«ТҰҢҒЫШ» ТУРАЛЫ

12 Қараша 2013, 10:34

Үстіміздегі жылы қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасы бірнеше жас ақын, жазушының тұңғыш шығармалар жинағын басып шығарды. Бұл - куанарлық оқиға. Мұның өзі әдебиетіміздің тың күші - жас жазушылардың көбейіп келе жатқандығын дәлелдейді. Алғашқы жинағы жақында ғана баспадан шыкқан жас акын - Ізтай Мәмбетов сол әдебиет майданына жаңа қосылған талапкердің бірі. Оқушы әрбір жаңа шығармадан, жинақтан автор кандай көркемдік жаңалығымен көрінер екен деп іздейді. Ал, жаңалық дегеніміздің өзі - жазушының не ақынның өз жаратылысын, өзіне ғана тән мінезін, үнін көрсете білуі деген сөз ғой. Бұл шарт Ізтай Мәмбетовтің алғашқы жинағында толық орындалған деп айта алмаймыз. Бірақ, жас автордың ізденуін, ақындық қуатын байқататын өлең жинақта аз емес. Мұны әсіресе, жинақтың «Түркия түнегінде» деп аталатын бөліміндегі бірнеше өлеңнен айқын көруге болады. «Шайханада» деген өлеңде ақша үшін арын, тәнін сатқан, бақытсыз кыздың ауыр халі суреттеледі. Бұл өлеңде нағыз ақындық тапқырлықтан туған әдемі-әдемі суреттер бар. ...Қалғанда қара көзі төңкеріліп Кеткендей қара жерге шер төгіліп   ...Еріксіз езу тартып күледі қыз Түріктің түнегіндей жүрегі мүз. Қадалса қара талдың қабақтары Көңіліне қүлазыған кіреді күз. ...Таусылған шараптай-ақ кеседегі Там-түмдап өмір оты өше берді... Жинақтың бүл бөліміндегі «Азаттық әні», «Бай ниеті», «Жетім бала», «Жапанда» сияқты өлендердің әрбірінен-ақ жас ақынның өмір көрінісін өзінше, өз даусымен жырлап, білгенін көреміз. Тек қана жас ақын шетел өмірін суреттегенде кейбір үстірттіктен, дилетанттықтан сақ болса дер едік. Ізтай Мәмбетовтің жинағында окушы жүрегіне жылы тиетін басқа да өлеңдер кездеседі. Жинақтың лирика жолдары деп аталатын бөліміндегі «Сыр», «Бір сүйгенің мың артық», «Қоштасарда» сияқты өлеңдер жас ақынның адам өмірін, көңіл күйін суреттеуге шеберленіп қалғанын аңғартады. Бірақ, әлі де болса жас ақын поэзиядағы кейбір жалған сарындардың әсерінен шыға алмай жүрген сияқты. Оқушы ақыннан өмірдегі үлкен қүмарлықтарды, күшті сезімдерді жырлауды талап етеді. Әзірге Ізтайдың лирикалық жолдарында нағыз өмірден гөрі жалпылама тандану, белгісіз қүмарлану көбірек үшырайды. Нақтылық аз. Жинақтагы аудармалар жас ақынның жақсы табысы деп айтуға болады. Жалпы, Ізтай аудармаларының көпшілігі -шебер аудармалар. Тіпті, кейбір өлендерді аударма деп те ойламайсың. Өте үйлесімді аударманың бірі - Шевченконың «Қайтемін қара қасты күр» деген өлеңі. Бүл өлеңді үзақ та болса әдейі оқушы назарына сала кетуді ойладық. Қайтемін қара қасты қүр, Қайтемін қара көзді мен, Не керек маған жас ғүмыр Жас ғүмыр қысқа өзгеден. Қыз күнім, міне, таусылды, Таусыдды ізсіз ол ағып Қап-қара қою қасымды Тұсірді жайсыз жел қағып. Көңілім енжар, азалы Бейне бір торгай тордағы, Қайтемін сұлу ажарды -Бақыттан тұл боп сорладым. Қиын ғой тірлік жетімдік Болмаса туған баспанаң. Туыстар жат жан секілді. Тілдесер таппай жасқанам. Білмейді ешкім, мен неге Булығып бұлай жылаймын. Айтар ем, болса, біреуге Нені аңсап, неге құмармын. Неліктен жүрек - көгершін Шарқ ұрып, демі тарылды. Келмейді ешкім білгісі Үқпайды ешкім зарымды. Жайымды көрмес тіпті ешкім, Несіне және сұрасын, -Жетімнің күні босқа өтсін, Жалынсын мейлі жыласын. Жүрегім көзім жасың төк Барында жарық дүние. Жалынып қатты жыла тек Бір тынып самал үніңе. Әкетсін аққаи жасымды Теңіздің аріы жағына, Опасыэ жаиның мен сүйген Қайғы боп батсын жінына Міне, нағыз творчествалық аударма осылай болса керек. Ал, Ізтайда бұл сиякты тамаша шебер аудармалар аз емес. Жинаққа енген классиктер өлеңінің дені өте жатық аударылған деуге болады.  Сонын бірі     Некрасовтын «Бесік жыры». Бірақ, Ізтай аудармасының бәрі біркелкі емес. Кейбір өлең түп нұсқасының жалпы мәнін бергенмен, көркемдік қасиетін, ұйқас ырғағын сақтай алмаған. Пушкиннің «Чаадаевқа» деп аталатын атақты өлеңі нашар аударылған. Пока свободою горим, Пока сердце для чести живы, Мой друг, отчизне посвятим Душы прекрасные порывы. Бойда азатшыл от барда, Тынғанша аршыл жас жүрек Арналсын, досым, отанға Біздегі жақсы бар тілек, -болып, өлеңнің мағынасы берілгенмен, өлеңдік жағы оригиналдан көп төмен қалып қойған. Мұндағы сөздердің жасандылығы байқалып түр. «Азатшыл от», «аршыл жүрек» деген ұтымдар әрбір оқушыға түсінікті емес. Бірақ, жалпы алғанда, Ізтай аудармалары қазіргі аударма поэзиядан өз орнын аларлық көркем аударма деп білеміз. Жинақта ақынның өзіндік бетін көрсете алмайтын өлеңдер де аз емес. Бүл, әсіресе, «Бейбітшілік бақшасы» деп аталатын бөлімдегі өлеңдерден көп үшырайды. Мұнда ақын әр түрлі тақырыпты жыр еткенімен, олардың көркемдік шешімін таба алмаған. Көп өлеңдерде ақынның өз сырынан гөрі, жаттанды жалпы жұртқа әбден мәлім болған жайлар басым. Мүны, «Туыстан сәлем қабылда», «Жаңа порт», «Сапар», «Біз келеміз», «Далада», «Май күні», «Шал өлеңі», «Түнгі қырман», «Бүгінгі таңда», «Жолда» сияқты өлеңдерден байқауға болады. Жас ақынның кей өлеңдерінде қазіргі қазақ поэзиясының әбден таптанды болған тәсілдерінің әсері сезіледі. ...Жүгірдік сумен жарысып, Қуана қарап каналға, Жанымыз жатты жалғасып, Москва, Қызыл алаңға. («Май күні») Немесе: ...Астықты қызыл керуен. Қалаға лек-лек ағылды. Түнде де Ильич нүрымен Үдеді еңбек дабылы («Түнгі қырман») сияқты жолдар ешбір пафостан тумаған жалған патетиканың жемісі екенін ажырату қиын емес. Ақын, поэзияның жүты боп табылатын осы секілді жалпыламалықтан, мәлім жайларды жаза беруден неғүрлым аулақ болса, оның өлеңі соғүрлым үтқан болар еді. Я, болмаса, «Алпысыншы жылдарды артқа тастап, Тиеді оны ер еңбек дүбірлі етіп» («Коммунизм жолында»), деген сияқты жолдар кімнің жанына азық бере алады. Жас ақынның кейбір өлеңінде сөзді дәл, өз мағынасында, қолдана білмеушілікті көреміз. Мәселен, «қирады түрме - тар, дозақ, тағдырындай доллардың» («Кездесу»), «Учаскеміз қарсы алды, бақ қүшағы секілді» («Бүгінгі таңда»), «Ырыс боп өсіп түр оның, жалынды жастық жігері» («Жазғы таңда»), «Көктемдей көңіл көгерді, қарсы алды тойды қүмымыз» («Май күні»), «Алдымызда түр жолда, күтіп, толқып, жас ырыс» («Біз келеміз») сияқты тармақтардағы теңеу, бейнелеу сөздердің ешбірі, ойды дәл бере алмай түр. Мүның өзі жас ақынның өлеңге, оның әрбір сөзіне өте мүқият болуы керектігін көрсетеді. Ізтай Мәмбетовтің жинағы «Тұңғыш» деп аталыпты. Тұңғыш перзентке ие болу адамның есейгендігін көрсетеді. Тұңғыш адамға үлкен право алып берсе, үлкен міндет те артады. Ізтай өлендеріндегі жаңа лебізге оның көркем өлендеріне біз де қуанамыз. Жас ақын өлеңдеріндегі өзіне тән емес кейбір, еліктеу әсерлерден бағыл арыла отырып, өзіне  ғана тән өлең нақышын табар деп, поэзия бақшасына өз гүлін егіп, өсірер деп үміттенеміз. 1455

Үстіміздегі жылы қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасы бірнеше жас ақын, жазушының тұңғыш шығармалар жинағын басып шығарды. Бұл - куанарлық оқиға. Мұның өзі әдебиетіміздің тың күші - жас жазушылардың көбейіп келе жатқандығын дәлелдейді. Алғашқы жинағы жақында ғана баспадан шыкқан жас акын - Ізтай Мәмбетов сол әдебиет майданына жаңа қосылған талапкердің бірі.

Оқушы әрбір жаңа шығармадан, жинақтан автор кандай көркемдік жаңалығымен көрінер екен деп іздейді. Ал, жаңалық дегеніміздің өзі - жазушының не ақынның өз жаратылысын, өзіне ғана тән мінезін, үнін көрсете білуі деген сөз ғой. Бұл шарт Ізтай Мәмбетовтің алғашқы жинағында толық орындалған деп айта алмаймыз. Бірақ, жас автордың ізденуін, ақындық қуатын байқататын өлең жинақта аз емес. Мұны әсіресе, жинақтың «Түркия түнегінде» деп аталатын бөліміндегі бірнеше өлеңнен айқын көруге болады.

«Шайханада» деген өлеңде ақша үшін арын, тәнін сатқан, бақытсыз кыздың ауыр халі суреттеледі. Бұл өлеңде нағыз ақындық тапқырлықтан туған әдемі-әдемі суреттер бар. ...Қалғанда қара көзі төңкеріліп Кеткендей қара жерге шер төгіліп

 

...Еріксіз езу тартып күледі қыз

Түріктің түнегіндей жүрегі мүз.

Қадалса қара талдың қабақтары

Көңіліне қүлазыған кіреді күз.

...Таусылған шараптай-ақ кеседегі

Там-түмдап өмір оты өше берді... Жинақтың бүл бөліміндегі «Азаттық әні», «Бай ниеті», «Жетім бала», «Жапанда» сияқты өлендердің әрбірінен-ақ жас ақынның өмір көрінісін өзінше, өз даусымен жырлап, білгенін көреміз. Тек қана жас ақын шетел өмірін суреттегенде кейбір үстірттіктен, дилетанттықтан сақ болса дер едік. Ізтай Мәмбетовтің жинағында окушы жүрегіне жылы тиетін басқа да өлеңдер кездеседі. Жинақтың лирика жолдары деп аталатын бөліміндегі «Сыр», «Бір сүйгенің мың артық», «Қоштасарда» сияқты өлеңдер жас ақынның адам өмірін, көңіл күйін суреттеуге шеберленіп қалғанын аңғартады. Бірақ, әлі де болса жас ақын поэзиядағы кейбір жалған сарындардың әсерінен шыға алмай жүрген сияқты. Оқушы ақыннан өмірдегі үлкен қүмарлықтарды, күшті сезімдерді жырлауды талап етеді. Әзірге Ізтайдың лирикалық жолдарында нағыз өмірден гөрі жалпылама тандану, белгісіз қүмарлану көбірек үшырайды. Нақтылық аз.

Жинақтагы аудармалар жас ақынның жақсы табысы деп айтуға болады. Жалпы, Ізтай аудармаларының көпшілігі -шебер аудармалар. Тіпті, кейбір өлендерді аударма деп те ойламайсың.

Өте үйлесімді аударманың бірі - Шевченконың «Қайтемін қара қасты күр» деген өлеңі. Бүл өлеңді үзақ та болса әдейі оқушы назарына сала кетуді ойладық.

Қайтемін қара қасты қүр,

Қайтемін қара көзді мен,

Не керек маған жас ғүмыр

Жас ғүмыр қысқа өзгеден.

Қыз күнім, міне, таусылды,

Таусыдды ізсіз ол ағып

Қап-қара қою қасымды Тұсірді жайсыз жел қағып.

Көңілім енжар, азалы Бейне бір торгай тордағы, Қайтемін сұлу ажарды -Бақыттан тұл боп сорладым.

Қиын ғой тірлік жетімдік Болмаса туған баспанаң. Туыстар жат жан секілді. Тілдесер таппай жасқанам.

Білмейді ешкім, мен неге Булығып бұлай жылаймын. Айтар ем, болса, біреуге Нені аңсап, неге құмармын.

Неліктен жүрек - көгершін Шарқ ұрып, демі тарылды. Келмейді ешкім білгісі Үқпайды ешкім зарымды. Жайымды көрмес тіпті ешкім, Несіне және сұрасын, -Жетімнің күні босқа өтсін, Жалынсын мейлі жыласын. Жүрегім көзім жасың төк Барында жарық дүние. Жалынып қатты жыла тек Бір тынып самал үніңе.

Әкетсін аққаи жасымды

Теңіздің аріы жағына,

Опасыэ жаиның мен сүйген

Қайғы боп батсын жінына

Міне, нағыз творчествалық аударма осылай болса керек.

Ал, Ізтайда бұл сиякты тамаша шебер аудармалар аз емес. Жинаққа енген классиктер өлеңінің дені өте жатық аударылған деуге болады.  Сонын бірі     Некрасовтын «Бесік жыры». Бірақ, Ізтай аудармасының бәрі біркелкі емес. Кейбір өлең түп нұсқасының жалпы мәнін бергенмен, көркемдік қасиетін, ұйқас ырғағын сақтай алмаған. Пушкиннің «Чаадаевқа» деп аталатын атақты өлеңі нашар аударылған.

Пока свободою горим,

Пока сердце для чести живы,

Мой друг, отчизне посвятим

Душы прекрасные порывы.

Бойда азатшыл от барда,

Тынғанша аршыл жас жүрек

Арналсын, досым, отанға

Біздегі жақсы бар тілек, -болып, өлеңнің мағынасы берілгенмен, өлеңдік жағы оригиналдан көп төмен қалып қойған. Мұндағы сөздердің жасандылығы байқалып түр. «Азатшыл от», «аршыл жүрек» деген ұтымдар әрбір оқушыға түсінікті емес. Бірақ, жалпы алғанда, Ізтай аудармалары қазіргі аударма поэзиядан өз орнын аларлық көркем аударма деп білеміз.

Жинақта ақынның өзіндік бетін көрсете алмайтын өлеңдер де аз емес. Бүл, әсіресе, «Бейбітшілік бақшасы» деп аталатын бөлімдегі өлеңдерден көп үшырайды. Мұнда ақын әр түрлі тақырыпты жыр еткенімен, олардың көркемдік шешімін таба алмаған. Көп өлеңдерде ақынның өз сырынан гөрі, жаттанды жалпы жұртқа әбден мәлім болған жайлар басым. Мүны, «Туыстан сәлем қабылда», «Жаңа порт», «Сапар», «Біз келеміз», «Далада», «Май күні», «Шал өлеңі», «Түнгі қырман», «Бүгінгі таңда», «Жолда» сияқты өлеңдерден байқауға болады.

Жас ақынның кей өлеңдерінде қазіргі қазақ поэзиясының әбден таптанды болған тәсілдерінің әсері сезіледі.

...Жүгірдік сумен жарысып,

Қуана қарап каналға,

Жанымыз жатты жалғасып,

Москва,

Қызыл алаңға. («Май күні»)

Немесе:

...Астықты қызыл керуен.

Қалаға лек-лек ағылды.

Түнде де Ильич нүрымен

Үдеді еңбек дабылы

(«Түнгі қырман») сияқты жолдар ешбір пафостан тумаған жалған патетиканың жемісі екенін ажырату қиын емес. Ақын, поэзияның жүты боп табылатын осы секілді жалпыламалықтан, мәлім жайларды жаза беруден неғүрлым аулақ болса, оның өлеңі соғүрлым үтқан болар еді. Я, болмаса, «Алпысыншы жылдарды артқа тастап, Тиеді оны ер еңбек дүбірлі етіп» («Коммунизм жолында»), деген сияқты жолдар кімнің жанына азық бере алады.

Жас ақынның кейбір өлеңінде сөзді дәл, өз мағынасында, қолдана білмеушілікті көреміз. Мәселен, «қирады түрме - тар, дозақ, тағдырындай доллардың» («Кездесу»), «Учаскеміз қарсы алды, бақ қүшағы секілді» («Бүгінгі таңда»), «Ырыс боп өсіп түр оның, жалынды жастық жігері» («Жазғы таңда»), «Көктемдей көңіл көгерді, қарсы алды тойды қүмымыз» («Май күні»), «Алдымызда түр жолда, күтіп, толқып, жас ырыс» («Біз келеміз») сияқты тармақтардағы теңеу, бейнелеу сөздердің ешбірі, ойды дәл бере алмай түр. Мүның өзі жас ақынның өлеңге, оның әрбір сөзіне өте мүқият болуы керектігін көрсетеді.

Ізтай Мәмбетовтің жинағы «Тұңғыш» деп аталыпты. Тұңғыш перзентке ие болу адамның есейгендігін көрсетеді. Тұңғыш адамға үлкен право алып берсе, үлкен міндет те артады.

Ізтай өлендеріндегі жаңа лебізге оның көркем өлендеріне біз де қуанамыз. Жас ақын өлеңдеріндегі өзіне тән емес кейбір, еліктеу әсерлерден бағыл арыла отырып, өзіне  ғана тән өлең нақышын табар деп, поэзия бақшасына өз гүлін егіп, өсірер деп үміттенеміз.

1455

Бөлісу: