Жемісті жолдар

13 Қараша 2013, 10:24

Қазақстанда бастауыш, орталау және орта мектептердің кебеюі, жоғары оқу орындарында тіл, әдебиет факультет-терінің ашылуы әдебиеттің тұрақты хрестоматиялары мен оқулықтарын қажет етті. Оқулықтар, хрестоматиялар жасауға жазушылар мен сыншылар қызу ат салысты. Соның арқасында көптеген кітаптар жарыққа шықты, әдебиет тарихының түрлі мәселелеріне белгілі анықтық, жүйелілік енгізілді, фольклордың, ертедегі жазба жәдігерліктердің, >совет жазушылары шығармаларының сын бағасы берілді, әдебиеттану ғылымы қалыпқа түсті. Әдебиет тарихының көптеген проблемалық жайларына, жеке шығармаларға, ағымдарға, «аттың жалы, түйенің қомында» сияқты пікір айтуға тура келген. Айлар, ясылдар бойы сарыла зерттеп, әбден ойланып-толғанып жазуға уақыт, өмір қажеті мұрша бермейтін. Осы себептен хрестоматия құрастырушылар әрі ғалымның, әрі құрастырушылар қызметін   қоса   атқаратын.   Бұл   ретте,   әсіресе   отызыншы 1 Әуезұлы Мұхтар. Жеткіншек, ересек жастар мектебіне арналған оқу құралы, 1930; Майлин Б., Мұқанов С. Колхоз ауылы. Ана тілінен 4 оқу жылына арналған оку кітабы, 1930; ЖансүгіровІ., СейфуллинС, Мәмет келіні Ә., Майлыұлы Б. Әдебиеттану оқу кітабы (қазақ мектебінің 5 бөлімі үшін), І-бөлім, Қызылорда, 1932; С.Сейфуллин. Қазақ әдебиеті, І-кітабы, Билер дәуірінің әдебиеті, 1932; Мұқанов С. XX ғасырдағы қазақ әдебиеті, І-бөлім, Қызылорда, 1932; Жансугірұлы I., Мусірепұлы Ғ., Көркем әдебиет жинағы, орта мектептің 6 оқу жылы үшін, 1933; Жолдыбаев М., Әуезов М., Қоңыратбаев Ә. XIX ғасыр мен XX ғасыр басындағы қазақ әдебиеті оқуқұралы,7лсылүшін,Алматы, 933;ЖолдыбаевМ.,ҚоңыратбаевӘ., Қаратаев М. Әдебиет хрестоматиясы 2-бөлім. 4 класс, 1934; Сейфуллаұлы С, Тұрманжанұлы Ө. Көркем әдебиет, орта мектептің 5  класы үшін, 1934; Тогжанов Ғ. Абай, 1935; Әуезов М .Әдебиет хрестоматиясы, VI класс үшін, 1937; Үсенов Ә. Әдебиет хрестоматиясы, IX класс үшін, 1937; Жанеалин М., Ерубаев С Әдебиет хрестоматиясы, X класқа арналған, 1937; Мұқанов С, Бекхожин Қ. Әдебиет хрестоматиясы, 1938; Ысмайылов Е., Ақшолақов Т Әдебиет хрестоматиясы, IX класс үшін, 1938; Жұмалиев Қ. Әдебиет теориясы, УІІІ-ІХ кластаріа арналған, 19338; Қараіпаев М. Қазақ совет әдебиеті, 1938; Қазак ТІЛІ мен әдебиеті (мақалалар жинағы), 1939; Ысмайлов Е. Әдебиет теориясының мәселелері, 1940 жылдардың алғашқы жартысында аса көп жұмыс істелгенін атап айту керек. Қазақ қаламгерлерінің бірлесе күш жұмсауының нәтижесінде ол жылдарда арғы-бергі әдебиетіміздің, фольклордың сыр-сипаты негізінен анықталып, таныла түскен еді. С.Сейфуллиннің, С.Мұқановтың,            М.Әуезовтің,           М.Жолдыбаевтың, Ә.Қоңыратбаевтың, Ө.Тұрманжановтың оқулық, хрестоматия-лары жарық көрді. Осы еңбектерде әдебиет тарихын дәуірге бөлу, таптық сипатын ашу, белгілі қалам қайраткерлерінің шығармаларын талдау, олардың орнын белгілеу саласында аса құнды, тың тұжырымдар мол болатын, Арагідік жаңсақ, бір жақты топшылаулар үшырасып отырғанымен, бұлар әдебиеттануды қалыптастыруда мықты роль ойнады. Қысқасы, әдебиет тарихына деген кейіннен қалыптасқан концепцияның түп негізі отызыншы жылдарда салынған. С.Сейфуллин өзінің «Қазақ әдебиеті» (1932) атты әрі оқулық, әрі хрестоматиясында ауыз әдебиетін жеке топқа бөліп таныстырды, көптеген мұралар жөнінде тыңғылықты, қызғылықты пікірлер айтты. Бұл еңбек халық әдебиетінің саф мөлдір байлығын жұртшылыққа таныту жөнінен зор маңызға ие болды. Бүкіл ертедегі ауызша тараған жәдігерлер «Билер дәуірінің әдебиеті» деп шартты түрде анықтаганына қосылмаған күнде де, кітапта көптеген мәнді қорытындылар, батыл болжаулар жасалғаны назар аударарлық. Зерттеуші белгілі шығармалар, тарихи оқиғалар жайында аңғарғанын іркілмей баяндаған, көп мәселеге байыпты, парасатты анықтық енгізген. Әсіресе қазақ эпосының негізі «ноғайлы дәуірінде» шыққанын дәлелдейтін тұстар айрықша көңіл бөлерлік. Осы тұжырымын түсіндіру үшін басқа халықтар фольклорының деректеріне де жүгінеді. Жалпы алғанда, эпостардың пайда болған дәуірін тарих мағлұматтарына сүйене отырып топшылауға талаптануы отызыншы жылдар жағдайында тың қадам болатын. Ауыз әдебиеті нұсқаларын топқа, жүйеге бөлуі, жеке шығармалардың табиғатын түбірлеп тексеруі, методологиялық жағынан елеулі жаңа бастамалар жасауы, халық тарихынан аса бағалы мәліметтер беруі, шығармалардың текстерін жариялауы Сәкен Сейфуллиннің әдебиеттану ғылымын белгілі биікке көтергендігіне айғақ. Кітаптың бірінші бөлімінде автор ауыз әдебиетінің қысқа жырларын алты топқа (ертегілер; салт өлең-жырлары; дін салтынан туған өлең, тақпақ жырлар; мал туралы және «киелі» жануарлар туралы әңгіме, өлең-жырлар; жастык ойын-күлкі, өлең-тақпақтар; билер сөзі) бөліп тексереді. Осылардың шығу мәнісі, ерекшелігі байсалды, сенімді баяндалған. Әлбетге, фольклор жанрларын жүйелеу одан кейінгі дәуір-лерде екшеле, жетіле түскені мәлім. Бірақ С.Сейфуллиннің классификациясы кезінде үлкен ғылыми оқиға еді. «Қазақ әдебиетінің» екінші бөлімінде С.Сейфуллин эпостық шығармаларды таныстырады. Автор қазақтың қаһармандық жырларын не себептен «ноғайлы дәуірдің туындылары» деп атағанын түбегейлі дәлелдеуге талаптанады. Көптеген салыстырулар жасайды, әдебиет материалын тарих шындығымен қабыстыра, байланыстыра қарайды. Осыдан кейін «Алпамыс», «Қобыланды», «Ер Тарғын», «Қамбар батыр», «Едіге» секілді жырларға жеке тоқталған, оларды әрі мазмұндап, әрі тарихи тегін ашуға ұмтылған. Әлбетте, бүкіл фольклорды тұтас алып, алғаш рет оқулық көлемінде зерттеген автордың жекелеген талас тудыратын мезеттері, қайшы пікірлері кездеспейді емес. Бұл кітапта көрсетілген жыр да, басқа жанр шығармалары да толып жатыр. Дегенмен, «Қазақ әдебиеті» - көптеген түйінді пікірлері, болжамы, барлауы, сендіруі жағынан құнын жоймаған, үлкен біліммен, азаматтық жауапты ойдан тұрған бағалы мұра. Мұнда фольклор зерттеушілер дамытып, жалғап әкетерліктей, нәрлі идеялар ұрығы да мол. «Қазақ әдебиеті» -С.Сейфуллиннің ғана емес, сол кездегі қазақ әдебиеттануының ірі жетістігі. Отызыншы жылдардың бас кезінде жарияланған күрделі еңбектер қатарында Сәбит Мұқановтың «XX ғасырдағы қазақ әдебиеті» (1932) деген монографиясы да аталуға лайық. Бұл еңбектің елеулі ұнамды сипаттары бар. Біріншіден, мұнда XX ғасырдың бас кезіндегі әдебиеттің мол мағулматтары жинақталған. Екіншіден, автор казақтың ұлтшыл жазушыларының шығармаларын жан-жақты тексеріп, талдаған. Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаев сияқты қаламгерлердің шығармаларын сын көзімен қарап сөз еткен. Қазақ әдебиетіндегі ұлтшылдық сарындағы әдебиетті кең мысалдар келтіре отырып сынауы автордың советтік идеология күрескері болғанын көрсетеді. Жалпы алғанда, пайдалы, оқушыға көп білім беретін бұл кітаптың жекелеген кемшіліктері де бар еді. Соның кейбіреулерін әдебиетші Елжас Бекенов өзінің сынында1 орынды ескерткен. Ол революцияға дейінгі қазақ әдебиетіндегі империализмге, отаршылдыққа, езілуге қарсылық идеясы С.Мұқанов кітабында толық көрсетілмегенін айтты. Сонымен қатар бұл еңбекте ұлтшыл жазушылардың кейбір шығармаларына жасалған талдаулар да нандырмайды. Автор ұлтшылдар санатына Сұлтанмахмұт Торайғыровты да, Сәбит Дөнентаевты да, Бернияз Күлеевті де, Мұхтар Әуезовті де қосқан, бұлардың шығармаларында бұқарашылдық сарынның басымдылығын байқамаған. Қалай деген күнде де, С.Мұқанов кітабы әдебиеттегі таптық сипаттың себептері мен салдарын түсінуге септесетін еңбектің бірі болды. Ал, М.Жолдыбаев, М.Әуезов, Ә.Қоңыратбаев жолдастар өздерінің «XIX ғасыр мен XX ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің оқу кітабында» (1933) әдебиет тарихын дәуірге бөлудің жаңа жобасын ұсынған. Олар, мәселен, қазақ өлкесінің патша өкіметіне бағынып, отарлау дәуірінің әдебиетін (Бұқар, Махамбет, Нысанбай т.б. ақындар) жеке әңгімелейді, 1870-1905 жылдар арасындағы әдебиетті бөлек Елжас Бекенов, Ұлт қозғалысы және ұлтшылдық әдебиет, А., 1935. тексереді. Әдебиет тарихын дәл осылай дәуірге бөлудің, жіктеудің кемшілігі бола тұрса да, ол зерттеушілік ойдың өрістеуіне турткі салды, ертеде өткен ақындар творчествосын молырақ та тереңірек тануға көмектесті. Бұрын басы дауда жүрген кейбір ақындар шығармашылығын жаңа қырынан, әділірек көруге авторлар талаптанған. Аталған кітапта қазақтың ертедегі бірнеше ақынының творчествосына ғылыми дұрыс бага берілген. XVIII ғасырда өмір кешкен Бұқар жырау окулық көлемінде тұңғыш рет таныстырылды. Бұқар шығармаларын құлай мақтаушылық та, сырттан үстірт даттаушылық та жоқ, авторлар әр нәрсені зерттеуші   ролінде   байыпты  түсіндіреді.   Қазақтың   атақты ақындарының   бірі   -   Махамбет   Өтемісовтің   өмірі   мен творчествосы бұл кітапта кең де, ұтымды да баяндалған. Махамбеттің     ақындық     ерекшелігі     шебер     жеткізілген. Нысанбай ақын туралы да оқулықта бірталай дерек келтірген. Осы тұста ескертіп өтуді қажет ететін мәселе - Кенесары қозғалысына берілген бағаның ақиқаттығы.  Кітапта былай делінген.    «Бұл    қозғалыстың    кезінде    патша    өкіметінің отаршылдық  саясатына қарсылық ойлаған  өлке  бұқарасы, көпшілігі  қосылып  кетіп  отырса да,  асылында,  Кенесары жорығының көпшілігі бұқара қозғалысы бола бермейді».  Бұл тұжырымның растығы кейіннен дәлелденді, тарих ғылымы да осыған орай үкімге келді. Бұл оқулықтың практикалык мәні сол - бұрын екі ұшты бағаланып немесе аталмай жүрген ақындар жөнінде нақтылы, анық сипаттама берілді. Мұнда Шортанбай, Мұрат, Абай, Ыбырай, Әбубәкір, Шөңгерей, Омар, Сұлтанмахмұт, С.Дөнентаев сияқты ақындардың шығармаларына арнайы талдау жасалған. Осылардын әрқайсысы туралы да кітапта соны шешімдер, жаңаша пайымдаулар кездеседі. Бірде артық, бірде кем айтылып жагса да, ол пікірлердің оқушыға берерлігі мол. Басқаларын былай койғанда, Абай туралы айтылғанмына сөздер де тың естіледі. «Көп жағынан қарағанда, сол XIX ғасырдың барлык ұзына бойында ілгеріде туып, өсіп, жайылып келген әдебиет улгілерінің барлығы өздерінің үлкен, ұлы қорытындысын, Абайды табады» (52-бет). Авторлар Шортанбайды жазып жырлаған, оқыған акын деп бағалауы, оның шығармаларында кейбір идеялар тегін Ахмет Ясауи (XII ғасыр) хикметтерімен байланыстыра карауы да соны топшылау. Осылайша әр акын шығармашылығына тиісті, жанасымды бағалар айтылған. Ыбырай Алтынсарин туралы «Қазақ әдебиетіне өнер, техниканы жырлау сарынын ендірген ен бірінші ақын» (76), «қазақ тарихының белгілі дәуіріндегі жаңалыққа бастаған тарихи еңбегі бар кісі» (78) делінген. Ұлы ағартушы, жазушыны жұртшылық түгел танып болмаған, әлі де болса әсіре белсенділер оны қаралап жүрген кезде оқулықта осыншама тұжырымды пікір айтылуы ілгері басқандық. Мұрат ақын жырларында мұң, шер сарыны күшті екенін, басқа да осалдықтар барлығын кітап авторлары бүкпей баяндайды. Осы оқулықта А.Пушкин, Ю.Лермонтов, Л.Толстой тәрізді орыс жазушыларының таныстырылуы да керекті іс еді. «XIX ғасыр мен XX ғасыр басындағы қазақ әдебиеті оқу құралы» жекелеген жетіспегендіктеріне қарамастан, әдебиет-танудың өте маңызды қадамы болды. С.Сейфуллин мен Ө.Тұрманжановтың «Көркем әдебиет» (1934) атты оқулық-хрестоматиясы да елеулі еңбектердің бірі. Мұның сонылық сипаты - қазақ совет жазушыларының өмірі мен шығармашалығын алғаш рет жүйелеп таныстыруында, белгілі туындыларға тұжырымды баға беруінде. Кітапта Б.Майлин, С.Сейфуллиннің, С.Мұқановтың, І.Жансүгіровтің, Ө.Тұрманжановтың, Ж.Сыздықовтың, А.Тоқмағамбетовтың, Қ.Әбіқадыровтың, Т.Жароковтың творчествосына талдау берілген. Бұл талдаулар мен анықтаулар түйіні кейіннен қазақ әдебиеттану ғылымында іске жарағаны тарихтан мәлім. Авторлар революциядан бұрынғы әдебиет өкілдері мен ауыз әдебиет нұсқаларын да таныстырған. Солардың ішінен Сұлтанмахмұт Торайғыров пен Омар Қарашев туралы айтқандары тоқталып өтерлік. С.Торайғыровтың шығармашы-лығындағы халықтық сипатты көрсете келіп, С.Сейфуллин мен Ө.Тұрманжанов «Кедей» дастанын жоғары бағалайды, бұл шығарма революция әсерімен туған деп есептейді. «Көркем әдебиетте» Омар Қарашев жайында жүйелі пікірлер кездеседі. О.Қарашевтың өмірбаянымен таныстыра, оның көзқарасындағы қайпіылықтарды нақтылы сынай келіп, авторлар ақын творчествосының жалпы ұнамды мәні бар екенін ашық айтады: «Ол өнер-білімге, оқуға шақырады, кейбір салттарға, ескі діншілдерге қарсы болды»,1 - дейді. Қазақтың жаңа жазба әдебиетінің негізін салған Абай Құнанбаевтың шығармаларын тану, түсіну жолында көптеген айтыстар болғәны белгілі. Сондай талқылаудың бір күрделісі -отызыншы жылдардың бірінші бөлегінде (1934) өткені де мәлім. Қазақ әдебиетшілері мен мәдениет қайраткерлері бұл жолы Абайдың Абайлық қалпы мен табиғатын ақиқат ашуға күш салды. Сол тұста осы тақырыпқа көбірек қалам тартып, кітап шығарған адамның бірі сыншы Ғаббас Тоғжанов бодды. Ғ.Тоғжанов - жиырмасыншы жылдардың екінші жартысында әдебиет  сынымен  көп  айналысып,  талай-талай  мақалалар, жеке кітаптар шығарған автор. Әлбетте, олардың құндылығы біркелкі   емес.   Әдебиет   алдына   орынды   талаптар   артқан мезеттер мен көркем шығармаға ағат үкім айтатын жаңсақ тұжырымдар   Ғ.Тоғжанов   мақалаларында   қатарласа   келіп отырады. Ғ.Тоғжановтың сыншылық, зерттеушілік еңбегінің бұл дәуірдегі күрделі ескерткіші - Абай туралы кітабы (1935). Мұнда ол Абай творчествосының көп қырын табуға көмектесерлік ойлы, жүйелі пікірлер айтқан, Абайдың аса үлкен әдеби көрініе екеніне жұртшылық назарын аударған, болашақ зерттеушілерге ой саларлық мәселелер тобын нұсқаған. Зерттеуінің ең басында Ғ.Тоғжанов қазақ әдебиетіндегі Абайдың ақындық орны әлі жеткілікті танылып болмағанын ескертеді де, бұған бір себеп - Абай мурасын тым жалпылама әңгімелеу деп түйеді. Автор Абайдың заманы, өмірі, өскен ортасы, алған тәрбиесі, өлеңдеріндегі қайшылықтар, реализм, кедейге, бұқараға көзқарасы, ақындық шеберлігі сияқты мәселелерге жекелеп тоқталады. Осы тақырыптардың әрқайсысына ол қызғылықты ойлар айтқан. Әсіресе, Абайдың поэзиясындағы өзіндік ерекшелігін, қосқан жаңалығын жүйелеп көрсетуі бағалы. Автордың ұғындыруынша, Абайдың бірінші жаңалығы - көркем созге, поэзияға жаңа, биік талаптар қойғандығы; екінші жаңалығы - қазақтың жазба ұлт әдебиетін жасауға бас болғандығы; үшінші жаңалығы - орыс әдебиетінің үлгілерін алуы; төртінші жаңалығы - казақтың тіл байлығын ұқсата, жетілдіре білуі; бесінші жаңалығы - олеңнің жаңа түрлерін жасағандығы. Бұлайша тұжырымдау Абай тануға кезінде қосылған жақсы жинақтаулар екенін елемеуге болмайды. Ғ.Тоғжанов ақын мұрасы туралы топшылауларын жинақтай келіп, мынадай түйінге ден қояды. «Абайды қазақ^ поэзиясына жаңалық кіргізген, жаңа түр берген, үйренерлік улгі қалдырған ақын дейміз»1 Бұл пікірін жалғастыра келіп, енді бірде: «Абай сықылды үлкен талантты ақынды қазақ еңбекшілері өткен өмірдің бізге тастап кеткен үлкен байлығы, асыл мұрасы деп бағалайды»,2 - дейді. Абай поэзиясын, жалпы алғанда, жоғары бағалаған Ғ.Тоғжанов бірсыпыра жаңсак тұжырымдар да айтады. Бұл оның кітабында қайшы пікірлердің коп екеніне айғақ. Мәселен, оның Абайды байлар табының мұңшысы, ұлтшыл ақындардың басы деген теріс пайымдауларына қосылуға болмайды. Ұлы ақынға деген мұндай козқарас кездейсоқ туған жоқ. Қазақ әдебиетшілері ғана емес, орыс әдебиетшілері де бір кезде атақты классиктер: Пушкин, Лермонтов, Толстой, Ғаббас Тогжанов. Абай. ҚКӘБ, Алматы, 1935, 135-бет. Бұл да сонда. Гончаровтарды «дворян ақын, жазушылар» деп жаңылысқаны мәлім. Сондай-ақ, Ғ.Тоғжановтың да Абайды «байлар ақыны» деуі біржақтылық салдары болатын. Оның Абай кедей көпшілік мүддесін аша алмады деуі де осыған сабақтас. Әдеби сын ойдың пролеткультшілдіктен айығып болмаған, бір қиырға шығандап кетудің орын алып түрған шағына тән әсіре белсенділіктерін сынап қарағанда да, Ғ.Тоғжановтың қазақтың данышпан ақыны туралы кітабы кезінде Абай мурасын насихаттауға қызмет еткені анық. Монография соңында Ғ.Тоғжанов ескі жазба жәдігерліктерді игеру қажеттігін, анық-қанығына жетпей турып мұраны қараламау керектігін ескертеді. Әдеби мұраны лайығымен бағалау ісіне ат салысқан партия, совет, мәдениет қайраткерлерінің де еңбегі үлкен. Қазақстанның басшы қызметкерлерінен Л.Мирзоян, Т.Жүргенов есімдерін осы ретте атап өту ләзім. Белгілі ғалым С.Аспандияров та өзінің - «Қазақстаңдағы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі» (1936) деген еңбегінде өткендегі әдебиет өкілдері туралы (Абай, Сұлтанмахмұт) пайдалы пікірлер қозғады. Әдебиет оқулықтары мен хрестоматияларында өзге ақындар жайында тужырымды қорытындылар жасалган. Мәселен, М.Әуезов өзінің 6-класқа арналған оқу қуралында (1936) бір топ орыс жазушыларымен қатар қазақ ақындарын да таныстырады. XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың алғашқы ширегінде жасаған ақын-молда Мұса туралы дерек осы кітапта берілген. Автор Мұса ақын творчествосының сипатын қысқа да нусқа айта білген. Әдебиеттану үшін бірсыпыра батыл да жаңа пікірлер Е.Ысмайылов пен Т.Ақшолақовтың 9-класс әдебиет хрестоматиясында (1939) кездеседі. Мунда Шәңгерей Бөкеев, Нармамбет Орманбетов, Мәшһүр Жүсіп Көпеев, Омар Қарашев, Спандияр Көбеев хақында біраз нақтылы талдаулар мен бағалаулар бар. Авторлар Шәңгерейді өз заманының шындығын  объективті  жағынан  дұрыс  көрсете  алған  деп қарайды; Нармамбеттің де ақындық шеберлігін атап өтеді. Ал Мәшһүр Жүсіпті XX ғасырдың басындағы демократиялық бағыттағы ақындар қатарында атаған; Омар Қарашевты ірі реалист ретінде сипаттаған. Е.Ысмайылов пен Т.Ақшолақов Абай, Ыбырай, Сұлтанмахмұт, С.Дөнентаев туралы да кеңірек түсінік беруге талаптанған. Бұлар Султанмахмұтты қазақтың Абайдан кейінгі ірі ақыны, классигі деп қараған. Бұл кітапта 1916 жылғы көтеріліс және халық поэзиясы жайында да қызғылықты таныстырулар бар. Әдебиет зерттеушілері сөз өнерінің арғы-бергі дәуірдегі ескерткіштерін екшеп, пайдалысын халыққа усынуда көрнекті қызмет атқарғанына басқа да мысалдар мол. Оқулық, хрестоматия авторлары өз тарапынан әдебиет тарихының «тыңын» көтеруге тырысты, ілгергілер пікірін анықтай, толықтай түсуге талаптанады. Ендігі жерде орта мектеп оқулықтарына қажет деректерден тыс проблемаларға да барлау жасала бастайды. Әдебиет мәселелеріне арналған жинақтар жарияланады. Соның бірінде Б.Кенжебаевтың «Қазақ әдебиетін дәуірлеу мәселелері» (1941) деген мақаласы басылған. Қазақ әдебиетінің тарихын шартты түрде бес дәуірге (қазақ хандығы тұсындағы әдебиет, XIX ғасырдың алғашқы жартысындағы әдебиет, XIX ғасырдың екінші жартысындағы әдебиет, XX ғасырдың алғашқы 20 жылындағы әдебиет, совет әдебиеті) бөліп тексеруді ұсынады. Бірақ бул идеялардың біразы қолдау таппай, игі тілек деңгейінде қалып қойды. Әсіресе, қазақ хандарының тұсындағы деп аталған әдебиетке зерттеушілер табылмады. Қазақ әдебиетінің кең қулаш жайып өсуі, сын мен әдебиеттанудың ірі табыстарға жетуі әдебиеттің теориялық мәселелерін де күн тәртібіне қойды. Қазақ тілінде бул саладан оқулықтар пайда бола бастады. Бул ретте Қажым Жумалиевтің «Әдебиет теориясын» (1938), Есмағамбет Ысмайыловтың «Әдебиет теориясының мәселелерін» (1940) көрсету жөн. Қ.Жумалиевтің орта мектептерге арналған. «Әдебиет теориясында» әдебиеттің терең қағидалары, ескірмес ережелері тұңғыш рет ана тілімізде түсіндіріледі. Автор орыс тіліндегі теория оқулықтарының жетістіктерін кеңінен пайдалана отырып, қазақша жатық тілімен теория тұжырымдарын сөйлетті. Жалпы алғанда, әдебиет теориясынан еңбек жазудың қиындығы мәлім. Оның үстіне Қ.Жұмалиев бірталай қосалқы жүктер көтергенін де атап өту парыз. Әдебиет теориясының терминдерін қалыптастыру, жаңа атаулар, баламалар табу деген де оңай міндет емес еді. Кейіннен көпшілік қолданып кеткен әдебиет теориясы терминдері жұртшьшыққа осы оқулық арқылы тарады. Автор өлең құрылысы, ұйқасы, көркем тіл, жанр, тақырып, композиция, сюжет, әдебиет текстері тағы басқа толып жатқан мәселелерге анық тұжырым тапты. «Әдебиет теориясы» шығу фактісінің өзі әдеби өскендіктің жарқын нышаны еді. Қазақ әдебиеттану ғылымында отызыншы жылдардың аяқ кезінде әдебиет теориясына арналған күрделі еңбектердің бірі - Е.Ысмайыловтың «Әдебиет теориясының мәселелері» (1940) атты кітабы. Педагогикалық институттардың студенттері мен орталау, орта мектептер оқытушыларына бул аса пайдалы құрал болып табылды. Тек оқытушылар, студенттер ғана емес, жалпы әдебиет сүйер қауымына аталған еңбектің әкелген жаңалығы аз емес. «Әдебиет теориясының мәселелері» негізінде орыс тіліндегі оқытушылар мен теориялық кітаптардың тікелей ықпал әсерімен туса да, кей жерлері, автордың өзі де атап көрсеткеніндей, әлгі еңбектерден алына тұрса да, қазақ оқушысы үшін ірі сонылық болып есептеледі. Автор белгілі қағидаларды қазақша сөйлетіп қана қоймай, оларды қазақ әдебиетінің материалдарымен дәлелдеген. Әрине, осыншама күрделі еңбектің лсақсылығымен қатар кемшіліктері де кездеседі. Жалпы алғанда, Е.Ысмайылов кітабы - қазақ әдебиеттану ғылымының, теориялық ойдың отызыншы    жылдарындағы    жетістігін    белгілі    дәрежеде корытындылаған еңбек болды. Сонымен отызыншы жылдарда қазақ әдебиеттану ғылымы бұрын-сонғы әдебиеттің көптеген өкілдері мен нусқаларын журтшылыққа таныстырды, батыл барлаулар жасау нәтижесінде қазақ әдебиет тарихының негізгі кезеңдері мен көрнекті ескерткіштері анықталды, XVIII ғасырдан бері өмір кешкен ақыңдардың бірталайы, советтік суреткерлер шығармалары ғылыми тексеру объектісіне айналды. Абай, Махамбет, Султанмахмут секілді классик ақындар шығармашылығына көзқарастың түзеліп, унамды қорытындыға келуі - отызыншы жылдардағы әдебиет ғылымының айтарлықтай жетістігі. Буқардан С.Дөнентаевқа дейінгі аралықта жасалған көптеген ақын жазушылар творчествосы да азды-көпті насихатталып отырды. Қазақ совет әдебиетінің ірі өкілдерінің шығармалары да тиісті әділ бағасын алды. Фольклордың ересен байлығын игеру жолында көп жумыс атқарылды. 1965

Қазақстанда бастауыш, орталау және орта мектептердің кебеюі, жоғары оқу орындарында тіл, әдебиет факультет-терінің ашылуы әдебиеттің тұрақты хрестоматиялары мен оқулықтарын қажет етті. Оқулықтар, хрестоматиялар жасауға жазушылар мен сыншылар қызу ат салысты. Соның арқасында көптеген кітаптар жарыққа шықты, әдебиет тарихының түрлі мәселелеріне белгілі анықтық, жүйелілік енгізілді, фольклордың, ертедегі жазба жәдігерліктердің, >совет жазушылары шығармаларының сын бағасы берілді, әдебиеттану ғылымы қалыпқа түсті.

Әдебиет тарихының көптеген проблемалық жайларына, жеке шығармаларға, ағымдарға, «аттың жалы, түйенің қомында» сияқты пікір айтуға тура келген. Айлар, ясылдар бойы сарыла зерттеп, әбден ойланып-толғанып жазуға уақыт, өмір қажеті мұрша бермейтін. Осы себептен хрестоматия құрастырушылар әрі ғалымның, әрі құрастырушылар қызметін   қоса   атқаратын.   Бұл   ретте,   әсіресе   отызыншы

1 Әуезұлы Мұхтар. Жеткіншек, ересек жастар мектебіне арналған оқу құралы, 1930; Майлин Б., Мұқанов С. Колхоз ауылы. Ана тілінен

4 оқу жылына арналған оку кітабы, 1930; ЖансүгіровІ., СейфуллинС, Мәмет келіні Ә., Майлыұлы Б. Әдебиеттану оқу кітабы (қазақ мектебінің 5 бөлімі үшін), І-бөлім, Қызылорда, 1932; С.Сейфуллин. Қазақ әдебиеті, І-кітабы, Билер дәуірінің әдебиеті, 1932; Мұқанов С. XX ғасырдағы қазақ әдебиеті, І-бөлім, Қызылорда, 1932; Жансугірұлы I., Мусірепұлы Ғ., Көркем әдебиет жинағы, орта мектептің 6 оқу жылы үшін, 1933; Жолдыбаев М., Әуезов М., Қоңыратбаев Ә. XIX ғасыр мен XX ғасыр басындағы қазақ әдебиеті оқуқұралы,7лсылүшін,Алматы, 933;ЖолдыбаевМ.,ҚоңыратбаевӘ., Қаратаев М. Әдебиет хрестоматиясы 2-бөлім. 4 класс, 1934; Сейфуллаұлы С, Тұрманжанұлы Ө. Көркем әдебиет, орта мектептің 5  класы үшін, 1934; Тогжанов Ғ. Абай, 1935; Әуезов М .Әдебиет хрестоматиясы, VI класс үшін, 1937; Үсенов Ә. Әдебиет
хрестоматиясы, IX класс үшін, 1937; Жанеалин М., Ерубаев С Әдебиет хрестоматиясы, X класқа арналған, 1937; Мұқанов С, Бекхожин Қ. Әдебиет хрестоматиясы, 1938; Ысмайылов Е., Ақшолақов Т Әдебиет хрестоматиясы, IX класс үшін, 1938; Жұмалиев Қ. Әдебиет теориясы, УІІІ-ІХ кластаріа арналған, 19338; Қараіпаев М. Қазақ совет әдебиеті, 1938; Қазак ТІЛІ мен әдебиеті (мақалалар жинағы), 1939; Ысмайлов Е. Әдебиет теориясының мәселелері, 1940 жылдардың алғашқы жартысында аса көп жұмыс істелгенін атап айту керек. Қазақ қаламгерлерінің бірлесе күш жұмсауының нәтижесінде ол жылдарда арғы-бергі әдебиетіміздің, фольклордың сыр-сипаты негізінен анықталып, таныла түскен еді. С.Сейфуллиннің, С.Мұқановтың,            М.Әуезовтің,           М.Жолдыбаевтың, Ә.Қоңыратбаевтың, Ө.Тұрманжановтың оқулық, хрестоматия-лары жарық көрді. Осы еңбектерде әдебиет тарихын дәуірге бөлу, таптық сипатын ашу, белгілі қалам қайраткерлерінің шығармаларын талдау, олардың орнын белгілеу саласында аса құнды, тың тұжырымдар мол болатын, Арагідік жаңсақ, бір жақты топшылаулар үшырасып отырғанымен, бұлар әдебиеттануды қалыптастыруда мықты роль ойнады. Қысқасы, әдебиет тарихына деген кейіннен қалыптасқан концепцияның түп негізі отызыншы жылдарда салынған.

С.Сейфуллин өзінің «Қазақ әдебиеті» (1932) атты әрі оқулық, әрі хрестоматиясында ауыз әдебиетін жеке топқа бөліп таныстырды, көптеген мұралар жөнінде тыңғылықты, қызғылықты пікірлер айтты. Бұл еңбек халық әдебиетінің саф мөлдір байлығын жұртшылыққа таныту жөнінен зор маңызға ие болды. Бүкіл ертедегі ауызша тараған жәдігерлер «Билер дәуірінің әдебиеті» деп шартты түрде анықтаганына қосылмаған күнде де, кітапта көптеген мәнді қорытындылар, батыл болжаулар жасалғаны назар аударарлық. Зерттеуші белгілі шығармалар, тарихи оқиғалар жайында аңғарғанын іркілмей баяндаған, көп мәселеге байыпты, парасатты анықтық енгізген. Әсіресе қазақ эпосының негізі «ноғайлы дәуірінде» шыққанын дәлелдейтін тұстар айрықша көңіл бөлерлік. Осы тұжырымын түсіндіру үшін басқа халықтар фольклорының деректеріне де жүгінеді. Жалпы алғанда, эпостардың пайда болған дәуірін тарих мағлұматтарына сүйене отырып топшылауға талаптануы отызыншы жылдар жағдайында тың қадам болатын. Ауыз әдебиеті нұсқаларын топқа, жүйеге бөлуі, жеке шығармалардың табиғатын түбірлеп тексеруі, методологиялық жағынан елеулі жаңа бастамалар жасауы, халық тарихынан аса бағалы мәліметтер беруі, шығармалардың текстерін жариялауы Сәкен Сейфуллиннің әдебиеттану ғылымын белгілі биікке көтергендігіне айғақ.

Кітаптың бірінші бөлімінде автор ауыз әдебиетінің қысқа жырларын алты топқа (ертегілер; салт өлең-жырлары; дін салтынан туған өлең, тақпақ жырлар; мал туралы және «киелі» жануарлар туралы әңгіме, өлең-жырлар; жастык ойын-күлкі, өлең-тақпақтар; билер сөзі) бөліп тексереді. Осылардың шығу мәнісі, ерекшелігі байсалды, сенімді баяндалған. Әлбетге, фольклор жанрларын жүйелеу одан кейінгі дәуір-лерде екшеле, жетіле түскені мәлім. Бірақ С.Сейфуллиннің классификациясы кезінде үлкен ғылыми оқиға еді.

«Қазақ әдебиетінің» екінші бөлімінде С.Сейфуллин эпостық шығармаларды таныстырады. Автор қазақтың қаһармандық жырларын не себептен «ноғайлы дәуірдің туындылары» деп атағанын түбегейлі дәлелдеуге талаптанады. Көптеген салыстырулар жасайды, әдебиет материалын тарих шындығымен қабыстыра, байланыстыра қарайды. Осыдан кейін «Алпамыс», «Қобыланды», «Ер Тарғын», «Қамбар батыр», «Едіге» секілді жырларға жеке тоқталған, оларды әрі мазмұндап, әрі тарихи тегін ашуға ұмтылған.

Әлбетте, бүкіл фольклорды тұтас алып, алғаш рет оқулық көлемінде зерттеген автордың жекелеген талас тудыратын мезеттері, қайшы пікірлері кездеспейді емес. Бұл кітапта көрсетілген жыр да, басқа жанр шығармалары да толып жатыр. Дегенмен, «Қазақ әдебиеті» - көптеген түйінді пікірлері, болжамы, барлауы, сендіруі жағынан құнын жоймаған, үлкен біліммен, азаматтық жауапты ойдан тұрған бағалы мұра. Мұнда фольклор зерттеушілер дамытып, жалғап әкетерліктей, нәрлі идеялар ұрығы да мол. «Қазақ әдебиеті» -С.Сейфуллиннің ғана емес, сол кездегі қазақ әдебиеттануының ірі жетістігі.

Отызыншы жылдардың бас кезінде жарияланған күрделі еңбектер қатарында Сәбит Мұқановтың «XX ғасырдағы қазақ әдебиеті» (1932) деген монографиясы да аталуға лайық. Бұл еңбектің елеулі ұнамды сипаттары бар. Біріншіден, мұнда XX ғасырдың бас кезіндегі әдебиеттің мол мағулматтары жинақталған. Екіншіден, автор казақтың ұлтшыл жазушыларының шығармаларын жан-жақты тексеріп, талдаған. Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаев сияқты қаламгерлердің шығармаларын сын көзімен қарап сөз еткен.

Қазақ әдебиетіндегі ұлтшылдық сарындағы әдебиетті кең мысалдар келтіре отырып сынауы автордың советтік идеология күрескері болғанын көрсетеді.

Жалпы алғанда, пайдалы, оқушыға көп білім беретін бұл кітаптың жекелеген кемшіліктері де бар еді. Соның кейбіреулерін әдебиетші Елжас Бекенов өзінің сынында1 орынды ескерткен. Ол революцияға дейінгі қазақ әдебиетіндегі империализмге, отаршылдыққа, езілуге қарсылық идеясы С.Мұқанов кітабында толық көрсетілмегенін айтты. Сонымен қатар бұл еңбекте ұлтшыл жазушылардың кейбір шығармаларына жасалған талдаулар да нандырмайды. Автор ұлтшылдар санатына Сұлтанмахмұт Торайғыровты да, Сәбит Дөнентаевты да, Бернияз Күлеевті де, Мұхтар Әуезовті де қосқан, бұлардың шығармаларында бұқарашылдық сарынның басымдылығын байқамаған. Қалай деген күнде де, С.Мұқанов кітабы әдебиеттегі таптық сипаттың себептері мен салдарын түсінуге септесетін еңбектің бірі болды.

Ал, М.Жолдыбаев, М.Әуезов, Ә.Қоңыратбаев жолдастар өздерінің «XIX ғасыр мен XX ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің оқу кітабында» (1933) әдебиет тарихын дәуірге бөлудің жаңа жобасын ұсынған. Олар, мәселен, қазақ өлкесінің патша өкіметіне бағынып, отарлау дәуірінің әдебиетін (Бұқар, Махамбет, Нысанбай т.б. ақындар) жеке әңгімелейді, 1870-1905 жылдар арасындағы әдебиетті бөлек

Елжас Бекенов, Ұлт қозғалысы және ұлтшылдық әдебиет, А., 1935.

тексереді. Әдебиет тарихын дәл осылай дәуірге бөлудің, жіктеудің кемшілігі бола тұрса да, ол зерттеушілік ойдың өрістеуіне турткі салды, ертеде өткен ақындар творчествосын молырақ та тереңірек тануға көмектесті. Бұрын басы дауда жүрген кейбір ақындар шығармашылығын жаңа қырынан, әділірек көруге авторлар талаптанған.

Аталған кітапта қазақтың ертедегі бірнеше ақынының творчествосына ғылыми дұрыс бага берілген. XVIII ғасырда өмір кешкен Бұқар жырау окулық көлемінде тұңғыш рет таныстырылды. Бұқар шығармаларын құлай мақтаушылық та, сырттан үстірт даттаушылық та жоқ, авторлар әр нәрсені зерттеуші   ролінде   байыпты  түсіндіреді.   Қазақтың   атақты ақындарының   бірі   -   Махамбет   Өтемісовтің   өмірі   мен творчествосы бұл кітапта кең де, ұтымды да баяндалған. Махамбеттің     ақындық     ерекшелігі     шебер     жеткізілген. Нысанбай ақын туралы да оқулықта бірталай дерек келтірген. Осы тұста ескертіп өтуді қажет ететін мәселе - Кенесары қозғалысына берілген бағаның ақиқаттығы.  Кітапта былай делінген.    «Бұл    қозғалыстың    кезінде    патша    өкіметінің отаршылдық  саясатына қарсылық ойлаған  өлке  бұқарасы, көпшілігі  қосылып  кетіп  отырса да,  асылында,  Кенесары жорығының көпшілігі бұқара қозғалысы бола бермейді».  Бұл тұжырымның растығы кейіннен дәлелденді, тарих ғылымы да осыған орай үкімге келді.

Бұл оқулықтың практикалык мәні сол - бұрын екі ұшты бағаланып немесе аталмай жүрген ақындар жөнінде нақтылы, анық сипаттама берілді. Мұнда Шортанбай, Мұрат, Абай, Ыбырай, Әбубәкір, Шөңгерей, Омар, Сұлтанмахмұт, С.Дөнентаев сияқты ақындардың шығармаларына арнайы талдау жасалған. Осылардын әрқайсысы туралы да кітапта соны шешімдер, жаңаша пайымдаулар кездеседі. Бірде артық, бірде кем айтылып жагса да, ол пікірлердің оқушыға берерлігі мол. Басқаларын былай койғанда, Абай туралы айтылғанмына сөздер де тың естіледі. «Көп жағынан қарағанда, сол XIX ғасырдың барлык ұзына бойында ілгеріде туып, өсіп, жайылып келген әдебиет улгілерінің барлығы өздерінің үлкен, ұлы қорытындысын, Абайды табады» (52-бет). Авторлар Шортанбайды жазып жырлаған, оқыған акын деп бағалауы, оның шығармаларында кейбір идеялар тегін Ахмет Ясауи (XII ғасыр) хикметтерімен байланыстыра карауы да соны топшылау. Осылайша әр акын шығармашылығына тиісті, жанасымды бағалар айтылған. Ыбырай Алтынсарин туралы «Қазақ әдебиетіне өнер, техниканы жырлау сарынын ендірген ен бірінші ақын» (76), «қазақ тарихының белгілі дәуіріндегі жаңалыққа бастаған тарихи еңбегі бар кісі» (78) делінген. Ұлы ағартушы, жазушыны жұртшылық түгел танып болмаған, әлі де болса әсіре белсенділер оны қаралап жүрген кезде оқулықта осыншама тұжырымды пікір айтылуы ілгері басқандық. Мұрат ақын жырларында мұң, шер сарыны күшті екенін, басқа да осалдықтар барлығын кітап авторлары бүкпей баяндайды.

Осы оқулықта А.Пушкин, Ю.Лермонтов, Л.Толстой тәрізді орыс жазушыларының таныстырылуы да керекті іс еді. «XIX ғасыр мен XX ғасыр басындағы қазақ әдебиеті оқу құралы» жекелеген жетіспегендіктеріне қарамастан, әдебиет-танудың өте маңызды қадамы болды.

С.Сейфуллин мен Ө.Тұрманжановтың «Көркем әдебиет» (1934) атты оқулық-хрестоматиясы да елеулі еңбектердің бірі. Мұның сонылық сипаты - қазақ совет жазушыларының өмірі мен шығармашалығын алғаш рет жүйелеп таныстыруында, белгілі туындыларға тұжырымды баға беруінде. Кітапта Б.Майлин, С.Сейфуллиннің, С.Мұқановтың, І.Жансүгіровтің, Ө.Тұрманжановтың, Ж.Сыздықовтың, А.Тоқмағамбетовтың, Қ.Әбіқадыровтың, Т.Жароковтың творчествосына талдау берілген. Бұл талдаулар мен анықтаулар түйіні кейіннен қазақ әдебиеттану ғылымында іске жарағаны тарихтан мәлім.

Авторлар революциядан бұрынғы әдебиет өкілдері мен ауыз әдебиет нұсқаларын да таныстырған. Солардың ішінен Сұлтанмахмұт Торайғыров пен Омар Қарашев туралы айтқандары тоқталып өтерлік. С.Торайғыровтың шығармашы-лығындағы халықтық сипатты көрсете келіп, С.Сейфуллин мен Ө.Тұрманжанов «Кедей» дастанын жоғары бағалайды, бұл шығарма революция әсерімен туған деп есептейді.

«Көркем әдебиетте» Омар Қарашев жайында жүйелі пікірлер кездеседі. О.Қарашевтың өмірбаянымен таныстыра, оның көзқарасындағы қайпіылықтарды нақтылы сынай келіп, авторлар ақын творчествосының жалпы ұнамды мәні бар екенін ашық айтады: «Ол өнер-білімге, оқуға шақырады, кейбір салттарға, ескі діншілдерге қарсы болды»,1 - дейді.

Қазақтың жаңа жазба әдебиетінің негізін салған Абай Құнанбаевтың шығармаларын тану, түсіну жолында көптеген айтыстар болғәны белгілі. Сондай талқылаудың бір күрделісі -отызыншы жылдардың бірінші бөлегінде (1934) өткені де мәлім. Қазақ әдебиетшілері мен мәдениет қайраткерлері бұл жолы Абайдың Абайлық қалпы мен табиғатын ақиқат ашуға күш салды. Сол тұста осы тақырыпқа көбірек қалам тартып, кітап шығарған адамның бірі сыншы Ғаббас Тоғжанов бодды. Ғ.Тоғжанов - жиырмасыншы жылдардың екінші жартысында әдебиет  сынымен  көп  айналысып,  талай-талай  мақалалар, жеке кітаптар шығарған автор. Әлбетте, олардың құндылығы біркелкі   емес.   Әдебиет   алдына   орынды   талаптар   артқан мезеттер мен көркем шығармаға ағат үкім айтатын жаңсақ тұжырымдар   Ғ.Тоғжанов   мақалаларында   қатарласа   келіп отырады. Ғ.Тоғжановтың сыншылық, зерттеушілік еңбегінің бұл дәуірдегі күрделі ескерткіші - Абай туралы кітабы (1935). Мұнда ол Абай творчествосының көп қырын табуға көмектесерлік ойлы, жүйелі пікірлер айтқан, Абайдың аса үлкен әдеби көрініе екеніне жұртшылық назарын аударған, болашақ зерттеушілерге ой саларлық мәселелер тобын нұсқаған.

Зерттеуінің ең басында Ғ.Тоғжанов қазақ әдебиетіндегі Абайдың ақындық орны әлі жеткілікті танылып болмағанын ескертеді де, бұған бір себеп - Абай мурасын тым жалпылама әңгімелеу деп түйеді. Автор Абайдың заманы, өмірі, өскен ортасы, алған тәрбиесі, өлеңдеріндегі қайшылықтар, реализм, кедейге, бұқараға көзқарасы, ақындық шеберлігі сияқты мәселелерге жекелеп тоқталады. Осы тақырыптардың әрқайсысына ол қызғылықты ойлар айтқан. Әсіресе, Абайдың поэзиясындағы өзіндік ерекшелігін, қосқан жаңалығын жүйелеп көрсетуі бағалы. Автордың ұғындыруынша, Абайдың бірінші жаңалығы - көркем созге, поэзияға жаңа, биік талаптар қойғандығы; екінші жаңалығы - қазақтың жазба ұлт әдебиетін жасауға бас болғандығы; үшінші жаңалығы - орыс әдебиетінің үлгілерін алуы; төртінші жаңалығы - казақтың тіл байлығын ұқсата, жетілдіре білуі; бесінші жаңалығы - олеңнің жаңа түрлерін жасағандығы. Бұлайша тұжырымдау Абай тануға кезінде қосылған жақсы жинақтаулар екенін елемеуге болмайды. Ғ.Тоғжанов ақын мұрасы туралы топшылауларын жинақтай келіп, мынадай түйінге ден қояды. «Абайды қазақ^ поэзиясына жаңалық кіргізген, жаңа түр берген, үйренерлік улгі қалдырған ақын дейміз»1 Бұл пікірін жалғастыра келіп, енді бірде: «Абай сықылды үлкен талантты ақынды қазақ еңбекшілері өткен өмірдің бізге тастап кеткен үлкен байлығы, асыл мұрасы деп бағалайды»,2 - дейді.

Абай поэзиясын, жалпы алғанда, жоғары бағалаған Ғ.Тоғжанов бірсыпыра жаңсак тұжырымдар да айтады. Бұл оның кітабында қайшы пікірлердің коп екеніне айғақ. Мәселен, оның Абайды байлар табының мұңшысы, ұлтшыл ақындардың басы деген теріс пайымдауларына қосылуға болмайды. Ұлы ақынға деген мұндай козқарас кездейсоқ туған жоқ. Қазақ әдебиетшілері ғана емес, орыс әдебиетшілері де бір кезде атақты классиктер: Пушкин, Лермонтов, Толстой,

  1. Ғаббас Тогжанов. Абай. ҚКӘБ, Алматы, 1935, 135-бет.
  2. Бұл да сонда.

Гончаровтарды «дворян ақын, жазушылар» деп жаңылысқаны мәлім. Сондай-ақ, Ғ.Тоғжановтың да Абайды «байлар ақыны» деуі біржақтылық салдары болатын. Оның Абай кедей көпшілік мүддесін аша алмады деуі де осыған сабақтас. Әдеби сын ойдың пролеткультшілдіктен айығып болмаған, бір қиырға шығандап кетудің орын алып түрған шағына тән әсіре белсенділіктерін сынап қарағанда да, Ғ.Тоғжановтың қазақтың данышпан ақыны туралы кітабы кезінде Абай мурасын насихаттауға қызмет еткені анық.

Монография соңында Ғ.Тоғжанов ескі жазба жәдігерліктерді игеру қажеттігін, анық-қанығына жетпей турып мұраны қараламау керектігін ескертеді.

Әдеби мұраны лайығымен бағалау ісіне ат салысқан партия, совет, мәдениет қайраткерлерінің де еңбегі үлкен. Қазақстанның басшы қызметкерлерінен Л.Мирзоян, Т.Жүргенов есімдерін осы ретте атап өту ләзім. Белгілі ғалым С.Аспандияров та өзінің - «Қазақстаңдағы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі» (1936) деген еңбегінде өткендегі әдебиет өкілдері туралы (Абай, Сұлтанмахмұт) пайдалы пікірлер қозғады.

Әдебиет оқулықтары мен хрестоматияларында өзге ақындар жайында тужырымды қорытындылар жасалган. Мәселен, М.Әуезов өзінің 6-класқа арналған оқу қуралында (1936) бір топ орыс жазушыларымен қатар қазақ ақындарын да таныстырады. XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың алғашқы ширегінде жасаған ақын-молда Мұса туралы дерек осы кітапта берілген. Автор Мұса ақын творчествосының сипатын қысқа да нусқа айта білген.

Әдебиеттану үшін бірсыпыра батыл да жаңа пікірлер Е.Ысмайылов пен Т.Ақшолақовтың 9-класс әдебиет хрестоматиясында (1939) кездеседі. Мунда Шәңгерей Бөкеев, Нармамбет Орманбетов, Мәшһүр Жүсіп Көпеев, Омар Қарашев, Спандияр Көбеев хақында біраз нақтылы талдаулар мен бағалаулар бар. Авторлар Шәңгерейді өз заманының шындығын  объективті  жағынан  дұрыс  көрсете  алған  деп қарайды; Нармамбеттің де ақындық шеберлігін атап өтеді. Ал Мәшһүр Жүсіпті XX ғасырдың басындағы демократиялық бағыттағы ақындар қатарында атаған; Омар Қарашевты ірі реалист ретінде сипаттаған. Е.Ысмайылов пен Т.Ақшолақов Абай, Ыбырай, Сұлтанмахмұт, С.Дөнентаев туралы да кеңірек түсінік беруге талаптанған. Бұлар Султанмахмұтты қазақтың Абайдан кейінгі ірі ақыны, классигі деп қараған.

Бұл кітапта 1916 жылғы көтеріліс және халық поэзиясы жайында да қызғылықты таныстырулар бар.

Әдебиет зерттеушілері сөз өнерінің арғы-бергі дәуірдегі ескерткіштерін екшеп, пайдалысын халыққа усынуда көрнекті қызмет атқарғанына басқа да мысалдар мол. Оқулық, хрестоматия авторлары өз тарапынан әдебиет тарихының «тыңын» көтеруге тырысты, ілгергілер пікірін анықтай, толықтай түсуге талаптанады.

Ендігі жерде орта мектеп оқулықтарына қажет деректерден тыс проблемаларға да барлау жасала бастайды. Әдебиет мәселелеріне арналған жинақтар жарияланады. Соның бірінде Б.Кенжебаевтың «Қазақ әдебиетін дәуірлеу мәселелері» (1941) деген мақаласы басылған. Қазақ әдебиетінің тарихын шартты түрде бес дәуірге (қазақ хандығы тұсындағы әдебиет, XIX ғасырдың алғашқы жартысындағы әдебиет, XIX ғасырдың екінші жартысындағы әдебиет, XX ғасырдың алғашқы 20 жылындағы әдебиет, совет әдебиеті) бөліп тексеруді ұсынады. Бірақ бул идеялардың біразы қолдау таппай, игі тілек деңгейінде қалып қойды. Әсіресе, қазақ хандарының тұсындағы деп аталған әдебиетке зерттеушілер табылмады.

Қазақ әдебиетінің кең қулаш жайып өсуі, сын мен әдебиеттанудың ірі табыстарға жетуі әдебиеттің теориялық мәселелерін де күн тәртібіне қойды. Қазақ тілінде бул саладан оқулықтар пайда бола бастады. Бул ретте Қажым Жумалиевтің «Әдебиет теориясын» (1938), Есмағамбет Ысмайыловтың «Әдебиет теориясының мәселелерін» (1940) көрсету жөн.

Қ.Жумалиевтің орта мектептерге арналған. «Әдебиет теориясында» әдебиеттің терең қағидалары, ескірмес ережелері тұңғыш рет ана тілімізде түсіндіріледі. Автор орыс тіліндегі теория оқулықтарының жетістіктерін кеңінен пайдалана отырып, қазақша жатық тілімен теория тұжырымдарын сөйлетті. Жалпы алғанда, әдебиет теориясынан еңбек жазудың қиындығы мәлім. Оның үстіне Қ.Жұмалиев бірталай қосалқы жүктер көтергенін де атап өту парыз. Әдебиет теориясының терминдерін қалыптастыру, жаңа атаулар, баламалар табу деген де оңай міндет емес еді. Кейіннен көпшілік қолданып кеткен әдебиет теориясы терминдері жұртшьшыққа осы оқулық арқылы тарады.

Автор өлең құрылысы, ұйқасы, көркем тіл, жанр, тақырып, композиция, сюжет, әдебиет текстері тағы басқа толып жатқан мәселелерге анық тұжырым тапты. «Әдебиет теориясы» шығу фактісінің өзі әдеби өскендіктің жарқын нышаны еді.

Қазақ әдебиеттану ғылымында отызыншы жылдардың аяқ кезінде әдебиет теориясына арналған күрделі еңбектердің бірі - Е.Ысмайыловтың «Әдебиет теориясының мәселелері» (1940) атты кітабы. Педагогикалық институттардың студенттері мен орталау, орта мектептер оқытушыларына бул аса пайдалы құрал болып табылды. Тек оқытушылар, студенттер ғана емес, жалпы әдебиет сүйер қауымына аталған еңбектің әкелген жаңалығы аз емес.

«Әдебиет теориясының мәселелері» негізінде орыс тіліндегі оқытушылар мен теориялық кітаптардың тікелей ықпал әсерімен туса да, кей жерлері, автордың өзі де атап көрсеткеніндей, әлгі еңбектерден алына тұрса да, қазақ оқушысы үшін ірі сонылық болып есептеледі. Автор белгілі қағидаларды қазақша сөйлетіп қана қоймай, оларды қазақ әдебиетінің материалдарымен дәлелдеген.

Әрине, осыншама күрделі еңбектің лсақсылығымен қатар кемшіліктері де кездеседі. Жалпы алғанда, Е.Ысмайылов кітабы - қазақ әдебиеттану ғылымының, теориялық ойдың отызыншы    жылдарындағы    жетістігін    белгілі    дәрежеде корытындылаған еңбек болды.

Сонымен отызыншы жылдарда қазақ әдебиеттану ғылымы бұрын-сонғы әдебиеттің көптеген өкілдері мен нусқаларын журтшылыққа таныстырды, батыл барлаулар жасау нәтижесінде қазақ әдебиет тарихының негізгі кезеңдері мен көрнекті ескерткіштері анықталды, XVIII ғасырдан бері өмір кешкен ақыңдардың бірталайы, советтік суреткерлер шығармалары ғылыми тексеру объектісіне айналды. Абай, Махамбет, Султанмахмут секілді классик ақындар шығармашылығына көзқарастың түзеліп, унамды қорытындыға келуі - отызыншы жылдардағы әдебиет ғылымының айтарлықтай жетістігі. Буқардан С.Дөнентаевқа дейінгі аралықта жасалған көптеген ақын жазушылар творчествосы да азды-көпті насихатталып отырды. Қазақ совет әдебиетінің ірі өкілдерінің шығармалары да тиісті әділ бағасын алды. Фольклордың ересен байлығын игеру жолында көп жумыс атқарылды.

1965

Бөлісу: