Радио – әуенді насихаттаушы құрал

13 Қараша 2013, 06:10

Әнді насихаттаудың пәрменді құралдарының бірі - радио. Қазақ радиосы бұл салада тиісті қызметін атқарып келеді. Бірақ әндердің кейде тым мардымсыз аз берілетінін айту керек. Бізде тыңдаушының құлақ құрышын қандырарлықтай рк   концерт   тым   сирек   беріледі.   Бұл   жөнінде   басқа згубликалардан    үйренген    жөн.    Әсіресе,    малшыларға шчған концерт күн сайын және мол болуы керек-ақ. Қазақтың хор мәдениетін көркейтуге де ерскше кеңіл бөлу керек. Хор капелласының, ән-би ансамбліпің орындап жүрген кейбір хорларын игі бастама деп білеміз. Мәселен, «Ақтамақтың» айтылуы тартымды. Бірақ мундай мысалдар көп емес. Шынын айтқанда, кейбір хорларда әннің табиғи әуені, үйлесімі тым өзгертіліп, сурықсыз шығып жүр. Кейде әп-әдемі  ән  өзінің өрнегінен  айрылып  естіледі.  Қазақтың ұлттық хорын жасауда ізденіп, тың шешім табуға талаптанып жүрген жолдастар да бар. Соларға тыңдаушылар атынан бірер тілек ескертсек дейміз. Хор тым жасанды боп кетпесін. Әннің о  бастағы  құрылысы,   екпіні,   ырғағы   қисынсыз   өзгертіле бермесін,   хор   солистерінің   ән   сөзін   жатық,   анық,   таза, айтуына көңіл бөлінсін. Хор мәселесі сөз болғанда, орыс халқының бір жақсы дәстүрін  атап  көрсету  жөн.   Кең  байтақ  Россияның  жер-жерлерінде   туратын   халықтың   ән-әуезінде   аз   да   болса жергілікті   ерекшеліктер  бар  екені  анық.   Осыны  ескерген музыка мамандары орыстың ұлттық музыкасының барлық байлығын, әр қырлы өрнектерін көбейтуді көздеген. Қазір орыстың бірнеше облыстық халық хорлары бар. Бул ретте Солтүстік, Орал, Волга, Воронеж, Сибирь, Омбы, тағы да басқа хорларды атаймыз. Осылардың бәрі де орыс әңдерін айтады. Дегенмен, жергілікті этнографиялық ерекшеліктерін сақтай, дамыта отыра орындайды. Бул орыс әні мәдениетінің өсуіне қажет шараның бірі болып отыр. Әнші   композиторлар   жайында,    олардың   өмірі   мен творчествосы   туралы   арнайы   зерттеулердің   болмауы   зор олқылық. Ең болмаса атақты халық композиторлары: Біржан, Ақан,    Муса,    Мухит,    Естай,    тағы    басқалары    жөнінде таныстыру мақалалар жинағы да шықпаған. Музыкалық оқу орындарында қазақ музыкасының тарихы өтілу үшін алдын ала   зерттеу   жумыстары   жүргзілуі   шарт.   Амал   не,   бізде мұнымен айналысып, жұмыс тындырып жүргендер жоқтың қасы. Күйші композиторлар туралы кітап шығарған профессор А.Жұбановтан    басқа    ұлт    музыкасы    тарихын    зерттеп кұргендерді әзірге көре алмай келеміз. Бұл - ойлантарлық-ақ мөселе. Бұл жөніндегі әңгіме тағы да академиялық өнер Секторына (жетекшісі Б.Ерзакович) тірелетіні сөзсіз. Қазақ әндері деген кең тақырып. Мұның тарам-тарамы қалың диссертациялардың нысанасы боларлық. Советтік заманда мәдениеті өскен қазақ халқының мақтаныш тұтар рухани байлығының бір тармағы да осы әндер. 1959

Әнді насихаттаудың пәрменді құралдарының бірі - радио. Қазақ радиосы бұл салада тиісті қызметін атқарып келеді. Бірақ әндердің кейде тым мардымсыз аз берілетінін айту керек. Бізде тыңдаушының құлақ құрышын қандырарлықтай рк   концерт   тым   сирек   беріледі.   Бұл   жөнінде   басқа згубликалардан    үйренген    жөн.    Әсіресе,    малшыларға шчған концерт күн сайын және мол болуы керек-ақ.

Қазақтың хор мәдениетін көркейтуге де ерскше кеңіл бөлу керек. Хор капелласының, ән-би ансамбліпің орындап жүрген кейбір хорларын игі бастама деп білеміз. Мәселен, «Ақтамақтың» айтылуы тартымды. Бірақ мундай мысалдар көп емес. Шынын айтқанда, кейбір хорларда әннің табиғи әуені, үйлесімі тым өзгертіліп, сурықсыз шығып жүр. Кейде әп-әдемі  ән  өзінің өрнегінен  айрылып  естіледі.  Қазақтың ұлттық хорын жасауда ізденіп, тың шешім табуға талаптанып жүрген жолдастар да бар. Соларға тыңдаушылар атынан бірер тілек ескертсек дейміз. Хор тым жасанды боп кетпесін. Әннің о  бастағы  құрылысы,   екпіні,   ырғағы   қисынсыз   өзгертіле бермесін,   хор   солистерінің   ән   сөзін   жатық,   анық,   таза, айтуына көңіл бөлінсін.

Хор мәселесі сөз болғанда, орыс халқының бір жақсы дәстүрін  атап  көрсету  жөн.   Кең  байтақ  Россияның  жер-жерлерінде   туратын   халықтың   ән-әуезінде   аз   да   болса жергілікті   ерекшеліктер  бар  екені  анық.   Осыны  ескерген музыка мамандары орыстың ұлттық музыкасының барлық байлығын, әр қырлы өрнектерін көбейтуді көздеген. Қазір орыстың бірнеше облыстық халық хорлары бар. Бул ретте Солтүстік, Орал, Волга, Воронеж, Сибирь, Омбы, тағы да басқа хорларды атаймыз. Осылардың бәрі де орыс әңдерін айтады. Дегенмен, жергілікті этнографиялық ерекшеліктерін сақтай, дамыта отыра орындайды. Бул орыс әні мәдениетінің өсуіне қажет шараның бірі болып отыр.

Әнші   композиторлар   жайында,    олардың   өмірі   мен творчествосы   туралы   арнайы   зерттеулердің   болмауы   зор олқылық. Ең болмаса атақты халық композиторлары: Біржан, Ақан,    Муса,    Мухит,    Естай,    тағы    басқалары    жөнінде таныстыру мақалалар жинағы да шықпаған. Музыкалық оқу орындарында қазақ музыкасының тарихы өтілу үшін алдын ала   зерттеу   жумыстары   жүргзілуі   шарт.   Амал   не,   бізде мұнымен айналысып, жұмыс тындырып жүргендер жоқтың қасы. Күйші композиторлар туралы кітап шығарған профессор А.Жұбановтан    басқа    ұлт    музыкасы    тарихын    зерттеп кұргендерді әзірге көре алмай келеміз. Бұл - ойлантарлық-ақ мөселе. Бұл жөніндегі әңгіме тағы да академиялық өнер Секторына (жетекшісі Б.Ерзакович) тірелетіні сөзсіз.

Қазақ әндері деген кең тақырып. Мұның тарам-тарамы қалың диссертациялардың нысанасы боларлық. Советтік заманда мәдениеті өскен қазақ халқының мақтаныш тұтар рухани байлығының бір тармағы да осы әндер.

1959

Бөлісу: