Әдебиет пәні және оқулық

12 Қараша 2013, 10:53

Ертең еліміздің мектептерінде жаңа оқу жылы басталады. Сан мыңдаған жас жеткіншектер тұңғыш рет мектеп есігін ашып, білім жолына алғашқы қадам басқалы отыр. Совет үкіметі мен Коммунистік партия жас ұландардың сапалы білім алып, өнер биігіне өрлеуіне барлық жағдайды жасады. Елімізде жаппай орта дәрежелі білім алу міндеті жүзеге асып келеді. Жыл сайын совет мектептерін бітіріп шыққан жастар отан игілігіне еңбек етіп, туған елдің экономикасы мен мәдениетін өркендетуге қызу ат салысып отыр. Мектеп қабырғасында оқушыларға ғылым негіздерін үйретуде сапалы жасалған оқулықтардың атқаратын қызметі зор. Әсіресе, соңғы жылдарда қолға алына бастаған политехникалық білім беру ісінің келешегі үлкен. Осының арқасында мектеп бітірушілер жан-жақты мамандық алып, қиындықтан қорықпайтын, өмірге икемді азамат болып өседі. Оқушыларға эстетикалық тәрбие беріп, олардың жалпы білімін өсіруде әдебиет оқулықтарының орны ерекше. Әдебиет оқулықтары жас жеткіншектерді өз халқының бай әдеби мұраларымен, атақты ясазушылардың таңдаулы шығармаларымен таныстырады. Орыстың ұлы ойшылдары мен педагогтары мектептерде әдебиет сабағын сапалы өтуіне айрықша назар аударған. ¥лы педагог Ушинский өзінің бастауыш кластарға арналған ана тілі оқулықтарында жас ұланның өз халқының тілін, сөз өнерін жете біліп шығуына қатты назар аударған. Қазақтың тұңғыш педагогі Ыбырай Алтынсариннің оқулықтарында да осы мақсат айқын көрінеді. Совет үкіметі жылдарында қазақ халқының мәдениеті өсті. Қазақ мектептерінде оқып білім алған мыңдаған оқушылар қазіргі кезде республикамыздың шаруашылық мәдениет салаларында игілікті жұмыс атқарып жүр. Қазіргі кезде қазақ мектептерінде ана тілі мен әдебиеттен жүйелі түрде білім алуға мүмкіндік беретін түрақты оқулықтар бар. Олардың педагогикалық, методикалық сапасы да жылдан жылға жақсартылып келеді. Мүның бәрі, әрине, қуанарлық жағдай. Алайда, қол жеткен табысгарымыч едәуір бола түрса да, әлі де жетіп болмаған, немесе ескерілмсй қалған мәселелер де аз емес. Бәрінен бүрын қазіргі кечдегі бастауыш кластардың ана тілі, жоғары кластардың өдебиет оқулыктарыңда кемшілік көп. Оқушы ана тілінің байлығымсн, ОНЫН барлық очіндік нақышымен бастауыш кластардаи бастап танысатыны иелгілі. Олай болса, сол кластарға арналган ана тілі оқулықтары жан- жақты, жас үлан талабып толық өторліктей болуға тиіс. Қазақстанның оқулықтар баспасы сонгы бірнеше жылдар ішінде бастауыш кластарға гүрақты ані гілі оқулығын шығарып      келеді.      Онда жастарды патриотизмге, адамгершілікке тәрбиелейтін, табиғат, қоғам танытатын материалдар аз емес.бірақ осы оқулықтарда бір нәрсе мүлде ұмыт қалған деуге болады. Ол – оқушылардың тілін ширататын, ұстартатын материалдардың кемдігі. Осы оқулықтардың ішінде қазақтың төл шығармалары, әсіресе тілге бай, өрнегі мол ауыз әдебиеті шығармалары тым аз берілген. Оқушылардың ана тіліне деген сүйіспеншілігін, ықыласын өсіретін қызғылықты ертегілер, аңыздар, мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар, тапқыр сөздер мүнда жоқтьщ қасы. Оның есесіне оқушының түсінуіне қиындық келтіретін ұзақ-ұзақ аударма өлеңдер көп-ақ. Құрастырушылар оқулық жасаудың оңай әдісінен бас тартып, қазақ оқушысына шын мәнінде зәру материалдарды көбірек беруі керек. Қазақ мектептерінің жоғары кластарына арналған әдебиет оқулықтарыньщ да көп кемшіліктері баспасөз бетінде айтылып келеді. Әсіресе, сегізінші, тоғызыншы кластардың әдебиет оқулықтары тым жұтаң, бірыңғай қалыптан шықпай қойды. Бүл кластардағы оқулықтардың негізгі кемшілігі онда әдебиеттің өткендегі нүсқалары мен жеке жазушылардың шығармаларының тиісті дәрежеде берілмеуінде. Атап айтқанда, сегізінші класс әдебиет хрестоматиясыньщ екі-үш қана жырдың үзіндісімен шектелуі, басқа да нүсқалардың аз берілуі орынды емес. Бүған әдебиет тарихын зерттеудегі бұрмалаушылықтар мен нигилистік көзқарастардың да зияны тиіп келді. Ендігі жерде жоғары класқа арналған оқулықтарда, хрестоматияларда қазақ әдебиетінің мол байлығы тиісті дәрежеде көрініс табуы тиіс. Оқулықтардьщ сапалы шығу қажеттігін еске ала отырып, оны жасауға конкурс жариялап отырса, істің жайы қазіргіден анағұрлым жақсара түскен болар еді. Жас жеткіншектерге эстетикалық тәрбие беру -педагопйсаның аса қажетті міндетінің бірі. Мүның бәрі жас азаматтарды өнерлі, сезімтал, зерек етіп өсіру мақсатынан туған. Ендеше мектептерде әдебиет сабағын жоғары сапалы жүргізу ісі оқулық авторларын қатты ойландыруға тиіс. Онан кейін, бір кездерде әдебиеттану ғылымында орын алған жаттампаздықтан, материалды үстірт түсіндірушіліктен арылу қажет. Әдебиет оқулығы көркем, таза әдеби тілмен, тұжырымды, ғылыми терең жазылуға тиіс. Әдеби процестің заңдылығьш ашпай, бірыңғай мақтап, немесе бірыңғай даттап, шығармаларды оқушыға түсіндіріп беру мүмкін емес. Мектептердің жоғары кластарына арналған әдебиет оқулықтары мен хрестоматияларының кемшіліктері өз алдына. Оның үстіне оқу программасы бойынша қазақ әдебиетін өтуге бөлінген сағат санының тым аз екенін айту керек. Қазіргі кезде орта мектептердің 8-9-10 кластарында әдебиет сабағы аптасына екі-ақ рет өтіледі. Оқушылардың қазақ әдебиеті тарихынан жүйелі білім алуына мүның жеткіліксіздігін көре-біле түрса да, Қазақ ССР Оқу министрлігі осы уақытқа дейін бұған өзгеріс жасамай келеді. Әдебиет сабағына осынша  аз уақыт бөле отырып, жастардың әз халқының сөз мәнеріне деген сүйіспеншілігін арттыру қиын. Сағат саны аз болғаннан кейін өтілетін материалдың көлемі де аз болмақ. Орта мектепті бітіріп, жоғары оқу орындарының филология факультеттеріне сынақ тапсырған абитуриенттердің біразының қазақ әдебиетінің тарихынан мәліметінің тым аздығы осыны көрсетеді. Олай болса, ендігі жерде жоғары кластарда әдебиет сабағының көбірек отілуін ойластырған жөн. Оқушылардың әдеби тақырыптарға шығарма жазуға көп жағдайда шорқақ болып жүргені де әдебиет сабағына деген жалпы ықыластың, жаттығулардың аздығынан. Қазақстанның Оқу министрлігі мектептерде қазақ әдебиетін оқыту жұмысын негіздеп шешіп, жас ұландардың әдебиет тарихынан тиянақты білім алуына жағдай туғызуы тиіс. 1956

Ертең еліміздің мектептерінде жаңа оқу жылы басталады. Сан мыңдаған жас жеткіншектер тұңғыш рет мектеп есігін ашып, білім жолына алғашқы қадам басқалы отыр. Совет үкіметі мен Коммунистік партия жас ұландардың сапалы білім алып, өнер биігіне өрлеуіне барлық жағдайды жасады. Елімізде жаппай орта дәрежелі білім алу міндеті жүзеге асып келеді. Жыл сайын совет мектептерін бітіріп шыққан жастар отан игілігіне еңбек етіп, туған елдің экономикасы мен мәдениетін өркендетуге қызу ат салысып отыр.

Мектеп қабырғасында оқушыларға ғылым негіздерін үйретуде сапалы жасалған оқулықтардың атқаратын қызметі зор. Әсіресе, соңғы жылдарда қолға алына бастаған политехникалық білім беру ісінің келешегі үлкен. Осының арқасында мектеп бітірушілер жан-жақты мамандық алып, қиындықтан қорықпайтын, өмірге икемді азамат болып өседі.

Оқушыларға эстетикалық тәрбие беріп, олардың жалпы білімін өсіруде әдебиет оқулықтарының орны ерекше. Әдебиет оқулықтары жас жеткіншектерді өз халқының бай әдеби мұраларымен, атақты ясазушылардың таңдаулы шығармаларымен таныстырады.

Орыстың ұлы ойшылдары мен педагогтары мектептерде әдебиет сабағын сапалы өтуіне айрықша назар аударған. ¥лы педагог Ушинский өзінің бастауыш кластарға арналған ана тілі оқулықтарында жас ұланның өз халқының тілін, сөз өнерін жете біліп шығуына қатты назар аударған. Қазақтың тұңғыш педагогі Ыбырай Алтынсариннің оқулықтарында да осы мақсат айқын көрінеді.

Совет үкіметі жылдарында қазақ халқының мәдениеті өсті. Қазақ мектептерінде оқып білім алған мыңдаған оқушылар қазіргі кезде республикамыздың шаруашылық мәдениет салаларында игілікті жұмыс атқарып жүр. Қазіргі кезде қазақ мектептерінде ана тілі мен әдебиеттен жүйелі түрде білім алуға мүмкіндік беретін түрақты оқулықтар бар. Олардың педагогикалық, методикалық сапасы да жылдан жылға жақсартылып келеді. Мүның бәрі, әрине, қуанарлық жағдай. Алайда, қол жеткен табысгарымыч едәуір бола түрса да, әлі де жетіп болмаған, немесе ескерілмсй қалған мәселелер де аз емес. Бәрінен бүрын қазіргі кечдегі бастауыш кластардың ана тілі, жоғары кластардың өдебиет оқулыктарыңда кемшілік көп.

Оқушы ана тілінің байлығымсн, ОНЫН барлық очіндік нақышымен бастауыш кластардаи бастап танысатыны иелгілі. Олай болса, сол кластарға арналган ана тілі оқулықтары жан- жақты, жас үлан талабып толық өторліктей болуға тиіс. Қазақстанның оқулықтар баспасы сонгы бірнеше жылдар
ішінде бастауыш кластарға гүрақты ані гілі оқулығын шығарып      келеді.      Онда жастарды патриотизмге, адамгершілікке тәрбиелейтін, табиғат, қоғам танытатын материалдар аз емес.бірақ осы оқулықтарда бір нәрсе мүлде ұмыт қалған деуге болады. Ол – оқушылардың тілін ширататын, ұстартатын материалдардың кемдігі. Осы оқулықтардың ішінде қазақтың төл шығармалары, әсіресе тілге бай, өрнегі мол ауыз әдебиеті шығармалары тым аз берілген. Оқушылардың ана тіліне деген сүйіспеншілігін, ықыласын өсіретін қызғылықты ертегілер, аңыздар, мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар, тапқыр сөздер мүнда жоқтьщ қасы. Оның есесіне оқушының түсінуіне қиындық келтіретін ұзақ-ұзақ аударма өлеңдер көп-ақ. Құрастырушылар оқулық жасаудың оңай әдісінен бас тартып, қазақ оқушысына шын мәнінде зәру материалдарды көбірек беруі керек.

Қазақ мектептерінің жоғары кластарына арналған әдебиет оқулықтарыньщ да көп кемшіліктері баспасөз бетінде айтылып келеді. Әсіресе, сегізінші, тоғызыншы кластардың әдебиет оқулықтары тым жұтаң, бірыңғай қалыптан шықпай қойды. Бүл кластардағы оқулықтардың негізгі кемшілігі онда әдебиеттің өткендегі нүсқалары мен жеке жазушылардың шығармаларының тиісті дәрежеде берілмеуінде. Атап айтқанда, сегізінші класс әдебиет хрестоматиясыньщ екі-үш қана жырдың үзіндісімен шектелуі, басқа да нүсқалардың аз берілуі орынды емес. Бүған әдебиет тарихын зерттеудегі бұрмалаушылықтар мен нигилистік көзқарастардың да зияны тиіп келді. Ендігі жерде жоғары класқа арналған оқулықтарда, хрестоматияларда қазақ әдебиетінің мол байлығы тиісті дәрежеде көрініс табуы тиіс. Оқулықтардьщ сапалы шығу қажеттігін еске ала отырып, оны жасауға конкурс жариялап отырса, істің жайы қазіргіден анағұрлым жақсара түскен болар еді.

Жас жеткіншектерге эстетикалық тәрбие беру -педагопйсаның аса қажетті міндетінің бірі. Мүның бәрі жас азаматтарды өнерлі, сезімтал, зерек етіп өсіру мақсатынан туған. Ендеше мектептерде әдебиет сабағын жоғары сапалы жүргізу ісі оқулық авторларын қатты ойландыруға тиіс. Онан кейін, бір кездерде әдебиеттану ғылымында орын алған жаттампаздықтан, материалды үстірт түсіндірушіліктен арылу қажет. Әдебиет оқулығы көркем, таза әдеби тілмен, тұжырымды, ғылыми терең жазылуға тиіс. Әдеби процестің заңдылығьш ашпай, бірыңғай мақтап, немесе бірыңғай даттап, шығармаларды оқушыға түсіндіріп беру мүмкін емес.

Мектептердің жоғары кластарына арналған әдебиет оқулықтары мен хрестоматияларының кемшіліктері өз алдына. Оның үстіне оқу программасы бойынша қазақ әдебиетін өтуге бөлінген сағат санының тым аз екенін айту керек. Қазіргі кезде орта мектептердің 8-9-10 кластарында әдебиет сабағы аптасына екі-ақ рет өтіледі. Оқушылардың қазақ әдебиеті тарихынан жүйелі білім алуына мүның жеткіліксіздігін көре-біле түрса да, Қазақ ССР Оқу министрлігі осы уақытқа дейін бұған өзгеріс жасамай келеді. Әдебиет сабағына осынша  аз уақыт бөле отырып, жастардың әз халқының сөз мәнеріне деген сүйіспеншілігін арттыру қиын. Сағат саны аз болғаннан кейін өтілетін материалдың көлемі де аз болмақ. Орта мектепті бітіріп, жоғары оқу орындарының филология факультеттеріне сынақ тапсырған абитуриенттердің біразының қазақ әдебиетінің тарихынан мәліметінің тым аздығы осыны көрсетеді. Олай болса, ендігі жерде жоғары кластарда әдебиет сабағының көбірек отілуін ойластырған жөн. Оқушылардың әдеби тақырыптарға шығарма жазуға көп жағдайда шорқақ болып жүргені де әдебиет сабағына деген жалпы ықыластың, жаттығулардың аздығынан. Қазақстанның Оқу министрлігі мектептерде қазақ әдебиетін оқыту жұмысын негіздеп шешіп, жас ұландардың әдебиет тарихынан тиянақты білім алуына жағдай туғызуы тиіс.

1956

Бөлісу: