Әбікен күйші

13 Қараша 2013, 05:25

Қазақта ежелден бері күйшілік өнерінің екі үлкен мектебі болған ғой. Соның бірі - осы күні халыққа кеңінен тарап кеткен екпінді, нөсерлі, дауылды батыс күйлері, екіншісі -сазды, ойлы, сұлу Орталық Қазақстан күйлері. Қазіргі кезде Құрманғазының, Дәулеткерейдің, Динаның күйлері зор даңққа боленді. Ол күйлердің сұлу ырғағын бір Қазақстан емес, бүкіл Совет Одағының халықтары еститін болды. Құрманғазы күйлерінің атағы жёр жүзіне тарады десек, артық айтқандық емес. Бұл - біздің шын мақтанышымыз. Бұрынғы кезде Шыңғыстаудан Қаратау мен Улытауға дейінгі елдердің халқы Тәттімбет стиліндегі күйлерді тартып келген. Ғажап сұлу бұл күйлер халқымызға осы кезде де аса сүйікті. Егер Құрманғазы күйлерінен жастықтың жалынын, юрлыққа қарсы ұмтылған ерлік айбатын, бостандық сүйгіш арманды байқайтын болсақ, Орталық Қазақстан күйлерінен, оеіресе, Тәттімбет шығармаларынан адамның көңіл мұңдарын, откені мен келешегін ойлаған жан толғауларын сезгендей боламыз. Көп адамдардың Тәттімбет күйлерінің тақырыбын, мдсясын әр түрлі жоруы да ол күйлердегі тілмен айтып жеткізе алмастық сиқырлы сұлулық пен жарасымдылықтың молдығынан, адам сезімінің тебірене шыққан суреттерінің бай гақтығынан болса керек. Сонау бір балалық шақтарда алғаш рет ауыл күйшілерінен естіп тыңдаған Тәттімбет күйлерінің әсері моңгілік ұмытылмастай еді. Әрине, екінің бірі «Саржайлау» мен «Қосбасарларды» келістіре тарта алмайды. Екінің бірі былай тұрсын, саусағынан күй сорғалаған небір домбырашы оиерпаздардың да Тәттімбет күйлерін нақышына келтіріп гартуға қауқары жете бермейді. Сол алғашқы рет ауыл күйшісінің орташа ғана орындауынан-ақ бұл күйлердің ғажап коркемдігі байқалатын еді. Қазақстанда Құрманғазы, Дәулеткерей күйлерін аса шебер тартатын тамаша домбырашылар аз емес. Олардың өнеріне   әрдайым   сүйсінеміз,   орнымен   бағалаймыз.   Осы тұрғыдан алып қарағанда, Сарыарқа күйшілік сазының теңдесі жоқ шебері Қасенов Әбікеннің орны тіпті өзгеше. Бір кезде атақты ақын Жансүгіров Ілияс Матайдағы Молқыбай қобызшы туралы «Қазақта қобызшының қалғаны осы» деген еді. Сол секілді Қасенов Әбікенді де Орталық Қазақстанның Тәттімбет, Тоқа, Баубек тәрізді күй алыптарының шығармаларын кемеліне келтіре орындайтын бірден-бір күйші деп атасақ, бұған ешкім де қарсы болмас. - Домбыраны жеті-сегіз жасымда молдадан дәріс алып жүрген кезімде үйреце бастадым, - дейді Әбекең. - Біздің Арқадағы Қаракесек ішінде сыртқы Бошан деп аталатын үш болыс ел болды. Сол елде бармағынан күй тамған небір дүлдүл домбырашылар көп еді. Біздің елден Баубек, Қыздарбек, Мақаш, Әбді, Ақмолда, Итаяқ деген атақты күйшілер шыққан. Бұлардың әрқайсысы да бойына өнер қонақтап өткен шын таланттар еді. Сонымен қатар Бошан руынан үлкен қобызшылар да көп шыққан. Соның бірі -Дүйсен қобызшы күйлері маңайдағы елдерге көп тараған болатын. Міне, менің күйшілік өнерімнің үлгі-өнегесі осы орта еді. Жас кезімде домбыра да, қобыз да, гармонь да тарттым. Өлең айттым. Бірақ «өнерді үйрен де жирен» дегендей-ақ, бертін келе осылардың ішінен менің ұстағаным домбыра болды. Қазақтың тамаша домбырашысы Қасенов Әбікен өзінің күйшілік сапарының басталу жолын, міне, осылайша баяндайды. Әбікен 1934 жылы шақыртумен Алматыға келген. Содан бері Қазақтың Академиялық драма театрында қызмет істеп келеді. Драмалық артист рстінде де ол талай-талай жақсы рольдер жасады. 1945 жылы оған үкімет Қазақстанның еңбек сіңірген артисі дегеп құрметті атақ берді. Ол көпжылдық сахнапаздық қызметі үшін «Құрмет белгісі» орденімен наградталады. Әбекеңнің драма театры сахнасындағы қызметі өз алдына бөлек өңгіме. Біз бұл мақалада оның күйшілік өнеріне байланысты кейбір ойларымызды айтқымыз келеді.

Қазақта ежелден бері күйшілік өнерінің екі үлкен мектебі болған ғой. Соның бірі - осы күні халыққа кеңінен тарап кеткен екпінді, нөсерлі, дауылды батыс күйлері, екіншісі -сазды, ойлы, сұлу Орталық Қазақстан күйлері. Қазіргі кезде Құрманғазының, Дәулеткерейдің, Динаның күйлері зор даңққа боленді. Ол күйлердің сұлу ырғағын бір Қазақстан емес, бүкіл Совет Одағының халықтары еститін болды. Құрманғазы күйлерінің атағы жёр жүзіне тарады десек, артық айтқандық емес. Бұл - біздің шын мақтанышымыз.

Бұрынғы кезде Шыңғыстаудан Қаратау мен Улытауға дейінгі елдердің халқы Тәттімбет стиліндегі күйлерді тартып келген. Ғажап сұлу бұл күйлер халқымызға осы кезде де аса сүйікті. Егер Құрманғазы күйлерінен жастықтың жалынын, юрлыққа қарсы ұмтылған ерлік айбатын, бостандық сүйгіш арманды байқайтын болсақ, Орталық Қазақстан күйлерінен, оеіресе, Тәттімбет шығармаларынан адамның көңіл мұңдарын, откені мен келешегін ойлаған жан толғауларын сезгендей боламыз. Көп адамдардың Тәттімбет күйлерінің тақырыбын, мдсясын әр түрлі жоруы да ол күйлердегі тілмен айтып жеткізе алмастық сиқырлы сұлулық пен жарасымдылықтың молдығынан, адам сезімінің тебірене шыққан суреттерінің бай гақтығынан болса керек.

Сонау бір балалық шақтарда алғаш рет ауыл күйшілерінен естіп тыңдаған Тәттімбет күйлерінің әсері моңгілік ұмытылмастай еді. Әрине, екінің бірі «Саржайлау» мен «Қосбасарларды» келістіре тарта алмайды. Екінің бірі былай тұрсын, саусағынан күй сорғалаған небір домбырашы оиерпаздардың да Тәттімбет күйлерін нақышына келтіріп гартуға қауқары жете бермейді. Сол алғашқы рет ауыл күйшісінің орташа ғана орындауынан-ақ бұл күйлердің ғажап коркемдігі байқалатын еді.

Қазақстанда Құрманғазы, Дәулеткерей күйлерін аса шебер тартатын тамаша домбырашылар аз емес. Олардың өнеріне   әрдайым   сүйсінеміз,   орнымен   бағалаймыз.   Осы тұрғыдан алып қарағанда, Сарыарқа күйшілік сазының теңдесі жоқ шебері Қасенов Әбікеннің орны тіпті өзгеше. Бір кезде атақты ақын Жансүгіров Ілияс Матайдағы Молқыбай қобызшы туралы «Қазақта қобызшының қалғаны осы» деген еді. Сол секілді Қасенов Әбікенді де Орталық Қазақстанның Тәттімбет, Тоқа, Баубек тәрізді күй алыптарының шығармаларын кемеліне келтіре орындайтын бірден-бір күйші деп атасақ, бұған ешкім де қарсы болмас.

- Домбыраны жеті-сегіз жасымда молдадан дәріс алып жүрген кезімде үйреце бастадым, - дейді Әбекең. - Біздің Арқадағы Қаракесек ішінде сыртқы Бошан деп аталатын үш болыс ел болды. Сол елде бармағынан күй тамған небір дүлдүл домбырашылар көп еді. Біздің елден Баубек, Қыздарбек, Мақаш, Әбді, Ақмолда, Итаяқ деген атақты күйшілер шыққан. Бұлардың әрқайсысы да бойына өнер қонақтап өткен шын таланттар еді. Сонымен қатар Бошан руынан үлкен қобызшылар да көп шыққан. Соның бірі -Дүйсен қобызшы күйлері маңайдағы елдерге көп тараған болатын. Міне, менің күйшілік өнерімнің үлгі-өнегесі осы орта еді. Жас кезімде домбыра да, қобыз да, гармонь да тарттым. Өлең айттым. Бірақ «өнерді үйрен де жирен» дегендей-ақ, бертін келе осылардың ішінен менің ұстағаным домбыра болды.

Қазақтың тамаша домбырашысы Қасенов Әбікен өзінің күйшілік сапарының басталу жолын, міне, осылайша баяндайды.

Әбікен 1934 жылы шақыртумен Алматыға келген. Содан бері Қазақтың Академиялық драма театрында қызмет істеп келеді. Драмалық артист рстінде де ол талай-талай жақсы рольдер жасады. 1945 жылы оған үкімет Қазақстанның еңбек сіңірген артисі дегеп құрметті атақ берді. Ол көпжылдық сахнапаздық қызметі үшін «Құрмет белгісі» орденімен наградталады. Әбекеңнің драма театры сахнасындағы қызметі өз алдына бөлек өңгіме. Біз бұл мақалада оның күйшілік өнеріне байланысты кейбір ойларымызды айтқымыз келеді.

Бөлісу: