Нағыз капитан

12 Қараша 2013, 05:25

Бірнеше жыл қатарынан жоғары деңгейде өнер көрсетіп келе жатқан «Шахтер» клубына шексіз берілген футболшы әрі команда капитаны – Андрей Фионченко. Әлем футболында тек өз командасына шексіз берілген футболшылардыңбір шоғырын атауға болады. Ол футболшылардың көпшілігі жанкүйер махаббатына бөленіп жатады. Мысалы, Паоло Мальдини «Милан» клубында 25 жыл жоғары деңгейде өнер көрсетіп, команда капитаны болды. Ол футболмен қоштасқанда клуб басшылығы Паолоға тиесілі 3-нөмірлі жейдені бұдан былай басқа футболшыларға бермеу жайлы шешімқабылдады. Сондай-ақ, Карлес Пуйоль, Алессандро Дель Пьеро секілді дара таланттарды да осы қатардан табылды. Ал біздің елден Руслан Иманқұлов, Сергей Мищенколарды айта аламыз. Енді сол тізімді «Шахтердің» қазіргі капитаны – Андрей Финонченко толықтырып тұр. Андрей Финонченко 1982 жылы 21 маусымда Қарағанды қаласында дүниге келген. Оны футбол секциясына әкесі Юрий Финонченко жаздырады. Ол жерде Андрей даңқты балалар бапкері Анатолий Чудиновтің тобына түседі. Чудинов кезінде Николай Игамбердиев, Петр Асылбаев, Юрий Гриджан, Сергей Стукашов, Андрей Курдюмов, АсқарӘбілдаев сынды республикаға танымал футболшыларды тәрбилеп өсірген жаттықтырушы. Сондықтан Анатолий Владимировичтен тәлім алғандардың осал соқпасы анық. Өкінішке қарай, Чудинов өмірден ерте кетті. Сосын Андрейді әрі қарай «Шахтердің» бұрынғы сұрмергендерініңбірі – Генадий Костюченко жаттықтырды. Ол біздің кейіпкердің талантын ашып, шеберлігін шындай түсті. Оның алғашында қапталдағы қорғаушы болғанын біреу білсе, біреу білмейді. Тіпті, «Шахтердің» фарм-клубы, яғни «Юность» сапында сол қапталдағы қорғаушы болып өнер көрсетті. «Шахтердің» бірінші командасына 18 жасында шақырылды. Оны «кеншілердің» негізгі құрамының жаттығуына шақырған Самвел Костандян болатын. Андрей дебюттік кездесуін 2001 жылы 28 сәуірде Көкшетаудың «Есіліне» қарсы өткізді. Бірақ, сол  кездесуде мергендігімен көзге түсе алмады. Алғашқы голын 2003 жылы Өскеменнің «Восток-Алтын» командасына соқты. Осы жылы 21 жастағы Финонченко 18 доп соғып, Қазақстан біріншілігінің ең үздік сұрмергені атанды. Осыдан кейін оған қызыққан командалар көп болды. Бірақ, «Шахтерден» ешқашан өзге командаға ауыспайтынын мәлімдеді. Сол жылдардан бері «Шахтерде» бірнеше бапкер ауысты. Сергей Гороховодацкий, Алексей Беленков, Сергей Мищенко, Есен Сыздықов, Андре Гуссет, Юха Малинен, Реваз Дзозуашвили, Владимир Чебурин,Асқар Әбілдаев, Виктор Кумыков соңғы 10 жыл көлемінде «Шахтерді» жаттықтырды. Солардың ешқайсы Андрейдің шеберлігіне күмән келтірген жоқ. Олег Корниенко спорттық мансабын аяқтаған соң, капитандық міндетті осы Финонченкоға сеніп тапсырды. Содан бері ол бұл міндетке селкеу түсірген емес. Команданы алаңға абыроймен бастап жүр.

Бірнеше жыл қатарынан жоғары деңгейде өнер көрсетіп келе жатқан «Шахтер» клубына шексіз берілген футболшы әрі команда капитаны – Андрей Фионченко.

Әлем футболында тек өз командасына шексіз берілген футболшылардыңбір шоғырын атауға болады. Ол футболшылардың көпшілігі жанкүйер махаббатына бөленіп жатады. Мысалы, Паоло Мальдини «Милан» клубында 25 жыл жоғары деңгейде өнер көрсетіп, команда капитаны болды. Ол футболмен қоштасқанда клуб басшылығы Паолоға тиесілі 3-нөмірлі жейдені бұдан былай басқа футболшыларға бермеу жайлы шешімқабылдады. Сондай-ақ, Карлес Пуйоль, Алессандро Дель Пьеро секілді дара таланттарды да осы қатардан табылды. Ал біздің елден Руслан Иманқұлов, Сергей Мищенколарды айта аламыз. Енді сол тізімді «Шахтердің» қазіргі капитаны – Андрей Финонченко толықтырып тұр.

Андрей Финонченко 1982 жылы 21 маусымда Қарағанды қаласында дүниге келген. Оны футбол секциясына әкесі Юрий Финонченко жаздырады. Ол жерде Андрей даңқты балалар бапкері Анатолий Чудиновтің тобына түседі. Чудинов кезінде Николай Игамбердиев, Петр Асылбаев, Юрий Гриджан, Сергей Стукашов, Андрей Курдюмов, АсқарӘбілдаев сынды республикаға танымал футболшыларды тәрбилеп өсірген жаттықтырушы. Сондықтан Анатолий Владимировичтен тәлім алғандардың осал соқпасы анық. Өкінішке қарай, Чудинов өмірден ерте кетті. Сосын Андрейді әрі қарай «Шахтердің» бұрынғы сұрмергендерініңбірі – Генадий Костюченко жаттықтырды. Ол біздің кейіпкердің талантын ашып, шеберлігін шындай түсті. Оның алғашында қапталдағы қорғаушы болғанын біреу білсе, біреу білмейді. Тіпті, «Шахтердің» фарм-клубы, яғни «Юность» сапында сол қапталдағы қорғаушы болып өнер көрсетті.

«Шахтердің» бірінші командасына 18 жасында шақырылды. Оны «кеншілердің» негізгі құрамының жаттығуына шақырған Самвел Костандян болатын. Андрей дебюттік кездесуін 2001 жылы 28 сәуірде Көкшетаудың «Есіліне» қарсы өткізді. Бірақ, сол  кездесуде мергендігімен көзге түсе алмады. Алғашқы голын 2003 жылы Өскеменнің «Восток-Алтын» командасына соқты. Осы жылы 21 жастағы Финонченко 18 доп соғып, Қазақстан біріншілігінің ең үздік сұрмергені атанды. Осыдан кейін оған қызыққан командалар көп болды. Бірақ, «Шахтерден» ешқашан өзге командаға ауыспайтынын мәлімдеді.

Сол жылдардан бері «Шахтерде» бірнеше бапкер ауысты. Сергей Гороховодацкий, Алексей Беленков, Сергей Мищенко, Есен Сыздықов, Андре Гуссет, Юха Малинен, Реваз Дзозуашвили, Владимир Чебурин,Асқар Әбілдаев, Виктор Кумыков соңғы 10 жыл көлемінде «Шахтерді» жаттықтырды. Солардың ешқайсы Андрейдің шеберлігіне күмән келтірген жоқ. Олег Корниенко спорттық мансабын аяқтаған соң, капитандық міндетті осы Финонченкоға сеніп тапсырды. Содан бері ол бұл міндетке селкеу түсірген емес. Команданы алаңға абыроймен бастап жүр.

Бөлісу: