«Менің құрдастарым» романы

13 Қараша 2013, 10:06

«Менің құрдастарым» - кәптеген белгілерімен жаңа роман. Мұны, ең алдымен, шығарманың қурылыстық принципінен көруге болады. Автор кейіпкерлер өмірін бастан аяқ тізіп жатпай, ең қажетті тустарына ғана тоқталады. Шығарманың басты идеясы Қазақстанның совет жылдары ішінде табыстарға жеткенін, адамдардың ой-санасы биіктегенін, достықтың, еңбектің, адамдықтың жолы, кеңейгенін кәрсету болып табылады. Қарағанды кендерін шет елдік жебірлер билеген заманның шындығын барлық сурықсыз қалпымен суреттеген жазушы, совет екіметі сол бурынғы езілгендер мен зәбірленгендерге не берді деген сауалға көркем жауап айтуға талаптанған. Романның басты кейіпкерлері - Совет екіметі тусында оқып, білім, мамандық алған жастар. Кен инженерлері Рахмет, Лиза, дәрігер Ықылас, жас жұмыскерлер Мырзаш, Қали сияқтылар совет жастарына тән озық қасиеттер танытады. Рахмет, Лиза, Ықылас сынды жастар тұлғасын қызғылықты, нанымды ашып беруі - жазушының жетістігі. Бұл каһармандар өз мүддесін халык, Отан мүддесімен бірлестіре білгендер. Инженер Рахметті тек оз шахтасының, забойының қамы ғана кызықтырып қоймайды, ол бүкіл республика, Отан жайын да әрдайым есте тұтады. Рахмет өзі музыкант болмаса да, жер жүзінің музыка классиктерін ешкімнен кем білмейді. Ол өз ана тілінде, орыс тілінде ғана емес, ағылшынша да сөйлей алады. Мамандығы инженер Рахмет өмірдің сан-сала тараптарынан    хабары    бар    заманынының    озық    адамы, интеллекті қаһарман. «Менің құрдастарым» романында ескі заманды көзден өткерген, егде тартқан адамдардың мінезінде туған жаңалықтар да жақсы көрсетілген. Байырғы кеншілер Алексей, Илья, Шектібайлардың бай тәжірибесі жастардың жігерлі, өжет істерімен қосылып, жарастықты үйлесім табады. Бұлардың әрқайсысы жеке дара мінез иесі, сәтімен табылған шыншыл тұлғалар. Адам санасындағы көне түсініктердің оп-оңай ысырылып қалмайтындығы, олардың замана, объективтік түрткілер екпінімен бірте-бірте жоғалатындығы романда ақиқат әңгімеленген. Бұған бірер мысал келтіріп өту керек. Академик Вознесенскийдің қызы Лиза өзімен бірге оқыған қазақ жігіті Рахметті сүйеді. Бірақ, ескі ұғымда тәрбиеленген қарт ғалым қызының белгісіз азиялық жігітті қалағанына іштей риза болмайды да, ол қарсылығы жүзеге аспайтынын біліп, ақырында амалсыз көнеді. Бұл нағыз өмір шындығы, өмір ағысы ойламаған оралымдар жасап, жаңарулар әкелетінін, оған көнбеуге, есептеспеуге мүмкін еместігін осы оқиға анық аңғартады. Бұл роман да кемшіліктен ада емес. Аяқталмай қалғанының өзі автордың көп мүмкіншілігін жарыққа шығармаған. Оқиғалардың кейде тым үздік-үздік қалпында берілуі, стилистикалық олақтықтар бұл романның «соңғы редакциядан» өтпегендігін көрсетеді. Отызыншы жылдардың аяқ кезінде Ғ.Мүстафиннің «Өмір не өлім» деп аталған романы жариялана бастады. Мұнда да Қарағанды кенінің бұрынғысы мен кейінгісі, совет заманында өркені өскен еңбекші адамдардың қажырлы ісі, өзгеру, өрлеу процесі   көрсетілмек   болған.   Романда   Бораш,   Сейітқали сияқты озық жумысшылардың адамшылық, іскерлік қасиеттері көрінген. Кендегі партия жетекшісі Еркін мен өндіріс бастығы Горбатовтардың жекелеген мінез-қулқы суреттелген. Бесжылдықтар дәуірінде бұл айтылғандардан басқа да романдар бой көрсетті. С.Мұқановтың болашақ трилогиясы «Өмір мектебінің» жеке бөлектері журнал беттерінде жарияланды. Б.Майлиннің «Қызыл жалау» романының үзінділері басылды. С.Сейфуллин өзінің аяқталмай қалған шығармасы - «Біздің тұрмысты» роман деп атаған еді. Бейімбет Майлин мен Сәкен Сейфуллиннің шығармаларын аяқтауға жеке адамға табынушылық тудырған кесапат -репрессия мүмкіндік бермеді. Аталған дәуірдің аяқ кезінде Мұхтар Әуезовтің «Абай» романының жекелеген тараулары да жұртшылыққа таныла бастаған еді. Жалпы алғанда, отызыншы жылдардағы қазақ романы халқымыз бастан кешірген ірі тарихи оқиғалардың, күрестер-дің, тартыстардың, тагдырлардың кең полотно суреттерін жасады. Әдебиетіміз тарихында роман жанры тұңғыш рет өзінің өрелі орнына шықты, жанрдың сарқылмас мол мүмкіншіліктерін игеру жолында батыл барлаулар ғана жаса-лып қойған жоқ, татымды табыстарға да қол жетті. Социалистік реализмнің өміршең принциптері әдебиетті соны биік-терге апара алатындығына да, ең алдымен, романдар мысал. Бір тақырыпқа жазылған романдардың түрлі стиль, мәнер жемісі болуы да социалистік реализмнің жазушының шарықтаған ойы мен қиялының іске асуына кеңістік беретіндігін танытты. 1965

«Менің құрдастарым» - кәптеген белгілерімен жаңа роман. Мұны, ең алдымен, шығарманың қурылыстық принципінен көруге болады. Автор кейіпкерлер өмірін бастан аяқ тізіп жатпай, ең қажетті тустарына ғана тоқталады. Шығарманың басты идеясы Қазақстанның совет жылдары ішінде табыстарға жеткенін, адамдардың ой-санасы биіктегенін, достықтың, еңбектің, адамдықтың жолы, кеңейгенін кәрсету болып табылады. Қарағанды кендерін шет елдік жебірлер билеген заманның шындығын барлық сурықсыз қалпымен суреттеген жазушы, совет екіметі сол бурынғы езілгендер мен зәбірленгендерге не берді деген сауалға көркем жауап айтуға талаптанған.

Романның басты кейіпкерлері - Совет екіметі тусында оқып, білім, мамандық алған жастар. Кен инженерлері Рахмет, Лиза, дәрігер Ықылас, жас жұмыскерлер Мырзаш, Қали сияқтылар совет жастарына тән озық қасиеттер танытады. Рахмет, Лиза, Ықылас сынды жастар тұлғасын қызғылықты, нанымды ашып беруі - жазушының жетістігі. Бұл каһармандар өз мүддесін халык, Отан мүддесімен бірлестіре білгендер. Инженер Рахметті тек оз шахтасының, забойының қамы ғана кызықтырып қоймайды, ол бүкіл республика, Отан жайын да әрдайым есте тұтады. Рахмет өзі музыкант болмаса да, жер жүзінің музыка классиктерін ешкімнен кем білмейді. Ол өз ана тілінде, орыс тілінде ғана емес, ағылшынша да сөйлей алады. Мамандығы инженер Рахмет өмірдің сан-сала тараптарынан    хабары    бар    заманынының    озық    адамы, интеллекті қаһарман.

«Менің құрдастарым» романында ескі заманды көзден өткерген, егде тартқан адамдардың мінезінде туған жаңалықтар да жақсы көрсетілген. Байырғы кеншілер Алексей, Илья, Шектібайлардың бай тәжірибесі жастардың жігерлі, өжет істерімен қосылып, жарастықты үйлесім табады. Бұлардың әрқайсысы жеке дара мінез иесі, сәтімен табылған шыншыл тұлғалар.

Адам санасындағы көне түсініктердің оп-оңай ысырылып қалмайтындығы, олардың замана, объективтік түрткілер екпінімен бірте-бірте жоғалатындығы романда ақиқат әңгімеленген. Бұған бірер мысал келтіріп өту керек. Академик Вознесенскийдің қызы Лиза өзімен бірге оқыған қазақ жігіті Рахметті сүйеді. Бірақ, ескі ұғымда тәрбиеленген қарт ғалым қызының белгісіз азиялық жігітті қалағанына іштей риза болмайды да, ол қарсылығы жүзеге аспайтынын біліп, ақырында амалсыз көнеді. Бұл нағыз өмір шындығы, өмір ағысы ойламаған оралымдар жасап, жаңарулар әкелетінін, оған көнбеуге, есептеспеуге мүмкін еместігін осы оқиға анық аңғартады.

Бұл роман да кемшіліктен ада емес. Аяқталмай қалғанының өзі автордың көп мүмкіншілігін жарыққа шығармаған. Оқиғалардың кейде тым үздік-үздік қалпында берілуі, стилистикалық олақтықтар бұл романның «соңғы редакциядан» өтпегендігін көрсетеді.

Отызыншы жылдардың аяқ кезінде Ғ.Мүстафиннің «Өмір не өлім» деп аталған романы жариялана бастады. Мұнда да Қарағанды кенінің бұрынғысы мен кейінгісі, совет заманында өркені өскен еңбекші адамдардың қажырлы ісі, өзгеру, өрлеу процесі   көрсетілмек   болған.   Романда   Бораш,   Сейітқали сияқты озық жумысшылардың адамшылық, іскерлік қасиеттері көрінген. Кендегі партия жетекшісі Еркін мен өндіріс бастығы Горбатовтардың жекелеген мінез-қулқы суреттелген.

Бесжылдықтар дәуірінде бұл айтылғандардан басқа да романдар бой көрсетті. С.Мұқановтың болашақ трилогиясы «Өмір мектебінің» жеке бөлектері журнал беттерінде жарияланды. Б.Майлиннің «Қызыл жалау» романының үзінділері басылды. С.Сейфуллин өзінің аяқталмай қалған шығармасы - «Біздің тұрмысты» роман деп атаған еді. Бейімбет Майлин мен Сәкен Сейфуллиннің шығармаларын аяқтауға жеке адамға табынушылық тудырған кесапат -репрессия мүмкіндік бермеді. Аталған дәуірдің аяқ кезінде Мұхтар Әуезовтің «Абай» романының жекелеген тараулары да жұртшылыққа таныла бастаған еді.

Жалпы алғанда, отызыншы жылдардағы қазақ романы халқымыз бастан кешірген ірі тарихи оқиғалардың, күрестер-дің, тартыстардың, тагдырлардың кең полотно суреттерін жасады. Әдебиетіміз тарихында роман жанры тұңғыш рет өзінің өрелі орнына шықты, жанрдың сарқылмас мол мүмкіншіліктерін игеру жолында батыл барлаулар ғана жаса-лып қойған жоқ, татымды табыстарға да қол жетті. Социалистік реализмнің өміршең принциптері әдебиетті соны биік-терге апара алатындығына да, ең алдымен, романдар мысал.

Бір тақырыпқа жазылған романдардың түрлі стиль, мәнер жемісі болуы да социалистік реализмнің жазушының шарықтаған ойы мен қиялының іске асуына кеңістік беретіндігін танытты.

1965

Бөлісу: