Поэзия шындығы

12 Қараша 2013, 03:48

Поэзия өмір шындығынан тууға тиіс деген сөзді жиі естиміз. Бұл - даусыз шындық. Дегенмен, осы қағида әрқашан сақталмайды. Соның салдарынан кейде баспасөз беттерінде көркемдік дәрежесі әлсіз, өмір шындығын бере алмайтын өлеңдер де басылып жүр. Бірақ ондай өлеңдер оқушы жүрегіне жол таба алмайды. Театрды көруші жасайды дегендей, әдебиет те - өзінің оқушысымен әдебиет. Әрбір шығарма өмір мүддесінен туып, «өмірдің шақыруына жауап» (Белинский) болғанда ғана өз оқушысын таппақ. Соңғы кезде поэзиямызда өмір туралы жалпылама өлеңдерден гөрі нағыз өмірді жырлау, өмірге белсене араласу генденциясы көріне бастады. Бұл жөнінде, әсіресе, жас ақындардың поэзиямызға қосқан жаңа мазмұн, жаңа лебізі қуанарлық оқиға. Солардың бірі - жас ақын Тоқаш Бердияров. Бердияровтың өлеңдері кейінгі жылдары республикалық газет, журналдарда жиі басылып жүр. Өлеңінің бәрі бірдей мінсіз болмаса да, жас ақынның шығармаларынан нағыз поэзияның ұшқынын анық байқауға болады. Мұны ақын, әсіресе, «Әдебиет және искусство» журналының биылғы жылғы сегізінші номерінде жарияланған «Мен өмір сүремін» атты поэмасында айқын көрсетті. «Мен өмір сүремін» поэмасының мазмұны - Ұлы Отан соғысына қатысқан совет солдатының сыры. Поэмада қысқа да болса совет солдатының әр кезеңдегі: соғыс алдындағы, ұрыс кезіндегі, госпитальдағы, соғыстан кейінгі өмірінің көріністері баяндалады. Поэма өзінің шыншылдық күшімен оқушыны бірден тартып әкетеді. ...Сүйген қызымен киноға барған жас жігіт фильмнің екінші сериясын көруге де үлгірмей, тұтқиылдан басталған соғысқа аттанады. Міне, поэма осылай қарапайым әрі панымды басталған, өйткені, адам өмірі жоспармен жүргізілетін завод жұмысы емес қой... Міне, жас жігіт Отанын қорғау үшін зұлым жауға қарсы аяусыз күрес жүргізеді. Тұтқынға түскен неміс солдатына әділ, ызалы сөзін айтады. Аяғынан айырылып, ауыр қасіретке ұшыраса да жас солдат өмір қызығынан күдер үзбейді. Солдаттың өмір сүйгіш тілегі, сүйгенімен қосылу арманы оны денесіндегі жарақаттан тез айықтырады. Соғыс бітіп, жас солдат туған еліне келеді, сүйгенімен қосылады. Университетке оқуга гүседі. ГІоэманыҢ қысқаша мазмүны осылай. Міне, осы жайлар шыгармада көп жағдайда көркемдік шешімін тапқан. Оқушы солдат сырына түсініп, жас жігіт өмірі мен өз өмірінен ұқсастық, үндестік тауып отырады. Жас ақын айтайын дегенін, негізінде, поэзия шындығына көтере білген. Ақынның суреттеу монерін мына мысалдардан да көруге болады. Соғыс басқан даланың келбетін жас ақын былай суреттейді: ...Жер кеудесі жаралы алтын күздің Көрпесінде қызыл қан жылжып ақты. Даланың айғызданған қанды жүзін, Тазартып жаңбыр суы жуып жатты. Жарақаттанып госпитальда жатқан жас жігіт өмірге аса құштар. Ауыр жараның азабын көрсе де, ол жазылар күнді сағына күтеді. Терезеден көрінген табиғат оған өзгеиіе сүлу болып елестейді. ...Күн сәулесін сіміріп әрбір таса, Түрілді шымылдыгы түннің мақпал. Қайыңға бұлбұл қонып ән шырқаса, Соғады алақапып жапырақтар, дейді ақын. Соғыс бітіп, халқымыз бейбіт құрылысқа кіріседі. Қираған қала, өртенген заводтар қайтадан қатарға қосылады. Міне, бұл жайды ақын «жеңдік, бітті соғыс»  дей салмай, нағыз поэзиялық, образды сөзбен бере білген, ...Қуды соғыс түтінін біздің дабыл... Әлемге жүзін тосты  көктен күн, ай Жердін жұмыр жаралы омырауын, Жасыл бинтпен орады кок гем апай Жас ақынның бұл сияқты көркемдік табысы поэманың әр жерінен-ақ кездесіп отырады. Ақын өз ойын, өз білгенін барынша шыншыл, өз мәнерімен айтуға тырысады. Жас автордың поэзиялық ізденуін байқататын бірнеше мысал келтірейік. ...«Батысқа, алға» деп тұрды қабырғасы - Үйлердің бомба тиіп секпілденген. ...Күннің алтын жіңішке кірпіктері, Жай ғана оятады сені сипап, Күннің жылы жүп-жұмсақ алақаны. ...Оқ жыланның басындай тұр қайқиып, Әскери заводтардың трубалары. Негізінен жақсы шыққан бұл поэманың өзіндік табыстарымен қатар, кемшіліктері де жоқ емес. Егер поэманың алғашқы жартысы логикалық шындығымен өте нанымды берілсе, ақырғы үш бөлімдегі оқиға асығыс баяндалған. Махаббат қызығынан айырған жауға деген ер жігіттің кегі де, соғыста жаралануы да, елге оралуы да әбден нанымды. Мұның бәрінде де пафос сезіледі. Ал, солдаттың университетке оқуға түсу, семьялы болу, бейбітшілікке шақыру картиналары толық, жан-жақты берілмеген. ...Аяқ жоқ деп, достар-ау, неге ашынам, Көріңдер, қолтығымда қос балдағым, - дегенге сене қою қиын. Өйткені адамды оның қуанышынан, қайғысыНан айықтыра салу оңай емес. Егер солдат аяғының жоқтығын  ұмытарлықтай шынымен бір бақыт тапқан болса, оны дәлелдеу керек. Сол сияқты жігіттің ұлы туралы ойлары да бүтін киімге жамалған жамау сияқты басы артық, оғаш көрініп түр. Одан кейін, поэманың әдемі кестесін бұзып тұрған сөз салақтығы да байқалады. Күшті, көркем жолдармен қатар, әлсіз сөздер де ұшырайды. ...Я, сенің күнің бітті бұлғақтайтын, Қарашы! Айнала өрт... Бұл жақсы емес. Бүйра түтін тынымсыз будактайтын, Біздің село заводтың мұржасы емес. Т.Бердияровтың ең әлсіз деген жолдарында да поэзия элементі жалт етіп көрініп қалады. Алайда, жас акын өлеңнің техникалық жағына шеберлене беруге тиіс. Кандай жақсы ойдың өзін үйлесімді үйқаспен, халыкка үғымды тілмен бере білмесе, өлеңнің әсері көп төмендейді. Қорыта айтқанда, Т.Бердияровтың «Мен өмір сүремін» поэмасы - жас ақынның елеулі табысы. Ол бүл поэмасы арқылы өзінің жақсы мүмкіншіліктері бар екенін танытты. 1955

Поэзия өмір шындығынан тууға тиіс деген сөзді жиі естиміз. Бұл - даусыз шындық. Дегенмен, осы қағида әрқашан сақталмайды. Соның салдарынан кейде баспасөз беттерінде көркемдік дәрежесі әлсіз, өмір шындығын бере алмайтын өлеңдер де басылып жүр. Бірақ ондай өлеңдер оқушы жүрегіне жол таба алмайды. Театрды көруші жасайды дегендей, әдебиет те - өзінің оқушысымен әдебиет. Әрбір шығарма өмір мүддесінен туып, «өмірдің шақыруына жауап» (Белинский) болғанда ғана өз оқушысын таппақ.

Соңғы кезде поэзиямызда өмір туралы жалпылама өлеңдерден гөрі нағыз өмірді жырлау, өмірге белсене араласу генденциясы көріне бастады. Бұл жөнінде, әсіресе, жас ақындардың поэзиямызға қосқан жаңа мазмұн, жаңа лебізі қуанарлық оқиға. Солардың бірі - жас ақын Тоқаш Бердияров.

Бердияровтың өлеңдері кейінгі жылдары республикалық газет, журналдарда жиі басылып жүр. Өлеңінің бәрі бірдей мінсіз болмаса да, жас ақынның шығармаларынан нағыз поэзияның ұшқынын анық байқауға болады. Мұны ақын, әсіресе, «Әдебиет және искусство» журналының биылғы жылғы сегізінші номерінде жарияланған «Мен өмір сүремін» атты поэмасында айқын көрсетті.

«Мен өмір сүремін» поэмасының мазмұны - Ұлы Отан соғысына қатысқан совет солдатының сыры. Поэмада қысқа да болса совет солдатының әр кезеңдегі: соғыс алдындағы, ұрыс кезіндегі, госпитальдағы, соғыстан кейінгі өмірінің көріністері баяндалады. Поэма өзінің шыншылдық күшімен оқушыны бірден тартып әкетеді.

...Сүйген қызымен киноға барған жас жігіт фильмнің екінші сериясын көруге де үлгірмей, тұтқиылдан басталған соғысқа аттанады. Міне, поэма осылай қарапайым әрі панымды басталған, өйткені, адам өмірі жоспармен жүргізілетін завод жұмысы емес қой... Міне, жас жігіт Отанын қорғау үшін зұлым жауға қарсы аяусыз күрес жүргізеді. Тұтқынға түскен неміс солдатына әділ, ызалы сөзін айтады.

Аяғынан айырылып, ауыр қасіретке ұшыраса да жас солдат өмір қызығынан күдер үзбейді. Солдаттың өмір сүйгіш тілегі, сүйгенімен қосылу арманы оны денесіндегі жарақаттан тез айықтырады. Соғыс бітіп, жас солдат туған еліне келеді, сүйгенімен қосылады. Университетке оқуга гүседі. ГІоэманыҢ қысқаша мазмүны осылай. Міне, осы жайлар шыгармада көп жағдайда көркемдік шешімін тапқан. Оқушы солдат сырына түсініп, жас жігіт өмірі мен өз өмірінен ұқсастық, үндестік тауып отырады. Жас ақын айтайын дегенін, негізінде, поэзия шындығына көтере білген. Ақынның суреттеу монерін мына мысалдардан да көруге болады. Соғыс басқан даланың келбетін жас ақын былай суреттейді:

...Жер кеудесі жаралы

алтын күздің

Көрпесінде қызыл қан жылжып ақты.

Даланың айғызданған қанды жүзін,

Тазартып жаңбыр суы жуып жатты. Жарақаттанып госпитальда жатқан жас жігіт өмірге аса құштар. Ауыр жараның азабын көрсе де, ол жазылар күнді сағына күтеді. Терезеден көрінген табиғат оған өзгеиіе сүлу

болып елестейді.

...Күн сәулесін сіміріп әрбір таса,

Түрілді шымылдыгы түннің мақпал.

Қайыңға бұлбұл қонып ән шырқаса,

Соғады алақапып жапырақтар,

дейді ақын.

Соғыс бітіп, халқымыз бейбіт құрылысқа кіріседі. Қираған қала, өртенген заводтар қайтадан қатарға қосылады. Міне, бұл жайды ақын «жеңдік, бітті соғыс»  дей салмай, нағыз поэзиялық, образды сөзбен бере білген,

...Қуды соғыс түтінін біздің дабыл...

Әлемге жүзін тосты  көктен күн, ай

Жердін жұмыр жаралы омырауын,

Жасыл бинтпен орады кок гем апай

Жас ақынның бұл сияқты көркемдік табысы поэманың әр жерінен-ақ кездесіп отырады. Ақын өз ойын, өз білгенін барынша шыншыл, өз мәнерімен айтуға тырысады. Жас автордың поэзиялық ізденуін байқататын бірнеше мысал келтірейік.

...«Батысқа, алға» деп тұрды қабырғасы -

Үйлердің бомба тиіп секпілденген.

...Күннің алтын жіңішке кірпіктері,

Жай ғана оятады сені сипап,

Күннің жылы жүп-жұмсақ алақаны.

...Оқ жыланның басындай тұр қайқиып,

Әскери заводтардың трубалары. Негізінен жақсы шыққан бұл поэманың өзіндік табыстарымен қатар, кемшіліктері де жоқ емес. Егер поэманың алғашқы жартысы логикалық шындығымен өте нанымды берілсе, ақырғы үш бөлімдегі оқиға асығыс баяндалған. Махаббат қызығынан айырған жауға деген ер жігіттің кегі де, соғыста жаралануы да, елге оралуы да әбден нанымды. Мұның бәрінде де пафос сезіледі. Ал, солдаттың университетке оқуға түсу, семьялы болу, бейбітшілікке шақыру картиналары толық, жан-жақты берілмеген.

...Аяқ жоқ деп, достар-ау, неге ашынам,

Көріңдер, қолтығымда қос балдағым, - дегенге сене қою қиын. Өйткені адамды оның қуанышынан, қайғысыНан айықтыра салу оңай емес. Егер солдат аяғының жоқтығын  ұмытарлықтай шынымен бір бақыт тапқан болса, оны дәлелдеу керек. Сол сияқты жігіттің ұлы туралы ойлары да бүтін киімге жамалған жамау сияқты басы артық, оғаш көрініп түр. Одан кейін, поэманың әдемі кестесін бұзып тұрған сөз салақтығы да байқалады. Күшті, көркем жолдармен қатар, әлсіз сөздер де ұшырайды.

...Я, сенің күнің бітті бұлғақтайтын,

Қарашы!

Айнала өрт...

Бұл жақсы емес.

Бүйра түтін тынымсыз будактайтын,

Біздің село заводтың мұржасы емес.

Т.Бердияровтың ең әлсіз деген жолдарында да поэзия элементі жалт етіп көрініп қалады. Алайда, жас акын өлеңнің техникалық жағына шеберлене беруге тиіс. Кандай жақсы ойдың өзін үйлесімді үйқаспен, халыкка үғымды тілмен бере білмесе, өлеңнің әсері көп төмендейді.

Қорыта айтқанда, Т.Бердияровтың «Мен өмір сүремін» поэмасы - жас ақынның елеулі табысы. Ол бүл поэмасы арқылы өзінің жақсы мүмкіншіліктері бар екенін танытты.

1955

Бөлісу: