Әбікен күйшінің шығармашылығы

13 Қараша 2013, 05:29

«Саржайлауды», «Қосбасарды», «Дайрабайды» тартатын атақты күйші Қасенов Әбікенді қазақ халқы тегіс біледі дедік. Ал ол осы даңққа қалай жеткен? Әбікен облыс-облысқа шығып тұратын концерт бригадаларына көп қатысқан емес. ІІсмесе оның күйлерін екі күннің бірінде естіп жүрміз деп ешкім де айта алмайды. Өзінің барлық өнерпаздық қабілетін драма театры сахнасында көрсетіп жүрген артист тамаша күйлерін оқта-текте бір тартып жүрсе де аты әйгілі. Оның ісбебі біріншіден, Тәттімбеткүйлері қазақхалқының көпшілік илкесіне ежелден мол тараған сүйікті күйлер болатын. Халық чіі күйлерді әрдайым сағына күтіп отырады. Екіншіден, Қасенов Әбікен шертпе күйдің теңдесі жоқ шебері. Оның і аусағы домбыра шегіне тиісімен небір ғажайып сұлу әуен жүрегіңді тербей жөнеледі. Қасенов Әбікеннің репертуарына елу-алпысқа жуық күй бір екен. Солардың біразы жазылса да, көп күйлер әлі де пластинкаға түспеген. Әбікен өзі тартатын көп күйлердің аңыз болып таралған тарихын да айтады. Мәселен, оның айтуынша «Саржайлау» Күйін шығарған Тәттімбет емес Тоқа деген кісі. Ал осы күйдің шығу себебі төмендегідей болса керек. Тоқа атақты күйші болған. Сонымен қатар ол бірбет, табанды адам болса керек. Бір жазда ел жайлауға шыққан кезде Тоқаның ауылын жуан ағайындарды журтқа тастап, өздері көшіп кетеді. Айдалада жалғыз қалған Тоқа жайлаудың барлық сулулығын, ойын-тойларды, домбыра тартыстарын, айтыстарды, көкпар-бәйгелерді есіне түсіріп, улы өкінішпен қасірет шеге, тебірене отырып осы күйді шығарған екен дейді. Күйшілік өнері бүкіл қазақ халқына көптен танылған атақты өнерпаздың еңбегін журтшылық жылдар бойы ардақтап келеді. Әбікен тартқан күйлерге сүйсінбеген кісі табылмас. Бірақ осы күйшінің өнерін, күйшілік шеберлігін насихаттауда, халыққа кеңінен таратуда үлкен әбестік өткен. Осы күнде Тәттімбет стиліндегі күйлерді тартатын адам көп емес. Олардың да көпшілігі ол күйлерді шамалы ғана орындайтындар. Ендеше бұл күйлердің жастар арасында көп таралмау себебі неліктен? Біздіңше, мұның әр түрлі сыры бар секілді. Ең алдымен, Тәттімбет күйлері күйшіден аса үлкен шеберлікті, жанымен түсіне отырып тартуды, ұзақ машықтануды керек ететінін айту керек. Көп адамдардың «Саржайлау» мен «Қосбасарды» тартуды арман етіп, бірақ ештеңе шығара алмай жүргенін білеміз. Осының өзінен де бұл күйлердің айрықша дарындылықты керек ететінін байқауға болады. Бірақ бұл мәселенің бір жағы ғана. Ерте кезде шертпе күйдің неше алуан алыптары туған болса, осы заманда да олардың талантты мұрагерлері шығуы тиіс қой. Бірақ көп айтып, аз айтқанда Тәттімбет күйлерін жылдар бойы таратып келе жатқан жалғыз ғана адам бар. Ол -Қасенов Әбікен. Осыған қарап бір нәрсеге таңданбауға болмайды. Қазір Қазақстанда домбыра өнерімен әуестенушіер мыңдап саналады. Міне, солардың ішінен Тәттімбет күйлерін тартарлық бірде-бір талапкер шықпағаны ма? Бұлай деп айтуға тағы да болмайды. Өйткені екінің бірі бұл күйлердің теңдесі жоқ сұлулығын мойындайды, «шіркін, сол күйлерді тартар ма еді» деп армандайды. Шындап келсек, барлық қырсық музыка мекемелері басшыларының қазақ күйлерінің тұтас үлгісі болған шығармаларды жеткілікті бағаламаған-дығында жатыр. Алматыда консерваторияның ашылғанына 14 жыл болды. Содан бері онда ұлт аспаптарының факультеті жұмыс істейді. Бірақ, өкінішке қарай, сол факультетте Тәттімбет күйлерін сабақ ретінде өтіп үйретуді ешкім де ойға алмаған. Сондықтан жас талапкерлер өздігініпе қанша үйренемін дегенмен, істің сәті түспей келеді. Осы арада қазақтың улттық  аспаптар оркестрін тұңғыш ұйымдастырган жоне опы басқарған профессор Жұбанов Ахметке өкпе айтііасқл болмайды. Күйді бір адам түсінсе, сол кісі түсінер. Бірақ ол консерваторияның ұлт аспаптар факультетінде Тәттімбет куйлерінің класын ашуды қолға алмай, осы бір игілікті істі  корінеу умыт қалдырған. Бул арада айыптының үлкені Мәдениет министрлігінің басшылығы демеске болмайды. Бәрін айт та, бірін айт дегендей, Тәттімбет күйлерінің дүлдүл орындаушысы Қасенов Әбікен өз өнерін басқаларға үйретуге жылдар бойы ешбір мүмкіншілік гаппаған. Мәдениет министрлігінің, композиторлар одағының, музыка орындары басшылығының көз алдында үлкен өнер иесі ұзақ жылдар бойы кезейсоқ күйші ретінде ғана саналып кслген. Бір кезде Орта Азия елінде үй салу өнерінің асқан шеберлері болғаны тарихтан мәлім. Бірақ солардың өнері көп жағдайда келешек ұрпаққа жетпей қалған. Оған, әрине, ерте Кездегі қым-қиғаш жағдайлар, аласапыран соғыстар себепкер еді. Бірақ Қасенов Әбікеннің өмір сүрген заманы біздің советтік заман ғой. Қазақ халқының ешкімге белгісіз боп кұрген талай-талай талантты ұл-қызы осы дәуірде өнердің биіне өрледі. Атақты күйші Қасенов Әбікеннің де дарынына Шабыт бітірген советтік дәуір. Ендеше сол зор таланттың ағартушылық өрнегін жастарға үлгі ғып тарту да парыз. Сырт қарағанда, Тәттімбет күйлерінің тіпті аз и.к ихатталуы, оның күйлерінің музыкалық оқу орындарында уйретілмеуі бір кездейсоқ көрініс сияқты. Бірақ бұл біздің Квйбір маман музыка қайраткерлеріміздің ұлттық өнерді дамыту жолдарын үлкен борышым деп ойламайтындығын көрсетеді. Рас, Тәттімбет күйлерінің біразы патефон пластинкасына түскен, ол күйлер ауық-ауық радиодан да орындалып турады. «Саржайлау» мен «Сылқылдақ» оркестрде де орындалады. Бірақ муның алғашқысын сәтті десек те, соңғысы туралы муны  айтуға болмайды. Оркестрге түсіргенде күйлердің де сурқы  терең зерттеп, оған лайықты шешім табу керек сияқты. Өйтпесе тамаша сулу күйлердің де сурқы қашып шыға бермек.  Осы арада біздің талантты композиторларымызға арнап бір сөз айтудың реті бар. Шынында, Тәттімбет күйлерікомпозиторларымызға, олардың өнерпаздық еңбегіне үлкен шабыт болмас па еді. ¥лы күйшінің шығармалары негізінде үлкен-үлкен туындылар жасауға әбден болатын тәрізді. Бұл жаңа шығармалар тудырудың және музыканы насихаттаудың бір алуан жолы болар еді. «Шешеннің тілі ортақ, шебердің қолы ортақ» деген бар ғой. Сол сияқты атақты домбырашы Қасенов Әбікеннің қайталанбас шеберлігін халқымыз мақтаныш етеді. Ендігі әңгіме күйшінің барлық күйлерін түгелдей жазып алуда. Онан соң консерваторияда және басқа музыкалық оқу орындарында Тәттімбет күйлерінің класын ашып, оны жас талапкерлерге жоспарлы түрде үйрету қажет. Қасенов Әбікен қазір 66-да. Күйшінің елден асқан өнері туған халқын талай-талай қуанышты сезімге кенелткен. Тәттімбет күйлерінің классик орыңдаушысы Қасенов Әбікеннің сау-сәлемет болып, бар өнерін ұрпақтарға үйретіп, өшпес мұра қалдыруына жұртшылық тілектес. 1958

«Саржайлауды», «Қосбасарды», «Дайрабайды» тартатын атақты күйші Қасенов Әбікенді қазақ халқы тегіс біледі дедік. Ал ол осы даңққа қалай жеткен? Әбікен облыс-облысқа шығып тұратын концерт бригадаларына көп қатысқан емес. ІІсмесе оның күйлерін екі күннің бірінде естіп жүрміз деп ешкім де айта алмайды. Өзінің барлық өнерпаздық қабілетін драма театры сахнасында көрсетіп жүрген артист тамаша күйлерін оқта-текте бір тартып жүрсе де аты әйгілі. Оның ісбебі біріншіден, Тәттімбеткүйлері қазақхалқының көпшілік илкесіне ежелден мол тараған сүйікті күйлер болатын. Халық чіі күйлерді әрдайым сағына күтіп отырады. Екіншіден, Қасенов Әбікен шертпе күйдің теңдесі жоқ шебері. Оның і аусағы домбыра шегіне тиісімен небір ғажайып сұлу әуен жүрегіңді тербей жөнеледі.

Қасенов Әбікеннің репертуарына елу-алпысқа жуық күй бір екен. Солардың біразы жазылса да, көп күйлер әлі де пластинкаға түспеген.

Әбікен өзі тартатын көп күйлердің аңыз болып таралған тарихын да айтады. Мәселен, оның айтуынша «Саржайлау» Күйін шығарған Тәттімбет емес Тоқа деген кісі. Ал осы күйдің шығу себебі төмендегідей болса керек. Тоқа атақты күйші болған. Сонымен қатар ол бірбет, табанды адам болса керек. Бір жазда ел жайлауға шыққан кезде Тоқаның ауылын жуан ағайындарды журтқа тастап, өздері көшіп кетеді. Айдалада жалғыз қалған Тоқа жайлаудың барлық сулулығын, ойын-тойларды, домбыра тартыстарын, айтыстарды, көкпар-бәйгелерді есіне түсіріп, улы өкінішпен қасірет шеге, тебірене отырып осы күйді шығарған екен дейді.

Күйшілік өнері бүкіл қазақ халқына көптен танылған атақты өнерпаздың еңбегін журтшылық жылдар бойы ардақтап келеді. Әбікен тартқан күйлерге сүйсінбеген кісі табылмас. Бірақ осы күйшінің өнерін, күйшілік шеберлігін насихаттауда, халыққа кеңінен таратуда үлкен әбестік өткен.

Осы күнде Тәттімбет стиліндегі күйлерді тартатын адам көп емес. Олардың да көпшілігі ол күйлерді шамалы ғана орындайтындар. Ендеше бұл күйлердің жастар арасында көп таралмау себебі неліктен? Біздіңше, мұның әр түрлі сыры бар секілді. Ең алдымен, Тәттімбет күйлері күйшіден аса үлкен шеберлікті, жанымен түсіне отырып тартуды, ұзақ машықтануды керек ететінін айту керек. Көп адамдардың «Саржайлау» мен «Қосбасарды» тартуды арман етіп, бірақ ештеңе шығара алмай жүргенін білеміз. Осының өзінен де бұл күйлердің айрықша дарындылықты керек ететінін байқауға болады. Бірақ бұл мәселенің бір жағы ғана.

Ерте кезде шертпе күйдің неше алуан алыптары туған болса, осы заманда да олардың талантты мұрагерлері шығуы тиіс қой. Бірақ көп айтып, аз айтқанда Тәттімбет күйлерін жылдар бойы таратып келе жатқан жалғыз ғана адам бар. Ол -Қасенов Әбікен. Осыған қарап бір нәрсеге таңданбауға болмайды. Қазір Қазақстанда домбыра өнерімен әуестенушіер мыңдап саналады. Міне, солардың ішінен Тәттімбет күйлерін тартарлық бірде-бір талапкер шықпағаны ма? Бұлай деп айтуға тағы да болмайды. Өйткені екінің бірі бұл күйлердің теңдесі жоқ сұлулығын мойындайды, «шіркін, сол күйлерді тартар ма еді» деп армандайды. Шындап келсек, барлық қырсық музыка мекемелері басшыларының қазақ күйлерінің тұтас үлгісі болған шығармаларды жеткілікті бағаламаған-дығында жатыр.

Алматыда консерваторияның ашылғанына 14 жыл болды. Содан бері онда ұлт аспаптарының факультеті жұмыс істейді. Бірақ, өкінішке қарай, сол факультетте Тәттімбет күйлерін сабақ ретінде өтіп үйретуді ешкім де ойға алмаған. Сондықтан жас талапкерлер өздігініпе қанша үйренемін дегенмен, істің сәті түспей келеді.

Осы арада қазақтың улттық  аспаптар оркестрін тұңғыш ұйымдастырган жоне опы басқарған профессор Жұбанов Ахметке өкпе айтііасқл болмайды. Күйді бір адам түсінсе, сол кісі түсінер. Бірақ ол консерваторияның ұлт аспаптар факультетінде Тәттімбет куйлерінің класын ашуды қолға алмай, осы бір игілікті істі  корінеу умыт қалдырған. Бул арада айыптының үлкені Мәдениет министрлігінің басшылығы демеске болмайды. Бәрін айт та, бірін айт дегендей, Тәттімбет күйлерінің дүлдүл орындаушысы Қасенов Әбікен өз өнерін басқаларға үйретуге жылдар бойы ешбір мүмкіншілік гаппаған. Мәдениет министрлігінің, композиторлар одағының, музыка орындары басшылығының көз алдында үлкен өнер иесі ұзақ жылдар бойы кезейсоқ күйші ретінде ғана саналып кслген.

Бір кезде Орта Азия елінде үй салу өнерінің асқан шеберлері болғаны тарихтан мәлім. Бірақ солардың өнері көп жағдайда келешек ұрпаққа жетпей қалған. Оған, әрине, ерте Кездегі қым-қиғаш жағдайлар, аласапыран соғыстар себепкер еді. Бірақ Қасенов Әбікеннің өмір сүрген заманы біздің советтік заман ғой. Қазақ халқының ешкімге белгісіз боп кұрген талай-талай талантты ұл-қызы осы дәуірде өнердің биіне өрледі. Атақты күйші Қасенов Әбікеннің де дарынына Шабыт бітірген советтік дәуір. Ендеше сол зор таланттың ағартушылық өрнегін жастарға үлгі ғып тарту да парыз.

Сырт қарағанда, Тәттімбет күйлерінің тіпті аз и.к ихатталуы, оның күйлерінің музыкалық оқу орындарында уйретілмеуі бір кездейсоқ көрініс сияқты. Бірақ бұл біздің Квйбір маман музыка қайраткерлеріміздің ұлттық өнерді дамыту жолдарын үлкен борышым деп ойламайтындығын көрсетеді.

Рас, Тәттімбет күйлерінің біразы патефон пластинкасына түскен, ол күйлер ауық-ауық радиодан да орындалып турады. «Саржайлау» мен «Сылқылдақ» оркестрде де орындалады. Бірақ муның алғашқысын сәтті десек те, соңғысы туралы муны  айтуға болмайды. Оркестрге түсіргенде күйлердің де сурқы  терең зерттеп, оған лайықты шешім табу керек сияқты. Өйтпесе тамаша сулу күйлердің де сурқы қашып шыға бермек.

 Осы арада біздің талантты композиторларымызға арнап бір сөз айтудың реті бар. Шынында, Тәттімбет күйлерікомпозиторларымызға, олардың өнерпаздық еңбегіне үлкен шабыт болмас па еді. ¥лы күйшінің шығармалары негізінде үлкен-үлкен туындылар жасауға әбден болатын тәрізді. Бұл жаңа шығармалар тудырудың және музыканы насихаттаудың бір алуан жолы болар еді.

«Шешеннің тілі ортақ, шебердің қолы ортақ» деген бар ғой. Сол сияқты атақты домбырашы Қасенов Әбікеннің қайталанбас шеберлігін халқымыз мақтаныш етеді. Ендігі әңгіме күйшінің барлық күйлерін түгелдей жазып алуда. Онан соң консерваторияда және басқа музыкалық оқу орындарында Тәттімбет күйлерінің класын ашып, оны жас талапкерлерге жоспарлы түрде үйрету қажет.

Қасенов Әбікен қазір 66-да. Күйшінің елден асқан өнері туған халқын талай-талай қуанышты сезімге кенелткен. Тәттімбет күйлерінің классик орыңдаушысы Қасенов Әбікеннің сау-сәлемет болып, бар өнерін ұрпақтарға үйретіп, өшпес мұра қалдыруына жұртшылық тілектес.

1958

Бөлісу: