Қазақ энциклопедиясын шығарудың уақыты жетті

13 Қараша 2013, 05:46

Революцияға дейінгі дәуірде Россияда шыққан энциклопедияларда озат ой мен байтақ білім таратудың жақсы құралы болды. Біздің елімізде, совет өкіметі жылдары Советтік үлкен энциклопедия (БСЭ) екі рет басылып шықты. Соңғысы елу томдық. Мұның мәдени өмірдегі зор оқиға болғаны анық. Сан мыңдаған оқушы, студент, маман мол қазынаға кенелді. Бұларға қоса әр түрлі ғылым саласында энциклопедиялық еңбектер шығарып келеді. Қазақша энциклопедия шығару уақыты жеткендей. Әрбір қиындықты сылтауратпай, үлкен іске іркілмей кіріссек, табысқа жетеріміз шәксіз. Энциклопедия атаулы әрбір елде, әр жолы тыңнан жасала бермеген. Мәдениетке ертерек жеткен елдерде білімге кенже қалған халықтар үлгі, ғибрат алып отыруы занды. Әрбір жаңа энциклопедия бүрынғы шыққандардың тәжірибесіне сүйене жасалады. Француздың атақты энциклопедиясын жасаушылар өзге елдердің энциклопедиясын, әсіресе ағылшын энциклопедиясын кеңінен пайдаланғанын ашық жазған. Сонда да болса француз адамдары өздерінің тарихи еңбегін елінің төл дүниелігіндей етіп шығарған. Біздің алдымыздағы өнеге - орыс тілінде шыққан Советтік үлкен энциклопедия. Кітаптың саны елу бола ма, иемесе одан да аз бола ма, екінші мәселе. Тіпті алғашқы ретте Советтік Кіші энциклопедия үлгісінде кітаптар шығарса да тақияға тар келмес еді. Қайткен күнде де осы игілікті іс қолға алынса дейміз... Өз ана тілінде кітап оқитын сан мыңдаған окушыларымыздың мәдени мүқтажын толық өтеуді күн юртібіне қою қажет. Қазақша энциклопедия, негізінде, иударма еңбек болатыны сөзсіз. Бірақ ол, сонымен бірге, тек аударма шеңберінде қалып қоймауға тиіс. Қазақ тарихының көп мәселелері, мол оқиғалары, бұрын-соңды жасаған түрлі қайраткерлері, елдің салт-санасы, тілі, әдебиеті, дәстүрі, шаруашылығы, кәсібі, ойын-сауығы, спорты, заңы, тау-тасы, өзен-көлі, қалалары жайлы тараптан ғылыми қонымды мәлімет берілуі шарт. Қысқасы, қазақша энцклопедия басқа жұрттардың,  соның негізінде, ең алдымен орыстың энциклопедияларының негізінде ірі аударылып, әрі жергілікті материалдармен толықтырылып жасалуы жөн. Бізде ғылыми-техникалық терминдер қалыптаспай келеді. Бұл қазақ тілінде еңбек жазуға да, техникалық кітаптарды шығаруға да қиындық келтіретіні талассыз. Бірақ, шындап еркін пайдалана білсе, ана тілінде де мол мүмкіндік бар екенін естен шығаруға болмайды. Техниканың барлық термині бір өзінен  табылған халық дүниеде жоқ қой. Қай ел болмасын басқалардан  ауысып, үйреніп отырады. Қандай қиын деген итернационалдық   термин   де   тілдің   ішкі   заңдылығына іделіп, бағынып кетеді. Осы  туста атап өтер бір жағдай бар. Біздің бастауыш, орта мектепдің барлық дерлік оқулығы аудармалар. Олардың қаншалықты сапалы, жатық аударылып-аударылмай жатқаны өз алдына бөлек әңгіме. Бүкіл одақ мектептеріне арналған оқулықтарды пайдалануымыз орынды. Бірақ біздің ғалымдарымыздың түрлі пән саласынан төл оқулық жазуға, тіпті көмекші қүралдар жасауға талаптанбауы өкінішті. Мәселен Қазақстан тарихы, географиясы жөнінде арнаулы қүралдар әбден қажет-ақ болар еді. Қазақ ССР ғылым академиясының басшылыгы қазақша энциклопедия шығарудың жайларын қарастырып, шешуге тиіс. Біздіңше бұл аса қажетті пайдалы жұмыстардың бірі. 1959

Революцияға дейінгі дәуірде Россияда шыққан энциклопедияларда озат ой мен байтақ білім таратудың жақсы құралы болды.

Біздің елімізде, совет өкіметі жылдары Советтік үлкен энциклопедия (БСЭ) екі рет басылып шықты. Соңғысы елу томдық. Мұның мәдени өмірдегі зор оқиға болғаны анық. Сан мыңдаған оқушы, студент, маман мол қазынаға кенелді. Бұларға қоса әр түрлі ғылым саласында энциклопедиялық еңбектер шығарып келеді.

Қазақша энциклопедия шығару уақыты жеткендей. Әрбір қиындықты сылтауратпай, үлкен іске іркілмей кіріссек, табысқа жетеріміз шәксіз. Энциклопедия атаулы әрбір елде, әр жолы тыңнан жасала бермеген. Мәдениетке ертерек жеткен елдерде білімге кенже қалған халықтар үлгі, ғибрат алып отыруы занды. Әрбір жаңа энциклопедия бүрынғы шыққандардың тәжірибесіне сүйене жасалады. Француздың атақты энциклопедиясын жасаушылар өзге елдердің энциклопедиясын, әсіресе ағылшын энциклопедиясын кеңінен пайдаланғанын ашық жазған. Сонда да болса француз адамдары өздерінің тарихи еңбегін елінің төл дүниелігіндей етіп шығарған.

Біздің алдымыздағы өнеге - орыс тілінде шыққан Советтік үлкен энциклопедия. Кітаптың саны елу бола ма, иемесе одан да аз бола ма, екінші мәселе. Тіпті алғашқы ретте Советтік Кіші энциклопедия үлгісінде кітаптар шығарса да тақияға тар келмес еді. Қайткен күнде де осы игілікті іс қолға алынса дейміз...

Өз ана тілінде кітап оқитын сан мыңдаған окушыларымыздың мәдени мүқтажын толық өтеуді күн юртібіне қою қажет. Қазақша энциклопедия, негізінде, иударма еңбек болатыны сөзсіз. Бірақ ол, сонымен бірге, тек аударма шеңберінде қалып қоймауға тиіс.

Қазақ тарихының көп мәселелері, мол оқиғалары, бұрын-соңды жасаған түрлі қайраткерлері, елдің салт-санасы, тілі, әдебиеті, дәстүрі, шаруашылығы, кәсібі, ойын-сауығы, спорты, заңы, тау-тасы, өзен-көлі, қалалары жайлы тараптан ғылыми қонымды мәлімет берілуі шарт. Қысқасы, қазақша энцклопедия басқа жұрттардың,  соның негізінде, ең алдымен орыстың энциклопедияларының негізінде ірі аударылып, әрі жергілікті материалдармен толықтырылып жасалуы жөн.

Бізде ғылыми-техникалық терминдер қалыптаспай келеді. Бұл қазақ тілінде еңбек жазуға да, техникалық кітаптарды шығаруға да қиындық келтіретіні талассыз. Бірақ, шындап еркін пайдалана білсе, ана тілінде де мол мүмкіндік бар екенін естен шығаруға болмайды. Техниканың барлық термині бір өзінен  табылған халық дүниеде жоқ қой. Қай ел болмасын басқалардан  ауысып, үйреніп отырады. Қандай қиын деген итернационалдық   термин   де   тілдің   ішкі   заңдылығына іделіп, бағынып кетеді.

Осы  туста атап өтер бір жағдай бар. Біздің бастауыш, орта мектепдің барлық дерлік оқулығы аудармалар. Олардың қаншалықты сапалы, жатық аударылып-аударылмай жатқаны өз алдына бөлек әңгіме. Бүкіл одақ мектептеріне арналған оқулықтарды пайдалануымыз орынды. Бірақ біздің ғалымдарымыздың түрлі пән саласынан төл оқулық жазуға, тіпті көмекші қүралдар жасауға талаптанбауы өкінішті. Мәселен Қазақстан тарихы, географиясы жөнінде арнаулы қүралдар әбден қажет-ақ болар еді.

Қазақ ССР ғылым академиясының басшылыгы қазақша энциклопедия шығарудың жайларын қарастырып, шешуге тиіс. Біздіңше бұл аса қажетті пайдалы жұмыстардың бірі.

1959

Бөлісу: