Ең үлкен мәдени байлық

12 Қараша 2013, 10:45

Адам баласының тарихында тілдің атқаратын қызметі аса зор екені белгілі. Марксизм классиктері тілді қатынас қүралы деп    атады.    Қоғам    өміріндегі    әрбір    прогресс    тілдің қатысуынсыз жасалмайтыны да ақиқат. Сондықтан да тілдің, оның тарихын оқыту, үйрету әр заманда да маңызды міндет болып келеді. Тіл әрбір халықтың жасаған ең үлкен рухани қазынасы деуге  болады.  Тіл жүздеген жылдарда жасалып толыққан тарихи категория. Ол соншалықты үзақ дәуірде, үзақ   процесс   нәтижесінде   туған.   Демек,   оның   келешек тағдыры да үзақ. Әрбір тіл өзінің табиғи жүйесімен еркін дамуға     тиіс.     Тіл     процесін     шаруашылықтың     кейбір салаларындағыдай     жарлықтармен     немесе     қаулылармен жеделдетуге яки өзгерте салуға болмайды. Бүл аса жауапты шешетін мәселенің бірі. Коммунистік партияның XX съезінде еліміздегі    барлық    халықтардың    тұрмысын,    мәдениетін өркендетудің қажеттігі атап көрсетіледі. Оның тілге де қатысы бар. Олай болса, тілдің кейбір мәселелерін көтеріп, көпшілік пікірін ортаға салуымыз да әбден орынды.  Осыдан келіп, қазіргі қазақ тілінің оқытылу жағдайы қандай деген сұрақ еріксіз туады. Шынында, біздің мектептерімізде, жоғары оқу орындарында қазақ тілін оқыту мәселесі ойдағыдай шешілген бе? Біздіңше, қазақ тілінің коптеген сөз етерлік жайлары күні бүгінге дейін ескерілмей келеді. Әдетте, қазақ тілін оқытудың жайы мен міндеттері көлеңкеде қалып қояды. Асылы біздің тіл мамандарымыз, кейбір интеллигенттеріміз бұл әңгімені қозғамай, жылы жауып қоюды жақсы көреді. Бірақ мұны ұлттық   тілдің   тағдырын   ойлағандық   деп   айтуға   ешбір болмайды. Тілдің оқытылу жайы, орфография, терминология мәселелері үлкен сәтсіздікке ұшыраулы. Ең алдымен, бізде тілдің табиғатын елемеушілік байқалады. Тілдің сан ғасырлық өмірде халықпен бірге жасасып келе жатқан мәдениет екенін үғуымыз тиіс. Әрбір тілдің үшан-теңіз мүмкіншілігі болады. Ол қоғам өміріндегі прогреспен ілесе өсіп, өркендеп отырады. Әр заманның тіл байлығы өзіне сай. Егер ертедегі казак тілі оз дәуірінің қажетін өтесе, казіргі казақ тілі социалистік өмірдін катынас қүралы болып отыр. Қазіргі қазак тілі - адамзаттың ең үлы ойшылдары - марксизм классиктерін өз тілінде сөйлете білген бай тіл болып саналады. Ол бүдан былай да көркейе, жандана түспек. Қазақ тілінде дүниежүзілік әдебиет қазынасына қосарлық тамаша көркем шығармалар жасалды. Алайда, біздің арамыздан осы шындықты ескермейтін жолдастар да табылады. Ондайлардың зияны да аз болып жүрген жоқ. Бұл - мәселенің теориялық жағын түсінбеуден туар деп ойлаймыз. Коммунизм тұсында бір тіл екінші тілді жеңеді деген тұжырымды кейбір жолдастар қазіргі өмірге қолданатын аксиома санайтын көрінеді. Мұны нағыз зиянды көзқарас деп атамасқа болмайды. Бұл секілді үстірттікті ешбір елдің тарихынан іздеп табу қиын. Бәрінен бұрын қазақ мектептерінде қазақ тілін оқыту жайы мәз емес екендігін айтуымыз керек. Қазақ тілінің грамматикасы мектептердің 7-класына дейін ғана өтіледі. Әрине, осы уақыттың ішінде де көпшілік оқушы сауаттана алады. Міне, осыдан кейін мектеп бітірушінің басым көпшілігі  қазақ тіліне қайта оралмайды.  Өйткені Қазақастанның бірде бір жоғары оқу орпында (филология факультвтінен баскд) қазақ тілі пәні жүрмейді. Жоғары оку орындарында қазақ факультетін ашудың қажеттігін айтпағанның өзінде , институттарда оқитын қазақ студенттеріне  қазақ тілін оықту шарт. Жоғарғы оқу орындарын, әсіресе техникалық, жаратылыс факультетін  бітірушлердің басым көпшілігі қазақтың әдеби тілін мүлдем ұмытып шығады. Осыдан бастап орысша сөйлей, жаза алатын, бірақ ойындағысын ауызша да, жазбаша да қазақ тілінде жарытып жеткізе алмайтын кадрлар пайда болады. Мұның ақыры неге соғатынын өмірдің өзі көрсетіп келеді. Бізде қазақ тілінде жаза білетін инженер, агроном, зоотехник, физик дегенді ілуде бір кездестіруге болады. Мұның өзі көп жағдайда кісі күлерлік жағдайға душар етеді.  Қазақ интелегенті ана тілін білмейді! Ең қынжыларлығы сол - бұл мәселені кейбір жолдастар әбден табиғи, заңды көрініс деп санайды. Ол-ол ма? Халқымыздың мақтанышы      болып      саналарлық      профессор,      ғылым кандидаттарының дені қазақша кітап түгіл, кішкене мақала да жаза   алмайды.   «Самарқанда   бір   қызым   бар,   бұдан   һәм сорақы» деген екен біреу. Біздің басшы қызметте отырған қазақ   жолдастардың   біразы   да   қазақша   сауаттымыз   деп мақтана алмаса керек. Астанадағы, облыс орталықтарындағы балаларының   кепшілігі   қазақ  тілін   білмейтіні   құпия  ма? Әрине, бұл арада балалардың еш айыбы жоқ. Кінәлі олардың ана тілін менсінбейтін, «оқыған» ата-аналары екені даусыз. Бұл  жөнінде   жекелеп   мысал   келтірмесек  те,   әркімнің-ақ көкірегінде   сайрап  тұрғаны  түсінікті.   «Дүмше  молда  дін бүзар»   дегендей,   мүндай   керіністі   тіл   бұзарлық   демеске болмайды. Қайткен күнде де, тілді екінші тілді үмытудың есебінен үйрену жақсылық емес. Қалада түратын әжелер мен олардың    немерелерінің    ыммен    немесе    тілмәш    арқылы сөйлесетінін де көріп жүрміз. Міне, бізде орыс мөдениетінен үйрену дегенді нақ осылай, түрпайы түсіндірушілер аз емес. Кейбір жолдастар прогреске жетудің бірден-бір жолы ана тілін ұмыту   деп   ойлайтын   тәрізді.   Әрине,   олар   баяғы   Абай айтқандай «Прошение жазуға, тырысар келсе шамасы» дейтін білімнің,    мәдениеттің    бетінде    қалқып   жүргендер    екені күмәнсіз.  Қазақ  балалары  оз  ана тілін өте  жақсы  білетін болсын деген мәселені батыл қоятын уақыт жетті. Қазақ мектептерінің ерекшелігімен санаспаушылық жоғары оқу орындарының қабылдау емтиханынан да айқын көрінеді. Мектептерде орыс тілін оқытудың жетімсіздігі анық. Қазақ мектебін бітрушілер кебінесе орысша өз ойын түгел айтып жеткізерлік болып шықпайтыны мәлім. Бұл бір жылда немесе бірнеше жылда шешілерлік жай емес. Ендеше, осы шындықпен есептесуге тура келеді. Амал не, көптеген жоғары оқу орындарының басшылары бұған тым қарадүрсін қарайды. Соңғы екі жылдың ішінде қазақ мектебін бітіруші мен орыс мектебін бітірушіге қабылдау емтихандарында орыс тілінен бара-бар талап қоюшылық байқалды. Мұндай әдістің қателігі әркімгс аяп. Мысалға ӨТКен жылы Қазақтыц мсмлскеттік университетіне түсуге арыз берген, қазақ мектебін бітірген абитуриенттердің көпшілігі орыс тілінен қанағаттанғысыз баға алғанып айтсақ та жеткілікті. Әрбір абитуриенттің қабылдау емтиханын ана тілінде өткізуіне мүмкіндік тудыру керек. Әрине, қазақ оқушыларынан сынақты ана тілінде алған күнде де олардың ең таңдаулылары ғана қабылданады. «Білсең де, білмесең де орысша сөйле» деу зорлық. Мүндай ретпен небір талант иелерінен, өздерін ғылым мен техникаға арнаған жастардан айырылып қалуға болады. Ал жоғары оқу орындарында қазақ тілі мен әдебиетінің мамандарын даярлайтын филология факультеттерінің халі нешік? Біраз институттың қазақ тілі, әдебиет факультеттері қазірдің өзінде жабылып отыр. Дәлдеп айтқанда, ондай факультет қазір университет пен Абай атындағы педагогикалық институтта ғана бар. Шындығында, қазақ мектептеріне, ғылыми орындарға қазақ тілі мамандарын даярлау қажеттігі бітіп қалды ма? Біздіңше, мәселе біраз басқашалау сияқты. Әрине, Қазақ ССР Оқу министрлігі қазақ тілін оқыту перспективасын ғылыми негізге сойкес шеше алмай отырған жағдайда әр түрлі кездейсоқтық болуы мүмкін. Қазақ мектебін бітірушілер орыс тілін білмейтінлнстен жоғары оқу орнына түсе алмай отырса. енді кім өз баласын казақ мектебіне бергісі келеді. Мүмкіндігі болса. әркім-ак орысша мектепті іздейді. Бұл соңғы бір-екі жылда. әсіресе, анық көрініп отыр. Әлбетте. казак балалары казакша окымайтын болса, оған тіл маманынын кажеті жок, Тілдін тағдырын шалағай белсенділердш еркіне берсе олар «әр баста бір киял» дегеннің керін келтіріп жүндей түтер еді. Қазақ ССР министрлігінің  басшылары осы мәмілені өздері анық түсінбейді. Тілді табиғи заңдылығымен көркейту үшін,  оның еркін дамуына мүмкіндік туғызу керек. Бастауыш мектептен бастап жоғары оку орнындағы қазақ студенттеріне дейін  қазақ тілін жүйелі түрде оқытудың қажеттігі де осыдан. Теориясыз практика соқыр болатыны сияқты, тілді оқыту мәселесін де ғылымға негіздемесе болмайды. Қазіргі     қазақ     тілі     совет     жылдарында     көптеген техникалық-ғылыми  терминдермен  байыды.   Көптеген  ескі сөздер жаңа мазмүнға ие болды. Ондаған соны ұғымдар, тың оралымдар,   сөз   жүйелері   жарыққа   шықты.   Мұның   бәрі республикадағы мәдени революцияның жемісі екендігінде дау жоқ.   Тілді   барлық   салада   дамыту   үшін   қазақ   тіліндегі техникалық,   саяси,   ауылшаруашылық   газет,   журналдары үлкен роль атқаруы тиіс. Бірақ мұнда да шалағайлық бар екенін  жасыруға  болмайды.   Тілдің  мүмкіншілігін,   барлық қуатын жарыққа шығару үшін ондай журналдар қазақ тілінде шығуы шарт. Қазақстандағы «Қазақстан ауыл шаруашылығы» журналының,   «Қазақстан   мүғалімі»   газетінің   орысшадан аударма болып шығатындығын үйлесімді деуге болмайды. Бүларға   түсетін   материалдардың   бәрі   де   орыс   тілінде жазылып, одан соң қазақшаға аударылады. Осыдан барып, біріншіден,   көбінше   жасанды   тілмен   аударылган   мақала қаптаса,    екіншіден,    қазақша    ойлап    саяси,    техникалық мақалалар жазуға жол жабылады. Мұндай жағдайда қазақ тілінің үшан-теңіз байлығын пайдалануға, оны дамытуға орын аз екені даусыз. Қазақ оқушысының жалпы аударма әдебиетті, оның ішінде аударма журналдар мен газеттерді сүйсіне оқи алмайтыны сондықтан. 1956

Адам баласының тарихында тілдің атқаратын қызметі аса зор екені белгілі. Марксизм классиктері тілді қатынас қүралы деп    атады.    Қоғам    өміріндегі    әрбір    прогресс    тілдің қатысуынсыз жасалмайтыны да ақиқат. Сондықтан да тілдің, оның тарихын оқыту, үйрету әр заманда да маңызды міндет болып келеді. Тіл әрбір халықтың жасаған ең үлкен рухани қазынасы деуге  болады.  Тіл жүздеген жылдарда жасалып толыққан тарихи категория. Ол соншалықты үзақ дәуірде, үзақ   процесс   нәтижесінде   туған.   Демек,   оның   келешек тағдыры да үзақ. Әрбір тіл өзінің табиғи жүйесімен еркін дамуға     тиіс.     Тіл     процесін     шаруашылықтың     кейбір салаларындағыдай     жарлықтармен     немесе     қаулылармен жеделдетуге яки өзгерте салуға болмайды. Бүл аса жауапты шешетін мәселенің бірі. Коммунистік партияның XX съезінде еліміздегі    барлық    халықтардың    тұрмысын,    мәдениетін өркендетудің қажеттігі атап көрсетіледі. Оның тілге де қатысы бар. Олай болса, тілдің кейбір мәселелерін көтеріп, көпшілік пікірін ортаға салуымыз да әбден орынды.  Осыдан келіп, қазіргі қазақ тілінің оқытылу жағдайы қандай деген сұрақ еріксіз туады. Шынында, біздің мектептерімізде, жоғары оқу орындарында қазақ тілін оқыту мәселесі ойдағыдай шешілген бе? Біздіңше, қазақ тілінің коптеген сөз етерлік жайлары күні бүгінге дейін ескерілмей келеді. Әдетте, қазақ тілін оқытудың жайы мен міндеттері көлеңкеде қалып қояды. Асылы біздің тіл мамандарымыз, кейбір интеллигенттеріміз бұл әңгімені қозғамай, жылы жауып қоюды жақсы көреді. Бірақ мұны ұлттық   тілдің   тағдырын   ойлағандық   деп   айтуға   ешбір болмайды. Тілдің оқытылу жайы, орфография, терминология мәселелері үлкен сәтсіздікке ұшыраулы.

Ең алдымен, бізде тілдің табиғатын елемеушілік байқалады. Тілдің сан ғасырлық өмірде халықпен бірге жасасып келе жатқан мәдениет екенін үғуымыз тиіс. Әрбір тілдің үшан-теңіз мүмкіншілігі болады. Ол қоғам өміріндегі прогреспен ілесе өсіп, өркендеп отырады. Әр заманның тіл байлығы өзіне сай. Егер ертедегі казак тілі оз дәуірінің қажетін өтесе, казіргі казақ тілі социалистік өмірдін катынас қүралы болып отыр. Қазіргі қазак тілі - адамзаттың ең үлы ойшылдары - марксизм классиктерін өз тілінде сөйлете білген бай тіл болып саналады. Ол бүдан былай да көркейе, жандана түспек. Қазақ тілінде дүниежүзілік әдебиет қазынасына қосарлық тамаша көркем шығармалар жасалды.

Алайда, біздің арамыздан осы шындықты ескермейтін жолдастар да табылады. Ондайлардың зияны да аз болып жүрген жоқ. Бұл - мәселенің теориялық жағын түсінбеуден туар деп ойлаймыз. Коммунизм тұсында бір тіл екінші тілді жеңеді деген тұжырымды кейбір жолдастар қазіргі өмірге қолданатын аксиома санайтын көрінеді. Мұны нағыз зиянды көзқарас деп атамасқа болмайды. Бұл секілді үстірттікті ешбір елдің тарихынан іздеп табу қиын.

Бәрінен бұрын қазақ мектептерінде қазақ тілін оқыту жайы мәз емес екендігін айтуымыз керек. Қазақ тілінің грамматикасы мектептердің 7-класына дейін ғана өтіледі. Әрине, осы уақыттың ішінде де көпшілік оқушы сауаттана алады. Міне, осыдан кейін мектеп бітірушінің басым көпшілігі  қазақ тіліне қайта оралмайды.  Өйткені Қазақастанның бірде бір жоғары оқу орпында (филология факультвтінен баскд) қазақ тілі пәні жүрмейді. Жоғары оку орындарында қазақ факультетін ашудың қажеттігін айтпағанның өзінде , институттарда оқитын қазақ студенттеріне  қазақ тілін оықту шарт. Жоғарғы оқу орындарын, әсіресе техникалық, жаратылыс факультетін  бітірушлердің басым көпшілігі қазақтың әдеби тілін мүлдем ұмытып шығады. Осыдан бастап орысша сөйлей, жаза алатын, бірақ ойындағысын ауызша да, жазбаша да қазақ тілінде жарытып жеткізе алмайтын кадрлар пайда болады. Мұның ақыры неге соғатынын өмірдің өзі көрсетіп келеді. Бізде қазақ тілінде жаза білетін инженер, агроном, зоотехник, физик дегенді ілуде бір кездестіруге болады. Мұның өзі көп жағдайда кісі күлерлік жағдайға душар етеді.  Қазақ интелегенті ана тілін білмейді! Ең қынжыларлығы сол - бұл мәселені кейбір жолдастар әбден табиғи, заңды көрініс деп санайды. Ол-ол ма? Халқымыздың мақтанышы      болып      саналарлық      профессор,      ғылым кандидаттарының дені қазақша кітап түгіл, кішкене мақала да жаза   алмайды.   «Самарқанда   бір   қызым   бар,   бұдан   һәм сорақы» деген екен біреу. Біздің басшы қызметте отырған қазақ   жолдастардың   біразы   да   қазақша   сауаттымыз   деп мақтана алмаса керек. Астанадағы, облыс орталықтарындағы балаларының   кепшілігі   қазақ  тілін   білмейтіні   құпия  ма? Әрине, бұл арада балалардың еш айыбы жоқ. Кінәлі олардың ана тілін менсінбейтін, «оқыған» ата-аналары екені даусыз. Бұл  жөнінде   жекелеп   мысал   келтірмесек  те,   әркімнің-ақ көкірегінде   сайрап  тұрғаны  түсінікті.   «Дүмше  молда  дін бүзар»   дегендей,   мүндай   керіністі   тіл   бұзарлық   демеске болмайды. Қайткен күнде де, тілді екінші тілді үмытудың есебінен үйрену жақсылық емес. Қалада түратын әжелер мен олардың    немерелерінің    ыммен    немесе    тілмәш    арқылы сөйлесетінін де көріп жүрміз. Міне, бізде орыс мөдениетінен үйрену дегенді нақ осылай, түрпайы түсіндірушілер аз емес. Кейбір жолдастар прогреске жетудің бірден-бір жолы ана тілін ұмыту   деп   ойлайтын   тәрізді.   Әрине,   олар   баяғы   Абай айтқандай «Прошение жазуға, тырысар келсе шамасы» дейтін білімнің,    мәдениеттің    бетінде    қалқып   жүргендер    екені күмәнсіз.  Қазақ  балалары  оз  ана тілін өте  жақсы  білетін болсын деген мәселені батыл қоятын уақыт жетті.

Қазақ мектептерінің ерекшелігімен санаспаушылық жоғары оқу орындарының қабылдау емтиханынан да айқын көрінеді. Мектептерде орыс тілін оқытудың жетімсіздігі анық. Қазақ мектебін бітрушілер кебінесе орысша өз ойын түгел айтып жеткізерлік болып шықпайтыны мәлім. Бұл бір жылда немесе бірнеше жылда шешілерлік жай емес. Ендеше, осы шындықпен есептесуге тура келеді. Амал не, көптеген жоғары оқу орындарының басшылары бұған тым қарадүрсін қарайды. Соңғы екі жылдың ішінде қазақ мектебін бітіруші мен орыс мектебін бітірушіге қабылдау емтихандарында орыс тілінен бара-бар талап қоюшылық байқалды. Мұндай әдістің қателігі әркімгс аяп. Мысалға ӨТКен жылы Қазақтыц мсмлскеттік университетіне түсуге арыз берген, қазақ мектебін бітірген абитуриенттердің көпшілігі орыс тілінен қанағаттанғысыз баға алғанып айтсақ та жеткілікті. Әрбір абитуриенттің қабылдау емтиханын ана тілінде өткізуіне мүмкіндік тудыру керек. Әрине, қазақ оқушыларынан сынақты ана тілінде алған күнде де олардың ең таңдаулылары ғана қабылданады. «Білсең де, білмесең де орысша сөйле» деу зорлық. Мүндай ретпен небір талант иелерінен, өздерін ғылым мен техникаға арнаған жастардан айырылып қалуға болады.

Ал жоғары оқу орындарында қазақ тілі мен әдебиетінің мамандарын даярлайтын филология факультеттерінің халі нешік? Біраз институттың қазақ тілі, әдебиет факультеттері қазірдің өзінде жабылып отыр. Дәлдеп айтқанда, ондай факультет қазір университет пен Абай атындағы педагогикалық институтта ғана бар. Шындығында, қазақ мектептеріне, ғылыми орындарға қазақ тілі мамандарын даярлау қажеттігі бітіп қалды ма? Біздіңше, мәселе біраз басқашалау сияқты. Әрине, Қазақ ССР Оқу министрлігі қазақ тілін оқыту перспективасын ғылыми негізге сойкес шеше алмай отырған жағдайда әр түрлі кездейсоқтық болуы мүмкін. Қазақ мектебін бітірушілер орыс тілін білмейтінлнстен жоғары оқу орнына түсе алмай отырса. енді кім өз баласын казақ мектебіне бергісі келеді. Мүмкіндігі болса. әркім-ак орысша мектепті іздейді. Бұл соңғы бір-екі жылда. әсіресе, анық көрініп отыр. Әлбетте. казак балалары казакша окымайтын болса, оған тіл маманынын кажеті жок, Тілдін тағдырын шалағай белсенділердш еркіне берсе олар «әр баста бір киял» дегеннің керін келтіріп жүндей түтер еді. Қазақ ССР министрлігінің  басшылары осы мәмілені өздері анық түсінбейді.

Тілді табиғи заңдылығымен көркейту үшін,  оның еркін дамуына мүмкіндік туғызу керек. Бастауыш мектептен бастап жоғары оку орнындағы қазақ студенттеріне дейін  қазақ тілін жүйелі түрде оқытудың қажеттігі де осыдан. Теориясыз практика соқыр болатыны сияқты, тілді оқыту мәселесін де ғылымға негіздемесе болмайды.

Қазіргі     қазақ     тілі     совет     жылдарында     көптеген техникалық-ғылыми  терминдермен  байыды.   Көптеген  ескі сөздер жаңа мазмүнға ие болды. Ондаған соны ұғымдар, тың оралымдар,   сөз   жүйелері   жарыққа   шықты.   Мұның   бәрі республикадағы мәдени революцияның жемісі екендігінде дау жоқ.   Тілді   барлық   салада   дамыту   үшін   қазақ   тіліндегі техникалық,   саяси,   ауылшаруашылық   газет,   журналдары үлкен роль атқаруы тиіс. Бірақ мұнда да шалағайлық бар екенін  жасыруға  болмайды.   Тілдің  мүмкіншілігін,   барлық қуатын жарыққа шығару үшін ондай журналдар қазақ тілінде шығуы шарт. Қазақстандағы «Қазақстан ауыл шаруашылығы» журналының,   «Қазақстан   мүғалімі»   газетінің   орысшадан аударма болып шығатындығын үйлесімді деуге болмайды. Бүларға   түсетін   материалдардың   бәрі   де   орыс   тілінде жазылып, одан соң қазақшаға аударылады. Осыдан барып, біріншіден,   көбінше   жасанды   тілмен   аударылган   мақала қаптаса,    екіншіден,    қазақша    ойлап    саяси,    техникалық мақалалар жазуға жол жабылады. Мұндай жағдайда қазақ тілінің үшан-теңіз байлығын пайдалануға, оны дамытуға орын аз екені даусыз. Қазақ оқушысының жалпы аударма әдебиетті, оның ішінде аударма журналдар мен газеттерді сүйсіне оқи алмайтыны сондықтан.

1956

Бөлісу: