Қазіргі Қазақсатан журналистикасы

11 Қараша 2013, 07:41

Қазір Қазақстан журналистикасы тек өз республикамызбен ғана шектеліп калмайды. Бүгінгі заманда олай болуы мүмкін де емес. Әрине, уақыт талабы да басқа екені белгілі. Өйткені, бүрынғыдай емес, әр ел өз тәуелсіздігін алғанмен жер шарының бүкіл елдерге, халықтарға ортақ мәселесі аз емес. Мысалы, бейбітшілік, табиғат апатына тосқауыл, экология, экономика, саясат, мәдениет, ғылым, халықтар достығы еш уақытта тар шеңберде қалып қоймайды, оған қоса, ондай мәселелерді тек бір елдің, бір республиканың шешуіне де мүмкіндік бола бермейтіні белгілі. Сондықтан бүкіл адамзаттық мәселелер бәрібір ортақ тіл табысуға, бірлесуге, өзара келісімдер жасауға әкелетіні белгілі. Осы ретте Қазақстан журналистикасы да жер жүзі журналистикасы секілді даму, қалыптасуды бастан өткеріп отыр. Кейде өзара байланыстар да болып, бір-біріне әсер ету арқылы жаңа жетістіктерге жол ашылуда. Баспасөз, радио, телевидение коллективтерімен бірге, жекелеген журналистер де шетелдерге шығып, тәжірибелер алмасып тұрады. Ал енді нақты мысалдарға келетін болсақ, Қазақстанда алдымен көпұлтты халықтар тұратыны белгілі. Соған орай әрбір ұлттың, мысалы, орыс, неміс, ұйғыр, корей т.б. халықтардың өз тілдерінде газеттері шығып, радио, телевидение арқылы арнаулы программалар беріліп тұрады. Сондай-ақ, театрлар мен ұлттық орталықтар жұмыс істейді. Енді қазақ журналистикасындағы шетел тақырыбына тоқталсақ, мына жайларды айтуға болады. Мәселен баспасөздің «қара шаңырағы» саналатын «Егемен Қазақстан» газеті күнделікті нөмірінде шетел жаңалықтарын міндетті түрде беріп отырады. Бұл ең басты қоғамдық-саяси газет болғандықтан, әлемде болып жатқан оқиғаларды назардан тыс қалдырмайды. Идеология, саясат саласында және мемлекет басшылары жайлы материалдарға мол орын беріледі. Ондай материалдар мүмкіндігінше бірінші бетке орналастырылады. Мұнда, әсіресе, дипломатиялық қарым-қатынастар туралы жиі айтылады. Президент пен Парламент төрағасы, Премьер-министр кабинеті төрағасының шетелдерге ресми сапарлары туралы тілшілер репортаждары, есептер және фотосуреттер басылады. «Егемен Қазақстан» тиражы жағынан ең көп тарайтын газет. Тіпті, оны шетелдегілер де алдырып түрады. Келесі бір газет «Алматы ақшамы» деп аталады. Бұл республикада таралатын газет. Негізінде әкімшіліктің органы, жаңалықтары туралы жазады. Сонымен бірге бұл газет те шетел хабарларын үзбей береді. Ал «Жас Алаш» газеті жастарға арналған. Яғни, жастар өмірі туралы қызғылықты материалдар берумен бірге, шетел өмірінен де назар аударарлық материалдарды жариялайды. Бұлармен бірге Қазақстанда «Қазақстан-Заман» деген халықаралық газет шығады. Ол Түркиямен бірлесіп шығарылады. Осы екі елдің және басқа да елдердің өмірінен материалдар береді. Енді телевидениеге келсек, «Қазақстан» телекомпаниясы бар. Сондай-ақ «Хабар», «Ел арна» ірі телеарналар саналады. «Қазақстан» телеарнасы негізінен республика өмірін камтитын хабарлар береді. Саясат пен соңғы жедел жаңалықтарды беріп отырады. Президент пен үкімет, парламент жұмыстарын қамтиды. Сондай-ақ шетел жаңалықтарын спутник арқылы қабылдайды. Ал коммерциялық каналдар: КТК, Таң, 31-ші канал, НТК көбіне шетелдердің кинофильмдерін берумен айналысады. Сондай-ақ жарнамалар туралы айтып, бизнес туралы әңгімелейді. Қазақ радиосы болса көптеген радиобағдарламалар береді. Республика өмірінен ақпарат хабарлар, музыкалық, әдеби және шетел хабарлары беріледі. Өнер туралы танымдық материалдар, шаруашылық мәселелері айтылады. Міне, осылайша Қазақстан журналистикасы да әлем журналистикасы секілді онан әрі даму үстінде. Бұл орайда сол әлемдік тәжірибеден бөлініп қалмақ емес, қайта көптеген ізденістер жасамақ. http://refik.kz

Қазір Қазақстан журналистикасы тек өз республикамызбен ғана шектеліп калмайды. Бүгінгі заманда олай болуы мүмкін де емес. Әрине, уақыт талабы да басқа екені белгілі. Өйткені, бүрынғыдай емес, әр ел өз тәуелсіздігін алғанмен жер шарының бүкіл елдерге, халықтарға ортақ мәселесі аз емес. Мысалы, бейбітшілік, табиғат апатына тосқауыл, экология, экономика, саясат, мәдениет, ғылым, халықтар достығы еш уақытта тар шеңберде қалып қоймайды, оған қоса, ондай мәселелерді тек бір елдің, бір республиканың шешуіне де мүмкіндік бола бермейтіні белгілі. Сондықтан бүкіл адамзаттық мәселелер бәрібір ортақ тіл табысуға, бірлесуге, өзара келісімдер жасауға әкелетіні белгілі. Осы ретте Қазақстан журналистикасы да жер жүзі журналистикасы секілді даму, қалыптасуды бастан өткеріп отыр. Кейде өзара байланыстар да болып, бір-біріне әсер ету арқылы жаңа жетістіктерге жол ашылуда. Баспасөз, радио, телевидение коллективтерімен бірге, жекелеген журналистер де шетелдерге шығып, тәжірибелер алмасып тұрады. Ал енді нақты мысалдарға келетін болсақ, Қазақстанда алдымен көпұлтты халықтар тұратыны белгілі. Соған орай әрбір ұлттың, мысалы, орыс, неміс, ұйғыр, корей т.б. халықтардың өз тілдерінде газеттері шығып, радио, телевидение арқылы арнаулы программалар беріліп тұрады. Сондай-ақ, театрлар мен ұлттық орталықтар жұмыс істейді.
Енді қазақ журналистикасындағы шетел тақырыбына тоқталсақ, мына жайларды айтуға болады. Мәселен баспасөздің «қара шаңырағы» саналатын «Егемен Қазақстан» газеті күнделікті нөмірінде шетел жаңалықтарын міндетті түрде беріп отырады. Бұл ең басты қоғамдық-саяси газет болғандықтан, әлемде болып жатқан оқиғаларды назардан тыс қалдырмайды. Идеология, саясат саласында және мемлекет басшылары жайлы материалдарға мол орын беріледі. Ондай материалдар мүмкіндігінше бірінші бетке орналастырылады. Мұнда, әсіресе, дипломатиялық қарым-қатынастар туралы жиі айтылады. Президент пен Парламент төрағасы, Премьер-министр кабинеті төрағасының шетелдерге ресми сапарлары туралы тілшілер репортаждары, есептер және фотосуреттер басылады. «Егемен Қазақстан» тиражы жағынан ең көп тарайтын газет. Тіпті, оны шетелдегілер де алдырып түрады.
Келесі бір газет «Алматы ақшамы» деп аталады. Бұл республикада таралатын газет. Негізінде әкімшіліктің органы, жаңалықтары туралы жазады. Сонымен бірге бұл газет те шетел хабарларын үзбей береді. Ал «Жас Алаш» газеті жастарға арналған. Яғни, жастар өмірі туралы қызғылықты материалдар берумен бірге, шетел өмірінен де назар аударарлық материалдарды жариялайды. Бұлармен бірге Қазақстанда «Қазақстан-Заман» деген халықаралық газет шығады. Ол Түркиямен бірлесіп шығарылады. Осы екі елдің және басқа да елдердің өмірінен материалдар береді.
Енді телевидениеге келсек, «Қазақстан» телекомпаниясы бар. Сондай-ақ «Хабар», «Ел арна» ірі телеарналар саналады. «Қазақстан» телеарнасы негізінен республика өмірін камтитын хабарлар береді. Саясат пен соңғы жедел жаңалықтарды беріп отырады. Президент пен үкімет, парламент жұмыстарын қамтиды. Сондай-ақ шетел жаңалықтарын спутник арқылы қабылдайды. Ал коммерциялық каналдар: КТК, Таң, 31-ші канал, НТК көбіне шетелдердің кинофильмдерін берумен айналысады. Сондай-ақ жарнамалар туралы айтып, бизнес туралы әңгімелейді.
Қазақ радиосы болса көптеген радиобағдарламалар береді. Республика өмірінен ақпарат хабарлар, музыкалық, әдеби және шетел хабарлары беріледі. Өнер туралы танымдық материалдар, шаруашылық мәселелері айтылады.
Міне, осылайша Қазақстан журналистикасы да әлем журналистикасы секілді онан әрі даму үстінде. Бұл орайда сол әлемдік тәжірибеден бөлініп қалмақ емес, қайта көптеген ізденістер жасамақ.

http://refik.kz

Бөлісу: