Әдеби сынның жайын ойласақ

13 Қараша 2013, 07:49

Орыстың ұлы сыншысы В.Г.Белинский әдеби сынның табиғатын жан-жақты сөз ете келіп, сынның ықпалы Көркем өнерге ғана емес, оқушы жұртшылыққа да тарайды дегені мәлім. Сонымен бірге әдебиет сынының міндеті жеке шығармаларды талдау арқылы жалпы өнер дамуының заңдылығын,  жетістіктер мен кемшіліктерді  ашу екені де белгілі. Ал шығарманың көркемдік сипатын қапысыз танып, суреттеліп отырған өмірлік мазмұнның қаншалық салмақты екенін пайымдау, образдардың жасалу үйлесімін талдау оңай емес. Сынның тайғақ, тар жолына туған әдебиетке, халыққа еңбек етем, еліме пайдалы болам, төтен ауырлыққа да төзе білем деп бекінген күрескер мінезді жандар ғана бармақ. Әдебиет туындысына тұңғыш рет пікір айтатын сыншы шығармалардағы унамды, унамсыз геройларға ғана сипаттама беріп қоймай, қазіргі тірі жандар арасында да ашық позиция устайды. Оған әдебиеттің кәсіпкерлері ғана емес, дарынды өкілдері де наразы болатын жері жиі кездесе береді. Сыншының табынатын тәңірісі - шындық, әдебиет, халық мүддесі, медет тұтары да - қалың оқушы қауымы, әділдік. Амал қанша, бізде сын деп жазылғанның бәрі бірдей сынның осы биік мұратының үдесінен шыға бермейді. Жалтақтық, "түсінік тайыздығы сияқты сорақы кемшіліктер жиі ұшырайды. Сынға осы ретте айтылар кінәні мойындамасқа болмайды. Қазіргі әдебиет сынымыздың кейбір сыпаттары 1961 жылы жарияланған мақалалардан да көрінгендей. Өткен жылғы мақалалар ішінен белгілі бір жанр немесе проблема айналасынан соз еткендері неғұрлым мәндірек деп есептейміз. Олардың артықшылығы - көптеген шығармаларды мысалға алып, солардың ортақ белгілерін ашуға ұмтылуында, салыстыру, таныстыру қасиетінің барлығында. Мәселен, корнекті ақынымыз Әбділда Тәжібаевтың «Жас урпаққа жақсы әдебиет жасайық» деген ұзақ мақаласында қазіргі балалар әдебиетінің жай-күйі кеңінен әңгімеленеді, мунда тәуір шығармалар аталып, кемшіліктер көрсетіліп қана қоймай, алдағы жауапты міндеттер де қамтылған. Төлеубай Ыдырысовтың «Көркем очеркті бір саты жоғары көтерейік», Серік Қирабаевтың «Лирикалық поэзияның кейбір мәселелері», Мәулен Балақаевтың «Сөз және шеберлік» (Қазақ әдеби тілінің мәселелері жөнінде) атты мақалаларында қызғылықты ойлар бар. Былтыр бірсыпыра мақалада замандас тұлғасын жасау жайлы сөз болды. Бул ретте марқум Мухтар Әуезовтің «Қазіргі роман және оның геройы» деген тамаша терең мақаласын алдымен айтамыз. Мунда бүкіл одақ жазушылары мен әдебиетшілеріне ой саларлық кемел пікірлер бар. Біз бул мақаланы өткен жылғы сын ойымыздың биік белесі деп есептеуімізге болады. М.Әуезов қазіргі кезде қаламгерлеріміз жаңа тиорчестволық белсенділік көрсетуге тиіс екендігін ескертеді. Өмір кайшылықтарын батыл ашуға бармай, орағытып, айналып кетушілікті сынайды. Әдебиет өмірдің үлкен қаптарларын көрсетуге, сом характерлер жасауға тиіс деп есептейді. Замандас тулғасын жасаудың мәселелеріне арнап пікір айтқандар ішінен белгілі сыншы Мухамеджан Қаратаевтың, Темірғали Нуртазиннің, Зейнолла Қабдоловтың мақалаларын айтуға болады. Бұлар қазіргі әңгімелер айналасында нақтылы тужымдарын айтты. Былтыр жарық көрген мақалалар жинағының бірі Ілияс Омаровтың «Әдебиет жайлы ойлар» атты кітабы. Мунда автордың әр кезде, әр тақырыпқа жазған мақалалары берілген. «Әдебиет жайлы ойлардан» әдебиетті сүйетін де білетін, пікірлері, білімдар адамның көркем шығармалардан алған әсерлерін, өз талғамын, сырларын аңғарамыз. Қалжан  Нурмахановтың жинағындағы  («Литературные заметка») мақалалардың бірсыпырасында тақырыптық байланыс, жалғастық сезіледі. Ол классикалық және орыс совет әдебиетінің қазақ жазушыларына жасаған игі ықпалын баяндайды.   Бірде   Пушкин   мен   Абай   творчествосындағы туыстықты әңгімелесе, екінші жерде орыс классикасын аударудың кемшіліктерін сөз етеді. Сыншының бірқатар      мақаласында туысқан қырғыз әдебиетінің шығармалары сөз болады. Украин және қазақ әдебиетінің бурыннан келе жатқан игі байланыстары да шолу түрінде айтылған. Мұның бәрі де әдебиеттер  қатынасын жазудың утымды,  керекті тақырып екендігін аңғартады. Қ.Нурмахановтың қазақ әдебиетіне арнаған мақалаларының кейбіреулерінде («Қырық жылдың қырқасынан») әдебиетіміздің Абайдан бергі қадау-қадау табыстары саналған. М.Әуезовтің «Абай» романына келу жолын баяндаған мақала жүйелі, пікірлі. Қазіргі қазақ романдарының («Осы да реализм бе») олқылықтарын нақтылы мысалдармен көрсетеді. Осыған орай Қ.Нұрмахановтың мақалаларынан байқалатын кейбір дәлсіздіктерді ескертуді қажет санаймыз. Өткендегі әдебиетімізде ілгерішіл және кертартпа сарындар болғаны белгілі. Оның бәрін бірдей талғаусыз, екшеусіз ала берейік деп ешкім де айтпайды. Алайда, Қ.Нұрмаханов неге екені белгісіз, Абай, Ыбырай, Шоқан тұсындағы ақындарға тоқталып жатпайды. Олар туралы пікір айтқанда ол бір жазушының творчествосында озық та, қалық та шығармалар болатынын, соны ажыратуға диалектикалық тәсіл керектігін ескермейтін тәрізді. Қазақ жазушыларының творчествосын бағалауда да Қ.Нұрмахановта ағат пікірлер кездеседі. Оның Сұлтанмахмутты қазақтың ұсақ буржуазиясының идеологы дегеніне келісу қиын. Өткен жылы газет-ясурнал беттерінен, әсіресе, бұрын сын жанрында таныла қоймаған жас әдебиетшілердің мақалаларын жиірек көрдік. Бұл заңды құбылыс, сын кадрларының қатарына қосылған тың күш деп есептейміз. Әрине, булар сынымызға ясаңа леп, сапалы ілгерілеу әкеле алады ма деген екінші мәселе. Сандық өсу әрдайым сапалық өсу бола бермейтіні мәлім. Бірақ, қалай болғанда да, әдебиеттің бұл аса қиын жанрына ат салысуға ниеттенген ясолдастарға сәт сапар, пайдалы, ясемісті ясумыс тілеуіміз керек. Былтыр бірсыпыра сын-рецензия ясарияланған З.Серікқалиев, Қ.Ысқақов, Ә.Кекілбаев, Қ.Мырзалиев сияқты ясас әдебиетшілерді осы ретте атаймыз. Ә.Кекілбаевтың «Қазақ әдебиетінде» басылған «Жастар поэзиясындағы азаматтық әуен» атты мақаласында ясас ақындар творчествосында үлкен талап қойылған.  Жас сыншы З.Ссрікқалиев «Балалар поэзиясы туралы» («Жулдыз», №1) бірсыпыра талдау жасап, дурыс пікірлер айтты. Алайда,   жекелеген   тәуір   мақалалар   бола   тұрса   да, сынымыздың дәрежесі мәрелі жерге жетпей келеді. Қайта өткен    жылы,    жалпы    алғанда,    сынымыздың    өткірлігі, шыншылдыгы   төмендеп   кетті   ме   деген   ойға   тірелеміз. Былтыргы   жылы  жарияланған сын-рецензиялардың  көбіне толмайды.  Кәдуілгі рецензиялардың өзі көп ретте бірыңғай мақтау, өсіре дәріптеу қуралына айналып кеткендей сезіледі. Белгілі бір шығарманың жетістігін айту қандай керек болса, жстімсіздікті де ескерте білу қажет еді ғой. Біраз мақалалар жазушы мен шығарманы марапаттаудан әріге бармайды. Қаламгердің өсуіне оқушының талғамын арттыруға септеспейтін жылтырақ та жылымшы батагөйліктің етек алуы -  сындағы үлкен кемшілік демеске болмайды. Біз ондаған шығармалардың сын назарынан қағыс қалғанын бул арада айтып та отырғанымыз жоқ. Сәті түсіп сыншы рецензенттер қаламына ілінген туындылар көп жағдайда үстірт ұғындырылып жүргені өкінішті. Мақтау мен сынаудың шегін білуге тиіспіз. Жаңа қылтитып көрінген жас талантты ес жиғызбай мақтап, бузып алғандарды  да білеміз. Көтере дәріптеп, ә дегеннен артық бағаға құлағын үйретіп алып, кейіннен кемшілігін айта алмай пұшайман болмайық. Әдебиет сынына бұрынғы жылдары белсене араласып Квлген кейбір жолдастар кейінгі кезде тым аз көрінетін болды. Алғашқы қалам сілтеулерімен әдеби журтшылыққа танылған білімді, қабілетті жас сыншыларымыздың сынның алғы шсбінен аулақтай бастауы реніш туғызады. Әдебиетімізге батыл да алғыр сын керек дейміз. Сол сыпды лсұрт жиналып, қол котерісіп, мәмілелесіп жасамайды, опың сақадай сай кадрлары болуға тиіс. Бізде ондай кадрлар бар, бірақ олардың осуі қанағаттандырмайды. Майданға түспей жатып жарадар болған солдат тағдыры мақтанарлық емес   қой.   Біздің   сыншыларымыз   да   бірлі-жарым   жинақ шығарып, немесе ғылыми атақ алып болған соң, сыннан бой тарта бастаса, оған қынжылмасқа болмайды. Әрбір қалам қайраткерінің өмірінде бас кітабы, негізгі еңбегі болуы керек делінеді ғой. Сондай-ақ, сыншылар да өздерін толғандырған мәселеде бар дауыспен өз лебізін естіртетін болса дейміз. Әдебиетті сүйетін, көркемсөз өнерінің мүддесін жоғары қоя білетін сыншы әдеби құбылыстарға өз қөзқарасын білдірмей тұра алмайды. Біздің ұғуымызша, сыншылық - кәсіпкерлік емес, ол әдебиет, халық қамын нақ өз тағдырынан кем санамайтын, бәлкім, тіпті, артық қоя білетін жалынды ой иесі болуға тиіс. Жазушылар секілді сыншылар да халық алдындағы парызын сапалырақ атқаруды қатты ойлануға міндетті. Әдеби ойдың өсуіне түрлі мәселе жөнінде пікір таласының көп септігінің тиетіні мәлім. Қандай шығарма жөнінде де бір ғана кісінің сынымен мүлде шектеліп қалу жарамас еді. Олай болса, пікір алысу, айтысу деген қажет нәрсе. Бірақ, мәселені анықтамайтын, жазушының жемісті еңбек етуіне көмектеспейтін айтыстардан пайда кем. Өткен жылы «Қазақ әдебиеті» газетінің бетінде лирика туралы. Зейін Шашкиннің «Теміртау» романы жөнінде бір-біріне қайшы, қиғаш мақалалар басылды. Алайда, солардың көбі көкпардың өзіне түспей, маңайлап шапқылағанындай әсер қалдырады. Құр айтысу үшін туған айтысудың ойлаған жерге жеткізбейтіні көрінді.

Орыстың ұлы сыншысы В.Г.Белинский әдеби сынның табиғатын жан-жақты сөз ете келіп, сынның ықпалы Көркем өнерге ғана емес, оқушы жұртшылыққа да тарайды дегені мәлім. Сонымен бірге әдебиет сынының міндеті жеке шығармаларды талдау арқылы жалпы өнер дамуының заңдылығын,  жетістіктер мен кемшіліктерді  ашу екені де белгілі. Ал шығарманың көркемдік сипатын қапысыз танып, суреттеліп отырған өмірлік мазмұнның қаншалық салмақты екенін пайымдау, образдардың жасалу үйлесімін талдау оңай емес. Сынның тайғақ, тар жолына туған әдебиетке, халыққа еңбек етем, еліме пайдалы болам, төтен ауырлыққа да төзе білем деп бекінген күрескер мінезді жандар ғана бармақ. Әдебиет туындысына тұңғыш рет пікір айтатын сыншы шығармалардағы унамды, унамсыз геройларға ғана сипаттама беріп қоймай, қазіргі тірі жандар арасында да ашық позиция устайды. Оған әдебиеттің кәсіпкерлері ғана емес, дарынды өкілдері де наразы болатын жері жиі кездесе береді. Сыншының табынатын тәңірісі - шындық, әдебиет, халық мүддесі, медет тұтары да - қалың оқушы қауымы, әділдік.

Амал қанша, бізде сын деп жазылғанның бәрі бірдей сынның осы биік мұратының үдесінен шыға бермейді. Жалтақтық, "түсінік тайыздығы сияқты сорақы кемшіліктер жиі ұшырайды. Сынға осы ретте айтылар кінәні мойындамасқа болмайды.

Қазіргі әдебиет сынымыздың кейбір сыпаттары 1961 жылы жарияланған мақалалардан да көрінгендей.

Өткен жылғы мақалалар ішінен белгілі бір жанр немесе проблема айналасынан соз еткендері неғұрлым мәндірек деп есептейміз. Олардың артықшылығы - көптеген шығармаларды мысалға алып, солардың ортақ белгілерін ашуға ұмтылуында, салыстыру, таныстыру қасиетінің барлығында. Мәселен, корнекті ақынымыз Әбділда Тәжібаевтың «Жас урпаққа жақсы әдебиет жасайық» деген ұзақ мақаласында қазіргі балалар әдебиетінің жай-күйі кеңінен әңгімеленеді, мунда тәуір шығармалар аталып, кемшіліктер көрсетіліп қана қоймай, алдағы жауапты міндеттер де қамтылған. Төлеубай Ыдырысовтың «Көркем очеркті бір саты жоғары көтерейік», Серік Қирабаевтың «Лирикалық поэзияның кейбір мәселелері», Мәулен Балақаевтың «Сөз және шеберлік» (Қазақ әдеби тілінің мәселелері жөнінде) атты мақалаларында қызғылықты ойлар бар.

Былтыр бірсыпыра мақалада замандас тұлғасын жасау жайлы сөз болды. Бул ретте марқум Мухтар Әуезовтің «Қазіргі роман және оның геройы» деген тамаша терең мақаласын алдымен айтамыз. Мунда бүкіл одақ жазушылары мен әдебиетшілеріне ой саларлық кемел пікірлер бар. Біз бул мақаланы өткен жылғы сын ойымыздың биік белесі деп есептеуімізге болады.

М.Әуезов қазіргі кезде қаламгерлеріміз жаңа тиорчестволық белсенділік көрсетуге тиіс екендігін ескертеді. Өмір кайшылықтарын батыл ашуға бармай, орағытып, айналып кетушілікті сынайды. Әдебиет өмірдің үлкен қаптарларын көрсетуге, сом характерлер жасауға тиіс деп есептейді.

Замандас тулғасын жасаудың мәселелеріне арнап пікір айтқандар ішінен белгілі сыншы Мухамеджан Қаратаевтың, Темірғали Нуртазиннің, Зейнолла Қабдоловтың мақалаларын айтуға болады. Бұлар қазіргі әңгімелер айналасында нақтылы тужымдарын айтты.

Былтыр жарық көрген мақалалар жинағының бірі Ілияс Омаровтың «Әдебиет жайлы ойлар» атты кітабы. Мунда автордың әр кезде, әр тақырыпқа жазған мақалалары берілген. «Әдебиет жайлы ойлардан» әдебиетті сүйетін де білетін, пікірлері, білімдар адамның көркем шығармалардан алған әсерлерін, өз талғамын, сырларын аңғарамыз.

Қалжан  Нурмахановтың жинағындағы  («Литературные заметка») мақалалардың бірсыпырасында тақырыптық байланыс, жалғастық сезіледі. Ол классикалық және орыс совет әдебиетінің қазақ жазушыларына жасаған игі ықпалын баяндайды.   Бірде   Пушкин   мен   Абай   творчествосындағы туыстықты әңгімелесе, екінші жерде орыс классикасын аударудың кемшіліктерін сөз етеді. Сыншының бірқатар      мақаласында туысқан қырғыз әдебиетінің шығармалары сөз болады. Украин және қазақ әдебиетінің бурыннан келе жатқан игі байланыстары да шолу түрінде айтылған. Мұның бәрі де әдебиеттер  қатынасын жазудың утымды,  керекті тақырып екендігін аңғартады. Қ.Нурмахановтың қазақ әдебиетіне арнаған мақалаларының кейбіреулерінде («Қырық жылдың қырқасынан») әдебиетіміздің Абайдан бергі қадау-қадау табыстары саналған. М.Әуезовтің «Абай» романына келу жолын баяндаған мақала жүйелі, пікірлі. Қазіргі қазақ романдарының («Осы да реализм бе») олқылықтарын нақтылы мысалдармен көрсетеді.

Осыған орай Қ.Нұрмахановтың мақалаларынан байқалатын кейбір дәлсіздіктерді ескертуді қажет санаймыз.

Өткендегі әдебиетімізде ілгерішіл және кертартпа сарындар болғаны белгілі. Оның бәрін бірдей талғаусыз, екшеусіз ала берейік деп ешкім де айтпайды. Алайда, Қ.Нұрмаханов неге екені белгісіз, Абай, Ыбырай, Шоқан тұсындағы ақындарға тоқталып жатпайды. Олар туралы пікір айтқанда ол бір жазушының творчествосында озық та, қалық та шығармалар болатынын, соны ажыратуға диалектикалық тәсіл керектігін ескермейтін тәрізді.

Қазақ жазушыларының творчествосын бағалауда да Қ.Нұрмахановта ағат пікірлер кездеседі. Оның Сұлтанмахмутты қазақтың ұсақ буржуазиясының идеологы дегеніне келісу қиын. Өткен жылы газет-ясурнал беттерінен, әсіресе, бұрын сын жанрында таныла қоймаған жас әдебиетшілердің мақалаларын жиірек көрдік. Бұл заңды құбылыс, сын кадрларының қатарына қосылған тың күш деп есептейміз. Әрине, булар сынымызға ясаңа леп, сапалы ілгерілеу әкеле алады ма деген екінші мәселе. Сандық өсу әрдайым сапалық өсу бола бермейтіні мәлім. Бірақ, қалай болғанда да, әдебиеттің бұл аса қиын жанрына ат салысуға ниеттенген ясолдастарға сәт сапар, пайдалы, ясемісті ясумыс тілеуіміз керек. Былтыр бірсыпыра сын-рецензия ясарияланған З.Серікқалиев, Қ.Ысқақов, Ә.Кекілбаев, Қ.Мырзалиев сияқты ясас әдебиетшілерді осы ретте атаймыз. Ә.Кекілбаевтың «Қазақ әдебиетінде» басылған «Жастар поэзиясындағы азаматтық әуен» атты мақаласында ясас ақындар творчествосында үлкен талап қойылған.  Жас сыншы З.Ссрікқалиев «Балалар поэзиясы туралы» («Жулдыз», №1) бірсыпыра талдау жасап, дурыс пікірлер айтты.

Алайда,   жекелеген   тәуір   мақалалар   бола   тұрса   да, сынымыздың дәрежесі мәрелі жерге жетпей келеді. Қайта өткен    жылы,    жалпы    алғанда,    сынымыздың    өткірлігі, шыншылдыгы   төмендеп   кетті   ме   деген   ойға   тірелеміз. Былтыргы   жылы  жарияланған сын-рецензиялардың  көбіне толмайды.  Кәдуілгі рецензиялардың өзі көп ретте бірыңғай мақтау, өсіре дәріптеу қуралына айналып кеткендей сезіледі. Белгілі бір шығарманың жетістігін айту қандай керек болса, жстімсіздікті де ескерте білу қажет еді ғой. Біраз мақалалар жазушы мен шығарманы марапаттаудан әріге бармайды. Қаламгердің өсуіне оқушының талғамын арттыруға септеспейтін жылтырақ та жылымшы батагөйліктің етек алуы -  сындағы үлкен кемшілік демеске болмайды. Біз ондаған шығармалардың сын назарынан қағыс қалғанын бул арада айтып та отырғанымыз жоқ. Сәті түсіп сыншы рецензенттер қаламына ілінген туындылар көп жағдайда үстірт ұғындырылып жүргені өкінішті.

Мақтау мен сынаудың шегін білуге тиіспіз. Жаңа қылтитып көрінген жас талантты ес жиғызбай мақтап, бузып алғандарды  да білеміз. Көтере дәріптеп, ә дегеннен артық бағаға құлағын үйретіп алып, кейіннен кемшілігін айта алмай пұшайман болмайық.

Әдебиет сынына бұрынғы жылдары белсене араласып Квлген кейбір жолдастар кейінгі кезде тым аз көрінетін болды. Алғашқы қалам сілтеулерімен әдеби журтшылыққа танылған білімді, қабілетті жас сыншыларымыздың сынның алғы шсбінен аулақтай бастауы реніш туғызады.

Әдебиетімізге батыл да алғыр сын керек дейміз. Сол сыпды лсұрт жиналып, қол котерісіп, мәмілелесіп жасамайды, опың сақадай сай кадрлары болуға тиіс. Бізде ондай кадрлар бар, бірақ олардың осуі қанағаттандырмайды. Майданға түспей жатып жарадар болған солдат тағдыры мақтанарлық емес   қой.   Біздің   сыншыларымыз   да   бірлі-жарым   жинақ

шығарып, немесе ғылыми атақ алып болған соң, сыннан бой тарта бастаса, оған қынжылмасқа болмайды. Әрбір қалам қайраткерінің өмірінде бас кітабы, негізгі еңбегі болуы керек делінеді ғой. Сондай-ақ, сыншылар да өздерін толғандырған мәселеде бар дауыспен өз лебізін естіртетін болса дейміз. Әдебиетті сүйетін, көркемсөз өнерінің мүддесін жоғары қоя білетін сыншы әдеби құбылыстарға өз қөзқарасын білдірмей тұра алмайды. Біздің ұғуымызша, сыншылық - кәсіпкерлік емес, ол әдебиет, халық қамын нақ өз тағдырынан кем санамайтын, бәлкім, тіпті, артық қоя білетін жалынды ой иесі болуға тиіс. Жазушылар секілді сыншылар да халық алдындағы парызын сапалырақ атқаруды қатты ойлануға міндетті.

Әдеби ойдың өсуіне түрлі мәселе жөнінде пікір таласының көп септігінің тиетіні мәлім. Қандай шығарма жөнінде де бір ғана кісінің сынымен мүлде шектеліп қалу жарамас еді. Олай болса, пікір алысу, айтысу деген қажет нәрсе. Бірақ, мәселені анықтамайтын, жазушының жемісті еңбек етуіне көмектеспейтін айтыстардан пайда кем. Өткен жылы «Қазақ әдебиеті» газетінің бетінде лирика туралы. Зейін Шашкиннің «Теміртау» романы жөнінде бір-біріне қайшы, қиғаш мақалалар басылды. Алайда, солардың көбі көкпардың өзіне түспей, маңайлап шапқылағанындай әсер қалдырады. Құр айтысу үшін туған айтысудың ойлаған жерге жеткізбейтіні көрінді.

Бөлісу: