965-1966 жылғы маусымда қол жеткізді. Бар-жоғы бір жылдың ішінде Одақ допты хоккей жаса­ғының алдыңғы қатарына дейін жеткен динамолықтар чемпионат қорытындысында қола жүлдегер атанды. Сөйтіп, Мәскеудің «Ди­на­мо» және Свердловскінің СКА командаларымен тең дәрежелі шайқаса алатын ұжымға айналды. Келесі, 1967 жылдың науры­зында аяқталған біріншілікте де динамошылар үшінші орнын сақтап қалды. Бұдан кейін 1971, 1974 жылдары тағы қола медаль алған «Динамо» 1973, 1975 және 1976 жылдары күміс медальды қанжығаға байлады. Ал 1977 жылы алғаш рет алтыннан алқа тақты. Бір жолы КСРО кубогын жеңіп алды. Жалпы, допты хоккей командасын баптаған 14 жылы ішінде оны КСРО чемпионатында 1 рет алтын, 3 рет күміс және 4 рет қола медаль тұғырына көтерген Эдуард Фердинандович 1978 жылы орнын өзінің шәкірті әрі серігі Қазбек Байболовқа қалдырды. Эдуард Фердинандович басқарған жылдарда Алматының «Динамо» допты хоккейшілері командасы Одақ деңгейінде көптеген рекордтар да жасап үлгерді. Айталық, ресми кездесулерде 518 доп соққан динамолық шабуылшы Евгений Агуреев өзінен бұрынғы Свердловскінің СКА командасының атақты ойыншысы Николай Дураковтың көп жыл бойы мызғымай тұрған рекордын жаңартты. Бұл жетістік ұзақ уақыт сақталып, оған тек Кеңес Одағы тарағаннан кейін ғана өзгеріс енді. Осы Е.Агуреев 1976 жылы мәреге жеткен біріншілікте 74 доп соғып, тағы бір рекордтың шыңына шықты. Алматылықтар бір чемпионатта ең көп гол соққан команда да болды. Олар 1976 жылы 26 ойында қарсыластар қақпасын 181 мәрте нысанаға дәл алып, тағы бір рекордты өз есептеріне жазды. Алпысыншы жылдардың аяғында біздің елімізде алғаш рет көгалдағы хоккей қолға алына бастаған кезде оған алдыңғылардың қатарында назар аударушылардың бірі Эдуард Айрих болды. Ол спорттың бұл түрінің Олимипиялық ойындар тізіміне енгенін білгесін дереу оны дамытуға кірісті. Сөйтіп, Алматының «Динамо» командасы қыста – допты хоккей, жазда көгалдағы хоккей жөніндегі чемпионаттарға қатыса бастады. Динамошылар мұнда жазғы хоккей бойынша бірден Одақ көшбастаушылары қатарынан көрінді. Онымен Свердловскінің СКА командасы тағы да бәсекелес болып шыға келді. Бірақ доп­ты хоккейдегідей емес, мұнда алматылықтардың алар еншісі айтарлықтай қомақты болып шықты. Дегенмен, екі хоккейдің басын бұлайша қосып ұстап тұрудың қиын екенін өмірдің өзі көрсетіп берді. Сондықтан аға жаттықтырушы мен ойыншыларға да осының бірін таңдау керектігі белгілі болып қалды. Сол кезде Эдуард Айрих көгалдағы хоккейді таңдады. Кейінірек Эдуард Фердинан­довичтен неге хоккейдің бұл түріне тоқталғанын сұрағанымызда, ол әзіл-шыны аралас: «Еуропадағы ең мықты команданың Алматыда болғанын қалаймын», деп жауап берген еді. Бұл шынында да солай болды. Ал Одақта алматылық динамошылардың бетіне келетін жасақ болмай қалды. Бұл үшін КСРО-ның өткен 23 біріншілігінің 19-да олардың чемпион атанып, 4-інде күміс медаль алғанын айтсақ та жеткілікті. Сонда барлық чемпионатта динамошылар екінші орыннан төмен түсіп көрмеген ғой. Бұдан артық қандай жетістік керек! Эдуард Айрихтің қол астында «Динамо» командасы Одақтағы көгалдағы хоккей ұжымдарының эталонына айналды. Басқа ұжымдар соған қарап сап түзеді. Ол басқарған динамошылар КСРО біріншіліктері мен Ресейдің бір чемпионатында өнер көрсеткен жылдарында 612 ойын өткізіп, соның 421-де жеңіске жетті, 134 рет тең ойнап, 57 матчта ғана қарсыластарына есе жіберді. КСРО Кубогының он сайысында 41 рет ұтып, 3 рет тең түсті, бар-жоғы 5 кездесуде жеңіліс тапты. Алматыда жұмыс жасаған жылдарында Эдуард Айрих КСРО-ға еңбегі сіңген 11 спорт шеберін, халықаралық дәрежедегі 30 спорт шеберін және 150-ден астам КСРО спорт шеберін даяр­лап шығарды. Ол сонымен бірге керемет отбасының иесі еді. Зайыбы Эмилия екеуі екі ұл, бір қыз тәрбиелеп өсірді. Ұлдарының үлкені Юрий қазір Алматыда тұрады. Оның қызы қазақ жігітіне тұрмысқа шығып, өзі біздің жұртымызға айналып кетті. Ал атақты бапкердің екінші ұлы Валерий мен қызы Ирина 1990 жылдың басынан бері Германияны мекен етуде. Эдуард Фердинандович зайыбымен екеуі елу жылдан астам, 1992 жылы Эмилия көз жұмғанға дейін бірге бақытты ғұмыр кешті. Ал бір жылдан кейін атақты жаттықтырушының да жүрегі соғуын тоқтатты. Қазақ жері өзінің топырағында осындай ұлы адамның тіршілік еткені үшін риза, қазақ спорты осындай ғажайып бапкердің рухы алдында әрдайым қарыздар. Серік ПІРНАЗАР, «Егемен Қазақстан»

Көзінің тірісінде аты аңызға айналатын адамдар өте сирек. Сол сиректің бірі біз әңгімелегелі отыр­ған Эдуард Фердинандович Айрих болатын. Оны мұндай дәрежеге жеткізген айрықша дара дарыны еді. Білікті бапкердің Алматының «Динамо» доп­ты және көгалдағы хоккейшілерімен бірге қол жеткізген жетістіктері оның есімін Гиннестің рекордтар кітабына енгізді. Ширек ғасырдан астам уақытқа созылған жаттықтырушылық жұмыс алма­тылық допты хоккейшілерді 1 рет КСРО чемпионы және Еуропа Кубок иелерінің жеңімпазы атан­дырса, көгалдағы хоккейшілерді 19 дүркін Одақ чем­пионы етіп, 2 реттен Еуропа чемпиондары кубогы мен Континентаралық кубокты жеңіп алуға бастап барды.

Допты хоккейшілеріміздің КСРО біріншілігінде ұдайы жо­ғары орындардан көрініп жүргендігінен шығар, өткен ғасырдың орта тұсында ҚазМу-де студент болып жүрген кезімізде «Динамоның» ойынын құр жібермей көретінбіз. Алматының ақшұнақ аязы қаншалықты сақырлап тұрғанына қарамастан, бір қауым жанкүйерлердің қата­рын­да команданың кезекті ойы­нын тамашалау үшін «Ди­намо» стадио­нына қарай асы­ғушы едік. Біздің сол пейі­лі­мізге орай, хоккейшілер де ылғи дерлік өз алаңында же­ңіс­ке жетіп жататын. Сол ойын­дар­дың бәрінде команданың аға жаттықтырушысы (ол кезде қазір­гідей «бас жаттықтырушы» деген ұғым жоқ) Эдуард Айрих пен жаттықтырушы Қазбек Бай­бо­ловқа алыстан жиі-жиі көз тастап тұрушы едік. Кейінірек республикалық жас­тар газетінің тапсырмасымен осы екі бапкер­дің екеуімен де бірнеше рет тіл­десіп, деректер сұрау мен сұх­бат алудың реті келген. Сонда сөй­леген сөзінен неміс акценті айқын байқалып тұратын Эдуард Фердинандовичтің әрбір сөйлемі тасқа басқандай анық та сенімді шығатын.

Бір таңғаларлығы, Эдуард Айрих кәсіби спорт маманы емес еді. 1918 жылы Саратов облысының Маркс-штадт қаласында дүниеге келген оның балалық және жастық шақтары қатар-құрбыларынан еш айырмасыз өтті. Әкесі Фердинанд Фердинандович Айрих (1899-1965) 1941 жылы жойылғанға дейін­гі Поволжье неміс АССР-інің қаржы халық комиссариатын­да ревизор болған. Анасы Паулина Филипповна (1898-1968) тігіншілікті кәсіп етті. Бұл екеуі 1941 жылдың қыркүйек айында үш ұлымен бірге Краснояр өл­ке­сіне шұғыл жер аударылып, ба­лық­шылар колхозында еңбекке же­гілді. Олардан бұл кезде жеке отбасын құрып үлгерген үлкен ұлдары Эдуард қана бөлініп қалды. Әулет мүшелері тек 1945 жылдың күзінде Краснотурьинскіде қайта бас қоса алды. Бірақ, Кеңес Ода­ғындағы басқа да немістер сияқ­ты 1955 жылға дейін арнайы ко­мен­датураның бақылауында тұрды.

Балалық шағын Еділ бойы немістері автономиясының Мариентель селосындағы кантонында (біздіңше – аудан) өткізген Эдуард осында жеті сыныптық білім алғаннан кейін Маркс-штадт ауыл шаруашылығын механикаландыру техникумына оқуға түсті. Ал 1935 жылы арнайы іріктеуден өткен ол комсомолдық жолдамамен Вольжск әскери авиациялық училищесіне жіберілді. Бұл кезде орысша нашар сөйлейтін оған оқу оңайға түспеді. Дегенмен, табанды да жігерлі Эдик алға қойған мақсатына тез жете бастады. Ол 1937 жылдан бастап училищенің маңдайалды оқушыларының біріне айналады. Бұл, бірақ, бәрібір оның ұшқыш болып шығуына мүмкіндік бермеді. 1938 жылы бітіру емтихандары қарсаңында жоғарыдан берілген тапсырмаға сәйкес өзге де немістермен бірге оқудан шығарылды. Тағдырдың бұл соққысы Эдуардқа аса ауыр тиді. Сонда да болса мойымаған ол Маркс-штадтқа оралып, кан­тондық «Роте штурмфане» газетіне орналасты. Ал бос уақытында спортпен шұғылданып, футбол мен хоккейден Поволжье неміс АССР-інің РСФСР автономиялы республикалары арасындағы спартакиадасына қатысқан құрамасы сапында өнер көрсетті.

1941 жылғы тамыз айының 28-інде КСРО Еділ бойы әскери округінің жарлығы бойынша Эдуард бір жасқа жаңа толған ұлымен және әйелімен бірге алғашында Краснояр өлкесіне жөнелтілді. Содан соң әйелі мен баласынан ажыратылып, Солтүстік Оралға еңбек армиясына аттандырылды. Осындағы қалайы комбинатында қатардағы қарапайым жұмысшыдан бастап, трамвай депосының бастығы дәрежесіне дейінгі жолдан өтті. Арасында 1944 жылы көп тиражды «Сталинская стройка» газетінде де қызмет атқарды. Ал еңбек армиясы қатарынан босағаннан кейін, біртіндеп өзіне-өзі келе бастаған Эдуард 1948 жылы 30 жасында комбинат жанынан бірінші балалар мен спорт мектебінің ашылуына қол жеткізді. Өзі допты хоккейден Бүкілодоқтық дәрежедегі төреші атанып үлгерді.

Орал тауының теріскей бө­лі­гіндегі қаладағы Эдуард Ай­рихтың тамаша табыстары түс­тік­тегі Алматыға да естіліп жатты. Сондықтан мұндағы спорт мамандары оны 1964 жылғы чемпионаттың қарсаңында жер­гі­лікті «Динамоны» көтеруге ша­қырды. Бұған 46 жастағы Эдуард Фердинандович қуана келісті. Осылайша ол өз алдына жеке шеберлер командасын жаттықтыру жөніндегі көптен бергі арманына қол жеткізді. Жаттықтырушы Краснотурьинскіден қазақ жеріне өзімен бірге Яков Апельганец, Борис Чехлыстов, Геннадий Люб­­чен­ко, Александр Куземчик, Валерий Бочков, Александр Шу­ле­пов сынды талантты шәкірттерін ала келді. Команданың негізін құраған бұлардың барлығы дер­лік кейінірек Одақтағы мықты ойыншылардың қатарынан табылды. Айталық, Валерий Бочков әлем чемпионы атанса, Геннадий Любченко КСРО құрамасы сапында ойнады.

Тәртіпке қатал, талабы жоғары, мақсаты жолында табанды, ойлы маман, стратег және психолог Эдуард Айрих Алматыға келген күнінен команданың алдына жоғары мақсат қойды. Сөйтіп ол бұған дейін Одақ чемпионатының жоғары лигасында 10-шы орыннан биікке көтеріліп көрмеген спорт ұжымын үздік үштіктің қатарына жеткізуге ұмтылды. Алғашқы жылы-ақ ұжымнан қорғанысты ұмытып, тек қана шабуылға шығу талап етілді. Ол хоккейді өте жақсы білетін еді, соған қарамастан, өзгелерден үйреніп отыруды намыс көрмеді. Ұдайы шығармашылық өсу үстінде жүрді. Осы қасиеттері үшін динамолық басшыларға да ұнады. Сондықтан Эдуард Фердинандовичтің спорттағы бақытты ғұмыры ұзаққа созылды. Оны тіпті өмірінің соңына дейін жалғасты деуге болады.

Жаңа бапкер баптаған алматы­лықтар алғашқы ірі табысына 1965-1966 жылғы маусымда қол жеткізді. Бар-жоғы бір жылдың ішінде Одақ допты хоккей жаса­ғының алдыңғы қатарына дейін жеткен динамолықтар чемпионат қорытындысында қола жүлдегер атанды. Сөйтіп, Мәскеудің «Ди­на­мо» және Свердловскінің СКА командаларымен тең дәрежелі шайқаса алатын ұжымға айналды. Келесі, 1967 жылдың науры­зында аяқталған біріншілікте де динамошылар үшінші орнын сақтап қалды. Бұдан кейін 1971, 1974 жылдары тағы қола медаль алған «Динамо» 1973, 1975 және 1976 жылдары күміс медальды қанжығаға байлады. Ал 1977 жылы алғаш рет алтыннан алқа тақты. Бір жолы КСРО кубогын жеңіп алды. Жалпы, допты хоккей командасын баптаған 14 жылы ішінде оны КСРО чемпионатында 1 рет алтын, 3 рет күміс және 4 рет қола медаль тұғырына көтерген Эдуард Фердинандович 1978 жылы орнын өзінің шәкірті әрі серігі Қазбек Байболовқа қалдырды.

Эдуард Фердинандович басқарған жылдарда Алматының «Динамо» допты хоккейшілері командасы Одақ деңгейінде көптеген рекордтар да жасап үлгерді. Айталық, ресми кездесулерде 518 доп соққан динамолық шабуылшы Евгений Агуреев өзінен бұрынғы Свердловскінің СКА командасының атақты ойыншысы Николай Дураковтың көп жыл бойы мызғымай тұрған рекордын жаңартты. Бұл жетістік ұзақ уақыт сақталып, оған тек Кеңес Одағы тарағаннан кейін ғана өзгеріс енді. Осы Е.Агуреев 1976 жылы мәреге жеткен біріншілікте 74 доп соғып, тағы бір рекордтың шыңына шықты. Алматылықтар бір чемпионатта ең көп гол соққан команда да болды. Олар 1976 жылы 26 ойында қарсыластар қақпасын 181 мәрте нысанаға дәл алып, тағы бір рекордты өз есептеріне жазды.

Алпысыншы жылдардың аяғында біздің елімізде алғаш рет көгалдағы хоккей қолға алына бастаған кезде оған алдыңғылардың қатарында назар аударушылардың бірі Эдуард Айрих болды. Ол спорттың бұл түрінің Олимипиялық ойындар тізіміне енгенін білгесін дереу оны дамытуға кірісті. Сөйтіп, Алматының «Динамо» командасы қыста – допты хоккей, жазда көгалдағы хоккей жөніндегі чемпионаттарға қатыса бастады. Динамошылар мұнда жазғы хоккей бойынша бірден Одақ көшбастаушылары қатарынан көрінді. Онымен Свердловскінің СКА командасы тағы да бәсекелес болып шыға келді. Бірақ доп­ты хоккейдегідей емес, мұнда алматылықтардың алар еншісі айтарлықтай қомақты болып шықты. Дегенмен, екі хоккейдің басын бұлайша қосып ұстап тұрудың қиын екенін өмірдің өзі көрсетіп берді. Сондықтан аға жаттықтырушы мен ойыншыларға да осының бірін таңдау керектігі белгілі болып қалды. Сол кезде Эдуард Айрих көгалдағы хоккейді таңдады.

Кейінірек Эдуард Фердинан­довичтен неге хоккейдің бұл түріне тоқталғанын сұрағанымызда, ол әзіл-шыны аралас: «Еуропадағы ең мықты команданың Алматыда болғанын қалаймын», деп жауап берген еді. Бұл шынында да солай болды. Ал Одақта алматылық динамошылардың бетіне келетін жасақ болмай қалды. Бұл үшін КСРО-ның өткен 23 біріншілігінің 19-да олардың чемпион атанып, 4-інде күміс медаль алғанын айтсақ та жеткілікті. Сонда барлық чемпионатта динамошылар екінші орыннан төмен түсіп көрмеген ғой. Бұдан артық қандай жетістік керек!

Эдуард Айрихтің қол астында «Динамо» командасы Одақтағы көгалдағы хоккей ұжымдарының эталонына айналды. Басқа ұжымдар соған қарап сап түзеді. Ол басқарған динамошылар КСРО біріншіліктері мен Ресейдің бір чемпионатында өнер көрсеткен жылдарында 612 ойын өткізіп, соның 421-де жеңіске жетті, 134 рет тең ойнап, 57 матчта ғана қарсыластарына есе жіберді. КСРО Кубогының он сайысында 41 рет ұтып, 3 рет тең түсті, бар-жоғы 5 кездесуде жеңіліс тапты.

Алматыда жұмыс жасаған жылдарында Эдуард Айрих КСРО-ға еңбегі сіңген 11 спорт шеберін, халықаралық дәрежедегі 30 спорт шеберін және 150-ден астам КСРО спорт шеберін даяр­лап шығарды. Ол сонымен бірге керемет отбасының иесі еді. Зайыбы Эмилия екеуі екі ұл, бір қыз тәрбиелеп өсірді. Ұлдарының үлкені Юрий қазір Алматыда тұрады. Оның қызы қазақ жігітіне тұрмысқа шығып, өзі біздің жұртымызға айналып кетті. Ал атақты бапкердің екінші ұлы Валерий мен қызы Ирина 1990 жылдың басынан бері Германияны мекен етуде.

Эдуард Фердинандович зайыбымен екеуі елу жылдан астам, 1992 жылы Эмилия көз жұмғанға дейін бірге бақытты ғұмыр кешті. Ал бір жылдан кейін атақты жаттықтырушының да жүрегі соғуын тоқтатты. Қазақ жері өзінің топырағында осындай ұлы адамның тіршілік еткені үшін риза, қазақ спорты осындай ғажайып бапкердің рухы алдында әрдайым қарыздар.

Серік ПІРНАЗАР,

«Егемен Қазақстан»

Бөлісу: