Қымбат қазына

13 Қараша 2013, 06:32

Қазақтың революцияға дейінгі әдебиеті туралы қалың оқушының қажетіне жарарлық еңбектер жыл асқан сайын молырақ шығып келеді. Бірақ зерттеушілеріміз жылдар бойы қанша кеп күш жұмсағанымен, қазақтың өткендегі демократиялық бағыттағы әдебиетін қарастыруда алуан жұмыстар жасағанымен, міндеттің орындалуы алға қойған талаптан көш кейін жатыр. Мұның себебі не? Қорыта айтсақ, революцияға дейінгі әдебиетті зерттеуде ғалымдарымыз ғылыми  батылдық, тереңдік, жан-жақтылық көрсете алмай жүр. Мұның мысалын әр жерден-ақ табуға болады. Осы күнде орта мектеп программасына қазақ әдебиетінің өткендегі демократ өкілдері ғана кірген. Сол ақышдардың санаулы шығармаларын жұртқа таратумен қанағат етіп жүрміз. Ал, жоғары оқу орындарындағы жағдай да бұдан сәл-ақ ілгері десек ағат айтылғандық болмас. XIX  ғасырда  және   XX  ғасырдың   бірінші   ширегінде жасаған  көптеген  ақындар  мұрасы  не   орта  мектепте,   не жоғары мектепте оқытылмайды. Олардын шығармалары жеке жинақ болып басылмайды. Осы жағдай әдебиет зерттеуіндегі үлкен    кемшіліктің    болып    келгенін    көрсететіні    анық. Сондықтан да жылдар бойы әр ақын туралы әр жерлерде қилы-қилы пікірлер айтылып жүр. Осылардың ішіндегі ақиқат нәрсе    -    әдеби    мураны    жан-жақты,    мұқият    зерттеп, пайдалысын     іске     жарату     ниеті     еді.     Конференцияда революциядан     бұрынғы     әдебиет     жайында     жасалған баяндамалар мен жарыссөздердің ішінде ғылыми жағынан дәлелді, нақтылы болғандарын түгелдей санап шықпай-ақ, солардың кейбіреулеріне тоқталған жөн. Осы кезге дейін қазақ әдебиетінің тарихы кімнен басталады деген сурауға әр түрлі жауап алып келдік. Бірсыпыра әдебиетшілер қазақ әдебиеті тарихының басы Абай, Ыбырай деуге бейім. Екіншілері әдебиет тарихын әрірекке апарады. XIX ғасырдың орта  шеніндегі  қазақ  әдебиеті  туралы баяндама     жасаған     М.С.Сильченко     мен     Ы.Дүйсенбаев сөздерінде де айтылып келе жатқан ақиқат шындықтар бар. Өткен ғасырдағы демократ жазушыларымыздың орны өзгеше. Олардың творчествосы жайында пікірлер жоқтың қасы. Қазақ әдебиетінің негізгі өскелең бағытын белгілеген де Ыбырай, Шоқан,      Абай      еңбектері.      Сонымен      қатар,      замана қайшылықтарын сынайтын Шортанбай, Дулат, Мұрат сияқты бір топ ірі ақындар және бар. Даулы пікірдің, шешілмей келе жатқан түйіннің көбі осы соңғы топтың басында. Бұл жөнінде жоғарыда   айтқан   баяндамашылар   да,    кейінірек   шығып сөйлеген шешендер де бір беткей кеткен жоқ. Олардың қай- қайсысы да аталған ақындардың шығармаларын сын көзімен қарай отырып, нәрлі жақтарын пайдалана білейік, әлі де болса түбегейлі зерттеулер жүргізе түсейік дегенге сайды. Бірінің ақындық шеберлігі, екіншісінің үстем тапты аяусыз шенеген жақтары, үшіншісінің поэтикалық лексикасының ересен байлығы зерттеу нысанасына ілінуге лайық. Демократ жазушыларымызды жақсы бағалап жүрміз дейміз. Осы туста сөз ретінде айта кететін бір мәселе бар. Шоқан Уәлиханов шығармаларының күні бүгінге дейін толық жинағы орыс тілінде шыққан емес. Шоқан біздің ұлттық мақтанышымыз деп қырық жыл бойы қайталап айтып келеміз. Бірақ,  оның шығармаларын түпнусқасының өзін де толық шығара  алмағанымыз   ұят.    Тіпті   таңдамалылардың   өзін шығару жумысы жылдарға кетеді. Ал, Шоқанды қазақ тілінде сөйлету - әлі күнге дейін қолға алынбаған іс. Шоқан шығармаларын қазақшаға аударып, кітап етіп тарату маңызды міндеттердің бірі болып саналды. Революцияға дейінгі әдебиеттің жеке өкілдері туралы конференцияда бірнеше баяндама жасалды. Атап айтқанда, Шортанбай, Дулат, Мәшһүр Жүсіп Көпеев, Шәңгерей Бөкеев творчествосы туралы жеке-жеке сөз болды. Аталған іқындардың туындыларының мән-мазмұны, идеялық бағыты, олардағы реализм, сыншыл сарындар жайында о.ппідамашылар көптеген мысалдар келтірді. Оның бәрі бірдей ғылыми негізге сүйенген әділ қорытынды деп айту қиын. Дегенмен көпшілікке мәлім емес кей жайларынан  пайыдамашылар тыңдаушыны хабардар етті деуге болады. Бұл ақындар жайлы баяндамалардың артық-кемі жарыссөзге шығып сөйлеушілердің сөздерінде дұрыс көрсетіледі. Дулат ақынның творчествосы жайында баяндама жасаған филология ғылымының кандидаты Х.Сүйіншәлиевтің баяндмасында ақынның көптеген өлендерінен мысалдар келтірілген. Сонда да болса, бул баяндаманы ғылыми жағынан тиянақты, тұжырымды болды деп айта алмаймыз. Баяндамашы көп жағдайда жалтақтай сөйлейді, біресе мақтай, біресе сынай айтқандықтан, көпшілік оның өзінің анық тұжырымы қайсы екенін аңғара алмай қалды. Мұны кейініректе шығып, қорытынды сөз сөйлеген академик М.Әуезов орынды сынға алды. Мәшһүр Жүсіп Көпеев творчествосы да көптен бері зерттеушілердің талқысына түсіп жүргені белгілі. Бірак әлі күнге дейін ол туралы тиянақты пікірге келгеніміз жоқ. Мұның да себебі зерттеу жүмысындағы біржақтылықтан. Конференцияда Мәшһүр Жүсіп туралы арнаулы баяндама қойылғанымен, баяндамашы І.Жарылғапов үлкен істің үдесінен шыға алмады. Шортанбай туралы баяндамада да жаңа тұжырым, соны пікір айтылмады, ақын жайында ежелден келе жатқан пікірлер қайталанды. Филология ғылымның докторы Б.Кенжебаев XX ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті жайындағы баяндамасында демократ жазушылардың шығармаларындағы басты тенденцияларды дәлелдеп ашып көрсетті. Алайда конференцияға ең қажет мәселенің бірі демократ жазушылар ғана емес, шығармаларында қайшылығы көп жазушылар ғой. Сол анық, даулы мәселелердің төңірегінде Б.Кенжебаев кеңірек тоқталғанда орынды болатын еді. Мәселен ол кітаби ақындар туралы анық та толық пікір білдірмеді. XX ғасырдың басындағы әдебиеттің көрнекті өкілінің бірі - Мүхаметжан Сералин туралы баяндама жасаған филология ғылымының кандидаты Ә.Дербісәлин ақынның басты шығармаларына тоқталды. М.Сералиннің «Топжарған», «Гүлхашима» тәрізді поэмаларында заманның маңызды тақырыптары көтерілген. Оның үстіне М.Сералин өз тусындағы ең озық қазақ журналистерінің бірі болған. Оның көптеген публицистикалық мақалаларында қазақ елінің күн тәртібіндегі көкейкесті сүраулар айтылады. Сералин мақалаларынан өз халқына шын берілген, сонымен бірге басқа халықтардың да мүддесін қадірлей білетін үлкен ойшыл азаматты көреміз. Аударма саласындағы тәжірибесі де Сералин талантының жаңа қырларын танытады. Алайда, біз Бул күнге Сералин туралы жалпылама деректен көп асып кете алмай жүрміз. Ендігі жерде оның еңбектері сала-салаға бөлініп, зерттелуге тиіс. Сералин туралы үлкен моног рафиялық еңбектер жазудың әбден орны бар. Сералиннің аты аталғанда, «Айқап» журналы туралы айтпай кетуге ешбір болмайды. Конференцияны уйымдастырушылар бул мәселені де ойланған тәрізді. Сол себептен «Айқап» журналының қызметіне арналған жеке баяндама жасалды. Баяндамашы Қарашева жолдас өз міндетіне жауаптылық көрсетіп, «Айқап» журналының бетінде жарияланған әр түрлі тақырыпты материалдарды зерттеген. «Айқап» журналы өз кезіндегі ең маңызды проблемалардың  қай-қайсысына да үн қосып отырған. Соның көпшілігінде журналдың демократиялық, ағартушылық бағыт ұстанғанын көруге болады. «Айқаптың» бетінде қазақ тілі, әдебиеті, мәдениеті, отырықшылық жайы, оқу-ағарту сияқты сан-алуан сипаты бар мақалалар басылған. Журналдың негізгі бағыты халыққа неғурлым көбірек пайда тигізу мақсаты болғаны күмән келтірмесе керек. Солай бола турса да, кейбір зерттеушілер «Айқаптың» қазақ халқы алдындағы көрнекті қызметін көргісі келмей, оған қайдағы бір құбыжықтарды телуге даяр тұратындығы өкінішті. «Айқап» журналының көптерген сан-салалы жайларын жеке-жеке сын таразысынан өткізіп, ақиқатын ашатын мезгіл жетті.

Қазақтың революцияға дейінгі әдебиеті туралы қалың оқушының қажетіне жарарлық еңбектер жыл асқан сайын молырақ шығып келеді. Бірақ зерттеушілеріміз жылдар бойы қанша кеп күш жұмсағанымен, қазақтың өткендегі демократиялық бағыттағы әдебиетін қарастыруда алуан жұмыстар жасағанымен, міндеттің орындалуы алға қойған талаптан көш кейін жатыр. Мұның себебі не? Қорыта айтсақ, революцияға дейінгі әдебиетті зерттеуде ғалымдарымыз ғылыми  батылдық, тереңдік, жан-жақтылық көрсете алмай жүр. Мұның мысалын әр жерден-ақ табуға болады. Осы күнде орта мектеп программасына қазақ әдебиетінің өткендегі демократ өкілдері ғана кірген. Сол ақышдардың санаулы шығармаларын жұртқа таратумен қанағат етіп жүрміз. Ал, жоғары оқу орындарындағы жағдай да бұдан сәл-ақ ілгері десек ағат айтылғандық болмас.

XIX  ғасырда  және   XX  ғасырдың   бірінші   ширегінде жасаған  көптеген  ақындар  мұрасы  не   орта  мектепте,   не жоғары мектепте оқытылмайды. Олардын шығармалары жеке жинақ болып басылмайды. Осы жағдай әдебиет зерттеуіндегі үлкен    кемшіліктің    болып    келгенін    көрсететіні    анық. Сондықтан да жылдар бойы әр ақын туралы әр жерлерде қилы-қилы пікірлер айтылып жүр. Осылардың ішіндегі ақиқат нәрсе    -    әдеби    мураны    жан-жақты,    мұқият    зерттеп, пайдалысын     іске     жарату     ниеті     еді.     Конференцияда революциядан     бұрынғы     әдебиет     жайында     жасалған баяндамалар мен жарыссөздердің ішінде ғылыми жағынан дәлелді, нақтылы болғандарын түгелдей санап шықпай-ақ, солардың кейбіреулеріне тоқталған жөн.

Осы кезге дейін қазақ әдебиетінің тарихы кімнен басталады деген сурауға әр түрлі жауап алып келдік. Бірсыпыра әдебиетшілер қазақ әдебиеті тарихының басы Абай, Ыбырай деуге бейім. Екіншілері әдебиет тарихын әрірекке апарады. XIX ғасырдың орта  шеніндегі  қазақ  әдебиеті  туралы баяндама     жасаған     М.С.Сильченко     мен     Ы.Дүйсенбаев сөздерінде де айтылып келе жатқан ақиқат шындықтар бар. Өткен ғасырдағы демократ жазушыларымыздың орны өзгеше. Олардың творчествосы жайында пікірлер жоқтың қасы. Қазақ әдебиетінің негізгі өскелең бағытын белгілеген де Ыбырай, Шоқан,      Абай      еңбектері.      Сонымен      қатар,      замана қайшылықтарын сынайтын Шортанбай, Дулат, Мұрат сияқты бір топ ірі ақындар және бар. Даулы пікірдің, шешілмей келе жатқан түйіннің көбі осы соңғы топтың басында. Бұл жөнінде жоғарыда   айтқан   баяндамашылар   да,    кейінірек   шығып сөйлеген шешендер де бір беткей кеткен жоқ. Олардың қай- қайсысы да аталған ақындардың шығармаларын сын көзімен қарай отырып, нәрлі жақтарын пайдалана білейік, әлі де болса түбегейлі зерттеулер жүргізе түсейік дегенге сайды. Бірінің ақындық шеберлігі, екіншісінің үстем тапты аяусыз шенеген жақтары, үшіншісінің поэтикалық лексикасының ересен байлығы зерттеу нысанасына ілінуге лайық.

Демократ жазушыларымызды жақсы бағалап жүрміз дейміз. Осы туста сөз ретінде айта кететін бір мәселе бар. Шоқан Уәлиханов шығармаларының күні бүгінге дейін толық жинағы орыс тілінде шыққан емес. Шоқан біздің ұлттық мақтанышымыз деп қырық жыл бойы қайталап айтып келеміз. Бірақ,  оның шығармаларын түпнусқасының өзін де толық шығара  алмағанымыз   ұят.    Тіпті   таңдамалылардың   өзін шығару жумысы жылдарға кетеді. Ал, Шоқанды қазақ тілінде сөйлету - әлі күнге дейін қолға алынбаған іс. Шоқан шығармаларын қазақшаға аударып, кітап етіп тарату маңызды міндеттердің бірі болып саналды.

Революцияға дейінгі әдебиеттің жеке өкілдері туралы конференцияда бірнеше баяндама жасалды. Атап айтқанда, Шортанбай, Дулат, Мәшһүр Жүсіп Көпеев, Шәңгерей Бөкеев творчествосы туралы жеке-жеке сөз болды. Аталған іқындардың туындыларының мән-мазмұны, идеялық бағыты, олардағы реализм, сыншыл сарындар жайында о.ппідамашылар көптеген мысалдар келтірді. Оның бәрі бірдей ғылыми негізге сүйенген әділ қорытынды деп айту қиын. Дегенмен көпшілікке мәлім емес кей жайларынан  пайыдамашылар тыңдаушыны хабардар етті деуге болады. Бұл ақындар жайлы баяндамалардың артық-кемі жарыссөзге шығып сөйлеушілердің сөздерінде дұрыс көрсетіледі.

Дулат ақынның творчествосы жайында баяндама жасаған филология ғылымының кандидаты Х.Сүйіншәлиевтің баяндмасында ақынның көптеген өлендерінен мысалдар келтірілген. Сонда да болса, бул баяндаманы ғылыми жағынан тиянақты, тұжырымды болды деп айта алмаймыз. Баяндамашы көп жағдайда жалтақтай сөйлейді, біресе мақтай, біресе сынай айтқандықтан, көпшілік оның өзінің анық тұжырымы қайсы екенін аңғара алмай қалды. Мұны кейініректе шығып, қорытынды сөз сөйлеген академик М.Әуезов орынды сынға алды.

Мәшһүр Жүсіп Көпеев творчествосы да көптен бері зерттеушілердің талқысына түсіп жүргені белгілі. Бірак әлі күнге дейін ол туралы тиянақты пікірге келгеніміз жоқ. Мұның да себебі зерттеу жүмысындағы біржақтылықтан. Конференцияда Мәшһүр Жүсіп туралы арнаулы баяндама қойылғанымен, баяндамашы І.Жарылғапов үлкен істің үдесінен шыға алмады. Шортанбай туралы баяндамада да жаңа тұжырым, соны пікір айтылмады, ақын жайында ежелден келе жатқан пікірлер қайталанды.

Филология ғылымның докторы Б.Кенжебаев XX ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті жайындағы баяндамасында демократ жазушылардың шығармаларындағы басты тенденцияларды дәлелдеп ашып көрсетті. Алайда конференцияға ең қажет мәселенің бірі демократ жазушылар ғана емес, шығармаларында қайшылығы көп жазушылар ғой. Сол анық, даулы мәселелердің төңірегінде Б.Кенжебаев кеңірек тоқталғанда орынды болатын еді. Мәселен ол кітаби ақындар туралы анық та толық пікір білдірмеді.

XX ғасырдың басындағы әдебиеттің көрнекті өкілінің бірі - Мүхаметжан Сералин туралы баяндама жасаған филология ғылымының кандидаты Ә.Дербісәлин ақынның басты шығармаларына тоқталды. М.Сералиннің «Топжарған», «Гүлхашима» тәрізді поэмаларында заманның маңызды тақырыптары көтерілген. Оның үстіне М.Сералин өз тусындағы ең озық қазақ журналистерінің бірі болған. Оның көптеген публицистикалық мақалаларында қазақ елінің күн тәртібіндегі көкейкесті сүраулар айтылады. Сералин мақалаларынан өз халқына шын берілген, сонымен бірге басқа халықтардың да мүддесін қадірлей білетін үлкен ойшыл азаматты көреміз. Аударма саласындағы тәжірибесі де Сералин талантының жаңа қырларын танытады. Алайда, біз Бул күнге Сералин туралы жалпылама деректен көп асып кете алмай жүрміз. Ендігі жерде оның еңбектері сала-салаға бөлініп, зерттелуге тиіс. Сералин туралы үлкен моног рафиялық еңбектер жазудың әбден орны бар.

Сералиннің аты аталғанда, «Айқап» журналы туралы айтпай кетуге ешбір болмайды. Конференцияны уйымдастырушылар бул мәселені де ойланған тәрізді. Сол себептен «Айқап» журналының қызметіне арналған жеке баяндама жасалды. Баяндамашы Қарашева жолдас өз міндетіне жауаптылық көрсетіп, «Айқап» журналының бетінде жарияланған әр түрлі тақырыпты материалдарды зерттеген. «Айқап» журналы өз кезіндегі ең маңызды проблемалардың  қай-қайсысына да үн қосып отырған. Соның көпшілігінде журналдың демократиялық, ағартушылық бағыт ұстанғанын көруге болады. «Айқаптың» бетінде қазақ тілі, әдебиеті, мәдениеті, отырықшылық жайы, оқу-ағарту сияқты сан-алуан сипаты бар мақалалар басылған. Журналдың негізгі бағыты халыққа неғурлым көбірек пайда тигізу мақсаты болғаны күмән келтірмесе керек. Солай бола турса да, кейбір зерттеушілер «Айқаптың» қазақ халқы алдындағы көрнекті қызметін көргісі келмей, оған қайдағы бір құбыжықтарды телуге даяр тұратындығы өкінішті. «Айқап» журналының көптерген сан-салалы жайларын жеке-жеке сын таразысынан өткізіп, ақиқатын ашатын мезгіл жетті.

Бөлісу: