Ана тілі оқулықтары туралы

13 Қараша 2013, 08:00

Бастауыш мектеп оқушыларына тіл үйретуде, тарих тапытуда, жалпы білім-санасын өсіруде «Ана тілі» оқулықтарының маңызы аса үлкен. Әсіресе, бұл оқулықтар жас жеткіншекке ана тілінің қазынасын таныстыратын қымбатты құрал болуға тиіс. Жас шәкірт сол кітаптардан туған әдебиеттің ең таңдаулы үлгілерімен, қысқаша да болса, танысып, тіл мәдениетінің негіздерін меңгеруі міндет. Бір сөзбен айтқанда, «Ана тілі» оқулықтары оқушының ана тіліне деген сүйіспеншілігін оятсын, құрметін күшейтсін, тілдің іісіне алуан қыры мен сырын ұғынуға баулысын. Әрине, оқушыға тіл үйрету жалғыз бастауыш кластармен немесе тек қана ана тілі сабақтарымен шектелмейді. Бірақ бастауыш кластарға бұл жөнінде жүктелетін жұмыс ерекше елеулі. Оқушының туған ел әдебиеті мен мәдениетін терең түсінуі үшін ана тілі кітаптары үлкен ұстаздық қызмет атқарады. Бастауыш мектептің төрт класына арналған «Ана тілі» оқулықтары жыл сайын әрқайсысы 70-80 мың дана боп басылады екен. Демек оларды әр жылы 280-320 мың оқушы пліідаланады деген сөз. Міне осыншама қалың қауымға арналған кітаптарды шығаруға үлкен жауаптылықтың, жасампаздықтың қажет екені белгілі. Оқулықтарға қай жағынан алғанда да лайықты шығармалар ену қажет. Бірақ бұл талап ойдағыдай орындалып келе ме? Міне, әңгіме осы іуралы. Оқулық бір мезгіл қарап өтетін күнделікті газет емес, ол - жыл бойы пайдаланылатын қурал. Оған кездейсоқ, нәрсіз, мөнсіз шығармаларды енгізу - жас шәкірттерге зор қиянат болар еді. Оқулық құрастырушы авторлардан бул іске жүрдім-бардым қарамай, барынша адал еңбектенуді, жауапкершілік, а заматтық борышын қатты сезінуді ерекше талап ететін уақыт жетті. Оқулықтар сапасын күрт көтеру, оған мемлекеттік тұрғыдан қарап, тиісті кеңес айту - әдебиетшілердің де парызы. Біз сол «Ана тілі» оқулықтарыпың қазір байқалып жүрген кейбір олқылықтарын атағымыз келеді. Соған оқулықтар баспасының да, әдебиет журтшылығының да назарын аудармақпыз. Біріншіден, «Ана тілі» оқулықтарына енгізілген материалдардың ішінде талғамға татымайтын, әйтеуір «бағыты түзу» болғандықтан қосылғандары толып жатыр. Ондайлардың не көркем тілі, не ұтқыр мазмұны жоқ. Жалпылама сарынмен, жалаң айтылған стандарт, әсіресе, өлеңдерде көп. Олардың кейбірі ұйқастан ақсайды, кейбірі лепірген, алқынған қызыл сөздің жиыны, ал бағзы біреулері ұйқасқан қара сөздер сияқты болып келеді. Бірнеше мысал келтірейік (Өлендер шумағын түгел тізе берсек, әңгіме тым ұзап кетер еді. Сол үшін мысалды қысқартып алдық). 1-класс оқушыларына советтік армияның қаһармандығын айтпақ болған аты белгісіз автор: Соғысында ұлы Отан Советтік батыр Армия, Фашисті жеңіп қиратқан,                    Сенің күшің қан қыла (32-бет), -дейді. Осы да өлең бе? Мұнда, тіпті ұйқас та жоқ. Немесе баланың анаға деген махаббатын: Әлпештеген, аялаған, Ақ сүт берген, апатайым, Сәлем жазып бүгін саған, Қуанышыңды құттықтаймын («Апама»), - деу де көңілді селт еткізерлік емес. Кітапты құрастырушы Т.Қордабаев, әрбір өлеңді, не қара сөзді белгілі идеяны түсіндіруге талаптанған. Бірақ ол шығарманың әсері сапалылығында, көркемдігінде, тартымдылығында екенін ескермепті. Мысалы балаларға трамвайга міиу төртібін айту үшін ғибрат олең бермек болыпты. Ниеті жақсы-ақ. Бірақ «жерді сүзе құлады» деген өлең мүлде қарадүрсіп. Тоқталып халық күтіп түр Тоқтады келіп трамвай Жүруін күтіп Мақсат тұр. Вагонға кіріп отырмай... (62-бет). Егер мұндай ұйқас, үйлесімді өлең деп ойласақ, дүниеде өлең жазудан оңай нәрсе болмас еді. «Қасқыр мен қақпан» дсген олеңде қақпан «сөйлейді». Бұл мысал дегенді тым гұрпайы ұғушылық. ¥йқастары да тіл құттықтырарлық: «Қасқыр айтты қоя бер, қалжыңдама, қой өрер!» (105-бет) т.б. Өлеңге талғаусыздық 2-класс оқулығында да (КСүлейменов, Х.Арғынов, 1960 ж.) көп екен. Х.Қуандықова деген беймәлім автор «Октябрят» атты өлеңде Отанның ұлылығын жырламақ болады. Бірақ шу дегеннен автордың ақын емес екені көрінеді. Отан - біздің анамыз, Біз бақытты баламыз. Оқу оқып, білім ап, Көңіліне Отан толамыз (18-бет). Кітап қурастырушылардың осыны тәлім беретін өлең деп кіргізуі - кешіргісіз кемшілік. Будан кейінгі екі шумақ ұйқас «Құрамыз-ұланбыз», «қызымыз-дайынбыз» болып келеді. Оқулық авторлары қолына түскен өлеңді шетінен ала берген сияқты. Ақындарымыздың Қазақстан туралы өлең жазбағаны кем де кем шығар. Солардың ішінен оқулыққа орайлысын екшеп алуға әбден болар еді. Амал не, олай (юлмаган. «Қазақстан» деген өлең былай басталады. Туған олкем сүйікті Қазақстан Күннен күнге елімде байлық тасқан. өсіріп миллиард пүт алтын дәнді Еңбекпен, Отанымыз даңқын асқан (Ә.Жүнісов). Муның да поэзияға қатысы тым шамалы екенін екінің бірі байқаса керек. Бірақ мұны кітап авторлары Сүлейменов пен Арғынов қана аңғармаған. «Біздің ёлкамыз» (157-бет) деген М.Рашев өлеңі де тым айқайшыл, жалпы. Көңілді әр күніміз Бақытты біз улан Өмірдің гуліміз Өсірген улы Отан, - дегендей, мазмунында зәредей сонылық жоқ жолдары жас оқушыға тәрбие береді деп ойлау - әдебиеттің қасиетін мүлде шалағай білетіндікті көрсетеді. Аударма өлеңдердің де анық, көркем, тілге жеңіл болуы ескерілмеген, кластан тыс оқу үшін делінген мына бір өлеңді түгел келтірейік. Тыныштық, тыныштық жүрекке тым ыстық! Халықтың үнінде екпін бар әлем сенетін. Секілді күннің күркірі, Қою бүлтты да сөгетін Әлемді шарласын әніміз, Қорықсын азғындар бүл әннен, Күннің күркірі секілді үніміз, Тыныштық, жасасын тыныштық (Е.Левин). Бейбітшілік туралы өлең беру, әрине, қажет-ақ. Бірақ оқушы түгіл ересек адам әрең түсінетін әріпшіл аударма кімге керек? Жалпы, оқулықты қурастырғанда әйтеуір кітапты тезірек шығарып, авторлыққа ие болуды көздеп қана қоймай, кітаптың сапалы болуын ойлайтын кез келген жоқ па? Бір емес, екі емес, 70-80 мыңдаған адамның пән ретінде оқитын кітабына немқұрайлы қарау күнә. Окулыққа кіретін материалды тақырып жагынан формальды түрде түгендеп шығу мүрат емес. Бір шығарма алынса да, оқушыға әсер берерліктей болсын. Осындагы тағы басқа бірқатар өлеңнің сапасы қарын ашырады. О.Лнарбекованың «Ана мен бала», Е.Менкиннің «Өнершіл пионер» деген өлеңдерінде ешбір әсерлілік жоқ. Сапасыз, нәрсіз өлеңдер 3-кластың «Ана тілі» оқулығында да аз емес (қурастырушылар Т.Әбдірахманов, С.Рахметова).  Мунда  да   өмірді   бірбеткей  бояп  көрсететін сырты жылтыр, іші кеуек лепірме өлеңдер бар. «Кел сапқа түр». «Бейбітшілік камалы», «Май парады» т.б. ¥йқасы олақ, мағынасы жалпы, поэзиялық қасиеті кем кейбір өлеңдер 4-класс оқулығында да (авторлары тағы да Т. Әбдірахманов пен (4'ахметова) жоқ емес. Қай ақыннан да мазмұны, формасы сай келген өлең кездеседі ғой. Кітап құрастырушылар соларды ерінбей іздеп, іріктеп пайдалануы қажет. Кейде республикаға вТЫ белгілі, құрметті ақындардан қайдағы бір сәтсіз өлеңдерді алғанына қынжылмасқа болмайды. Оқулық авторлары шығарманы алып қана қоймай, соларды оқушының қалай оқуы керектігін әрдайым ескеріп отырады. «Пионер серті» деген өлеңде мынадай шумақтар бар: .. .Туғанбыз бақыттың таңында, Тамаша Отанда еркіндеп, Сайрандап өмірдің бағында, Өсеміз өнермен біз гүлдеп Партия - біздің шат әніміз, Партия бақытты таңымыз Гүлдентер жер шарын өнермен Біз соның үрпағы ул мен қыз. Идеясы   тәуір    осы    өлеңнің    көркемдігі   тым    әлсіз. «Бркіндеп, біз гүлдеп», «Таңымыз, ул мен қыз» деген үйқастар ӨЛСҢ   шырқын   бүзып   түр.   Осы   өлеңнің   астында   кітап авторлары: «осы өлеңді мәнерлеп оқып шығыңдар», - депті... Қысқасы, бастауыш класс оқулықтарына алынған өлеңдік материал көп жағдайда талапқа сай емес. Сонымен қатар, қарасөз текстерінің стилистикалық жағына да зер салуды ұмытпаған жөн. 1-класс оқулық-гарындағы «Біздің класс үлкен және жарық» (5-бет) деген сияқты олақ аудармадай сезілетін оралымдар толып жатыр. Немесе окулықты алғаш устаған шәкіртке: «Фашистер М.нипүк Мәметованың позициясын минометтен атқылады. і рылған минаның екпінімен Мәншүктің пулеметі төңкеріліп түсті.    Жауынгерлер    ілгері    басқанда,    пулемет    оғымен шабуылдың нәтижелі болуын қамтамасыз ете отырып, Мәншүк те олармен бірге жүрді» (35-бет) дегендей үғымы ауыр сөйлемдер ұсыну да бекер-ақ. Оқулық авторларының ерекше мұқият болатын тағы да бір  нәрсесі  - шығармалардан  үзінді  беру  мәселесі.   ¥зақ шығармалардан    белгілі    бір    үзінді    алғанда    да,    үлкен талғампаздық керек. Бірақ кейде біздің оқулықтарда қысқарту өте олақ болады. Бұған да бірер мысал алайық. 3-кластың «Ана тілінде» «Ауыспалы егіс» деген материал берілген. Бірақ үзіндіден   ауыспалы   егіс   не   дегенге   жауап   табылмайды. «Натальяның   айтуынша,   бұларда  жоңышқа   ең   алдымен ауыспалы   егіс   есебінде   қолданылады»   (56-бет)  дегеннен басқа ауыспалы егіс туралы түк айтылмайды. Бүйтіп қысқарту жасауга   болмайды   ғой.   Сол   кітаптың   93-99   беттерінде С.Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ кешуінен» кішкене үзінді беріліпті. Оған «Бостандық үшін күрес» деп ат қойған. Алайда сол   үзіндіден   бостандық   үшін   күрес   сезілмейді.    Онда Сәкеннің түрмеде отырған бір сәті ғана әңгімеленген. Ойсыз, ыждағатсыз қысқартулар, міне, осындай сәйкессіздікке душар етеді. Онан соң, оқулықтарға алынатын материалдың тақырыптық жағын да көбейте түсуді ойлау қажет. Біздіңше, «Ана тілі» кітаптарында ауыз әдебиетінің ересен мол байлығы тым аз пайдаланылып келеді. Батырлар жырларынан, даналық, шешендік сөздерден, Жиренше, Алдаркөсе, Қожанасыр аңыздарынан, тағы басқа фольклор қазынасынан мағұлмат мол берілуге тиіс. М.Горькийдің: «Тіл асылы - фольклорда», -дегенін ұмытуға болмайды. Тіл ширатудың, тілдің сырын үқтырудыц бір үтымды тәсілі - жаңылтпаштар үйрету еді. Олар атымеп жоқ. Талғай білсе, бір ғана «Балдырғанның» бетінде жарияланған жаңылтпаштың өзі қаншалық! Балалар әдебиетінің таңдаулы үлгілері мекетепте ізделмей жүр. Қолға түскенді, оңайдагыны ғана алі салушылық бар. Қ.Әбдіқадыровтың «Қажымүқаи», «Тоги қауын», «Танқыш» секілді шығармалары оқушыларға лайық екенін білеміз. Бірақ соның біреуінен де оқулыққа үзінді кірмепті. Кітап авторлары әдебиетіміздің алтын қазынасын кең ақтарып, ең тәуірін іріктеп ұсынатын болсын. Окулықтарды баспадан шығардан бүрын талқылаудан өткеруге әдеби жүртшылықты кеңінен қатыстыру керек. Оқу кітаптарын жазушылар одағының сын секциясы қарап өтсе де артық болмас еді. Қайтсе оқулық оңды болады дегенді іздестіру керек. Оқулықтардың жабық рецензиясын іске жаны ашымайтын пайдакүнемдерге тапсыратын нашар әдеттен арылту қажет. Қатты ескеретін нәрсе - балаларға білім, өнеге беретін әдеби материалды ұсыну. Өмірді сырға бөлеп суреттемейтін, машықпен ғана жазылған өлең, әңгімелерді емес, оқушыға ой салатын, саналылығын, адамгершілігін өсіруге септесетін өмірдің ақиқат болмысын тануға көмектесетін, жас шәкіртке міндет қоя білетін шыншыл, ақылды шығармаларды алу шарт. Оқулықтарда республика туралы материал мол берілуі тиіс. Халықтық мәдениетімізді, атақты адамдарымызды, ұшан-теңіз байлығымызды, тарихымыздың даңқты беттерін, қалаларымызды, өзен-көлдерімізді көркемдікпен танысты-ратын шығармаларды көбірек қосу керек. «Ана тілі» оқулықтарын өз дәрежесінде шығару - мәдениетіміздің маңызды мәселелерінің бірі. 1961

Бастауыш мектеп оқушыларына тіл үйретуде, тарих тапытуда, жалпы білім-санасын өсіруде «Ана тілі» оқулықтарының маңызы аса үлкен. Әсіресе, бұл оқулықтар жас жеткіншекке ана тілінің қазынасын таныстыратын қымбатты құрал болуға тиіс. Жас шәкірт сол кітаптардан туған әдебиеттің ең таңдаулы үлгілерімен, қысқаша да болса, танысып, тіл мәдениетінің негіздерін меңгеруі міндет. Бір сөзбен айтқанда, «Ана тілі» оқулықтары оқушының ана тіліне деген сүйіспеншілігін оятсын, құрметін күшейтсін, тілдің іісіне алуан қыры мен сырын ұғынуға баулысын.

Әрине, оқушыға тіл үйрету жалғыз бастауыш кластармен немесе тек қана ана тілі сабақтарымен шектелмейді. Бірақ бастауыш кластарға бұл жөнінде жүктелетін жұмыс ерекше елеулі. Оқушының туған ел әдебиеті мен мәдениетін терең түсінуі үшін ана тілі кітаптары үлкен ұстаздық қызмет атқарады.

Бастауыш мектептің төрт класына арналған «Ана тілі» оқулықтары жыл сайын әрқайсысы 70-80 мың дана боп басылады екен. Демек оларды әр жылы 280-320 мың оқушы пліідаланады деген сөз. Міне осыншама қалың қауымға арналған кітаптарды шығаруға үлкен жауаптылықтың, жасампаздықтың қажет екені белгілі. Оқулықтарға қай жағынан алғанда да лайықты шығармалар ену қажет. Бірақ бұл талап ойдағыдай орындалып келе ме? Міне, әңгіме осы іуралы. Оқулық бір мезгіл қарап өтетін күнделікті газет емес, ол - жыл бойы пайдаланылатын қурал. Оған кездейсоқ, нәрсіз, мөнсіз шығармаларды енгізу - жас шәкірттерге зор қиянат болар еді. Оқулық құрастырушы авторлардан бул іске жүрдім-бардым қарамай, барынша адал еңбектенуді, жауапкершілік, а заматтық борышын қатты сезінуді ерекше талап ететін уақыт жетті. Оқулықтар сапасын күрт көтеру, оған мемлекеттік тұрғыдан қарап, тиісті кеңес айту - әдебиетшілердің де парызы.

Біз сол «Ана тілі» оқулықтарыпың қазір байқалып жүрген кейбір олқылықтарын атағымыз келеді. Соған оқулықтар баспасының да, әдебиет журтшылығының да назарын аудармақпыз.

Біріншіден, «Ана тілі» оқулықтарына енгізілген материалдардың ішінде талғамға татымайтын, әйтеуір «бағыты түзу» болғандықтан қосылғандары толып жатыр. Ондайлардың не көркем тілі, не ұтқыр мазмұны жоқ. Жалпылама сарынмен, жалаң айтылған стандарт, әсіресе, өлеңдерде көп. Олардың кейбірі ұйқастан ақсайды, кейбірі лепірген, алқынған қызыл сөздің жиыны, ал бағзы біреулері ұйқасқан қара сөздер сияқты болып келеді. Бірнеше мысал келтірейік (Өлендер шумағын түгел тізе берсек, әңгіме тым ұзап кетер еді. Сол үшін мысалды қысқартып алдық).

1-класс оқушыларына советтік армияның қаһармандығын айтпақ болған аты белгісіз автор:

Соғысында ұлы Отан

Советтік батыр Армия,

Фашисті жеңіп қиратқан,

                   Сенің күшің қан қыла (32-бет), -дейді.

Осы да өлең бе? Мұнда, тіпті ұйқас та жоқ. Немесе баланың анаға деген махаббатын:

Әлпештеген, аялаған,

Ақ сүт берген, апатайым,

Сәлем жазып бүгін саған,

Қуанышыңды құттықтаймын («Апама»), - деу де көңілді селт еткізерлік емес. Кітапты құрастырушы Т.Қордабаев, әрбір өлеңді, не қара сөзді белгілі идеяны түсіндіруге талаптанған. Бірақ ол шығарманың әсері сапалылығында, көркемдігінде, тартымдылығында екенін ескермепті. Мысалы балаларға трамвайга міиу төртібін айту үшін ғибрат олең бермек болыпты. Ниеті жақсы-ақ. Бірақ «жерді сүзе құлады» деген өлең мүлде қарадүрсіп.

Тоқталып халық күтіп түр Тоқтады келіп трамвай

Жүруін күтіп Мақсат тұр.

Вагонға кіріп отырмай... (62-бет). Егер мұндай ұйқас, үйлесімді өлең деп ойласақ, дүниеде өлең жазудан оңай нәрсе болмас еді. «Қасқыр мен қақпан» дсген олеңде қақпан «сөйлейді». Бұл мысал дегенді тым гұрпайы ұғушылық. ¥йқастары да тіл құттықтырарлық: «Қасқыр айтты қоя бер, қалжыңдама, қой өрер!» (105-бет) т.б. Өлеңге талғаусыздық 2-класс оқулығында да (КСүлейменов, Х.Арғынов, 1960 ж.) көп екен. Х.Қуандықова деген беймәлім автор «Октябрят» атты өлеңде Отанның ұлылығын жырламақ болады. Бірақ шу дегеннен автордың ақын емес екені көрінеді.

Отан - біздің анамыз,

Біз бақытты баламыз.

Оқу оқып, білім ап,

Көңіліне Отан толамыз (18-бет). Кітап қурастырушылардың осыны тәлім беретін өлең деп кіргізуі - кешіргісіз кемшілік. Будан кейінгі екі шумақ ұйқас «Құрамыз-ұланбыз», «қызымыз-дайынбыз» болып келеді.

Оқулық авторлары қолына түскен өлеңді шетінен ала берген сияқты. Ақындарымыздың Қазақстан туралы өлең жазбағаны кем де кем шығар. Солардың ішінен оқулыққа орайлысын екшеп алуға әбден болар еді. Амал не, олай (юлмаган. «Қазақстан» деген өлең былай басталады.

Туған олкем сүйікті Қазақстан

Күннен күнге елімде байлық тасқан.

өсіріп миллиард пүт алтын дәнді

Еңбекпен, Отанымыз даңқын асқан (Ә.Жүнісов). Муның да поэзияға қатысы тым шамалы екенін екінің бірі байқаса керек. Бірақ мұны кітап авторлары Сүлейменов пен Арғынов қана аңғармаған. «Біздің ёлкамыз» (157-бет) деген М.Рашев өлеңі де тым айқайшыл, жалпы.

Көңілді әр күніміз

Бақытты біз улан

Өмірдің гуліміз

Өсірген улы Отан, - дегендей, мазмунында зәредей сонылық жоқ жолдары жас оқушыға тәрбие береді деп ойлау - әдебиеттің қасиетін мүлде шалағай білетіндікті көрсетеді. Аударма өлеңдердің де анық, көркем, тілге жеңіл болуы ескерілмеген, кластан тыс оқу үшін делінген мына бір өлеңді түгел келтірейік.

Тыныштық, тыныштық жүрекке тым ыстық!

Халықтың үнінде екпін бар

әлем сенетін.

Секілді күннің күркірі,

Қою бүлтты да сөгетін

Әлемді шарласын әніміз,

Қорықсын азғындар бүл әннен,

Күннің күркірі секілді үніміз,

Тыныштық, жасасын тыныштық (Е.Левин). Бейбітшілік туралы өлең беру, әрине, қажет-ақ. Бірақ оқушы түгіл ересек адам әрең түсінетін әріпшіл аударма кімге керек? Жалпы, оқулықты қурастырғанда әйтеуір кітапты тезірек шығарып, авторлыққа ие болуды көздеп қана қоймай, кітаптың сапалы болуын ойлайтын кез келген жоқ па? Бір емес, екі емес, 70-80 мыңдаған адамның пән ретінде оқитын кітабына немқұрайлы қарау күнә. Окулыққа кіретін материалды тақырып жагынан формальды түрде түгендеп шығу мүрат емес. Бір шығарма алынса да, оқушыға әсер берерліктей болсын. Осындагы тағы басқа бірқатар өлеңнің сапасы қарын ашырады. О.Лнарбекованың «Ана мен бала», Е.Менкиннің «Өнершіл пионер» деген өлеңдерінде ешбір әсерлілік жоқ.

Сапасыз, нәрсіз өлеңдер 3-кластың «Ана тілі» оқулығында да аз емес (қурастырушылар Т.Әбдірахманов, С.Рахметова).  Мунда  да   өмірді   бірбеткей  бояп  көрсететін сырты жылтыр, іші кеуек лепірме өлеңдер бар. «Кел сапқа түр». «Бейбітшілік камалы», «Май парады» т.б. ¥йқасы олақ, мағынасы жалпы, поэзиялық қасиеті кем кейбір өлеңдер 4-класс оқулығында да (авторлары тағы да Т. Әбдірахманов пен (4'ахметова) жоқ емес. Қай ақыннан да мазмұны, формасы сай келген өлең кездеседі ғой. Кітап құрастырушылар соларды ерінбей іздеп, іріктеп пайдалануы қажет. Кейде республикаға вТЫ белгілі, құрметті ақындардан қайдағы бір сәтсіз өлеңдерді алғанына қынжылмасқа болмайды.

Оқулық авторлары шығарманы алып қана қоймай, соларды оқушының қалай оқуы керектігін әрдайым ескеріп отырады. «Пионер серті» деген өлеңде мынадай шумақтар бар:

.. .Туғанбыз бақыттың таңында,

Тамаша Отанда еркіндеп,

Сайрандап өмірдің бағында,

Өсеміз өнермен біз гүлдеп

Партия - біздің шат әніміз,

Партия бақытты таңымыз

Гүлдентер жер шарын өнермен

Біз соның үрпағы ул мен қыз. Идеясы   тәуір    осы    өлеңнің    көркемдігі   тым    әлсіз. «Бркіндеп, біз гүлдеп», «Таңымыз, ул мен қыз» деген үйқастар ӨЛСҢ   шырқын   бүзып   түр.   Осы   өлеңнің   астында   кітап авторлары: «осы өлеңді мәнерлеп оқып шығыңдар», - депті...

Қысқасы, бастауыш класс оқулықтарына алынған өлеңдік материал көп жағдайда талапқа сай емес.

Сонымен қатар, қарасөз текстерінің стилистикалық жағына да зер салуды ұмытпаған жөн. 1-класс оқулық-гарындағы «Біздің класс үлкен және жарық» (5-бет) деген сияқты олақ аудармадай сезілетін оралымдар толып жатыр. Немесе окулықты алғаш устаған шәкіртке: «Фашистер М.нипүк Мәметованың позициясын минометтен атқылады. і рылған минаның екпінімен Мәншүктің пулеметі төңкеріліп түсті.    Жауынгерлер    ілгері    басқанда,    пулемет    оғымен шабуылдың нәтижелі болуын қамтамасыз ете отырып, Мәншүк те олармен бірге жүрді» (35-бет) дегендей үғымы ауыр сөйлемдер ұсыну да бекер-ақ.

Оқулық авторларының ерекше мұқият болатын тағы да бір  нәрсесі  - шығармалардан  үзінді  беру  мәселесі.   ¥зақ шығармалардан    белгілі    бір    үзінді    алғанда    да,    үлкен талғампаздық керек. Бірақ кейде біздің оқулықтарда қысқарту өте олақ болады. Бұған да бірер мысал алайық. 3-кластың «Ана тілінде» «Ауыспалы егіс» деген материал берілген. Бірақ үзіндіден   ауыспалы   егіс   не   дегенге   жауап   табылмайды. «Натальяның   айтуынша,   бұларда  жоңышқа   ең   алдымен ауыспалы   егіс   есебінде   қолданылады»   (56-бет)  дегеннен басқа ауыспалы егіс туралы түк айтылмайды. Бүйтіп қысқарту жасауга   болмайды   ғой.   Сол   кітаптың   93-99   беттерінде С.Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ кешуінен» кішкене үзінді беріліпті. Оған «Бостандық үшін күрес» деп ат қойған. Алайда сол   үзіндіден   бостандық   үшін   күрес   сезілмейді.    Онда Сәкеннің түрмеде отырған бір сәті ғана әңгімеленген. Ойсыз, ыждағатсыз қысқартулар, міне, осындай сәйкессіздікке душар етеді.

Онан соң, оқулықтарға алынатын материалдың тақырыптық жағын да көбейте түсуді ойлау қажет. Біздіңше, «Ана тілі» кітаптарында ауыз әдебиетінің ересен мол байлығы тым аз пайдаланылып келеді. Батырлар жырларынан, даналық, шешендік сөздерден, Жиренше, Алдаркөсе, Қожанасыр аңыздарынан, тағы басқа фольклор қазынасынан мағұлмат мол берілуге тиіс. М.Горькийдің: «Тіл асылы - фольклорда», -дегенін ұмытуға болмайды.

Тіл ширатудың, тілдің сырын үқтырудыц бір үтымды тәсілі - жаңылтпаштар үйрету еді. Олар атымеп жоқ. Талғай білсе, бір ғана «Балдырғанның» бетінде жарияланған жаңылтпаштың өзі қаншалық!

Балалар әдебиетінің таңдаулы үлгілері мекетепте ізделмей жүр. Қолға түскенді, оңайдагыны ғана алі салушылық бар. Қ.Әбдіқадыровтың «Қажымүқаи», «Тоги қауын», «Танқыш» секілді шығармалары оқушыларға лайық екенін білеміз. Бірақ соның біреуінен де оқулыққа үзінді кірмепті. Кітап авторлары әдебиетіміздің алтын қазынасын кең ақтарып, ең тәуірін іріктеп ұсынатын болсын. Окулықтарды баспадан шығардан бүрын талқылаудан өткеруге әдеби жүртшылықты кеңінен қатыстыру керек. Оқу кітаптарын жазушылар одағының сын секциясы қарап өтсе де артық болмас еді. Қайтсе оқулық оңды болады дегенді іздестіру керек. Оқулықтардың жабық рецензиясын іске жаны ашымайтын пайдакүнемдерге тапсыратын нашар әдеттен арылту қажет.

Қатты ескеретін нәрсе - балаларға білім, өнеге беретін әдеби материалды ұсыну. Өмірді сырға бөлеп суреттемейтін, машықпен ғана жазылған өлең, әңгімелерді емес, оқушыға ой салатын, саналылығын, адамгершілігін өсіруге септесетін өмірдің ақиқат болмысын тануға көмектесетін, жас шәкіртке міндет қоя білетін шыншыл, ақылды шығармаларды алу шарт.

Оқулықтарда республика туралы материал мол берілуі тиіс. Халықтық мәдениетімізді, атақты адамдарымызды, ұшан-теңіз байлығымызды, тарихымыздың даңқты беттерін, қалаларымызды, өзен-көлдерімізді көркемдікпен танысты-ратын шығармаларды көбірек қосу керек. «Ана тілі» оқулықтарын өз дәрежесінде шығару - мәдениетіміздің маңызды мәселелерінің бірі.

1961

Бөлісу: