Музыка насихаты

12 Қараша 2013, 10:57

Музыка насихаты дегенде домбыра мен қобыз жайын ұмытуға болмайды. Қазақтың ежелгі музыкалық аспабы -қобызды қазір ел арасында табу қиын. Тіпті қазіргі жастардың көбі қобызды тек Алматыға келіп, филармония сахнасынан ғана көре алады. Ал, сонда жасынан музыкаға әуес талапкерлер өз талабын қалай іске асырмақ? Жоқ, әлде, қобыз тартып үйрену үшін консерваторияда ғана оқу шарт па? Ал, домбыраның күйі қалай? Біздіңше, қазіргі кезге дейін дүкендерде сатылып келген домбыраның да сапасы өте төмен. Алдағы уақытта домбыраны өте үқыпты жасауға, оның үнді болуына қатты назар аудару керек. Ол үшін үлттық музыка аспаптарын жасайтын арнаулы орын ашу қажет. Қазақтың домбыра, қобыз жасайтын шеберлерінің бар өнерін пайдалану шарт. Ал сыбызғы, дауылпаз сияқты аспаптарды құлағымыз естігені болмаса, көзбен көргеніміз жоқ. Осы күні орыс, чех т.б. халықтардың постановкаларын, киноларын көргенде, сол халықтардьің ежелгі мәдениеті мен атам замандағы музыкасына шейін таныса аламыз. Әлгі айтылған сыбызғы басқа да халықтарда болған. Бізден басқа елдерде ол осы күнге дейін бар. Ендеше осы дәстүрді қазақ арасында да жандандырса кештігі жоқ. Бізде қазақ музыкасын насихаттаудын жоспарсыздығы сонша, қазақтың ән-күйін кепшілік жиналған жерде өте сирек естиміз. Кешкі демалыс кезінде, кино басталар алдында клубтарда пластикаға жазылған қазақшаән-күйді есту қиын. Қазақстанның темір жол станцияларының вогзалында да қазақ әнін есту де оңайға түспейді. Не пластинка жоқ, не ойналмайды. Онан соң Қазақстан жерінде жүретін жолаушы таситын поезда да қазақша тыңдап көргеніміз сирек. Мұның бәрі, музыка насихатының жоспарсыздығын, тиісті орындардың бүған жаны ашымайтындығын көрсетеді. Ал осындай жағдайда әнге, күйге бар жас таланттың талабы жүре-жүре жоғалып кетпесіне кім кепіл? Біржан, Ақан сияқты композиторлар қалың музыкалы ортадан, әнді, күйді бағалайтын, оны күнбе-күн айтып жүрген халық ортасынан шыққанын ұмытпалық. Осы күнде қазақтың алыстағы ауылында да кино көрсетіледі. Музыка насихатының бірі осы кино арқылы болса керек еді. Қазақтың емірінен алынып жасалған бірнеше фильмде қазақ музыкасы жоққа тән. Тіпті «Дала қызы» сияқты картинада қазақтың бір де бір әнінің айтылмауын иемен дәлелдеуге болады? Жаратылысында данышпан күйші болып туған адамның өзі де ән, күй тыңдамай өссе, одан түк шықпайтыны белгілі емес пе? Ендеше халық арасындағы псбір тамаша талант иелерін үлттық музыка рухына торбиелеуді қолға алу керек. Айтып айтпай не керек, ән-күй мүраларын насихаттаудың айрықша ойсырап жатуы -музыкадағы мүқтаждықтың бірі болып отыр. Қазақ музыкасының бүдан былайғы тағдыры үшін музыка кадрларын даярлаудың маңызы зор. Қазір бармағынан күй іамган домбырашы, қобызшыларымыз бен атақты әншілеріміз аэ смес. Бірақ соның копшілігі жасы үлғайып қалған кісілер. Классикальщ қазақ музыкасын ілгері дамытатын үлттық ән-күіі негізінде тәрбиеленген жастарды баулу керек. Біздіңше, құр жоспар жасаумен немесе жыл сайын бірен-саран оперпазды коллективке тартумен іс бітпейді. Мұндай жұмыс кос қолем де жүргізілуі тиіс. Шынында да, осы уақытқа дейін операда Жібек рөлін Күләштай ойнай алатын әдемі даусы бар жас артистка неге жоқ? Әлде қазақ халқында музыкалық талант таусылып бітті ме? Біздіңше, жағдай біраз басқашалау терізді. Расын алғанда, ел арасында талант коп, бірақ оны іздеуші, зерттеуші жоқ есебі. Тәттімбет күйлерін шебер орындаушы дәл Әбікен Қасеновтей «Саржайлау», «Қосбасарларды»    тартатын    күйші    қайда?    Я    болмаса, Жүсіпбектің әншілік стилін үйреніп, оны ел арасында насихаттап жүрген әнші бар ма? Мұның бәрі аса катты ойланатын мәселе. «Музыканттар саны жылдан-жылға өсіп келе жатыр» деп мәз болып, құр цифрға табына бергенше, әңгімеге тереңірек үңілетін мезгіл жетті. Жас талапкердің өз өнерін алғаш көрсететін жері - жергілікті жердегі көркемөнер үйірмелері. Бірақ, турасын айтайық, Қазақстандағы қазақ көркемөнер үйірмелерінің жүмысы мәз емес. Мүның да себебі көп. Оқтын-оқтын болып туратын облыстық, республикалық олимпиада атүсті өтетінін көріп жүрміз. Әсіресе, қазақ көркем өнер үйірмелерінің жайы нашар. Аудандық, облыстық мәдениет бөлімдері искусство кадрлары резервтерін тәрбиелеуді науқаншылық әдіспен жүргізіп келеді. Бір мысал: Оңтүстік Қазақстан облысының Ильич ауданы - республикадағы ең ірі ауданның бірі. Халқының да көпшілігі қазақ. Міне, осы ауданнан Алматыда олимпиада болған сайын аудан орталығында қызмет істейтін бірнеше әйел әрдайым келеді де түрады. Өзгерісі де, жаңалығы да жоқ. Әлде сол ауданда жаңа талант әнші, күйші, биші жоқ па? Бар. Бірақ аудандық мәдениет бөлімі ауырдың үстімен, жеңілдің астымен жүруге үйренген. Жоғарғы жерден «олимпиада болады» деп хабар кслсе болғаны, санын түгендеу үшін баз-баяғы, осыдан жиырма жыл бұрын үйірмеге қатысқан адамды қайта шақырып ала қояды. Осыдан екі жыл бұрын Павлодар қаласында болған оқиға есімде. Абайдың елу жылдығынан арналған лекциядан соң, қалалық Мәдениет  үйінде концерт қойылып жатты. Орыс көркемөнер үйірме мүшелері талай-талай сүйкімді ән мен би орындап өтті. Байқасақ, сол үйірмеге «көз болу үшін» бір-екі қазақ баласын қоса салыпты. Олар да сахнаға шығып, бірнеше номер орындады. Бірақ ешбір дайындығы жоқтығы сезіледі. Кейін білсек, әлгі балалар үйірме басшысы концерт болардың алдында ғана «тауып» алған екен. Міне, қазақ көркемөнер үйірмелерінің біразындағы ахуал нақ осындай. Халық арасында өнерімен танылған адамдарға материалдық жағдай туғызу жағы да бәсеңсіп кеткен. Анда-санда болатын олимпиадаға ауызды ашып қарап отыра беруге болмайды. Оның үстіне олимпиадаға таланттылардың бәрі бірдей келе бермейтінін ескеру керек. Искусство кадрларының мәселесі шешілді деп қамсыз отыра берсек, өкінішке душар болуымыз ықтимал.

Музыка насихаты дегенде домбыра мен қобыз жайын ұмытуға болмайды. Қазақтың ежелгі музыкалық аспабы -қобызды қазір ел арасында табу қиын. Тіпті қазіргі жастардың көбі қобызды тек Алматыға келіп, филармония сахнасынан ғана көре алады. Ал, сонда жасынан музыкаға әуес талапкерлер өз талабын қалай іске асырмақ? Жоқ, әлде, қобыз тартып үйрену үшін консерваторияда ғана оқу шарт па? Ал, домбыраның күйі қалай? Біздіңше, қазіргі кезге дейін дүкендерде сатылып келген домбыраның да сапасы өте төмен. Алдағы уақытта домбыраны өте үқыпты жасауға, оның үнді болуына қатты назар аудару керек. Ол үшін үлттық музыка аспаптарын жасайтын арнаулы орын ашу қажет. Қазақтың домбыра, қобыз жасайтын шеберлерінің бар өнерін пайдалану шарт. Ал сыбызғы, дауылпаз сияқты аспаптарды құлағымыз естігені болмаса, көзбен көргеніміз жоқ. Осы күні орыс, чех т.б. халықтардың постановкаларын, киноларын көргенде, сол халықтардьің ежелгі мәдениеті мен атам замандағы музыкасына шейін таныса аламыз. Әлгі айтылған сыбызғы басқа да халықтарда болған. Бізден басқа елдерде ол осы күнге дейін бар. Ендеше осы дәстүрді қазақ арасында да жандандырса кештігі жоқ.

Бізде қазақ музыкасын насихаттаудын жоспарсыздығы сонша, қазақтың ән-күйін кепшілік жиналған жерде өте сирек естиміз. Кешкі демалыс кезінде, кино басталар алдында клубтарда пластикаға жазылған қазақшаән-күйді есту қиын. Қазақстанның темір жол станцияларының вогзалында да қазақ әнін есту де оңайға түспейді. Не пластинка жоқ, не ойналмайды. Онан соң Қазақстан жерінде жүретін жолаушы таситын поезда да қазақша тыңдап көргеніміз сирек. Мұның бәрі, музыка насихатының жоспарсыздығын, тиісті орындардың бүған жаны ашымайтындығын көрсетеді. Ал осындай жағдайда әнге, күйге бар жас таланттың талабы жүре-жүре жоғалып кетпесіне кім кепіл? Біржан, Ақан сияқты композиторлар қалың музыкалы ортадан, әнді, күйді бағалайтын, оны күнбе-күн айтып жүрген халық ортасынан шыққанын ұмытпалық.

Осы күнде қазақтың алыстағы ауылында да кино көрсетіледі. Музыка насихатының бірі осы кино арқылы болса керек еді. Қазақтың емірінен алынып жасалған бірнеше фильмде қазақ музыкасы жоққа тән. Тіпті «Дала қызы» сияқты картинада қазақтың бір де бір әнінің айтылмауын иемен дәлелдеуге болады? Жаратылысында данышпан күйші болып туған адамның өзі де ән, күй тыңдамай өссе, одан түк шықпайтыны белгілі емес пе? Ендеше халық арасындағы псбір тамаша талант иелерін үлттық музыка рухына торбиелеуді қолға алу керек. Айтып айтпай не керек, ән-күй мүраларын насихаттаудың айрықша ойсырап жатуы -музыкадағы мүқтаждықтың бірі болып отыр.

Қазақ музыкасының бүдан былайғы тағдыры үшін музыка кадрларын даярлаудың маңызы зор. Қазір бармағынан күй іамган домбырашы, қобызшыларымыз бен атақты әншілеріміз аэ смес. Бірақ соның копшілігі жасы үлғайып қалған кісілер. Классикальщ қазақ музыкасын ілгері дамытатын үлттық ән-күіі негізінде тәрбиеленген жастарды баулу керек. Біздіңше, құр жоспар жасаумен немесе жыл сайын бірен-саран оперпазды коллективке тартумен іс бітпейді. Мұндай жұмыс кос қолем де жүргізілуі тиіс. Шынында да, осы уақытқа дейін операда Жібек рөлін Күләштай ойнай алатын әдемі даусы бар жас артистка неге жоқ? Әлде қазақ халқында музыкалық талант таусылып бітті ме? Біздіңше, жағдай біраз басқашалау терізді. Расын алғанда, ел арасында талант коп, бірақ оны іздеуші, зерттеуші жоқ есебі. Тәттімбет күйлерін шебер орындаушы дәл Әбікен Қасеновтей «Саржайлау», «Қосбасарларды»    тартатын    күйші    қайда?    Я    болмаса, Жүсіпбектің әншілік стилін үйреніп, оны ел арасында насихаттап жүрген әнші бар ма? Мұның бәрі аса катты ойланатын мәселе. «Музыканттар саны жылдан-жылға өсіп келе жатыр» деп мәз болып, құр цифрға табына бергенше, әңгімеге тереңірек үңілетін мезгіл жетті.

Жас талапкердің өз өнерін алғаш көрсететін жері - жергілікті жердегі көркемөнер үйірмелері. Бірақ, турасын айтайық, Қазақстандағы қазақ көркемөнер үйірмелерінің жүмысы мәз емес. Мүның да себебі көп. Оқтын-оқтын болып туратын облыстық, республикалық олимпиада атүсті өтетінін көріп жүрміз. Әсіресе, қазақ көркем өнер үйірмелерінің жайы нашар. Аудандық, облыстық мәдениет бөлімдері искусство кадрлары резервтерін тәрбиелеуді науқаншылық әдіспен жүргізіп келеді. Бір мысал: Оңтүстік Қазақстан облысының Ильич ауданы - республикадағы ең ірі ауданның бірі. Халқының да көпшілігі қазақ. Міне, осы ауданнан Алматыда олимпиада болған сайын аудан орталығында қызмет істейтін бірнеше әйел әрдайым келеді де түрады. Өзгерісі де, жаңалығы да жоқ. Әлде сол ауданда жаңа талант әнші, күйші, биші жоқ па? Бар. Бірақ аудандық мәдениет бөлімі ауырдың үстімен, жеңілдің астымен жүруге үйренген. Жоғарғы жерден «олимпиада болады» деп хабар кслсе болғаны, санын түгендеу үшін баз-баяғы, осыдан жиырма жыл бұрын үйірмеге қатысқан адамды қайта шақырып ала қояды.

Осыдан екі жыл бұрын Павлодар қаласында болған оқиға есімде. Абайдың елу жылдығынан арналған лекциядан соң, қалалық Мәдениет  үйінде концерт қойылып жатты. Орыс көркемөнер үйірме мүшелері талай-талай сүйкімді ән мен би орындап өтті. Байқасақ, сол үйірмеге «көз болу үшін» бір-екі қазақ баласын қоса салыпты. Олар да сахнаға шығып, бірнеше номер орындады. Бірақ ешбір дайындығы жоқтығы сезіледі. Кейін білсек, әлгі балалар үйірме басшысы концерт болардың алдында ғана «тауып» алған екен. Міне, қазақ көркемөнер үйірмелерінің біразындағы ахуал нақ осындай.

Халық арасында өнерімен танылған адамдарға материалдық жағдай туғызу жағы да бәсеңсіп кеткен. Анда-санда болатын олимпиадаға ауызды ашып қарап отыра беруге болмайды. Оның үстіне олимпиадаға таланттылардың бәрі бірдей келе бермейтінін ескеру керек. Искусство кадрларының мәселесі шешілді деп қамсыз отыра берсек, өкінішке душар болуымыз ықтимал.

Бөлісу: