Отызыншы жылдардағы қазақ романдары

13 Қараша 2013, 10:03

Отызыншы   жылдардағы   қазақ   романдары   Қазақстан елінің көп өмір оқиғаларын кең көлемде суреттеген улкен көркемдік   жинақтаулар   болды.   Қазақ   әдебиетінің   өткен тарихында   романның   мұндай   шарықтап   өскен,   жанрлық мүмкіндіктері мол жарыққа шыққан кезеңі болған емес. Ең алдымен,    қазақ    совет    әдебиетінің    20-жылдардағы    бай тәжірибесі,   батыл   барлаулары   үлкен   эпикалық   жанрдың дүниеге   келуіне   негіз   салды.   Бұған   дейін   поэзия   мен драматургияда,  прозаның кіші жанрларында советтік өмір үшін күрестің алуан түрлі  хикаялары қозғалған болатын. Ендігі жерде Қазақстан халқының революциялық шытырман, қиын   жолдарын   қат-қабат   аумағымен,   көп   адамдардың байланыстар, ықыластар тарихын жүйелі сюжеттік өрістеулер үстінде көрсететін, үлкен қоғамдық тартыстарды ірі оқиғалар арқылы,    кееек    характерлер    шындығымен    қабыстырып суреттейтін романдардың қажеттігі күшейген еді. Бұл дәуірдегі қазақ романдарын тақырыптық жағынан үш топқа бөлуге болады. Олардың кейбіреулерінде («Теміртас», «Азамат Азаматыч») шиеленіскен тап тартысы, ауылды советтендіру жолындағы күрес суреттелсе, «Менің құрдастарым», «Өмір мен өлім» секілді романдарда ендіріс ошақтарындағы жасампаз адамдарымыздың ерлік еңбегі, социалистік жаңа қатынастарды орнықтыру үшін қам-әрекеттері көрсетілген. Қазақстандағы революциялық қозғалыстың   мол   шежіресін   «Қызылжар»,   «Жолдастар», «Жумбақ жалау», «Дөң асқан» романдарынан оқимыз. Бұл шығармалардың қай-қайсысының да қазақ романының көркеюіне қосқан өзіндік ұнамды сипаттары бар. Қазақстанның революция қарсаңындагы, төңкеріс тусындағы және азамат соғысы жылдарындағы хал-ахуалы бірнеше романда суреттелген. Жазушыларымыздың халықтың күрес жолдарын терең зерттеп, еңбекшілердің таптық майданға шығуының сырын аңғаруға ден қоюы орынды қадам болатын. Үстем таптың ғасырлар бойғы билеушілігін жоқ қылуға халықты жетелеген қандай қүш, бул жөнінде бұқараның ролі, еңбекшілер мүддесін ту ғып ұстатан елдердің еңбегі қандай деген сурауларға көркемдік жауап айту қажет еді. Осы талапқа алғаш ат салысқан жазушыларымыздың бірі - Мәжит Дәулетбаев. Оның жеке тараулары отызыншы жылдардың бас кезінде, журналдарда жарияланып, кейіннен (1935) кітап болып басылған «Қызылжар» романы нақ осы мәселелерге арналған. «Қызылжар» - Октябрь революциясының алдындағы түсты, 1916 жылы ұлт-азаттық көтеріліс оқиғасын, февраль революциясын, азамат соғысының алғашқы кезеңін суреттейтін шығарма. Роман сол дәуірдің аласапыран құбылыстарынан белгілі дәрежеде дерек бере алады. Жазушы революция заманының шытырман шындығын партиялық көзқарас тұрғысынан бағалап суреттеуді көздеген. Өмір материалын екшеу, жіктеу, кейіпкерлер таңдау мен топтау, қаһармандарға дара мінез, тіл табу мәселесінде автордың жетістіктері жоқ емес. Мәселен, роман басында Қызылжар қаласының полиция бастығы - Медведевтің шанаға ат жегіп сайран салуын, момын дала жігіті Атымтайдың нақақ зәбір көруін әңгімелеу автордың тап тартысының туар көзін дәл тапқандығын байқатады. Осыдан бастап, еңбекшілер өкілдерінің (Атымтай, Балта, Қылыш, Громов) үстем тап адамдарымен (Көмеев, Буланов, Медведев т.б) әр тұстағы қақтығыс, қайшылықтары кезектестіріле көрсетіледі. Буқара өкілдерінің түрлі қиындық, ауырлық кездерінде шынығып, ширай түскенін, бұрынғы күрес тәжірибесі жоқ, қарапайым адамдардың саналы тартыскер болу процесін де аңғартуды жазушы мақсат еткен. М.Дәулетбаев романында 1916 жыл оқиғасы едәуір анық та, ұтымды да айтылған. Бай балаларының параның күшімен жасы өзгертіліп, олардың орнына кедей улдарының қара жумысқа жіберілу суреттері шыншыл. «Қызылжар» - 1916 жылдың стихиялық көтерілісін алғаш кең әңгімелеген шығарманың бірі. «Қызылжардың» әкелген тағы бір сонылығы еңбекші бұқара тобының қимыл, іс-әрекетін суреттеуге умтылуда. Бұл февраль революциясынан кейінгі тұстарды баяндағанда айқын көрінеді. Дегенмен, «Қызылжар» романында дараланған, жан-жақты сомдалған қаһармандар табылмайды. Мұнда оқиғалар да, кейіпкерлер де тым үзік-үзік көрсетіледі. Автор неше алуан көріністерді асығыс тізбектестіріп, көбінше жалаң баяндауға түседі. Іс-әрекеттердің себебі айтылмай, нәтижесі ғана хабарланған тұстары жиі. Бұл романда соншама көп оқиғаны қамтығысы келген автор эпизодтан эпизодқа тез ауысып, калейдоскоппен көрсеткендей, не характерлер тарихына, не белгілі бір байланыстарды ашуға негіздеп тоқталмайды. «Қызылжарда» 1916 жыл дүрбелеңінен, окоп өмірінен, большевиктер, меныневиктер, қазақтар, алаштар, эсерлер, митингілер суретінен елестер ғана бар. Сонда да болса, «Қызылжар» романы кезінде жазушының осы үлкен тақырыпқа жасаған батыл қадамы деп бағалау керек. Мұнда М.Дәулетбаевтың суреткерлік өнерін таныта аларлықтай жекелеген шебер жазылған көріністер кездеседі. «Қызылжардың» бойындағы жетістіктер мен кемшіліктер кейінгі романдар үшін белгілі саты, тәжірибедей еді. Мәселен, прозаның сол тұстағы балаңдығына байланысты туған кейбір жасанды оралымдар («Боран аш бөрі құсап улиды», «қалың орман     өкіреді»,     т.б.)     будан     былайғы     шығармаларда кездеспейді. Кейіпкерлердің тым көптігі, әрбір іс-әрекетке дәлелдеменің аздығы «Қызылжардың» да, басқа шығармалар-дың да ортақ міні болатын. Суреттелетін дәуірі дәл «Қызылжарды» еске салатын екінші роман Ілияс Жансүгіровтің «Жолдастары» (1935). Бул шығарма кезінде қазақ романының елеулі жетістіктерінен саналған. «Жолдастардың» қазіргі әдеби талғамы өскен оқушыны да қызықтырарлық сипаттары жоқ емес. Біріншіден, романның тіл байлығы ерекше көз тартады. Қазақ тілінің ересен қазынасы туңғыш рет үлкен прозаға осы «Жолдастар» арқылы келгендей. Екіншіден, «Жолдастарда» Қазақстандағы революциядан бұрынғы, 1916 жылғы, төңкеріс, азамат соғысы тұстарындағы ауыл, қала өмірі алғаш рет, эпопеялық көлемде көрсетілген. Роман кейіпкерлері бірде сахарада әрекет етсе, екіншісі жерде қалада, не өзен порттарында күн кешіп жатады. Қала мен даланың байтақ оқиғаларын бір роман көлемінде бейнелеуге ұмтылудың өзі соны құбылыс еді. Мұнда өмірден зайыр байқалған талай-талай тартысты түйіндер бар. Оқиғалар мен характерлерді өзінше алу жағынан да жазушы үлкен мәдениет, талғам байқатады. Роман алдына қойылған негізгі нысана - қазақ еліндегі таптық, әлеуметтік қайшылықтар мен тартыстардың ақиқат ағысын көрсету, күрес, шайқас үстінде еңбекшілер өкілдерінің шынығу процесін суреттеу, халықтың стихиялық наразылыгы-ның Октябрь революциясының жеңісіне үласу жолдарыи суреттеу болып табылады. «Жолдастар» романында бұқараның алдыңғы қвтарлы өкілдерінің тұлғалары жасалған. Объективтік өмірдін иірімдеріне түсіп, тіршілік қазанында қайнаған, ақырында оңы мен солын танитын дәрежеге жеткен қазақ кедейлсріищ иегі көрінеді. Олар: Сатан, Мәмет, Мардан, Нұраділ, ЧерХСі Қали т.б. Бұлардың қай-қайсысы да саналы түрде саяси күреске түскендер емес, өмірдің қаттысын, ащысын Квре жүріп есейгендер,   алдағы   қатал   сындарға   төтеп   берерлік     боп бекігендер. Мәселен, романда неғұрлым көп көрінетін кейіпкер Сатанның өсу эволюциясы едәуір жүйелі әңгімеленген. О баста Шалматай байдың малшысы болып жалданған, тиісті ақысын да сұрауға бара бермейтін, тап күресі дегеннен түсінігі жоқ, момын жігіт Сатан көп оқиғаны бастан кешіріп, ысылып шығады. Сатанның да, басқа бұқара өкіддерінің де бойынан ұнамды сипаттар табылады. Жазушының роман көлемінде көрсетсем деген мәселесі тіпті  көп.   «Жолдастарда»  кедейлер  мен байлар  арасының момілеге келмес қайшылығы да, ел шонжарларының өзара қырбайлық   күндестіктері    де,    күштілерден    зәбір    көріп, сахараны мекендеп, қарақшыга айналған батыр жігіттер жайы да,  қазақтардың жұмыс  іздеп қалаларға,  өзен порттарына бяруы да, жұмысшылардың таптық санасының өсу жолдары да,  1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысының көріністері де, февраль революциясынан кейінгі аласапыран ахуал да орын тепкен. Мұнда үстем тап өкілдерінің қарапайым адамдарды қанау тәсілдері де шыншыл суреттелген. Қазақ әдебиетінде бұрын көп көрсетіле қоймаған (билер соты, т.б.) түрлі өмір қатпарларының алынуы да жазушының халық тіршілігін терең білгендігін танытады. Дегенмен, роман өзінің шығар биігіне шықпаған. Оның бірінші жалпы себебі - І.Жансүгіровтың өзге жазушылар секілді, роман жанрының бүге-шігесін жете меңгеріп болмағандығынан, роман жасау дәстүрінің, шеберліктің аздығынан. Осыдан барып романның құрылысы тым ыдыраңқы, оқиғалық өрістеулері жеткілікті жүйеленбей, орталық кейіпкерлері жоиді іріктелмей қалған. Романның төрт тарауының бір-бірімен байланысы әлсіз. Өмір шындығын тамаша көркем, ақиқат бейнелейтін тұстар мен негізгі идеяға қызмет етпейтін қосалқы, оқшау әңгімелер де толып жатыр. «Жолдастардың» әрі жүйелі, әрі көркем шыққан бөлегі -бірінші тарау («Бастау»). Мұнда революция алдындағы қазақ ауылының бірталай құбылыстары кейіпкерлер өміріне тікелей байланысты көрсетіледі. Әсіресе, қазақ даласының жыртқыш билеушілерінің салт-санасы, мінез-қулқы кеңінен таныстыры-лады. Бір елді бір өзі билеп турған Шалматай ауылының көп сырлары ашылады. Сатан секілді кедей балаларын қанап үйренген Шалматай бойында қазақ байларына тән, юртақ ерекшеліктер жинақталған. Шалматай өзіне терезесі тең емес кедей адамдарды қалай табындыруды үйренген, әділетке емес, күшке сүйенген қаранғы да қатал байлардың бірі. Ол, реті келсе, кедейлерді ғана емес, өзінен әлсіздеу байларды да жутып қойғысы келеді. Бұған оның Досай дейтіннен барымталап ат алдыруы куә. Ал, осы Шалматай өзінен гөрі көзі қарақты адам кездессе, жүні жығылып қала береді. Жазушының тағы да бір ескертпек болғаны - алыстағы қараңғы ауылдардағы білім сәулесінің түсе бастағанын көрсету. Мәселен, жәдитшіл муғалім мен молданың білім салыстыру таласынан жаңа, ілгершіл түсініктер мен ескіліктің қақтығысын аңғаруға болады. Ескінің ысырылып қалуы оңай емес. Шалматайлар баяғы көне ғұрыптар қаз-қалпында тұрса деп аңсайды. Бірақ оның «жауы» сырттан да, іштен де көбейе береді. Еткен еңбегіне лайықты ақы сурау оған ел естімеген бузақылық болып көрінеді. Өзінің тоқалы - Назипа сұлу шын махаббат, жарастықты өмір іздеп, алыстай, суи беруі де оған соққы боп тиеді. Тарау соңында Тәуке бастаған ұрылар өмірін суреттеу де авторлық    идеяға    байланысты.    І.Жансүгіров    романының алғашқы  кесегінде  ескі  қазақ  ауылындағы  қадімнен  келе жатқан тәртіптер іштей ыдырай бастағандықтан, объективтік болмыстың   өзі   бұған   себепші   екенін   аңғартпақ   болған. Автордың бұл мақсаты іске асқанын көреміз. Кейіпкерлерді топтауы, олардың өзара байланыстарын емірмен де, мінсзбен де   дәлелдеуі,   неғұрлым  типтік   оқиғаларды   іріктеп   алуы жағынан романның бірінші тарауы шебер уйлескеи. Осының арқасында даланың жебір байы Шалматайдың да, жас малшы Сатанның   да,   еркіндік   сүйген   Назипаның   да,   намысты, айбатты қажы - Мысықтың да, сері ожет батыр Теукснін де мінез қырлары ашылады. Идеяны екшеп алудың, белгілі белес оқиғалар түйіні үстінде характер ерекшелігін ашудың қаншалық қажет екендігін «Жолдастардың» алғашқы тарауы айқын сипаттайды. Окінішке қарай, романның өзге тарауларында дәл мундай анықтық, тутастық жоқ. Уақыты жағынан «Жолдастармен» тутас жарияланган романның бірі - Бейімбет Майлиннің «Азамат Азаматычы». Мұнда қазақ елінде социалистік құрылысты бекіту жолындағы күрестің жағдайлары суреттелген. «Азамат Азаматыч» -идеялық-көркемдік құрылысы шебер қаланған, оқиғалары мен характерлері тутастыққа жеткен, дәуірдің аса зәру мәселелерін котерген шығарма. Жазушы қазақ байлары мен солардың идеологтарының совет үкіметінің шараларын жүзеге асырмау үшін істеген айла-әрекеттерін, кедейден шыққан жас коммунист қайраткерлердің тап тартысында шыңдалып осу жолын көрсетуді көздеген. Суреткердің үлкен шеберлігі - романның бас кейіпкері Азамат (шын аты Қожалақ) тулғасының өсу эволюциясын беруінен танылады. Бул - сюжеттің жинақты, әрі табиғи орілгендігіне қатты байланысты нәрсе. Социализм идеясына іпын берілген Қожалақ Күркілдековтің еріксіз адасып, жолдастардың, коллективтің комегімен адал жолын қайта табу процесін керсету шығарманың танытқыштық, тәрбиелік мәнін күшейткен. Автор қателеспейтін, жаңылмайтын схема кейіпкерлерден әдейі қашып, адам өмірін ішкі қайшылығымен бейнелеуді нысана еткен. Характердің өсу диалектикасын беруге умтылу - әдебиетімізге Б.Майлин енгізген жаңалықтардың бірі. Қаһармандардың жеке омір хикаялары үлкен әлеуметтік мәні бар мәселелерді ашуға жараған. Шығарма кейіпкерлерінің ісі мен ішін қолдан икемдеп озгертпей, табиғи ауанымен жіберу, әрі адамдар байланысын асерлі, тартымды баяндай білуі - суреткердің табысы. Совет окіметінің достары мен қастарын бірін - ақ, бірін - қара бояумен боямай, өмір мен мінезге сыйымды етіп бейнелеуі де оскелең әдебиетімізге жақсы өнеге болып қосылды. Романның кейбір оқиғалық оралымдарын еске түсірсек буған көз жетеді. Шынында, алыстағы уездік қалаға жаңадан қызметке орналасқан жас коммунист Азаматтың байшылдар тузағына түсе жаздауы әбден мүмкін нәрседей сезіледі. Азамат Азаматыч - өзгелерді өзіндей санап үйренген, саяси күрес тәжірибесі аз, жас адам. Ішке тартып, жылы шырай білдіргендерге оның алдын ала күдіктенуге дәлелі жоқ. Азаматтың байшыл элементтерге «күйеу» болып, артынан опық жеуі осыдан. Азаматтың сыланған сұлу Мариямды көріп, қумартуында жарасымсыздық жоқ еді. Жақсы көрді де, үйленді. Бірақ, өзі кедейдің баласы, совет мектебінің тәрбиесін алған ақжүрек Азамат қапы кеткенін сезбейді. Үлкен шатақ үйленуден кейін басталған. Ойламаған жерден Азаматтың көмегін керек еткен жекжаттар қаптайды. Олар кімдер? Бұрынғы белгілі саудагер, азамат соғысы жылдарында көп сойқан салған, енді өтірік советшіл боп жүрген Рақым Қауғабаев - бір үйде тұратын бажасы, Қарасай қаласындағы және ауылдардағы талай дөкей қызметкер  шетінен  ілік-шатыс  шыға береді.  Тап тартысы қызып тұрған шақта, саяси бағыттың беріктігі ерекше шарт. Көп ұзамай Азамат Азаматыч сергелдеңге түседі, бір жағы өзінің туған табы, екінші тарапта әйелі Мариямның топ-топ таныс-білістері. Жазушы қиындықты қолдан қоюлатпайды, әрі қайшылықты оңай да шешпейді. Өмірді өз ағысымен, образ шындығымен суреттейді де отырады. «Азамат Азаматычтың» оқиғалары - объективтік өмір ақиқаты. Совет өкіметінің алғашқы жылдарында қазақ байлары дағдылы күйінен көп өзгере қоймаған. Олар өздеріне берілген уақытша кеңшілікті пайдаланып, байлық пен билікті бекем ұстап қалуды көздейді, жауапты қызмет орындарына сенімді кісілерін отырғызуға ұмтылады. Қарасай қаласына келген момын ясігіт Азаматты да байшылдар өз адамы етіп алмақ еді. Дегенмен, Азаматты білетін, қадірлейтін жолдастары: Алексеев, Қайша, Медеулер бұлай болғызбайды. Сонымен романда әлеуметтік тартыстың сыры бір семьяның, бір     топ     адамның     қарым-қатынасы     негізінде     шебер аңғартылады. Б.Майлиннің «Азамат Азаматыч» романы толық аяқталып бітпеген. Мәселен, мунда байлардың иемденіп келген көп жерін бөліске салу жумысы басталғаны суреттелгенімен, тап тартысының қалай шиеленіп, қалай тынғаны айтылмайды. Дегенмен, романда бас қаһарман Қожалақ (Азамат) тулғасының қалыптасу жолы белгілі белеңге шыққаны айқын байқалады. Байлардың кесапат істерін көріп түңілген, заман дүмпуінің әсерімен қатеден арыла бастаған, советтік жумыстарға қулшынып кіріскен Азаматты көреміз. Қайша, Медеу секілді жаңа заман адамдарының да жеке қырлары елестейді. Жалпы алғанда, Б.Майлиннің «Азамат Азаматычы» -Қазақстанда советтік қурылысты орнықтыру дәуірінің шындығынан дерек бере алатын кызғылықты шығарма. Әдебиетімізде унамды қаһарман тулғасын жасау ісінде бул романның ерекше, принциптік мәні бар. Азамат - отызыншы жылдардағы әдебиетіміздегі унамды қаһармаңдар қатарына қосылды.

Отызыншы   жылдардағы   қазақ   романдары   Қазақстан елінің көп өмір оқиғаларын кең көлемде суреттеген улкен көркемдік   жинақтаулар   болды.   Қазақ   әдебиетінің   өткен тарихында   романның   мұндай   шарықтап   өскен,   жанрлық мүмкіндіктері мол жарыққа шыққан кезеңі болған емес. Ең алдымен,    қазақ    совет    әдебиетінің    20-жылдардағы    бай тәжірибесі,   батыл   барлаулары   үлкен   эпикалық   жанрдың дүниеге   келуіне   негіз   салды.   Бұған   дейін   поэзия   мен драматургияда,  прозаның кіші жанрларында советтік өмір үшін күрестің алуан түрлі  хикаялары қозғалған болатын. Ендігі жерде Қазақстан халқының революциялық шытырман, қиын   жолдарын   қат-қабат   аумағымен,   көп   адамдардың байланыстар, ықыластар тарихын жүйелі сюжеттік өрістеулер үстінде көрсететін, үлкен қоғамдық тартыстарды ірі оқиғалар арқылы,    кееек    характерлер    шындығымен    қабыстырып суреттейтін романдардың қажеттігі күшейген еді.

Бұл дәуірдегі қазақ романдарын тақырыптық жағынан үш топқа бөлуге болады. Олардың кейбіреулерінде («Теміртас», «Азамат Азаматыч») шиеленіскен тап тартысы, ауылды советтендіру жолындағы күрес суреттелсе, «Менің құрдастарым», «Өмір мен өлім» секілді романдарда ендіріс ошақтарындағы жасампаз адамдарымыздың ерлік еңбегі, социалистік жаңа қатынастарды орнықтыру үшін қам-әрекеттері көрсетілген. Қазақстандағы революциялық қозғалыстың   мол   шежіресін   «Қызылжар»,   «Жолдастар», «Жумбақ жалау», «Дөң асқан» романдарынан оқимыз. Бұл шығармалардың қай-қайсысының да қазақ романының көркеюіне қосқан өзіндік ұнамды сипаттары бар.

Қазақстанның революция қарсаңындагы, төңкеріс тусындағы және азамат соғысы жылдарындағы хал-ахуалы бірнеше романда суреттелген. Жазушыларымыздың халықтың күрес жолдарын терең зерттеп, еңбекшілердің таптық майданға шығуының сырын аңғаруға ден қоюы орынды қадам болатын. Үстем таптың ғасырлар бойғы билеушілігін жоқ қылуға халықты жетелеген қандай қүш, бул жөнінде бұқараның ролі, еңбекшілер мүддесін ту ғып ұстатан елдердің еңбегі қандай деген сурауларға көркемдік жауап айту қажет еді.

Осы талапқа алғаш ат салысқан жазушыларымыздың бірі - Мәжит Дәулетбаев. Оның жеке тараулары отызыншы жылдардың бас кезінде, журналдарда жарияланып, кейіннен (1935) кітап болып басылған «Қызылжар» романы нақ осы мәселелерге арналған.

«Қызылжар» - Октябрь революциясының алдындағы түсты, 1916 жылы ұлт-азаттық көтеріліс оқиғасын, февраль революциясын, азамат соғысының алғашқы кезеңін суреттейтін шығарма. Роман сол дәуірдің аласапыран құбылыстарынан белгілі дәрежеде дерек бере алады.

Жазушы революция заманының шытырман шындығын партиялық көзқарас тұрғысынан бағалап суреттеуді көздеген. Өмір материалын екшеу, жіктеу, кейіпкерлер таңдау мен топтау, қаһармандарға дара мінез, тіл табу мәселесінде автордың жетістіктері жоқ емес. Мәселен, роман басында Қызылжар қаласының полиция бастығы - Медведевтің шанаға ат жегіп сайран салуын, момын дала жігіті Атымтайдың нақақ зәбір көруін әңгімелеу автордың тап тартысының туар көзін дәл тапқандығын байқатады. Осыдан бастап, еңбекшілер өкілдерінің (Атымтай, Балта, Қылыш, Громов) үстем тап адамдарымен (Көмеев, Буланов, Медведев т.б) әр тұстағы қақтығыс, қайшылықтары кезектестіріле көрсетіледі. Буқара өкілдерінің түрлі қиындық, ауырлық кездерінде шынығып, ширай түскенін, бұрынғы күрес тәжірибесі жоқ, қарапайым адамдардың саналы тартыскер болу процесін де аңғартуды жазушы мақсат еткен.

М.Дәулетбаев романында 1916 жыл оқиғасы едәуір анық та, ұтымды да айтылған. Бай балаларының параның күшімен жасы өзгертіліп, олардың орнына кедей улдарының қара жумысқа жіберілу суреттері шыншыл. «Қызылжар» - 1916 жылдың стихиялық көтерілісін алғаш кең әңгімелеген шығарманың бірі.

«Қызылжардың» әкелген тағы бір сонылығы еңбекші бұқара тобының қимыл, іс-әрекетін суреттеуге умтылуда. Бұл февраль революциясынан кейінгі тұстарды баяндағанда айқын көрінеді.

Дегенмен, «Қызылжар» романында дараланған, жан-жақты сомдалған қаһармандар табылмайды. Мұнда оқиғалар да, кейіпкерлер де тым үзік-үзік көрсетіледі. Автор неше алуан көріністерді асығыс тізбектестіріп, көбінше жалаң баяндауға түседі. Іс-әрекеттердің себебі айтылмай, нәтижесі ғана хабарланған тұстары жиі. Бұл романда соншама көп оқиғаны қамтығысы келген автор эпизодтан эпизодқа тез ауысып, калейдоскоппен көрсеткендей, не характерлер тарихына, не белгілі бір байланыстарды ашуға негіздеп тоқталмайды. «Қызылжарда» 1916 жыл дүрбелеңінен, окоп өмірінен, большевиктер, меныневиктер, қазақтар, алаштар, эсерлер, митингілер суретінен елестер ғана бар.

Сонда да болса, «Қызылжар» романы кезінде жазушының осы үлкен тақырыпқа жасаған батыл қадамы деп бағалау керек. Мұнда М.Дәулетбаевтың суреткерлік өнерін таныта аларлықтай жекелеген шебер жазылған көріністер кездеседі. «Қызылжардың» бойындағы жетістіктер мен кемшіліктер кейінгі романдар үшін белгілі саты, тәжірибедей еді. Мәселен, прозаның сол тұстағы балаңдығына байланысты туған кейбір жасанды оралымдар («Боран аш бөрі құсап улиды», «қалың орман     өкіреді»,     т.б.)     будан     былайғы     шығармаларда кездеспейді. Кейіпкерлердің тым көптігі, әрбір іс-әрекетке дәлелдеменің аздығы «Қызылжардың» да, басқа шығармалар-дың да ортақ міні болатын.

Суреттелетін дәуірі дәл «Қызылжарды» еске салатын екінші роман Ілияс Жансүгіровтің «Жолдастары» (1935). Бул шығарма кезінде қазақ романының елеулі жетістіктерінен саналған. «Жолдастардың» қазіргі әдеби талғамы өскен оқушыны да қызықтырарлық сипаттары жоқ емес. Біріншіден, романның тіл байлығы ерекше көз тартады. Қазақ тілінің ересен қазынасы туңғыш рет үлкен прозаға осы «Жолдастар» арқылы келгендей. Екіншіден, «Жолдастарда» Қазақстандағы революциядан бұрынғы, 1916 жылғы, төңкеріс, азамат соғысы тұстарындағы ауыл, қала өмірі алғаш рет, эпопеялық көлемде көрсетілген. Роман кейіпкерлері бірде сахарада әрекет етсе, екіншісі жерде қалада, не өзен порттарында күн кешіп жатады. Қала мен даланың байтақ оқиғаларын бір роман көлемінде бейнелеуге ұмтылудың өзі соны құбылыс еді. Мұнда өмірден зайыр байқалған талай-талай тартысты түйіндер бар. Оқиғалар мен характерлерді өзінше алу жағынан да жазушы үлкен мәдениет, талғам байқатады. Роман алдына қойылған негізгі нысана - қазақ еліндегі таптық, әлеуметтік қайшылықтар мен тартыстардың ақиқат ағысын көрсету, күрес, шайқас үстінде еңбекшілер өкілдерінің шынығу процесін суреттеу, халықтың стихиялық наразылыгы-ның Октябрь революциясының жеңісіне үласу жолдарыи суреттеу болып табылады.

«Жолдастар» романында бұқараның алдыңғы қвтарлы өкілдерінің тұлғалары жасалған. Объективтік өмірдін иірімдеріне түсіп, тіршілік қазанында қайнаған, ақырында оңы мен солын танитын дәрежеге жеткен қазақ кедейлсріищ иегі көрінеді. Олар: Сатан, Мәмет, Мардан, Нұраділ, ЧерХСі Қали т.б. Бұлардың қай-қайсысы да саналы түрде саяси күреске түскендер емес, өмірдің қаттысын, ащысын Квре жүріп есейгендер,   алдағы   қатал   сындарға   төтеп   берерлік     боп бекігендер. Мәселен, романда неғұрлым көп көрінетін кейіпкер Сатанның өсу эволюциясы едәуір жүйелі әңгімеленген. О баста Шалматай байдың малшысы болып жалданған, тиісті ақысын да сұрауға бара бермейтін, тап күресі дегеннен түсінігі жоқ, момын жігіт Сатан көп оқиғаны бастан кешіріп, ысылып шығады. Сатанның да, басқа бұқара өкіддерінің де бойынан ұнамды сипаттар табылады.

Жазушының роман көлемінде көрсетсем деген мәселесі тіпті  көп.   «Жолдастарда»  кедейлер  мен байлар  арасының момілеге келмес қайшылығы да, ел шонжарларының өзара қырбайлық   күндестіктері    де,    күштілерден    зәбір    көріп, сахараны мекендеп, қарақшыга айналған батыр жігіттер жайы да,  қазақтардың жұмыс  іздеп қалаларға,  өзен порттарына бяруы да, жұмысшылардың таптық санасының өсу жолдары да,  1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысының көріністері де, февраль революциясынан кейінгі аласапыран ахуал да орын тепкен. Мұнда үстем тап өкілдерінің қарапайым адамдарды қанау тәсілдері де шыншыл суреттелген. Қазақ әдебиетінде бұрын көп көрсетіле қоймаған (билер соты, т.б.) түрлі өмір қатпарларының алынуы да жазушының халық тіршілігін терең білгендігін танытады.

Дегенмен, роман өзінің шығар биігіне шықпаған. Оның бірінші жалпы себебі - І.Жансүгіровтың өзге жазушылар секілді, роман жанрының бүге-шігесін жете меңгеріп болмағандығынан, роман жасау дәстүрінің, шеберліктің аздығынан. Осыдан барып романның құрылысы тым ыдыраңқы, оқиғалық өрістеулері жеткілікті жүйеленбей, орталық кейіпкерлері жоиді іріктелмей қалған. Романның төрт тарауының бір-бірімен байланысы әлсіз. Өмір шындығын тамаша көркем, ақиқат бейнелейтін тұстар мен негізгі идеяға қызмет етпейтін қосалқы, оқшау әңгімелер де толып жатыр.

«Жолдастардың» әрі жүйелі, әрі көркем шыққан бөлегі -бірінші тарау («Бастау»). Мұнда революция алдындағы қазақ ауылының бірталай құбылыстары кейіпкерлер өміріне тікелей байланысты көрсетіледі. Әсіресе, қазақ даласының жыртқыш билеушілерінің салт-санасы, мінез-қулқы кеңінен таныстыры-лады. Бір елді бір өзі билеп турған Шалматай ауылының көп сырлары ашылады. Сатан секілді кедей балаларын қанап үйренген Шалматай бойында қазақ байларына тән, юртақ ерекшеліктер жинақталған. Шалматай өзіне терезесі тең емес кедей адамдарды қалай табындыруды үйренген, әділетке емес, күшке сүйенген қаранғы да қатал байлардың бірі. Ол, реті келсе, кедейлерді ғана емес, өзінен әлсіздеу байларды да жутып қойғысы келеді. Бұған оның Досай дейтіннен барымталап ат алдыруы куә. Ал, осы Шалматай өзінен гөрі көзі қарақты адам кездессе, жүні жығылып қала береді.

Жазушының тағы да бір ескертпек болғаны - алыстағы қараңғы ауылдардағы білім сәулесінің түсе бастағанын көрсету. Мәселен, жәдитшіл муғалім мен молданың білім салыстыру таласынан жаңа, ілгершіл түсініктер мен ескіліктің қақтығысын аңғаруға болады. Ескінің ысырылып қалуы оңай емес. Шалматайлар баяғы көне ғұрыптар қаз-қалпында тұрса деп аңсайды. Бірақ оның «жауы» сырттан да, іштен де көбейе береді. Еткен еңбегіне лайықты ақы сурау оған ел естімеген бузақылық болып көрінеді. Өзінің тоқалы - Назипа сұлу шын махаббат, жарастықты өмір іздеп, алыстай, суи беруі де оған соққы боп тиеді.

Тарау соңында Тәуке бастаған ұрылар өмірін суреттеу де авторлық    идеяға    байланысты.    І.Жансүгіров    романының алғашқы  кесегінде  ескі  қазақ  ауылындағы  қадімнен  келе жатқан тәртіптер іштей ыдырай бастағандықтан, объективтік болмыстың   өзі   бұған   себепші   екенін   аңғартпақ   болған. Автордың бұл мақсаты іске асқанын көреміз. Кейіпкерлерді топтауы, олардың өзара байланыстарын емірмен де, мінсзбен де   дәлелдеуі,   неғұрлым  типтік   оқиғаларды   іріктеп   алуы жағынан романның бірінші тарауы шебер уйлескеи. Осының арқасында даланың жебір байы Шалматайдың да, жас малшы Сатанның   да,   еркіндік   сүйген   Назипаның   да,   намысты, айбатты қажы - Мысықтың да, сері ожет батыр Теукснін де мінез қырлары ашылады. Идеяны екшеп алудың, белгілі белес оқиғалар түйіні үстінде характер ерекшелігін ашудың қаншалық қажет екендігін «Жолдастардың» алғашқы тарауы айқын сипаттайды. Окінішке қарай, романның өзге тарауларында дәл мундай анықтық, тутастық жоқ.

Уақыты жағынан «Жолдастармен» тутас жарияланган романның бірі - Бейімбет Майлиннің «Азамат Азаматычы». Мұнда қазақ елінде социалистік құрылысты бекіту жолындағы күрестің жағдайлары суреттелген. «Азамат Азаматыч» -идеялық-көркемдік құрылысы шебер қаланған, оқиғалары мен характерлері тутастыққа жеткен, дәуірдің аса зәру мәселелерін котерген шығарма. Жазушы қазақ байлары мен солардың идеологтарының совет үкіметінің шараларын жүзеге асырмау үшін істеген айла-әрекеттерін, кедейден шыққан жас коммунист қайраткерлердің тап тартысында шыңдалып осу жолын көрсетуді көздеген.

Суреткердің үлкен шеберлігі - романның бас кейіпкері Азамат (шын аты Қожалақ) тулғасының өсу эволюциясын беруінен танылады. Бул - сюжеттің жинақты, әрі табиғи орілгендігіне қатты байланысты нәрсе. Социализм идеясына іпын берілген Қожалақ Күркілдековтің еріксіз адасып, жолдастардың, коллективтің комегімен адал жолын қайта табу процесін керсету шығарманың танытқыштық, тәрбиелік мәнін күшейткен. Автор қателеспейтін, жаңылмайтын схема кейіпкерлерден әдейі қашып, адам өмірін ішкі қайшылығымен бейнелеуді нысана еткен. Характердің өсу диалектикасын беруге умтылу - әдебиетімізге Б.Майлин енгізген жаңалықтардың бірі. Қаһармандардың жеке омір хикаялары үлкен әлеуметтік мәні бар мәселелерді ашуға жараған. Шығарма кейіпкерлерінің ісі мен ішін қолдан икемдеп озгертпей, табиғи ауанымен жіберу, әрі адамдар байланысын асерлі, тартымды баяндай білуі - суреткердің табысы. Совет окіметінің достары мен қастарын бірін - ақ, бірін - қара бояумен боямай, өмір мен мінезге сыйымды етіп бейнелеуі де оскелең әдебиетімізге жақсы өнеге болып қосылды. Романның кейбір оқиғалық оралымдарын еске түсірсек буған көз жетеді.

Шынында, алыстағы уездік қалаға жаңадан қызметке орналасқан жас коммунист Азаматтың байшылдар тузағына түсе жаздауы әбден мүмкін нәрседей сезіледі. Азамат Азаматыч - өзгелерді өзіндей санап үйренген, саяси күрес тәжірибесі аз, жас адам. Ішке тартып, жылы шырай білдіргендерге оның алдын ала күдіктенуге дәлелі жоқ. Азаматтың байшыл элементтерге «күйеу» болып, артынан опық жеуі осыдан.

Азаматтың сыланған сұлу Мариямды көріп, қумартуында жарасымсыздық жоқ еді. Жақсы көрді де, үйленді. Бірақ, өзі кедейдің баласы, совет мектебінің тәрбиесін алған ақжүрек Азамат қапы кеткенін сезбейді. Үлкен шатақ үйленуден кейін басталған. Ойламаған жерден Азаматтың көмегін керек еткен жекжаттар қаптайды. Олар кімдер? Бұрынғы белгілі саудагер, азамат соғысы жылдарында көп сойқан салған, енді өтірік советшіл боп жүрген Рақым Қауғабаев - бір үйде тұратын бажасы, Қарасай қаласындағы және ауылдардағы талай дөкей қызметкер  шетінен  ілік-шатыс  шыға береді.  Тап тартысы қызып тұрған шақта, саяси бағыттың беріктігі ерекше шарт. Көп ұзамай Азамат Азаматыч сергелдеңге түседі, бір жағы өзінің туған табы, екінші тарапта әйелі Мариямның топ-топ таныс-білістері. Жазушы қиындықты қолдан қоюлатпайды, әрі қайшылықты оңай да шешпейді. Өмірді өз ағысымен, образ шындығымен суреттейді де отырады.

«Азамат Азаматычтың» оқиғалары - объективтік өмір ақиқаты. Совет өкіметінің алғашқы жылдарында қазақ байлары дағдылы күйінен көп өзгере қоймаған. Олар өздеріне берілген уақытша кеңшілікті пайдаланып, байлық пен билікті бекем ұстап қалуды көздейді, жауапты қызмет орындарына сенімді кісілерін отырғызуға ұмтылады. Қарасай қаласына келген момын ясігіт Азаматты да байшылдар өз адамы етіп алмақ еді. Дегенмен, Азаматты білетін, қадірлейтін жолдастары: Алексеев, Қайша, Медеулер бұлай болғызбайды. Сонымен романда әлеуметтік тартыстың сыры бір семьяның, бір     топ     адамның     қарым-қатынасы     негізінде     шебер аңғартылады.

Б.Майлиннің «Азамат Азаматыч» романы толық аяқталып бітпеген. Мәселен, мунда байлардың иемденіп келген көп жерін бөліске салу жумысы басталғаны суреттелгенімен, тап тартысының қалай шиеленіп, қалай тынғаны айтылмайды. Дегенмен, романда бас қаһарман Қожалақ (Азамат) тулғасының қалыптасу жолы белгілі белеңге шыққаны айқын байқалады. Байлардың кесапат істерін көріп түңілген, заман дүмпуінің әсерімен қатеден арыла бастаған, советтік жумыстарға қулшынып кіріскен Азаматты көреміз. Қайша, Медеу секілді жаңа заман адамдарының да жеке қырлары елестейді.

Жалпы алғанда, Б.Майлиннің «Азамат Азаматычы» -Қазақстанда советтік қурылысты орнықтыру дәуірінің шындығынан дерек бере алатын кызғылықты шығарма. Әдебиетімізде унамды қаһарман тулғасын жасау ісінде бул романның ерекше, принциптік мәні бар. Азамат - отызыншы жылдардағы әдебиетіміздегі унамды қаһармаңдар қатарына қосылды.

Бөлісу: