Ән туралы бірер сөз

13 Қараша 2013, 06:08

Халық әндерінің бүкіл қорын түп-түгел санап шыққан ешкім жоқ. Қазақтың мыңнан астам ән-күйін нотаға түсірген А.В.Затаевич еңбегін әрдайым қадір тұтамыз. Бірақ нақ сол адамның   өшпес   өнегесін   жалғастырып   кеткен   қажырлы іерттеушілеріміздің көп болмағанын да айту керек. Бірен-оаран адамдар болмаса, бул іске білек түрініп кіріскендер аз. Осы себептен бірсыпыра әндер жазылмай, айтылмай, бірте-бірте ұмытылып кеткені мәлім. Қазақ әндерінің үлкен бір тобы - белгілі халық композиторлары шығарған әндер. Булардың көпшілігін халық сүйіп айтады. Атақты композиторлардың әндері ауыздан-ауызға кешіп, іріктеліп, ең тартымдылары ел арасына тараған. Олар - шыншылдық күшінің молдығымен, жүректі қақ жарып шыққан әсерлілілігімен халықтық мураға айналған қазына. Бәрінен бурын ән шыншыл, сулу, мазмунды болуы керек. Көптің көңілінен шықпаған әуен айтылмай, тез умытылып кетпек. Сахара халқының ойында уялап қалу үшін ән мен күй әр қасиеттерге ие болуы қажет еді. Міне, бүгін музыкалық қазынамыз болып отырған шығармалар осындай өшпес сипатқа толы десек артық айтылғандык болмайды. Әннің ел мен елдің арасындағы алшақ жолдың алыстығына қарамастан таралып кетуінің сыры осында. Айтушыға да байланысты коп нәрсе бар. Шын жүректен қуйылып шыққан әсем әуез тыңдаушыға әсер бермей қоймайды. Жақсы әннің өзін жақсы айту шарт болған ғой.  Сахпасы жоқ, театры жоқ көшпелі ел әншіге қатал талап қойған. Еркін төгілмеген әншілікке ешкім мойын бурмаған. Ән айту деген міндет те, мамандық та емес, табиғи қажеттілік, жан сырын білдіру, сухбаттасу көрінісі саналған. Осы бір ғажап ерекшелік М.Әуезовтың «Абай жолы» эпопеясынан анық көрінеді. Атақты Біржан салдың Абай ауылында жатып ірі салғаны ерен онерпаздықтың, шабытты шеберліктің жарқын мысалы. Ірі әншілер өз жүрегі қалаған, жаны сүйген әнді әсем, әсерлі айта білген. Журттың бәрі бір әнді жүз қайтара тыңдауға да жалықпайтыны осыдан болса керек. Ал жанды тербеген ән, айтушының аңыратқан үні ойда жатталмай қалар ма? Қазаққа «әнші халық» деген дақпырт әперген де өзгеше жүйрік өнер иелері екені анық. Советтік заманда халқымыздың жаңарған өмірін бейнелейтін ән мен күй - музыкалық мәдениетіміздің үлкен бір саласы болып отыр. Қазак совет композиторларының таңдаулы туындылары халық қажетіне жарап келеді. Олардан ұлттық музыканың жақсы қасиеттері: табиғилық, шыншылдық мол табылады. Музыканың өнер ішінде айрықша ерекшелігі бар екені белгілі. Ол өзінің ұнамдылығымен, әсерлілігімен күшті. Кейбір архитектуралық ғимараттар сырт формасының тартымсыздығына қарамай, берік мұғалдығымен пайдаға жарай береді. Бірақ ән мен күй олай емес. Бұларға сұлулық пен мазмұндылық қатар керек. Бұл музыканың өзіне ғана тән шарттылықтары бар екендігін көрсетеді. Құлаққа түрпідей тиетін қаңғыр-күңгір дыбыстарды тізіп, тыңдаушының мейірін қандыру қиын. Әнді тақырып ұтымдылығы да мұратқа жеткізе алмаса керек.

Халық әндерінің бүкіл қорын түп-түгел санап шыққан ешкім жоқ. Қазақтың мыңнан астам ән-күйін нотаға түсірген А.В.Затаевич еңбегін әрдайым қадір тұтамыз. Бірақ нақ сол адамның   өшпес   өнегесін   жалғастырып   кеткен   қажырлы іерттеушілеріміздің көп болмағанын да айту керек. Бірен-оаран адамдар болмаса, бул іске білек түрініп кіріскендер аз. Осы себептен бірсыпыра әндер жазылмай, айтылмай, бірте-бірте ұмытылып кеткені мәлім.

Қазақ әндерінің үлкен бір тобы - белгілі халық композиторлары шығарған әндер. Булардың көпшілігін халық сүйіп айтады. Атақты композиторлардың әндері ауыздан-ауызға кешіп, іріктеліп, ең тартымдылары ел арасына тараған. Олар - шыншылдық күшінің молдығымен, жүректі қақ жарып шыққан әсерлілілігімен халықтық мураға айналған қазына.

Бәрінен бурын ән шыншыл, сулу, мазмунды болуы керек. Көптің көңілінен шықпаған әуен айтылмай, тез умытылып кетпек. Сахара халқының ойында уялап қалу үшін ән мен күй әр қасиеттерге ие болуы қажет еді. Міне, бүгін музыкалық қазынамыз болып отырған шығармалар осындай өшпес сипатқа толы десек артық айтылғандык болмайды. Әннің ел мен елдің арасындағы алшақ жолдың алыстығына қарамастан таралып кетуінің сыры осында.

Айтушыға да байланысты коп нәрсе бар. Шын жүректен қуйылып шыққан әсем әуез тыңдаушыға әсер бермей қоймайды. Жақсы әннің өзін жақсы айту шарт болған ғой.  Сахпасы жоқ, театры жоқ көшпелі ел әншіге қатал талап қойған. Еркін төгілмеген әншілікке ешкім мойын бурмаған. Ән айту деген міндет те, мамандық та емес, табиғи қажеттілік, жан сырын білдіру, сухбаттасу көрінісі саналған. Осы бір ғажап ерекшелік М.Әуезовтың «Абай жолы» эпопеясынан анық көрінеді. Атақты Біржан салдың Абай ауылында жатып ірі салғаны ерен онерпаздықтың, шабытты шеберліктің жарқын мысалы.

Ірі әншілер өз жүрегі қалаған, жаны сүйген әнді әсем, әсерлі айта білген. Журттың бәрі бір әнді жүз қайтара тыңдауға да жалықпайтыны осыдан болса керек. Ал жанды тербеген ән, айтушының аңыратқан үні ойда жатталмай қалар ма? Қазаққа «әнші халық» деген дақпырт әперген де өзгеше жүйрік өнер иелері екені анық.

Советтік заманда халқымыздың жаңарған өмірін бейнелейтін ән мен күй - музыкалық мәдениетіміздің үлкен бір саласы болып отыр. Қазак совет композиторларының таңдаулы туындылары халық қажетіне жарап келеді. Олардан ұлттық музыканың жақсы қасиеттері: табиғилық, шыншылдық мол табылады.

Музыканың өнер ішінде айрықша ерекшелігі бар екені белгілі. Ол өзінің ұнамдылығымен, әсерлілігімен күшті. Кейбір архитектуралық ғимараттар сырт формасының тартымсыздығына қарамай, берік мұғалдығымен пайдаға жарай береді. Бірақ ән мен күй олай емес. Бұларға сұлулық пен мазмұндылық қатар керек. Бұл музыканың өзіне ғана тән шарттылықтары бар екендігін көрсетеді. Құлаққа түрпідей тиетін қаңғыр-күңгір дыбыстарды тізіп, тыңдаушының мейірін қандыру қиын. Әнді тақырып ұтымдылығы да мұратқа жеткізе алмаса керек.

Бөлісу: