БАҚ-ты жетілдіру – бәсекеге қабілетті болу

11 Қараша 2013, 05:13

Соңғы кездері елімізде медиа-кеңістікті жетілдіруге қатысты қадау-қадау ой-пікірлер, ұтқыр ұсыныстар айтылып жүр. Бұған жыл басында Мемлекеттік хатшы Марат Тәжин БАҚ өкілдерімен жиын өткізіп, ақпараттық саясатымыздағы ескі «сүрлеуден» шығуға шақырғаны тамызық болғаны рас. Содан бері біршама уақыт өтіп, «сең» қозғалды. Ауыз толтырып айтарлықтай жаңалықтар да жоқ емес. Мәселен, ­Марат Тәжин мемлекеттік ақпарат саясатын жоспарлау мен бюджеттен қаржы бөлу үдерісін толығымен қайта қарауды қадап айтты. Соның ішінде, мемлекет бөлетін қаражаттың тиімді жұмсалуына талдау жасап, мемлекеттік БАҚ-тың жылдық бюджетін оңтайландыруды тапсырған болатын. Бұл бағытта ілгерілеушілік бар. Мемлекеттік тапсырыстың тарифтік саясаты қайтадан қаралды. Деректі фильм­дер шығару үшін базалық 1 минуттың құны 3,5 есеге дейін ұлғайып, 50-ден 180 мың теңгеге артты. Мемлекеттік емес телеарналардағы бағдарламалар өндірісіне 50 мың теңгелік минуттық тариф қолданылатын болады. Бұл әрекет бүгінгі бағалармен салыстырғанда, бағдар­ламалар құнын 25 есеге көбейтуге мүмкіндік туғызады. Екіншіден, мемле­кет­тік тапсырысты жүзеге асыратын әлеуетті орындаушыларды анықтау үшін, Мәде­ниет және ақпарат министрлігінің конкурс­тық комиссиясының жанынан сарапшылар тобы жасақталды. Үшіншіден, аталған министрлік 2013 жылға арналған мемлекеттік тапсырыстың тақырыптық бағдарларының тізімін қайта қарап, нәтижесінде тізімді 121-ден 87 тармаққа қысқартты. Дәстүрлі БАҚ-тың жұмысын жетілдірудегі бірінші бағыт – теледидар эфирін жаңарту. Яғни рейтингі төмен бағдарламаларды жауып, телекөрермендердің көңілінен шығатын жаңашыл нұсқадағы бағдарламалар ашу. «Хабарда» көрермен назарын аудара алмаған «Индустрияландыру күнделігі», «Әлеуметтік Қазақстан», «Бірлігіміз жарасқан» атты үш бағдарлама жабылды. Сондай-ақ «Контуры на карте», «Іске сәт» бағдарламалары да атау мен форматын өзгертті. Ал жабылған үш бағдарламаның орнына «Дерекнама» атты жаңа форматпен 4 деректі фильмдер циклы іске қосылды. Олар «Зерттеулер бюросы», «Арнайы хабар», «Менің жерім» және «Патриот» тележурналдары. «Қазақстан» телеарнасында рейтингісінің төмендігінен «Халық таңдауы», «Даму», «Сіз танитын», «Риясыз әңгіме» атты төрт бағдарлама хабар тарату желісінен алынды. Олардың орнына ағымдағы жылдың 25-ші наурызынан бастап «Жұлдызды сәт» мега-жобасы эфирге шығарылды. Сондай-ақ тек мемлекеттік тілде ақпарат тарататын «Балапан» телеарнасы «Жүзден жүйрік» және «Жолың болсын, балақай!» бағдарламаларын ­жауып, оның орнына мыңдаған кішкентай көрермендердің сүйіспеншілігіне бөленген «Айгөлек» музыкалық мега-жобасын іске қосты. Бұл телеарнада балақайлардың ықыласына бөленген «Дәрумен», «Ас мәзірі», «Білгіштер бекеті», «Зерде» сияқты баланың ой-өрісін, зердесін дамытатын қызықты бағдарламалар бары қуантады. Айта кетелік, БАҚ-тарды жетілдіру дегенде Мемлекеттік хатшы телеарналарда қазіргі заман форматында жаңа пікірталас және сарапшылар алаңын құруды тапсырған еді. Міне, қазір көп телеарналар осы бағытта сәтті қадам жасады. Мәселен, «Қазақстан» телеарнасындағы ­Бейсен Құранбектің «Айтуға оңай», Ақан Әбдуәлінің «Телқоңыр», «Астана» телеарнасындағы Қалқаман Саринның «Кеш емес» ток-шоулары, Әйгерім Сейфолланың «Сырласу», Динара Сәтжанның «Статус кво» бағдарламасы халықтың көңілінен шығып жүргені анық. Тек телепікірталастарға қоғамның негізгі бөлігін құрайтын жастар өкілдерін көбірек тартса нұр үстіне нұр болар еді. Мемлекеттік хатшы өз сөзінде «Газет-журналдарда жүздеген, мыңдаған материалдар шыққанымен, бірақ олардың біреуі де халықтың есінде қалмаған. Біз сонда кім үшін жұмыс істейміз? Біздің басты тұтынушымыз да, сыншымыз да халық емес пе?» деп орынды, объективті сын айтқан-ды. Таралымы жөнінен бірінші орынды иеленетін екі газет «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» басылымдары веб-сайттарын жаңартты. «Егеменде» бұрын болмаған «Егемен News» атты айдар ашылып, ел және жаһан жаңалықтарын жылдам беретін болды. Сондай-ақ еліміздегі нөмірі бірінші ресми басылымның латынша нұсқасын дүниежүзіндегі барша қазақтар оқиды. Қуанарлығы, бұл нұсқа қазақшамен бірдей жаңартылып отырады. «Казахстанская правда» газеті «КП News» ақпараттық порталын ашып, жаңалықтарды бір жерге топтастырып беру үрдісін енгізді. Саясаттанушы Ерлан Қарин Мемлекеттік БАҚ-тың сайттары халық жиі қолданатын сайттардың 50-лігіне кірмейтінін, аймақтық БАҚ-тың сайттары мемлекеттік БАҚ-тың сайттарынан озып тұрғанын алға тартқан. «Abai.kz» және «Masa.kz» ақпараттық порталдарының бас редакторы Дәурен Қуат баспасөзге берген бір сұхбатында керісінше, аймақтық баспасөзіміздің әлсіреп бара жатқанына алаңдайтынын, аймақтардағы баспасөздің пәрменін арттыру үшін, жас журналистердің санын көбейтіп, ғаламторлық журналистиканы пайдалану қажеттігін айтқан болатын. «Төл тарихымызды жаңаша көзқа­распен пайымдау ұлттық тұрғыдан бірігуіміздің қайнар көзіне айналуы тиіс» деп Марат Тәжин отандық масс-медианың ұлт бірлігін нығайтуға барынша күш-жігерін жұмсауы керектігіне тоқталған болатын. Әрине, бұл бағытта да қозғалыс жоқ емес. Бірақ барлық БАҚ-тар талапқа сай деп те айта алмаймыз. ­Ерлан Қаринның пікірінше, біздің барлық БАҚ-тар тұтынушының сұраныстарына сай өнім беріп жатқандығы күмән тудырады. Бұған қоса, ол бізде қандай да бір мәселеге қатысты кәсіби пікір білдіретін тұлғалардың аз екенін де дұрыс айтып жүр. Ал «Айқын» газетінің Бас редакторы Нұртөре Жүсіп өкінішке қарай, орыстілді БАҚ көбінесе көрші елдің мақсаты мен мүддесіне қызмет ететіні, жекелеген қаржылық топтардың сойылын соғатыны жасырын емес екенін, отандық телеарналар елдің еңсесін езетін ақпараттарға жиі орын беретініне қынжылғанын көптеп айтып жүр. Халықтың жігерін жанудың орнына, сағын сындыратын, меселін қайтаратын, салын суға кетіретін ақпарат өріс алып тұрғанына, рейтинг қуған мемлекеттің, елдің есебінен болмауы тиіс екенін де білдірген болатын. Ақпарат саласында кадр мәселесі де өткір күйінде тұрғаны рас. Себебі бәрін кадрлар шешетіні анық. Кез келген бағыттағы жетілу, өркендеу білікті мамандардың көмегінсіз іске аспайды. Бұл міндетті орындау мақсатымен Білім және ғылым министрлігі бірқатар іс-шараларды қолға алды. Біріншіден, министрлік еліміздің жоғары оқу орындарындағы маман даярлау ісіне талдау жүргізді. Яғни биылғы күзге дейін «Журналистика» мамандығы бойынша маман даярлайтын базалық жоғары оқу орындарының тізімі жасалады. Білім гранты мәселесі де сонда шешіледі. Екіншіден, шетелдік үздік масс-медиа мамандарын шақырып, отандық БАҚ-тарда оқу семинарларын өткізу жолға қойылады. Үшіншіден, үлкен жаңалықтың бірі – биылдан бас­тап БАҚ қызметкерлері Президенттің «Болашақ» бағдарламасымен шетелдерге білімін жетілдіруге барады. Жуырда ғана Мемлекеттік хатшы Марат Тәжиннің төрағалығымен Ақордада өткен отырыста 22 маман «Болашақ» халықаралық шәкіртақысымен шетелдердің үздік жоғары оқу орындарында тағылымдамадан өтетіні белгілі болды. Соның ішінде, «Хабар» АҚ-тың, «Қазақстан» ТРК-ның және «ҚазМедиа» орталығының бейнеоператорлары мен бейнеинженерлері Ұлыбританиядағы «БИ-БИ-СИ» корпорациясы базасында, Ресейдегі Бонч-Бруевич атындағы Санкт-Петербор телекоммуникация университетінде және Оңтүстік Кореяда мамандандырылған тағылымдамадан өтуге аттанады. «Біз өткен жылдың желтоқсан айында қабылдаған 2050 Стратегиясынан кейін алғашқы маңызды құжат ретінде «Ақпараттық Қазақстан – 2030» мемлекеттік бағдарламасын бекіттік. Осы бағдарламада Қазақстандағы медиа-кеңістікті техникалық және мазмұндық тұрғыдан жетілдірудің, оны XXI ғасырдағы жаһанданған әлемде біздің қоғамымыздың бәсекелестігін арттырудағы маңызды тетікке айналдырудың ауқымды міндеттері белгіленген. Жалпы алғанда, медиа саласының рөлін арттыру жаңа БАҚ-ты дүниеге әкеледі. Мен оны «Бұқаралық Инновациялар Құралдары» деп атар едім. Ол тек экономикада ғана емес, сонымен бірге саясатта әлеуметтік тіршілікте қоғамның рухани-адамгершілік болмысында дамудың жоғары стандарттарын қалыптастырады. Мен XXI ғасырдағы ұлттық және ғаламдық бұқаралық медиа­ның негізгі миссиясы осындай деп санай­мын» деді Нұрсұлтан Назарбаев ХII Еуразия Медиа Форумында сөйлеген сөзінде. «Алдағы 5 жылда әлемдегі ғаламторға жұмсалатын шығын көлемі, атап айтқанда, оны пайдалану және контент құру ақысы орта есеппен 9 пайыздан астам мөлшерге өседі» деп Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та бұл мәселеге назар аударған болатын. Шынында да, жаһандық бәсекеге барар кезеңде ғаламтордағы отандық БАҚ-тардың үлесін арттыру – БАҚ-ты жетілдірудің маңызды бағыттарының бірі. Бұл жердегі жұмысты негізгі үш бөлікке бөлуге болады. Біріншісі – мемлекеттік органдардың сайттарын дамыту. Мысалы, әрбір сайтта азаматтардың талап-тілегін, сұрақтарын қабылдайтын «Байланыс» бөлімі болуы шарт. Кері байланыс жүйесі арқылы жауапты шенеуніктер азаматтардың сауалдарына дер уақытында үн қатуға міндетті. Бүгінгідей әлеуметтік медиа қарқын алған кезде әрбір мемлекеттік органның танымал әлеуметтік желілерде (Facebook, Twitter, Youtube) өкілдік-беттері болғаны абзал. Содан кейін сайттағы материалдардың жаңартылып отыруы аса маңызды. Әсіресе, медиа менеджердің атқаратын рөлі зор. Аймақтық БАҚ-тың сайттарын құру мен жаңалауда «Қазконтент» АҚ-тың құлшыныстары қуантарлық. Мысалы, 2013 жылдың қаңтар-ақпан айларында ғана еліміздегі 70 басылымның ғаламтордағы нұсқасы жасалды. Жылдың соңына дейін осындай 400 БАҚ-тың сайттары ашылады. Бұл бағытта блогшылармен жеке жұмыс істеу қажеттігі сөзсіз. Себебі қазір азаматтық журналистиканың көз ілеспес жылдамдықпен дамып келе жатқанын көріп отырмыз. Тіпті жеке блогын ашып алған әр адамның журналист, сарапшыға айналуы ғажап емес. Сондықтан көп жағдайда оқырмандардың ресми БАҚ-тан гөрі тәуелсіз БАҚ-тарға елеңдейтінін ескеруіміз керек. Танымал блогшылардың пулын қалыптастыру да күн тәртібіндегі кезек күттірмес істердің бірі. Алайда бәріне имандай сеніп, ақпаратты блогшыларға беру дегенмен, кейбір кәсіби журналистер келіспейді. Осы орайда «Ғаламтор журналистиканы азаматтық журналистиканың ғана қолына беретін болсақ, өзінше бір журналистикамен айналысатын өтпелі адамдардың ықпалында кетсе, онда біз оның кәсібилігін төмендетіп аламыз» деп Дәурен Қуат кәсіби қазақ баспасөзінің қалыптасқан мектебі, кәсіби біліктілігі ғаламтордағы журналистикаға келуі керек екенін білдірген болатын. Кәсіби маман дегенді айттық. Соңғы кездері кейбір ресми биліктің өкілдері «Журналистер белгілі бір салаға ғана мамандануы керек» деген мәселені көтеріп жүр. Мәселен, Денсаулық сақтау министрі Сәлидат Қайырбекова медицина саласына маманданған журналистерді дайындайық деген ұсыныс білдірген болатын. Бұл пікірді Президент жанындағы Орталық Коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев та қолдайды. «Қазақстанда да сондай әр салаға маманданған журналистер тобы құрылуы керек. Елімізде өтетін түрлі халықаралық жиындардан байқап жүргенім, біздің журналистер халықаралық басқосуларға терең дайындалмайды. Содан шығар, баспасөз мәслихатында не үндемей отырады, не сұрақ қоймайды, не жалпылама мақалалар жазумен шектеледі» дейді ол. Қалай десек те, бәрібір алдымыздан бәсекелестік мәселесі шығады. Елбасы айтқандай, «әлемдегі 30 дамыған елдің қатарына қосыламыз» десек, өзіндік болмыс-бітімімізді сақтап, қай салада болмасын мемлекеттік тілге маңыз беруіміз керек. Себебі ғаламтор кеңістігімізге басқалар кірмей тұрып, өзіміз ақпараттық саясатты қолымызға алып, ұлттық, мемлекеттік мүддемізді алға шығара білсек ұтылмасымыз анық. Таңатар Табынұлы

Соңғы кездері елімізде медиа-кеңістікті жетілдіруге қатысты қадау-қадау ой-пікірлер, ұтқыр ұсыныстар айтылып жүр. Бұған жыл басында Мемлекеттік хатшы Марат Тәжин БАҚ өкілдерімен жиын өткізіп, ақпараттық саясатымыздағы ескі «сүрлеуден» шығуға шақырғаны тамызық болғаны рас. Содан бері біршама уақыт өтіп, «сең» қозғалды. Ауыз толтырып айтарлықтай жаңалықтар да жоқ емес. Мәселен, ­Марат Тәжин мемлекеттік ақпарат саясатын жоспарлау мен бюджеттен қаржы бөлу үдерісін толығымен қайта қарауды қадап айтты. Соның ішінде, мемлекет бөлетін қаражаттың тиімді жұмсалуына талдау жасап, мемлекеттік БАҚ-тың жылдық бюджетін оңтайландыруды тапсырған болатын.

Бұл бағытта ілгерілеушілік бар. Мемлекеттік тапсырыстың тарифтік саясаты қайтадан қаралды. Деректі фильм­дер шығару үшін базалық 1 минуттың құны 3,5 есеге дейін ұлғайып, 50-ден 180 мың теңгеге артты. Мемлекеттік емес телеарналардағы бағдарламалар өндірісіне 50 мың теңгелік минуттық тариф қолданылатын болады. Бұл әрекет бүгінгі бағалармен салыстырғанда, бағдар­ламалар құнын 25 есеге көбейтуге мүмкіндік туғызады. Екіншіден, мемле­кет­тік тапсырысты жүзеге асыратын әлеуетті орындаушыларды анықтау үшін, Мәде­ниет және ақпарат министрлігінің конкурс­тық комиссиясының жанынан сарапшылар тобы жасақталды. Үшіншіден, аталған министрлік 2013 жылға арналған мемлекеттік тапсырыстың тақырыптық бағдарларының тізімін қайта қарап, нәтижесінде тізімді 121-ден 87 тармаққа қысқартты.
Дәстүрлі БАҚ-тың жұмысын жетілдірудегі бірінші бағыт – теледидар эфирін жаңарту. Яғни рейтингі төмен бағдарламаларды жауып, телекөрермендердің көңілінен шығатын жаңашыл нұсқадағы бағдарламалар ашу. «Хабарда» көрермен назарын аудара алмаған «Индустрияландыру күнделігі», «Әлеуметтік Қазақстан», «Бірлігіміз жарасқан» атты үш бағдарлама жабылды. Сондай-ақ «Контуры на карте», «Іске сәт» бағдарламалары да атау мен форматын өзгертті. Ал жабылған үш бағдарламаның орнына «Дерекнама» атты жаңа форматпен 4 деректі фильмдер циклы іске қосылды. Олар «Зерттеулер бюросы», «Арнайы хабар», «Менің жерім» және «Патриот» тележурналдары. «Қазақстан» телеарнасында рейтингісінің төмендігінен «Халық таңдауы», «Даму», «Сіз танитын», «Риясыз әңгіме» атты төрт бағдарлама хабар тарату желісінен алынды. Олардың орнына ағымдағы жылдың 25-ші наурызынан бастап «Жұлдызды сәт» мега-жобасы эфирге шығарылды.
Сондай-ақ тек мемлекеттік тілде ақпарат тарататын «Балапан» телеарнасы «Жүзден жүйрік» және «Жолың болсын, балақай!» бағдарламаларын ­жауып, оның орнына мыңдаған кішкентай көрермендердің сүйіспеншілігіне бөленген «Айгөлек» музыкалық мега-жобасын іске қосты. Бұл телеарнада балақайлардың ықыласына бөленген «Дәрумен», «Ас мәзірі», «Білгіштер бекеті», «Зерде» сияқты баланың ой-өрісін, зердесін дамытатын қызықты бағдарламалар бары қуантады. Айта кетелік, БАҚ-тарды жетілдіру дегенде Мемлекеттік хатшы телеарналарда қазіргі заман форматында жаңа пікірталас және сарапшылар алаңын құруды тапсырған еді. Міне, қазір көп телеарналар осы бағытта сәтті қадам жасады. Мәселен, «Қазақстан» телеарнасындағы ­Бейсен Құранбектің «Айтуға оңай», Ақан Әбдуәлінің «Телқоңыр», «Астана» телеарнасындағы Қалқаман Саринның «Кеш емес» ток-шоулары, Әйгерім Сейфолланың «Сырласу», Динара Сәтжанның «Статус кво» бағдарламасы халықтың көңілінен шығып жүргені анық. Тек телепікірталастарға қоғамның негізгі бөлігін құрайтын жастар өкілдерін көбірек тартса нұр үстіне нұр болар еді.
Мемлекеттік хатшы өз сөзінде «Газет-журналдарда жүздеген, мыңдаған материалдар шыққанымен, бірақ олардың біреуі де халықтың есінде қалмаған. Біз сонда кім үшін жұмыс істейміз? Біздің басты тұтынушымыз да, сыншымыз да халық емес пе?» деп орынды, объективті сын айтқан-ды. Таралымы жөнінен бірінші орынды иеленетін екі газет «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» басылымдары веб-сайттарын жаңартты. «Егеменде» бұрын болмаған «Егемен News» атты айдар ашылып, ел және жаһан жаңалықтарын жылдам беретін болды. Сондай-ақ еліміздегі нөмірі бірінші ресми басылымның латынша нұсқасын дүниежүзіндегі барша қазақтар оқиды. Қуанарлығы, бұл нұсқа қазақшамен бірдей жаңартылып отырады. «Казахстанская правда» газеті «КП News» ақпараттық порталын ашып, жаңалықтарды бір жерге топтастырып беру үрдісін енгізді.
Саясаттанушы Ерлан Қарин Мемлекеттік БАҚ-тың сайттары халық жиі қолданатын сайттардың 50-лігіне кірмейтінін, аймақтық БАҚ-тың сайттары мемлекеттік БАҚ-тың сайттарынан озып тұрғанын алға тартқан. «Abai.kz» және «Masa.kz» ақпараттық порталдарының бас редакторы Дәурен Қуат баспасөзге берген бір сұхбатында керісінше, аймақтық баспасөзіміздің әлсіреп бара жатқанына алаңдайтынын, аймақтардағы баспасөздің пәрменін арттыру үшін, жас журналистердің санын көбейтіп, ғаламторлық журналистиканы пайдалану қажеттігін айтқан болатын.
«Төл тарихымызды жаңаша көзқа­распен пайымдау ұлттық тұрғыдан бірігуіміздің қайнар көзіне айналуы тиіс» деп Марат Тәжин отандық масс-медианың ұлт бірлігін нығайтуға барынша күш-жігерін жұмсауы керектігіне тоқталған болатын. Әрине, бұл бағытта да қозғалыс жоқ емес. Бірақ барлық БАҚ-тар талапқа сай деп те айта алмаймыз. ­Ерлан Қаринның пікірінше, біздің барлық БАҚ-тар тұтынушының сұраныстарына сай өнім беріп жатқандығы күмән тудырады. Бұған қоса, ол бізде қандай да бір мәселеге қатысты кәсіби пікір білдіретін тұлғалардың аз екенін де дұрыс айтып жүр. Ал «Айқын» газетінің Бас редакторы Нұртөре Жүсіп өкінішке қарай, орыстілді БАҚ көбінесе көрші елдің мақсаты мен мүддесіне қызмет ететіні, жекелеген қаржылық топтардың сойылын соғатыны жасырын емес екенін, отандық телеарналар елдің еңсесін езетін ақпараттарға жиі орын беретініне қынжылғанын көптеп айтып жүр. Халықтың жігерін жанудың орнына, сағын сындыратын, меселін қайтаратын, салын суға кетіретін ақпарат өріс алып тұрғанына, рейтинг қуған мемлекеттің, елдің есебінен болмауы тиіс екенін де білдірген болатын.
Ақпарат саласында кадр мәселесі де өткір күйінде тұрғаны рас. Себебі бәрін кадрлар шешетіні анық. Кез келген бағыттағы жетілу, өркендеу білікті мамандардың көмегінсіз іске аспайды. Бұл міндетті орындау мақсатымен Білім және ғылым министрлігі бірқатар іс-шараларды қолға алды. Біріншіден, министрлік еліміздің жоғары оқу орындарындағы маман даярлау ісіне талдау жүргізді. Яғни биылғы күзге дейін «Журналистика» мамандығы бойынша маман даярлайтын базалық жоғары оқу орындарының тізімі жасалады. Білім гранты мәселесі де сонда шешіледі. Екіншіден, шетелдік үздік масс-медиа мамандарын шақырып, отандық БАҚ-тарда оқу семинарларын өткізу жолға қойылады. Үшіншіден, үлкен жаңалықтың бірі – биылдан бас­тап БАҚ қызметкерлері Президенттің «Болашақ» бағдарламасымен шетелдерге білімін жетілдіруге барады. Жуырда ғана Мемлекеттік хатшы Марат Тәжиннің төрағалығымен Ақордада өткен отырыста 22 маман «Болашақ» халықаралық шәкіртақысымен шетелдердің үздік жоғары оқу орындарында тағылымдамадан өтетіні белгілі болды. Соның ішінде, «Хабар» АҚ-тың, «Қазақстан» ТРК-ның және «ҚазМедиа» орталығының бейнеоператорлары мен бейнеинженерлері Ұлыбританиядағы «БИ-БИ-СИ» корпорациясы базасында, Ресейдегі Бонч-Бруевич атындағы Санкт-Петербор телекоммуникация университетінде және Оңтүстік Кореяда мамандандырылған тағылымдамадан өтуге аттанады.
«Біз өткен жылдың желтоқсан айында қабылдаған 2050 Стратегиясынан кейін алғашқы маңызды құжат ретінде «Ақпараттық Қазақстан – 2030» мемлекеттік бағдарламасын бекіттік. Осы бағдарламада Қазақстандағы медиа-кеңістікті техникалық және мазмұндық тұрғыдан жетілдірудің, оны XXI ғасырдағы жаһанданған әлемде біздің қоғамымыздың бәсекелестігін арттырудағы маңызды тетікке айналдырудың ауқымды міндеттері белгіленген. Жалпы алғанда, медиа саласының рөлін арттыру жаңа БАҚ-ты дүниеге әкеледі. Мен оны «Бұқаралық Инновациялар Құралдары» деп атар едім. Ол тек экономикада ғана емес, сонымен бірге саясатта әлеуметтік тіршілікте қоғамның рухани-адамгершілік болмысында дамудың жоғары стандарттарын қалыптастырады. Мен XXI ғасырдағы ұлттық және ғаламдық бұқаралық медиа­ның негізгі миссиясы осындай деп санай­мын» деді Нұрсұлтан Назарбаев ХII Еуразия Медиа Форумында сөйлеген сөзінде.
«Алдағы 5 жылда әлемдегі ғаламторға жұмсалатын шығын көлемі, атап айтқанда, оны пайдалану және контент құру ақысы орта есеппен 9 пайыздан астам мөлшерге өседі» деп Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та бұл мәселеге назар аударған болатын. Шынында да, жаһандық бәсекеге барар кезеңде ғаламтордағы отандық БАҚ-тардың үлесін арттыру – БАҚ-ты жетілдірудің маңызды бағыттарының бірі. Бұл жердегі жұмысты негізгі үш бөлікке бөлуге болады. Біріншісі – мемлекеттік органдардың сайттарын дамыту. Мысалы, әрбір сайтта азаматтардың талап-тілегін, сұрақтарын қабылдайтын «Байланыс» бөлімі болуы шарт. Кері байланыс жүйесі арқылы жауапты шенеуніктер азаматтардың сауалдарына дер уақытында үн қатуға міндетті. Бүгінгідей әлеуметтік медиа қарқын алған кезде әрбір мемлекеттік органның танымал әлеуметтік желілерде (Facebook, Twitter, Youtube) өкілдік-беттері болғаны абзал. Содан кейін сайттағы материалдардың жаңартылып отыруы аса маңызды. Әсіресе, медиа менеджердің атқаратын рөлі зор. Аймақтық БАҚ-тың сайттарын құру мен жаңалауда «Қазконтент» АҚ-тың құлшыныстары қуантарлық. Мысалы, 2013 жылдың қаңтар-ақпан айларында ғана еліміздегі 70 басылымның ғаламтордағы нұсқасы жасалды. Жылдың соңына дейін осындай 400 БАҚ-тың сайттары ашылады.
Бұл бағытта блогшылармен жеке жұмыс істеу қажеттігі сөзсіз. Себебі қазір азаматтық журналистиканың көз ілеспес жылдамдықпен дамып келе жатқанын көріп отырмыз. Тіпті жеке блогын ашып алған әр адамның журналист, сарапшыға айналуы ғажап емес. Сондықтан көп жағдайда оқырмандардың ресми БАҚ-тан гөрі тәуелсіз БАҚ-тарға елеңдейтінін ескеруіміз керек. Танымал блогшылардың пулын қалыптастыру да күн тәртібіндегі кезек күттірмес істердің бірі. Алайда бәріне имандай сеніп, ақпаратты блогшыларға беру дегенмен, кейбір кәсіби журналистер келіспейді. Осы орайда «Ғаламтор журналистиканы азаматтық журналистиканың ғана қолына беретін болсақ, өзінше бір журналистикамен айналысатын өтпелі адамдардың ықпалында кетсе, онда біз оның кәсібилігін төмендетіп аламыз» деп Дәурен Қуат кәсіби қазақ баспасөзінің қалыптасқан мектебі, кәсіби біліктілігі ғаламтордағы журналистикаға келуі керек екенін білдірген болатын.
Кәсіби маман дегенді айттық. Соңғы кездері кейбір ресми биліктің өкілдері «Журналистер белгілі бір салаға ғана мамандануы керек» деген мәселені көтеріп жүр. Мәселен, Денсаулық сақтау министрі Сәлидат Қайырбекова медицина саласына маманданған журналистерді дайындайық деген ұсыныс білдірген болатын. Бұл пікірді Президент жанындағы Орталық Коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев та қолдайды. «Қазақстанда да сондай әр салаға маманданған журналистер тобы құрылуы керек. Елімізде өтетін түрлі халықаралық жиындардан байқап жүргенім, біздің журналистер халықаралық басқосуларға терең дайындалмайды. Содан шығар, баспасөз мәслихатында не үндемей отырады, не сұрақ қоймайды, не жалпылама мақалалар жазумен шектеледі» дейді ол. Қалай десек те, бәрібір алдымыздан бәсекелестік мәселесі шығады. Елбасы айтқандай, «әлемдегі 30 дамыған елдің қатарына қосыламыз» десек, өзіндік болмыс-бітімімізді сақтап, қай салада болмасын мемлекеттік тілге маңыз беруіміз керек. Себебі ғаламтор кеңістігімізге басқалар кірмей тұрып, өзіміз ақпараттық саясатты қолымызға алып, ұлттық, мемлекеттік мүддемізді алға шығара білсек ұтылмасымыз анық.

Таңатар Табынұлы

Бөлісу: