Әдебиеттің асыл мұраты

13 Қараша 2013, 09:07

«Қазақ әдебиетіңде» Зейін Шашкиннің «Теміртау» романы туралы екі мақала басылды. Қазіргі дәуір тақырыбына жазылған романға осылайша назар аударылуы - табиғи нәрсе. Замандастар өмірін суреттейтін шығарма қалың жұртшылықтың, әсіресе әдеби қауымның ілтипатына ілініп, талқыға түсуі, ол туралы әр түрлі пікірлер айтылуы жаңа гуындының жанды мәселе көтергендігін аңғартса керек. Жалпы   алғанда,   әдебиетімізде   замандас   тұлғасы   қалай жасалып келеді деген мәселе айналасында пікір алысу орынды деп білеміз. Әрбір шығармадан ең алдымен жазушының алға қойған түп мақсатын іздейтініміз сияқты, сын мақалалардан да авторлардың айтпақ болған негізгі ойларын танып білуіміз шарт. «Теміртауға» арнап мақала жазған М.Қаратаев пен Б.Сахариев жолдастар да мәселеге өздерін толғандырған турғылардан келген. Біз сол жайларға, қысқа да болса, соғуымыз қажет. Сыншы М.Қаратаев жолдас «Уақыт, еңбек, адам» деген көлемді мақаласында романда көтерілген проблемаларға кеңі-нен тоқталған. Ол жөнінде өзінен бурын берілген бағаларды тужырымдай келіп, солардың ой түйіні:  «...негізінен сәтті шыққан туынды, осы заманды, осы күнгі белгілі Теміртау металлургия заводының өмірін көрсетуді мақсат еткен, ескі мен жаңаның күресіне құрылған роман, стиль жаңалығы -геройларын ішкі монологпен де сөйлету; тіл жүйесінде афо-ризмге айналарлық жақсы шыққан сөйлем қурылыстарымен қатар кейбір шубарлықтар байқалады; сонымен қатар өндіріс поцесінің суреті көз тартарлық емес т.т деген қорытындыға» саяды деп көрсетеді.  М.Қаратаев  бул пікірлердің «дурыс-бурысын қазбалап» ашуды емес, шығарманың проблемалық жағына зер салғысы келетінін ескертеді. Расында да сыншы өзі мақсат еткен өрісте бірталай орынды ойлар айтады: романда алынып отырған тартыс бүгінгі күннің аса өзекті мәселесі екеніне назар аударып, елімізде соңғы жылдарда болған өзгерістердің шығарма табиғатынан көрінетіндігін әңгімелейді. «Теміртауда» партиямыздың XX және XXI съездерінен кейінгі қубылыстардың, санадағы жаңарулардыц, бүкіл өндірістегі күрт көтерулердің сарыны сезілетіпдіі ін, інығарманың кейіпкерлері нақ бүгінгі күнің адамдары екенін, олардың жинақы сюжет, шыншыл тартыс үстінде арскет ететінін романның жаңалығы, жетістігі дсп санайды. М.Қаратаевтың «Теміртауды» - проблемалы туынды деуі дұрыс. Мұнда негізгі әңгіме металлургия заводының өндіргіш қуатын күшейту жолындағы тартысқа құрылған. Романның бүкіл композициялық тұрқы сол мақсатқа қызмет етеді. Ендеше шығарманың проблемалық қызғылықты оқиғалары-ның сырын заманның ақиқат шындықтарымен салыстырып ашып сыншы дұрыс істеген. Бірақ шығарма мұраты оқиғалар-дың, байланыстардың, геройлардың анық өмірден алынғанды-ғымен, тартыс түбірінің табылуымен ғана шешілмейтіні мәлім. Негізгі нысана қашан да адам образының жасалу шеберлігіне тірелмек. Сыншы «Теміртау» романының орталық образдары Дәмеш, Қайыр, Ораз, Мұсілім бейнелерінің жасалуын өзі ерекше бөліп көрсеткен уақыт, еңбек проблемасына қатысты баяндайды. Дәмештер, Қайырлар көп сипаттары жағынан қазіргі дәуір азаматтары екені, олардың іс-әрекеттерінен еліміздің кейінгі жылдардағы тынысы сезілетіндігі, Мүсілім сияқты жалақор да бәлеқор сумдардың дәурені өтіп бара жатқандығы тартыс үстінде анықталғанын әділ атап көрсет-кен. Сыншы роман образдарын салмағына, мәніне қарай бағалауға умтылады. Мәселен ол «Дәмешті философиялық ой-санасы жетілген, интеллектісі бай озат замандастарымыздың бейнесі» деп таныса, «Мүсілім бейнесін шындықтан алып, сомдап жасаған» дейді. «Қайыр образының жақсы сипаттары кешеуілдеп көзге түскенін де ескертіп, Ораз тулғасы «көңідде-гідей шықпаған» деп біледі. Дегенмен мақала авторының кей образдарды тым әсірелеп жіберген жерлері де кездеседі. Оның Асқар образына көтеріңкі сипаттамасына Б.Сахариевтің дау айтуында ясан бар. Шындығында, «Асқар образы біздің қазақ әдебиетінде үздік, тың образ» деуі артықтау сияқты. Мәселен Асқар секілді зәбір көрген ясандар тұлғасының қазақ одебиетіне тұңғыш келуін құптау туралы болса, - сөз басқа. Ал бірақ «Теміртауда» Асқар үздік образ боларлық реті жоқ. Асқар - шығарманың орталық қаһармандарының бірі емес, қатардағы кейіпкер, негізгі тартысқа тікелей қатысы жоқ, қосалқы. Әдеби талдаудың өзгермейтін, қатып қалған схемасы жоқ. Сыншы шығармаға қай тусынан келіп тоқталса да - еркі. М.Қаратаев «Теміртаудың» оқиғалық-проблемалық маңызын өте дәл көрсеткен. Бізде ескі мен жаңаның күресі осы кезге дейін көбінесе біржақтылау көрсетіліп келгені рас. Қазіргі тақырыпқа жазылғйн шығармаларда тартыс ылғи дерлік стандартқа қурылатын. З.Шашкин бул романында замандастар арасындағы үлкен тартыс көпшілік мүддесін ойлайтын, еңбеккер, адал адамдар мен жеке меншіктілік, мансапшыл психологиядан арылмағандар ортасында болатынын көрсетеді. Алайда М.Қаратаев мақаласынан бір қайшылық байқала-ды. Романның проблемалық маңызына көп көңіл бөлген сын-шы шығармадағы характерлер жасалу шеберлігіне аз аялдаған. Осыдан барып сыншының жеке образдарға берген бағасы кейде жеткілікті дәлелденбей, келте кесім, қысқа қорытынды-дай әсер қалдырады. Шығарманың тартыстық, оқиғалық, уа-қыттық сырын ашумен қатар, образдау мәселесін эстетикалық биік талаптар мунарасынан дәлелдегенде жөн болатын еді. Б.Сахариев «Таныс тағдырлар» деген мақаласында Қаратаевтың «Теміртау» туралы пікірлеріне негізінен қосылатындығын айтады да, өз тарапынан роман туралы бірсыпыра тужырым жасайды. «...Автор күнделікті өмірден көре білген құбылыстарын саралап, дурыс талдай білген», немесе «Теміртау» романында өндіріс, техника мәселелері дара, бірыңғай суреттелмей, образдардың, характерлердің қақтығыстары арқылы, адамдардың сол өндіріс процесс-теріндегі қарым-қатынастары арқылы беріліп отырады», Базаров, Қайыр образдарын «шынайы көрсеткен», романда «стандарттан қашу, мүмкіндігінше ақиқат емірдің өзін көркем образдар арқылы беруге умтылу бар» деген дурыс түйіндер айтады. Сонымен бірге ол М.Қаратаен мақаласындағы «бурын ешкім қозғамаған тақырып, ешкім көтермеген мәселе, ешкім көрсетпеген герой» деген сөздердің кейбір дәлелсіздіктерін аңғарған. Шынында, өндіріс өмірі, соның ішінде Теміртау металлургия заводы мүлде «қозғалмаған» тақырып емес-ті. Б.Сахариев муны орынды көрсеткен. Бірақ М.Қаратаев алған мағынада «Теміртауда» «ешкім көтермеген мәселе, ешкім көрсетпеген герой» бар екені және рас. Теміртау өмірін осын-дай көлемде, нанымды, өндірістік қайшылықтарын аша оты-рып, адамдар қатынасы негізінде табиғи баяндаған, аз болсын, көп болсын геройлардың өмірлік орнын, келбетін елестеткен басқа шығарманы қазақ әдебиетінде атай алмасақ керек. Орыс әдебиеті - жеке мәселе. Онда өндіріс проблемаларына негізделіп жасалған көптеген романдар бар. Б.Сахариевтің бүкіл совет әдебиетін бір-бірімен байланыста алып қарайық деген ниеті де дұрыс. Бір мақсатты көздеген, бір қоғамдық құбылыста өмір кешкен совет адамдарының гіршілігінде ұқсас процестер, сәйкес ситуациялар ушырауы заңды. Муны талай да талай шығармалардан көруге болады. Азамат соғысы, коллективтендіру, бесжылдықтар, ¥лы Отан соғысы, урыстан кейінгі жылдар оқиғаларына арналған шығармалар еліміздегі халықтардың әдебиетінде мол ушырайды. Солардың жекелеген тартыс ұқсастығына, идеялық бағыттастығына таңдануға болмайды. Б.Сахариевтің әдебиетіміздің «әрбір көлемді туынды-сын... бүкілодақтық әдебиет аясында алып қарастыруымыз керек» деген дұрыс ойын құптағанымызбен, оның ұстанған «салыстырмалы әдісін» қолдай алмаймыз. Жарайды, бір сыншы белгілі бір шығарманы жеке-дара алып таддаса, екінші сыншы алғашқыны толықтыруға, советтік өміріміздің ортақ тенденциясын түрлі шығармалар мысалымен дәлелдеп көрсетіп, оқушының ой-өрісін өсіруіне, ғылыми қорытындылар жасауына әбден болады. Ғылымға сүйенген, дәлелді, зерттеушілік салыстырулар қажет. Бірақ Б.Сахариев олай етпеген. Ол орыс жазушысы Г.Николаеваның осыдан Снрнеше жыл бұрын шыққан «Жол үстіндегі шайқас» романымен «Теміртауды» салыстырып, солардан ылғи жалаң уқсастықтарды іздеген. Әдебиет сыны шығармаға нақтылы талдау жасауы тиіс. Әйтеуір сырт қарамы уқсаңқырамайтын схемаларды қуалай беру үстірттікке апармай қоймайды. Бір сюжет пайдалана алатындығы да ежелден мәлім. Шығарманы адам характерін жасауы жағынан қарастырмай, іс бітпейді. Б.Сахариев Бликинді Базаровпен, Вальганды Мүсіліммен, Тинаны Дәмешпен жалаң салыстырып, «Теміртаудағы» сияқты оқиғаларға қанықпыз дегендей аңғар білдіреді. Бұл арада сыншы әдебиеттің көне де дана бір қағидасын ұмыт қалдырған. Ешқандай шығарма оқиғаның ясетегімен кете бермеуге тиіс, әдебиеттегі образдар әрдайым соныдан жасалады. Мәселен, дүниеясүзілік әдебиетте қаһарманның өлімімен бітетін туындылар өте көп. Бірақ солардың сыртекі алдамшы ұқсастықтары бомаса, сыры да, шыны да мүлде өзге екені белгілі. Шығарманың құндылығы тақырыппен емес, сондағы идеялардың тереңдігімен, характерлердің толықтығы-мен өлшенуі керек. «Теміртаудың» кейбір орыс романдарымен тақырыптық сыбайластығы оны артық та, кем де етіп көрсетпейді. Әңгіме осы романдағы төл образдардың, характерлердің жасалу шеберлігі жайында, сол жолдағы табыстар мен жетіспеушілік туралы болуы жөн. Шығарманың да, сол шыгарма туралы сын мақаланың да кемшіліктерін көрсетуге, пікірді толықтыруға ешкім де қарсы емес. Бірақ сыншы көркем туындының нәрін, дәнін көріп, насихаттауы, ясазушыға жәрдем берерлік, өнерпаздық еңбекке ынтасын арттырарлық пайдалы кеңес айту керек. Б.Сахариевтің «Теміртауды» Г.Николаева романымен салыстыруы оның романға өзі алдында ғана берген жақсы бағаларын жауып кетуі, ендеше, өкінішті-ақ. «Теміртау» романы - осы заман тақырыбын меңгеру жолындагы батыл қадамның бірі. Қайталап айтсақ: роман қазіргі өндіріс өміріндегі тартыс тугызарлық қайшылықтарды, ескі" мен ясаңаның күресі корінер жайларды адам тағдырына байланыстыра, өмір шындығында иегіздеп көрсете алған; Дәмеш,   Қайыр   сияқты    коммуиистік   құрылыс   дәуірінің адамдары мен нәмәрт Мүсілімдер арасындағы жанды айқасты шыншыл арнаға қоя білген қызғылықты туынды. «Теміртаудың осындай қасиеттерін атап көрсетумен қатар, романның басты олқылығы қай жақта дегенге де ой жүгіртуіміз керек. «Теміртау» тәжірибесі бірсыпыра шығармаларымыздың мықты да, осал да жақтарын ұғуымызға мүмкіндік беретін секілді. Олар қайсы? Бізде,  әлі  де  болса,   шығармаларда  өндіріс  суреттері, өндірістік      қақтығыстар      дендеп      жүр.      Бұл   жағдай «Теміртаудан» да көрінеді.  Ол ғана емес,  «Жол үстіндегі шайқас»,    «Ағайынды   Ершовтар»,    «Ізденушілер»    секілді романдарда   да   ахуал   солай.   Егер   осы   шығармалардағы өндірістік-проблемалық таластарды алып тастасақ, олардың төрт дуалы қатар құлар еді. Әрине, проблемалық туындылар да керек. Адамды еңбек майданында көрсету әдебиетіміздің бір  бекем   салты   болып   қалары   сөзсіз.   Бірақ,   ақиқатына келгенде, көп шығармаларда геройлар оқиғалық-тартыстық жүйеге қосымша,  авторлық ойды орындаушы ғана болып жүретіні бар. Демек, болашақта суреткерлеріміз адам жанын, оның     интеллектін     көрсетуді     бірінші     кезекке     коюға умтылулары    тиіс.    Әрине,    қазіргі    шығармаларда.  Адам характерін ашуға көңіл бөлінбейді емес, бірақ қалай дегенмен де, өндіріс даулары басым баяндалып жүр. Геройлар заводта, забойда,    ясиналыста,    қысқасы,    жұмыс    басында    көбірек көлеңдейді;    олардың    ясан    толқынын    талғап    көрсетуге ясазушылардың композициялық мүмкіндігі  болмай  қалады. «Лгайынды  Ершовтардағы» Чибисов  пен  Орленцев,  «Жол үстіндег шайқастағы» Бахирев          пен      Вальган, «һденушілердегі» Лобанов пен Потапенко, «Теміртаудағы» Домеш пен Мүсілім араларындағы тартыс түгелдей дерлік өндірістік  проблема  маңына  құрылған.   Өндіріс  таласында адамдар тірі куәдей роль ойнайды. Әрине, тартыс, әрекет бар (Керде геройлардың ясеке қырлары көрінбеуі мүмкін емес. Жоғарыдағы аталған романдардың қызықтырғыштық қуаты да    осы    проблемалық    мәнділігінде.    Біздің    айтпағымыз: жазушылар шаруашылықтың түрлі мәселелерінен гөрі адам характерін мүсіндеуге көбірек зер салуы керектігін ескерту. Өндірістік тартыстың шығармада жеке өзіндік мәнге ие болып кетуінен сақтанған жөн. Классикалық әдебиетті еске түсірсек, ешқандай Обломовтың, ағайынды Карамазовтардың, Анна Карениналардың белгілі бір шаруашылық прблемасын алмай-ақ сом жасалғанын көрер едік. Біздің бул ойымыз өндіріс процесіне бармауға шақыру деп ұғынылмасына сенеміз. Өндіріс жағдайларының, шахтаның, цехтың, лабораторияның, мартен пешінің суреті, жумыс жағдайындағы диалог пен монолог кейде адам характерін жасаудың қиын міндетін «жеңілдететін» секілді. Характер өзіне жүктелген міндетті ғана орындаушы болған жерде шығарманың эмоциялық әсері кемиді. Геройдың күйінуі мен сүйінуі, ықыласы мен ынтыгы неліктен екеніне оқушы көзі лсетерліктей болсын демекпіз. Әдебиет теория-сының тілімен айтқанда, характер мен жағдай (обстоятель-ство) айырғысыз жымдасқан жерде көркемдік шындық пайда болады. Бізде көбінесе сол жағдай жайында қалады да, образ дамиды. Қаһарманның жұмысқа барғаны, жиналыста сөйлеге-ні, күлгені, томсарғаны суреттеледі. Бірақ осы құбылыстар образдардың ішкі эволюциясымен қабысып жатпайды. Шығармаға түбірлі тірек етіліп өндіріс қатынастары алынған жерде көбінесе осы кемшілік орын тебеді. Сондықтан көркем туындыға жан бітіретін жетекші идея да, эстетикалық идеал да әсерсізденеді. «Теміртаудың» озығы мен олқысын іздегенде, әдебиет дүниесіндегі осы шындықты есепке алмай болмайды. Барлық жағынан кемел, бүкіл бөлшектері бітімді, жарасымды, гармониялы шығарма сирек. Барлық кезде әмбе шығармаға бір өлшеммен қарауға болмайды. Бір кезде өмірді бояй суреттейтін шығармалар асыра дәріптелгенін де білеміз. Көптеген туындыларда жасанды тартыс, лепіріп, алқынып сөйлейтін геройлар ығыр ететін. Әдебиеттегі толып жатқан шалағайлықтар бірден-бірге азайып келеді. Қазір шығармалар қоғамдағы     кейбір     қайшылықтарды     ашарлық     табиғи тартыстарға қурыла бастады. Соның бір мысалы «Теміртау» романы деп білеміз. Замандастарымыздың асыл образын жасау жазушылық шеберлікті шыңдауға тікелей байланысты. Өндірісті өрлетіп, өлкені өзгертетін адамдардың жан-дүниесін суреттеу - мұрат. Бұл талап шығармадағы бүкіл суреттеу қуралдарын, барлық көркемдеу әдістерін ондағы характерлерді көркейтуге бағыштағанда ғана толық орындалмақ.

«Қазақ әдебиетіңде» Зейін Шашкиннің «Теміртау» романы туралы екі мақала басылды. Қазіргі дәуір тақырыбына жазылған романға осылайша назар аударылуы - табиғи нәрсе. Замандастар өмірін суреттейтін шығарма қалың жұртшылықтың, әсіресе әдеби қауымның ілтипатына ілініп, талқыға түсуі, ол туралы әр түрлі пікірлер айтылуы жаңа гуындының жанды мәселе көтергендігін аңғартса керек. Жалпы   алғанда,   әдебиетімізде   замандас   тұлғасы   қалай жасалып келеді деген мәселе айналасында пікір алысу орынды деп білеміз.

Әрбір шығармадан ең алдымен жазушының алға қойған түп мақсатын іздейтініміз сияқты, сын мақалалардан да авторлардың айтпақ болған негізгі ойларын танып білуіміз шарт. «Теміртауға» арнап мақала жазған М.Қаратаев пен Б.Сахариев жолдастар да мәселеге өздерін толғандырған турғылардан келген. Біз сол жайларға, қысқа да болса, соғуымыз қажет.

Сыншы М.Қаратаев жолдас «Уақыт, еңбек, адам» деген көлемді мақаласында романда көтерілген проблемаларға кеңі-нен тоқталған. Ол жөнінде өзінен бурын берілген бағаларды тужырымдай келіп, солардың ой түйіні:  «...негізінен сәтті шыққан туынды, осы заманды, осы күнгі белгілі Теміртау металлургия заводының өмірін көрсетуді мақсат еткен, ескі мен жаңаның күресіне құрылған роман, стиль жаңалығы -геройларын ішкі монологпен де сөйлету; тіл жүйесінде афо-ризмге айналарлық жақсы шыққан сөйлем қурылыстарымен қатар кейбір шубарлықтар байқалады; сонымен қатар өндіріс поцесінің суреті көз тартарлық емес т.т деген қорытындыға» саяды деп көрсетеді.  М.Қаратаев  бул пікірлердің «дурыс-бурысын қазбалап» ашуды емес, шығарманың проблемалық жағына зер салғысы келетінін ескертеді.

Расында да сыншы өзі мақсат еткен өрісте бірталай орынды ойлар айтады: романда алынып отырған тартыс бүгінгі күннің аса өзекті мәселесі екеніне назар аударып, елімізде соңғы жылдарда болған өзгерістердің шығарма табиғатынан көрінетіндігін әңгімелейді. «Теміртауда» партиямыздың XX және XXI съездерінен кейінгі қубылыстардың, санадағы жаңарулардыц, бүкіл өндірістегі күрт көтерулердің сарыны сезілетіпдіі ін, інығарманың кейіпкерлері нақ бүгінгі күнің адамдары екенін, олардың жинақы сюжет, шыншыл тартыс үстінде арскет ететінін романның жаңалығы, жетістігі дсп санайды.

М.Қаратаевтың «Теміртауды» - проблемалы туынды деуі дұрыс. Мұнда негізгі әңгіме металлургия заводының өндіргіш қуатын күшейту жолындағы тартысқа құрылған. Романның бүкіл композициялық тұрқы сол мақсатқа қызмет етеді. Ендеше шығарманың проблемалық қызғылықты оқиғалары-ның сырын заманның ақиқат шындықтарымен салыстырып ашып сыншы дұрыс істеген. Бірақ шығарма мұраты оқиғалар-дың, байланыстардың, геройлардың анық өмірден алынғанды-ғымен, тартыс түбірінің табылуымен ғана шешілмейтіні мәлім. Негізгі нысана қашан да адам образының жасалу шеберлігіне тірелмек.

Сыншы «Теміртау» романының орталық образдары Дәмеш, Қайыр, Ораз, Мұсілім бейнелерінің жасалуын өзі ерекше бөліп көрсеткен уақыт, еңбек проблемасына қатысты баяндайды. Дәмештер, Қайырлар көп сипаттары жағынан қазіргі дәуір азаматтары екені, олардың іс-әрекеттерінен еліміздің кейінгі жылдардағы тынысы сезілетіндігі, Мүсілім сияқты жалақор да бәлеқор сумдардың дәурені өтіп бара жатқандығы тартыс үстінде анықталғанын әділ атап көрсет-кен. Сыншы роман образдарын салмағына, мәніне қарай бағалауға умтылады. Мәселен ол «Дәмешті философиялық ой-санасы жетілген, интеллектісі бай озат замандастарымыздың бейнесі» деп таныса, «Мүсілім бейнесін шындықтан алып, сомдап жасаған» дейді. «Қайыр образының жақсы сипаттары кешеуілдеп көзге түскенін де ескертіп, Ораз тулғасы «көңідде-гідей шықпаған» деп біледі. Дегенмен мақала авторының кей образдарды тым әсірелеп жіберген жерлері де кездеседі. Оның Асқар образына көтеріңкі сипаттамасына Б.Сахариевтің дау айтуында ясан бар. Шындығында, «Асқар образы біздің қазақ әдебиетінде үздік, тың образ» деуі артықтау сияқты. Мәселен Асқар секілді зәбір көрген ясандар тұлғасының қазақ одебиетіне тұңғыш келуін құптау туралы болса, - сөз басқа. Ал бірақ «Теміртауда» Асқар үздік образ боларлық реті жоқ. Асқар - шығарманың орталық қаһармандарының бірі емес, қатардағы кейіпкер, негізгі тартысқа тікелей қатысы жоқ, қосалқы.

Әдеби талдаудың өзгермейтін, қатып қалған схемасы жоқ. Сыншы шығармаға қай тусынан келіп тоқталса да - еркі. М.Қаратаев «Теміртаудың» оқиғалық-проблемалық маңызын өте дәл көрсеткен. Бізде ескі мен жаңаның күресі осы кезге дейін көбінесе біржақтылау көрсетіліп келгені рас. Қазіргі тақырыпқа жазылғйн шығармаларда тартыс ылғи дерлік стандартқа қурылатын. З.Шашкин бул романында замандастар арасындағы үлкен тартыс көпшілік мүддесін ойлайтын, еңбеккер, адал адамдар мен жеке меншіктілік, мансапшыл психологиядан арылмағандар ортасында болатынын көрсетеді.

Алайда М.Қаратаев мақаласынан бір қайшылық байқала-ды. Романның проблемалық маңызына көп көңіл бөлген сын-шы шығармадағы характерлер жасалу шеберлігіне аз аялдаған. Осыдан барып сыншының жеке образдарға берген бағасы кейде жеткілікті дәлелденбей, келте кесім, қысқа қорытынды-дай әсер қалдырады. Шығарманың тартыстық, оқиғалық, уа-қыттық сырын ашумен қатар, образдау мәселесін эстетикалық биік талаптар мунарасынан дәлелдегенде жөн болатын еді.

Б.Сахариев «Таныс тағдырлар» деген мақаласында Қаратаевтың «Теміртау» туралы пікірлеріне негізінен қосылатындығын айтады да, өз тарапынан роман туралы бірсыпыра тужырым жасайды. «...Автор күнделікті өмірден көре білген құбылыстарын саралап, дурыс талдай білген», немесе «Теміртау» романында өндіріс, техника мәселелері дара, бірыңғай суреттелмей, образдардың, характерлердің қақтығыстары арқылы, адамдардың сол өндіріс процесс-теріндегі қарым-қатынастары арқылы беріліп отырады», Базаров, Қайыр образдарын «шынайы көрсеткен», романда «стандарттан қашу, мүмкіндігінше ақиқат емірдің өзін көркем образдар арқылы беруге умтылу бар» деген дурыс түйіндер айтады.

Сонымен бірге ол М.Қаратаен мақаласындағы «бурын ешкім қозғамаған тақырып, ешкім көтермеген мәселе, ешкім көрсетпеген герой» деген сөздердің кейбір дәлелсіздіктерін аңғарған. Шынында, өндіріс өмірі, соның ішінде Теміртау металлургия заводы мүлде «қозғалмаған» тақырып емес-ті. Б.Сахариев муны орынды көрсеткен. Бірақ М.Қаратаев алған мағынада «Теміртауда» «ешкім көтермеген мәселе, ешкім көрсетпеген герой» бар екені және рас. Теміртау өмірін осын-дай көлемде, нанымды, өндірістік қайшылықтарын аша оты-рып, адамдар қатынасы негізінде табиғи баяндаған, аз болсын, көп болсын геройлардың өмірлік орнын, келбетін елестеткен басқа шығарманы қазақ әдебиетінде атай алмасақ керек.

Орыс әдебиеті - жеке мәселе. Онда өндіріс проблемаларына негізделіп жасалған көптеген романдар бар. Б.Сахариевтің бүкіл совет әдебиетін бір-бірімен байланыста алып қарайық деген ниеті де дұрыс. Бір мақсатты көздеген, бір қоғамдық құбылыста өмір кешкен совет адамдарының гіршілігінде ұқсас процестер, сәйкес ситуациялар ушырауы заңды. Муны талай да талай шығармалардан көруге болады. Азамат соғысы, коллективтендіру, бесжылдықтар, ¥лы Отан соғысы, урыстан кейінгі жылдар оқиғаларына арналған шығармалар еліміздегі халықтардың әдебиетінде мол ушырайды. Солардың жекелеген тартыс ұқсастығына, идеялық бағыттастығына таңдануға болмайды.

Б.Сахариевтің әдебиетіміздің «әрбір көлемді туынды-сын... бүкілодақтық әдебиет аясында алып қарастыруымыз керек» деген дұрыс ойын құптағанымызбен, оның ұстанған «салыстырмалы әдісін» қолдай алмаймыз. Жарайды, бір сыншы белгілі бір шығарманы жеке-дара алып таддаса, екінші сыншы алғашқыны толықтыруға, советтік өміріміздің ортақ тенденциясын түрлі шығармалар мысалымен дәлелдеп көрсетіп, оқушының ой-өрісін өсіруіне, ғылыми қорытындылар жасауына әбден болады. Ғылымға сүйенген, дәлелді, зерттеушілік салыстырулар қажет. Бірақ Б.Сахариев олай етпеген. Ол орыс жазушысы Г.Николаеваның осыдан Снрнеше жыл бұрын шыққан «Жол үстіндегі шайқас» романымен «Теміртауды» салыстырып, солардан ылғи жалаң уқсастықтарды іздеген. Әдебиет сыны шығармаға нақтылы талдау жасауы тиіс. Әйтеуір сырт қарамы уқсаңқырамайтын схемаларды қуалай беру үстірттікке апармай қоймайды. Бір сюжет пайдалана алатындығы да ежелден мәлім. Шығарманы адам характерін жасауы жағынан қарастырмай, іс бітпейді. Б.Сахариев Бликинді Базаровпен, Вальганды Мүсіліммен, Тинаны Дәмешпен жалаң салыстырып, «Теміртаудағы» сияқты оқиғаларға қанықпыз дегендей аңғар білдіреді. Бұл арада сыншы әдебиеттің көне де дана бір қағидасын ұмыт қалдырған. Ешқандай шығарма оқиғаның ясетегімен кете бермеуге тиіс, әдебиеттегі образдар әрдайым соныдан жасалады. Мәселен, дүниеясүзілік әдебиетте қаһарманның өлімімен бітетін туындылар өте көп. Бірақ солардың сыртекі алдамшы ұқсастықтары бомаса, сыры да, шыны да мүлде өзге екені белгілі. Шығарманың құндылығы тақырыппен емес, сондағы идеялардың тереңдігімен, характерлердің толықтығы-мен өлшенуі керек. «Теміртаудың» кейбір орыс романдарымен тақырыптық сыбайластығы оны артық та, кем де етіп көрсетпейді. Әңгіме осы романдағы төл образдардың, характерлердің жасалу шеберлігі жайында, сол жолдағы табыстар мен жетіспеушілік туралы болуы жөн.

Шығарманың да, сол шыгарма туралы сын мақаланың да кемшіліктерін көрсетуге, пікірді толықтыруға ешкім де қарсы емес. Бірақ сыншы көркем туындының нәрін, дәнін көріп, насихаттауы, ясазушыға жәрдем берерлік, өнерпаздық еңбекке ынтасын арттырарлық пайдалы кеңес айту керек. Б.Сахариевтің «Теміртауды» Г.Николаева романымен салыстыруы оның романға өзі алдында ғана берген жақсы бағаларын жауып кетуі, ендеше, өкінішті-ақ.

«Теміртау» романы - осы заман тақырыбын меңгеру жолындагы батыл қадамның бірі. Қайталап айтсақ: роман қазіргі өндіріс өміріндегі тартыс тугызарлық қайшылықтарды, ескі" мен ясаңаның күресі корінер жайларды адам тағдырына байланыстыра, өмір шындығында иегіздеп көрсете алған; Дәмеш,   Қайыр   сияқты    коммуиистік   құрылыс   дәуірінің адамдары мен нәмәрт Мүсілімдер арасындағы жанды айқасты шыншыл арнаға қоя білген қызғылықты туынды. «Теміртаудың осындай қасиеттерін атап көрсетумен қатар, романның басты олқылығы қай жақта дегенге де ой жүгіртуіміз керек. «Теміртау» тәжірибесі бірсыпыра шығармаларымыздың мықты да, осал да жақтарын ұғуымызға мүмкіндік беретін секілді. Олар қайсы?

Бізде,  әлі  де  болса,   шығармаларда  өндіріс  суреттері, өндірістік      қақтығыстар      дендеп      жүр.      Бұл   жағдай «Теміртаудан» да көрінеді.  Ол ғана емес,  «Жол үстіндегі шайқас»,    «Ағайынды   Ершовтар»,    «Ізденушілер»    секілді романдарда   да   ахуал   солай.   Егер   осы   шығармалардағы өндірістік-проблемалық таластарды алып тастасақ, олардың төрт дуалы қатар құлар еді. Әрине, проблемалық туындылар да керек. Адамды еңбек майданында көрсету әдебиетіміздің бір  бекем   салты   болып   қалары   сөзсіз.   Бірақ,   ақиқатына келгенде, көп шығармаларда геройлар оқиғалық-тартыстық жүйеге қосымша,  авторлық ойды орындаушы ғана болып жүретіні бар. Демек, болашақта суреткерлеріміз адам жанын, оның     интеллектін     көрсетуді     бірінші     кезекке     коюға умтылулары    тиіс.    Әрине,    қазіргі    шығармаларда.  Адам характерін ашуға көңіл бөлінбейді емес, бірақ қалай дегенмен де, өндіріс даулары басым баяндалып жүр. Геройлар заводта, забойда,    ясиналыста,    қысқасы,    жұмыс    басында    көбірек көлеңдейді;    олардың    ясан    толқынын    талғап    көрсетуге ясазушылардың композициялық мүмкіндігі  болмай  қалады. «Лгайынды  Ершовтардағы» Чибисов  пен  Орленцев,  «Жол үстіндег шайқастағы» Бахирев          пен      Вальган, «һденушілердегі» Лобанов пен Потапенко, «Теміртаудағы» Домеш пен Мүсілім араларындағы тартыс түгелдей дерлік өндірістік  проблема  маңына  құрылған.   Өндіріс  таласында адамдар тірі куәдей роль ойнайды. Әрине, тартыс, әрекет бар (Керде геройлардың ясеке қырлары көрінбеуі мүмкін емес. Жоғарыдағы аталған романдардың қызықтырғыштық қуаты да    осы    проблемалық    мәнділігінде.    Біздің    айтпағымыз:

жазушылар шаруашылықтың түрлі мәселелерінен гөрі адам характерін мүсіндеуге көбірек зер салуы керектігін ескерту. Өндірістік тартыстың шығармада жеке өзіндік мәнге ие болып кетуінен сақтанған жөн. Классикалық әдебиетті еске түсірсек, ешқандай Обломовтың, ағайынды Карамазовтардың, Анна Карениналардың белгілі бір шаруашылық прблемасын алмай-ақ сом жасалғанын көрер едік.

Біздің бул ойымыз өндіріс процесіне бармауға шақыру деп ұғынылмасына сенеміз. Өндіріс жағдайларының, шахтаның, цехтың, лабораторияның, мартен пешінің суреті, жумыс жағдайындағы диалог пен монолог кейде адам характерін жасаудың қиын міндетін «жеңілдететін» секілді.

Характер өзіне жүктелген міндетті ғана орындаушы болған жерде шығарманың эмоциялық әсері кемиді. Геройдың күйінуі мен сүйінуі, ықыласы мен ынтыгы неліктен екеніне оқушы көзі лсетерліктей болсын демекпіз. Әдебиет теория-сының тілімен айтқанда, характер мен жағдай (обстоятель-ство) айырғысыз жымдасқан жерде көркемдік шындық пайда болады. Бізде көбінесе сол жағдай жайында қалады да, образ дамиды. Қаһарманның жұмысқа барғаны, жиналыста сөйлеге-ні, күлгені, томсарғаны суреттеледі. Бірақ осы құбылыстар образдардың ішкі эволюциясымен қабысып жатпайды. Шығармаға түбірлі тірек етіліп өндіріс қатынастары алынған жерде көбінесе осы кемшілік орын тебеді. Сондықтан көркем туындыға жан бітіретін жетекші идея да, эстетикалық идеал да әсерсізденеді. «Теміртаудың» озығы мен олқысын іздегенде, әдебиет дүниесіндегі осы шындықты есепке алмай болмайды.

Барлық жағынан кемел, бүкіл бөлшектері бітімді, жарасымды, гармониялы шығарма сирек. Барлық кезде әмбе шығармаға бір өлшеммен қарауға болмайды. Бір кезде өмірді бояй суреттейтін шығармалар асыра дәріптелгенін де білеміз. Көптеген туындыларда жасанды тартыс, лепіріп, алқынып сөйлейтін геройлар ығыр ететін. Әдебиеттегі толып жатқан шалағайлықтар бірден-бірге азайып келеді. Қазір шығармалар қоғамдағы     кейбір     қайшылықтарды     ашарлық     табиғи тартыстарға қурыла бастады. Соның бір мысалы «Теміртау» романы деп білеміз.

Замандастарымыздың асыл образын жасау жазушылық шеберлікті шыңдауға тікелей байланысты. Өндірісті өрлетіп, өлкені өзгертетін адамдардың жан-дүниесін суреттеу - мұрат. Бұл талап шығармадағы бүкіл суреттеу қуралдарын, барлық көркемдеу әдістерін ондағы характерлерді көркейтуге бағыштағанда ғана толық орындалмақ.

Бөлісу: