«Жас жігіттің жазбалары»

13 Қараша 2013, 09:18

А.И.Герцен өзінің творчестволық жолын «Жас жігіттің жазбалары» аталған әңгімесінен бастаған. Бір жас жігіттің өмірбаянын, көрген-білгенін айтуы сияқтандырып берген бұл шығармадан Герценнің беллетристикалық таланты танылады. Осы алғашқы көлемді туындысының өзінде жазушының ойлылығы, өзін қоршаған қауым мен өмір сүрген қоғамына сын көзімен қарайтындығы аңғарылады. Ол өз замандастарын биік мақсаттар үшін, халық қамы жолына еңбек етуге шақырады. Классикалық әлем әдебиетінен өршіл идеяларды гаратушы, адамның өжеттігін мадақтаушы ретінде немістің ұлы ақыны Фридрих Шиллерді үлгі етіп ұсынады. Крепостнойлықтың ел өміріне есепсіз кесапат келтіргені орыс жазушыларының көптеген шығармаларында суреттеледі. Герцен өмір сүрген дәуірде орыстың прогресшіл азаматтары осы кесапатты барынша әшкерелеуді алдына нысаналы мақсат етіп қойған-ды. «Суғанақ-сауысқан» повесінде жазушы крепостнойлық тәртіп адамды кіріптарлыққа, қорлыққа душар ететінін батыл білдіреді. Повесте авторлық идея актердің әңгімесі арқылы берілген. Орыс топырагында улы артистка бар ма, жоқ па деген  сөз қозғаған екі-үш кісінің үстіне бурын актер болып істеген суретші кіріп келеді. «¥лы артистканы мен көрдім» деп, ол талай жыл ілгеріде өткен ауыр оқиғаны баяндайды: бір Помещик озбырлығына көнбегені үшін қарауындағы талантты артистканы қапаста устағаны, ақырында қайғы меңдеп, әлгі өнерпаздың өмірден өткені айтылады. «Суғанақ-сауысқан» Россиядағы крепостнойлық правоның зардабын, адам теңсіздігін шенейтін шығарма. Объективтік өмірдің бір ғана көрінісін баяндаған бул повестен қоғамдық өмірдегі үлкен кесел сыналады. «Суғанақ-сауысқан» повесінен Герценге тән кейбір ерекшелік аңғарылады. Жазушы кейіпкерлердің келбет, сөз, мінез даралығын жан-жақты өрнектеп жатпай-ақ, ең басты Мәселені жеріне жеткізе айта біледі. Ал «Доктор Крупов» повесінде суреткер адам санасындағы кейбір зияндылықтарды мінейді. Адамға табиғат берген мүмкіндік толық жарық көрсін дейді. «Доктор Крупов» Повесінің пафосы осы. Жазушы жекелеген өмір суреттерін беру арқылы салт-сананың неғурлым кертартпа көріністерін елестетеді.  Жаратылыстан қыли болып туған Левка деген баланың тілін, ебін білмей, әкесі де, өзге жүрт та мазақ етеді. Туйықтығына, оқуға ықылассыздығына қарап кейбіреулер Левканы ақымақ деп есептейді. Бірақ Левкада адамдық нышан, бауырмалдық сезім бар, ол сыйлағанды біледі. Жазушы адам дұрыс тәрбие көрмегендіктен топастанатынын ақиқат көрсете білген. «Доктор Круповта» автор өзінің шын мәніндегі гуманистігін байқатады. Ол Крупов деген дәрігердің аузымен, тіпті, жындыханаға түскендердің де мінез ерекшелігіне орай тіл тапса, емдеу процесінің жеделдейтінін ескертеді. Доктор Крупов тәндегі ғана емес, санадағы сарқыншақтармен де күресті күшейтуге шақырады. Шығарма қаһарманы адамның еркін, бақытты өмір кешуіне кедергі келтіретіннің бәрін психикалық зардаптар қатарына қосады. Бір-бірін сүю былай тұрсын, барынша өштескен ерлі-зайыптыны тек «сөз болмау үшін» жалған бірлікте турғанын мысқыл етеді. Сонымен, Герцен бул шығармасында да өзінің күрескерлік ойларын таратуға талаптанады.

А.И.Герцен өзінің творчестволық жолын «Жас жігіттің жазбалары» аталған әңгімесінен бастаған. Бір жас жігіттің өмірбаянын, көрген-білгенін айтуы сияқтандырып берген бұл шығармадан Герценнің беллетристикалық таланты танылады. Осы алғашқы көлемді туындысының өзінде жазушының ойлылығы, өзін қоршаған қауым мен өмір сүрген қоғамына сын көзімен қарайтындығы аңғарылады. Ол өз замандастарын биік мақсаттар үшін, халық қамы жолына еңбек етуге шақырады. Классикалық әлем әдебиетінен өршіл идеяларды гаратушы, адамның өжеттігін мадақтаушы ретінде немістің ұлы ақыны Фридрих Шиллерді үлгі етіп ұсынады.

Крепостнойлықтың ел өміріне есепсіз кесапат келтіргені орыс жазушыларының көптеген шығармаларында суреттеледі. Герцен өмір сүрген дәуірде орыстың прогресшіл азаматтары осы кесапатты барынша әшкерелеуді алдына нысаналы мақсат етіп қойған-ды.

«Суғанақ-сауысқан» повесінде жазушы крепостнойлық тәртіп адамды кіріптарлыққа, қорлыққа душар ететінін батыл білдіреді. Повесте авторлық идея актердің әңгімесі арқылы берілген. Орыс топырагында улы артистка бар ма, жоқ па деген  сөз қозғаған екі-үш кісінің үстіне бурын актер болып істеген суретші кіріп келеді. «¥лы артистканы мен көрдім» деп, ол талай жыл ілгеріде өткен ауыр оқиғаны баяндайды: бір Помещик озбырлығына көнбегені үшін қарауындағы талантты артистканы қапаста устағаны, ақырында қайғы меңдеп, әлгі өнерпаздың өмірден өткені айтылады. «Суғанақ-сауысқан» Россиядағы крепостнойлық правоның зардабын, адам теңсіздігін шенейтін шығарма. Объективтік өмірдің бір ғана көрінісін баяндаған бул повестен қоғамдық өмірдегі үлкен кесел сыналады. «Суғанақ-сауысқан» повесінен Герценге тән кейбір ерекшелік аңғарылады. Жазушы кейіпкерлердің келбет, сөз, мінез даралығын жан-жақты өрнектеп жатпай-ақ, ең басты Мәселені жеріне жеткізе айта біледі.

Ал «Доктор Крупов» повесінде суреткер адам санасындағы кейбір зияндылықтарды мінейді. Адамға табиғат берген мүмкіндік толық жарық көрсін дейді. «Доктор Крупов» Повесінің пафосы осы. Жазушы жекелеген өмір суреттерін беру арқылы салт-сананың неғурлым кертартпа көріністерін елестетеді.  Жаратылыстан қыли болып туған Левка деген баланың тілін, ебін білмей, әкесі де, өзге жүрт та мазақ етеді. Туйықтығына, оқуға ықылассыздығына қарап кейбіреулер Левканы ақымақ деп есептейді. Бірақ Левкада адамдық нышан, бауырмалдық сезім бар, ол сыйлағанды біледі. Жазушы адам дұрыс тәрбие көрмегендіктен топастанатынын ақиқат көрсете білген.

«Доктор Круповта» автор өзінің шын мәніндегі гуманистігін байқатады. Ол Крупов деген дәрігердің аузымен, тіпті, жындыханаға түскендердің де мінез ерекшелігіне орай тіл тапса, емдеу процесінің жеделдейтінін ескертеді. Доктор Крупов тәндегі ғана емес, санадағы сарқыншақтармен де күресті күшейтуге шақырады. Шығарма қаһарманы адамның еркін, бақытты өмір кешуіне кедергі келтіретіннің бәрін психикалық зардаптар қатарына қосады. Бір-бірін сүю былай тұрсын, барынша өштескен ерлі-зайыптыны тек «сөз болмау үшін» жалған бірлікте турғанын мысқыл етеді. Сонымен, Герцен бул шығармасында да өзінің күрескерлік ойларын таратуға талаптанады.

Бөлісу: