Ғайпен Бейісов

14 Қараша 2013, 05:26

Соғыс туралы ащы шындықты айтар болсақ, қоршауда қалып немесе жаралы күйінде тұтқынға түсіп, азап шекендерді елемей кетуге болмайды. Соғыстың алғашқы кезеңінде кеңес жауынгерлері мыңдап қырылып, тірі қалғандары қоршауды бұзып өтіп партизандарға қосылды. Мұндай бақытқа қолы жетпегендер концлагерьлерде азап шекті. Сондай тұтқындардың бірі соғыс жылдарында Түркістан легионы қатарында болған атыраулық Ғайпен Бейісов еді. Ғайпен Бейісов 1921 жылы Атырау (бұрынғы Гурьев) облысының, Махамбет (бұрынғы Бақсай) ауданына қарасты Талқайраң ауылында дүниеге келген. Он сегіз жасында партия мүшелігіне кандидаттыққа қабылданса, сол кездері Бақсай аудандық партия комитетінде жұмыс істеді, әскерге шақырылып, училищеге оқуға жіберіледі. 1941 жылы Қызыл Армия қатарына алынып, 15 қыркүйекте Украинадағы Лоховица қаласының маңындағы ұрыста ауыр жараланып, неміс-фашистерінің қолына түседі, айлар бойы лагерь азабын тартып, Түркістан Ұлттық комитетіне жұмысқа тұрады. Соғыс жылдарында Вермахттың Жоғарғы бас командованиесінің Түркістан насихат бөлімінің әскери фототілшісі болып, шығармашылықпен айналысқан. 1945 жылы легионерлердің қашуын ұйым­дастырды деген сезікпен Ғ.Бейісов, Х.Аб­дул­лин, Закиров, Е.Қалдыбаев тұтқындалып, ату жазасына кесіледі. Бұл кезеңде кеңес армиясының қарқынды шабуылынан қаймыққан неміс-фашистері шапшаң шегінуде болатын. Үкім орындалар түнде түрме күзетшілері қа­шып кетіп, бұлар аман қалады. Неміс түр­месінен босаған соң Қызыл Армия қатарына қа­былданып, 1946 жылы әскер қатарынан босап елге оралған Ғ.Бейісов 1946 жылы РКФСР Қылмыс заңының 58-1б-бабына сәйкес «халық жауы» ретінде 10 жыл бас бостандығынан айырылып, атышулы Сібір, Степлаг, Карлагтың тозақ өмірін бастан кешеді, тек 1956 жылы босайды. Одан кейінгі жылдары Атырау, Маңғыстау облыстарының кәсіпорындарында инженер болып істеп, зейнеткерлікке шыққан. Тек 60 жылдан кейін Қазақстан Республикасы Бас Әскери прокуратурасының 2006 жылдың 24 сәуіріндегі №12/3-06(Р) қорытындысымен ақталып, саяси қуғын-сүргін құрбаны мәртебесін алған. Сол қорытындымен бірге Ұлттық қауіпсіздік комитеті мұрағатында сақталған, 1941 жылы соғыс алдында лейтенант формасында түскен фотосуретін қоса алған. 2007 жылдың 8 мамыры күні бақиға озды. Ғ.Бейісовтің «Тамұқтан өткен тағдыр» (Алматы, «Өлке», 2002, 400-бет.) атты деректі әңгіме кітабындағы басты тұлғалар екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі тарихтың «ақтаңдақтар» беттерінен ойып, өз орындарын алатын қайраткерлер екендігін кәрі тарихтың өзі дәлелдеп берді. Естеліктерін 1955 жылы Қоянды басқармасы лагерінің 3-бөлімінде жүріп жаза бастаған. Көп күрсінткен күрең жылдар Ғайпекеңнің жадынан қалай өшсін. Аталған кітапта Мұстафа Шоқай, Вели Каюмхан, Хамза Абдуллин (әдеби бүркеншек есімі Сайран), Мәулікеш Қайболдин (Асан Қайғы), Мәжит Аяпбеков (М.Дара), Баймұрза Хайт, Қарес Қанатбаев, Қази Қазыбеков (Қази), Мәжит Айтбаев (Қобызшы Қорқыт), т.б. сияқты соғыс кезіндегі Берлиндегі Түркістан комитетінің көрнекті өкілдерінің қилы тағдырлары жан-жақты әңгімеленеді. 1944 жылы Берлин қаласындағы баспадан Ғ.Бейісовтің «Бұлбұлдың үні» атты кітапшасы үш тілде басылып шыққан. Қазақшасы латын ғарпімен басылған. Кітапшаның тағы бір ерекшелігін еске түсірген автордың айтуынша, Максим Горькийге еліктеп жазған «Ана» әңгімесінің кейін қолға тиген кітапшада жоқ екендігіне өкініш білдіреді. Кітапшаның орысшасы «Голос соловья», ал немісшесі «Динахтигаль» атауларымен баспа көреді. Оның шығуына жәрдем берген «Жаңа Түркістан» газетін шығарушылардың бірі Хамза Абдуллин болатын. Х.Абдуллин соғыс аяқталған соң сталиндік лагерьдің ащы дәмін татып оралған. Оның тозақ лагерінде жүріп, грузин халқының атақты «Жолбарыс тонды жиһанкез» («Жазушы» баспасы, Алматы, 1974 ж, 255-бет.) атты жыр дастанын қазақшаға аударғаны белгілі. 1944 жылы шыққан кітапшаның арада көптеген жылдардан кейін автордың қолына тиюіне себепші болған да Х.Абдуллин. Кітапшаның фотокөшірмесін ақсақалдың қолынан кезінде көрген болатынбыз. Оның фотокөшірмесін «Шалқар» газетінің бас редакторы Уақап Қыдырханұлынан сұрап алған («Егемен Қазақстан», 26 қаңтар, 2005 ж.) Ғайпен ақсақал «халық жауы» болып сотталғанымен, Отанын сатпағанын дәлелдей алмай пұшайым болғанын жыр қылып айтатын. Үш тілде шыққан кітабында «Бұлбұлдың үні», «Ананың қамқорлығын ұмытпа», «Жауынгердің күнделік дәптерінен үзінді», «Жараланған жүрек», «Демалыста» атты қадау-қадау әңгімелері басылған. Бұл кітап неміс армиясы басшылығының саяси-тәрбие бағытындағы тапсырысы бойынша шығарылғанмен, кітапшада Кеңес өкіметіне қарсы бірде-бір сөз жоқ екендігі, оқыған жанға айқын да нақты білініп тұрады. Әңгімелерінің барлығы Отанға, туған жерге деген сағыныш лебімен ерекшеленеді. Сонымен, 1936 жылы Берлин қаласында Мұстафа Шоқайдың радио арқылы барлық түркістандықтарға арнап, сөз сөйлегені белгілі. М.Шоқайдың сөйлеген сөзі үнтаспаға жазып алынып сақталған, кейін тәуелсіздік жылдары телевизия, радио арқылы берілді. Осы арада Мұстафа Шоқайдың радиода сөйлеген сөзін келтіре кетейік: «Алыста жүріп ел қайғысын ойлап, алыста жүріп ел қамын ойлап, Еуропаның һәр тарапында жүрген бүгінгі Түркияда тұрған Түркістан жастары, бірігіңдер! Сендердің бірліктерің, сендердің бір-біріңе күш қосуларың еліміздің бақытына қызмет етпек. Мұны ұмытпаңдар! Бәріміздің құбыламыз – өзіміздің атажұртымыз, өлкеміз Түркістан болмақ! Түркістан үшін өлу, Түркістан үшін жан беру бәрімізге бір мақсат, бір мухаббат уәзифа болмақ. Мұны ұмытпау керек! Құрымасымыз үшін, боспасымыз үшін күшімізді біріктіріп, иін тірестіріп, бір-бірімізге жәрдем беріп жүруіміз керек. Онсыз біздің күніміз қараң. Мұны ұмытпау керек!». Мұстафа Шоқай сөздерінің соңын «Мұны ұмытпау керек!» деген сөздермен аяқтап отырғанын аңғарамыз. Соғыстың қаһарлы жылы 1943-те Ғ.Бейісов түркістандықтардың көсемі М.Шоқайдың өсиетін «Сен оны ұмытпауға тиістісің!» деп жалғастырды. 1943 жылы желтоқсан айында Украинаның Миргород қаласында тұрған 162-ші Түркістан жаяу әскер дивизиясының (командирі генерал-майор, хинди тілінің маманы Нейдермайер) 1-ші полкінің (командирі Харьков әскери академиясын бітірген Қази Қазыбеков) жауынгерлері алдында далалық радио торабы (репродуктор) арқылы Вермахттың Жоғарғы бас командованиесінің Түркістан насихат взводының унтер-офицері шенінде ол былай депті: «Сен, мүмкін қараңғы түнде туған шығарсың, сенің бесігіңнің үстіне қайғының қара бұлты төнгенде, қорыққаныңнан көз жасың көктен құйған жауындай жауған шығар. Сол уақытта, сені тыным таппай бейшара анаң жұбатты, сенің жөргегіңді құрғатты. Сенің түзу, берік болып өсуің үшін қызмет етті. Сен оны ұмытпауға тиістісің! Анаң екі мықыны талып, бүкшеңдеп орақ орғанда, сен іште жатып еңбек күйін тыңдадың. Сен дүниеге келіп көзіңді ашқанда, түнде шатасып жылағаныңда, анаң түн ұйқысын төрт бөліп, көзін талдырып, бесік күйін жырлап, сені тербетті, сен үшін жанын пида қылды. Сенің мазасызданбауыңа тілектес болды. Сенің тілің шықпай тұрғанда, ең бірінші «ана» деуге тілің келген, сен тіл үйреніп сөйлей бастағанда «Ана» деген сөзден бастағансың. «Ана» деген сөз аз – сен оны ұмытпауға тиістісің. Анаң басқа ауылға қыдырғанда сені екі елі қасынан қалдырмады. Сенің шүлдірлеп жаңа ғана сөйлеп келе жатқан тіліңді қызық көріп еркелетті. «Сенің табаныңа қадалған тікен, менің маңдайыма қадалсын» деп тілек тіледі, бұл сенің денсаулығың үшін, дұрыс адам болып шығуың үшін тілектестігі еді. Сен оны ұмытпауға тиістісің! Сен даладан жүгіріп үйге келгенде «Қайдан келдің, қарағым?» дейтін анаң, сонда сен еркелеп, тамақ сұрайтынсың. Сонда «не ішесің, қарағым?» деп анаң барын алдыңа ұсынатын. Түсте әкесі сабаннан келгенде, анаң пісірген май бауырсақпен шай ішетінсіңдер, сонда, сен әр нені айтып, анаң мен атаңның ортасында отыратынсың. Сен оны ұмытпауға тиістісің! Сен жігіт болып өстің, қан майданда жауыңмен алыстың, енді анаңның сүтін ақта! Анаң үшін, Отаның үшін, халқың үшін қызмет ет! Жауыңа қайырымсыз бол! Сенің амандығыңды анаң тілеуде, оның көзінен көл болып, теңіз суындай жастар ағуда. Кеше қан майданда, жауып тұрған қорғасын жаңбырдан аман қалдың, мүмкін анаңның тілегі үшін аман қалған шығарсың. Сен оны ұмытпауға тиістісің! Сен жігіт болып өстің, қыздарға көз салдың, ғашық оты ерікке қоймады, жастықтың мастығында жүре бердің. Ол жастық сенің басыңды сиқырларша айналдырар, сенің көз алдыңа періштедей ғашық жарың елестер. Тек, сол жастыққа ауаланба, өзіңді өзің берік ұстауға тырыс. Бұл саған «жастық дәуіріңді құр өткіз» деген сөз емес, ойнай бер, күле бер, жастықтың мастығында суға жүзген балықтай жүзші, саған ешкім қарсылық етпейді, кімде-кім қарсылық етсе, ол адам өмірді әлі түсініп болмаған адам, ол адаммен шатаспа, көңіліңді бөлме, ісіңді жалғастыра бер. Анаң саған осылай ақыл айтқан. Сен оны ұмытпауға тиістісің! Сүюдің де сүюі бар, кейбір жастар махаббаттың мәнісі осылай деп, тоғыз ай көтеріп, омыртқасы үзілген анасын ұмытып, қол ұстасып бір «қуыршақтың» соңынан тайып береді. Міне, осындайлардан аулақ бол. Сен бақытсыздыққа ұшырасаң, елден бұрын анаң есіңе түседі. Сен оны ұмытпауға тиістісің! Сенің ата-бабаң Темір, Абылай жау ортасында қол-аяғы шынжыр кісенмен байлаулы қалғанда, ашуы келіп, шынжыр кісенді тісімен үзіп, әлемге атағын шығарып, бар өмірін халқы үшін, ұлты үшін сарп еткен. Сен сол атақты Темір, Абылайлардың ұрпағы екеніңді біл, жадыңнан шығарма, балалық қылма! Сен оны ұмытпауға тиістісің! Атажұртың сені сол Темір, Абылайлардың жолын қуатын қажырлы, қайыспас ержүрек деп біліп, жауыңа қайырымсыз етіп тәрбиеледі. Сен оны ұмытпауға тиістісің! Сен ертең қолыңа қару алып, дұшпанға баратындығыңды біл! Егер, сен жау ортасында жараланып қалсаң да дұшпанға берілмеуге тырыс. Сол кезде атаң Темір, Абылайдың қайратын есіңе түсір, солардың істегеніндей ерліктер істе! Сонда жау саған ештеңе де ете алмайды. Сонда сенің жас қаның ыршып, қайнай түседі. Сол уақытта ер болғаныңды байқамай да қаласың. Сен оны ұмытпауға тиістісің! Сағынып күткен елің, асыр салып өскен жерің зарығып, зарланған ұлын көргенше асық. Сол елді, сол жерді, тек қана білектің күшімен, найзаның ұшымен көре аласың, жауыңнан босата аласың, сонда ғана сағынған мауқыңды баса аласың. Сенің алдыңда қол жетпес асу, таудай талап бар, бойды кернеген ашу қайнаған ызалы кекке ұласқанда ғана сол асуды ала алатындығыңды біл! Сен оны ұмытпауға тиістісің! Есіңде болсын, әркімнің де анасы бар, әркімнің де анасы осылай өсірген. Баласы анасы үшін, туған халқы үшін, кіндік қаны тамған Отаны үшін қызмет етсе, сонда ғана халқың, Отаның, туған анаң саған риза болады. Сенің денсаулығың олар үшін қымбат, сондықтан денсаулығынды күт, оны ақ сүтін берген анаңа, халқына қызмет қылуға арна. Сонда ғана балалық борышыңды ақтаған боласың. Дүниеге келіп байлаулы бұзау болып өтпе. «Халқым», «елім» деген ерлердің біреуі болуға тырыс. Сонда балалық борышыңды ақтайсың! Сен оны ұмытпауға тиістісің!» Сол кезде бар-жоғы жиырма екі жаста болған жігіттің жүрегінен жарып шыққан жалынды сөздердің мазмұны мен маңызын түсіну бүгінгі ұрпаққа сабақ боларлықтай. Сөйлеген сөзді Түркістан легионының жауынгерлері жылы қабылдап, көздеріне жас алған. Ғ.Бейісовтің жалынды сөзіне риза болған полк командирі Қази Қазыбеков сол сәтте «Досым Ғайпенге» деген арнау өлеңін шығарып, қоштасар сәтте қолына ұстатқан. Қилы заманның қиын тағдырын қайыспай көтерген Түркістан легионерлерінің айбынды сарбазы Ғ.Бейісовтің тілегі болашаққа жалғанарына сенеміз. Ғ.Бейісовтің «Бұлбұлдың үні» атты әңгімесінің ең өзекті де негізгі ойы – Бостандық, Азаттық. Ғ.Бейісов өзінің деректі әңгіме кітабында 1944 жылдың 10 мамыры күні Австрия астанасы Вена қаласында Түркістан түріктерінің І Құрылтайы болып өткендігін, келесі күні атақты Вена опера балет театрында Қази Қазыбековтің «Ұлы адамның арманы» атты қысқа екі актілі пьесасының қойылғанын айтады. Пьеса Сырым Датұлының ұлт-азаттық күресі туралы оқиғаларды баяндайды. Сырым рөлінде артист Мұхамбетқали Батыргереев ойнапты. Пьесаны журналист Мәжит Жақсылықов сахналап, музыкасын Вена консерваториясында оқып жүрген Ғалым Абсаламов пен Түркістан легионының көркемөнер үйірмесінің жетекшісі, скрипкашысы әрі дирижері Айткеш Толғанбаев екеуі бірігіп жазады. Бұл кәрі құрлық – Еуропа төріндегі театрдағы қазақ халқының ұлт-азаттық күрес жолындағы тарихын баян еткен алғашқы туындылардың бірі болды. Аталған қойылым туралы Ғайпекең: «Әлі есімде, шымылдық жартылай ашық тұр. Қазақтың кең даласы. Алыста ойлы-қырлы белестер көрінеді. Ұзын жолдың бойы. Екі көзі жоқ қарияны бір жас қыз жетектеп келеді. Қарт тұрып: Мұнар да мұнар мұнар күн, Сәулесіз меңіреу қара түн. Қара түнді қақ жарып, Қазақтан енді шығар кім?..» деп басталатын еді», деуші еді. Қази Қазыбековтің бұл пьесасы Түркістан Ұлттық комитетінің органында жариялануы мүмкін-ау деген ойға келеді. «Тамұқтан өткен тағдыр» атты кітабында Ғ.Бейісов Берлинде 1943 жылы салынған «Алаш» мектебі туралы мәліметтер береді. Бұл мектеп оберкоманда Вермахттың барлау тобының 4-бөліміне қараған, барлау тобының жетекшісі фон Ганний Граф, орынбасары Әлихан Ағаев болған. Ғ.Бейісов Ә.Ағаевпен бірнеше рет кездескен көрінеді. Ол Ә.Ағаевты «Орта бойлыдан биіктеу, артық біткен еті жоқ, қанжардай қатқан кеуделі әскери адам», деп суреттейді. Кейін Ә.Ағаев 1944 жылы он екі адамдық топты екіге бөліп Атырау жеріне десант болып түскені белгілі. Бұл туралы кезінде мерзімді баспасөздерде жазылды. Соғыстан кейінгі жылдары Ғайпен Бейісов азап лагерінде жүріп Мағжан Жұмабаевтың өлеңдерін тыңдап, жаттап алған, көп қиыншылықты бастан кешірген қарияның есте сақтау қабілетіне де таңғалмасқа болмайды. Ол 1954 жылы Жезқазған лагерінде Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің ауыл шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі Шеген Құдамановпен бірге жазасын өтеген. Ш.Құдаманов кезінде Қазақ КСР-інің Бас прокуроры болған 1937 жылдың құрбаны Сүлеймен Есқараевтың жан жолдасы екен. Осы жылдары Ғайпен ағамыз лагерьде Ш.Құдамановтың аузынан естіген М.Жұмабаевтың мына өлеңдерін жатқа айтқанын 2006 жылдың 1 қазанында өз үйінде жазып алған едім. Сол кездесуімізде қария Мағжанның «Сарыарқа», «Ленин туралы» атты өлеңдерінен есінде қалған үзінділерді айтып берген болатын. Ақынның есінде қалған басқа да өлеңдерін латын ғарпімен жазған қойын кітапшасынан көрсеткен еді. Кейін беремін деген де болатын, өкінішке қарай, бақилыққа аттанып кетті. Қазақы салғырттығымыздың салдарынан уақытында алмаппыз, ал енді, ол жазбалардың қайда қалғаны да белгісіз. Сол өлеңдерді еске түсірген ақсақал ақынның бірінші өлеңінде кеңестік шолақ белсенділердің әпербақан саясатынан запы болған ақын дүниені қайта құрып, туған жер топырағынан тәрбиелі де жаңа тұрпатты адамдардың келуін аңсайды деп түсіндірді, дейді Ш.Құдаманов. Ақсақалдың естіп, жадында сақталып қалған өлең жолдары төмендегіше болса, «Сарыарқа» өлеңінде ақын: Дүниені топан басса екен! Асқар таудан асса екен! Қанды көбік шашса екен! Сол уақытта жаңадан Сарыарқаның топырағынан Жаратар едім жаңа адам, – десе, «Жер жүзін топан басса екен» өлеңінде: Жер жүзін топан басса екен! Асқар таудан асса екен! Таудай толқын құтырып, Улы көбік шашса екен, – деп жырлайды (Ескерту: бұл жолдар ақынның кейінгі кезде жарық көріп жатқан кітаптарына да ене бастады. Мысалы, Мағжанның «Жер жүзін топан басса екен» деген өлеңі көп томдық шығармалар жинағының 2-томында бар. – автор). Өмірі азапты күндер мен қайғылы түндерді бастан кешіріп, шар болаттай шыңдалған Түркістан легионерлерінің соңғы тұяқтарының бірі Ғайпен Бейісовтің тағдыры, міне, осындай еді. Сен оны ұмытпауға тиістісің, жас ұрпақ!   Аққали АХМЕТ,  тарих ғылымдарының докторы. 

Соғыс туралы ащы шындықты айтар болсақ, қоршауда қалып немесе жаралы күйінде тұтқынға түсіп, азап шекендерді елемей кетуге болмайды. Соғыстың алғашқы кезеңінде кеңес жауынгерлері мыңдап қырылып, тірі қалғандары қоршауды бұзып өтіп партизандарға қосылды. Мұндай бақытқа қолы жетпегендер концлагерьлерде азап шекті. Сондай тұтқындардың бірі соғыс жылдарында Түркістан легионы қатарында болған атыраулық Ғайпен Бейісов еді.

Ғайпен Бейісов 1921 жылы Атырау (бұрынғы Гурьев) облысының, Махамбет (бұрынғы Бақсай) ауданына қарасты Талқайраң ауылында дүниеге келген. Он сегіз жасында партия мүшелігіне кандидаттыққа қабылданса, сол кездері Бақсай аудандық партия комитетінде жұмыс істеді, әскерге шақырылып, училищеге оқуға жіберіледі. 1941 жылы Қызыл Армия қатарына алынып, 15 қыркүйекте Украинадағы Лоховица қаласының маңындағы ұрыста ауыр жараланып, неміс-фашистерінің қолына түседі, айлар бойы лагерь азабын тартып, Түркістан Ұлттық комитетіне жұмысқа тұрады. Соғыс жылдарында Вермахттың Жоғарғы бас командованиесінің Түркістан насихат бөлімінің әскери фототілшісі болып, шығармашылықпен айналысқан.
1945 жылы легионерлердің қашуын ұйым­дастырды деген сезікпен Ғ.Бейісов, Х.Аб­дул­лин, Закиров, Е.Қалдыбаев тұтқындалып, ату жазасына кесіледі. Бұл кезеңде кеңес армиясының қарқынды шабуылынан қаймыққан неміс-фашистері шапшаң шегінуде болатын. Үкім орындалар түнде түрме күзетшілері қа­шып кетіп, бұлар аман қалады. Неміс түр­месінен босаған соң Қызыл Армия қатарына қа­былданып, 1946 жылы әскер қатарынан босап елге оралған Ғ.Бейісов 1946 жылы РКФСР Қылмыс заңының 58-1б-бабына сәйкес «халық жауы» ретінде 10 жыл бас бостандығынан айырылып, атышулы Сібір, Степлаг, Карлагтың тозақ өмірін бастан кешеді, тек 1956 жылы босайды.
Одан кейінгі жылдары Атырау, Маңғыстау облыстарының кәсіпорындарында инженер болып істеп, зейнеткерлікке шыққан. Тек 60 жылдан кейін Қазақстан Республикасы Бас Әскери прокуратурасының 2006 жылдың 24 сәуіріндегі №12/3-06(Р) қорытындысымен ақталып, саяси қуғын-сүргін құрбаны мәртебесін алған. Сол қорытындымен бірге Ұлттық қауіпсіздік комитеті мұрағатында сақталған, 1941 жылы соғыс алдында лейтенант формасында түскен фотосуретін қоса алған. 2007 жылдың 8 мамыры күні бақиға озды.
Ғ.Бейісовтің «Тамұқтан өткен тағдыр» (Алматы, «Өлке», 2002, 400-бет.) атты деректі әңгіме кітабындағы басты тұлғалар екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі тарихтың «ақтаңдақтар» беттерінен ойып, өз орындарын алатын қайраткерлер екендігін кәрі тарихтың өзі дәлелдеп берді. Естеліктерін 1955 жылы Қоянды басқармасы лагерінің 3-бөлімінде жүріп жаза бастаған. Көп күрсінткен күрең жылдар Ғайпекеңнің жадынан қалай өшсін.
Аталған кітапта Мұстафа Шоқай, Вели Каюмхан, Хамза Абдуллин (әдеби бүркеншек есімі Сайран), Мәулікеш Қайболдин (Асан Қайғы), Мәжит Аяпбеков (М.Дара), Баймұрза Хайт, Қарес Қанатбаев, Қази Қазыбеков (Қази), Мәжит Айтбаев (Қобызшы Қорқыт), т.б. сияқты соғыс кезіндегі Берлиндегі Түркістан комитетінің көрнекті өкілдерінің қилы тағдырлары жан-жақты әңгімеленеді.
1944 жылы Берлин қаласындағы баспадан Ғ.Бейісовтің «Бұлбұлдың үні» атты кітапшасы үш тілде басылып шыққан. Қазақшасы латын ғарпімен басылған. Кітапшаның тағы бір ерекшелігін еске түсірген автордың айтуынша, Максим Горькийге еліктеп жазған «Ана» әңгімесінің кейін қолға тиген кітапшада жоқ екендігіне өкініш білдіреді.
Кітапшаның орысшасы «Голос соловья», ал немісшесі «Динахтигаль» атауларымен баспа көреді. Оның шығуына жәрдем берген «Жаңа Түркістан» газетін шығарушылардың бірі Хамза Абдуллин болатын. Х.Абдуллин соғыс аяқталған соң сталиндік лагерьдің ащы дәмін татып оралған. Оның тозақ лагерінде жүріп, грузин халқының атақты «Жолбарыс тонды жиһанкез» («Жазушы» баспасы, Алматы, 1974 ж, 255-бет.) атты жыр дастанын қазақшаға аударғаны белгілі.
1944 жылы шыққан кітапшаның арада көптеген жылдардан кейін автордың қолына тиюіне себепші болған да Х.Абдуллин. Кітапшаның фотокөшірмесін ақсақалдың қолынан кезінде көрген болатынбыз. Оның фотокөшірмесін «Шалқар» газетінің бас редакторы Уақап Қыдырханұлынан сұрап алған («Егемен Қазақстан», 26 қаңтар, 2005 ж.) Ғайпен ақсақал «халық жауы» болып сотталғанымен, Отанын сатпағанын дәлелдей алмай пұшайым болғанын жыр қылып айтатын. Үш тілде шыққан кітабында «Бұлбұлдың үні», «Ананың қамқорлығын ұмытпа», «Жауынгердің күнделік дәптерінен үзінді», «Жараланған жүрек», «Демалыста» атты қадау-қадау әңгімелері басылған.
Бұл кітап неміс армиясы басшылығының саяси-тәрбие бағытындағы тапсырысы бойынша шығарылғанмен, кітапшада Кеңес өкіметіне қарсы бірде-бір сөз жоқ екендігі, оқыған жанға айқын да нақты білініп тұрады. Әңгімелерінің барлығы Отанға, туған жерге деген сағыныш лебімен ерекшеленеді. Сонымен, 1936 жылы Берлин қаласында Мұстафа Шоқайдың радио арқылы барлық түркістандықтарға арнап, сөз сөйлегені белгілі. М.Шоқайдың сөйлеген сөзі үнтаспаға жазып алынып сақталған, кейін тәуелсіздік жылдары телевизия, радио арқылы берілді. Осы арада Мұстафа Шоқайдың радиода сөйлеген сөзін келтіре кетейік:
«Алыста жүріп ел қайғысын ойлап, алыста жүріп ел қамын ойлап, Еуропаның һәр тарапында жүрген бүгінгі Түркияда тұрған Түркістан жастары, бірігіңдер!
Сендердің бірліктерің, сендердің бір-біріңе күш қосуларың еліміздің бақытына қызмет етпек.
Мұны ұмытпаңдар!
Бәріміздің құбыламыз – өзіміздің атажұртымыз, өлкеміз Түркістан болмақ!
Түркістан үшін өлу, Түркістан үшін жан беру бәрімізге бір мақсат, бір мухаббат уәзифа болмақ.
Мұны ұмытпау керек!
Құрымасымыз үшін, боспасымыз үшін күшімізді біріктіріп, иін тірестіріп, бір-бірімізге жәрдем беріп жүруіміз керек. Онсыз біздің күніміз қараң.
Мұны ұмытпау керек!».
Мұстафа Шоқай сөздерінің соңын «Мұны ұмытпау керек!» деген сөздермен аяқтап отырғанын аңғарамыз.
Соғыстың қаһарлы жылы 1943-те Ғ.Бейісов түркістандықтардың көсемі М.Шоқайдың өсиетін «Сен оны ұмытпауға тиістісің!» деп жалғастырды.
1943 жылы желтоқсан айында Украинаның Миргород қаласында тұрған 162-ші Түркістан жаяу әскер дивизиясының (командирі генерал-майор, хинди тілінің маманы Нейдермайер) 1-ші полкінің (командирі Харьков әскери академиясын бітірген Қази Қазыбеков) жауынгерлері алдында далалық радио торабы (репродуктор) арқылы Вермахттың Жоғарғы бас командованиесінің Түркістан насихат взводының унтер-офицері шенінде ол былай депті:
«Сен, мүмкін қараңғы түнде туған шығарсың, сенің бесігіңнің үстіне қайғының қара бұлты төнгенде, қорыққаныңнан көз жасың көктен құйған жауындай жауған шығар. Сол уақытта, сені тыным таппай бейшара анаң жұбатты, сенің жөргегіңді құрғатты. Сенің түзу, берік болып өсуің үшін қызмет етті.
Сен оны ұмытпауға тиістісің!
Анаң екі мықыны талып, бүкшеңдеп орақ орғанда, сен іште жатып еңбек күйін тыңдадың. Сен дүниеге келіп көзіңді ашқанда, түнде шатасып жылағаныңда, анаң түн ұйқысын төрт бөліп, көзін талдырып, бесік күйін жырлап, сені тербетті, сен үшін жанын пида қылды. Сенің мазасызданбауыңа тілектес болды.
Сенің тілің шықпай тұрғанда, ең бірінші «ана» деуге тілің келген, сен тіл үйреніп сөйлей бастағанда «Ана» деген сөзден бастағансың. «Ана» деген сөз аз – сен оны ұмытпауға тиістісің.
Анаң басқа ауылға қыдырғанда сені екі елі қасынан қалдырмады. Сенің шүлдірлеп жаңа ғана сөйлеп келе жатқан тіліңді қызық көріп еркелетті. «Сенің табаныңа қадалған тікен, менің маңдайыма қадалсын» деп тілек тіледі, бұл сенің денсаулығың үшін, дұрыс адам болып шығуың үшін тілектестігі еді.
Сен оны ұмытпауға тиістісің!
Сен даладан жүгіріп үйге келгенде «Қайдан келдің, қарағым?» дейтін анаң, сонда сен еркелеп, тамақ сұрайтынсың. Сонда «не ішесің, қарағым?» деп анаң барын алдыңа ұсынатын. Түсте әкесі сабаннан келгенде, анаң пісірген май бауырсақпен шай ішетінсіңдер, сонда, сен әр нені айтып, анаң мен атаңның ортасында отыратынсың.
Сен оны ұмытпауға тиістісің!
Сен жігіт болып өстің, қан майданда жауыңмен алыстың, енді анаңның сүтін ақта! Анаң үшін, Отаның үшін, халқың үшін қызмет ет! Жауыңа қайырымсыз бол! Сенің амандығыңды анаң тілеуде, оның көзінен көл болып, теңіз суындай жастар ағуда. Кеше қан майданда, жауып тұрған қорғасын жаңбырдан аман қалдың, мүмкін анаңның тілегі үшін аман қалған шығарсың.
Сен оны ұмытпауға тиістісің!
Сен жігіт болып өстің, қыздарға көз салдың, ғашық оты ерікке қоймады, жастықтың мастығында жүре бердің. Ол жастық сенің басыңды сиқырларша айналдырар, сенің көз алдыңа періштедей ғашық жарың елестер. Тек, сол жастыққа ауаланба, өзіңді өзің берік ұстауға тырыс. Бұл саған «жастық дәуіріңді құр өткіз» деген сөз емес, ойнай бер, күле бер, жастықтың мастығында суға жүзген балықтай жүзші, саған ешкім қарсылық етпейді, кімде-кім қарсылық етсе, ол адам өмірді әлі түсініп болмаған адам, ол адаммен шатаспа, көңіліңді бөлме, ісіңді жалғастыра бер. Анаң саған осылай ақыл айтқан.
Сен оны ұмытпауға тиістісің!
Сүюдің де сүюі бар, кейбір жастар махаббаттың мәнісі осылай деп, тоғыз ай көтеріп, омыртқасы үзілген анасын ұмытып, қол ұстасып бір «қуыршақтың» соңынан тайып береді. Міне, осындайлардан аулақ бол. Сен бақытсыздыққа ұшырасаң, елден бұрын анаң есіңе түседі.
Сен оны ұмытпауға тиістісің!
Сенің ата-бабаң Темір, Абылай жау ортасында қол-аяғы шынжыр кісенмен байлаулы қалғанда, ашуы келіп, шынжыр кісенді тісімен үзіп, әлемге атағын шығарып, бар өмірін халқы үшін, ұлты үшін сарп еткен. Сен сол атақты Темір, Абылайлардың ұрпағы екеніңді біл, жадыңнан шығарма, балалық қылма!
Сен оны ұмытпауға тиістісің!
Атажұртың сені сол Темір, Абылайлардың жолын қуатын қажырлы, қайыспас ержүрек деп біліп, жауыңа қайырымсыз етіп тәрбиеледі.
Сен оны ұмытпауға тиістісің!
Сен ертең қолыңа қару алып, дұшпанға баратындығыңды біл! Егер, сен жау ортасында жараланып қалсаң да дұшпанға берілмеуге тырыс. Сол кезде атаң Темір, Абылайдың қайратын есіңе түсір, солардың істегеніндей ерліктер істе! Сонда жау саған ештеңе де ете алмайды. Сонда сенің жас қаның ыршып, қайнай түседі. Сол уақытта ер болғаныңды байқамай да қаласың.
Сен оны ұмытпауға тиістісің!
Сағынып күткен елің, асыр салып өскен жерің зарығып, зарланған ұлын көргенше асық. Сол елді, сол жерді, тек қана білектің күшімен, найзаның ұшымен көре аласың, жауыңнан босата аласың, сонда ғана сағынған мауқыңды баса аласың. Сенің алдыңда қол жетпес асу, таудай талап бар, бойды кернеген ашу қайнаған ызалы кекке ұласқанда ғана сол асуды ала алатындығыңды біл!
Сен оны ұмытпауға тиістісің!
Есіңде болсын, әркімнің де анасы бар, әркімнің де анасы осылай өсірген. Баласы анасы үшін, туған халқы үшін, кіндік қаны тамған Отаны үшін қызмет етсе, сонда ғана халқың, Отаның, туған анаң саған риза болады. Сенің денсаулығың олар үшін қымбат, сондықтан денсаулығынды күт, оны ақ сүтін берген анаңа, халқына қызмет қылуға арна. Сонда ғана балалық борышыңды ақтаған боласың. Дүниеге келіп байлаулы бұзау болып өтпе. «Халқым», «елім» деген ерлердің біреуі болуға тырыс. Сонда балалық борышыңды ақтайсың!
Сен оны ұмытпауға тиістісің!»
Сол кезде бар-жоғы жиырма екі жаста болған жігіттің жүрегінен жарып шыққан жалынды сөздердің мазмұны мен маңызын түсіну бүгінгі ұрпаққа сабақ боларлықтай.
Сөйлеген сөзді Түркістан легионының жауынгерлері жылы қабылдап, көздеріне жас алған. Ғ.Бейісовтің жалынды сөзіне риза болған полк командирі Қази Қазыбеков сол сәтте «Досым Ғайпенге» деген арнау өлеңін шығарып, қоштасар сәтте қолына ұстатқан.
Қилы заманның қиын тағдырын қайыспай көтерген Түркістан легионерлерінің айбынды сарбазы Ғ.Бейісовтің тілегі болашаққа жалғанарына сенеміз.

Ғ.Бейісовтің «Бұлбұлдың үні» атты әңгімесінің ең өзекті де негізгі ойы – Бостандық, Азаттық. Ғ.Бейісов өзінің деректі әңгіме кітабында 1944 жылдың 10 мамыры күні Австрия астанасы Вена қаласында Түркістан түріктерінің І Құрылтайы болып өткендігін, келесі күні атақты Вена опера балет театрында Қази Қазыбековтің «Ұлы адамның арманы» атты қысқа екі актілі пьесасының қойылғанын айтады. Пьеса Сырым Датұлының ұлт-азаттық күресі туралы оқиғаларды баяндайды. Сырым рөлінде артист Мұхамбетқали Батыргереев ойнапты. Пьесаны журналист Мәжит Жақсылықов сахналап, музыкасын Вена консерваториясында оқып жүрген Ғалым Абсаламов пен Түркістан легионының көркемөнер үйірмесінің жетекшісі, скрипкашысы әрі дирижері Айткеш Толғанбаев екеуі бірігіп жазады. Бұл кәрі құрлық – Еуропа төріндегі театрдағы қазақ халқының ұлт-азаттық күрес жолындағы тарихын баян еткен алғашқы туындылардың бірі болды. Аталған қойылым туралы Ғайпекең: «Әлі есімде, шымылдық жартылай ашық тұр. Қазақтың кең даласы. Алыста ойлы-қырлы белестер көрінеді. Ұзын жолдың бойы. Екі көзі жоқ қарияны бір жас қыз жетектеп келеді. Қарт тұрып:
Мұнар да мұнар мұнар күн,
Сәулесіз меңіреу қара түн.
Қара түнді қақ жарып,
Қазақтан енді шығар кім?..» деп басталатын еді», деуші еді.
Қази Қазыбековтің бұл пьесасы Түркістан Ұлттық комитетінің органында жариялануы мүмкін-ау деген ойға келеді.
«Тамұқтан өткен тағдыр» атты кітабында Ғ.Бейісов Берлинде 1943 жылы салынған «Алаш» мектебі туралы мәліметтер береді. Бұл мектеп оберкоманда Вермахттың барлау тобының 4-бөліміне қараған, барлау тобының жетекшісі фон Ганний Граф, орынбасары Әлихан Ағаев болған. Ғ.Бейісов Ә.Ағаевпен бірнеше рет кездескен көрінеді. Ол Ә.Ағаевты «Орта бойлыдан биіктеу, артық біткен еті жоқ, қанжардай қатқан кеуделі әскери адам», деп суреттейді. Кейін Ә.Ағаев 1944 жылы он екі адамдық топты екіге бөліп Атырау жеріне десант болып түскені белгілі. Бұл туралы кезінде мерзімді баспасөздерде жазылды.

Соғыстан кейінгі жылдары Ғайпен Бейісов азап лагерінде жүріп Мағжан Жұмабаевтың өлеңдерін тыңдап, жаттап алған, көп қиыншылықты бастан кешірген қарияның есте сақтау қабілетіне де таңғалмасқа болмайды. Ол 1954 жылы Жезқазған лагерінде Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің ауыл шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі Шеген Құдамановпен бірге жазасын өтеген. Ш.Құдаманов кезінде Қазақ КСР-інің Бас прокуроры болған 1937 жылдың құрбаны Сүлеймен Есқараевтың жан жолдасы екен.
Осы жылдары Ғайпен ағамыз лагерьде Ш.Құдамановтың аузынан естіген М.Жұмабаевтың мына өлеңдерін жатқа айтқанын 2006 жылдың 1 қазанында өз үйінде жазып алған едім. Сол кездесуімізде қария Мағжанның «Сарыарқа», «Ленин туралы» атты өлеңдерінен есінде қалған үзінділерді айтып берген болатын. Ақынның есінде қалған басқа да өлеңдерін латын ғарпімен жазған қойын кітапшасынан көрсеткен еді. Кейін беремін деген де болатын, өкінішке қарай, бақилыққа аттанып кетті. Қазақы салғырттығымыздың салдарынан уақытында алмаппыз, ал енді, ол жазбалардың қайда қалғаны да белгісіз.
Сол өлеңдерді еске түсірген ақсақал ақынның бірінші өлеңінде кеңестік шолақ белсенділердің әпербақан саясатынан запы болған ақын дүниені қайта құрып, туған жер топырағынан тәрбиелі де жаңа тұрпатты адамдардың келуін аңсайды деп түсіндірді, дейді Ш.Құдаманов. Ақсақалдың естіп, жадында сақталып қалған өлең жолдары төмендегіше болса, «Сарыарқа» өлеңінде ақын:
Дүниені топан басса екен!
Асқар таудан асса екен!
Қанды көбік шашса екен!
Сол уақытта жаңадан
Сарыарқаның топырағынан
Жаратар едім жаңа адам, – десе,
«Жер жүзін топан басса екен» өлеңінде:
Жер жүзін топан басса екен!
Асқар таудан асса екен!
Таудай толқын құтырып,
Улы көбік шашса екен, – деп жырлайды (Ескерту: бұл жолдар ақынның кейінгі кезде жарық көріп жатқан кітаптарына да ене бастады. Мысалы, Мағжанның «Жер жүзін топан басса екен» деген өлеңі көп томдық шығармалар жинағының 2-томында бар. – автор).
Өмірі азапты күндер мен қайғылы түндерді бастан кешіріп, шар болаттай шыңдалған Түркістан легионерлерінің соңғы тұяқтарының бірі Ғайпен Бейісовтің тағдыры, міне, осындай еді. Сен оны ұмытпауға тиістісің, жас ұрпақ!
 

Аққали АХМЕТ, 
тарих ғылымдарының докторы. 

Бөлісу: