Бекен күндегіден ерте оянды...

14 Қараша 2013, 05:12

Бекен күндегіден ерте оянды. Ұйқы­сы шайдай ашылған. Сергек. Тез-тез киініп, аспай-саспай бипаздана жуынып, жүрісі де жеп-жеңіл… тіл ұшында: «жаным, деп маған үн қатқан» деген құштарлық, құмарлық сөз…осы сөзді іштей «Аһылата» айтқызған назды әуез еркелете жетелеп, ол сыртқа шықты. Алатаудың көкке тірелген шың басынан сарғайып атып келе жатқан алтын арай «Алтыбасар» әніндегі: «Астынан ақсаңдақтың шығарып сап» деген іңкәрлік сөзді заматта есіне түсіріп, осы көрініс Бекенді тырп еткізбеді. Ол таң нұрын алғаш рет көріп тұрғандай сұқтана қарады. Қоңыр көзі тұңғиық сырға тұнды. «Жаным» деген сөзді кімнен естіп еді… кімнен екен, демін ішке тартып, бір сөніп, бір жылт ете қалған ғарыштағы жұлдызға сарғая, сарсыла ұмсынған жандай жүрегі ұйып сала берді. Бір кезде ту сыртынан шелек сылдыры, сыңғыр күлкі естілді. Артына жалт бұрылды. Екі келіншек гүлге су құйып жүр. Жүзін тайдырып әкетті. Тұрған орнында тұра берді. – Әй, Қырмызы, сықылықтай бермей әлгі «Махаббат вальсінің»: «Аһа-һа-һа-һа-а-һа-һа!» дейтін қайырмасын айтшы, жұрт ұйқысынан тұра қоймай жатқанда билеп алайық бір, – деп қос бұрымы жер сызған қызыл көйлекті ажарлы келіншек сылқ-сылқ күліп тұр, – сенің күмістей сыңғырлаған үніңді маған берсе ғой, шіркін… Біздің Қорғалжын жағында әйгілі «Дударай» әнін шығарған Үлебай дейтін әкеміз тірі әлі, құдайға шүкір, сол кісінің тағы бір елге тарап кеткен «Сайтан торы» деген әнінде: Қалтаңда жүз көретін айнаң болсын, Алдайтын он жігітті айлаң болсын, дейді. Осы әнді естіп пе едің, а? Әлгі сөзінің мәнісін түсіндің бе, Қырмызы? Маған сенің сыңғырлаған күміс үнің ғана жетіспейді, Қырмызы. Осы дауысыңды біраз күн бере тұрсаң, Қырмызы… Не істейтінімді сонда көресің, сен! – Ағамыз үйде жоқта құтырасың, ә! Ой, Шынар… Шынар! Бір үйге қалай ғана сиып жүрсің сен, ә? Мен сықылықтасам «мына Шынардың көз жауын алған көркін-ай!» деп аһ ұрған жігіттерді соңыңнан салпаңдатып қойған ісіңе күлем, еріксіз. Енді мына композиторды қырындататын түрің бар. Ана жолғы сауық кеші есіңде шығар, «Махаббат вальсіне» елден ерек етегіңді толқындай үйіріп, Шара апайдай жарқылдап жүріп төгілте биледің, боз далада сопиған боз қурайдай бір жігітті есін шығара алқындырып. Осындай тірлігіңді ағайға айтам…айтам, Шынар! Шынардың күлкісі күміс бұлақ боп төгілді. Қолындағы шелегі сылдыр қағып: Жаңа айттым ғой, «Сайтан торы» әніндегі: Бармайды құмға қазық қаққанменен, Жараспас қойға қоңырау таққан­ме­нен, Кей жаман үйде отырып қыз қориды, Жемей ме, қойды қасқыр, ай-дай, баққанменен, дейтін сөзге не дейсің, Қырмызы, а? – Желікпе, Шынар! – Мына композиторға сен де кет әрі емессің, Қырмызы… сенің көңіл ді­тің тым-тырыс жатқан тұңғиық… ол оңайлықпен сыртқа шықпайды, бәрі… бәрі ішіңде. «Махаббат вальсіне» өлер­дей ғашықсың. Құр жаның жүр ыңты­ғып. Қыздың жолы жіңішке…ха-ха-ха! Бекен мына сөздің бәрін ап-анық естіп тұрып, естімеген жанша езу тар­тып, бірте-бірте қызыл арай боп жал­қын­данған таң шапағынан көз алмады. Көңіл түкпірінде: «Жаным, деп маған үн қатқан» деген сөз тағы да жүрек қылын шертіп, «Махаббат валь­сінің» қайырмасын тұп-тұтас елестетті. Вальстің басталуы… иә… иә, запеві: «Таң атқанда гүл бағын суарамын» де­се… осы сәтке дейін баянмен ғана тар­­тылып жүрген вальстің жаңа сөзі гау­­һардай жылт-жылт етті. Осы екі жол­­дан айырылмауы керек. Ақын Нұт­­­­­фол­ла Шәкеновті осыған көндіруі тиіс. Көн­бесе іс шатақ… басқа ақынды іздейді. Бекен жүрек толқытқан осы оймен боз мұнарға бөккен тау етегіне қарай бергенде сылқ-сылқ күлген екі келіншек шелектері сылдыр қағып, өзен жаққа кетіп бара жатты. *    *    * Сол күні Бекен таңғы астан кейін қалаға барды. Консерваторияда композитор Латиф Хамидиге жолықты. Елпілдей қарсы алған Латекеңе «Ма­хаббат вальсін» тағы көрсетті. Нотаға ұзақ үңілген Латекең: – Ана жолы айттым ғой, айттым… қайырма сол мен көздегендей қандай әсерлі боп, құйылып түскен, а? Еркін шалқиды… еркін! Қайырма әннің мәйегі емес пе… мәйегі! Композиторлар «изюминка!» деп дәл осындай қайырманы айтады, Бекен. Енді…енді бір жеріне қол тигізбе. Бұл біткен шығарма. Мен де: «мына жері былай болу керек» деген ойдан аулақпын, Бекен, – деп «Махаббат вальсін» тап өзі шығарғандай мәз болды. Өстіп отырғанда композитор Евгений Григорьевич Брусиловский кіріп келді де: – Латиф Абдулхаевич, вечером… ресторан «Алатау» … понял? Что хорошо, там саксофонисты играют, – деді асығыс-үсігіс. Латекең көзі жыпылықтап, қолындағы «Махаббат вальсінің» нотасын ұста­та салды. Бұған аң-таң болған Бруси­ловский нотаға сығырая қарап: – Какая красота…все логично. Свободно льется… блестящий вальс! – деді, – А ну-ка я поиграю. Латекең лып етіп орнын берді. Бруси­ловский мол денесімен орындықты сықырлатып, жел қозғаған кәрі емендей теңселе беріп, салалы саусақтары, клавиш бетінде зыр жүгірді. Аккордтарды судай сапырып, сол қолының астындағы клавиштарды шымырлата толқытты. «Красивый запев… ох, это запев!» деп құлашын кең жая мөлдіретіп, толқынды толқын қуалап, құштарлық сезіммен күйдіріп-жандырған қайырма Брусиловскийді мүлде асқақтатып жіберді. Адамның қиялы шектен шыға шарықтап кетті. Бекен үні шықпай өз әнінің мына шалқуына қайран қалды. Брусиловский күлімсіреп: – Я не только композитор… я… я… – пианист, Латиф Абдулхаевич, не какой-нибудь казанский, а… а… я же ленинградский пианист, который озвучивал немые фильмы, тапером был я и так зарабатывал деньги. Времена были тяжелые, надо было как-то выживать, но несмотря на это я продолжал свою композиторскую деятельность и в те годы написал две симфонии. В Казахстан я приехал уже с творческим багажом. А ты, Латиф Абдулхаевич, что ни говори, ты тоже стал казахским Штраусом. Ведь основоположником сегодняшних вальсов является твой «Казахский вальс»! Вот припев этого вальса – это же как пробуждение высоких чувств любви! А чья эта песня?» – деп, соңғы аккордты сабырлы толқындай жайылтып барып бітірді. Латекең: – Вот автор… Б… Б… Бекен Жамақаев! – деді тұтыға сөйлеп. Брусиловский Бекенге ойлана қадалып: – Хорошо…не то слово хорошо, блестящий вальс! А кто поет ?– деп нотадан көз алмады. Латекең: – Роза Бағланова!– деп лып еткізді. – Да…да…только Розочка! – деді Брусиловский жүрегіндегі тебіреніс лүпілін баса алмай. Илья Жақанов

Бекен күндегіден ерте оянды. Ұйқы­сы шайдай ашылған. Сергек. Тез-тез киініп, аспай-саспай бипаздана жуынып, жүрісі де жеп-жеңіл… тіл ұшында: «жаным, деп маған үн қатқан» деген құштарлық, құмарлық сөз…осы сөзді іштей «Аһылата» айтқызған назды әуез еркелете жетелеп, ол сыртқа шықты. Алатаудың көкке тірелген шың басынан сарғайып атып келе жатқан алтын арай «Алтыбасар» әніндегі: «Астынан ақсаңдақтың шығарып сап» деген іңкәрлік сөзді заматта есіне түсіріп, осы көрініс Бекенді тырп еткізбеді. Ол таң нұрын алғаш рет көріп тұрғандай сұқтана қарады. Қоңыр көзі тұңғиық сырға тұнды. «Жаным» деген сөзді кімнен естіп еді… кімнен екен, демін ішке тартып, бір сөніп, бір жылт ете қалған ғарыштағы жұлдызға сарғая, сарсыла ұмсынған жандай жүрегі ұйып сала берді. Бір кезде ту сыртынан шелек сылдыры, сыңғыр күлкі естілді. Артына жалт бұрылды. Екі келіншек гүлге су құйып жүр. Жүзін тайдырып әкетті. Тұрған орнында тұра берді.
– Әй, Қырмызы, сықылықтай бермей әлгі «Махаббат вальсінің»: «Аһа-һа-һа-һа-а-һа-һа!» дейтін қайырмасын айтшы, жұрт ұйқысынан тұра қоймай жатқанда билеп алайық бір, – деп қос бұрымы жер сызған қызыл көйлекті ажарлы келіншек сылқ-сылқ күліп тұр, – сенің күмістей сыңғырлаған үніңді маған берсе ғой, шіркін… Біздің Қорғалжын жағында әйгілі «Дударай» әнін шығарған Үлебай дейтін әкеміз тірі әлі, құдайға шүкір, сол кісінің тағы бір елге тарап кеткен «Сайтан торы» деген әнінде:
Қалтаңда жүз көретін айнаң болсын,
Алдайтын он жігітті айлаң болсын, дейді. Осы әнді естіп пе едің, а? Әлгі сөзінің мәнісін түсіндің бе, Қырмызы? Маған сенің сыңғырлаған күміс үнің ғана жетіспейді, Қырмызы. Осы дауысыңды біраз күн бере тұрсаң, Қырмызы… Не істейтінімді сонда көресің, сен!
– Ағамыз үйде жоқта құтырасың, ә! Ой, Шынар… Шынар! Бір үйге қалай ғана сиып жүрсің сен, ә? Мен сықылықтасам «мына Шынардың көз жауын алған көркін-ай!» деп аһ ұрған жігіттерді соңыңнан салпаңдатып қойған ісіңе күлем, еріксіз. Енді мына композиторды қырындататын түрің бар. Ана жолғы сауық кеші есіңде шығар, «Махаббат вальсіне» елден ерек етегіңді толқындай үйіріп, Шара апайдай жарқылдап жүріп төгілте биледің, боз далада сопиған боз қурайдай бір жігітті есін шығара алқындырып. Осындай тірлігіңді ағайға айтам…айтам, Шынар!
Шынардың күлкісі күміс бұлақ боп төгілді. Қолындағы шелегі сылдыр қағып: Жаңа айттым ғой, «Сайтан торы» әніндегі:
Бармайды құмға қазық қаққанменен,
Жараспас қойға қоңырау таққан­ме­нен,
Кей жаман үйде отырып қыз қориды,
Жемей ме, қойды қасқыр, ай-дай, баққанменен, дейтін сөзге не дейсің, Қырмызы, а?
– Желікпе, Шынар!
– Мына композиторға сен де кет әрі емессің, Қырмызы… сенің көңіл ді­тің тым-тырыс жатқан тұңғиық… ол оңайлықпен сыртқа шықпайды, бәрі… бәрі ішіңде. «Махаббат вальсіне» өлер­дей ғашықсың. Құр жаның жүр ыңты­ғып. Қыздың жолы жіңішке…ха-ха-ха!
Бекен мына сөздің бәрін ап-анық естіп тұрып, естімеген жанша езу тар­тып, бірте-бірте қызыл арай боп жал­қын­данған таң шапағынан көз алмады. Көңіл түкпірінде: «Жаным, деп маған үн қатқан» деген сөз тағы да жүрек қылын шертіп, «Махаббат валь­сінің» қайырмасын тұп-тұтас елестетті. Вальстің басталуы… иә… иә, запеві: «Таң атқанда гүл бағын суарамын» де­се… осы сәтке дейін баянмен ғана тар­­тылып жүрген вальстің жаңа сөзі гау­­һардай жылт-жылт етті. Осы екі жол­­дан айырылмауы керек. Ақын Нұт­­­­­фол­ла Шәкеновті осыған көндіруі тиіс. Көн­бесе іс шатақ… басқа ақынды іздейді.
Бекен жүрек толқытқан осы оймен боз мұнарға бөккен тау етегіне қарай бергенде сылқ-сылқ күлген екі келіншек шелектері сылдыр қағып, өзен жаққа кетіп бара жатты.
*    *    *
Сол күні Бекен таңғы астан кейін қалаға барды. Консерваторияда композитор Латиф Хамидиге жолықты. Елпілдей қарсы алған Латекеңе «Ма­хаббат вальсін» тағы көрсетті. Нотаға ұзақ үңілген Латекең: – Ана жолы айттым ғой, айттым… қайырма сол мен көздегендей қандай әсерлі боп, құйылып түскен, а? Еркін шалқиды… еркін! Қайырма әннің мәйегі емес пе… мәйегі! Композиторлар «изюминка!» деп дәл осындай қайырманы айтады, Бекен. Енді…енді бір жеріне қол тигізбе. Бұл біткен шығарма. Мен де: «мына жері былай болу керек» деген ойдан аулақпын, Бекен, – деп «Махаббат вальсін» тап өзі шығарғандай мәз болды.
Өстіп отырғанда композитор Евгений Григорьевич Брусиловский кіріп келді де: – Латиф Абдулхаевич, вечером… ресторан «Алатау» … понял? Что хорошо, там саксофонисты играют, – деді асығыс-үсігіс.
Латекең көзі жыпылықтап, қолындағы «Махаббат вальсінің» нотасын ұста­та салды. Бұған аң-таң болған Бруси­ловский нотаға сығырая қарап: – Какая красота…все логично. Свободно льется… блестящий вальс! – деді, – А ну-ка я поиграю.
Латекең лып етіп орнын берді. Бруси­ловский мол денесімен орындықты сықырлатып, жел қозғаған кәрі емендей теңселе беріп, салалы саусақтары, клавиш бетінде зыр жүгірді. Аккордтарды судай сапырып, сол қолының астындағы клавиштарды шымырлата толқытты. «Красивый запев… ох, это запев!» деп құлашын кең жая мөлдіретіп, толқынды толқын қуалап, құштарлық сезіммен күйдіріп-жандырған қайырма Брусиловскийді мүлде асқақтатып жіберді. Адамның қиялы шектен шыға шарықтап кетті. Бекен үні шықпай өз әнінің мына шалқуына қайран қалды. Брусиловский күлімсіреп: – Я не только композитор… я… я… – пианист, Латиф Абдулхаевич, не какой-нибудь казанский, а… а… я же ленинградский пианист, который озвучивал немые фильмы, тапером был я и так зарабатывал деньги. Времена были тяжелые, надо было как-то выживать, но несмотря на это я продолжал свою композиторскую деятельность и в те годы написал две симфонии. В Казахстан я приехал уже с творческим багажом. А ты, Латиф Абдулхаевич, что ни говори, ты тоже стал казахским Штраусом. Ведь основоположником сегодняшних вальсов является твой «Казахский вальс»! Вот припев этого вальса – это же как пробуждение высоких чувств любви! А чья эта песня?» – деп, соңғы аккордты сабырлы толқындай жайылтып барып бітірді.
Латекең: – Вот автор… Б… Б… Бекен Жамақаев! – деді тұтыға сөйлеп.
Брусиловский Бекенге ойлана қадалып: – Хорошо…не то слово хорошо, блестящий вальс! А кто поет ?– деп нотадан көз алмады.
Латекең: – Роза Бағланова!– деп лып еткізді.
– Да…да…только Розочка! – деді Брусиловский жүрегіндегі тебіреніс лүпілін баса алмай.

Илья Жақанов

Бөлісу: