Журналистика әлеуметтік құбылыстардың маңызыды бөлігінің бірі

11 Қараша 2013, 07:36

Журналистика маңызды әлеуметтік құбылыстардың бірі болып табылады. Онсыз қоғам өмірін көзге елестету мүмкін емес. Өз тарихында журналистика бұқаралық ақпарат құралдары жүйесі ретінде ұзақ жолдан өткені белгілі. ХҮІ-шы ғасырда адамдардың бір-бірімен хабар алмасу құралы ретінде пайда болғанымен, оның негізі ерте кезді мегзейді. Сол уақыттардан бері журналистика даму, қалыптасу жолдарынан өтті. Әртүрлі қоғамдық формация дөуірлерін бастан кешірді. Сөйтіп өзінің тарихи рөлін толық ашып берді. Бұлай дейтін себебіміз, ешқандай басқа құрал дәл осы журналистика секілді халықты әлеуметтік-саяси тұрғыда жылдам әрі жан-жақты, белсенді түрде әртүрлі хабарлармен қамтамасыз етіп көрген емес. Бұл ретте адамның сана-сезіміне, іс-әрекетіне әсер етіп, олардың көзқарастары мен мақсаттарының қалыптасуына ықпалы тиген. Сөйтіп ол барлық уақытта қоғам өміріне араласа отырып, пайымдаулармен, баға берумен, қорытындылар жасаумен, ұсыныстар айтумен зор қозғау салады. Әсіресе, саясат, экономика, экология, қоғамдық-әлеуметтік қатынастар т.б. көптеген салаларда шешім жасап жүзеге асыруға ықпалы болады. Сөйтіп, журналистика қоғамның әлеуметтік институттарының бірі болып саналады. Сондай-ақ, ол адамдарды идеялық тәрбиелеу құралы. Журналистика адам санасын көтеруге, рухани әлемді байытуға себепкер болады. Яғни, баспасөз, радио, телевидениенің негізгі міндеті — жалпы информацияны жинап, өңдеп, халыққа ұсыну. Ал жалпы «Бұқаралық ақпарат құралдары» деген атаудың өзі мына жайларды білдіреді. Журналистика тек қана хабарларды берумен шектелмейтінін ескеру керек. Ол сонымен бірге насихаттық рөл атқаратынын да ұмытпау керек. Баспасөз бен радио және телевизия арқылы берілетін материалдарда тақырыптың көптігі, ішкі және сыртқы өмір жайларын беруде кең көлемде әрекет етіп, географиялық тұрғыдан шектеліп қалмауды қарастыру абзал. Әрбір БАҚ берген материалдарда хабарлардың толық әрі жеткілікті болуы өте кажет. Бұл ретте мына жүйе бойынша жұмыс жүргізілмек. «Журналист — ақпарат — аудитория». Журналист творчестволық тұлға — ол айтады, жазады, ал оны халық тыңдайды, көреді, оқиды. Міне, бұл байланыс үзілмей жүріп отырмақ. Сонда ғана бұқаралық ақпарат құралдарының ісі ойдағыдай жүзеге асады. Демек, жұртшылық газет оқып, радио тыңдап, телевизор көрген кезде әлемдегі жаңалықтар мен езгерістерді біліп қана қоймай, сонымен бірге сол жайларға өзінің де қаншалықты қатысы бар екенін сезініп, сол құбылыстардың неге, қалай, не үшін болғанына анық көзі жетуі тиіс. Сол оқиғалардың болу процесін аңғарып, даму тенденциясына ой жіберіп, қандай заңдылығы барын пайымдап, өзі де іштей дайындықта болуына, қажет жағдайда нақты іс-әрекетке араласуына әсері болуы керек. Журналистика ең алдымен өмір көрінісін беретінін есте сақтаған жөн. Журналистика өмірді сипаттап қана қоймай, онда болып жатқан іс-әрекеттерге адамның өзінің де бағыт-идеалға жетуіне ой тастайды. Мақсатына жол сілтейтін бағыт-бағдар алуына көмек етеді. Осылайша журналистиканың ақпараттық қызметі -маңызды қоғамдық-саяси рөл атқарып, жұртшылыққа әлеуметтік белсенділік туғызып, шындықты ашып береді. Ақпараттық қызмет халықтың керегіне жауап беріп, әлеуметтік дамудың жолдарын жариялап отырады. Сондықтан журналист бұл салада қоғамдық-саяси қызмет жасаудың өнерін игере біліп, әлеуметтік процестерге өз еңбегімен белсене араласуы күн тәртібінен түспейтін мәселе. Жалпы журналистика халықтық болып саналады. Өйткені журналистика халықтың қамын ойлайтын, соның қажетін қарастыратын сала. Сондықтан халықтың жағдайын ойластыруды журналистика әркез назардан тыс қалдырған емес. Қандай мәселені көтермесін журналистика соның бәрін халықтық тұрғыда қозғауға, халықтың сөзін сөйлеуге күш салады. Әрқашан халықтың жағында болып, халықтык позиция ұстайды. Ол дұрыс та. Себебі, жеке біреулерге қызмет етпей, немесе азын-аулақ топтың мүддесін көздемей, осылайша БҮКІЛ жұртшылықтың, жалпы адамдардың мүддесін көздейтін мақсат анағұрлым ақылға сиымды, адамгершілікке жататын іс болса керек. Тар көлемде белгілі біреулердің ғана идеясын жақтамай, нағыз адамзатқа қызмет ету — биік моральдық-этикалық қасиет екені ақиқат. http://refik.kz

Журналистика маңызды әлеуметтік құбылыстардың бірі болып табылады. Онсыз қоғам өмірін көзге елестету мүмкін емес. Өз тарихында журналистика бұқаралық ақпарат құралдары жүйесі ретінде ұзақ жолдан өткені белгілі. ХҮІ-шы ғасырда адамдардың бір-бірімен хабар алмасу құралы ретінде пайда болғанымен, оның негізі ерте кезді мегзейді. Сол уақыттардан бері журналистика даму, қалыптасу жолдарынан өтті. Әртүрлі қоғамдық формация дөуірлерін бастан кешірді. Сөйтіп өзінің тарихи рөлін толық ашып берді. Бұлай дейтін себебіміз, ешқандай басқа құрал дәл осы журналистика секілді халықты әлеуметтік-саяси тұрғыда жылдам әрі жан-жақты, белсенді түрде әртүрлі хабарлармен қамтамасыз етіп көрген емес. Бұл ретте адамның сана-сезіміне, іс-әрекетіне әсер етіп, олардың көзқарастары мен мақсаттарының қалыптасуына ықпалы тиген. Сөйтіп ол барлық уақытта қоғам өміріне араласа отырып, пайымдаулармен, баға берумен, қорытындылар жасаумен, ұсыныстар айтумен зор қозғау салады. Әсіресе, саясат, экономика, экология, қоғамдық-әлеуметтік қатынастар т.б. көптеген салаларда шешім жасап жүзеге асыруға ықпалы болады. Сөйтіп, журналистика қоғамның әлеуметтік институттарының бірі болып саналады. Сондай-ақ, ол адамдарды идеялық тәрбиелеу құралы. Журналистика адам санасын көтеруге, рухани әлемді байытуға себепкер болады.
Яғни, баспасөз, радио, телевидениенің негізгі міндеті — жалпы информацияны жинап, өңдеп, халыққа ұсыну. Ал жалпы «Бұқаралық ақпарат құралдары» деген атаудың өзі мына жайларды білдіреді.
Журналистика тек қана хабарларды берумен шектелмейтінін ескеру керек. Ол сонымен бірге насихаттық рөл атқаратынын да ұмытпау керек. Баспасөз бен радио және телевизия арқылы берілетін материалдарда тақырыптың көптігі, ішкі және сыртқы өмір жайларын беруде кең көлемде әрекет етіп, географиялық тұрғыдан шектеліп қалмауды қарастыру абзал. Әрбір БАҚ берген материалдарда хабарлардың толық әрі жеткілікті болуы өте кажет. Бұл ретте мына жүйе бойынша жұмыс жүргізілмек. «Журналист — ақпарат — аудитория». Журналист творчестволық тұлға — ол айтады, жазады, ал оны халық тыңдайды, көреді, оқиды. Міне, бұл байланыс үзілмей жүріп отырмақ. Сонда ғана бұқаралық ақпарат құралдарының ісі ойдағыдай жүзеге асады. Демек, жұртшылық газет оқып, радио тыңдап, телевизор көрген кезде әлемдегі жаңалықтар мен езгерістерді біліп қана қоймай, сонымен бірге сол жайларға өзінің де қаншалықты қатысы бар екенін сезініп, сол құбылыстардың неге, қалай, не үшін болғанына анық көзі жетуі тиіс. Сол оқиғалардың болу процесін аңғарып, даму тенденциясына ой жіберіп, қандай заңдылығы барын пайымдап, өзі де іштей дайындықта болуына, қажет жағдайда нақты іс-әрекетке араласуына әсері болуы керек.
Журналистика ең алдымен өмір көрінісін беретінін есте сақтаған жөн. Журналистика өмірді сипаттап қана қоймай, онда болып жатқан іс-әрекеттерге адамның өзінің де бағыт-идеалға жетуіне ой тастайды. Мақсатына жол сілтейтін бағыт-бағдар алуына көмек етеді.
Осылайша журналистиканың ақпараттық қызметі -маңызды қоғамдық-саяси рөл атқарып, жұртшылыққа әлеуметтік белсенділік туғызып, шындықты ашып береді. Ақпараттық қызмет халықтың керегіне жауап беріп, әлеуметтік дамудың жолдарын жариялап отырады. Сондықтан журналист бұл салада қоғамдық-саяси қызмет жасаудың өнерін игере біліп, әлеуметтік процестерге өз еңбегімен белсене араласуы күн тәртібінен түспейтін мәселе. Жалпы журналистика халықтық болып саналады. Өйткені журналистика халықтың қамын ойлайтын, соның қажетін қарастыратын сала. Сондықтан халықтың жағдайын ойластыруды журналистика әркез назардан тыс қалдырған емес. Қандай мәселені көтермесін журналистика соның бәрін халықтық тұрғыда қозғауға, халықтың сөзін сөйлеуге күш салады. Әрқашан халықтың жағында болып, халықтык позиция ұстайды. Ол дұрыс та. Себебі, жеке біреулерге қызмет етпей, немесе азын-аулақ топтың мүддесін көздемей, осылайша БҮКІЛ жұртшылықтың, жалпы адамдардың мүддесін көздейтін мақсат анағұрлым ақылға сиымды, адамгершілікке жататын іс болса керек. Тар көлемде белгілі біреулердің ғана идеясын жақтамай, нағыз адамзатқа қызмет ету — биік моральдық-этикалық қасиет екені ақиқат.

http://refik.kz

Бөлісу: