Бір шаригі артық та, кем де керек

14 Қараша 2013, 03:21

Облыстық «Ақ жол» газетінің «Еңбек туы» атауы кезінде Әкпарбек Доспамбетов деген майдангер тілші болып қызмет етті. Өмірі тілшілікпен өтті. Білімі газеттің қандай жұмысына да болса, жарарлық еді. Ағамыз осы қиямет-қайым ауыр жұмыстың барлық қыр-сырына жетік болатын, журналистиканың барлық жанрында қиналмай жаза беретін. Ол жылдары журналист ілкімділігінің, икемділігінің бір өлшемі – аудармашылық қабілет-тін. Әбекең бұған да жүйрік-тұғын. Ағамыз мінезді адам еді. Қазақтың өлгенінің жаманы жоқ. Де­генде, Әбекеңнің қырсық-қыңыр­лығы жеткілікті-тін. Ештеңе, ешнәрсе ұна­май­тын кер, ғылыми тілмен айтқан­да, нигилист болатын. Әдетте, өзі көп білетін, білімдар адам сөйтсе керек. Көп оқып, көп тоқыған кісі еді. Бірбеткейлігі, принциптілігі өз басынан жетіп арты­латын. Жоғары партия мектебін бітірген Әкпарбек Доспамбетовті обком жауапты қызметтерге жұмсаған, екі рет аудандық газет редакторлығына бекіткен. Алайда, екеуінде де аудандық партия комитетінің бірінші хатшыларына қарсы жазылған материалдарды жариялап, қызметінен босап қалған. Ол кезде редактор тарапынан бұдан артық қылмыс жоқ. Бұл – қазіргі тәуелсіз газеттердің редакторына үйреншікті іс болды ғой. Сонда деймін-ау, Әбекең мезгілінен бұрын туған адам ба, дейсің. Қазір ойлап отырсам, солай ма деп те қаламын. Әбекеңнің жақтырмайтындары қазіргі оппозиционерлердің айтатын­дарына астар болуға жарамайды. Сонда деймін-ау, Әбекең нигилист емес, шындық жағында болған адам ба? Оның жақтырмағандары – қоғамның шіріктері-ау, шамасы. Әбекең философ еді. Мен бұл жерде оны философия ғылымының не екенін білмейтін философқа теліп отырғаным жоқ, ақылды, ойшыл адамға балап отырмын. Көрген-білгені, көңілге түйгені көп ағамыз әңгіме үстінде небір соқталы ойлар айтатын. Оны философ атандырған осындай сөздері. Солардың ішінен Әбекеңнің: «Бір шаригі кем адамнан бір шаригі артық адам жаман», – деген сөзі, неге екенін, менің көкейіме қона кеткені. Әлі күнге мұны рас сөз деп білемін. Шынында, бір шаригі кем адам да, бір шаригі артық адам да – бүлдіргіш. Бір шаригі кем адам – аңғал, жуас, көп бүлдірмейді. Бір шаригі артық адам – ардың-күрдің, алаңғасар, сүйкенбей, бүлдірмей жүре алмайды. Кемшілікті түзеу оңай, асқынғанды ауыздықтау қиын. Әбекең редакциядағы әріптес апайымызды бір шаригі кем адамға мысал ететін. Қалжыңға жүйрік ағамыз бірде сол апайымызға: – Жазушылар одағының мүшесіне өлгенде он шаршы метр жер артық беріледі, соған өтпейсің бе? – деп жел беріпті. Сөйтсе, апамыз кәдімгідей сеніп қалып, әрекетке кірісіпті. – Өлген адамға жер неменеге керек екен? – деп күлкі қылды артынан әлгі апамызды Әбекең. Жә, Әбекеңнің бір шаригі артық деп санайтын адамы Алаңғасар алып еді. Алаңғасар алып Түйме қызға ғашық болыпты. Түйме қыз көңілін білдірген Алаңғасарға тірі жанның қолынан келмейтін шарт қойыпты: – Бір өзің тастан сарай сал! Сонда жар боламын саған, – депті. – Мақұл, – депті Алаңғасар. Содан Алаңғасар алып Ботамойнақ тауының етегіне келіп, сандықтай-сандықтай тасты Ақыртөбеден асырып, жазыққа қарай лақтыра бастапты. Ақырында Алаңғасар алып зорығып, бір орасан дәу тасты лақтырамын деп белі үзіліп, мерт болыпты. Түйме қыз келесі ғашығына қала салдырыпты. Ол –Түймекент қаласы. Алаңғасар лақтырған сандық тастар содан бері топ-топ етіп түскен жерінде пырдай болып жатыр. Бір адам емес, бірнеше ондаған адам көтере алмайтын тастар көргенді таңдандырумен келеді. Міне, енді, Ақыртас атанған сол тастар, сол маңай «Мәдени мұра» бағдарламасына еніп, қазба жұмыстары жүргізіліп, зерттелініп жатыр. Мүмкін, алып атамыздың алаң­ға­сар­лы­ғы жөнінде бір нәрсе қылаң берер-бермес, мәселе онда емес. Мәселе – мынада. Бір шаригі кем – аңғалдар мен бір шаригі артық – алаңғасарлар болмаса, адамдар зерігіп кетер еді.   Әлдихан ҚАЛДЫБАЕВ, жазушы.

Облыстық «Ақ жол» газетінің «Еңбек туы» атауы кезінде Әкпарбек Доспамбетов деген майдангер тілші болып қызмет етті. Өмірі тілшілікпен өтті. Білімі газеттің қандай жұмысына да болса, жарарлық еді. Ағамыз осы қиямет-қайым ауыр жұмыстың барлық қыр-сырына жетік болатын, журналистиканың барлық жанрында қиналмай жаза беретін. Ол жылдары журналист ілкімділігінің, икемділігінің бір өлшемі – аудармашылық қабілет-тін. Әбекең бұған да жүйрік-тұғын.

Ағамыз мінезді адам еді.

Қазақтың өлгенінің жаманы жоқ. Де­генде, Әбекеңнің қырсық-қыңыр­лығы жеткілікті-тін. Ештеңе, ешнәрсе ұна­май­тын кер, ғылыми тілмен айтқан­да, нигилист болатын. Әдетте, өзі көп білетін, білімдар адам сөйтсе керек. Көп оқып, көп тоқыған кісі еді. Бірбеткейлігі, принциптілігі өз басынан жетіп арты­латын.

Жоғары партия мектебін бітірген Әкпарбек Доспамбетовті обком жауапты қызметтерге жұмсаған, екі рет аудандық газет редакторлығына бекіткен. Алайда, екеуінде де аудандық партия комитетінің бірінші хатшыларына қарсы жазылған материалдарды жариялап, қызметінен босап қалған. Ол кезде редактор тарапынан бұдан артық қылмыс жоқ. Бұл – қазіргі тәуелсіз газеттердің редакторына үйреншікті іс болды ғой.

Сонда деймін-ау, Әбекең мезгілінен бұрын туған адам ба, дейсің.

Қазір ойлап отырсам, солай ма деп те қаламын. Әбекеңнің жақтырмайтындары қазіргі оппозиционерлердің айтатын­дарына астар болуға жарамайды.

Сонда деймін-ау, Әбекең нигилист емес, шындық жағында болған адам ба? Оның жақтырмағандары – қоғамның шіріктері-ау, шамасы.

Әбекең философ еді.

Мен бұл жерде оны философия ғылымының не екенін білмейтін философқа теліп отырғаным жоқ, ақылды, ойшыл адамға балап отырмын.

Көрген-білгені, көңілге түйгені көп ағамыз әңгіме үстінде небір соқталы ойлар айтатын. Оны философ атандырған осындай сөздері.

Солардың ішінен Әбекеңнің: «Бір шаригі кем адамнан бір шаригі артық адам жаман», – деген сөзі, неге екенін, менің көкейіме қона кеткені. Әлі күнге мұны рас сөз деп білемін.

Шынында, бір шаригі кем адам да, бір шаригі артық адам да – бүлдіргіш.

Бір шаригі кем адам – аңғал, жуас, көп бүлдірмейді.

Бір шаригі артық адам – ардың-күрдің, алаңғасар, сүйкенбей, бүлдірмей жүре алмайды.

Кемшілікті түзеу оңай, асқынғанды ауыздықтау қиын.

Әбекең редакциядағы әріптес апайымызды бір шаригі кем адамға мысал ететін. Қалжыңға жүйрік ағамыз бірде сол апайымызға:

– Жазушылар одағының мүшесіне өлгенде он шаршы метр жер артық беріледі, соған өтпейсің бе? – деп жел беріпті.

Сөйтсе, апамыз кәдімгідей сеніп қалып, әрекетке кірісіпті.

– Өлген адамға жер неменеге керек екен? – деп күлкі қылды артынан әлгі апамызды Әбекең.

Жә, Әбекеңнің бір шаригі артық деп санайтын адамы Алаңғасар алып еді.

Алаңғасар алып Түйме қызға ғашық болыпты.

Түйме қыз көңілін білдірген Алаңғасарға тірі жанның қолынан келмейтін шарт қойыпты:

– Бір өзің тастан сарай сал! Сонда жар боламын саған, – депті.

– Мақұл, – депті Алаңғасар.

Содан Алаңғасар алып Ботамойнақ тауының етегіне келіп, сандықтай-сандықтай тасты Ақыртөбеден асырып, жазыққа қарай лақтыра бастапты.

Ақырында Алаңғасар алып зорығып, бір орасан дәу тасты лақтырамын деп белі үзіліп, мерт болыпты.

Түйме қыз келесі ғашығына қала салдырыпты. Ол –Түймекент қаласы.

Алаңғасар лақтырған сандық тастар содан бері топ-топ етіп түскен жерінде пырдай болып жатыр. Бір адам емес, бірнеше ондаған адам көтере алмайтын тастар көргенді таңдандырумен келеді.

Міне, енді, Ақыртас атанған сол тастар, сол маңай «Мәдени мұра» бағдарламасына еніп, қазба жұмыстары жүргізіліп, зерттелініп жатыр.

Мүмкін, алып атамыздың алаң­ға­сар­лы­ғы жөнінде бір нәрсе қылаң берер-бермес, мәселе онда емес. Мәселе – мынада. Бір шаригі кем – аңғалдар мен бір шаригі артық – алаңғасарлар болмаса, адамдар зерігіп кетер еді.

  Әлдихан ҚАЛДЫБАЕВ,
жазушы.

Бөлісу: