Қазақ музыкасының зерттелуі

12 Қараша 2013, 10:56

Сонау қырқыншы жылдары қазақ музыкасын жинауға, зерттеуге, оны радио, пластинкалар арқылы насихаттауға, халық таланттарын көтермелеуге шұғыл бетбұрыс байқалушы еді. Халқымыз небір тамаша әндер мен күйлерге қарқ болып калғандай сезілетін. Ол кезде қазақ мектептерінде қазақша бірнеше әнді жатқа білмейтін оқушыны кездестіру мүмкін емес-ті. Қай ауылға барсаң да, патефонда ойналатын қазақ әндерінің пластинкасы көптеп табылатын. Қазір республикада аты қанықты артистеріміздің көбі ұлт музыкасына терең ықылас керсетудің арқасында ғана көрінгені айқын. Бірақ одан кейінгі жылдарда бұл жұмыс бәсеңсіп кетті. Асылы, біздің искусство саласындағы кейбір басшыларымыз өнердің бүлағы халық арасында екенін естен шығарған деуге болады. Тіпті осы күнгі радиодан берілетін әндердің репертуары тым кедейленіп кеткенін немен дәлелдейміз? Оның үстіне қазақ халқының кептеген ән-күйлері жиналмаған. Әсіресе, Сыр мен Жетісу өлкесінің ән-күйлері мүлде үмыт қалған десе де болғандай. Жиналды деген күнде оны жүрт естімеген соң, ол не мақтаныш болмақ? Ал сол жиналғ.ан ән мен күйдің өзін халыққа таныстыру жағы кісі күлерлік күйде. Бізде осы уақытқа дейін ән тексі мен нотасының кітабы тым аз іш.ігарылып келді. Тіпті жылдар бойы халық әндері мен халық композиторлары әндерінің текстеріне қолымыз жетпей жүрді. Халық музыкасына жаны ашырлық ықыласпен қараса, әлі де ел арасында жазып алынбаған ән мен күй көптеп табылар еді. Міне, қазақ музыка дүниесіндегі мүқтаждықтың бірі осы. Қазақ әндері мен күйлерін насихаттау жүмысы да тым қанағаттанғысыз    екенін    айтпасқа    болмайды.    Мұндағы жоспарсыздық пен шалағайлықтың есебі жоқ десе де болғандай. Осы күнде қазақ әндері мен күйлерін түсірген пластинканы іздеп табу деген алыстағы арман тәрізді. Басқа қалаларды айтпағанда, оны Алматының өзінен де таба алмаймыз. Мүның сырын Мәдениет министрлігі білмесе, ешкім білмейді. Ал қазақтың операларын, үлкен музыкалық шығармаларын түсірген үзақ ойналатын пластинка дегенді көрген емеспіз. Міне, мүндай жағдайда ән мен күйге ықыласты жас талапкер іздегенін қайдан таппақ? Әсіресе, алыс ауылдағы адамдар өз халқының музыкасын қалай естімек, қалай үйренбек?.. Музыка мәдениетін халыққа жеткізетін ең үлкен насихатшының бірі - радио. Бірақ мүның жұмысына қарын ашады. Бәрінен бұрын, қазақ радиосынан берілетін қазақша концерт саны тым аз. Бүған радионың музыка хабарын басқаратын қазақ мамандарының жетімсіздігі де себепші деп білеміз. Қазақстан радиобасқармасы бүл мәселені халық тілегіне сай шешуге тиіс. Біз осы уақытқа дейін қазақ радиосының жанында тұрақты қызметте қазақ артистерінің болмай келгеніне қайран қаламыз. Халықты жеңіл-желпі концертпен алдандыра салуға болмайды. Не берсек те халық қабылдай береді деген көзқарастың зияндылығын түсінуге тиіспіз. Қысқасы, қазақ радиосының музыкалық хабар кестесін түгелдей қайта қарау аса қажет. Ең алдымен, қазақ конңертіп үш-торт қана әнмен шолтаң еткізе салмай, үзағырақ бсруді ойластырган мақүл. Екіншіден, әншілердің ән репертуарЫН көбвйтпей болмайды. Қазақтың жазып алынған, нотага түсІрІЛГвН ӨНДврІНІҢ өзін де қанып ести алмай жүрміз. Мысалы, «Айман-Шолпан» музыкалық драмасында айтылатын бір топ тамаша әндер осы күнде айтылмайды. Айта берсек, ұмыт болған ән жалғыз бұлар ғана емес. Көп әндердің алыс кеткені сонша, тіпті білетін әндердің де атын ұмыта бастадық. Мұны әсте де сүйсінерлік жағдай деуге болмайды. Халық музыкасының есебінен репертуар молшылығын жасағанда ғана жұртшылық талабы азды-көпті өтелмек. Қазақстан радиосының жанында халықтың музыкалық тілегін толық қанағаттандырарлық артистер тобы, оркестр, хор болуын әбден занды деп білеміз. Онан соң қазақ музыка хабарының берілетін уақытын гүрақтандыру шарт. Бұл тыңдаушының дағдылануы үшін аса қажет жайдың бірі. Мысалы, малшылар үшін берілетін концерт күн сайын және кешкі тоғыз бен онның арасында болса дейміз. Өйткені басқа уақытта қойшылардың концерт гыңдауға уақыты жоқ. Сол сияқты тыңдаушылардың сүрауымен берілетін концерттің де уақыты тұрақты болғаны жақсы. «Айта берсе, әңгіме толып жатыр» дегендей, музыканы насихаттауда көп кемшіліктер бар. Опера театрындағы қазақ әншілері тым аз. Қазақ опералары әншілердің азшылығынан көп үтылып жүр. Бүл осіресе хорда анық байқалады. Қазақ хорлары мейлінше оссрсіз шығып жүргені мәлім. Тіпті осы уақытқа дейін бірде-бір жібі түзу хор ести алмадық десек асырып айтқандық болмайды. Шынында, хор деген халықтың коллективтік рухын білдіретін, халық стихиясымен таныстыратын нәрсе емес пе? Мысалы, орыс халқының «Амурские волны» немесе «Варяг» сияқты әндерінің хормен айтылғанын естігенде, оның халықтық рухын, психологиясын танығандай боламыз. Әзірше қазақ хорларының сәті түспей келеді. Әсіресе еркек хорлары жоқ есебі. Соғыстан бүрынғы кейбір хорлар атымен ұмыт болган сияқты. Қазақ радиосында қазақ әнін неше түрлі мүкіспен айтатын әншілер де бар. Соның ішінде даусы жақсы Е.( сркебаев сияқты талантты әншілердің кейбір қазақ әндерін бүзып орындайтынына өкінбеске болмайды. Асылы, кейбір оіппілер қазақ әнін айтқанда қалайда дірілдетуді немесе шиқылдатуды сән көретін секілді. Бірақ бүл жолдастар искусстводағы жаңашылдық дегенді түсінбейтіндігін ғана гапытады. Біздіңше, қазақ музыкасын дамыту үшін әндерді снропалық дауысқа салып қабылдау ,-шарт емес, қайта барынша зиян. Өз нақышымен, өз сазымен айтылатын индия, қытай әндерін қай европалық тыңдамайды екен? Демек, музыканың сүйкімді болуы оны қолдан өзгертуде емес, халықтық стильді гармониялы түрде дамытуда екен. Бүған Абай әндері дәлел. Абай әндеріне Европа музыкасының ырғақ, нақышы өте үйлесімді, барынша нәзік енген. Жасанды прогресс қашан да зиянды.

Сонау қырқыншы жылдары қазақ музыкасын жинауға, зерттеуге, оны радио, пластинкалар арқылы насихаттауға, халық таланттарын көтермелеуге шұғыл бетбұрыс байқалушы еді. Халқымыз небір тамаша әндер мен күйлерге қарқ болып калғандай сезілетін. Ол кезде қазақ мектептерінде қазақша бірнеше әнді жатқа білмейтін оқушыны кездестіру мүмкін емес-ті. Қай ауылға барсаң да, патефонда ойналатын қазақ әндерінің пластинкасы көптеп табылатын. Қазір республикада аты қанықты артистеріміздің көбі ұлт музыкасына терең ықылас керсетудің арқасында ғана көрінгені айқын. Бірақ одан кейінгі жылдарда бұл жұмыс бәсеңсіп кетті. Асылы, біздің искусство саласындағы кейбір басшыларымыз өнердің бүлағы халық арасында екенін естен шығарған деуге болады. Тіпті осы күнгі радиодан берілетін әндердің репертуары тым кедейленіп кеткенін немен дәлелдейміз? Оның үстіне қазақ халқының кептеген ән-күйлері жиналмаған. Әсіресе, Сыр мен Жетісу өлкесінің ән-күйлері мүлде үмыт қалған десе де болғандай. Жиналды деген күнде оны жүрт естімеген соң, ол не мақтаныш болмақ? Ал сол жиналғ.ан ән мен күйдің өзін халыққа таныстыру жағы кісі күлерлік күйде. Бізде осы уақытқа дейін ән тексі мен нотасының кітабы тым аз іш.ігарылып келді. Тіпті жылдар бойы халық әндері мен халық композиторлары әндерінің текстеріне қолымыз жетпей жүрді. Халық музыкасына жаны ашырлық ықыласпен қараса, әлі де ел арасында жазып алынбаған ән мен күй көптеп табылар еді. Міне, қазақ музыка дүниесіндегі мүқтаждықтың бірі осы.

Қазақ әндері мен күйлерін насихаттау жүмысы да тым қанағаттанғысыз    екенін    айтпасқа    болмайды.    Мұндағы жоспарсыздық пен шалағайлықтың есебі жоқ десе де болғандай. Осы күнде қазақ әндері мен күйлерін түсірген пластинканы іздеп табу деген алыстағы арман тәрізді. Басқа қалаларды айтпағанда, оны Алматының өзінен де таба алмаймыз. Мүның сырын Мәдениет министрлігі білмесе, ешкім білмейді. Ал қазақтың операларын, үлкен музыкалық шығармаларын түсірген үзақ ойналатын пластинка дегенді көрген емеспіз. Міне, мүндай жағдайда ән мен күйге ықыласты жас талапкер іздегенін қайдан таппақ? Әсіресе, алыс ауылдағы адамдар өз халқының музыкасын қалай естімек, қалай үйренбек?..

Музыка мәдениетін халыққа жеткізетін ең үлкен насихатшының бірі - радио. Бірақ мүның жұмысына қарын ашады. Бәрінен бұрын, қазақ радиосынан берілетін қазақша концерт саны тым аз. Бүған радионың музыка хабарын басқаратын қазақ мамандарының жетімсіздігі де себепші деп білеміз. Қазақстан радиобасқармасы бүл мәселені халық тілегіне сай шешуге тиіс. Біз осы уақытқа дейін қазақ радиосының жанында тұрақты қызметте қазақ артистерінің болмай келгеніне қайран қаламыз.

Халықты жеңіл-желпі концертпен алдандыра салуға болмайды. Не берсек те халық қабылдай береді деген көзқарастың зияндылығын түсінуге тиіспіз. Қысқасы, қазақ радиосының музыкалық хабар кестесін түгелдей қайта қарау аса қажет. Ең алдымен, қазақ конңертіп үш-торт қана әнмен шолтаң еткізе салмай, үзағырақ бсруді ойластырган мақүл. Екіншіден, әншілердің ән репертуарЫН көбвйтпей болмайды. Қазақтың жазып алынған, нотага түсІрІЛГвН ӨНДврІНІҢ өзін де қанып ести алмай жүрміз. Мысалы, «Айман-Шолпан» музыкалық драмасында айтылатын бір топ тамаша әндер осы күнде айтылмайды. Айта берсек, ұмыт болған ән жалғыз бұлар ғана емес. Көп әндердің алыс кеткені сонша, тіпті білетін әндердің де атын ұмыта бастадық. Мұны әсте де сүйсінерлік жағдай деуге болмайды. Халық музыкасының есебінен репертуар молшылығын жасағанда ғана жұртшылық талабы азды-көпті өтелмек. Қазақстан радиосының жанында халықтың музыкалық тілегін толық қанағаттандырарлық артистер тобы, оркестр, хор болуын әбден занды деп білеміз.

Онан соң қазақ музыка хабарының берілетін уақытын гүрақтандыру шарт. Бұл тыңдаушының дағдылануы үшін аса қажет жайдың бірі. Мысалы, малшылар үшін берілетін концерт күн сайын және кешкі тоғыз бен онның арасында болса дейміз. Өйткені басқа уақытта қойшылардың концерт гыңдауға уақыты жоқ. Сол сияқты тыңдаушылардың сүрауымен берілетін концерттің де уақыты тұрақты болғаны жақсы. «Айта берсе, әңгіме толып жатыр» дегендей, музыканы насихаттауда көп кемшіліктер бар.

Опера театрындағы қазақ әншілері тым аз. Қазақ опералары әншілердің азшылығынан көп үтылып жүр. Бүл осіресе хорда анық байқалады. Қазақ хорлары мейлінше оссрсіз шығып жүргені мәлім. Тіпті осы уақытқа дейін бірде-бір жібі түзу хор ести алмадық десек асырып айтқандық болмайды. Шынында, хор деген халықтың коллективтік рухын білдіретін, халық стихиясымен таныстыратын нәрсе емес пе? Мысалы, орыс халқының «Амурские волны» немесе «Варяг» сияқты әндерінің хормен айтылғанын естігенде, оның халықтық рухын, психологиясын танығандай боламыз. Әзірше қазақ хорларының сәті түспей келеді. Әсіресе еркек хорлары жоқ есебі. Соғыстан бүрынғы кейбір хорлар атымен ұмыт болган сияқты.

Қазақ радиосында қазақ әнін неше түрлі мүкіспен айтатын әншілер де бар. Соның ішінде даусы жақсы Е.( сркебаев сияқты талантты әншілердің кейбір қазақ әндерін бүзып орындайтынына өкінбеске болмайды. Асылы, кейбір оіппілер қазақ әнін айтқанда қалайда дірілдетуді немесе шиқылдатуды сән көретін секілді. Бірақ бүл жолдастар искусстводағы жаңашылдық дегенді түсінбейтіндігін ғана гапытады. Біздіңше, қазақ музыкасын дамыту үшін әндерді снропалық дауысқа салып қабылдау ,-шарт емес, қайта барынша зиян. Өз нақышымен, өз сазымен айтылатын индия, қытай әндерін қай европалық тыңдамайды екен? Демек, музыканың сүйкімді болуы оны қолдан өзгертуде емес, халықтық стильді гармониялы түрде дамытуда екен. Бүған Абай әндері дәлел. Абай әндеріне Европа музыкасының ырғақ, нақышы өте үйлесімді, барынша нәзік енген. Жасанды прогресс қашан да зиянды.

Бөлісу: