Г.Потанин мен Шоқанның достығы

13 Қараша 2013, 05:24

Г.Потанин мен Шоқанның достығы - екі халықтың арасындағы ең жақсы мәдени қатынастардың нышаны. I Потанин Шоқан туралы жазғанда оның адамшылығын, Юректігін, зор талантын айрықша айтып отырады. Осы күні ІІІоқан туралы білетін мәліметтеріміздің көбі Г.Потанин жаібаларынан алынғанының өзі де оның қаншалықты өшпес іцбек жасағанын көрсетеді. Шоқан қазақ «оқушылары үшін жазатын қазақ публицисі немесе жазушысы болуға шын жаралған еді, ал жағдай оны шығысты зерттеуші ғалым немесе қазақтар туралы орыс тілінде жазатын әдебиетші болуға итермеледі», - деп жазды Потанин. Қазақтар туралы жазған көптеген еңбектерін атамағанның өзінде, Потаниннің Шоқан жайында қалдырған құнды мәліметтерінің өзі-ақ оны қазақ халқының нағыз досы деуге право береді. Орыс халқы мен қазақ халқының арасындағы мәдени байланыс дәстүрі совет жылдарында айрықша күшейді. Мұның мысалын орыс жазушыларының қазақ әдебиеті туралы айтқан достық сөздерінен, салдарлы мақалаларынан да анық аңғарамыз. Осы күні қазақ әдебиетінің таңдаулы шығармалары деп танылған еңбектердің қай-қайсысына да орыс жазушы-ларының құнды пікірлер айтқанын білеміз. Орыс совет әдебиетінің өскелең қазақ әдебиетіне игі әсер етіп келе жатқаны өз алдына жеке әңгіме. Ал, қазақ әдебиетінің жекелеген туындылары жайында орыс достарымыздың айтқан лебіздері де маңызды. Даңқы жер жүзіне жайылған атақты Жамбыл ақынның зор мәртебеге ие болуына орыс жазушыларының қосқан үлесі ерекше. Жамбыл поэзиясының халықтық қасиеттерін, оның ауыз әдебиеті дәстүрі негізінде дамыған туындылар екенін дәлелдеп айтқан да орыс жазушылары. Олар әрдайым өздерінің адал ойларын анық айтып келеді. Қазақ совет әдебиетінің ең таңдаулы туындысы -М.Әуезовтің «Абай» романдары туралы қазақ әдебиеті сынында неше түрлі орыпды-орынсыз пікірлер айтылып жүрген шақта орыс жазушылары өнеге, үлгі көрсетті. Кейбір қазақ сыншылары «Абай» ромаидарынан қайдағы бір «қүбыжықтар» тауып, неше саққа жүгіртіп жүрген кезде, белгілі орыс жазушысы В.С.Иванов оны «ұлы шығарма» деп атады. «Абай» романдары туралы жұртшылық пікірінің қалыптасуына орыс  жазушыларының беделді бағаларының әсері күшті болды. П.Кузнёцовтың, Л.Соболевтің, Б.Горбатовтың, Н.Грибачевтың, А.Фадеевтің, М.Шолоховтың, З.Кедринаның тағы басқаларының мақалаларынан достық лебіздерін, жанашыр тілектерін танимыз. Бүл мақалалардың орқайсысында да қазақ әдебиетінің көптеген күрделі мәселелері қозғалады. Солардың ішінде орыс жазушы-ларының көпшілігінің атап айтатын бір мәселесі - қазақ одебиетіндегі фольклор дәстүрінің әсері жайында. Олар біздің ақындарымыз бен жазушыларымызды ауыз әдебиетінің қанықты, ежелгі машықтарына шамадан тыс еліктеп кетуден сақтандырады. Сонымен бірге ауыз әдебиетінде бүгінгі жазушылар оқып, танып үйренерлік неше алуан көркемдік қүдіреттер бар екендігін ескертеді. Бұл - біздің жазушыларымыз ойланатын маңызды мәселенің бірі. Көп өлеңдеріміздегі шұбалаңқылық, өмір құбылыстарын пақтылап айта алмаушылық - міне, мұның бәрі белгілі дәрежеде ертедегі ұзақ толғаулардың, жырлардың, термелердің әсерінен туатын сияқты. Қазақ совет әдебиетінің ақиқат жетістіктерін мақтанышпен көрсете отырып орыс достарымыз көптеген сын і-скертпелер де айтады. Мәселен, ақын Сергей Васильев совет Казақ әдебиетінде сатира жанрының кенжелеп, шабан өсіп ксле жатқандығын көп дәлелдермен көрсетеді. Ииколай Грибачев қазақ совет әдебиеті жайында әңгіме Козғай отырып, бүкіл совет әдебиетіне тән кейбір ортақ мәсе-Явлерді көтерген. Оның айтуынша, біздің жазушыларымыздың кеіі жағдайда сәтсіздікке ұшыраулары эстетикалық теория-иыц, сыншыл ойдың кедейлігіне байланысты. Қазақ әдебиеті-п щ дамуындағы айрықша бір ерекшелік: онда ауыз әдебиетінің түрлері мен жазба әдебиеттің қатарласа дамуы. Қазақ жазушылары мен ақындары өздерінің өнерпаздық жолдарында Жамбылдан да, Абайдан да қатар үйренуге тиіс, - дейді ол. Н.Грибачевтың тамаша ойларының бірі: көркем ііп.ііармадағы тартыс жайында. Совет жазушыларының еліміздің бейбіт   дәуірлерін   суреттеген   шығармаларында қаһармандардың басындағы оқиғалар көбінесе әсерлен-дірмейді. Мұның себебі: жазушыларымыздың адам санасындағы ескіліктің қалдықтарын, оларды жоюдың тәсілін, жаңа мен кертартпа құбылыстардың арасындағы тартыс жолдарын анықтап ажырата білмеуінде. Сондықтан да көптеген шығармалардағы жазушының өмір тартысы деп отырғаны жалған тартыс болып шыға береді. Міне, осы жағдайда әдебиет сыны, теориясы оларға жәрдемге келуге тиіс. Біздің еліміздегі адамдар арасындағы қақтығыстардың, тартыстардың формалары қайсы, олардың шешілу заңдылықтары қалай деген сұрау айналасында үлкен ойлар айтылуы керек. Қазақстан жазушыларының III съезінде сөйлеген сөзінде советтің атақты жазушысы Михаил Шолохов жас әдебиетшілерді тәрбиелеу жөнінде тамаша бір пікір айтты. Қыран өз балапандарының қанатын қақтырып, заңғар биікке көтерілгенше жерге қондырмай ұшырып, баулитынын мысалға келтірді. Ұлы жазушының бұл сөздерінде зор шындық жатыр. Орыс жазушыларының, зерттеушілерінің қазақ халқының мәдениеті, әдебиеті туралы бұрын-соңды айтқан, жазған ең-бектерінің жеке кітап болып шығуы маңызды оқиға. Осы жинақты құрастырушы әдебиетші Әлімжанов Әнұардың еңбе-гі де бағалы. Ендігі жерде бұл бастаманы дамыта түсу керек. Өйткені бұл кітапқа орыс зиялыларының қазақ халқы туралы жазғандарының көпшілігі әлі де кірмей қалған. Оларды алдағы уақытта жеке кітап етіп шығаруды қолға алуға тиіспіз. Онан соң орыс жазушыларының, зерттеушілерінің, саяхатшыларының қазақ халқы туралы еңбектерін қазақ тіліне аударып басып шығару шарг. Достар лебізін құрметтеу ежелгі салтымыз. Мәдени омірімічге, білім мен прогрестің биігіне өрлей беруімізге септігін тигізетін, халқымыздың тарихына, мәдениетіне байланысты еңбектерді мол шығарып, оқушылар игілігіне жаратайық. 1958

Г.Потанин мен Шоқанның достығы - екі халықтың арасындағы ең жақсы мәдени қатынастардың нышаны. I Потанин Шоқан туралы жазғанда оның адамшылығын, Юректігін, зор талантын айрықша айтып отырады. Осы күні ІІІоқан туралы білетін мәліметтеріміздің көбі Г.Потанин жаібаларынан алынғанының өзі де оның қаншалықты өшпес іцбек жасағанын көрсетеді.

Шоқан қазақ «оқушылары үшін жазатын қазақ публицисі немесе жазушысы болуға шын жаралған еді, ал жағдай оны шығысты зерттеуші ғалым немесе қазақтар туралы орыс тілінде жазатын әдебиетші болуға итермеледі», - деп жазды Потанин. Қазақтар туралы жазған көптеген еңбектерін атамағанның өзінде, Потаниннің Шоқан жайында қалдырған құнды мәліметтерінің өзі-ақ оны қазақ халқының нағыз досы деуге право береді.

Орыс халқы мен қазақ халқының арасындағы мәдени байланыс дәстүрі совет жылдарында айрықша күшейді. Мұның мысалын орыс жазушыларының қазақ әдебиеті туралы айтқан достық сөздерінен, салдарлы мақалаларынан да анық аңғарамыз.

Осы күні қазақ әдебиетінің таңдаулы шығармалары деп танылған еңбектердің қай-қайсысына да орыс жазушы-ларының құнды пікірлер айтқанын білеміз. Орыс совет әдебиетінің өскелең қазақ әдебиетіне игі әсер етіп келе жатқаны өз алдына жеке әңгіме. Ал, қазақ әдебиетінің жекелеген туындылары жайында орыс достарымыздың айтқан лебіздері де маңызды.

Даңқы жер жүзіне жайылған атақты Жамбыл ақынның зор мәртебеге ие болуына орыс жазушыларының қосқан үлесі ерекше. Жамбыл поэзиясының халықтық қасиеттерін, оның ауыз әдебиеті дәстүрі негізінде дамыған туындылар екенін дәлелдеп айтқан да орыс жазушылары. Олар әрдайым өздерінің адал ойларын анық айтып келеді.

Қазақ совет әдебиетінің ең таңдаулы туындысы -М.Әуезовтің «Абай» романдары туралы қазақ әдебиеті сынында неше түрлі орыпды-орынсыз пікірлер айтылып жүрген шақта орыс жазушылары өнеге, үлгі көрсетті. Кейбір қазақ сыншылары «Абай» ромаидарынан қайдағы бір «қүбыжықтар» тауып, неше саққа жүгіртіп жүрген кезде, белгілі орыс жазушысы В.С.Иванов оны «ұлы шығарма» деп атады. «Абай» романдары туралы жұртшылық пікірінің қалыптасуына орыс  жазушыларының беделді бағаларының

әсері күшті болды. П.Кузнёцовтың, Л.Соболевтің, Б.Горбатовтың, Н.Грибачевтың, А.Фадеевтің, М.Шолоховтың, З.Кедринаның тағы басқаларының мақалаларынан достық лебіздерін, жанашыр тілектерін танимыз. Бүл мақалалардың орқайсысында да қазақ әдебиетінің көптеген күрделі мәселелері қозғалады. Солардың ішінде орыс жазушы-ларының көпшілігінің атап айтатын бір мәселесі - қазақ одебиетіндегі фольклор дәстүрінің әсері жайында. Олар біздің ақындарымыз бен жазушыларымызды ауыз әдебиетінің қанықты, ежелгі машықтарына шамадан тыс еліктеп кетуден сақтандырады. Сонымен бірге ауыз әдебиетінде бүгінгі жазушылар оқып, танып үйренерлік неше алуан көркемдік қүдіреттер бар екендігін ескертеді. Бұл - біздің жазушыларымыз ойланатын маңызды мәселенің бірі.

Көп өлеңдеріміздегі шұбалаңқылық, өмір құбылыстарын пақтылап айта алмаушылық - міне, мұның бәрі белгілі дәрежеде ертедегі ұзақ толғаулардың, жырлардың, термелердің әсерінен туатын сияқты.

Қазақ совет әдебиетінің ақиқат жетістіктерін мақтанышпен көрсете отырып орыс достарымыз көптеген сын і-скертпелер де айтады. Мәселен, ақын Сергей Васильев совет Казақ әдебиетінде сатира жанрының кенжелеп, шабан өсіп ксле жатқандығын көп дәлелдермен көрсетеді.

Ииколай Грибачев қазақ совет әдебиеті жайында әңгіме Козғай отырып, бүкіл совет әдебиетіне тән кейбір ортақ мәсе-Явлерді көтерген. Оның айтуынша, біздің жазушыларымыздың кеіі жағдайда сәтсіздікке ұшыраулары эстетикалық теория-иыц, сыншыл ойдың кедейлігіне байланысты. Қазақ әдебиеті-п щ дамуындағы айрықша бір ерекшелік: онда ауыз әдебиетінің түрлері мен жазба әдебиеттің қатарласа дамуы. Қазақ жазушылары мен ақындары өздерінің өнерпаздық жолдарында Жамбылдан да, Абайдан да қатар үйренуге тиіс, - дейді ол.

Н.Грибачевтың тамаша ойларының бірі: көркем ііп.ііармадағы тартыс жайында. Совет жазушыларының еліміздің бейбіт   дәуірлерін   суреттеген   шығармаларында қаһармандардың басындағы оқиғалар көбінесе әсерлен-дірмейді. Мұның себебі: жазушыларымыздың адам санасындағы ескіліктің қалдықтарын, оларды жоюдың тәсілін, жаңа мен кертартпа құбылыстардың арасындағы тартыс жолдарын анықтап ажырата білмеуінде. Сондықтан да көптеген шығармалардағы жазушының өмір тартысы деп отырғаны жалған тартыс болып шыға береді. Міне, осы жағдайда әдебиет сыны, теориясы оларға жәрдемге келуге тиіс. Біздің еліміздегі адамдар арасындағы қақтығыстардың, тартыстардың формалары қайсы, олардың шешілу заңдылықтары қалай деген сұрау айналасында үлкен ойлар айтылуы керек.

Қазақстан жазушыларының III съезінде сөйлеген сөзінде советтің атақты жазушысы Михаил Шолохов жас әдебиетшілерді тәрбиелеу жөнінде тамаша бір пікір айтты. Қыран өз балапандарының қанатын қақтырып, заңғар биікке көтерілгенше жерге қондырмай ұшырып, баулитынын мысалға келтірді. Ұлы жазушының бұл сөздерінде зор шындық жатыр.

Орыс жазушыларының, зерттеушілерінің қазақ халқының мәдениеті, әдебиеті туралы бұрын-соңды айтқан, жазған ең-бектерінің жеке кітап болып шығуы маңызды оқиға. Осы жинақты құрастырушы әдебиетші Әлімжанов Әнұардың еңбе-гі де бағалы. Ендігі жерде бұл бастаманы дамыта түсу керек. Өйткені бұл кітапқа орыс зиялыларының қазақ халқы туралы жазғандарының көпшілігі әлі де кірмей қалған. Оларды алдағы уақытта жеке кітап етіп шығаруды қолға алуға тиіспіз.

Онан соң орыс жазушыларының, зерттеушілерінің, саяхатшыларының қазақ халқы туралы еңбектерін қазақ тіліне аударып басып шығару шарг. Достар лебізін құрметтеу ежелгі салтымыз. Мәдени омірімічге, білім мен прогрестің биігіне өрлей беруімізге септігін тигізетін, халқымыздың тарихына, мәдениетіне байланысты еңбектерді мол шығарып, оқушылар игілігіне жаратайық.

1958

Бөлісу: