ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК ОРТАЛЫҚ МУЗЕЙІ

11 Қараша 2013, 05:47

Еліміздің ең ірі, әрі байырғы музейі – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейінің 300 мың бірліктен астам қорлар мен экспозициялық коллекциялар  негіздері  XIX ғ. 30-шы жылдарының басында – Неплюев Кадет  корпус қызметкерлерінің күш-жігерлерімен қаланды. Аталған әскери оқу орнында құрылған шағын музей ол кезде «Орынбор Өлкесінің Музеумі» деп аталды. Десе де,  музейдің түпкілікті қалыптасуы тек 1929 жылы Алматы қаласында аяқталды. Музей қорларына Орынбор өлкесі музейінің экспонаттарымен қатар, Жетісу облыстық музейінің  бай коллекциясы да кіргізілді. 1944 жылы музей – «Орталық мемлекеттік музей» мәртебесін алды. Қазіргі кезде музей халықаралық музей құрылысының идеологиясы мен технологиясына сәйкес құрылымдық-функциональдық реформалау және жетілдіру сатысынан өткізілуде. Бұл ретте шешуші мақсат барлық дерлік салалық музейлік бөлімшелерді біздің музейіміздің қызметтерінің тиімділігін қамтамасыз етудің негізі факторы ретінде және бас тетігі ретінде «ғылымдастыру»  болып табылады. Бұл жерде археология, этнография, тарих қорларын тиісті ғылыми бөлімдермен біріктіру, дәлірек айтқанда, осы «аса» бірегей  қор құрылымдары болып табылатындарды археология, этнология және тарих бөлімдері құрамына біріктіру туралы сөз болып отыр. Отандық музей ісіндегі қызметтің  принциптік жаңа ұйымдастыру нысаны музейдің ғылыми қызметкерлері үшін тікелей қор және экспозициялық материалдармен жұмыс істеудің  нақты мүмкіндіктер көзін ашты. Біздің музейіміздің құрылымын институттандырудың  осындай жаңа деңгейі арқасында неғұрлым бағалы қор және экспозициялық коллекцияларын каталогтау ісін іс жүзінде аяқтауға мүмкіндік туды. Музей жұмысын ұйымдастырудың және де өте қызықты бір түрі – бір мезгілде музей қызметінің әрі жаңа деңгейі, әрі мәдени-білім қызметін ұйымдастырудың жаңа түрі ретінде түсінілетін арнайы залдардың: «Ашық қор», «Антропология музейі»,  «Н.Г.Хлудов залдарының» құрылуы деуге болады. Жұмыстың мұндай түрі келушілерге бәрінен бұрын аса  бағалы тарихи этнографиялық және археологиялық артефактілерден тұратын қолжетімсіз қор коллекцияларымен танысуға кең мүмкіндікке жол ашады. Сәйкесінше көрнекті археолог-ғалымдар К.А.Ақышев пен А.С.Подушкин орындаған   «Андронов дәуірі әйелінің» (б.з.д. XIV- IX ғғ.) және "Қаңлы әйелінің" (б.з.д. II ғ..- б.з. IV ғ.) киімдері мен керек-жарақтарының жаңа жаңғыртпалары біздің музейдің мақтанышы екендігі сөзсіз. Белгілі қалпына келтіруші К.Алтынбеков Әлішер Ақышевтің  принциптік жаңа ғылыми жобасы бойынша жүзеге асырған атақты Есіктен табылған «Алтын адамның» –  даңқты сақ жауынгерінің рәсімдік-жоралық киімі мен керек-жарақтарының жаңа  жаңғыртпасы айрықша қызығушылық тудырады.

Еліміздің ең ірі, әрі байырғы музейі – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейінің 300 мың бірліктен астам қорлар мен экспозициялық коллекциялар  негіздері  XIX ғ. 30-шы жылдарының басында – Неплюев Кадет  корпус қызметкерлерінің күш-жігерлерімен қаланды. Аталған әскери оқу орнында құрылған шағын музей ол кезде «Орынбор Өлкесінің Музеумі» деп аталды. Десе де,  музейдің түпкілікті қалыптасуы тек 1929 жылы Алматы қаласында аяқталды. Музей қорларына Орынбор өлкесі музейінің экспонаттарымен қатар, Жетісу облыстық музейінің  бай коллекциясы да кіргізілді.

1944 жылы музей – «Орталық мемлекеттік музей» мәртебесін алды. Қазіргі кезде музей халықаралық музей құрылысының идеологиясы мен технологиясына сәйкес құрылымдық-функциональдық реформалау және жетілдіру сатысынан өткізілуде. Бұл ретте шешуші мақсат барлық дерлік салалық музейлік бөлімшелерді біздің музейіміздің қызметтерінің тиімділігін қамтамасыз етудің негізі факторы ретінде және бас тетігі ретінде «ғылымдастыру»  болып табылады. Бұл жерде археология, этнография, тарих қорларын тиісті ғылыми бөлімдермен біріктіру, дәлірек айтқанда, осы «аса» бірегей  қор құрылымдары болып табылатындарды археология, этнология және тарих бөлімдері құрамына біріктіру туралы сөз болып отыр. Отандық музей ісіндегі қызметтің  принциптік жаңа ұйымдастыру нысаны музейдің ғылыми қызметкерлері үшін тікелей қор және экспозициялық материалдармен жұмыс істеудің  нақты мүмкіндіктер көзін ашты. Біздің музейіміздің құрылымын институттандырудың  осындай жаңа деңгейі арқасында неғұрлым бағалы қор және экспозициялық коллекцияларын каталогтау ісін іс жүзінде аяқтауға мүмкіндік туды. Музей жұмысын ұйымдастырудың және де өте қызықты бір түрі – бір мезгілде музей қызметінің әрі жаңа деңгейі, әрі мәдени-білім қызметін ұйымдастырудың жаңа түрі ретінде түсінілетін арнайы залдардың: «Ашық қор», «Антропология музейі»,  «Н.Г.Хлудов залдарының» құрылуы деуге болады. Жұмыстың мұндай түрі келушілерге бәрінен бұрын аса  бағалы тарихи этнографиялық және археологиялық артефактілерден тұратын қолжетімсіз қор коллекцияларымен танысуға кең мүмкіндікке жол ашады. Сәйкесінше көрнекті археолог-ғалымдар К.А.Ақышев пен А.С.Подушкин орындаған   «Андронов дәуірі әйелінің» (б.з.д. XIV- IX ғғ.) және "Қаңлы әйелінің" (б.з.д. II ғ..- б.з. IV ғ.) киімдері мен керек-жарақтарының жаңа жаңғыртпалары біздің музейдің мақтанышы екендігі сөзсіз. Белгілі қалпына келтіруші К.Алтынбеков Әлішер Ақышевтің  принциптік жаңа ғылыми жобасы бойынша жүзеге асырған атақты Есіктен табылған «Алтын адамның» –  даңқты сақ жауынгерінің рәсімдік-жоралық киімі мен керек-жарақтарының жаңа  жаңғыртпасы айрықша қызығушылық тудырады.

Бөлісу: