Тың көтеру – қасірет

14 Қараша 2013, 03:19

Халыққа керегі – шындық. Дәл қазір шындықты айтудан қашқақтау – бейшаралық. Кеңес Одағы кезінде басшы кадр­ларды Алматы жоғары партия мектебі жанындағы бір айлық курста оқытып, қайта даярлықтан өткізетін. Сол курсқа барғанмын. Оның оқу бағдарламасымен қоса мәдени-көпшілік жұмыстар бағдарламасы да бар. Бір күні сабақтан соң Әбілхан Қастеев атындағы көркемсурет галереясына апарды. Галерея қызметкері курс тыңдаушыларын бастап жүріп, әр суреттің қасына аялдатып, ұзын сонар әңгіме соғады. Біз түк көрмегендей, түк білмейтіндей, аузымызды ашып, көзімізді жұмып тыңдаймыз. Өстіп жылжып, Қанапия Телжановтың «Атамекен» атты полотносының алдына келіп тоқтадық. Бізді бастап жүрген келіншек әй бір көсілді дейсің: – Қанапия Телжановтың бұл полотносында Коммунистік партияның дана басшылығымен Қазақстандағы тың игеру керемет шынайы көрініс тапқан. Қараңыздаршы, әріде пойыз заулап барады, беріде алып тракторлардың өткір соқаларымен аударылған жер жатыр. Күні ертең бұл жерде қалың бидай жайқалады. Қазақ даласы Отан қоймасына миллиард пұт астық құяды. «Атамекен» – теңдесі жоқ туынды. Мен ойланып тұрмын. Мына келін­шектің айтқанының нобайы дұрыс. Әрі­дегі пойыз да, мына жыртылып тасталған жер де бір қарағанда қазақ даласын тірілтетін тірлік. Бірақ, иә, бірақ ата-баба жерін бір көріп, мүмкін соңғы рет көз салып қайтуға беттеп келе жатқан қария есік пен төрдей кер аттың үстінде асығы алшысынан тұрып емес, тұнжырап келеді. Желігіп, ойнақтап келе жатқан құлын кенет қалың шөптің тасасынан шыға келіп, жоны арса-арса болып сойылып жатқан қара жерді көріп, екі көзі шарасынан шыға шошып, шапшып барып дірілдеп тұра қалған. Қанапия Телжанов ғажап суретші екен. Күнәсіз құлынның осы жан шо­шыр­лық көзқарасымен аяусыз жыртылып, ту талақай болған қазақ даласының халін қалай керемет бейнелеген. Мен осы ойларымды арттағы екі-үш жігітке айта бастадым. Жанымдағы жам­былдық інішек жеңімнен тартып, сы­бырлады. – Абайлаңыз! Үш әріп адамдары естіп қоймасын. Шынында, ондай қауіп бар еді ол кезде. Мен сөзімді шорт үздім. Осы жай анда-санда ойыма түсіп кетіп жүретін. Жуырда «Егемен Қазақстан» газетінде орыстың ұлы жазушысы Михаил ІІІолоховтың билікке күйінген бір сәттерінде отқа жағып жіберген қол­жаз­баларын айта келіп: «Такая же участь постигла и рукопись, повествую­щая о зверьских методах освоения казахстанской целины» – деген сөзі жарияланды. Михаил Шолохов білгенді Қанапия Телжанов та білген екен. Шолохов – ұлы жазушы. Телжанов – ұлы суретші. Тың көтерудің қазақ даласының ту-талақайын шығарғанын қазір екінің бірі біледі. Ал ұлылар мұны дер ке­зінде ұққан. Шығар­ма­лар­ында тура да, тұспалдап та біл­дірген. Ұлының ұлылығы да осында ғой.  Әлдихан ҚАЛДЫБАЕВ, жазушы.

Халыққа керегі – шындық.

Дәл қазір шындықты айтудан қашқақтау – бейшаралық.

Кеңес Одағы кезінде басшы кадр­ларды Алматы жоғары партия мектебі жанындағы бір айлық курста оқытып, қайта даярлықтан өткізетін. Сол курсқа барғанмын. Оның оқу бағдарламасымен қоса мәдени-көпшілік жұмыстар бағдарламасы да бар.

Бір күні сабақтан соң Әбілхан Қастеев атындағы көркемсурет галереясына апарды. Галерея қызметкері курс тыңдаушыларын бастап жүріп, әр суреттің қасына аялдатып, ұзын сонар әңгіме соғады. Біз түк көрмегендей, түк білмейтіндей, аузымызды ашып, көзімізді жұмып тыңдаймыз.

Өстіп жылжып, Қанапия Телжановтың «Атамекен» атты полотносының алдына келіп тоқтадық.

Бізді бастап жүрген келіншек әй бір көсілді дейсің:

– Қанапия Телжановтың бұл полотносында Коммунистік партияның дана басшылығымен Қазақстандағы тың игеру керемет шынайы көрініс тапқан. Қараңыздаршы, әріде пойыз заулап барады, беріде алып тракторлардың өткір соқаларымен аударылған жер жатыр. Күні ертең бұл жерде қалың бидай жайқалады. Қазақ даласы Отан қоймасына миллиард пұт астық құяды. «Атамекен» – теңдесі жоқ туынды.

Мен ойланып тұрмын. Мына келін­шектің айтқанының нобайы дұрыс. Әрі­дегі пойыз да, мына жыртылып тасталған жер де бір қарағанда қазақ даласын тірілтетін тірлік. Бірақ, иә, бірақ ата-баба жерін бір көріп, мүмкін соңғы рет көз салып қайтуға беттеп келе жатқан қария есік пен төрдей кер аттың үстінде асығы алшысынан тұрып емес, тұнжырап келеді. Желігіп, ойнақтап келе жатқан құлын кенет қалың шөптің тасасынан шыға келіп, жоны арса-арса болып сойылып жатқан қара жерді көріп, екі көзі шарасынан шыға шошып, шапшып барып дірілдеп тұра қалған.

Қанапия Телжанов ғажап суретші екен. Күнәсіз құлынның осы жан шо­шыр­лық көзқарасымен аяусыз жыртылып, ту талақай болған қазақ даласының халін қалай керемет бейнелеген.

Мен осы ойларымды арттағы екі-үш жігітке айта бастадым. Жанымдағы жам­былдық інішек жеңімнен тартып, сы­бырлады.

– Абайлаңыз! Үш әріп адамдары естіп қоймасын.

Шынында, ондай қауіп бар еді ол кезде. Мен сөзімді шорт үздім.

Осы жай анда-санда ойыма түсіп кетіп жүретін. Жуырда «Егемен Қазақстан» газетінде орыстың ұлы жазушысы Михаил ІІІолоховтың билікке күйінген бір сәттерінде отқа жағып жіберген қол­жаз­баларын айта келіп: «Такая же участь постигла и рукопись, повествую­щая о зверьских методах освоения казахстанской целины» – деген сөзі жарияланды.

Михаил Шолохов білгенді Қанапия Телжанов та білген екен.

Шолохов – ұлы жазушы.

Телжанов – ұлы суретші.

Тың көтерудің қазақ даласының ту-талақайын шығарғанын қазір екінің бірі біледі.

Ал ұлылар мұны дер ке­зінде ұққан. Шығар­ма­лар­ында тура да, тұспалдап та біл­дірген. Ұлының ұлылығы да осында ғой.

 Әлдихан ҚАЛДЫБАЕВ,
жазушы.

Бөлісу: