Әдебиет алдыңдағы міндет үлкен

13 Қараша 2013, 11:04

Жазушы Қалмұқан Исабаев «Сұңқар самғауы» («Жұлдыз», 1965, № 9) атты романында бір апта ішінде болған оқиға төңірегін қамтиды. Уақыт шағындығына шығарма көлемінің қысқалығы да сәйкес. Романның артық-кем жерлерін сөз етпестен бұрын автордың өзінше формалық ізденіс . жасағанын құптау керек. Бұл туындыда адамның қоғам, семья алдындағы парызы, адалдық мәселесі көтеріледі. Жеке кейіпкерлердің мінез ерекшеліктері елес береді. Соның бірі - жасынан турашыл боп өскен, қоғамның адал тәрбиесін көрген жас жігіт Қобылан. Шынында, автор Қобыланды өзінің туған әкесіне қарсы шығарып, сирек кездесетін ситуацияға барған. Жас жігіттің бедел, жақындық тұзағына түспей, өз көзі жеткен шындыққа ұмтылуы, сөз жоқ, оның тұлғасын едәуір айқындайды. Автор басқа адамдардың жай-күйінен сараң айтса да кейбір мағулматтар берген. Дегенмен, осы шығармада тағдырлар тарихы анықтыққа жетпейді. Оның көп себебін іздеп жатпағанда, бір ғана мәселені айтпай өтуге болмайды. Ол - қаһармандардың іс-әрекетіне дәлелдеменің жеткіліксіздігі. Автор бір топ адамның аты-жөнін, қазіргі кәсібін хабарлаған да, байланыстар тарихынан қанықты ештеңе көрсетпеген. Біз өмірде Доспек Қозғанбаевич секілді адамдар болуы мүмкін деп ойлаймыз, бірақ оның неге сондай болғанына көзіміз жетпейді. Демек, характердің ез басының табылуы ғана шарт емес, сол характердің жолы, эволюциясы жалпы орта, уақыт жағдайы көрінуі мұрат. Шығармада характер мен жағдай ақиқатын гармониялы түрде келтіру мәселесі күн тәртібіне бүгін ғана қойылып отырған жоқ. Өйткені, көркем әдебиеттің негізгі нысанасы -адам өмірінің ақиқатын, мүмкін қадарынша, толық, әсерлі етіп таныту. Жазушы өмір құбылыстарын жете танып, белгілі идеялармен жалындағанда ғана ыстық жүрек лебіндей әсерлі туынды жасалуы мүмкін. Бұл жөнінде М.Әуезовтің мына сөздері дәл қазір айтылғандай естіледі. «...Жазушы қаламынан туған барлық асыл бұйым атаулыны алсақ әр кітаптың тамыр-төркіні, ең алдымен, жазушының озінің жанынан терең орын алған күйлерден туады. Адам тағдыры мен тартысының барлық шақтарына өзінің ішкі-сыртқы болмысымен нақтылы түгел шомған жазушының көңілінен ғана көңілдегідей тулға туады. Жүрек қанымен жазылғандай әдебиет шығармасы өзі де сүйген, өзі де жиренген жаннан шығады. Бірде достасып, бірде алысқан, кейде қуанып, күліп мәз-мереке көрген немесе ащы күйік, ыстық жас тогіп өкінген, жеңілу мен утылу жазасын шеккен, болмаса жеңіс, табыс пен қуаныш, шаттық тапқан - қысқасы, бар тынысы балқыған жазушылық жүректен ғана шын шығарма туады» (М.Әуезов. Уақыт және әдебиет, 1962, 395 бет). Бұл тұста ұлы суреткер шығарма үшін  автордың  субъектив  аңсарының  қаншалық маңызды екендігін баса ескерткен. Ал, нақтылы өмір материалын, қаһармандар мінезі қалыптасатын ортаны білу керектігін де М.Әуезов атан көрсетеді. «Жазушы неге нашар жазады! Муның себебі біреу ғана емес. Ең әуелі өмірді нашар білу бар. Жазам деген ортадан сыртқары тұрып жазуға болмайды. Өзің талдап алған материалды сүю ғана емес, барлық шетін, нәзік жайларына дейін түгелімен киялдап та іштен кешіру шарт. Таңдап алған ортасын және тиісті байланысты жайларын сүйіп сезішен көңілге ғана шыншыл терең сенімді суреттер сай келеді» (Бұл да сонда, 395 бет). Әдебиет алдыңдағы міндет үлкен. Ол совет адамдарын биік адамгершілік, парасат, еңбекшілдік, коллектившілдік рухында тәрбиелеуге тиісті. Коммунистік партия бастаған істердің сенімді жаршысы, насихатшысы қызметін совет жазушылары абыроймен ақтап келеді. Халқымызды социалистік дәстүрлерге баулып, жаңа салт-сананы таратуда әдебиеттің үздік шығармаларының орны бөлек. Шығарманың өміршеңдігі мен тәрбиелік мәні оңда қоғам, адам шындығының әділ, ақиқат суреттері түсуіне байланысты. Белгілі, анық қағидаларды қайталау бар да, өмірдің өз ағысынан жанды тенденцияларды табу бар. Бізге керегі -соңғысы. Бұл міндет өмір байланыстарын диалектикше зерттеп қанғанда, құбылыстардың себебі мен салдарын екшегенде, адамдар тағдырын айтуды алғы кезекке шығарғанда өтелмек. 1967

Жазушы Қалмұқан Исабаев «Сұңқар самғауы» («Жұлдыз», 1965, № 9) атты романында бір апта ішінде болған оқиға төңірегін қамтиды. Уақыт шағындығына шығарма көлемінің қысқалығы да сәйкес. Романның артық-кем жерлерін сөз етпестен бұрын автордың өзінше формалық ізденіс . жасағанын құптау керек. Бұл туындыда адамның қоғам, семья алдындағы парызы, адалдық мәселесі көтеріледі. Жеке кейіпкерлердің мінез ерекшеліктері елес береді. Соның бірі - жасынан турашыл боп өскен, қоғамның адал тәрбиесін көрген жас жігіт Қобылан. Шынында, автор Қобыланды өзінің туған әкесіне қарсы шығарып, сирек кездесетін ситуацияға барған. Жас жігіттің бедел, жақындық тұзағына түспей, өз көзі жеткен шындыққа ұмтылуы, сөз жоқ, оның тұлғасын едәуір айқындайды. Автор басқа адамдардың жай-күйінен сараң айтса да кейбір мағулматтар берген.

Дегенмен, осы шығармада тағдырлар тарихы анықтыққа жетпейді. Оның көп себебін іздеп жатпағанда, бір ғана мәселені айтпай өтуге болмайды. Ол - қаһармандардың іс-әрекетіне дәлелдеменің жеткіліксіздігі. Автор бір топ адамның аты-жөнін, қазіргі кәсібін хабарлаған да, байланыстар тарихынан қанықты ештеңе көрсетпеген. Біз өмірде Доспек Қозғанбаевич секілді адамдар болуы мүмкін деп ойлаймыз, бірақ оның неге сондай болғанына көзіміз жетпейді. Демек, характердің ез басының табылуы ғана шарт емес, сол характердің жолы, эволюциясы жалпы орта, уақыт жағдайы көрінуі мұрат.

Шығармада характер мен жағдай ақиқатын гармониялы түрде келтіру мәселесі күн тәртібіне бүгін ғана қойылып отырған жоқ. Өйткені, көркем әдебиеттің негізгі нысанасы -адам өмірінің ақиқатын, мүмкін қадарынша, толық, әсерлі етіп таныту. Жазушы өмір құбылыстарын жете танып, белгілі идеялармен жалындағанда ғана ыстық жүрек лебіндей әсерлі туынды жасалуы мүмкін. Бұл жөнінде М.Әуезовтің мына сөздері дәл қазір айтылғандай естіледі. «...Жазушы қаламынан туған барлық асыл бұйым атаулыны алсақ әр кітаптың тамыр-төркіні, ең алдымен, жазушының озінің жанынан терең орын алған күйлерден туады. Адам тағдыры мен тартысының барлық шақтарына өзінің ішкі-сыртқы болмысымен нақтылы түгел шомған жазушының көңілінен ғана көңілдегідей тулға туады. Жүрек қанымен жазылғандай әдебиет шығармасы өзі де сүйген, өзі де жиренген жаннан шығады. Бірде достасып, бірде алысқан, кейде қуанып, күліп мәз-мереке көрген немесе ащы күйік, ыстық жас тогіп өкінген, жеңілу мен утылу жазасын шеккен, болмаса жеңіс, табыс пен қуаныш, шаттық тапқан - қысқасы, бар тынысы балқыған жазушылық жүректен ғана шын шығарма туады» (М.Әуезов. Уақыт және әдебиет, 1962, 395 бет). Бұл тұста ұлы суреткер шығарма үшін  автордың  субъектив  аңсарының  қаншалық маңызды екендігін баса ескерткен.

Ал, нақтылы өмір материалын, қаһармандар мінезі қалыптасатын ортаны білу керектігін де М.Әуезов атан көрсетеді. «Жазушы неге нашар жазады! Муның себебі біреу ғана емес. Ең әуелі өмірді нашар білу бар. Жазам деген ортадан сыртқары тұрып жазуға болмайды. Өзің талдап алған материалды сүю ғана емес, барлық шетін, нәзік жайларына дейін түгелімен киялдап та іштен кешіру шарт. Таңдап алған ортасын және тиісті байланысты жайларын сүйіп сезішен көңілге ғана шыншыл терең сенімді суреттер сай келеді» (Бұл да сонда, 395 бет).

Әдебиет алдыңдағы міндет үлкен. Ол совет адамдарын биік адамгершілік, парасат, еңбекшілдік, коллектившілдік рухында тәрбиелеуге тиісті. Коммунистік партия бастаған істердің сенімді жаршысы, насихатшысы қызметін совет жазушылары абыроймен ақтап келеді. Халқымызды социалистік дәстүрлерге баулып, жаңа салт-сананы таратуда әдебиеттің үздік шығармаларының орны бөлек.

Шығарманың өміршеңдігі мен тәрбиелік мәні оңда қоғам, адам шындығының әділ, ақиқат суреттері түсуіне байланысты. Белгілі, анық қағидаларды қайталау бар да, өмірдің өз ағысынан жанды тенденцияларды табу бар. Бізге керегі -соңғысы. Бұл міндет өмір байланыстарын диалектикше зерттеп қанғанда, құбылыстардың себебі мен салдарын екшегенде, адамдар тағдырын айтуды алғы кезекке шығарғанда өтелмек.

1967

Бөлісу: