Ән - өмір көркі

12 Қараша 2013, 11:36

Сонау бір балалық шағында естіген жырдың, ертегінің, пемесе қызғылықты, таңғажайып әңгіменің өмір бойы естен шықпай, жаныңа терең ұялайтыны болады. Нақ осындай, өміріңнен өшпес орын алып, рухани байлыққа айналған асыл қазынаның бірі - өлең-әндер үлкен жұмыстың бастамасы ғана деп бағалау керек... Бұл айтқанымыздан музыка насихаты мүлде нашар деген ұғым тумайды.   Дегенмен,   жеткенге   шүкіршілік  етіп,  қимылсыз қарап   отыра   беру   де   жақсылық   емес.   «Ерте   кездегіге қарағанда қазіргі табысымыз көп қой» деп қайталап айта бергенмен іс өнбейді. Советтік қазақ музыкасының табыстары да    ойдағыдай    насихатталып    отырған    жоқ.    Бір    кезде мектептерде    пионерлер    арасында    айтылатын    көптеген әндердің қазір естілмеуі де осыны дәлелдемей ме? Музыка бар да, оның насихаты бар. Әңгіме жүртшылықтың ән текстеріне, ноталарына   зәрулігін   неғүрлым  толығырақ   өтеуде   болып отыр. Халық әндерінің бәрінің бірдей сөздері мөлдір қалпында сақталып қала бермегені белгілі. Көптеген әндерді бірыңғай өлеңдермен ғана айтатынымыз да сондықтан. Екінші сөзбен айтқанда, әні бар да, сөзі жоқ мүраларымыз аз емес. Мүндай жағдайда, біздіңше, әннің шыққан тарихына, рухына лайық жаңадан текстер жасау керек сияқты. Егер үйлесімін таба білсе, жаңа текстер әнмен әбден қабысып кетер еді. Мұндай тәжірибе қазірдің өзінде бар. Мәселен, жинақтағы «Әйкен-ай» әнінің тексі қайтадан жазыла түрса да (тексі жазған Әлімбаев М.) ешбір оғаштығы не бөлектігі байқалмайды. Осындай ретпен басқа да текссіз әндерге сөздер табуға болар еді. Бүл жүмыс бүдан талай ғасыр бүрынғы өмір құбылысын қайта жандандыратын суретшінің еңбегінен қиын емес қой. Әндер жинағын қолға алып оқығаннан кейінгі туған ойларымыз осындай. Біз мұндағы совет композиторларының шығарған әндеріне жазылған текстерге тоқталмадық. Өйткені ән текстерінің мәселесі өз алдына пікір алысуды керек етеді. Жинақтагы бірен-саран кемшіліктерді тізіп жатпадық. Бірақ ән жинақтарының әрбір басылуында да кездесіп қалып жүрген бір олқылықты айтпасқа болмайды. Ол өлең текстерінің кейбір жолдарының ауысып немесе қате жазылып кететіндігі.  Бүрыннан ел  қүлағына таныс бірнеше өлеңнің сөздерінде    аздаған    кінәрат    кездеседі.     Мәселен,     ақын Майраның әнінің бір шумағы былайша өзгеріп кетіпті: Қызы едім мен Уәлидің Майра атым, Тартады бозбаланы магнитім. Құрбылар жастық шақта ойна да құл, Қартаяр, күлкі қашар уақыт жақын. Бүл арада халық ежелден жаттап айтып жүрген «Өнердің өзім білген арқасында, үш жүздің түгел көрдім азаматын» деген сөздердің неліктен шығып қалғанын түсінбедік. Өзгертуде де мән болу керек қой. Осы секілді «еркіндік» басқа да кейбір өлеңдерден байқалады. Одан соң жинақта көптеген жеке сөздер өзгеріске душар болған. Бұған да бірнеше мысал алайық: Ғазиздің әнінде «үш жүздің таныс болдым азаматын» деген өлең жолы жүр. Бұдан не ұғуға болады? Сондай-ақ «Сұржекей» әніндегі кейбір сөздер де корректордың «салақтығынан» өзгеріп кетіпті. Мүндай сөздер «Қүлагерде де», «Қарғашта да», «Молдабайда да» үшырайды. Әріп қателері де кездеседі. Жңнақтың корректоры Б.Омаров жолдастың өз ісіне үқыпты қарамағандығы байқалады. Қорыта айтқанда, қазақ әндерінің жаңа жинағы белгілі дәрежеде жүртшылық талабын қанағаттандыра алатын қүнды жинақ. Бүдан былайғы уақытта да ән жинақтарының анағүрлым толық, әрі сапалы болып шыға беруіне тілектеспіз. 1957

Сонау бір балалық шағында естіген жырдың, ертегінің, пемесе қызғылықты, таңғажайып әңгіменің өмір бойы естен шықпай, жаныңа терең ұялайтыны болады. Нақ осындай, өміріңнен өшпес орын алып, рухани байлыққа айналған асыл қазынаның бірі - өлең-әндер үлкен жұмыстың бастамасы ғана деп бағалау керек... Бұл айтқанымыздан музыка насихаты мүлде нашар деген ұғым тумайды.   Дегенмен,   жеткенге   шүкіршілік  етіп,  қимылсыз қарап   отыра   беру   де   жақсылық   емес.   «Ерте   кездегіге қарағанда қазіргі табысымыз көп қой» деп қайталап айта бергенмен іс өнбейді. Советтік қазақ музыкасының табыстары да    ойдағыдай    насихатталып    отырған    жоқ.    Бір    кезде мектептерде    пионерлер    арасында    айтылатын    көптеген әндердің қазір естілмеуі де осыны дәлелдемей ме? Музыка бар да, оның насихаты бар. Әңгіме жүртшылықтың ән текстеріне, ноталарына   зәрулігін   неғүрлым  толығырақ   өтеуде   болып отыр.

Халық әндерінің бәрінің бірдей сөздері мөлдір қалпында сақталып қала бермегені белгілі. Көптеген әндерді бірыңғай өлеңдермен ғана айтатынымыз да сондықтан. Екінші сөзбен айтқанда, әні бар да, сөзі жоқ мүраларымыз аз емес. Мүндай жағдайда, біздіңше, әннің шыққан тарихына, рухына лайық жаңадан текстер жасау керек сияқты. Егер үйлесімін таба білсе, жаңа текстер әнмен әбден қабысып кетер еді.

Мұндай тәжірибе қазірдің өзінде бар. Мәселен, жинақтағы «Әйкен-ай» әнінің тексі қайтадан жазыла түрса да (тексі жазған Әлімбаев М.) ешбір оғаштығы не бөлектігі байқалмайды. Осындай ретпен басқа да текссіз әндерге сөздер табуға болар еді. Бүл жүмыс бүдан талай ғасыр бүрынғы өмір құбылысын қайта жандандыратын суретшінің еңбегінен қиын

емес қой.

Әндер жинағын қолға алып оқығаннан кейінгі туған ойларымыз осындай. Біз мұндағы совет композиторларының шығарған әндеріне жазылған текстерге тоқталмадық. Өйткені ән текстерінің мәселесі өз алдына пікір алысуды керек етеді.

Жинақтагы бірен-саран кемшіліктерді тізіп жатпадық. Бірақ ән жинақтарының әрбір басылуында да кездесіп қалып жүрген бір олқылықты айтпасқа болмайды. Ол өлең текстерінің кейбір жолдарының ауысып немесе қате жазылып кететіндігі.  Бүрыннан ел  қүлағына таныс бірнеше өлеңнің сөздерінде    аздаған    кінәрат    кездеседі.     Мәселен,     ақын Майраның әнінің бір шумағы былайша өзгеріп кетіпті:

Қызы едім мен Уәлидің Майра атым,

Тартады бозбаланы магнитім.

Құрбылар жастық шақта ойна да құл,

Қартаяр, күлкі қашар уақыт жақын. Бүл арада халық ежелден жаттап айтып жүрген «Өнердің өзім білген арқасында, үш жүздің түгел көрдім азаматын» деген сөздердің неліктен шығып қалғанын түсінбедік. Өзгертуде де мән болу керек қой. Осы секілді «еркіндік» басқа да кейбір өлеңдерден байқалады. Одан соң жинақта көптеген жеке сөздер өзгеріске душар болған. Бұған да бірнеше мысал алайық: Ғазиздің әнінде «үш жүздің таныс болдым азаматын» деген өлең жолы жүр. Бұдан не ұғуға болады? Сондай-ақ «Сұржекей» әніндегі кейбір сөздер де корректордың «салақтығынан» өзгеріп кетіпті. Мүндай сөздер «Қүлагерде де», «Қарғашта да», «Молдабайда да» үшырайды. Әріп қателері де кездеседі. Жңнақтың корректоры Б.Омаров жолдастың өз ісіне үқыпты қарамағандығы байқалады.

Қорыта айтқанда, қазақ әндерінің жаңа жинағы белгілі дәрежеде жүртшылық талабын қанағаттандыра алатын қүнды жинақ. Бүдан былайғы уақытта да ән жинақтарының анағүрлым толық, әрі сапалы болып шыға беруіне тілектеспіз.

1957

Бөлісу: