«Жаз ерке»

13 Қараша 2013, 05:18

Ақын Сырбайдың өлендері оқушы жүртшылыққа жақсы таныс. Ол әдебиеттің қасиетті дарбазасын аттағалы бері бірталай өлең жинағын жарыққа шығарды. Қазақ совет поэзиясына табиғи да тартымды шығармаларымен көрнекті үлес қосып келе жатқан үлкен суреткерлеріміздің бірі -Сырбай десек артық айтқандық болмас. Рас, ақын басқалардай үлкен-үлкен дастан жазған лсоқ. Бірақ, бұл жай Сырбайдың көркем сөздің озық шеберлерінің бірі екендігіне шүбә келтірмесе керек. Сырбай   өлеңдерінде   поэзия   басымдығы   бірден   көзге шалынады.  Бұл - шын ақындықтың  сипаты.   Оның әрбір жинағынан Алатаудың өркеш-өркешіндей сәнді өлең, шымыр-шымыр толқыған теңіз суындай, салдыры кем, бірақ терең сезімге толы лириканы танимыз. Бір ғажабы: Сырбай басқа кейбір ақындардай бірде тасып шалқып, бірде күрт төмендеп, құлдырап кетпейді. Ақындық жолының алғашқы кезеңіндегі сәби   олеңдеріне   токталмағанда,   ол   әрдайым   майталман жорғасынан жаза басқан емес. Міне, біздің алдымызда ақынның жаңа өлеңдер жинағы жатыр. Бұған оның соңғы жылдардағы туындылары енген. Жинақтағы олеңдер «Кәктем әлеңдері», «Баку жырлары», «Соколов-Сарыбай комбинатында», «Жетіқара белесінде», «Торғай желі» деген топқа бөлініп, цикл тәртібімен берілген. Бір    кезде    атақты    сыншы    В.Г.Белинский    көркем шығарманың шыншыл болуының бір шарты - онда автор табиғатының (натурасының) корінуіне байланысты деген еді. Тебіренбеген жүректен жылы өлең шықпақ емес.  Сүймей тұрып сүйдім деу; күймей тұрып күйдім деу - ақынның емес, машықшының  ісі.   Бізде  кейбір  өлеңдердің тіпті  оқылмай қалатыны, оқушыға зәредей де әсер етпейтіндігі - баз-баяғы, «жоба осылай ғой» деп домбайлап жаза берушіліктен. Коркем шығарма оқушының сұрауына жауап беруге тиіс десек, ең алдымен, автор әзін толғандырған жайларды айтуы керек. Сырбай олеңдерінің дені «өмірдің шақыруына жауап» ретінде туған, табиғи, шыншыл жырлар. Ақын өзінің жанын тербемеген «дүнияуи» мәселелерге бармайды. Оның өлеңдері лирик ақынның өмірден көріп білгені, сезгені, жан сыры, өмір күнделігі. «Торғай желі» деп аталатын циклде тамаша көркем олеңдер бар. Ақын оннан астам өлеңінде тұған жері -Торғайдың сәнді табиғатын, өзінің сағыныш сезімін жыр етеді. Мәселен, ол «Қыстау маңында» деген өлеңінде: Озен бойы тал екен, Қара суы бал екен. Таяғына сүйеніп, Қарсы алар ма кәрі әкем, -дсйді. Әрі қарапайым, әрі терең айтылған сыр! Торғай даласын қайта айналып көрген ақынның көзіне бірде балалық шлі ы, ойсыз, албырт күндері елестейді. Бірде ол меймандос халмқтың асыл мінездерін жырға қосады. Оның өлеңдерінен уйіне қонақ келсе, жадырай түсетін әңгімешіл, дана қарттар да орын алған. Әсіресе, ақын дала табиғатын шебер суреттейді. Сыбыр-сыбыр жел мынау, Сылдыр-сылдыр су мынау Дала тоқсан күйімен, Қағып жатыр қоңырау. Ақын Қазақстандағы алып құрылыстардың бірі - Соколов-Сарыбай жайында бір топ олең жазған. Мұнда кешегі елсіз жерлерде ондіріс алыбының орнап жатқанын тебірене КЫрлайды. Ол мұны жалаң силлогизммен емес, нағыз поэзия тілімен айтады. Ақын бұл арада әндіріс процесін тізіп жатпайды, немесе сырттан тамашаламайды. Өзгерген өңірдің жаңа көріністерін өз түйсіті, жан тебіренісі арқылы білдіреді. Қысқасы, Сырбайдың Соколов-Сарыбай, Торғай тұралы цикл өлеңдері ақынның өз өнерпаздығындағы ғана емес, қазақ совет поэзиясының соңғы жылдардағы татымды ыомстарының бірі. Бұдан автордың цикл өлеңдер жазуға еркін шеберленгендігін көреміз. Ақын туған жерлерін аралай Жүріп, ондағы таңғажайып құбылыстарды жан-жақты, мол I үреггейді. Ол ешбір жерде сарқылып қалмай, әр көрініске жаңаша, керкемдік жауап айтып отырады. Сырбайдың «Баку жырларында», әсіресе, Самед Вургунге ірнаған  өлеңдерінде, тапқырлық, тың шешімдер берушілік байқалады. Ол Азербайжан еліне деген махаббатын қысқа, ұтымды суреттейді. Сырбай өлеңдерінде лиризм, поэзия басым дедік. Оның осы ерекшелігі ақынның майданда қаза тапқан досына арнаған мына бір өлеңінен анық көрінгендей: Барлығы түгел: гүл, орман Елжіреді жер ана. Жүрегіме жыр болған Жоқсың, досым сен ғана. Әнге салып жүгірдім, Сөйледі бірге кең дала. Ішінде қызыл гүлінің Жоқсың, досым сен ғана. Түсіме ендің ұйқыда, Ойымда болсаң сен мана. Жоғалдың ұқсап сиқырға Дей бергенде, «бер қара!» Жамылды жаңа топырақ Жасарып көне жер жаңа.   . Мезгілсіз үшқан жапырақ Жоқсың, досым сен ғана. Сөз болып отырған жинақ Сырбайдың ақындық шеберлену, өсу жолында екендігін танытады. Автор қандай ой, қандай сезім толғанысын болса да қысқа, дәл, көркем айта алады. Көп өлеңдерінде «тас бүлақтың суындай, сылдыраған келісім» бар. Қарадурсіндік емес, нағыз кемел қарапайымдылық байқалады. Сонымен бірге ақынның есіне салар кейбір жайлар бар тәрізді. Шындығында, осы жинақтағы өлеңдердің бәрі бірдей оқушыға соны болып корінбейді. Кейбір өлеңдер тұр, техника жағынан шебер жасалганымен көркемдік жаңалық әкеле алмаған. «Көктем олеңдері» деген циклде жаңаша айтылған, ақынның табысы дерлік өлең аз. Автор кей жерлерде бұрын салынған ізге, машыққа түсіп кетеді. Мәселен, көктемде бүршік жарған гүлді жас сәбиге теңеу (10 бет) тапқырлық та, жаңалық та емес. Әрине, мүлде нашар өлең Сырбайда кездеспейді. Оның ең солгын деген өлеңдерінде де поэзия жалт етіп. қалады. Біздің айтпағымыз - жақсы талантымен, жүйрік ақындығымен жұртқа танылған ақын әр өлеңіне жауаптырақ қараса екен деген тілек. Сырбай «әйтеуір бір олеңім жарық көрсе» деп аңсайтын жаңа талап ақын емес, қазақтың ең озық ақындарының бірі. Жұртшылық одан көркем де, ойлы да шығармалар күтеді. Біздің поэзияда өмір құбылыстарын жекелеп, даралап корсетушілік көп те, жинақтап, түйіндеп айтушылық аз. Лирикалық қаһарманның әсерленуі біржақтылау сөз болып жүр. Өмір ағымы, келешек бағдары, қоғамдағы жақсылық пен олқылық қатар айтылмай, бір беткей сілтеу басым. Қазіргі поэзияда қаһарманның ойлану-толғануы, күйіну-мұңаюы деген үмыт болып барады. Осы жай Сырбай поэзиясында да олііқалады. Өмір құбылыстарын жаңаша, ақынша түсіндіретін, хллық өміріндегі үлкен сурауларға көркемдік жауап айтатын влеңдер көп туса дейміз... Сырбай ақын бір өлеңінде: Өлеңім өмір баяным, Өткен күнім бар мұнда Қолымды ашық қоямын, Халықтың бүкіл алдында, - депті. Ол алдағы күнге ДС оқушыларына тілге жеңіл, жүрекке жылы жырлар ұсынатыны кәміл. Ақынның поэзиялық сапарының жемісті бола беруіне, халқына ойлы, парасатты поэзиясын тарту ете беруіне тіяектеспіз. 1958

Ақын Сырбайдың өлендері оқушы жүртшылыққа жақсы таныс. Ол әдебиеттің қасиетті дарбазасын аттағалы бері бірталай өлең жинағын жарыққа шығарды. Қазақ совет поэзиясына табиғи да тартымды шығармаларымен көрнекті үлес қосып келе жатқан үлкен суреткерлеріміздің бірі -Сырбай десек артық айтқандық болмас. Рас, ақын басқалардай үлкен-үлкен дастан жазған лсоқ. Бірақ, бұл жай Сырбайдың көркем сөздің озық шеберлерінің бірі екендігіне шүбә келтірмесе керек.

Сырбай   өлеңдерінде   поэзия   басымдығы   бірден   көзге шалынады.  Бұл - шын ақындықтың  сипаты.   Оның әрбір жинағынан Алатаудың өркеш-өркешіндей сәнді өлең, шымыр-шымыр толқыған теңіз суындай, салдыры кем, бірақ терең сезімге толы лириканы танимыз. Бір ғажабы: Сырбай басқа кейбір ақындардай бірде тасып шалқып, бірде күрт төмендеп, құлдырап кетпейді. Ақындық жолының алғашқы кезеңіндегі сәби   олеңдеріне   токталмағанда,   ол   әрдайым   майталман жорғасынан жаза басқан емес.

Міне, біздің алдымызда ақынның жаңа өлеңдер жинағы жатыр. Бұған оның соңғы жылдардағы туындылары енген. Жинақтағы олеңдер «Кәктем әлеңдері», «Баку жырлары», «Соколов-Сарыбай комбинатында», «Жетіқара белесінде», «Торғай желі» деген топқа бөлініп, цикл тәртібімен берілген.

Бір    кезде    атақты    сыншы    В.Г.Белинский    көркем шығарманың шыншыл болуының бір шарты - онда автор табиғатының (натурасының) корінуіне байланысты деген еді. Тебіренбеген жүректен жылы өлең шықпақ емес.  Сүймей тұрып сүйдім деу; күймей тұрып күйдім деу - ақынның емес, машықшының  ісі.   Бізде  кейбір  өлеңдердің тіпті  оқылмай қалатыны, оқушыға зәредей де әсер етпейтіндігі - баз-баяғы, «жоба осылай ғой» деп домбайлап жаза берушіліктен. Коркем шығарма оқушының сұрауына жауап беруге тиіс десек, ең алдымен, автор әзін толғандырған жайларды айтуы керек.

Сырбай олеңдерінің дені «өмірдің шақыруына жауап» ретінде туған, табиғи, шыншыл жырлар. Ақын өзінің жанын тербемеген «дүнияуи» мәселелерге бармайды. Оның өлеңдері лирик ақынның өмірден көріп білгені, сезгені, жан сыры, өмір күнделігі.

«Торғай желі» деп аталатын циклде тамаша көркем олеңдер бар. Ақын оннан астам өлеңінде тұған жері -Торғайдың сәнді табиғатын, өзінің сағыныш сезімін жыр етеді. Мәселен, ол «Қыстау маңында» деген өлеңінде:

Озен бойы тал екен,

Қара суы бал екен.

Таяғына сүйеніп,

Қарсы алар ма кәрі әкем, -дсйді. Әрі қарапайым, әрі терең айтылған сыр! Торғай даласын қайта айналып көрген ақынның көзіне бірде балалық шлі ы, ойсыз, албырт күндері елестейді. Бірде ол меймандос халмқтың асыл мінездерін жырға қосады. Оның өлеңдерінен уйіне қонақ келсе, жадырай түсетін әңгімешіл, дана қарттар да орын алған. Әсіресе, ақын дала табиғатын шебер суреттейді.

Сыбыр-сыбыр жел мынау,

Сылдыр-сылдыр су мынау

Дала тоқсан күйімен,

Қағып жатыр қоңырау.

Ақын Қазақстандағы алып құрылыстардың бірі - Соколов-Сарыбай жайында бір топ олең жазған. Мұнда кешегі елсіз жерлерде ондіріс алыбының орнап жатқанын тебірене КЫрлайды. Ол мұны жалаң силлогизммен емес, нағыз поэзия тілімен айтады. Ақын бұл арада әндіріс процесін тізіп жатпайды, немесе сырттан тамашаламайды. Өзгерген өңірдің жаңа көріністерін өз түйсіті, жан тебіренісі арқылы білдіреді. Қысқасы, Сырбайдың Соколов-Сарыбай, Торғай тұралы цикл өлеңдері ақынның өз өнерпаздығындағы ғана емес, қазақ совет поэзиясының соңғы жылдардағы татымды ыомстарының бірі. Бұдан автордың цикл өлеңдер жазуға еркін шеберленгендігін көреміз. Ақын туған жерлерін аралай Жүріп, ондағы таңғажайып құбылыстарды жан-жақты, мол I үреггейді. Ол ешбір жерде сарқылып қалмай, әр көрініске жаңаша, керкемдік жауап айтып отырады.

Сырбайдың «Баку жырларында», әсіресе, Самед Вургунге ірнаған  өлеңдерінде, тапқырлық, тың шешімдер берушілік байқалады. Ол Азербайжан еліне деген махаббатын қысқа, ұтымды суреттейді.

Сырбай өлеңдерінде лиризм, поэзия басым дедік. Оның осы ерекшелігі ақынның майданда қаза тапқан досына арнаған мына бір өлеңінен анық көрінгендей:

Барлығы түгел: гүл, орман

Елжіреді жер ана.

Жүрегіме жыр болған

Жоқсың, досым сен ғана.

Әнге салып жүгірдім,

Сөйледі бірге кең дала.

Ішінде қызыл гүлінің

Жоқсың, досым сен ғана.

Түсіме ендің ұйқыда,

Ойымда болсаң сен мана.

Жоғалдың ұқсап сиқырға

Дей бергенде, «бер қара!»

Жамылды жаңа топырақ

Жасарып көне жер жаңа.   .

Мезгілсіз үшқан жапырақ

Жоқсың, досым сен ғана. Сөз болып отырған жинақ Сырбайдың ақындық шеберлену, өсу жолында екендігін танытады. Автор қандай ой, қандай сезім толғанысын болса да қысқа, дәл, көркем айта алады. Көп өлеңдерінде «тас бүлақтың суындай, сылдыраған келісім» бар. Қарадурсіндік емес, нағыз кемел қарапайымдылық байқалады.

Сонымен бірге ақынның есіне салар кейбір жайлар бар тәрізді. Шындығында, осы жинақтағы өлеңдердің бәрі бірдей оқушыға соны болып корінбейді. Кейбір өлеңдер тұр, техника жағынан шебер жасалганымен көркемдік жаңалық әкеле алмаған. «Көктем олеңдері» деген циклде жаңаша айтылған, ақынның табысы дерлік өлең аз. Автор кей жерлерде бұрын салынған ізге, машыққа түсіп кетеді. Мәселен, көктемде бүршік жарған гүлді жас сәбиге теңеу (10 бет) тапқырлық та, жаңалық та емес. Әрине, мүлде нашар өлең Сырбайда кездеспейді. Оның ең солгын деген өлеңдерінде де поэзия жалт етіп. қалады. Біздің айтпағымыз - жақсы талантымен, жүйрік ақындығымен жұртқа танылған ақын әр өлеңіне жауаптырақ қараса екен деген тілек. Сырбай «әйтеуір бір олеңім жарық көрсе» деп аңсайтын жаңа талап ақын емес, қазақтың ең озық ақындарының бірі. Жұртшылық одан көркем де, ойлы да шығармалар күтеді.

Біздің поэзияда өмір құбылыстарын жекелеп, даралап корсетушілік көп те, жинақтап, түйіндеп айтушылық аз. Лирикалық қаһарманның әсерленуі біржақтылау сөз болып жүр. Өмір ағымы, келешек бағдары, қоғамдағы жақсылық пен олқылық қатар айтылмай, бір беткей сілтеу басым. Қазіргі поэзияда қаһарманның ойлану-толғануы, күйіну-мұңаюы деген үмыт болып барады. Осы жай Сырбай поэзиясында да олііқалады. Өмір құбылыстарын жаңаша, ақынша түсіндіретін, хллық өміріндегі үлкен сурауларға көркемдік жауап айтатын влеңдер көп туса дейміз...

Сырбай ақын бір өлеңінде:

Өлеңім өмір баяным,

Өткен күнім бар мұнда

Қолымды ашық қоямын,

Халықтың бүкіл алдында, - депті. Ол алдағы күнге ДС оқушыларына тілге жеңіл, жүрекке жылы жырлар ұсынатыны кәміл. Ақынның поэзиялық сапарының жемісті бола беруіне, халқына ойлы, парасатты поэзиясын тарту ете беруіне тіяектеспіз.

1958

Бөлісу: