Журналист мәдениеті жайында

11 Қараша 2013, 06:56

Мәдениет көп мағыналы ұғым. Қайсыбір мәліметтерге қарағанда, оның ағылшын тілінде 160, Батыс Еуропа елдері тілдерінде 250-ден астам анықтамасы барға ұқсайды. Мәдениет сөзі – термин, араб тілінен «маданият», мағынасы: «адам баласының қоғамдық саласындағы табыстары мен ақыл-ой жөніндегі жетістіктерінің жиынтығы». Этика сол сан-салалы мәдениеттің құрамдас бөлігі, жаратылысы айрықша әлем.      Этика – философиялық категория. Ол педагогика, психология, филология және заң ережелерімен сабақтас, салалас, құрамдас.      Этика теориялық жағынан заң-ережелерден тұратын құрылым. Объектісі – мораль, адамгершілік, ізгілік. Табиғатына формальдылық жат. Ол қоғамның, жалпы адамзат дамуының қозғаушы күші. Норма. Журналистік жауапкершілік – этикалық жауапкершілік.      Этика – термин. Салт-дәстүр, жөн-жоралғы, үрдіс мағынасын беретін грек сөзі. Яғни, ұлттық-халықтық салт-дәстүрлер ережесі. Этикет – тәртіп мағынасын беретін француз сөзі. Этика, этикет, этикетка, дипломатия, эстетика, ньюанс, такт, тактика, маневр – мағыналары жақын сөздер. Жиынтығы - әдеп әлемі. Этика – заң-ереже, тарих.      Қазақстан – тәуелсіз мемлекет. Оның мақсат-мұраттарына, заң-ережелеріне қарай журналистердің де моральдық-этикалық ерекшеліктері байқалуда. Журналистік этиканың аудиториясы – оқырман, көрермен, тыңдарман халық. Ол (этика) сол қоғаммен, сол халықпен бірге қозғалып, бірге дамиды.     Қоғамымызда этикалық заңдылықтар нормалары сақтала бермейді. Бұл – этикалық проблема. Журналистік дәстүрлер сабақтастығының сақталмауы аға ұрпақ тәжірибелерінен қол үзу проблемадан туындаған проблемалар.     Журналист этикасының проблемалары бізде жете зерттелмеген. Пікірсайыстар талданбаған. Бұл мәселеде қазақ тілінде ғылыми әдебиеттер некен-саяқ     Журналистік қызметтің саяси, құқықтық, адамгершілік нормалары, біздің байқауымызда, әлі де шашыраңқы. Қазіргі бұқаралық ақпарат құралдарындағы қаптаған этикалық ақаулар, қым-қиғаш заңсыздықтардң орын алуы соның салдары.    Журналистің моральдық-этикалық принциптері.    Моральдық-этикалық принцип – қызмет бабы барысында журналист ұстанатын заң, ереже, шарт, тәртіп һәм мінез.    Принциптің ұлттық ұғым-мағынасы: Айттым – бітті. Шалқайғанға – шалқай. Ол – құдайдың ұлы емес. Еңкейгенге – еңкей. Ол – құдайдың құлы емес. Эстетика. Эстетика философиялық ілім. Ендеше, ол да этика сияқты нақты ғылымдар өлшеміне сай келмейді. Кейбіреулер философиялық ғылымнан гөрі өнерге жақындастырады. Ол рас та, өйткені оларға негізгі ортақ нәрсе жеке тұлғаның, даралықтың үлкен орын алатындығы. Бірақ көркем өнер үшін тұлға тағдырының басқаларға ұқсамайтын кездейсоқтығы, бірегейлігі маңызды болса, философия үшін жалқылық жалпылықтың көрінуі мен жүзеге асуының формасы ретінде маңызды.   Кенжеғалиева Ж

Мәдениет көп мағыналы ұғым. Қайсыбір мәліметтерге қарағанда, оның ағылшын тілінде 160, Батыс Еуропа елдері тілдерінде 250-ден астам анықтамасы барға ұқсайды. Мәдениет сөзі – термин, араб тілінен «маданият», мағынасы: «адам баласының қоғамдық саласындағы табыстары мен ақыл-ой жөніндегі жетістіктерінің жиынтығы». Этика сол сан-салалы мәдениеттің құрамдас бөлігі, жаратылысы айрықша әлем.

     Этика – философиялық категория. Ол педагогика, психология, филология және заң ережелерімен сабақтас, салалас, құрамдас.
     Этика теориялық жағынан заң-ережелерден тұратын құрылым. Объектісі – мораль, адамгершілік, ізгілік. Табиғатына формальдылық жат. Ол қоғамның, жалпы адамзат дамуының қозғаушы күші. Норма. Журналистік жауапкершілік – этикалық жауапкершілік.
     Этика – термин. Салт-дәстүр, жөн-жоралғы, үрдіс мағынасын беретін грек сөзі. Яғни, ұлттық-халықтық салт-дәстүрлер ережесі. Этикет – тәртіп мағынасын беретін француз сөзі. Этика, этикет, этикетка, дипломатия, эстетика, ньюанс, такт, тактика, маневр – мағыналары жақын сөздер. Жиынтығы - әдеп әлемі. Этика – заң-ереже, тарих.
     Қазақстан – тәуелсіз мемлекет. Оның мақсат-мұраттарына, заң-ережелеріне қарай журналистердің де моральдық-этикалық ерекшеліктері байқалуда. Журналистік этиканың аудиториясы – оқырман, көрермен, тыңдарман халық. Ол (этика) сол қоғаммен, сол халықпен бірге қозғалып, бірге дамиды.
    Қоғамымызда этикалық заңдылықтар нормалары сақтала бермейді. Бұл – этикалық проблема. Журналистік дәстүрлер сабақтастығының сақталмауы аға ұрпақ тәжірибелерінен қол үзу проблемадан туындаған проблемалар.
    Журналист этикасының проблемалары бізде жете зерттелмеген. Пікірсайыстар талданбаған. Бұл мәселеде қазақ тілінде ғылыми әдебиеттер некен-саяқ
    Журналистік қызметтің саяси, құқықтық, адамгершілік нормалары, біздің байқауымызда, әлі де шашыраңқы. Қазіргі бұқаралық ақпарат құралдарындағы қаптаған этикалық ақаулар, қым-қиғаш заңсыздықтардң орын алуы соның салдары.
   Журналистің моральдық-этикалық принциптері.
   Моральдық-этикалық принцип – қызмет бабы барысында журналист ұстанатын заң, ереже, шарт, тәртіп һәм мінез.
   Принциптің ұлттық ұғым-мағынасы:
Айттым – бітті.
Шалқайғанға – шалқай.
Ол – құдайдың ұлы емес.
Еңкейгенге – еңкей.
Ол – құдайдың құлы емес.

Эстетика. Эстетика философиялық ілім. Ендеше, ол да этика сияқты нақты ғылымдар өлшеміне сай келмейді. Кейбіреулер философиялық ғылымнан гөрі өнерге жақындастырады. Ол рас та, өйткені оларға негізгі ортақ нәрсе жеке тұлғаның, даралықтың үлкен орын алатындығы. Бірақ көркем өнер үшін тұлға тағдырының басқаларға ұқсамайтын кездейсоқтығы, бірегейлігі маңызды болса, философия үшін жалқылық жалпылықтың көрінуі мен жүзеге асуының формасы ретінде маңызды.
 

Кенжеғалиева Ж

Бөлісу: