Күйші Сейтек

11 Қараша 2013, 05:44

Жұлдызы жанып, даңқы елге тарап, мерейі асқан жас жігітке сұқтанған сұқ көздер қадалып, іштарлық жасаушылар да табылады. Жолдас, ынтымақты дос жинаса, дұшпандары одан екі есе көбейді. «Ағайын бар болсаң көре алмайды, жоқ болсаң бере алмайдының» кері келді. Қызғаныштың қызыл иті жүріп, Сейтекті сүріндіруге ниет етушілердің саны көбейді. Қызу қанды, тасы өрге домалаған Сейтек кей реттерде арандап қалған. Ауыл арасы қазақи «барымта», «сындырымталардың» аяғы дауға айналып, он тоғыз жасар Сейтек алғаш Орда түрмесіне қамалады. Халықтың ара түсуімен шыққан. Дау қуған пәлеге, өткеннің кегін қуамын деп жыл айналып 1882 жылы Үркіт түрмесінің дәмін татады. Одан кезекпен айдалып 1883 жылы Астраханьға қамауда, 1885 жылы Черномер түрмесінде болады. Ісі оңынан шешіліп, босап елге келген азаматтың мал ашуы, жан ашуы ұласқан жанжал жер дауына тіреледі. Ағайын арасында көзтүрткі болып жүруден жалығып, ата қонысын тастап, ол кездегі табыс көзіне айналған тұз кәсіпшілігін сағалап Богда тауын іргелей қоныстанады. Жұмысшылар қатарына қосылып, тұз өндіру саласында еңбекке араласады. «Ат айналып қазығын табады» дегендей, ата қонысынан да қол үзбеді. Ешкімге бас имей өз дегенімен жүріп, есесін жібермейтін еркіндігі атқамінер әкімдерге ұнамады. Бұрынғы «барымташы», «ұры» атағына, «Жергілікті басшыларға бағынбайтын басбұзар» деген айыпты артына ілестіреді. Елді өнерімен сүйсіндіріп және бүкпей сөйлейтін өткірлігімен халық арасында беделі артқаны билікшілер тобына жайлы болмады. Жер мүлкіне де қызығушылар табылып, Сейтекті елден аластауға мүдделі адамдар көбейеді. Оны старшин Бестібаев дегеннің Сейтектің 1894 жылы Ордадағы ставка түрмесіне, одан Москвадағы Бутыркаға жауып, сол жылы Сахалинге каторгілік жұмысқа жіберген шағында «Жерім тапшы, малымның басы көп, жайылым жетпейді, сол себепті Оразалиевтің жерінен шабындық жер алып беріңіз» деген арыз жазғаны айқын дәлел бола алады. (ҚР ОМА, қор-78, тізбе-2, іс-3712,парақ-2). Оның соңғы ұсталуында елден біржола аластауды ойластырған белсенділер «Орыс үкіметіне», «Ақ патшаға қарсы» ұйымдасқан жұмысшылардың арасындағы қозғалысқа қатысы бар деген айыпты бұрынғы қылмыстарына қосты. Саяси тұтқын ретінде 1894 жылы Сахалинге айдалады. Каторгідегі өмірі 1905 жылғы орыс-жапон соғысы кезінде аяқталады. Бізге жеткен деректерде революционер Василий екеуі қашып шыққан делінсе, жергілікті өлкетанушы ­Өтеп­берген Әлімгереев олардың үшеу бол­ғандығын дәлелдеп жазады. (Ө.Әлімгереев «Дүлдүлдер дүбірі», 2012 жыл. «Арыс» баспасы). Тоғыз жыл айдауда болып аңсап келгенде, абзал анасы және бас кө­тер­ген баласы дүниеден озған. Үлкен қайғы еңсесін түсіріп, жабыр­қатқан күйінде күн кешеді. Ел арасында жүрсе көзге түсіп, атқа-мінерлердің түрткісіне ұшыраудан сақтанып, өмір бойы опа таппаған Орда маңын тастап, Еділ жағалап Қарабайлы, Қызылжар аумағын тұрақ етеді. Қалмақ қырына шығады. Қайда барса да өнерін құрметтегендер қарсы алып, орталарынан орын береді. Ол да тілмен айтылмаған іштегі мұңы мен зарын, булыққан қаһары мен ызасын домбырадан күй етіп төгілдіреді. Қазақ жігіттерін майданның қара жұмысына алу жөніндегі Патша Жарлығының елде туғызған дүрбелеңі халық наразылығын бейнелейтін «Он алтыншы жыл» күйін шығарған. Қай заманда да алымды басшы­ның етегінен тартатын арыз тоқтау таппаған. Соның бір көрінісі Торғын бөлімінің 2 болысының қырғызы Рүстем Исмагуловтың старшина Оразалиевтің заңға қайшы қылықтары жөнінде жазылған арызын, Хан ставкасының атқару комитетіне 1917 жылдың 16 сәуірінде Губерниялық комиссар 2764 санды қатынас қағазымен жолдап, шара алуын сұраған. (Астрахань мұрағаты, 1094-қор; 1-тізімдеме, 33-іс, 191-бет ). Езілген халықты теңестіреміз деген ұран көтерген 1917 жылдың Қазан төңкерісі қарапайым адамдардың көңілінен шығып жаппай қолдауға ие болды. Сейтектің де жаңа үкіметті қолдап, оның жұмысына белсене араласқандығы көрінеді. Шонайдағы кедейлер комитетінің мүшесі болып сайланып, белсенді қызмет жасайды. Осы тұста «Бостандық», «Он жетінші жыл», «Партсъезд» күйлері өмірге келеді. Бастапқы ұрандарынан іс жүзінде тез қайтқан большевиктер партиясының саясатынан секем алып, жаңа үкіметтен қашықтау жүруге тырысады. Осы тұста Астрахань гимназия­сындағы оқуын тәмамдап, білімін дәрігерлік оқумен тереңдетіп жалғастырған баласы Есқайыр Қызылжардағы (Красный Ярдағы) учаскелік аурухана дәрігері болып жұмыс жасаған. Сейтек те үлкендікті қабылдап, баласына келіп тұрақтайды. Адамның жасы ұлғайса да өнері қалмайды, үйінде отырып ойнаған домбыра үні ауыл-аймаққа түгел тарайды. Жиын-тойға шақырылып, өнерін көрсетіп, сұраушылардың көңілін қайтармайды. Ауыл, аудан басшыларының көзіне түседі. 1923 жылы Бүкілодақтық көрмеге қатысып, өнерін көрсетті, бірнеше туындыларын ойнап, көрермендер құрметіне бөленді. 1933 жылдың 20 шілдесінде безгек ауруынан қайтыс болады. Сейтекті дәріптеуші, аты-жөні беймәлім азамат Харабайлы ауданының басшылары арқылы 1977 жылдың 10 мамырында күйшінің басына ескерткіш қойды. Қаңылтыр темірден жасалған ескерткіш дүлей табиғат құбылысына қарсы тұра алмай, жылдар тізбесінің астында мүжіліп тапталып, аяқ асты болған. Өшкенімізді жандырып, өткенімізді түгендер сәт келді. Әр қиырда жатқан ұлыларымызды дәріптейтін, ұлттық рухы жоғары азамат Мұхит Ізбановтың белсенді еңбегінің нәтижесінде басы қарайтылып тастан бейіті тұрғызылды. Саналы азаматтың салауатты бастамасын қолдаған барлық ұлтжанды жігіттерге Қазақ елі ризашылығын білдіреді. Сейтек Оразалыұлының күйін талдауды мамандар еншісіне қалдырғанды жөн санадық. Күй тектен-тек шықпайды, әр туындының өзіндік аңыздары бар. Шығармалары қазақ халқының еркіндікті аңсаған, қапастағы бұғаудан шығуға ұмтылған кездегі туындылар. Елдің басына түскен нәубеттен құтылуды аңсау. Ол тарихи жағдайларға тікелей байланысты. Біздің халқымыздың екі ғасыр жоңғарлармен күресі аңыз-ертегіде қалмақтар болып үнемі кездесетін. Одан кейінгі Ресейге бодандық сол кездегі көркем шығармалардың қай-қайсысынан да тыс қалмаған. Сейтек ару қызға деген адал көңіл, ақ тілегіне айғақ етіп «Бұлбұл Айша» күйін шығарған. Қазақ қыздарының ақ жарқын, тілеуқор, бауырмал қасиетіне тәнті болып «Бес қыз» күйін тарту еткен. Ер қанаты атына арнап «Торы ат», «Ортпа» күйлерін күмбірлеткен. Алғаш беттескен зорлық пен қиянатқа деген қынжылысын «Арпалыс» атты күймен білдірген. Адал дос, арқа сүйер азаматтарға арнап «Ақ Еділ» күйін тартқан. Қайда барса ақ жарылып алдынан шығар қонақжай ел, жұртына ризашылығы ретінде «Балқаймақ» күйін арнаған. Бас еркінен айырылып, жанына араша таппай күйзелген шақтарында «Түңілдім», «Айдау» атты күйлерін азынатқан. Қорлық пен зорлықты белшесінен кешіп айдаудан оралғанда, қос төмпешік болып жер томпайтып жатқан асыл анасы мен бауыр еті перзентінің күйігі «Ғазиз» күйі болып күңіренген. «Қайда барсаң да, Қорқыттың көрі» дегендей кер заманның қия бас­тырмас нәубеті «Заман-ай» күйі болып сұңқылдаған . . . Осының бәрі басы жұмыр пенде Сейтектің өмір дерегі, бастан кешкен ғұмыр шежіресі болғанымен, сол нақтылы дерек, сол ақиқат айғақ күйші Сейтектің домбырасы арқылы уақыт үнін жеткізіп, замана тынысын сездіргендей әсер береді. Сейтек күйшіміздің атағын сол дәуірдің жыршысы дәрежесіне көтерген шығармалары, қазақ халқының өнеріндегі мәңгілік мұралар қатарынан орын алды. Өмірзақ Қажымғалиев, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі

Жұлдызы жанып, даңқы елге тарап, мерейі асқан жас жігітке сұқтанған сұқ көздер қадалып, іштарлық жасаушылар да табылады. Жолдас, ынтымақты дос жинаса, дұшпандары одан екі есе көбейді. «Ағайын бар болсаң көре алмайды, жоқ болсаң бере алмайдының» кері келді. Қызғаныштың қызыл иті жүріп, Сейтекті сүріндіруге ниет етушілердің саны көбейді. Қызу қанды, тасы өрге домалаған Сейтек кей реттерде арандап қалған.
Ауыл арасы қазақи «барымта», «сындырымталардың» аяғы дауға айналып, он тоғыз жасар Сейтек алғаш Орда түрмесіне қамалады. Халықтың ара түсуімен шыққан. Дау қуған пәлеге, өткеннің кегін қуамын деп жыл айналып 1882 жылы Үркіт түрмесінің дәмін татады. Одан кезекпен айдалып 1883 жылы Астраханьға қамауда, 1885 жылы Черномер түрмесінде болады. Ісі оңынан шешіліп, босап елге келген азаматтың мал ашуы, жан ашуы ұласқан жанжал жер дауына тіреледі. Ағайын арасында көзтүрткі болып жүруден жалығып, ата қонысын тастап, ол кездегі табыс көзіне айналған тұз кәсіпшілігін сағалап Богда тауын іргелей қоныстанады. Жұмысшылар қатарына қосылып, тұз өндіру саласында еңбекке араласады. «Ат айналып қазығын табады» дегендей, ата қонысынан да қол үзбеді. Ешкімге бас имей өз дегенімен жүріп, есесін жібермейтін еркіндігі атқамінер әкімдерге ұнамады. Бұрынғы «барымташы», «ұры» атағына, «Жергілікті басшыларға бағынбайтын басбұзар» деген айыпты артына ілестіреді. Елді өнерімен сүйсіндіріп және бүкпей сөйлейтін өткірлігімен халық арасында беделі артқаны билікшілер тобына жайлы болмады. Жер мүлкіне де қызығушылар табылып, Сейтекті елден аластауға мүдделі адамдар көбейеді. Оны старшин Бестібаев дегеннің Сейтектің 1894 жылы Ордадағы ставка түрмесіне, одан Москвадағы Бутыркаға жауып, сол жылы Сахалинге каторгілік жұмысқа жіберген шағында «Жерім тапшы, малымның басы көп, жайылым жетпейді, сол себепті Оразалиевтің жерінен шабындық жер алып беріңіз» деген арыз жазғаны айқын дәлел бола алады. (ҚР ОМА, қор-78, тізбе-2, іс-3712,парақ-2). Оның соңғы ұсталуында елден біржола аластауды ойластырған белсенділер «Орыс үкіметіне», «Ақ патшаға қарсы» ұйымдасқан жұмысшылардың арасындағы қозғалысқа қатысы бар деген айыпты бұрынғы қылмыстарына қосты.
Саяси тұтқын ретінде 1894 жылы Сахалинге айдалады. Каторгідегі өмірі 1905 жылғы орыс-жапон соғысы кезінде аяқталады.
Бізге жеткен деректерде революционер Василий екеуі қашып шыққан делінсе, жергілікті өлкетанушы ­Өтеп­берген Әлімгереев олардың үшеу бол­ғандығын дәлелдеп жазады. (Ө.Әлімгереев «Дүлдүлдер дүбірі», 2012 жыл. «Арыс» баспасы).
Тоғыз жыл айдауда болып аңсап келгенде, абзал анасы және бас кө­тер­ген баласы дүниеден озған. Үлкен қайғы еңсесін түсіріп, жабыр­қатқан күйінде күн кешеді. Ел арасында жүрсе көзге түсіп, атқа-мінерлердің түрткісіне ұшыраудан сақтанып, өмір бойы опа таппаған Орда маңын тастап, Еділ жағалап Қарабайлы, Қызылжар аумағын тұрақ етеді. Қалмақ қырына шығады. Қайда барса да өнерін құрметтегендер қарсы алып, орталарынан орын береді. Ол да тілмен айтылмаған іштегі мұңы мен зарын, булыққан қаһары мен ызасын домбырадан күй етіп төгілдіреді.
Қазақ жігіттерін майданның қара жұмысына алу жөніндегі Патша Жарлығының елде туғызған дүрбелеңі халық наразылығын бейнелейтін «Он алтыншы жыл» күйін шығарған.
Қай заманда да алымды басшы­ның етегінен тартатын арыз тоқтау таппаған. Соның бір көрінісі Торғын бөлімінің 2 болысының қырғызы Рүстем Исмагуловтың старшина Оразалиевтің заңға қайшы қылықтары жөнінде жазылған арызын, Хан ставкасының атқару комитетіне 1917 жылдың 16 сәуірінде Губерниялық комиссар 2764 санды қатынас қағазымен жолдап, шара алуын сұраған. (Астрахань мұрағаты, 1094-қор; 1-тізімдеме, 33-іс, 191-бет ).
Езілген халықты теңестіреміз деген ұран көтерген 1917 жылдың Қазан төңкерісі қарапайым адамдардың көңілінен шығып жаппай қолдауға ие болды. Сейтектің де жаңа үкіметті қолдап, оның жұмысына белсене араласқандығы көрінеді. Шонайдағы кедейлер комитетінің мүшесі болып сайланып, белсенді қызмет жасайды. Осы тұста «Бостандық», «Он жетінші жыл», «Партсъезд» күйлері өмірге келеді. Бастапқы ұрандарынан іс жүзінде тез қайтқан большевиктер партиясының саясатынан секем алып, жаңа үкіметтен қашықтау жүруге тырысады.
Осы тұста Астрахань гимназия­сындағы оқуын тәмамдап, білімін дәрігерлік оқумен тереңдетіп жалғастырған баласы Есқайыр Қызылжардағы (Красный Ярдағы) учаскелік аурухана дәрігері болып жұмыс жасаған. Сейтек те үлкендікті қабылдап, баласына келіп тұрақтайды. Адамның жасы ұлғайса да өнері қалмайды, үйінде отырып ойнаған домбыра үні ауыл-аймаққа түгел тарайды. Жиын-тойға шақырылып, өнерін көрсетіп, сұраушылардың көңілін қайтармайды. Ауыл, аудан басшыларының көзіне түседі. 1923 жылы Бүкілодақтық көрмеге қатысып, өнерін көрсетті, бірнеше туындыларын ойнап, көрермендер құрметіне бөленді.
1933 жылдың 20 шілдесінде безгек ауруынан қайтыс болады.
Сейтекті дәріптеуші, аты-жөні беймәлім азамат Харабайлы ауданының басшылары арқылы 1977 жылдың 10 мамырында күйшінің басына ескерткіш қойды. Қаңылтыр темірден жасалған ескерткіш дүлей табиғат құбылысына қарсы тұра алмай, жылдар тізбесінің астында мүжіліп тапталып, аяқ асты болған. Өшкенімізді жандырып, өткенімізді түгендер сәт келді. Әр қиырда жатқан ұлыларымызды дәріптейтін, ұлттық рухы жоғары азамат Мұхит Ізбановтың белсенді еңбегінің нәтижесінде басы қарайтылып тастан бейіті тұрғызылды. Саналы азаматтың салауатты бастамасын қолдаған барлық ұлтжанды жігіттерге Қазақ елі ризашылығын білдіреді.
Сейтек Оразалыұлының күйін талдауды мамандар еншісіне қалдырғанды жөн санадық. Күй тектен-тек шықпайды, әр туындының өзіндік аңыздары бар. Шығармалары қазақ халқының еркіндікті аңсаған, қапастағы бұғаудан шығуға ұмтылған кездегі туындылар.
Елдің басына түскен нәубеттен құтылуды аңсау. Ол тарихи жағдайларға тікелей байланысты. Біздің халқымыздың екі ғасыр жоңғарлармен күресі аңыз-ертегіде қалмақтар болып үнемі кездесетін. Одан кейінгі Ресейге бодандық сол кездегі көркем шығармалардың қай-қайсысынан да тыс қалмаған.
Сейтек ару қызға деген адал көңіл, ақ тілегіне айғақ етіп «Бұлбұл Айша» күйін шығарған. Қазақ қыздарының ақ жарқын, тілеуқор, бауырмал қасиетіне тәнті болып «Бес қыз» күйін тарту еткен. Ер қанаты атына арнап «Торы ат», «Ортпа» күйлерін күмбірлеткен. Алғаш беттескен зорлық пен қиянатқа деген қынжылысын «Арпалыс» атты күймен білдірген. Адал дос, арқа сүйер азаматтарға арнап «Ақ Еділ» күйін тартқан. Қайда барса ақ жарылып алдынан шығар қонақжай ел, жұртына ризашылығы ретінде «Балқаймақ» күйін арнаған. Бас еркінен айырылып, жанына араша таппай күйзелген шақтарында «Түңілдім», «Айдау» атты күйлерін азынатқан. Қорлық пен зорлықты белшесінен кешіп айдаудан оралғанда, қос төмпешік болып жер томпайтып жатқан асыл анасы мен бауыр еті перзентінің күйігі «Ғазиз» күйі болып күңіренген. «Қайда барсаң да, Қорқыттың көрі» дегендей кер заманның қия бас­тырмас нәубеті «Заман-ай» күйі болып сұңқылдаған . . .
Осының бәрі басы жұмыр пенде Сейтектің өмір дерегі, бастан кешкен ғұмыр шежіресі болғанымен, сол нақтылы дерек, сол ақиқат айғақ күйші Сейтектің домбырасы арқылы уақыт үнін жеткізіп, замана тынысын сездіргендей әсер береді. Сейтек күйшіміздің атағын сол дәуірдің жыршысы дәрежесіне көтерген шығармалары, қазақ халқының өнеріндегі мәңгілік мұралар қатарынан орын алды.

Өмірзақ Қажымғалиев,
Қазақстан Жазушылар
одағының мүшесі

Бөлісу: